Ойындық фольклор


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ойындық фольклор

Ойын - балалар өмiрiнiң нәрi. Ол жәй ермек қана емес, сәбилердiң рухани жетiлуi мен табиғи өсуiнiң қажеттi алғышарты. Бала денесiнiң дамуы мен ой-дүниесiнiң өркен жаюы ойынға тiкелей тәуелдi «Адам өркениетке бейiм болу үшiн балалық шақты бастан кешуi мiндеттi, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгiлiк жабайы болып қалар едi», - деп К. Чуковскийдiң бала мен ойынды теңестiре жоғары бағалауында терең шындық, үлкен мән бар. Адамзатты балаларсыз елестету қаншалықты мүмкiн болмаса, балаларды ойынсыз елестету де соншалықты мүмкiн емес. Ойын балалар үшiн өмiрдiң өзiмен тең. Сондықтан да ойынның тәрбиелiк қуатымен теңесер күш жоқ. Ол халықтың сандаған жылдар тәжiрибесiнiң нәрi сiңген педогогикалық даналығының жемiсi. Балалар ойыны өзiнiң педогогикалық маңызымен ғана бағалы емес, ол ойындарда әр халықтың көне тарихының iзi, тұрмыс тiршiлiгiнiң, еңбек кәсiбiнiң, әдет-ғұрпының нәрi сақталған. « . . . ойын халықтардың сонау алыс жылдардағы бағзы тiрлiгi жөнiнде бiзге аса бағалы, сенiмдi деректер жеткiздi, оның үлкен ғылыми мәнi де осында, - деп жазады ол туралы В. П. Аникин. Салыстыра қарастырсақ, әлем халықтары балаларының ойындарынан толып жатқан ұқсастықтар мен ортақ желiлер табуға болады. Мұның себебi жалпы адамзат перзентiнiң табиғи ортақ қасиеттерiнде деп пайымдайды ғалымдар. Сондай-ақ әрбiр халықтың өзiндiк ұлттық ерекшелiгiн ғана танытатын сипаттар да балалар ойындарында өте мол. Бұл балалар ойындарының бастау-бұлағының қайнар көзi сол халық өмiрiнде жатқандығының белгiсi. Халық тұрмысының iшкi иiрiмдерiмен дәл осылай көктей байланысып жатқан қазақ балалар ойындарына ғалымдар бағзы заманнан назар аударған. Қазақ балалар ойынының түркi тектес халықтарға ортақ ең көне үлгiсiн бiз М. Қашқари (ХI ғ. ) еңбегiнен кездестiрсек, белгiлi Еуропа саяхатшылары мен орыстың мұратанушы ғалымдарының жазбаларында да халық ойындары мол көрiнiс тауып отырады. Ал А. А. Горячкин, Ә. Диваев, А. Е. Алекторов, Н. А. Мелькова, Е. А. Покровский сияқты қазақ балалар ойындарына байланысты соңғы жылдары шығып жатқан жинақтар өз алдына бiр төбе. Қазақ балалар ойындарының бүгiнгi ғылыми қорда жинақталған бiраз қомақты көлемi болғанымен де оларды тұтастай, жан-жақты қарастыру бiздiң мақсатымызға кiрмейдi. Бiз сол күрделi балалар ойындық фольклорының поэзияға қатысты бiр қырын ғана сөз етудi мiндет тұттық. Ойын және поэзия. Балалар фольклорында бұл екеуiнiң ара жiгiн ажыратудың өзi қиын. Өйткенi ойындық элемент балалар позиясының барлығына тән. Сондықтан да балалар фольклорын «ойындық» (игровой), «ойыннан тыс» (внеигровой) деп жiктеудiң өзiнде де шарттылық басым. Өйткенi фольклорлық жанрлардың синкреттi қасиетi бұл салада да айқын белең бередi. Жалпы ғылыми еңбектерде «ойын» терминiнiң ауқымы да әлi күнге толық