Социологиялық мәліметтер жинау тәсілдері


Социологиялық мәліметтер жинау тәсілдері.
Басқа өлшемдерді қолданып, мысалы мәліметтерді жинау тәсілі үш түрге бөлінеді: сұрақ қою (сауалнама), байқау (бақылау) және құжаттарды талдау.
Сұрақ жүргізу тәсілі социология зерттеуінің кең тараған түрі. Сұрақ қою екі жолмен өткізіледі:
1) сауалнама жүргізу
2) сұхбат өткізу (интервью) түрінде.
Олардың негізінде сұралатын адамға қойылатын сұрақтардың жатады. Осы сұрақтарға берілген жауаптарды бастапқы мәлімет, ақпарат деп түсінуіміз абзал. Жауаптардың әр нұсқасы әлеуметтік - психологиялық қатынастардың күрделі түрлерінің біреуін көрсетеді. Олардың мәні мынадай жағдайлармен сипатталады:
а) сауалнама не сұхбатнаманың мазмұнымен;
б) оны жүргізушінің жұмысының сапасымен;
в) сұрау жүргізудің жағдайларымен;
г) респонденттің психологиялық көңіл - күйімен, сұрау жүргізудің әлеуметтік шындықтың салаларын қамту ауқымдылығы шексіз. Бірақ та оның көмегімен алынатын ақпараттың кемістігі оның жеке тұлғаның жауап берушінің түсінуімен ақиқатты бейнелеуде. Социологияшы осыны ескеріп қана өз қорытындыларын жасай алады.
Сенімді ақпаратты жинау үшін сауалнаманы құрудың бірқатар ережелері мен қағидаларын ұстану қажет. Қолданбалы социологияда сұрақтар зерттеуші аспабының міндетті қызметін атқарады, сондықтан оларды тұжырымдаудың өзіндік талаптары бар. Сұрақтар әртүрлі адамдардың үлкен жиынтығына қойылады. Сол себептен сұрақтар бәріне түсінікті болуы қажет. Сұрақтар негізгі үш топты құрайды:
1) Мазмұны борйынша адамдардың санасы, жүріс - тұрысы жөнінде және респонденттің өзі туралы өмірбаяндық мағлұматтар.
2) Нысана бойынша сұрақтар ашық, жабық, тік, жанама болып бөлінеді.
3) Атқаратын қызметі бойынша сұрақтар негізгі және негізгі емес болады.
Одан басқа сүзуші және бақылаушы сұрақтар қойылады, өте сирек қақпан сұррақты қолданады.
Адамның санасы жөніндегі сұрақтар олардың пікірлерін, тілектерін, күтулерін, болашақты жоспарлауын және сол сияқты анықтауға бағытталған. Жүріс - тұрыс жөніндегі сұрақтар адамдардың қылықтарын, қимылдарын, іс - әрекеттерінің нәтижелерін ашып береді.
Жауап берушінің тұлғасы жөніндегі сұрақтарды міндетті түрде сауалнаманың соңында пайдаланады. Оған жынысы, жасы, ұлты, тегі, білімі, біліктілігі, мамандығы, отбасылық жағдайы, аумақтық белгісі кіреді.
Адам өзін - өзі бағалауды даму деңгейіне байланысты асырады дамуы төмен адамның өзін - өзі бағалауы әдетінше жоғарылау келеді. Сол сияқты пікірдің әлеуметтік мәртебесі төмен немесе талаптары дамымаған адамдар жөнінде де айтуға болады. Ал білімі, мәдениеті, мәртебесі, жоғарылау адамдар өз жағдайын төмендеу бағалайды, оған қанағаттанбайтынын білдіреді.
Осының бәрін анықтау үшін бақылаушы, тексеруші сұрақтарды өз орнын тауып пайдаланады.
Жабық сұрақтарда мүмкін болатын жауаптардың толық жиынтығын береді. Жауаптардың саны 3 - тен 11 - ге дейін болғаны, ал таңдайтын жауаптардың саны 3 - тен аспауы керек.
Ашық сұрақтарда дайын жауаптары болмайды; әр адамның өз еркі не жазса да. Бұл сұрақтар өз пікірін толық және егжей - тегжейлі көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан ашық сұрақтардың арқасында жиналатын ақпараттың мазмұны жабық сұрақтардың көмегімен жиналатындардан гөрі бай келеді. Бірақ та ашық сұрақтарға шын көңілмен жауап беретіндер өте көп бола бермейді тақырып бойынша жете білетіндер ғана жауап береді. Қалғандары жауаптардан жалтарып кетеді немесе екі ұшты, көмескі жауаптар береді.
Тік сұрақтар өзіне айналадағы адамдарға, ақиқаттың келеңсіз құбылыстарын бағалауды сыншылдықпен қарауды талап етеді. Бұларға екі ұштылықсыз жауап беруді көбі орындай алмайды, сондықтан көбі жауапсыз қалады.
Жанама сұрақтардың жасырын мәні болады. Олар тік сұрақ қойғанда шешпейтін мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы тік сұрақта «Сіздің ойыңызша, сіздердің топтағы студенттердің оқудағы үлгерушілігіне не кедергі болады?» деп айтылар еді. Онда екіншісіне студенттің басым көпшілігі өз себептерін де айтуы ықтимал.
Негізгі сұрақтар зерттелетін құбылыстың мазмұнына тікелей қатысты мағлұматты жинауға бағытталған. Негізгі емес сұрақтар негізгі сұрақ кімге арналғанын анықтайды. Мысалы сұрақ былай қойылады «Ал келесі сұраққа тек қана жатақханада тұрушылар жауап береді». Сондықтан бұл сұрақтарды «сүзуші сұрақтар» деп атайды. Негізгі емес сұрақтарға жауаптардың адалдығын анықтайтын бақылаушы сұрақтар да жатады.
Социологиялық байқау әдісі - ол шындықты бейнелеудің күрделі психологиялық үдерісі. Оның күрделілігі тікелей және табиғи жағдайда үдерістер мен құбылыстарды бақылаумен себептелінеді. Социология ғылымында қолданылатын бақылау күнделікті көзбен тікелей көріп байқайтын жағдайлардан айырмашылығы
- Оның анық зерттеушілік мүддеге және айқын тұжырымдалған мақсатқа бағынуы
- Алдын ала ойластырылған ережелер тәртібі бойынша жоспарлануы
- Байқау арқылы алынатын мәліметтердің дәлелдігі мен тұрақтылығын тексеруге
мүмкін болатындығы сияқты қырларымен анықталады.
Әр ғылыми білім байқаудан басталады. Байқау деп социологиялық зерттеулерді өз көзімен көріп оқиғаларды мақсаттылықпен және жүйелі түсінуді айтады. Тіпті әр зерттеудің тырнақ алды қадамы және негізгі тәсілі де болады. Оны өзге әдістерге қосымша құрал ретінде қолданылуы қажет және кез келген зерттеулердің қорытындысын жасауда әр ғылым еріксіз өзінің көз алдына өткен өмірлік тәжірибесіне сүйенбей қоймайды.
Бұл тәсілдің бас құндылығы зерттелетін оқиға, құбылыстарды тікелей көріп, бақылап, оның даму барысының куәгері болып, адамның жүрі - тұрысын нақты шындықта түйсінуі мен ұғынуында. Бұл оқиғалардың, құбылыстардың нышандарын, қасиеттерін, ерекшеліктерін тікелей тіркеуі. Егерде біреудің жазуын не айтқанын талдаса, оқиға үзінділері жанама түрде алынады. Ал байқаудың бәрін тұтас түйсіну мүмкіндігі жоғары. Тек қана бейнелеудің тереңдігі, дәлдігі мен ауқымдылығы зерттеушінің біліктілігі, адалдылығы мен қорыту қабілетіне байланысты. Сондықтан кемістігі ретінде байқаудың объективті және субъективті себептерін назардан тыс қалдырмауға тиістіміз. Объективті кемістігіне оның шектеулігі, жеке жағдайларда қайталанбай кездесетіні, ал олай болса тұжырымдауды жалпыға тарату екіталай күрделі. Бақылайтын оқиға дәлме - дәл екінші рет қайталанбайды.
Субъективті кемістіктер әр алуан. Бастапқы дерекнаманың сапасына бақылаушы мен байқауға жататындардың әлеуметті үлкен әсер етеді. Өз ықпалын мүдделердің, құндылықтардың бағытталудың, мінез - құлықтың таптауырындарының ұқсамайтындықтары да көп әсерін тигізеді. Осыдан және мәдени - әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін ескермегендіктен зерттелетін объектіге баға беруде бұрмалау үлкен орын алады.
Қорытынды шығаруға теріс әсерін әсіресе психологиялық ұстаным жасайды. Бұлардың қатарына әртүрлі наным, сенімдермен қатар теріс ұғыныстар және қате түсініктерде жатады. Бір жақтылық, әділетсіз қарау, пікір айту сияқты бақылаушыға да, бақылаудағыға да тән қасиеттер, түптің түбінде бағалаудың дәл болмауына соқтырады. Егер зерттелініп жатқанын сезсе, адамдардың әрекеттеріне жасандылық пайда болады, олар бақылаушының талаптарына сай болатындай бейімделуге тырысады. Зерттеудің тазалығы бұзылып, объективтілігі мен бейнелеу дәлдігі төмендейді.
Зерттеу өткізілу барысында ғалымның көңіл - күйі оны бір нәрсеге жұмылдыра алу, көзге шалынбайтын нәрселерді байқай білу, т. б. нәтиженің жоғары болуына ықпал етеді.
Бірақ та артықшылығын байқау арқылы құрғақ деректерді «тірілтіп», өмірдің жасырын қабаттарын, адамдардың басқа әдістер арқылы білуге мүмкін емес жасырын ой, пікір, қимылдары мен шындыққа қатынастарын ашуға мүмкіндік береді.
Байқау сонымен жүйелі және мақсатты бағыттағы қандай болсын құбылысты тікелей көріп, түйсіну және одан алған әсерін, оның ерекшеліктерін жазып алу. Бұл құқықтық құбылыстарды, құқықты қорғау қызметкерлерінің, адамдардың жүріс - тұрысын, заңды ұстануын т. б. бақылау арқылы зерттеу оңтайлы.
Құжаттарды социологиялық талдау әдісі жеке зерттеушілерге пайдалануға өте қолайлы әрі жеткілікті қарапайым. Тек қана ол үшін зер салып оқу және оны берік жүйелі түрде зерттеу мақсатына бағындырып істеу қажет.
Құжат деп социологиялық ғылымында барлық жазу түрлеріне, үн таспаға, суретке және киноға түсірілген мәліметтерді атайды. Құжаттар арқылы зерттеуші керекті мағлұматтарды жинап алу мүмкіндігі бар. Социологиялық мәліметтердің көзі ретінде хаттамаларда, баядамаларда, шешімдерде, заңдарда, соттың үкімдері мен басқа құжаттарда, хаттар мен күнделіктерде жазылған хабарлармалар болып табылады. Әлеуметтік статистикалық дерекнама ерекше роль атқарады. Бұрынғы жабық мәліметтер кеңес өкіметі тұсында әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді толық бағалауға мүмкіндік бермеді. Яғни толық мәліметсіз жалпы қорытынды жасау мүмкін емес. Мәртебесі бойынша құжаттарды ресми және бейресми деп екіге бөледі. Ресми құжаттар мемлекеттік және соттық құжаттар, статистикалық мәліметтер, архивтік деректер, қызмет бабындағы қатынас хаттар т. б. жатады.
Бейресми құжаттар деп жеке адамдардың жазғандарын, түсіргендерін, хаттарын, күнделіктерін, естеліктерін, әуесқойлық бейне көріністерін, суреттерін және басқаларын айтады.
Құжаттардың сенімділігін, беріктігін тексеру үшін олар «сыртқы» және «ішкі» зерттелуі зерттелуі қажет. Сыртқы талдау: құжаттың тарихи әлеуметтік шығу жағдайларының тұтастығында қаралады. Мысалы «жетілген социолизм» тұсында кең өріс алған көзбояушылықты ескермесе ол кездегі барлық ресми құжаттардағы асырып орындалған жоспарларды сараптау мүмкін емес. Ішкі талдау - ол құжаттың нағыз мазмұнын зерттеу.
Құжаттарды талдаудың негізгі екі түрі бар: сапалық (дәстүрлік) және контент - талдау, яғни мазмұн талдау. Бұл екі түрі бірін - бірі толықтырады.
Сапалық талдау бірегей құжаттарды зерттеуде өте қолайлы: Олардың саны әр кезде аз болады. Сондықтан сандық есеп жүргізудің қажеттігі болмайды. Дәстүрлі амалдың мәні құжаттардың мазмұнын тереңдетілген қисынды зерттеп алуында. Сапалық талдаудың мысалы ретінде К. Маркстың сатиралық «Форг мырза» шығармасын келтіруге болады. Маркс саяси және мемлекеттің халықаралық қатынастарына қатысты XIII - XIX ғасырдағы кездерінде, баспасөзде, хаттарында, соттық құжаттарда көрсетілген әртүрлі буржуазиялық партиялардың қызметін әшкерелеуде құжаттардың ішкі және сыртқы талдауын, яғни мазмұны мен оның шығуын әлеуметтік жағдайларын қабыстырып көрсетеді.
Бірақ та субъективизмді анағұрлым төмендету мақсатында және көлемі үлкен ақпаратты зерттеу мен жинақтап қорыту үшін сандық талдау да қажет болды. Сонымен қатар қазіргі есептеу құрылғыларын пайдалануға да қолайлы амалы мазмұн - талдау болады. Бұл тәсілді қолдануда мәтіннің мазмұнын бірыңғай тұжырымдамамен әлдебір тұтастыққа біріктірілген мәліметтердің, бағалаулардың жиынтығы ретінде анықтайды. Құжаттардың құрылымдық талдаудың ісі мәтінімен айналысуда болғанымен, бірақ та ол ең алдымен оның артындағы тұрған ақиқатты зерттеуге бағытталған. Яғни құжаттың мазмұнымен қатар зерттеушіге одан тыс қалған құбылыстар тең дәрежеде маңызды болады. Контент - талдаудың әрекеттерінің орнатылған тәртібі бойынша ең алдымен екі бірлігі анықталады: мағыналық (сапалық) және есептеу бірлігі. Бас мағыналық бірлігі әлеуметтік ой, әлеуметтік мәнді тақырып болуға тиісті. Олар талдаушы ұғымдарда бейнеленеді. Бұл түсініктер бір сөзбен, сөз тіркесімен, суреттеумен көрсетіледі. Зерттеудің мақсаты - құжатта талдау үшін тақырыптың болуын нұсқаушы, өлшеуші аспабын тауып алу. М. Вебер қоғамның дамуындағы әлеуметтік мәдени қозғаушы күштердің атқаратын рөлін көрсетті. Діннің орнын талдау арқылы К. Маркстың экономикалық алғашқылығы, басымдығы туралы көзқарасына күмән тудырады. Ол үшін Вебер түрлі діндердегі, әсіресе протестанттық бағыттағы жазылған діни кітаптарды, жетекшілерінің уағыздарын талдап шықты. Протестанттық шаруашылық әдептілігі мынандай ізгіліктерді уағыздаумен ұштастырады: қажырлы еңбек пен ұқыптылық, өзін - өзі шектеу мен тақуалық, салауатты өмір салтын ұстану, өз икемділігіне, бейімділігіне бой ұрып, мамандық таңдай білу. Осындай көзқарасты ұстану батыс еуропалық кәсіпкерлікке тән рационалдық және табысқа ниеттену түрін қалыптастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz