Тұлғаны дамытудың іске асыру мүмкіндіктері


Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
1 Тұлғаны дамытудың іске асыру мүмкіндіктері
1. 1 Тұлғаның дамуына, қалыптасуына әсер ететін факторлар . . . 5
1. 2 Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері . . . 12
2. Тұлға туралы теориялар
2. 1 Баланы жас кезеңдерге бөлу . . . 16
2. 2 Тұлғаның әлеуметтік типі . . . 24
Қорытынды . . . 27
Қолданылған әдебиеттер . . . 28
Кіріспе
Тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам»,
«тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Өзінің жеке тұлға теориясында гуманитарлық және жекедаралық тұрғыны біріктірген гуманист Г. Оллпорт адамның табиғатының - жеке тұлғаның даму, өзін-өзі жеңе білу мүмкіндіктерін толық іске асыра білу аспектілерін зерттеген.
1937 жылы сол кезде белгілі болған жеке тұлға анықтамасының 50-ге жуығын зерттеп, солардың ішінен: терминнің этималогиясын да теологиялық мәніне, философиялық, заңға, әлеуметтік мәндеріне және сыртқы көрінісі мен психологиялық мәніне байланысты жеті топқа бөлген.
Оның теориясының негізінде екі идея жатыр:
- Әрбір адамның әр қилы ситуациялардағы мінез құлқын айқындайтын өзіне ғана тән қасиеттеріні, мінездерінің жиынтығы болады.
- Әрбір адам өзінше жеке-дара, әлемде мүлдем бірдей екі адамды табу мүмкін емес.
Г. Оллпорттың негізгі еңбектерін айтатын болсақ: «Личность: психологическая интерпретация», «Человек и его религия», «Природа личности: избранные работы», «Становление; основные положения психологии личности» және т. б.
«Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -«жекелік». Индивид - адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам -индивид.
Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымға мынадай анықтама береді:
Тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.
Тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.
Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды - көпті өмір тәжірибесі, білім мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам - мұраты, бағыт - бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс - әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман - жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т. б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде « Он үште отау иесі » ( қыз балалар үшін ), « Он бесте отау иесі » ( ұл балалар үшін ) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс - тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар - ожданы, кісілік, кескін - келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.
Жеке тұлға - қоғамдық - тарихи котегория. Оның қоғамдық мәні мен әлеуметтік функциясы жеке тұлға сипаттамасының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке тұлға- тек қана қоғамдық ғылымдардың: тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика т. б. зерттеу объектісі.
Жеке тұлға қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз - жеке тұлғаның атқаратын әлеуметтік қызметі, мәселен, ата - ананың ролі - балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі - мұғалімдер колективін басқару және оқушыларды оқыту процесін ұйымдастыру.
Жеке тұлғаның позициясы дегеніміз - оның қатынастарының жүйесі. Жеке тұлға мәнді қатынастарына: өмірдің материялдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне, өзі мойынына алған міндеттерге, қоғамдық, еңбек міндеттеріне, деген т. б. қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке тұлғаның адамгершілік бейнесін, оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.
Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап қана айырмайды, сондай - ақ олардың аңғарылу деңгейіне байланысты да ажыратады. Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген деп бөледі. Аз аңғарылатын қатынастар дегеніміз - ұнату мен жек көру сезімдері. Терең түсіну дегеніміз - принциптік қатынастар, олар ситуация талаптарымен емес, жеке адамның қалыптасқан мұратымен, ішкі сенімімен, парыз бен міндеттерді сезінумен анықталады.
Тұлғаны дамытудың іске асыру мүмкіндіктері
Тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, А. ЯКоменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, Л. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Эигельс, З. Фрейд, Д. Дью, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, Б. Б. Блоиский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т. б. ) .
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі.
Тұлғаның дамуы дегеніміз - адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі.
Сонымен адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыты - биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады
1. 2 Тұлғаның дамуына, қалыптасуына әсер ететін факторлар.
Жеке тұлғаның дамуына әсер етуші факторлар мыналар:
- Тұқым қуалаушылық.
- Орта (биологиялық, географиялық, әлеуметтік) .
- Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие.
- Тұлғаның іс-әрекеті.
1. Американдық психолог және педагог Э. Торндайктың пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тек тектілік, тұқым қуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға «көздері, тістері және саусақтары сияқты дүниеге келгеннен-ақ беріледі.
Тұқым қуалаушылық деп генетикалық код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттіктер нышанының берілуін айтамыз.
Ата-аналарынан балаларына тұқым куалаушылық арқылы:
- дене бітімінің ерекшеліктері;
- шаштың, көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;
- қан тобы, резус-фактор;
- бала мінез-құлқының негізін құрайтын жүйке жүйесінің ерекшеліктері, психикалық процестердің өту ерекшеліктері;
- қан аурулары, қант диабеті, кейбір эндокрйндік бұзылушылықтар;
- кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.
Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсенді әсер ететін, өз өміріндегі жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырады.
Орта деп бізді айнала қоршаған бүкіл дүниені айтады.
Биологиялық және географиялық орта адамның дене бітіміне, денсаулығына, бет пішіміне, тері қабатының түсіне, айналысатын еңбек түрлерінің пайда болуы мен қалыптасуына, салт-дәстүрлердің пайда болуына ықпал етеді.
Әлеуметтік орта сол орта үшін құнды болып табылатын бүкіл адами қасиеттер мен қабілеттердің, табиғатпен, адамдармен, қоғаммен қарым-қатынас нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.
Джон Локк бойынша, бала жаны табиғатынан - ақ тақта сияқты тап-таза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде ол тәрбиенің маңызын көрсетті.
В. Г. Белинский тұжырымдауынша, өмір жазатын әріптердің мәні тәрбиеші мен жазы құралына және сол тақтаның өз саласына байланысты деп жазды. Мұнда ол тәрбиенің ролін аса дәріптеді.
Тәрбиенің тиімділігі оның мақсатты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал етуі алдын ала жоспарланған мақсатқа сәйкес, тұлғалық қасиетгердің қалыптасуына әкеледі.
Іс-әрекет деп адамның бүкіл бүкіл айналысатын, шұғылданатын істерінің барлығын айтады. «Адамның өз қолымен жасап көрмеген іс-әрекетті оның санасында із қалдырмайды». (А. Н. Леонтьев) .
Іс-әрекет бағыттарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
- танымдық іс-әрекет;
- қоғамдық іс-әрекет;
- спорттық іс-әрекет;
- көркем өнерлік іс-әрекет;
- техникалық іс-әрекет;
- қолөнерлік іс-әрекет;
- гедоникалық (ләззат алуға бағытталған) іс-әрекет.
Тұлға дамуының ішкі және сыртқы факторлары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz