Тарихи қосалқы пәндер дәрістер



Дәріс 1.2. «Тарихи қосалқы пәндердiң тарих ғылымындағы орны».
Дәріс 3.4. Палеографияның міндеттері мен мақсаты.
Дәріс 5.6. Мұрағаттану және эпиграфика
Дәріс 7.8. «Сфрагистика мен геральдика, вексилологияның тарих ғылымындағы орны мен маңызы»
Дәріс 9.10. Фалеристика қосалқы тарихи пән
Дәріс 11.12.13.14. «Тарихи метрология .қосалқы тарихи пән».
Дәріс 15.16.17.18. «Хронология».
Дәріс 19.20. «Тарихи қосалқы пән ретiндегi нумизматиканың маңызы».
Дәріс 21.22. Генеологияның ғылым ретінде дамуы мен зерттеу әдістері. Қазақ халқының шежіресі
Дәріс 25.26 Құжаттану қосалқы тарихи пән.
Дәріс 27.28 Модуль 8. Этникалық және демографиялық процесстер
Палеография – (гректің көне + жазамын) жазу деректерінің сыртқы бейнесін, сонымен қатар жазудың графикасын, материалын, қағаздағы бедерлерді, форматын, жазбаның көркемделуін зерттейтін ғылым. Алғашында палеография көне жазбаларды зерттеумен айналысса, қазір жаңа қолжазбаларды да зерттейді, соған байланысты «неография» деген термин пайда болды. Палеография ғылыми сала ретінде ХVІІІ ғасырда Францияда пайда болды. Қолжазба пергаментте, қағазда, берестада... жазылуы мүмкін. Пергаментті жас малдың терісінен жасайды, қымбат болуына байланысты оны қайта пайдалануы мүмкін, оны – «палимпсеста» деп атайды. Оның тағы бір бағалы жағы бар, ескі өшірілген жазуларды жаңа технологиялық әдістермен қайтадан оқуға болады. Қағаз жасағанда фабриканттар оған «водяной знак», «филигрань» деп аталатын белгілер қалдырып отырған. Ғалымдар ХVІІІ ғасырдан бастап осындай белгілердің альбомдарын жасаумен айналысып келеді. Сол арқылы қағаздың жылы мен жасалған жерін нақты білуге болады.
Қолжазбаларды ХІІІ ғасырдан бастап «тиснение» жасайтын болды, ХVІІ ғасырдан бастап алтыннан жасалған кездеседі, кітап бүлінбес үшін аяқ та жасап қоятын. «Заставки» – бөлімдердің бас жағындағы ою-өрнек, парақтың біраз жерін ол алып жатса, қалған жағын үлкен әшекеленген басты әріп – «инициал» болатын. Сөз жолдарының арасында да әшкейлер орын алатын – «полевые цветки», сонымен қатар кітаптың аяғында сондай әшекейлер бар. ХVІІ ғасырдан бастап барокко, ХVІІІ ғасырдан рококо, ал ХІХ ғасырдың басынан бастап кітап баспаларында ампира стильдеріне еліктеу болды. Сонымен қатар оқиғаны «миниатюралар» толықтырып тұратын болды. ХVІ- ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында портреттік бейнелеу «парсунное письмо» кең жайылды, оның дамуы Симон Ушаков атымен байланысты. ХVІ- ХVІІ ғасырда грамоталарды «столпец» деп аталатын лента секілді даярлайтын, мысалы 1649-шы жылғы Соборное уложение 959 біріне-бірін желімдеген қағаздардан тұрады, оның ұзындығы 300 м.-ден асады. Кейін оларды дәптер секілді бір жерге тіге бастайды, бір іс қағаздарын бөлек буып қоятын. Оларды ХVІІІ-ХІХ ғасырларды мұрағат кеңселерінде сақтайтын. Қолжазбаларды әсерлеу, әшекейлеу үшін «вязь» деген жазудың түрін пайдаланды, ол қызы бояумен немесе сонда қанық бояумен жазылды. Мұндай жазудың түрі ХІV-ші ғасырдың аяғынан бастап кездеседі.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 112 бет
Таңдаулыға:   
ДӘРІС САБАҚТАРЫ

Кіріспе.
Дәріс 1-2. Тарихи қосалқы пәндердiң тарих ғылымындағы орны. 2 сағат. 1-
апта.
1. Тарихи қосалқы пәндердiң түрлерi, өзара байланысы, тарих ғылымын
дамытудағы ролi.
2. Тарихи қосалқы пәндердiң теориялық, методологиялық мәселелерi.
Зерттеу деңгейi.
3. Тарихи қосалқы пәндердiң дерек көздерi.

МОДУЛЬ № 1. ПАЛЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ АРХЕОГРАФИЯ.
Дәріс 3-4. Палеографияның міндеттері мен мақсаты. 2 сағат, 2-апта
1. Тарихи қосалқы пән ретiндегi палеографияның маңызы. Негiзгi
мiндеттерi. Зерттеу әдiсi. Ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.
2. Көне жазба ескерткіштерді зерттеудегі полеографияның қызметі.
3. Жазу құралдары мен материалдары. Қағаз жасау ісі.
Палеография – (гректің көне + жазамын) жазу деректерінің сыртқы бейнесін,
сонымен қатар жазудың графикасын, материалын, қағаздағы бедерлерді,
форматын, жазбаның көркемделуін зерттейтін ғылым. Алғашында палеография
көне жазбаларды зерттеумен айналысса, қазір жаңа қолжазбаларды да
зерттейді, соған байланысты неография деген термин пайда болды.
Палеография ғылыми сала ретінде ХVІІІ ғасырда Францияда пайда болды.
Қолжазба пергаментте, қағазда, берестада... жазылуы мүмкін. Пергаментті жас
малдың терісінен жасайды, қымбат болуына байланысты оны қайта пайдалануы
мүмкін, оны – палимпсеста деп атайды. Оның тағы бір бағалы жағы бар, ескі
өшірілген жазуларды жаңа технологиялық әдістермен қайтадан оқуға болады.
Қағаз жасағанда фабриканттар оған водяной знак, филигрань деп аталатын
белгілер қалдырып отырған. Ғалымдар ХVІІІ ғасырдан бастап осындай
белгілердің альбомдарын жасаумен айналысып келеді. Сол арқылы қағаздың жылы
мен жасалған жерін нақты білуге болады.
Қолжазбаларды ХІІІ ғасырдан бастап тиснение жасайтын болды, ХVІІ
ғасырдан бастап алтыннан жасалған кездеседі, кітап бүлінбес үшін аяқ та
жасап қоятын. Заставки – бөлімдердің бас жағындағы ою-өрнек, парақтың
біраз жерін ол алып жатса, қалған жағын үлкен әшекеленген басты әріп –
инициал болатын. Сөз жолдарының арасында да әшкейлер орын алатын –
полевые цветки, сонымен қатар кітаптың аяғында сондай әшекейлер бар. ХVІІ
ғасырдан бастап барокко, ХVІІІ ғасырдан рококо, ал ХІХ ғасырдың басынан
бастап кітап баспаларында ампира стильдеріне еліктеу болды. Сонымен қатар
оқиғаны миниатюралар толықтырып тұратын болды. ХVІ- ХVІІ ғасырдың бірінші
жартысында портреттік бейнелеу парсунное письмо кең жайылды, оның дамуы
Симон Ушаков атымен байланысты. ХVІ- ХVІІ ғасырда грамоталарды столпец
деп аталатын лента секілді даярлайтын, мысалы 1649-шы жылғы Соборное
уложение 959 біріне-бірін желімдеген қағаздардан тұрады, оның ұзындығы 300
м.-ден асады. Кейін оларды дәптер секілді бір жерге тіге бастайды, бір іс
қағаздарын бөлек буып қоятын. Оларды ХVІІІ-ХІХ ғасырларды мұрағат
кеңселерінде сақтайтын. Қолжазбаларды әсерлеу, әшекейлеу үшін вязь деген
жазудың түрін пайдаланды, ол қызы бояумен немесе сонда қанық бояумен
жазылды. Мұндай жазудың түрі ХІV-ші ғасырдың аяғынан бастап кездеседі.
Криптография, құпия жазу: 1) кириллицаны өзге алфавиттердің
әріптерімен алмастыру – глаголицамен, грек, латын т.б.; 2) әріптердің
орнына шартты белггілерді пайдалану; 3) литорейді пайдалану, немесе
тарабар грамотасын пайдалану, барлық дауыссыздар (кейде дауысты) екі
қатарға бөлініп, бірін-бірі алмастыратын; 4) пермдік әріптерді пайдалану;
5) әріптің бөлшегін ғана бейнелеу; 6) әр сөздегі әріпті кері тәртіппен
қолдану; 7) әріп орнына ерте орыс тіліндегі соған сәйкес санды
пайдалану.(Л.В.Черепнин. Русская палеография. М., 1956, с.261-266, 389-
397.).
Қосалқы тарихи пәндер қатарындағы палеографияның мақсаты мен міндеттері.
Палеографияның қосымша тарихи пән ретінде қальштасуы. Жазу мсн санау
жүйесінің пайда болу тарихы. Палеографияның тарих және филология
ғылымдарымен байланысы. Көне жазба ескерткіштерін зерттеудегі
палеографияның қызметі.
Месопотамия (клинописі) ойма-жазу. Көне Египеттегі иероглифтер,
Розеттасы және иероглифтердік шешудегі Франсуа Шампольонның рөлі. Қытай
әріптері. Көне Египет. Шумер, көне Қытайдағы, Ежелгі Грециядағы сан жазуы,
латын нумерациясы, араб сандары. Алфавиттер тарихы: солтүстік семит,
финикий, этрус, грек алфавитгері. Латын алфавиті. Көне түрік руникалық
жазуы. Диакриттік белгілер (таңбалар). Жылдам жазу.
Әлемдегі казіргі алфавиттің әралуандығы: араб, армян, бирма, глагомиза,
грузин, деванагари, иврит, корей, руно, кириллица, тай және т.б.
Жазу құралы және материалдары. Папирус, пергамент, қайың қабығы, қағаз.
Қолжазбаларды белгілеудегі филиграндар. Қолжазбалардағы әшекейлер:
кондырылуы, аты-жөні, әдіптелуі (аякталуы). Орыс кириллица жазбасының
дамуы: жарғы, жартылай жарғы, жылдам жазу. Ресейдегі кириллица реформалары.
Қазакстанда латын әріптерінің енгізілуі. Қазақстанда кириллицаньщ
енгізілуі.

Дәріс 5-6. Мұрағаттану және эпиграфика. 2 сағат. 3 апта
1. Мұрағаттанудың даму тарихы.
2. Жазба деректер түрлері
3. Эпиграфика пәні. Мақсаты мен міндеттері.
Көне түркі жазба ескерткіштері.
Графикалық лингвистика – тіл танудың жаңа бөлімі, ол жазбаны, оның
белгісін, тілін зерттейді. Графикалық лингвистика жалпы жазба ғылымы
ретінде – эпиграфика, палеографика, графика, орфография, графемика жатады.
Түркі әлемінің көне алфавиттік жазбасы.
Монғолиядағы Селенгі тасындағы (VІІІ ғ.) руна жазбасында ұйғыр ханы
Моюн-Чур өз жазбасын, таңбасын Мың жылдық және мәңгілік жазба мен
белгілерді мен тасқа қашап жазуға бұйырдым - деп әсірелеп айтады.
Оңтүстік Сібір мен Қазақстан көшпелі тайпаларында жазбаның болғандығын
екі көне түркі руна жазбасы дәлелдейді – б.з.д. V-ІV ғғ. (Еще раз об
иртышской рунической надписи, №9, 1967; Руноподобная надпись из сакского
захоронения близ Алма-Аты, №12, 1971. Вестник АН КазССР.).
Сыртқы түрі скандинавия руналарына ұқсас Енисей тас жазулары ғалымдарды
ХVІІ-ХVІІІ ғғ.-ақ назарларын аударған болатын. Олардың саны жыл өткен сайын
өсе түсті, бірақ тек ХІХ ғ. Аяғында ғана енисей жазбалары көне түрікше
екені анықталды.
1889 ж. Орыс этнографы Н.М.Ядринцев Монғолияда, Орхон өзені бойынан екі
таста жазылған: Білге қағанға (735 ж.) және Күл тегінге (732 ж.) арналған
ескерткішті ашты. Н.М.Ядринцев В.В.Радлов басшылығымен екі жылдан кейін,
1891 жылы орыс ғылыми экспедициясында жүріп үшінші ескерткішті тапты –
Онгин ескерткіші (VІІІ ғ. басы.). Ондағы қытай жазбалары түрік сөздерін тез
оқуға мүмкіндік жасады. (Васильев В.П. Китайские надписи на орхонских
памятниках в Кошо-Цайдаме и Карабалгасуне. Сб. Трудов Орхонской экспедиции,
ІІІ. СПб., 1897.). Фин, орыс ғалымдарының күшімен енисей, орхон
жазбаларының атластарының, фотосуреттерінің жинағы жарыққа шықты.
Ал, 1893 жылғы 25 қарашада дат ғалымы В.Томсен орхон-енисей жазбаларын,
руникалық алфавитті оқи алды. Осыдан бастап түркологтар бірлесе отырып
көптеген жазбаларды оқи алды.
Білге қаған (Могилян - хан) және Күл тегінге арналған ескерткіштерді
алғаш рет оқып, неміс тіліне аударған В.В.Радлов болды. Оны немісшеден
орысшаға П.М.Мелиоранский болды.
Мұндаға дейін Монғолиядан (Селенгі, Толы-Орхонның саласы, Моңғол
Алтайында, Гоби), Сібірден (Енисейдің жоғарғы жағы, Минисинскіде, Таулы
Алтайда, Байкал жанында, Ленада) және Жетісудан (Талас бойынан,
Ыстықкөлден) көптеген ескерткіштер табылып, зерттеліп олар баспадан да
шықты.
Түрік руналары Хакасия мен Алтайдың алтын, күміс заттарында,
Минусинскінің мұражайының қола айналары мен теңгелерінде кездеседі.
VІІІ-Х ғғ. түрік руналары шамандар, манихей, буддистердің және
юридикалық мазмұндағы жазбалар қағаздарда кездесті – негізінен Шығыс
Түркістанда.
Түркі рунасының ерте түріне, Талас бойынан табылған таяқ жазбалары жатуы
мүмкін.
Заравшанның жоғарғы жағынан, Муг тауында соғды құжаттарының арасынан
теріге тушпен жазылған руна тектес жазу табылды. (Бернштам А.Н.
Древнетюркский документ из Согда (предварительное сообщения). Эпиграфика
Востока, Х, 1951.).
Ферғанада, Қой-қырылған қала қалашығында (б.з.д. ІV-ІІІ ғ.) Амударияда
Хума ыдыстарында (құмыра) қысқа руна жазулары табылды.
Руна жазулары Европаға солт. Кавказдан Дунайға дейін түркі тілді
ғұндармен (ІV-V ғғ.), бұлғарлардың көшуімен (VІІ ғ.) байланысты деуге
болатынын айтады. Бұған ғұн, бұлғар руналары ғана емес (көбісі әлі
ашылмаған) – грек алфвитіндегі түрік жазбалары да дәлел болады (ІV-VІІ ғғ.
Византиялық ереже (уставное) жазулары) – Болгариядан, Венгриядан,
Румыниядан табылған. Кейін осы Византиялық уставтан ІХ ғасырда - славяндық
кириллица келіп шығады. VІІІ-ІХ ғғ. Болгар патшалары түрік сөздерін грек
алфавитімен бергенін... В.А.Истрин де жазған.
Булгар аты Балкандағы гагауздарда (түркі тілді) да сақталған (Аспарух
булгарларының тұқымы). Олар славян тілді болгарларды – тукан деп атайды.
Сонымен славян ағартушыларынан бұрын ақ түрік әлемі грек графикалық
жазбасын өзінің рунасымен қатар пайдаланған.
1799 жылы Венгрияда (Надь-Сент-Миклош селосында (Трансильвания,
Румынияның солтүстігі)) табылған Аттила қоймасындағы алтын ыдыстарда (аң
аулау, қанатты арыстанға мінген аттылар, кентаврде, ат үстіндегілер...
жайлы бедерлі суреттері бар) – 14 руна, руна тектес жазулар, және грек
әрпімен түрік тіліндегі жазбалар (үшеу). Христиандық крест айналасында (№21
ыдыста - І V- V ғғ. византиялық устав, №9,10 ыдыстарда VІІ-VІІІ ғғ. визант.
устав). В.Томсен (Малов С.Е. Болгарская золотая чаша с турецкой надписью.
Казанский музейный вестник, 1921, № 1-2.) – булгар жазбасы деп санады.
(...ал, грек графикасы кейінірек жазылған деп ойлайды)- ыдыс V ғ. жасалған
болуы тиіс.
Ю.Немет Венгрия белгілерін талас, енисей ескерткіштерімен ұқсата отырып
руна жазуларын – печенегтерге жатқызады (Х ғ.).
Дон, Кубань (Солт. Кавказ) руна тектес жазулары әлі толық ашылмай отыр.
Бұлар тек сыртқы түрімен ғана Орталық, Орта Азия жазбаларына ұқсас.
А.М.Щербак, М.А.Хабичев, Г.Ф.Турчанинов аударма жұмыстары әлі толықтыруды
қажет етеді. А.М.Щербак - түріктермен, М.А.Хабичев – түркі тілдес алан,
Г.Ф.Турчанинов – иран тілід алан, касог (черкес) – тілдеріне жатқызады.
С.Я.Байчоров солт. Кавказ руналарына ұйғыр графикасының жазбалары
қосымшаланып отыратынынпайдаланып (северокавказские биллингвы) - өзінің
аудару тәсілін ұсында. Ол солт. кавказ, волгодон, дунай руна жазбаларының
ерекшелігін батыс түрік руна алфавитімен салыстыру кестесін жасап (орхон-
енисеймен де), осы үш Европа регионының жазбаларын булгар тіл тобына
жататыныдығын айтты. (Байчоров С.Я. Древнетюркские рунические памятники
Европы. Отношение северокавказского ареала древнетюркской рунической
письменности к волгодонскому и дунайскому ареалам. Ставрополь, 1989.).
(Дегенмен, солтүстік Добруждегі Мурфаталар руна жазбасын оқу күмән
келтіреді). Волга-Кама регионында (Башкирия) Еділ Булгарларына қатысты
құпия руна жазуы оқылмай отыр.
С.Я.Байчоров ...Азияттық және европейлік көне түрік жазулары әр түрлі
алфвитте, олар өз ара қатты әсер берген, ортақ әріптері бар, белгілі жазба
принципі бар- екенін айтады.
Жалпы Қазақстан территориясында 30-ға тарта түрік руна жазбалары
табылған. Бірақ, олардың барлығы жарияланбаған. Мыс: Талс өзенінен табылған
4 руна жазбасының екеуі әлі оқылмаған. І-сі Чагар-Могол, Талас Алатауындағы
(Оңт.Қаз. обл.). Оны 1958 ж. А.Н.Бернштам Эпиграфика Востока-да ХІІ вып.
Жариялаған. ІІ-сі Тас плита жазуы (Жамб. обл.). 1976 ж. Екі түркі жазбасы
табылып оқылды (Жамб.обл. – Атлах қалашығы). А) билеушінің тас мөрі. Б) тас
дискінің жартысында жазылған жазу.
Сыр бойы қалаларынан қыш ыдыс жазулары (оңт.Қаз.обл.). Іле өзені
(Алм.обл. Ұйғыр ауданы) бойынан үш жазу 1964 ж. Мазмұны аң аулауда
қолданатын магия.
1969 ж. К.М.Байпақов тапқан қола сақинадағы жазу оқылды (Алм.обл. Іле
ауданы.).
Екі қола айнасы түрік жазуымен Ш.Қаз.обл. табылды. Оны 1935 ж. Кездейсоқ
тапқан, ол Мем. Эрмитажда сақтаулы. Екіншісін 1969 ж. Ф.Х.Арсланова
бастаған археологтар тапқан.
Мұрағаттану. Қоғам өмірінде соңғы жылдары орын алған бетбұрыстар өткен
тарихымыз бен сан жылдар бойы сомдалған рухани мұраларымыздың бүгінгі
көзқарас тұрғысынан зерделеп, ой елегінен өткізу талабын алға тартып отыр.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғаннан бері қоғамымыздың әлеуметтік-
экономикалық саяси өмірінде жасалған бетбұрыстармен бірге, мұрағат
саласында да елеулі өзгерістер болды.
Қандай да бір мемлекеттің өзіндік ұлттық болмысын, мәдениетін, тарихын
жаңғыртып отыратын құндылықтардың сол мемлекеттің өткенін бағамдап,
болашағын болжаудағы маңызы жыл өткен сайын артып отыр. Мұрағат
құжаттарының Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуына
тигізер әсері өте зор. Өйткені өткен тарихымызды білу үшін мұрағат
құжаттарына жүгінеміз. Мәселе қоғам өміріне қатысты құжаттарды тиімді
пайдалану болып табылады. Ұлттық энциклопедияға сүйенетін болсақ, архив
(мұрағат) (лат. archivum) дегеніміз — тарихи маңызы бар құжаттар
сақталатын мемлекеттік арнаулы мекеме. Мекемелердің ескі құжаттарын
сақтайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты
жинақталған жәдігерлер жиынтығы да мұрағат делінеді.
Бүгінде Қазақ мұрағат ісінің өткен тарихына жүгіне отырып, жылдар бойы
сомдалған ізгі істерді, ұлт мүддесіне еңбек етер жақсы үрдістерді қайта
жаңғырту, осы негізде бүгінгі күннің мақсат-міндетін айқындап алып, жаңа
бағытта жұмыла қызмет ету уақыт үдесінен шыға білу жолындағы жарқын іс
болмақ.
Жазба деректерді жинастырып сақтау ісі тұңғыш рет Мысырда, Қытайда,
Ежелгі Грекияда, Римде т.б. елдерде мемлекеттік дәрежеде қолға алынды.
Қазақстанда дербес мұрағаттың пайда болуы Бөкей ордасы мұрағатымен
байланысты (ХVІІІ ғасыр). Қазақстандағы мұрағат жүйесі (республикалық,
салалық, аймақтық, т.с.с.) негізінен ХХ ғасырдың 20–30-жылдары қалыптасты.
Ұлттық мұрағат ісінің бастауында А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Жолдыбаев
сынды мәдениет қайраткерлері тұрды. Мемлекеттік мұрағат 1921–1938 жылдары
Қазақ АКСР Халық ағарту халкоматының, 1938–1958 жылдары Қазақ КСР Ішкі
істер халкоматының қарамағында болды, 1958 жылдан Министрлер кеңесіне
бағындырылды. Облыстық, аудандық мұрағаттар жергілікті әкімшіліктерге
қарады.
КСРО дәуірінде мұрағат социализмді дәріптеудің идеологиялық құралы болды.
Республикадағы барлық құжаттар айнымалының 10%-ға жуығы коммунистік
құндылықтар тұрғысынан мұқият сұрыпталып, мемлекеттік сақтауға — мұрағатқа
жинақталады. Құжаттардың біржақты іріктелуінің салдарынан Қазақстанның
шынайы тарихын бейнелейтін аса бағалы деректер мұрағатқа түспей, біржола
жойылып отырды. Ал мұрағат қорындағы құжаттардың басым бөлігі түрлі
жасанды шектеулер қою арқылы зерттеушілерге берілмеді. Қазіргі
мұрағаттарда дәстүрлі қағаз құжаттардың түпнұсқаларымен және көшірмелерімен
қатар фото-киноматериалдар, дыбыстық және бейнежазбалар, ақпараттың барлық
жәдігерлер түрлері сақталады. Мұрағаттарда мәңгілік мерзімге сақталып,
қорғалатын тарихи деректер мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайы, экономикалық,
саяси-идеологиялық қатынастары туралы құжаттар Ұлттық байлықтың бір бөлігі
болып табылады. Осы рухани байлықтың сапалы сақталып, орынды қолданылуы
үшін қызмет ететін орындар — мұрағаттар еліміздің ең басты тарихи
құндылықтарының бірі болып табылады.
Міне, осындай қоғамдық маңызы бар шаралардың негізі болатын мұрағат
ісінің бұл бағыттағы еңбегі ұдайы жаңарып әрі жетілдіріп отырады.
Мұрағат қызметінің басты бағыттарын: қор жинақтау, құжаттардың сақталуын
қамтамасыз ету, қор құрамын зерттеп, жүйелеу, ғылыми анықтамалар мен
көрсекіштер жасау; құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру және жария ету ғылыми
тұрғыда талдау арқылы оның болашақтағы негізгі бағыт-бағдарлары да анықтала
түспек. Мұрағат ісін тарихи тұрғыдан саралау барысында біз олардың мол
тәжірибесінің қыр-сырын ашуға күш салдық. Мұның өзі бүгінгі мұрағат ісінің
ерекшеліктерін тануда маңызды рөл атқарады.
Мұрағаттардың жан-жақты өркендеп, зерттеуші ғалымдар, ізденушілер
еңбегіне сүбелі үлес қоса беруі үшін мұрағаттану ісін нақты жолға қоюдың
қажеттілігі айдан-анық. Мұрағаттану — мұрағаттарға байланысты білімдердің
кешенді жиынтығы. Оған мұрағат ісінің теориясы мен практикасы,
мұрағаттардың құрылымы, қызметі мен тарихы, ғылыми мәні бар құжаттардың
іріктеліп алынып, сақталуын қамтамасыз етудің әдістері мен жолдарының,
құжаттардың ғылыми-анықтамалық аппаратын жасаудың, мұрағат қорларын
пайдалануды ұйымдастырудың негізгі принциптері жатады. Мұрағат тарих пен
мемлекеттік-құқықтық практиканың ұштасқан тұсында пайда болып, қосалқы
тарихи пән ретінде қалыптасып, кейін тарих ғылымының қосымша саласына
айналды. Мұрағат құжаттарын пайдаланудың түбірлі өзгерістерге ұшырауы,
мемлекеттік, салалық және жеке адамдар мұрағаттарын қалыптастыру қызметі
ауқымының кеңейе түсуі, тарихи мұралардың мемлекеттік істерді жүргізуде,
идеологияда, әлеуметтік басқару мүддесіне қолданылуы, ғылыми және
шығармашылық жұмыста алатын орнының барған сайын артуы мұрағаттардың аясын
кеңейте түсумен қатар оның маңызын да өсірді.
Мұрағат қызметінің басты бағыттары туралы бізге дейінгі зерттеушілер
еңбектерінде сөз болып келе жатса да, оның жалпы даму тарихы, қоғам
дамуының әр кезеңіндегі алға қойған мақсат-міндеттерді толық қарастыруды
қажет етеді. Ал ең бастысы мұрағат ісін ұйымдастырудың мол тәжірибесін
теориялық негізде тұжырымдап, ұстанған негізгі бағытын, мақсат-мүддесін
зерттеу зәрулігі арта түседі. Сонымен қатар ҚРОММ әр кезеңдегі құжаттарын
топтастырып, жинақтап зерттеу, олардың сақталу әдістерін айқындау қажеттігі
де алға қойылар мәселелердің бірі.
Ұлттық тарихымызды бүгінгідей жаңа талғам-талап тұрғысынан екшеп жатқан
тұста, еліміздің тарихын тануда өзіндік орны бар мұрағаттың даму тарихына
ой жүгірте отырып, қазіргі қоғам дамуына орай жаңаша көзқарас тұрғысынан
бағамдаудың уақыты келген сияқты.
Халықтың рухани деңгейінің өсуіне өзіндік үлес қосатын мұрағаттардың
қолда бар материалдарды сақтау, халық қажетіне жаратудағы мол тәжірибесін
саралай келе, ол қорлардың өз уақытысында ғалымдар мен жалпы оқырмандар
сұранысынан туған келеі де өзекті мәселелердің арқауы болғанына көңіл қоюға
тиіспіз. Ең бастысы, ҚРОММ тұтынушылар талғамын, ой-өрісін биіктетуге
арналған жұмыстар ұйымдастыруға күш салғанына көзіміз жетеді.
Республикамыз мұрағаттарының көпжылдық тәжірибесі мұрағаттың
шығармашылық, деректанушылық мүмкіндіктерінің сан қырлылығын танытты,
сондықтан да мұрағат қызметкерлерінің жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі
бүгінгі мұрағат ісін ұйымдастырудың негізгі үйрену мектебі болмақ.
Ұлттық мұрағаттар бүгінгі күнде де ұлттық дүниетанымды қалыптастыру
жолында талай жақсы бастамалардың көшбасшысы болып отыр. Тарихымыз жайлы
салмақты қоғамдық пікірлер қалыптасуына, келелі істердің дұрыс шешімін
табуына көпшілікті тарту бағытында аянбай еңбек етіп келеді.
Сақтауға тиісті құжаттарды ұйымдастырумен және іріктеу әдістерін, сақтау
тәсілдерін, құжаттардың мазмұнындағы ақпараттық жүйесін, құжаттарды жан-
жақты пайдаланудағы қағидаларын жетілдіре, мұрағат мекемелерінің жұмыстарын
ұйымдастырады.
Материалдарды тез меңгеру үшін бағдарлама, мұрағатта сақтауға тиісті
құжаттармен жүргізілетін жұмыстардың логикалық жүйесіне негізделген.
Студенттер мемлекеттік сақтауға іріктелген құжаттар қағидалармен, бағалау
белгілерімен, құжаттардың құндылығын сараптау туралы кешенді нормативтік-
әдістемелік құралдармен мемлекеттік сақтауға іріктелғен құжаттардың
әдістемелерімен, мемлекеттік мұрағатта құжаттардың құндылығын сараптау
жүмыстарын ұйымдастыруымен танысады. Содан кейін мұрағатта құжаттардың
сақталуы және есепке алу теориясы, негізгі есепке алынатын құжаттар, ерекше
құнды құжаттармен жүмыс жүргізудің ерекшелігі, мұрағатта сақтандыру қорын
құру туралы айтылады.
Мұрағаттардың негізгі маңызды функциялардың бірі- қоғам мұқтаждығын
ретроспективті мәліметтермен қамтамасыз ету болғандықтан, курста- мұрағат
құжаттарынын ғылыми- анықтамалық аппарат жүйесіне үлкен назар аударуда,
негізгі міндеттерінің бірі - құжаттарды жедел іздеумен пайдалануы. Мұнда
тек мұрағат анықтамаларының типтері және түрлерімен танысу ғана емес,
сонымен қатар анықтамалар құру әдістемесіне де көңіл бөлінеді. Лекция
материалдарын баяндауда, мысалы, мұрағаттарды ақпараттау концепциялары,
мұрағат ақпараты негізінде мәліметтерді алу, негізгі мұрағат жұмыстарының
компьютерлік техника және бағдарламалармен жабдықтау т.б. сияқты
мәселелерге көңіл бөлінеді.
Курста маңызды орынды мемлекеттік мұрағаттарды құжаттарын пайдаланудың
түрлі аспектілері, мұрағатта құжаттарды сақтау технологиясы алады. Соңғы
кездегі өзекті мәселелердің бірі мұрағат ғимаратындағы құжаттарды сақтаудың
техникасы мен тәртібі, жабдықтауы, құжаттардың физико-химикалық және
биологиялық факторлардың құжаттардың сақталуына тигізген әсері.
Осы пәнді жүргізу кезінде студенттер теоретикалық курсты біліп қана
қоймау керек, сонымен қатар, мұрағат құжаттармен жұмыс істей алу керек. Іс
жүргізу қағаздары негізінен мәтіндік құжаттардан құрылатындықтан, курста
құжаттардың осы категорияларымен жұмыстық сұрақтары қаралу керек.
Құжаттардың басқа категориялары (ғылыми-техникалық құжаттама, кино-фото-
фоно құжаттар) өзінің ерекшеліктеріне тән және осы құжаттар түрлері жекелеп
оқу жоспарында қарастырылған.
Курсты зерттеу негізінде студенттер құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу
әдістері туралы, құжаттардың құндылығын сараптау бойынша жұмыстарды
ұйымдастыру туралы нақты көріністер алады, істің тізімдерін жасауда қажетті
тәжірбиелер алады, мұрағат құжаттарын пайдалануда түрлі ұйымдастыру
әдістерін біледі.
Осы пәнді жүргізу кезінде студенттер тек практикалық курсты білумен
қатар, мұрағат құжаттарымен жұмыс істей алу керек. Курсты терең білу және
тәжірбиені нақты алу үшін студенттерге оқу жоспарымен мұрағат мекемелерінде
практика қарастырылған.
Мұрағаттанудың теориясымен әдістемесін зерттеу объектісі болып қағаз
негізіндегі мәтіндік құжаттар, ғылыми-техникалық, кинофотоқұжаттар,
дыбысжазбалар, микрофильмдер және басқа да құжаттар табылады.
Мұрағаттану ғылым ретінде ұзақ даму жолынан өтті. Оның ғылым ретінде
қалыптасуы XІX ғасыр аяғы- XX ғасыр басына келеді.
Мұрағаттану- мұрағат ісінің бөлімі ретінде үш кезеңнен өтті.
1 кезең-жаңа қезеңдегі мұрағат ойының пайда болуы мен қалыптасуы (XVІ ғ.
аяғы - XVІІІ ғ.). Бұл кезең алғашқы регистратура туралы трактаттар және
мұрағаттардың пайда болуымен сипатталады.
2 кезең - Ұлы француз революциясынан кейінгі- ХІХ ғасыр аяғына
дейінгі мұрағат ойының дамуы. Ол мұрағат ісін ұйымдастырудың буржуазиялық
қағидаларын таратумен, жариялықтың қағидаларын ендірумен, мұрағаттануды
дербес ғылыми пәнге рәсімдеумен анықталады. Осы кезеңде орталық және
жергілікті мемлекеттік тарихи мұрағаттарды басқару органдарын құру
аяқталады.
3 кезең- ХІХ-ХХ ғасырлардан бастау алады. Мұрағат ісі орталықтанылған
және орталықтанылмаған басқару нысанымен орталық және жергілікті
мұрағаттардың ұлттық жүйесімен мемлекеттік басқарудың арнайы саласына
айналды. Осы кезеңде мұрағаттануға байланысты көлемді еңбектер жарияланды,
кәсіби қоғамдар құрылды, мұрағат мерзімді басылымдар, халықаралық мұрағат
ынтымақтастықтар пайда болды. Мұрағаттану ұлттық мектептерінің пайда
болуымен сипатталады. Мұрағаттану (Құжаттану( (Мұрағат ісінің тарихы және
ұйымдастырылуы( (Мемлекеттік мекемелер тарихы мен ұйымдастырылуы(
пәндерімен, сонымен қатар ақпараттық-есептік жүйесімен, құқықтық және басқа
оқу пәндерімен тығыз байланысты.
МОДУЛЬ № 2 СФРАГИСТИКА ЖӘНЕ ГЕРАЛЬДИКА, ВЕКСИЛОЛОГИЯ ҚОСАЛҚЫ
ТАРИХИ ПӘНДЕР

Дәріс 7-8. Сфрагистика мен геральдика, вексилологияның тарих
ғылымындағы орны мен маңызы. 2 сағат, 4 апта
1. Геральдиканың тарих ғылымына қосар үлесi. Геральдиканың ғылым ретiнде
дамуы. Герольдтар институты.
2. Сфрагистиканың ғылыми дамуы
3. Вексилология қосалқы тарихи пән.
3. Тәуелсіз Қазақстан рәміздері
Геральдика және сфрагистика. Геральдика мен сфрагистиканың қосалқы тарихи
пәндердегі рөлі. Орта ғасырларда елтадбалардың енгізілу тарихы. Еурапада
геральдиканың дамуы мен таралуы. Герольдтар институты. Алғашқы елтаңба.
Геральдикалык калқанды таңбалаушы ең көне мөр. Қаланың алғашқы азаматтық
елтаңбасы. Блазон геральдиканың тілі ретінде пайда болуы. Елтаңба
тинктурасы- геральдикадағы түс пен терінің болуы, Елтаңбаның қүрамындағы
қалқан, крест, гирлянда, шлем ұстатушы, ұран. Қалқан қүрамындағы раугуел,
құрметті қарапайым бейнелер, адам, жануар, құс, балық және жәндіктер,
өсімдіктер бейнесі. Атаулар сапасы ретіндегі геральдикалык рәміздер.
Байланыс сызыктарының белгілері. Жапон геральдикасы- мондар, йомондар.
кайемондар. Империя моны. Павлов моны. Қазақ танбасының рулық геральдика
ретінде колданылуы. Қазақстан қалаларының елтаңбалары.
Мөрлердің тарихи негіздемесі. Пошта штемпельдері. АҚШ-тың үлкен
мемлекеттік мөрі. Штаттар мөрі. Қазақ хандарының мөрі.
Тулардың шығуы. Батыс әлеміндегі Вексиллумның алғашкы ту ретінде болуы.
Ағашқа жанылған бекітілген алғашқы ту (Қытай). Жаңа тулардың формаларын
жасаудағы геральдиканың ролі. Тулар қызметі. Юнион Джек, Юнион ту, Француз,
дат, орыс- триколоры (үштік бояулары). Теңдессіз тулар. Тулардағы
эмблемалардың колданылуы. Аластатылған эмблемалар - орақ пен балға,
нацистік свастика, көңілді Роджер.
Егеменді Қазақстанның мемлекеттік рөміздері- ту, елтанба, мөр және
олардың мағыналық толықтырылуы.

Дәріс 9-10. Фалеристика қосалқы тарихи пән. 2 сағат 5 апта
1. Фалеристика туралы ұғым.
2. Әлемдік марапаттау жүйесі
3. Қазақстандағы марапаттау жүйесінің тарихы
Фалеристика. Фалеристика үғымы. Наградалардағы (мадақтамадағы) саясат
пен әскери оқиғалардың көрініс беруі. Тарихтағы алғашқы наградалар. Рим
наградалары- Триумфалие тәжі, Ауреа тәжі, Обсидионале тәжі, Цивик
тәжі, Муралис тәжі, Валларис тәжі, Навалис рострата тәжі, Мирталық
және Зәйтүн бұтакшалары (гүлдесте-веноктары). Наградалық шынжырлар,
құрметті білезіктер, пайзалар мен фалералар. Сигндар. Рим империясының
кұлауы мен рим награда жүйесінің күйреуі.
Орта ғасырлардағы монастырь - ордендік ұйымдардың негізі. Тамплиерлер,
Подвязка орденінің рыцарлары, госпитальерлері (иоанниттер), тевтондар,
әралуан ордендердің белгілері мен рьщарь киімдері. Дөңгелек үстел
рыцарлары. Иван Грозиыйдың Ресейдегі ордендері. Хасни ибн Саббахтың
Фидаев ордені. Жапониядағы Рониндер. Алтын Руна ордені мен Малъта ордені.
Рухани - рыцарлық ордендер мүлкі.
ХІV-ХVІТ ғғ. алғашқы еуропалық медальдар. Иван Грозный түсындағы алғашқы
орыс медальдары, І Петрдің алтын медальдары. Ресейдегі I Петр бекіткен
Андрей Первозванный ордені. I Петрдің Ресей награда жүйесінің
калыптастырудағы ролі. Ковалерлер мен ковалерлендірілген бикештер.
Шығые наградалары - түрік жарты ай ордені, арыстан мен күн ордендері.
Меджидие және Османие түрік ордендері. Қытай әскери иерархиясы мен оған
сәйкес императорлық наградалар. Жапондык күншығыс ордені, әулие қазына
ордені. Алтын кыран ордені. .
Латын Америкасының нафадалары. Бразиялык Христ ордені, Бенедикт ордені
және - Иакова. мен Меч ордені. Оңтүстік крест орденінің төрт класы. Гаити
Корольдігінің жоне әскери әулие Генрих ордені. Әулие Фаустин король ордені.
Мексикалық қыран және әулие Карл әйел ордені. Венесуэлалық Боливар ордені.
Наградалардан отарлау саясатының көріністері. Екінші дүниежүзілік соғыс
наградалары. Соғыстан кейінгі кезеңдегі наградалар. Егеменді Қазақстаынын
наградалар жүйесі.

МОДУЛЬ № 3 ТАРИХИ МЕТРОЛОГИЯ
Дәріс 11-12-13-14. Тарихи метрология -қосалқы тарихи пән. 4 сағат, 6-
7-апта
1. Тарихи метрология пәнi. Зерттелу дәрежесi. Зерттеу әдiстерi.
Терминдерi.
2. Европа мен Ресейдегі өлшем жүйесінің дамуы.
3. Қазақстандағы өлшем жүйесінің қалыптасуы. Қазақша өлшем бiрлiктері.
Аралық бақылау
Тарихи метрология. Тарихи метрология пәні мен міндеттері. Метрологиянын
тарихи пөн ретінде қалыптасуы мен дамуы. Англияда, Ресейде метрге дейінгі
ұзындық өлшеулері бірліктерінің дамуы, таратылуы. Еуропадағы метрге дейінгі
аумақ бірліктері. Көлемді өлшеудің метрге дейінгі бірліктері. Ресейдін
метрге дейінгі салмақ өлшем бірліктері - пұт, фунт және т.б. дәріханалық
грек бірліктері- грап, екрупул, драхма т.б. Ресейде қолданылуы. Орыс өлшем
бірліктері-шелек, бөшке. штоф, шарке (чарка) және т.б.
Қазақ қашықтық өлшем бірліктері: алты айлық. айлық, күндік, ат шаптырым,
аттам (жер). Жақын аралықка катысты дазақ өлшем бірліктері: іпай қайпатым,
шай-ішім, ет пісірім, бие сауым, түйе сауым. Қазақ үзындык --өлшемдері -
қадам, қүлаш, адым, карыс, сүйем, сынык сүйем. Қазақ бірліктері - уыс,
шайнам, ауыз толтырым, кайнатым. Ұсақ өлшем бірліктері - түймедей, иненің
жасуындай, бір тамшы. Отын өлшем бірліктері - буым, арқа, дорба, етек,
жағым. Саудадағы казақ өлшемдері - пұт, қадам, қап, дорба, қанар.
Тарихи метрология.
Өткен уақыта пайдаланылған өлшем бірліктері: ұзындық, көлем, салмақ,
аудан,... т.б. бірліктер жүйесі, өлшем құралдары, өлшем әдістері.
Ортағасырлық метрологиялық шығармаларға ХІV-ХV ғасырлардағы
заңгерлердің және көпестердің тракаттарын айтуға болады.(м: Франческо
Бальдуччи Пеголотти. Торговая практика, ХІV ғ.). Осы кездерде жерге
байланысты шығарма: Кульмская геометрия (ХІV ғ. мен ХV ғ. аралығы)
жарыққа шықты. Неміс қоныстанушыларының егістікке арналған жерлерді өлшеу
тәжрибесін жинақтаған.
Көпестер, жер өлшеушілер т.б. өлшемдері енді ғалым адамдар қолына тиді,
себебі ол дәлдікті қажет етті. Вена тұрғыны Кристоф Рудольфтың еңбегі
Искусный счет 1526-1588-ші жылдар арасында, 60 жылдан астам, сегіз рет
басылып шықты. Мұнда фунттар, дән өлшемдері, шарап, май, шынтақ өлшемдері
салыстырылды.
Жалпы өлшем процессінің негізін теориялық тұрғыдан ХV-ші ғасырда философ
Николай Кузанский Простец об опытах с весами деген еңбегінде түсіндіруге
тырысса да Метрологияның ғылым ретінде пайда болуын ХVІ ғасырға жатқызады.
Ол Георг Агрикола (1494-1555) және Жозеф-Жюст Скалигер аттарымен
байланысты. Тарихи метрологияны Агриколаның Пять книг о мерах и весах
римлян и греков деген шығармасы бастайды.
Европаның көптеген елдерінде ХVІІІ-ХІХ ғасырларда анықтамалар шығып
тұрды, олар метрикалық жүйе әлі ығыстырып болмаған өлшем бірліктеріне
түсінік беретін. ХІХ-шы ғасырда метрологияның кейбір саласы зерттеле
бастады: мыс. Ұлы Карл фунты, кельндік маркалар, гуфалар т.б. ХХ-шы
ғасырда тарихи метрологияның дамуына өзінің үлесін Халықаралық тарихи
метрология комиссиясы қосты. 1975-ші жылдан бастап осы пән бойынша
конгресстер шақырыла бастады.
Ежелгі грек және римдік өлшемдер жүйесі жақсы зерттелсе, Батыс және
Орталық Европа өзінің бытыраңқылығына, дәстүріне, тұйықтығына, бөлектігіне
байланысты өзінің жүйесіздігімен көзге түседі. Мысалы, Англиядағы Рамсей
монастырінің картулярийінде, бір ғана Хантингдоншир графтығында жер
бөліктерін өлшеудің 16 тәсілі болған. Соған қарамастан өлшем бірліктерінің
аты (гайда, виргата, акр) бір болған. Тіптен ол жерлерді тек ол жерге
егілетін дақыл түрімен, болмаса онан түсетін пайда арқылы өлшейтін болған.
Кейде бір жердегі өлшем жүйесі, болмаса сондағы жер көлемі әр түрлі өлшенуі
мүмкін. Метрология өзге де қосалқы пәндермен тығыз байланыста, әсіресе
нумизматикамен, сонымен бірге метрология археология мен этнографияның
деректерін де жиі пайдаланады. Өлшем бірліктер табиғаттың жағдайымен тығыз
байланысты болғандықтан метрология еңбектерінде географияға, астрономия,
геология, агрономия т.б. ғылымдарға сілтеме жиі болып тұрған.
Метрологиялық зерттеулердің деректеріне трактаттардан басқа хроникалар
жатады. Келісімдер мен келіссөздер, сауда есебінің есептері, иеліктердің
тізімдері, сот протоколдары, Сонымен қатар өлшем құрал саймандары, өлшеу
және салмақ эталондары, монеталар, фрескалардағы, капитолий
колонналарындағы миниатюралар, скульптура, живописьтегі бейнелер,... ХVІІ-
ХVІІІ-ші ғасырлардағы топографиялық карталар, ХVІІІ-ХІХ-шы ғасырлардағы
метрологиялық анықтамалар да осы зерттеулерге жарық түсіреді.
Жалпы римдік жүйесні айтпай кетуге болмайды, себебі ол көптеген өлшем
бірліктерінің негізін қалайды, сонымен қатар ол өзге де елдерге тараған.
- бүтін (as) - өлшем бірлігінің негізі.
- 112 бөлік – унция деп аталды. Қалған бірліктер осы астың, немесе
унцияның бөлігі, не көбейтілген түрі болатын.
Мысалы, ұзындық өлшемінің негізі (as) – pes (табан, фут), ол 29,57 см. Ал
5 фут – бір pessus – екі адымға (1,48 м.) тең; 1000 адым – 1 миллге тең
(milia passum немесе miliarium – миль тасы дегенді білдіреді). Фут –
жарты футқа, унцияға (2,46 см.), жартыунцияға бөлінді,...
Архитектуралық практикада Витрувидің айтуы бойынша өзгеше өлшем түрі
пайдаланылған. 116 фут – digitus – саусақ деп аталған; 4 саусақ -
алақан (palma); 1,5 фут – шынтаққа тең (cubitus, 6 алақан). Саусақ –
1288 футқа дейін бөлінген (scripulum, скрупулезный – сөзі осыдан
шыққан).
Жерге байланысты ұзындық өлшемдері: оның негізі акт (akus), Плинийдің
айтуынша екі өзгіздің айдаусыз жырта алатын қашықтығы. 112 akus-ты
пертика құрайды, ол 10 футқа тең. Пертика – жер өлшейтін таяқ. Ауданды
(площадь) өлшеу, оның ең кіші көлемі 1 пертикаға тең квадрат – скрупул
(8,75 кв.м.). 288 скрупул – негізгі аудан көлемін білдіреді – югер (jugum
- упряжка). Ол – 2519 кв.м. тең, яғни бұрын екі өгіздің күндік нормасы
болып табылған. 2 югер heredium (мұрагерлік имение, мұра) деп аталады. Ал
үлкен жер иелерінің ауданын есептеуге центурии (200 югер, 50,377 га) және
сальтус (4 центурии, немесе 201,5 га) өлщемдері қолданылды.
Сұйық және сусымалы денелерге – кубтік фут – 26,26 л. – амфора деп
аталды. Ол тек сұйық заттарға қолданылды. Оның 12 (urna), 18 (congius),
148 (cextarius), 196 (hemina), 1192 (quartarius), 1384 (acetabulum),
1576 (cyathus) – деген түрлері бар. Соңғысы 0,045 л.-ге тең, оны шарапты
өлшегенде пайдаланған. Сусымалы заттарды өлшеуге – модий (амфораның 13 –
8,754 л.) термині пайдаланылды, жарты модий, оның қалғандары сұйыққа
арналған өлшемдер секілді бөліне береді.
Римдік салмақ өлшемі - фунт – libra (салмақ, вес, весы) – 327,5 г. тең.
Одан: 112 (унция 27,3 г.), 148 (сицилик), 196 (драхма), 1288 (скрипул
1,138 г.), 1576 (обол), 11728 (немесе 1144 унция) – силиква – 0,189 г.
Фунт тек салмақнегізі ғана емес қаржы жүйесі де болатын.

МОДУЛЬ № 4 ХРОНОЛОГИЯ - ҚОСАЛҚЫ ТАРИХИ ПӘН.
Дәріс 15-16-17-18. Хронология. 4 сағат, 8-9 апта
1. Хронология пәнi. Негiзгi мiндеттерi мен зерттеу әдiстерi.
2. Хронологияның ғылым ретiнде қалыптасуы.
3. Уақыттың өлшем бiрлiктерi. Жұлдыздық уақыт. Жергiлiктi уақыт.
Декреттiк уақыт. Тоғыс есебi. Күн мен айдың тұтылуы

Хронология
Хронология – хронос – время, логос – слово, учение деген сөздерден
шыққан. Уақытты өлшейтін ғылым деген мағынаны білдіреді. Ол негізінен екі
бөліктен тұрады: астрономиялық (математикалық) және тарихи (техникалық).
Біріншісі, аспан денелерінің қозғалысын, астрономиялық жағдайларды есептей
отырып, нақты астрономиялық уақытты анықтайды. Екіншісі, әр халықтардың әр
кездегі уақытты қалай өлшегенін, өлшем жүйелері қалай дамығанын
(календарлар) зерттейді.
Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы календарлық жүйелердің сәтті
элементтері Ежелгі Грек, Ежелгі Рим календарларына енді, жаңаланды.
Хронология ғылым ретінде қалыптасуы ХVІ ғасырдың соңы – ХVІІ ғасырдың
басына жатқызылады. Француз гуманист-ғалымы Жозеф Скалигер өзінің Об
улучшении счета времени (1583), Сокровище времен (1606) т.б.
еңбектерінде календарға григориандық реформа жасауға сын айтты, жылсанау
жүйелерін бір жүйеге салуды қарастырды. Оның юлиандық кезең деп аталатын
календарында санақ жылға бөлінбейді, бұл әр түрлі календарлардың дәуірін
біріктуге қол жеткізді. Скалигер айналасындағы тартыс осы саладағы
мәселелерге байланысты көптеген әдебиеттердің пайда болуына себеп болды.
Осы материалдарды ХVІІІ-ші ғасырда француздар д’Антин- және Дюран
Искусство проверки дат, оның соңғы баспасы 44 томнан тұрды. ХІХ – ХХ-
ғасырдың басында ғылыми хронология өзінің даму шыңына шықты.
Қазірге дейін неміс астрономы және хронологы Христиан-Людвиг Иделердің
Справочник по математической и технической хронологии еңбегі маңызын
жойған жоқ. Осы аттас Ф.Гинцельдің еңбегі жаңа негізде жазылған. Неміс
ғалымдары Х.Гротефенд (Леточисление немецкого средневековья и нового
времени) және Ф.Рюльдің (Хронология средних веков и нового времени),
француз авторы А.Жиридің (Учебник дипломатики) және венгр И.Сентпетеридің
(Справочник по хронологии) еңбектері ортағасырлық хронологияны
дипломатикамен тығыз байланыстыра отырып қарастырады. Австриялық ғалым
Р.Шрамның Календариографические и хронологические таблицы еңбегі
Скалигердің жүйесін пайдалана отырып, юлиандық күндер арқылы әртүрлі
календарлық стильдерді байланыстырды.
Кеңестік авторлардың ішінен Н.И.Идельсон, С.И.Селешников, И.А.Климишин,
Е.И.Каменцова, Я.И.Шур, В.В.Цыбульский, М.Я.Сюзумов еңбектері белгілі. Орыс
техникалық хронологиясының негізгі элементтері Вспомогательные
исторические дисциплины под ред. В.Г.Тюкавкина. – деген еңбектің
Хронология деген бөлігінде жазылған.
Хронология. Тарихи Хронология пәні және оның міндеттері. Күнтізбе
ұғымы. Дәуірлер әралуандығы. Жыл санаудағы астрономиялық негіздер. Басты
өлшем бірліктері. Оқиғалардын хронографиялык мағлұматтары. Уақыт өлшемі
жүйесіндегі жыл ұғымы. Уакытты өлшеудегі әралуан әдістер. Ай фазасын
бакылау. Синодтық жыл. Христиан дәуірі.
Ежелгі өркениет күнтізбелері - ертедегі Египет,: Қытай, Майя, Вавилон;
көне еврейлік және т.б. Наурыз, қыркүйек, ультранаурыз Византия заманы
жылдары ұғымы және олардың қазіргі заманғы жыл санауға алмасуы. Көне славян
күнтізбесі. Француз революциясы күнтізбесі. Юлиан күнтізбесі. Григориян
күнтізбесі. Ресей мен КСРО күнтізбесі. Ежелгі Русьтегі уақыт есебі және
оның Византия жыл санауымен байланысты. I Петр тұсындағы жыл санау
реформалары. КСРО-дағы уақыт есебі. КСРО халықтарының уақыт есебіндегі
ерекшеліктер.
Дата (мерзім) ауысымы, казіргі жыл санаудағы индикт арқылы
көрінісі. Астрономиялық құбылыстар туралы негіздерго сүйене отырып жасалған
дата белгілері. Формула мен таблицалар арқылы апта күндерімен оқиғаларды
анықтау. Тарихи негіздеріне қатысты даталаумен байланысты мәселелерді шешу.
Негіздердің шығуы туралы хронология мәселелерінің көмегімен
шығарылатын.шешімдер. Қазіргі жыл санауға дата белгілеу үшін мұсылман
күнтізбесін есептеуге арнайы формуланың колданылуы.
Хронологияның мәліметтері мен әдістерін тарихтану және тарихи мәселелерді
шешуге қолдану. Тарихи негіздемелерге оларда айтылған даталарды белгілеу.
Негіздемелердің хронологиясы мен дәйектілігі. Негіздерді белгілеудегі және
шығуын, калылтасуын анықтаудағы хронология әдістері. Хронология және басқа
да тарихи пәндер.
Қазақи халықтык аспан денелерін бақылауға байланысты ілімдер. Ежелгі
халықтық жүйе - ай бетіндегі жұлдыздар жабуы (Үркер), тоғыс айлары, ай
тоғысы, ай қоралануы. Поляр жүлдызы (Темірказықтың) тәулік уақытын
анықтаудағы жөне көкжиекті бағдарлаудағы байқаулар. Орион (Үшарқар-Таразы),
Венера (Шолпан) және Сириус (Сүмбіле) жұлдыздарын байқау. Қазақ күнтізбесі,
12 жылдық жануарлар циклы (мүшел ұғымы). Наурыз - қазақ жаңа жылы және оның
көктемгі күн мен түн теңелуімен байланысты.
Ай (Лунный месяц) – алғашында 30 күнге тең болды.
Жеті күндік апта пайда болды. Күндік жыл (солнечный год) есебі. Сонымен
күн, ай календарлары пайда болды. Календарь – латынның calendae – әр айдың
бірінші күні дегенді білдіреді.
Ай календары, күн календары, ай-күн календары бар.
Юлиан календары.
Қазіргі күн календарының негізіне реформаға түскен Юлий Цезарь календары
жасайды. Ол өз кезегінде өзне дейінігі рим календарларына, ай-күндік
календарьға сүйенеді. Ромул Августул тұсындағы (б.з.д. VІІІ ғ.) ежелгі рим
календары 10 айдан тұрып, онда 304 күн болды. Жыл көктемнің алғашқы айынан
басталды. Март (Марс құрметіне), апрель (ашу, жер жыртуды бастау
құрметіне), май (жер құдайы құрметіне), июнь (Юнона, ауа райының құдайы
құрметіне). Кейінгі ай аттары квинтилис - бесінші, секстилис – алтыншы,
септембер – жетінші, октобер – сегізінші, новембер – тоғызыншы, децембер –
оныншы деп аталады. Б.з.д. VІІ ғасырда Нум Пампили тұсында – январь (күн
жарығының және аспан құдайы Янус құрметіне) және – февраль (жер асты
патшалығының құдайы Фебруус) айлары қосылды. Ендігі жерде жыл 355 күнге тең
болатын болды. Бұл календарь ай-күндік болатын, онда март, май, квинтилис –
31 күннен; апрель, июнь, секстилис, новембер, январь, септембер – 30
күннен, ал февраль – 28 күннен тұрды. Мұндағы күннің саны (355 күн) ай
жылының ұзақтығына жақын болды – 354,4 тәулік. Жалпы бұл жыл тропикалық
жылдан (365 күн, 5 сағат, 46 секунд) 10 күн кем болатын. Уақыт өте келе жыл
маусымы өзгеріп, май көктемде емес басқа мерзімге жылжып кететін, сондықтан
да оны болдырмас үшін екі жылда бір рет қосымша ай мерцедони қосылатын.
Онда 22 болмаса 23 күн болатын, ол 23-24-ші февраль арасына қосылатын.
Сонымен реформаланған жылда орташа алғанда 366 күн болды, яғни 1 күнге
тропикалық жылды артқа тастайтын. Абыздар өздерінің пайдасына қарай жылды
не ұзартатын, болмаса қысқартатын, Вольтер Римдік қолбасшылар әрқашанда
жеңетін, бірақ олар оның тура қай күнде болғанын білмейтін деп дәл айтқан.
Реформаның қажеттігі б.з.д. 46 жылы Юлий Цезарьдің атақты александрлық
ғалым Созигенді шақырып, сол қателіктерді жөндеуге алып келді. Ол жылға
төтенше екі ай, 33 және 34 күннен тұратын, ноябрь мен декабрь арасына
б.з.д. 46 жылы қосты. Сонымен, үш жыл 365 күннен, ал төртіншісі – 366
күннен тұратын болды. Ал календарьлық жылдың басы январьға ауысты, римдік
басқару органдарында өзгерістер болатын айға. 366 күнді Цезарь 23-ші
февральден соң тұратын мерцедонийдің орнына қойып, мерцедонийдің алып
тастады. Ал 24 февраль екі рет қайталанатын болды, оны bissextus деп атады
(24 февраль март календасының алтыншы күні)– осы 366 күннен тұратын жылды –
bissextilis дейтін болды. Орыстар оны византиялық дәстүрмен високосный
деп кетті. Юлиан календары 12 айдан тұрды, жетінші айды Цезарьдің құрметіне
– июль дейтін болды. Жеті ай – 31 күннен, төртеуі – 30 күннен, ал біруі –
28 болмаса 29 күннен тұрды. Ал Октавиан Августің тұсындағы өзгерістер ХVІ-
шы ғасырға дейін, ХІІІ Григорий папаның реформасына дейін сақталды. Бұрынғы
секстилис Августің құрметіне – август болды.
325-ші жылы Никейлік Әлемдік соборда юлиандық календарь христиан
дүниесінің міндетті календарі болып мойндалды. Алайда, 128 жылда 1 күндік
қателік жиналатын болды, ондай қателіктің бар екенін ХІІІ ғасырда
Кастилияда Альфонс Х Мудрыйдың билігі тұсында пасхалық таблицаны құруда
қазіргіден жарты минутқа кем орташа жылдық ұзақтықты белгілеген. ХІV
ғасырда византиялық ғалымдар Никифор Григора мен Матфей Властырь, Аргир
қателіктің бар екендігін білді, алайда оны кейбір себептермен жөндеген жоқ.
ХV ғасырда календарь мәселесімен папалық курия айналысты, бірақ тек ХVІ
ғасырда ғана, қателік 10 күнге жеткенде папа Григорий ХІІІ юлиан календарын
реформалауға кірісті. Оны шешу үшін комиссия құрылды, бірнеше жобаның
ішінен Перуджилік математик және дәрігер Луиджи Лилио (Алаоизи Лилий)
жобасы қолдау тапты. Папаның 1582 жылғы 24 ақпандағы декреті бойынша 1582
жылдың 5 қазақнынан кейін 15 қазан болу керек болды, яғни жетіспей жатқан
10 күн қосылатын болды.
- Юлиан календары бойынша әрбір 400 жылда қателік 3 күнге жететін болды,
оның үстіне осы кезеңде – 100 високостық күні де бар.
- Луиджи Лилио осы 400 жылдағы 100 високостық күн орнына 97 болуын
ұсынды. Сонымен бірге ендігі жерде високостық жыл деп егер ғасыр жылдары
400, 1600, 2000, 2400 жылдарға қалдықсыз бөлінсе ғана есептелетін болды.
- ХVІ-шы ғасырдан көктемнің теңелетін күнінен басталатын Пасха 3-4 күнге
кешігіп келетін, оны да қайта есептеді.
- Григориан календары да қатеден қашып кете алған жоқ. Ол 3280 жылда 1
күнге қателесетін. Жалпы григориан календарын христиан әлемі бірден
қабылдаған жоқ. Алдымен оны католик мемлекеттер: Исп., Порт., Фран.,
Польша, Италияның бір бөлігі (1582 ж.), Германияның императоры және католик
князьдері (1584 ж.), ал протестантар қарсыласып бақты. Олар Папамен
қосылғанша күнмен ажырасқан жақсы депмәтелдейтін.Осыған байланысты
Венгрияда юлиан календары ХVІІ-ші ғасырда да, Мемлекеттік жиылыстың 1588-ші
жылдағы жаңа календарьға көшу жайлы шешімі болса да, қолданыста болып
келді. Ал Германияның протестанттық қалалары да ХVІІ-ші ғасырда ескі
стильді ұстанып келді. Ал Пасханы григориан календары бойынша тек қана 1775-
ші жылдан соң ғана қабылдады. Григориан календарының стиліне лютерандық
Дания және Норвегия 1700-ші жылы қосылды. Англия – 1751-ші жылы, ал Швеция
мен Финляндия 1753-ші жылы қосылды. Болграия, Сербия, Румыния, Греция,
Турция, Египет, Советтік Россия – тек қана ХХ-шы ғасырда көшті. Юлиандық
календарьді орыс православиелік шіркеуі әлі күнге дейін қолданып келеді.
- Орта ғасырдағы оқиғаларды белгілеу элементтері:
Билеу жылының датасын қолдану, императордың басқару жылын (annus
imperii), ол Юстинианның 537-ші жылғы қаулысынан басталады. Франктер
меровингтер дәуірінен бастап осы тәртіпті ұстанады. Ал римдік папалар –
Адриан ІІ тұсынан бастайды. Х ғасырдан бастап епископтар мен архиепископтар
құжаттарды өздерінің билеген уақыттарынан бастап белгілейтін болды. Герма
иператорлары бірнеше жерді иеленсе, өзінің таққа отырған жылы (annus
imperii) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика ретінде және CLIL пән
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Студенттердің танымдық ізденімпаздылық компоненттері
Әзиз хан медресесі
Германиядағы әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың ерекшелiктерi
Музейлердің қор жұмысы
Қарағанды облысындағы музей ісінің қалыптасуы
Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беру. тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не?
Тіл мәдениетінің сипаты
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Пәндер