анықталған жоқ. Балалар ойындарын зерттеушi маман Д. Б. Элькониннiң: «Ойын» сөзi шын мәнiндегi бұл сөздiң, ғылыми ұғымы болып табылмайды. Мүмкiн «ойын» сөзiмен белгiленiп келген әртүрлi сападағы, алуан түрлi әрекеттердiң ортасынан бiрқатар ғалымдардың әлдеқандай ортақтықты табуға тырысуы сондықтан болар, бiз осы уақытқа дейiн бұл әрекеттердiң, және ойынның түрлi формаларының шекарасын ажыратып, түсiндiре алмай келемiз, - деп жазуы да сондықтан. Әдетте бұл ұғым-қимыл-қозғалыс ойындары деген төңiректе ғана өрiс ашып жүр. Шындығына жүгiнсек, ойын сөзiнiң мағыналық құлашының әлдеқайда кең, сан-салалы екендiгi анық. Өткен ғасырда ойын теориясы жөнiнде iргелi еңбек жазған И. Хеизинг өзiнiң «человек играющий» деген кiтабында ойынның дәстүрлi мәдениеттен алатын орнына егжей-тегжейлi тоқталады. Ойын қимыл-қозғалыс, жүгiрiс-секiрiс сияқты дене ермегi ғана емес. Ол - бала тiрлiгiнiң барлық саласына сiңiсiп кеткен өмiрлiк нәр. Бала айналадағының бәрiн ойын арқылы қабылдайды, сол арқылы тәрбиеленiп, ләззаттанады, өнеге үйренедi. «Бала он жасқа жеткенше қамқорлықты талап етедi және бұл талап биологиялық заңдылық болып табылады. Ол ойынға құмар және барша болмыспен ойнайды, айнала дүниенi ең алдымен ойын арқылы, ойнай жүрiп жеңiл танып бiледi. Ол сөзбен де ойнайды. Сөзбен ойнау арқылы ғана бала филологтар тiлдiң «рухы» деп атайтын ана тiлiнiң нәрiне сусындайды, оның сазды үнiн жанына сiңiредi», - деп ол туралы А. М. Горький тамаша жазса, бұл ойды бала жанының терең бiлгiрi К. Чуковский былай жалғастырады: «Д. Б. Элконин, А. А. Усова, Д. В. Менджерицкий мен тағы басқалардың (Горький мен Макаренконы айтпағанның өзiнде) еңбектерiнен бiлiп жүрген барша ойындар категориясына ой, толғам ойындары категориясын да қосу керек, өйткенi бала таспен, кубиктермен, қуыршақпен ғана емес, оймен де ойнайды. Басында сәл ғана ой ұшқыны жылт етсе, бала оны өз ойыншығына айналдыруға бейiм тұрады». Бұл ойды халықтық дәстүрлi түсiнiк те жоққа шығармайды. Қазақ арасында әзiл-қалжың, сөз қақтығыстарын да ойынға балайды. Сондықтан да «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» деп мақалдайды. Ойын сөзiнiң мұндай кең мағыналық қолданысының Еуропа халықтарына да тән екендiгiн Е. А. Покровский де кезiнде атап көрсеткен болатын. « . . . барша еуропа халықтарының тiлiнде «ойын» сөзi бiржағынан ауыр жұмысқа ұрындырмайтын, екiншi жағынан адамдарға көңiлдiлiк пен рахат сыйлайтын

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлең ойындар
Бaлaлaр aуыз әдeбиeтi-бaлaлaр әдeбиeтiнiң aлтын қoры
Балалар фольклорлық музыкасындағы жанр ұғымы
Ойындық фольклор жайлы
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры
Қазақ фольклористикасы
Балалар жұмбақтары мен балалар айтыстары
Сәбилік ғұрып жыры
Қазақ жаңылтпаштарының зерттелу тарихы
Тіл дамыту жұмыстарында фольклорлық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz