Сыни ойлау



1 Сыни ойлау.дербес ойлау
2 Сыни ойлау анықтамасы
Сыни ойлауды қалайша айқындай аламыз? Мен ұсынып отырған анықтама бес баптан тұрады.
Біріншіден, сыни ойлау-дербес ойлау. Сабақ сыни ойлау қағидаларына сүйенгенде, әр оқушы өз идеяларын, бағасын, сенімін басқалардан дербес түрде құрастырады. Ешкім де біз үшін сыни ойлай алмайды, бұны біз тек өзіміз үшін ғана жасаймыз. Сонымен, ойлау тек жеке (индивидуалды) сипат алғанда ғана сыни болып табылады. Өз басымсн ойлау және де тіпті ең қиын мәселелерді шешу үшін оқушылар жеткілікті түрде еркін болуы қажет.
Сыни ойлау міндетті түрде жаңа өзіндік (оргиналды) болуы шарт емес: біз басқа адамның идеясын немесе сенімін өзімдікі сияқты қабылдауымызға құқылымыз. Бізге тіпті басқалардың пікірімен келісу ұнайды-бұл біздің ойымыздың достығын дәлелдейтін сияқты. Сыни ойлайтын адам басқа біреудің пікіріне жиі қосылады. Дербестік сөйтіп сыни ойлаудың бірінші және мүкін, ең маңызды сипаты.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Сыни ойлауды қалайша айқындай аламыз? Мен ұсынып отырған анықтама бес
баптан тұрады.
Біріншіден, сыни ойлау-дербес ойлау. Сабақ сыни ойлау қағидаларына
сүйенгенде, әр оқушы өз идеяларын, бағасын, сенімін басқалардан дербес
түрде құрастырады. Ешкім де біз үшін сыни ойлай алмайды, бұны біз тек
өзіміз үшін ғана жасаймыз. Сонымен, ойлау тек жеке (индивидуалды) сипат
алғанда ғана сыни болып табылады. Өз басымсн ойлау және де тіпті ең қиын
мәселелерді шешу үшін оқушылар жеткілікті түрде еркін болуы қажет.
Сыни ойлау міндетті түрде жаңа өзіндік (оргиналды) болуы шарт емес:
біз басқа адамның идеясын немесе сенімін өзімдікі сияқты қабылдауымызға
құқылымыз. Бізге тіпті басқалардың пікірімен келісу ұнайды-бұл біздің
ойымыздың достығын дәлелдейтін сияқты. Сыни ойлайтын адам басқа біреудің
пікіріне жиі қосылады. Дербестік сөйтіп сыни ойлаудың бірінші және мүкін,
ең маңызды сипаты.
Екіншіден, ақпарат сыни ойлаудың ақтық емес, бастапқы нүктесі болып
табылады. Білім уәждеме (мотивировка) тудырадьг, ал онсыз адам сыни ойлай
алмайды. Кейде біз бос баспен ойлау қиынға соғады деп те айтамыз. Күрделі
ойды тудыру үшін талай шикізатты-фактілерді, идеяларды, мәтіндерді,
теорияларды, берілген жәйттерді, тұжырымдарды қайта өңдеу керек. Мен сыни
ойлауды дәстүрлі факторларды зерттеуге теңегім келмейді-сыни ойлауды
фактілік білім ғана айқындамайды. Алайда оқытушы жұмысы тек сыни ойлауға
үйретумен шектелмейді: біз шәкірттерімізді ең күрделі түсініктерді
қабылдауға және есінді әртүрлі деректерді сақтауға үйретеміз. Сыни ойлауды
үйрету-оқытушы сан қилы жұмысының бір ғана қыры.
Үшіншіден, сыни ойлау сұрақ қоюдан басталып, шешімді қажет ететін
проблемаларды айқындаудан басталады. Адам баласы болмысынан білімге құштар.
Біз жаңа бір нәрсені байқасақ, соны білуге құмарлық танытамыз. Біз қандайда
бір ерекшелікті көрсек, оның ішкі құрылысына үңілгіміз келіп тұрады. Біз
бұл ерекшелікті жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерден гөрі бүлдіршін
балалардан көруге үйренеміз, әттеген-ай десек те мектептегі білім берудің
бала миына жасаған ықпалының кері әсері осындай. Алайда нағыз танымдық
процес өзінің әр кезеңінде танушының өз мүддесі мен мұқтажына туындайтын
проблемаларды шешетін және сұрақтарға жауап беретін ұмтылысымен
сипатталады. Демек, бір жағынан сыни ойлауға үйретудің қиыншылығы
оқушыларға бізді қоршаған проблемалардың сан алуандылығын танып білуге
көмектесуде жатыр.
Төртіншіден, сыни ойлау дәйекті, көңілге қонымды дәлелдемелерге
ұмтылады.
Сыни ойлайтын адам проблеманы шешуде өзіндік жолын тауып, бұл шешімді
нанымды және дәйекті дәлелдермен бөлмесі сыртында өтіп жатқан шынайы өмірге
жақындата алады.
Сыни ойлау анықтамасының келтірілген бес бабы білім алудың әртүрлі
әрекеттерімен жүзеге асырылады, алайда, менің ойымша, мұғалім үшінде, оқушы
үшінде олардың ең тиімдісі жазба жұмыстары болады. Жазуда ойлау процесі
көзге түсетін, яғни мұғалім үшін көрнекті болады. Жазушы әрқашанда белсенді
әрекеттер. Ол дербес ойланып, осы кезде өзінің барлық білім қорын
қолданады. Өз пікірін қуаттау үшін ол лайықты дәлелдеме ку-құрастырады,
Жақсы орындалған жазба жұмысы қандай да болмасын проблема шешімін
іздестіруден және оқырмандарға табылған жауапты ұсынудан тұрады. Бұған қоса
ол өз бітімі бойынша әлеуметтік нышанда болады, өйткені жазушы әрқашанда
оқырманға бағытталған,
Оқушылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімі
Сыни тұрғыдан ойлау - әлеуметтік ойлау
Сыни ойлау мен сыни жазылым
ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫ
Сыни ойлау психологиясы
Сын тұрғысынан ойлауды оқытудың мұғалімге берері
СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ТАНЫМЫН АРТТЫРУЫНЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУІ
Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп (2000 сөз)
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер