Қазақстан Республикасындағы алкогольды сусындар нарығы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
маркетинг және коммерция кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып : Қазақстан
Республикасындағы
алкогольды сусындар нарығы
Оқытушы:
Студент:
Мамандық:
Группа:
Мазмұны
Кіріспе2
Алкогольды сусындар нарығы7
1. 1 Шарап нарығы9
1. 2Құдайлар сусыны15
1. 3 Сүт екі есе дәмді, егер ол сыра болса!17
«Бахус» Акционерлік Қоғамы -
САПА КЕПІЛІ, ТАҢДАУ КЕПІЛІ!20
2. 1 Қазақстанда АҚ «Бахус» алатын орны23
2. 2 АҚ "Бахус" маркетингтік стратегиясы25
Қорытынды28
Қолданылған әдебиеттер:30
Қосымшалар31
Кіріспе
Американдық маркетинг ассоциациясы берген анықтамасы бойынша « Маркетингтік зерттеулер» дегеніміз ақпараттар арқылы ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Олар маркетингтің мәселелері мен мүмкіндіктерін анықтауға, маркетинг шараларын бағалауда, маркетинг қызметін бақылағанда қолданылады. Қоғамдық пікірді білу және маркетингтік зерттеулер жөніндегі Еуропалық қоғамдық кодексіне сәйкес (ESOMAP) «Маркетингтік зерттеулер» дегеніміз маркетингтік және басқарушылық шешімді қабылдауға байланысты белгісіздікті азайту мақсатымен мәліметтер жинау, өңдеу оны талдауды айтады. Маркетингтік зерттеулердің негізгі мақсаты - шығарылатын тауарларды сұранысқа және тұтынушының талабы мен тілегіне, нарықтың жағдайларына бейімдей отырып, белгілі бір аймақтың нарықты және оның сегментінде фирмалардың бәсекелесінде орын алып, оны ашуға мүмкіндігі. Маркетингтік зерттеулердің нәтижесі тиімді болуы үшін келесі шарттарды орындау керек:
- Зерттеулер кешенді және жүйелі түрде өтуі кере
- Ақпаратқа қойылатын талаптарды ескере отырып, зерттеуде ғылыми тәсілдерді қолдану керек;
- Халықаралық сауда палатасы және Қоғамдық пікірді зерттеу, Еуропа қоғамы бекіткен маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер практикасы халықаралық кодекске сәйкес жүргізілуі тиіс;
- Маркетингтік зерттеулер жұмыстары мұқият жоспарларуы және жүйелі сатып алынуы тиіс;
Маркетингтік зерттеулер классификациясы:
- Зерттелердің бағыттары бойынша
- Сыртқы маркетингтік зерттеулер;
- Ішкі маркетингтік зерттеулер;
- Қолдану саласы бойынша
- Мәселені анықтау үшін;
- Мәселені шешу үшін;
- Зерттеушілік дизайнына қатысты
- Ізденушілік;
- Қорытынды;
- Зерттеуге қойылған мақсаты мен типіне байланысты
- Ізденушілік (барлаушылық) ;
- Сипаттамалық (дескриптивті) ;
- Каузальдық (себеп-салдарлық, эксперименттік) ;
- Қолданылатын ақпарат көздеріне байланысты
- Кабинеттік (екінші ретті) ;
- Далалық (бастапқы) ;
- Алынатын нәтижелердің сипаты қарай
- Сандық;
- Сапалық;
- Мәселені қамту дәрежесіне байланысты
- Толық;
- Ішінара;
- Зерттеудің жүргізу тұрақтылығына байланысты
- Бір реттік;
- Көп ретті (панельді) ;
- Мүдделердің санына байланысты
- Жеке;
- Ұжымдық;
- Территорияны қамтуына байланысты
- Аймақтық;
- Ұлттық;
- Халықаралық;
- Зерттеуді жүргізудің ұйымдық формаларына байланысты
- Маркетингтік зерттеуді өзінің маркетинг бөлімі жүргізеді;
- Маркетингтік зерттеулерді жүргізуге қызмет көрсететін тәуелсіз зерттеушілік компаниялар мен фирмаларды тарту;
Қазақстанда маркетингтік зерттеулермен келесі фирмалар мен агенттіктер жұмыс істейді:
- Қоғамдық пікірді зерттеу жөніндегі республикалық орталық;
- «BRIF» әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі;
- «Gallup Media Asia»;
- «AS Nielson» консалтингтік компаниясы;
- «BISAN Central Asia»;
- «Комкон-2 Евразия»;
Қазақстанда маркетингтік зерттеушілікпен айналысатын компаниялардың зерттеушілік қызметі
- Тұтынушының мінез-құлқын зерттеу; Нарықты және бәсекелес ортаны зерттеу
- Бұқаралық ақпарат түрлеріне моноторинг жүргізу; Жарнаманың оқырмандар аудиториясына тиімділігін онықтау;
- Өнімді зерттеу, сауда маркаларын позициялау, ораманы тестілеу, брендтерді жасау, байқау маркетингі
- Бөлшек саудада өткізу жүйесін зерттеу
- Нарықтың даму тенденцияларын және сипаттамаларын анықтау
- Басқару консалтингі, өткізу саясатын зерттеу, реинжениринг
- Инвестициялық консалтинг, маркетинг, бизнес-жоспар, франчайзинг схемалары
Бұл ұйымдардың қаржылық мүмкіндіктері үлкен деп айтуға болады. Қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «AS Nielson» консалтингтік компаниясының жылдық айналымы $9 млрд. астам болса, Қазақстандық маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы $700-800 мың. Кейбір зерттеушілердің мәліметтері бойынша шағын және орта бизнеске арналған Қазақстандық консалтигтік нарықтың көлемі $35-40 млн.
Маманданған маркетингтік зерттеулер жүргізетін әртүрлі мемлекеттердің нарықтарын салыстырып көруге болады:
- Әлемдік - $21 млрд.
- Ресей Федерациясы - $100 млн.
- Қазақстан - $5 млн.
Маркетингтік зерттеулердің ЖІӨ алатын үлесі келесідей:
- Ресей Федерациясы - 0, 01%
- Қазақстан - 0, 006%
Бұдан маркетингтік зерттеулердің қазіргі кезде ғана дамып келе жатыр деп айтуымызға болады.
Алкогольды сусындар нарығы
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан бері алкогольды сусындар нарығы үлкен эволюциядан өтті. Экономика, нарық, технологиялар, осы саладағы саясат, сонымен бірге мәдениет пен салт-дәстүрлер - осының барлығы соңғы онжылдық ішінде өзгерді. Сол өзгерулердің бірі Қазақстандағы алкогольды сусындар сапасы тек ТМД ғана емес, сонымен қоса континент бойынша үлкен дәрежеге ие болды. Халықаралық жәрмеңкелерде Қазақстанның алкогольды сусындары туралы Ресей мен Украина мамандарының айтуынша үлкен жетістіктерге жетуде. Мысалы, 2004 жылы Белгияда өткен ТМД және Еуропа елдерінен алкоголь сусындарын өндіретін кәсіпорындар қатысқан жәрмеңкеде ең көп алтын медальдарды «Көкшетауминводы» зауыты алған болатын, одан кейін бұл зауыт Киев қаласында өткен жәрмеңкеде жеңімпаз болған екен.
1992 жылдары Қазақстанда 4 спиртзауыты мен 13 ликероводочный зауыт болса, 1996 жылы олардың саны 200 ликероводочный зауыт пен 30 астам спирт зауыты болған екен. Олар сол кездегі ішкі нарықтың қажеттіліктерінің 90% жапқан болатын. Импорттық өндірушілерге қарағанда отандық өндірушілер бағасымен басымдылық көрсеткен болатын. Қазіргі кезде мемлекет талаптарына сай болып, лицензия алған 18 спиртзауыты мен 55 ликероводочный зауыт бар. Олардың көбею салдарынан сала ұлғайды, ал бұл өз кезегінде шетел инвестицияларын тартады. Мысалы, халықаралық холдинг «Efes Beverage Group» («EBG») 2001 жылы Қарағанды «КОЛОС» сыра зауытын меншікке алған. Одан кейінгі жылы зауыттың қуаттылығы 44 млн. литрге дейін өскен. 2003 жылы Алматы облысындағы Қарасай ауданында осы холдинг «Карагандинское», «Старый мелник», «Efes Pilsener» сыра маркаларын шығаратын зауыт салған, оның қуаттылығы жылына 60 млн. литр болған. 2003 жылы «BBH» (Швеция) Baltic Beverage Holding AB холдингі «Ирбис», «Дербес», «Алма-Ата», сыра маркаларын шығара бастаған. «Дербес» сырасын Қазақстанда алғашқы болып алюминий баночкаларына құйған екен.
Алкоголь саласының дамуы басқа да салалардың дамуына ықпал етеді. Олар: Стеклотары, этикетикалық өнімдер, жүзім, жеміс-жидек, арпа өндірушілері. Мысалы, 2002-2006 жылдар аралығында бөтелкелерді және оған ұқсас басқа да өнімдер шығару көлемі 162-нан 228, 8 млн. данаға дейін өскен екен. Елдегі басқа салаларға қарағанда бұл саладағы технологиялар дамып келеді. Солардың бірі Еуропа мен АҚШ-тан ультратазалағыш, бөтелкелерге сусынды құйып беретін технологияларды келесі қалалардағы зауыттар сатып алған: Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Жамбыл.
Қазақстанда мемлекеттік стандарттқа сай азық-түліктік спирттың үш сорты бар:
- Жоғары дәрежеде тазалықтан өткен спирт (мелассадан) ;
- «Экстра» (картоп пен бидайдан) ;
- «Люкс» (бидайдың қатты сорттарынан) ;
Олар сорттарына байланысты дәмі мен физиологиялық қасиеттері де әртүрлі.
Соңғы жылдары көп елдерде алкогольды тұтынуда төмендеу тенденциясы көрініп тұр, яғни оны аз мөлшерде немесе мүлдем тұтынбау әдетке еніп отыр. Бұл алкогольды өнімдерге салынатын салықтардың жоғарлауына, өнімнің бөлшек саудадағы бағаларының өсуіне, кедендік баждар түрлернің көп болуы, сонымен бірге адамдардың денсаулықтарының сақталуына байланысты болып отыр. Осы жағдайларға байланысты нарықта жаңа жоғары сапалы өнімдер пайда болып, бәсекелестік деңгейі өсуде. Сондықтан алкогольды өндірушілер тек сапасына көңіл бөліп қана қоймай, оның жарнамасында жетілдіріп жатыр.
Алкогольды сусындар нарығы ең табысты, өзін-өзі тез ақтайтын және оған сұраныс әрдайым жоғары дәрежеде болатын салалардың қатарына жатады. Алкоголь бизнесінің айналымдылығы мен табыстылығы жағынан мұнай бизнесіне, ал кейбір елдерді қылмыс пен және наркобизнеспен тең келеді. Алкогольды сусындар нарығы - өте күрделі. Оны рационалды, экономикалық, әлеуметтік, саяси аспектілерін реттеп отыру керек.
Алкогольды сусындар азық-түлік өнімдеріне жатады. Көп мемлекеттерде оны тек мейрамдарда ғана емес, жай күндері де іше береді. Егер алкогольды сусындарды белгілі бір нормамен ішсе, ол адамның шаршауын төмендетіп, көңіл-күйін көтереді. Сонымен бірге зат алмасу процесін жақсартып, улы заттарды шығарады. Бірақ алкогольды жиі тұтыну адамның физикалық және психологиялық денсаулығына зиян келтіреді. Жүйке жүйесі жұмысының өзгеруі адам қанындағы алкогольдың концентрациясына байланысты. Алкогольдың қандағы көлемі 0, 04-0, 05% болса, ми қабығы дұрыс жұмыс істеуін тежеп, адам өз іс-қимылдарына жауап бере алмайды, дұрыс ойлау қабілеттілігі төмендейді. Егер алкогольдың қандағы концентрациясы 0, 1% жетсе, мидың терең бөліктеріне әсер етіп, адамның жүрісіне әсер етеді. Кейде адам себесіз қуануы немесе керісінше, ренжуі мүмкін. Егер концентрация 0, 2% көлемінде болса, адамның ұйқы бездеріне әсер етіп, ұйқыға басады. Алкольдың қандағы концентрациясының көбеюіне байланысты адамның есту және көру қабілеттілігі төмендейді. Концентрация 0, 3% жеткенде адамның есі бар, бірақ не көріп, не естіп жатқанын түсінбейді, кейде мүлдем білмеуі мүмкін. Бұндай жағдайды «алкоголное отупение» деп атайды. Егер қандағы алкоголь көлемі 0, 6-0, 7% жеткенде адам маскүнемдік немесе алкоголизм деген ауруға шалығады. Егер адам уақытында емделмесе дүниеден өтіп кетеді.
1. 1 Шарап нарығы
Алкогольды сусындар нарығының ағымдағы жағдайы дәстурлі S-қисығымен көрсетуге болады. Жалпы, тауар нарығы 4 классикалық кезеңдерге бөлінеді:
- Нарыққа шығу
- Өсу
- Кемелдену
- Құлдырау
Шарап тауардың өмірлік циклінің өсу кезеңінде орналасқан. Алкогольды сусындар нарығына зерттеу жүргізген кезде шарап жасаушы отандық өндірушілер болашақтағы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге дайындалып жатқанын көрсеткен. Осыған байланысты жаңа технологиялар енгізіп, шығарылып жатқан тауардың ассортиментін жақсартып, халықаралық талаптарға сай іс-қағаздар жүргізіліп жатыр.
Талдау жасайтын болсақ, шарапты тұтыну көлемі 17, 4% ұлғайған. Бұл тұтынушының талғамы арақтан сапасы жоғары сусындарға (шарап, коньяк, виски) ауысқанын көрсетеді. Соңғы үш жылда жүзімнен жасалған шарап үлесі 31, 2%, жеміс-жидектен жасалған шарап 7, 6%, газдалған шарап 0, 3% үлкейген.
Шарап - бұл тек дәмді және сапалы сусын ғана емес, ол сонымен қатар профилактикалық құрал. Жүзімнен жасалған шараптар медициналық мақсатпен антика заманынан бастап қолданылып жүр. Ежелгі Грецияда шарап антисептикалық құрал ретінде қолданған. Натуралды шарап адамның ұйқысын жақсартып, ағзаны сақтайды деп римляндар санаған. Қазіргі зерттеулерге сүйенетін болсақ, шарап шынында да адам ағзасына жақсы әсерін тигізеді. Иммунитетті және адам ағзасының тонусын жоғарлатады, антибактериалды қасиеттері бар. Бірақ шарап бұндай пайда әкелу үшін оны қалай? және қандай? мөлшерде тұтыну керек екенін білу керек. Қазақстандықтар мамандар ұсынатын тұтыну нормаларына әлі жеткен жоқ. Отандастарымыздың 15% шарапты апта сайын тұтынады екен. Мамандардың айтуынша, тамақтану кезінде тұтыну нормасы 1-2 бокал болып саналады. Ер адамға тұтыну нормасы күніне 300-350 мл, әйелдерге 150-200 мл. Ал біздің қазақстандықтардың шарапты тұтыну көлемі келесідей:
Қазақстандықтардың орташа 3 айда шарап сатып алуға 1200 теңге және шампан сатып алу үшін 900 теңге жұмсайды екен. «Комкон-2 Евразия» зерттеушілік компанияның мәліметтері бойынша қазақстандықтар бұл өнімдерді келесі дүкендерден жиі сатып алады:
Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей шарап пен шампанды ең көп Астана қаласының тұрғындары тұтынатынады екен. Шарапты ең аз Орталық Қазақстан тұрғындары (11%), ал шампанды Оңтүстік Қазақстан тұрғындары тұтынатынын (1%) көрсеткен.
![]()
Бүгінгі күні шарап нарығы Қазақстан Республикасында даму үстінде. Егер Италия, Франция сияқты шарап державаларын қоспай, Англия және Бельгия елдерін қарастыратын болсақ, онда соңғы он жыл ішінде шарапты тұтыну нормасы адам басына шаққанда 17-18 литр. Ресейде бұл сан 17 литр, ал Қазақстанда 10 литрге жетеді. Бұл әлі тұтыну дәрежесі төменгі деңгейде екенін көрсетеді. Егер «неге соңғы жылдары шарапты тұтыну 30% өсті?» деген сұрақ қойылатын болса, онда «біздің отандастарымыз шетелге жиі барып жүр. Сонлықтан Батыс елдерінің шарапты тұтыну сәнін өздеріне алған» деп жауап беруге болады. Сонымен бірге, шарап - бұл дәмді тағаммен бірге ішілетін сусын болып табылады, ал ондай тағамдар нарықта өте көп. әсіресе кафеде, мейрамханаларда, буфеттер мен асханаларда, жалпы қоғамдық тамақтандыру орындарында жиі кездеседі. Тұтынушы талғамының өзгеруіне байланысты қоғамдық тамақтандыру орындары да шараптар түрлеріне «жаңа елдің» шараптарын менюлеріне қоса бастады.
Шараптар бойынша мамандар үш жыл бұрын Қазақстанда мүлдем болмаған екен. Ал қазір «Жеті Қазына», «Arcobaleno», «Old England», «Bellagio» сияқты мейрамханаларда шарап мамандарын кездестіруге болады. Бірақ кейбір адамдарды мейрамханалардағы қазіргі бағалары үркітетіні бәріне мәлім. Мысалы, сол шарапты қарастырсақ, оның бағасы бөлшек саудадағы бағасына 30-50% қосқандағы бағасына тең болады.
Алматы мен Астана қалаларында «Barton&Guestier» шарапын тұтыну көлемі жоғары болса, Атырау және Ақтау аймақтарында француз шараптарын тұтыну көлемі жоғары. Француз шараптарын бірге Грузин шараптары да нарықты үлкен үлесті алады. Олардың ішінен ең танымалы «GWS», «Тбилвино». «GWS» бағасы дистребьютерларда 510 теңгеден бастап 2090 теңгеге дейін, ал «Тбилвино» 460 теңгеден бастап, ең қымбаты 2165 теңге шамасында болады. Грузин шараптары жартылай тәтті болып келеді. Өйткені Грузия елінің климаты жүзім шаруашылығына үлкен әсерін тигізеді. Қазақстанда көбі тәтті шараптарды сатып алатындықтан, олар жиі француз шараптарын таңдайды екен. Енді біздің өндірушілерге келетін болсақ, олардың келесілері натуралды жүзімнен шарап жасаушылар болып табылады: «Иссык», «Гигант», АҚ «Бахус» (қосымша №1), «Gold Product». Қазақстанның климатында Іле Алатауы жүзімді өсіруге жақсы жағдайлы болып келеді. Отандық шарап жасаушы компанияларда кадрлар дефициті бар. Бірақ сұраныс ұсынысты тудырады дегендей, Қазақстандық шарап жасаушы компанияларға деген қызығушылығы шарап өндірісін дамытады.
![]()
Қорыта айтатын болсақ, қандай шарапты таңдасаңызда, отандық, Грузиндік, Француздық шараптарының араққа қарағанда емдік қасиеті бар екенін ұмытпау керек. Қандай да болмасын алкоголь сусындары бауыр аурулырына әкеледі. Ал шарап алкоголь сусындарының ішіндегі «ең ортасы» деп айтуға болады. Егер оны белгілі бір ережелермен сәйкес ішетін болсаңыз бауырға зиян тигізбейді, сонымен бірге инфаркт пенинсульттың алдын алуға көмектеседі.
- Құдайлар сусыны
Коньяк - бұл құдайлардың сусыны. Францияның Шарант провинциясында орналасқан «Коньяк» қаласында пайда болды. Фламондық және голландық саудагерлер француз шараптарымен бірге шаранттықттар XV-XVIII ғасырларында ақ шараппен бірге импортқа кеткен.
1909 жылы Францияда брендинің қасиеттерін анықтап, ол коньяк (COGNAC) деп аталған. Құқығы бар деген декрет шығарған. Олар:
- Коньяк қаласынының белгілі бір аймағында өсірілген жүзімнен жасалуы тиіс. Ол аймақ 6 участіке бөлінген. Грань-Шампань, Петит-Шампань, Ле-Бардери, Ле-Фен-Буа, Ле-Бон-Буа, Ле-Буа-Ординер. Ең керемет және дәмді коньякты алғашқы екі учаскіде өсірілген жүзімдер береді.
- Коньяк жасау үшін ақ жүзімнің белгілі бір сорттарын қолдану арқылы жасалады - Уньи Блан (гүл иісіне ұқсас), Фоль Бланш (фиалка және липа хош иістерінің дәмін береді), Коломбар, Семитон, Блан Раме.
- 15 қарашадан келесі жылдың 31 наурыз аралығында жасалуы керек. Шарант әдісі бойынша өндіріс кезінде өнім екі өтуі тиіс. Еменнен жасалған бөшкеде 30 ай тұруы қажет.
- Сусынның қуаттылығы 40% кем болмауы керек.
- Коньяк жасына байланысты белгілі бір котегорияларға жатады:2, 5 жылдан кем емес: *- дан -ға дейін VS/Very Special - De Luxe - Selection. 3, 5 жылдан кем емес: - одан көп superior4, 5 жылдан кем емес: VSOP (Very Superior Old Pale - Viex - VSO - VVS - Rare - Reserve:5, 5 жылдан кем емес: VVSOP - Grande Reserve:6, 5 жылдан кем емес: Napaleon - XO/Extra Old - Extra - Royal - or - Tres Vienx - Vielle Reserve.
Сонымен, Коньяк - бұл бренди, бірақ үстінде айтылып жатқан талапларға сай (қосымша № 2) . Қазір әлем бойынша 1000 шақты коньяк жасаушы компания және олар 3000 ассортиметті коньяк шығарады екен.
Біздің елімізде коньяк нарығындағы өндірушілердің келесілері кездеседі:
- Camus
- Remy Martin
- Henrssy
- Martell Courvoisier
- Otada.
Remy Martinнің Қазақстанда фирмалық дүкені бар. Оның 1724 жылы Француз шарап жасаушы Реми Мартен негізін қалаған. Оның бөтелкелерінің айырмашылығы «Fine Champage» белгісі қойылады.
1. 3 Сүт екі есе дәмді, егер ол сыра болса!
Қазақстан Республикасында сыра нарығы әлі күнге дейін тұтынушылардың талғамы жағынан да, тұтыну көлемі жағынан да даму үстінде. Алғашқы сыра жасаушы зауыттар мемлекетімізде ІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. 1997 жылы сыра өндірісі кемелдену кезеңінде болды. Сыра жасаушы зауыттар Республикамыз тәуелсіздік алғаннан бері өз реконструкцияларын бастады. Атап айтатын болсақ, олар: «Первый пивоварный завод» ААҚ, «Сусындар» ААҚ (Алматы қаласында), «Эфес Караганда пивоварный завод» ЖАҚ, «Роса» ААҚ (Павлодар қаласында), ЖШС «Арасан» фирмасы (Руднендік филиалы), ЖШС «Шымкентпиво», «Нұржанар» ААҚ (Орал қаласында), ЖШС «Арасан» фирмасы (Қостанай қаласында), «Өскемендік сыра жасаушы зауыты». 1998-2002 жылдары Алматы қаласында қазіргі заманға сай зауыттар салына бастады - ЖШС «Динал», ЖШС сыра жасаушы «DERBES» компаниясы, ЖШС «Ирбис», «Арай» АҚ (Лисаковск қаласында), «Ақ-Арлан» АҚ (Астана қаласында), «Семей су» АҚ, ЖШС «Асер» (Семей қаласында), ЖШС «Атамекен и К» (Ақтөбе қаласында) және 2003 жылы «Эфес Караганда» сыра жасаушы зауыты (Алматы қаласында) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz