Turbo Pascal – дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы



І. Кіріспе.
1. Турбо Паскаль бағдарлама тіліне шолу.
2. Турбо Паскаль тілінің операторлары.
3. Цикл.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Массив.
2. Есептің шешімі.
3. Блок.схемасы.
4. Нәтижесі.
ІІІ. Қорытынды.
1. Қорытынды.
Программалау адам шығармашылығының ерекше түрі ретінде жоғарғы квалификациялық мамандарды дайындаудың маңызды құрылымы болып тұр.
Программа құра білу - есептерді компьютерді пайдалана отырып шығара білу. Нәтижесінде, есептің шығарылуын толығымен программа жүзеге асырады.
Turbo Pascal – дың түп нұсқасы швейцария ғалымы Никлаус Вирт жасаған Паскаль программалау тілінен тарайды. Бастапқыда Паскаль тілі программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді құрал болып табылған. Қарапайым Паскальды өңдеудегі А. Хейлсбергтің үлкен еңбегінің нәтижесінде Turbo Pascal қазіргі заман талабына сай , қуатты программалау жүйесіне айналды. Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Сондықтан , оқушылар мен студенттерге программалаудың негізін Turbo Pascal тілін оқытып–үйретуден бастап, программкалаудың қыр – сырын меңгертудің маңызы зор.
Turbo Pascal – жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт (Niklaus Wirth) ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап , тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.
1. Ж.Қ.Масанов, Б.А.Бельгибаев, А.С.Бижанова, Қ.Қ.Мақұлов “Turbo Pascal”. Алматы, 1998 ж.

2. А.Б.Дәулетқұлов, С.С.Алғазы Паскаль тіліндегі программалау негіздері. Алматы, 1992 ж.

3. Ю.Федоренко “Алгоритмы и программы на языке Turbo Pascal''. Москва, 2000 г.

4. Б.Д.Сыдықов “Алгоритмдеу және программалау негіздерін оқыту”. Алматы, 2000 ж.

5. Б.Нақысбек, Г.Қалықова “Паскаль тілінің негіздері”. Алматы, 2003 ж.

6. Н.Культин. Turbo Pascal в задачах и примерах.

7. О.Ф.Ускова. Программирование на языке Паскаль. Задачник.

8. Ю.Федоренко. Алгоритмы и программы на Turbo Pascal.

9. Абрамов C.A., Зима E.B. Начала информатики. - M.: Наука. 1989.

10. Турбо Паскаль 7.0. - Киев. Торгово-издательское бюро BHV, 1996.

Жоспар

І. Кіріспе.
1. Турбо Паскаль бағдарлама тіліне шолу.
2. Турбо Паскаль тілінің операторлары.
3. Цикл.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Массив.
2. Есептің шешімі.
3. Блок-схемасы.
4. Нәтижесі.
ІІІ. Қорытынды.
1. Қорытынды.

Кіріспе

Программалау адам шығармашылығының ерекше түрі ретінде жоғарғы
квалификациялық мамандарды дайындаудың маңызды құрылымы болып тұр.
Программа құра білу - есептерді компьютерді пайдалана отырып шығара
білу. Нәтижесінде, есептің шығарылуын толығымен программа жүзеге асырады.
Turbo Pascal – дың түп нұсқасы швейцария ғалымы Никлаус Вирт
жасаған Паскаль программалау тілінен тарайды. Бастапқыда
Паскаль тілі программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді
құрал болып табылған. Қарапайым Паскальды өңдеудегі А. Хейлсбергтің
үлкен еңбегінің нәтижесінде Turbo Pascal қазіргі заман
талабына сай , қуатты программалау жүйесіне айналды. Turbo Pascal –
жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның логикалық құрылымы
әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді.
Сондықтан , оқушылар мен студенттерге программалаудың негізін
Turbo Pascal тілін оқытып–үйретуден бастап, программкалаудың қыр –
сырын меңгертудің маңызы зор.
Turbo Pascal – жоғары деңгейлі программалау жүйесі.
Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус
Вирт (Niklaus Wirth) ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық
есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез
Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап , тіл атауын үнемі бас әріппен
жазылуын сұраған.
Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді.
Солардың ішінде , 1983 жылы Borland корпорациясының талантты
қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі
- Turbo Pascal программалаушылар арасында үлкен сұранысқа ие
болды. Оның бұл нұсқасы СРМ операциялық жүйесіне негізделген.
1984 жылдың басында MS DOS жүйесіне ауыстырылғалы бері пайдалану
қарқыны бұрынғыдан да арта түсті. Turbo Pascal – дің
жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы әр түрлі есептерді
дәл шешуге көмегін тигізеді. Turbo Pascal жүйесінде
қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап , күрделі
мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.
Кез-келген программа - берілген есепті шешу қадамдарының тізбегі,
сонымен қатар, олар программалау тілінің синтаксисінің қатаң ережелеріне
сәйкес программалау тілінің элементтерін пайдаланып іске асырады.
Программалау тілінің элементтерін түсіндіру қарапайым, әрі түсінікті
программалар мен олардың фрагменттерінің негізінде жүзеге асырылады.
Кез-келген алгоритмдік тілде жазылған бағдарлама дербес компьютер
арқылы өткізіліп, тиісті жауабы толық алынуы керек.Сол сияқты Паскаль
тілінде жазылған бағдарламаның дұрыс жауабын алу үшін Турбо Паскаль (TURBO
PASCAL) интегралдың ортасында дайындаған дұрыс болады.Турбо Паскальдың
бағдарламамен қамтамасыз ету үшін "Винчестер" деп аталынатын компьютер
ішіндегі мәліметтер сақталатын қатты диск және күнделікті қолданысқа қажет
жұмсақ дискеттер пайдаланылады. Жұмыс істеу үшін, дискіге TURBO. ЕХЕ,
TURBO.TPL және TURBO HELP файлдарының болғаны шарт. Егер бағдарламалаушы
Паскаль тілінде график сызатын операторларды пайдаланатын болса, онда
GRAPH.TPU графикалык файлын жазып қоюы керек.Турбо Паскальды шақырып онымен
жұмыс істеу үшін дискеттің атын және TURBO деп жазу керек. Мысалы:А TURBO
деп жазып, сонан соң [ENTER] кілтін басу қажет. Сонда Турбо Паскаль
интегралды ортасы жұмысқа дайындығын экранға шығып білдіреді. Жұмыс
жасайтын экран төрт бөліктен тұрады. (EDIT) редакторлау бөлігі, (OUTPUT)-
шығару бөлігі және керек уақытында тиісті кеңесті беріп отырушы бөлік.
Негізгі мәзір жүйеге тиісті басты бұйрықтардан тұрады. Осы негізгі мәзірге
өту арқылы тиісті бұйрықтардаң кілттерін басу арқылы жазып дайындаған кез
келген бағдарламаны енгізіп, жауабын ала аламыз.

Турбо Паскаль бағдарламасына шолу

Турбо Паскальдың интегралдық ортасы пайдаланушының сұраныстарын
операциялық жүйесіз-ақ қамтамасыз етеді.
Интегралдық ортаға кіру. DOS-тың командалық қатарында C:\TP\TURBO
EXAMPLE1.PAS (ТР-әдеттегі Турбо Паскаль директориясының атауы), деп теріп,
Enter пернесін басу керек. Бір сәттен кейін экранның жоғарғы бөлігінде
Example1.pas жазуы бар Текстік Редактор терезесі пайда болады. Егер
программа аты көрсетілмесе бос терезе жиегінде Noname00.pas- стандартты
атауы тұрады.
Редактордың терезеде терілетін программа мәтінін қабылдауға немесе
бұрынғы бар программаны редакциялауға дайындығын жанып-өшіп тұратын курсор
арқылы білуге болады. Редактордың шықпай-ақ, программаны компиляциялау
немесе орындау командасын бере аламыз.
Белсенді терезе. ТР интегралдық ортасы бірнеше тереземен жұмыс
жасауға мүмкіндік береді. Егер ортада бірнеше терезе ашылған болса, онда
біреуі ғана, яғни қос жиекті терезе белсенді деп есептелінеді. Жоғарғыдағы
әрекеттердің барлығы белсенді тереземен орындалады. F6 пернесін басып, кез-
келген терезені белсенді етуге болады.
Белсенді терезеде программа мәтінін көру. Егер терезеге программа
мәтіні симаса, онда оны PgDn (алға), PgUp (кейін қарай)пернелерін басу
арқылы парақтап көруге болады.
Программаны сақтау. Терілген (редакцияланған) программа белсенді
терезеден F2 пернесін басу арқылы файлға сақталады. Егер файлға атау
берілмеген болса, онда ТР файл атауын енгізуді сұрайды. F2пернесін әрдайым
басып отырған жөн.
Программаны компиляциялау. F9 не ALT+F9 пернесін басылғанда
компилятор программаны тексереді. Егер қате табылса, әдетте терезе
шекарасында, хабарлама шығады. Ал қате жоқ болса “Compile successful. Press
any key” хабарламасы шығады.
Программаны орындау. Программаны орындау командасы Ctrl+F9 пернелер
комбинациясымен іске асады. Нәтиже ALT+F5 пернелері арқылы көрінеді
(редактор терезесі ашылады). Редакторға қайта өту үшін кез-келген
литерлік перне шертілуі керек.
Көшірме алу. Жұмыс соңында дискіде файл көшірмесін алған дұрыс. ALT+
F пернелерін шертіп, пайда болған “File” мәзірінен “save as ...” қатары
таңдалынып, Enter шертілген соң, файлдың толық атауын теру керек. Мысалы
a:\Example1.pas деп, теріп Enter пернесі басылса, белсенді терезе мазмұны
көшірмесі дискетке жазылады.
Файлды ашу. ТР-да дискіде сақталған программа мәтінін редактор
терезесіне шығару (файлды ашу) F3 пернесін шерту арқылы орындалады. Алдымен
енгізу өрісі бар сұхбат терезесі пайда болады. Мысалы, сақталған
Example1.pas файлын ашу үшін a:\Example1.pas теріп, Enter пернесін басу
керек.
Жаңа экранды ашу. ALT+F пернелерін басып, File мәзірінен New қатарын
таңдалынған жағдайда жаңа экранда бос файл Nonamexx атымен пайда болады.
Мұндағы хх-цифрлар.
Тексті баспаға шығару. Принтерді іске қосып, “File” мәзіріндегі
“Print” қатары таңдалса, белсенді терезе мазмұны қағаз бетіне басылып
шығады.
Турбо Паскальдан шығу. ALT+Х пернелерін басу арқылы орындалады. Егер
ашылған терезе мазмұндарын сақтау ұмытылса, оны сақтау туралы хабарлама
шығады.

Циклдер

For-do, For-Down to

For-do циклдiк операторы қайлалау саны алдын ала белгiлi болған
жағдайларда қолданылады. Бұл оператор екi түрлi берiледi:

Жазылуы:

1. For циклдiк параметр:=алғашқы мән toсоңғы мән doциклдiң денесi;
2. For циклдiк параметр:=соңғы мән downtoалғашқы мән doциклдiң
денесi;

While, do-while циклдері

Циклдердің жазылу үлгісі (while — әзірше, do -орындау):

1) while (шарт) { операторлар}
2) do
{ операторлар }
while (шарт)

while циклінің денесінде бір ғана оператор бар болса, оны фигуралық
жақшаларға алмай жазуға да болады.
Программа денесінің while блогын do — while құрылымымен
дайындауға да болады:
do
{ a=k*k; s=s+a; k++; }
while (k = 6 );

Ескерту. 1. Циклді пайдалану кезінде бөлшек түрінде берілген тізбектің
мүшелері 1-ден кем, мысалы, ак =1(к*к) түрінде берілген болса, олардың
қосындысын есептеу үшін a, айнымалыларын float типі арқылы сипаттау керек.
While циклінен ерте шығу үшін break не goto операторын пайдалануға
болады.
Массивтер

Алгоритмді құрастыруда оған керекті деректерді қалай ұйымдастырылғаны
туралы: реттелген, нөмірленген т.б. білуіміз керек.Тек операторлар мен
командалар ғана емес,оларға қажетті деректерді де дұрыс орналастыра білу
керек.
Мәліметтерді ұйымдастыру тәсілдерінің кең тараған түрі – кестелік
тәсіл.Кестелік мәліметтермен күнде жұмыс істейміз.Шахмат турнирінің
кестесі, сынып журналы, көбейту кестесі, көрермендер залындағы орындар
схемасы – осыны барлығы да мәліметтерді кестелік түрде ұйымдастыру
тәсілінің мысалы.
Қарапайым типтер қатарына жататын стандартты және қолданушылар
типтерінде бір айнымалыны сақтау үшін, негізінен копьютер жадысының бір
ғана ұяшығы қолданылады.Бірақ көптеген программалау есептерінің шешімін
табу барысында әрбір элемнтті деректерін жеке айнымалыға сақтау орнына
оларды тізбектеп бір жерде сақтау анағұрлым тиімді болып табылады.
Мәліметтерді ұзындықтары бірдей бірнеше қатарлардан тұрғызып
орналастыру тәсілін кестелік деп атайды.Кестеде бір ғана жол болуы
мүмкін.Мұндай кесте сызықтық деп аталады.Бірнеше жолдардан тұратын кесте
тіктөртбұрышты кесте деп аталады. Сызықтық және төртбұрыштық кесте
элементтерімен жұмыс істеу үшін оларды бір ережеге сәйкес белгілеп алу
керек.Кесте элементтерін белгілеуде латын әріптері қолданылады.Кесте
жолдарын жоғарыдан төменге қарай,ал бағаналарды солдан оңға қарай белгілеу
қабылданған.
А сызықтық кестесінің і- орнында тұрған элементі А[і] болып жазылады,
ал тіктөртбұрышты Х кестенің i-ші жолы мен j-ші бағанасының қиылысында
орналасқан элемент Х[і,j] болып белгіленеді.Мысалы,төмендегі А кестесінде:
7 2 3 34
4 5 0 -3
1 3 8 1,2
А[1,1]=7, А[2,3]=0, А[1,3]=3, А[2,4]=-3.
Программалау тілдерінде кестелік мәліметтерге массивтер сәкес келеді.

Бір типтес берілгендерден құралып, барлық элементтеріне бір ортақ
атау берілген жиынды массив деп атаймыз.Массивтардың негізгі параметрлеріне
оның типі : сандық, символдық, логикалық; өлшемі : бірөлшемді, екіөлшемді
т.с.с.; және көлемі : жиымдардың әрбір өлшемдегі элементтерінің саны
жатады.Массив элементтері нөмірленген айнымалылар болып табылады.Айнымалы
аты массив атымен бірдей болады.Тұрмыста тізбектелген сандарды, кестелердің
реттелген жолдарын, фамилия тізімін көп пайдаланамыз, оларды бір өлшемді,
яғни бұл массивке мысал ретінде векторларды қарастыруға болады.Ал
егер массивке кестелік берілгендер жазылса (матрица) , онда элементтері
екі индекс бойынша нөмірленеді.
Паскаль тілінде қарапайым айнымалалармен қатар массив түрінде
біріктірілген айнымалылар да кездеседі.мысалы, нақты сандардан құрылған
төмендегі тізбекті
1.6, 14.9, -5, 8.5, 0.46, 2.25, -9.85, 6.27, 5.7, -3.2
бірөлшемді массив деп, оған А деп атау беруге болады.Массивтің әр элементі
массивтің атымен белгіленеді де, тік жақша ішіне оның индексі қойылады,
массив элементтері индекстері бойынша реттеліп жазылады.Математикада
массив вектормен көрсетіледі .Массивтің кез келген элементін оның
реттелген нөмірін, яғни индексін көрсету жолымен пайдаланамыз.Индекстер
нақты типтен басқа кез келген скалярлық тұрақты немесе өрнек күйінде бола
береді.Массив элементтерінің саны оны индексінің мәнімен және олардың
өзгеру аралығымен анықталады. Массив типі – күрделі тип.Массивті бірқалыпты
анықталатын регулярлық тип деп те атайды.Массив элементтері және оны
атауын белгілеу алгоритмдегі белгілеумен бірдей.
Массив сипаттамалары:
❖ Типі – массив элементтерінің жалпы типі;
❖ Көлемі – массив индекстерінің саны;
❖ Шектелімі - әрбір индекстерінің шектеу бойынша сәйкестігі;
❖ Пішімі – көлем және шектеу жиындары.
Массивтер элементтерімен жұмыс жасау барысында, массив атаунан кейін
міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі.Индекс ретінде сандар
қолданылады.Массивтерді қолдану үшін оларды типтер (type) немесе
айнымалыларды сипаттау (var) бөлімінде хабарлануы қажет.Массивті сипаттау
үшін аrrау оf сөз тіркесі қолданылады.

Оның жазылу пішімі:
type тип аты = аrrау [ индекс типі ] оf элемент типі ;
var идентификатор, ... : тип аты ;
Мұндағы аrrау (массив), оf (-дан, -ден, -тан, -тен ) – түйінді
сөздер;
[ индекс типі ] – real , integer базалық типтерінен өзге кез келген
стандартты тип, яғни индекстің типі ретінде шектеулі саналатын,. Логикалық
және литерлік типтер пайдаланылады; элемент типі - құраушылар (элемент)
типі, яғни Паскаль тілінде пайдалануға болатын массив элементтерінің типі.
Бұдан программада массив пайдаланылатын болса, онда ол var айнымалы
бөлігінде немесе type тип бөлігінде сипатталуы қажет.type бөлігінде
массивтің типі көрсетіледі де, одан соң айнымалы var бөлігінде осы типке
жататын массивтер немесе олардың тізімі көрсетіледі.Массивті type
бөлігінде сипаттау программа көлемін үлкейтеді, бірақ программаны тез
түзетудің, онда қате жібермеуді мүмкіндігі молдау болады.
Мысалы, программада нақты 40 элементтерден тұратын А массиві
пайдаланылатын болса, онда оны тип бөлігінде былай сипаттайды:
type т = аrrау [ 1..40 ] оf real ;
var а,б,с,д: т;
Мұның артықшылығы – программадағы типі т болатын бірнеше массив бір
ғана жолмен ығайлы түрде сипатталып тұр.Массив типтер бөлігінде
көрсетілмей, бірден айнымалылар бөлігінде былай да анықтала береді:

var идентификатор, ... : аrrау [ индекс типі ] оf ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal тілінде циклдармен жұмыс
Turbo Pascal тілі туралы
Turbo pascal программалау жүйесі туралы ақпарат
Turbo Pascal программалау тілі
Turbo Pascal программалау тілі туралы жалпы түсінік
Турбо Паскаль бағдарламысының тарихы
Turbo Pascal бағдарламалау тілі
Тurbo Pascal тілінде ”Санды тап” ойынына программа құру
Turbo Paskal-да символдық ақпаратты өңдеу
Turbo pascal жайлы мәліметтер
Пәндер