Сиыр малына қатысты қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері



1. СИЫР МАЛЫНА ҚАТЫСТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
2. Сиыр атауы
Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай шежіресі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақтың жерін малсыз елестету мүмкін емес. Сәлемдесудің басы «Мал-жан аман бадан» басталатынының өзі халық өмірінде малдың шешуші фактор, тіршілік көзі екенін көрсетеді. Кең сахарасында үйір-үйір жылқы, келе-келе түйе, табын-табын сиыр, отар-отар қой өсірген халықтың төрт түлік кисе – киімі, ішсе – тамағы, шөлдесе – сусыны, жүрсе – көлігі, жатса – төсеніші болған. Демек, қазақтың бүкіл тіршілік көзі төрт түліктің өсімі мен одан алынатын өнім түрлеріне байланысты еді. Сондықтан халқымыз төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дәріптеп, бүкіл өмір тіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани мәдени-өмірін, әдет-ғұрпын солармен байланыстырады.
Төрт түлік жұп, аша, айыр тұяқты және тақ, тік тұяқты болып бөлінгенімен, олардың бәрін қосып халық аяқты мал деп атайды. Малдың шығу тегі туралы аңыз көп. Солардың біріне құлақ ассақ, сиыр – судан жаратылыпты-мыс. Текті мал – киелі де. Халық аңызында сиыр малын көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін желеп-жебейтін қамқоршы пірлер бар. Сиыр малының қамқоршы пірі – Зеңгі баба. Сан ғасыр көшпенді дәуірде тұмыс-тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты өткен қазақ халқы төрт түліктің сыр-сипатын, қадыр-қасиетін жете біліп, ерекше қастерлеген, малды былапыт сөздер айтып балағаттамаған, теппеген, басына ұрмаған, сылап-сипап баққан. Жаман ырымға жорып малды санатпаған. Түйені келеге, жылқыны үйірге, сиырды табынға, қой мен ешкіні отарға топтастырып, төрт түліктің жалпы санын содан есептеп шығарған. Малдың шаруашылыққа қажетті өнімдік, күш-көліктік, т.б. қасиеттерін жетілдіру мақсатында үзбей бір ізділікпен сұрыптау жүргізіп, көрікті, сұлу, әсем асыл тұқымды өсірумен шұғылданған. Әсіресе, төл басына (алғашқы төлге) айрықша мән берген. Оларды іріктеп, барлық жағынан өскелең талапқа сай келген үлгілерінен тұқымдық ақ нар, боз айғыр, көк бұқа, көк қошқар өсірген. Аса бағалыларын сатпай, соймай, сыйға тартпай ерекшелеп, сетер атаған. Сиыр малын бағып-күту, шығынсыз өсіру оңай еместігін, малшының маңдай терін, қажырлы еңбегін, қиыншылықта төзімділік талап ететінін: «Сиыр бақтым – сидаң қақтым» мәтелі арқылы шаруа адамның зердесіне жеткізген.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл. Құрастырған Б.Әлімқұлов, Е.Әбдіраманов, Алматы, «Санат», 1994, 154-155 б.б.
2. Т.Б. Сағатбекқызы «Түркі тілдеріндегі төрт түліктің жасына қатысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты», Афтореферат, Алматы, 2005, (16, 17 б.б.)
3. І.Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977, (27, 461, 425, 128 б.б. )

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 81’ 373.811.512.122

СИЫР МАЛЫНА ҚАТЫСТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ
ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

М. Б. Шойманова
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Шымкент қ.

Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы
қалыптасқан бай шежіресі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын,
қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақтың жерін малсыз елестету мүмкін
емес. Сәлемдесудің басы Мал-жан аман бадан басталатынының өзі халық
өмірінде малдың шешуші фактор, тіршілік көзі екенін көрсетеді. Кең
сахарасында үйір-үйір жылқы, келе-келе түйе, табын-табын сиыр, отар-отар
қой өсірген халықтың төрт түлік кисе – киімі, ішсе – тамағы, шөлдесе –
сусыны, жүрсе – көлігі, жатса – төсеніші болған. Демек, қазақтың бүкіл
тіршілік көзі төрт түліктің өсімі мен одан алынатын өнім түрлеріне
байланысты еді. Сондықтан халқымыз төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып,
оларды барынша дәріптеп, бүкіл өмір тіршілігінің қуанышы мен ренішін,
өзіндік дүниетанымын, рухани мәдени-өмірін, әдет-ғұрпын солармен
байланыстырады.
Төрт түлік жұп, аша, айыр тұяқты және тақ, тік тұяқты болып
бөлінгенімен, олардың бәрін қосып халық аяқты мал деп атайды. Малдың шығу
тегі туралы аңыз көп. Солардың біріне құлақ ассақ, сиыр – судан жаратылыпты-
мыс. Текті мал – киелі де. Халық аңызында сиыр малын көлденең кесірден,
ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін желеп-жебейтін қамқоршы пірлер бар.
Сиыр малының қамқоршы пірі – Зеңгі баба. Сан ғасыр көшпенді дәуірде тұмыс-
тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты өткен қазақ халқы төрт
түліктің сыр-сипатын, қадыр-қасиетін жете біліп, ерекше қастерлеген, малды
былапыт сөздер айтып балағаттамаған, теппеген, басына ұрмаған, сылап-сипап
баққан. Жаман ырымға жорып малды санатпаған. Түйені келеге, жылқыны үйірге,
сиырды табынға, қой мен ешкіні отарға топтастырып, төрт түліктің жалпы
санын содан есептеп шығарған. Малдың шаруашылыққа қажетті өнімдік, күш-
көліктік, т.б. қасиеттерін жетілдіру мақсатында үзбей бір ізділікпен
сұрыптау жүргізіп, көрікті, сұлу, әсем асыл тұқымды өсірумен шұғылданған.
Әсіресе, төл басына (алғашқы төлге) айрықша мән берген. Оларды іріктеп,
барлық жағынан өскелең талапқа сай келген үлгілерінен тұқымдық ақ нар, боз
айғыр, көк бұқа, көк қошқар өсірген. Аса бағалыларын сатпай, соймай, сыйға
тартпай ерекшелеп, сетер атаған. Сиыр малын бағып-күту, шығынсыз өсіру оңай
еместігін, малшының маңдай терін, қажырлы еңбегін, қиыншылықта төзімділік
талап ететінін: Сиыр бақтым – сидаң қақтым мәтелі арқылы шаруа адамның
зердесіне жеткізген.
Халқымыздың көшпелі өмірінде күш көлігі ретінде сонау ерте кезден
пайдаланылып келе жатқан сиыр малының басқа қасиеттерін де бабаларымыз тым
ерте білген сияқты. Археологиялық қазба материалдарының деректері бақташы
елдің сиыр малының сүті мен етін азық етумен бірге оның терісін киім, еңбек
құралы ретінде сол көне заманнан-ақ пайдаланып келе жатқанын дәлелдейді.
Сиырдың сүтін ішіп қана қоймаған, одан қаймақ, май, ірімшік, құрт секілді
тамақтың алуан түрін де дайындай білген. Ал терісін илеп, былғары жасаған.
Қайысынан күш көлігін ұстап тұратын, салт мінетін арбаға немесе шанаға
жегетін құрал-жабдықтар, әбзелдер әзірлеген. Жалпы, халқымыздың тарихына
қатысты көне деректерге қарағанда, осындай ішкі қажеттіліктері үшін болмаса
бұрынғы кезде сиыр малы байлықтың көзі ретінде онша көп өсірілмеген
тәрізді. Тіпті бертінгі тарихтың өзінде ондай деректер көп кездесе
бермейді. Көне көз қариялардың ескі кептен сыр шерткен шежіре әңгімелерінен
де, мысалы, пәленшебайдың сиыры пәлен мыңға жетуші еді деп айтып отырғанын
ести қоймаған секілдіміз. Мұның бұлай болуының басты себебі – сиыр малының
суыққа төзімсіз, қыс айларында қолға қарап қалып, аса көп күтім
тілейтіндігінен де шығар, әйтеуір қалай болғанда да барлық жерде бірдей
түліктің бұл түріне ерекше көңіл бөле бермегені байқалады. Сондықтан да
бұрынырақта қысқы соғымға сиыр сою дәстүр болмаған. Көбіне балалары көп
кедей-кепшіктер сойған. Өйткені жылқы еті асуға бағалы болғанмен, салма
(кеспе) жасауға келмейді. Сорпасы сылдырап сұйық болады. Сондықтан күнде ет
асып жеуге шамасы жетпейтін кедей үйі балалары қарын-қажағын, сорпа-суын
ішіп, ашықпай, тоқ отыру үшін сиыр сойған. Әдетте соғымға қысыр қалған
сиыр, жасы ұлғайған өгіз шығарылып, олар қоңыр күзден-ақ қолға алынып
күтіледі. [1]
Сырт көзге сылбыр, жуас көрінетін сиыр малының да көп қасиеттерін
көркем шығармалар, аңыз-әңгімелер арқылы біліп жүрген жоқпыз ба? Жалғыз
өгіздің бір табын малды ұялы қасқырдан түні бойы қорғаудағы ерлігінің өзі
неге тұрады? Ал, шынтуайттап келгенде кейінгі жастарымыз, үлкен қалаларды
былай қойғанда, облыс, аудан орталықтарында тұратын жеткіншектердің өзі
Зеңгі баба тұқымының қасиеттерін, оның басқа түліктерден қалай және қандай
қасиеттері арқылы ерекшеленетінін ашып айта алмайды. Кезінде сиыр малының
көшсе көлік, сауса сүт, сойса ет болып, халқымыздың қажетіне жарағанын
кейінгі жастар нақты бір аңыздай қабыл алып жүрсе, соған ең алдымен өзіміз
кінәліміз. Зеңгі баба, сиыр малы дегенді былай қойып, осы түлікті сүт
бағытындағы мүйізді ірі қара деп оқытып жүрген жоқпыз ба? Осыны санасына
сіңірген кейінгі жастардың сиыр малының тек ет пен сүт үшін өсірілетінін
пайымдағаны болмаса, одан арғыға терең байламасы анық. Ал, шынтуайттап
келсек, басқа да жан-жануарлар секілді Зеңгі баба тұқымы адамға серік, әрі
момын жануарлардың бірі. Ол да түйсіне, сезіне алады, қажет кезінде иесін
қауіпті жағдайлардан құтқарып та алады.
Енді осы Зеңгі баба тұқымы сиыр сөзінің қандай мағына беретінін талдай
кетсек. Сиыр сөзі түркі тілдерінде кең тарағандығына қарамастан, кейбір
тілдерде өзгеше дыбысталатынын мына төменде келтірілген мысалдардан көруге
болады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мүйізді ірі қара мал; төрт
түліктің бірі деген анықтама берілген (ҚТТС VIII т. 301 б.). Қарақалпақ,
құмық, ноғай, татар тілдерінде – сиыр, Қырғызстанның оңтүстік аймағында –
йинек, қазақтармен көршілес аудандарда – сиыр, жалпы қырғыз тілінде – уй,
ұйғыр тілінде – сіиір, серә, кейде кала, түркімендерде – сығыр, сахаларда –
ынах, туваларда – инек т.б. деп аталады.
Түркі жазба ескерткіштеріне көз салсақ, М.Қашқарида – інәк, сығыр, уй,
уд аталса, (ДТС 211, 502, 605, 606 б.), Түркі-араб сөздігінде сығыр, инек
(78), Аттуһфада инек, сығыр (297, 373) т.б. Жинақтасақ, түркі жазба
ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерінде бұл түлік атауы үш-төрт түрлі
дыбыстық құрамда айтылатындығын байқауға болады.
Сиыр атауының түп төркіні түркі тілдеріндегі сир, сири - сығу, сығып
шығару, сауу мағыналарымен байланыстыруға болады. Яғни, сауатын мал, сығыр
мал. Кейінірек мал сөзі түсіріліп, сығырсиыр түрінде қолданылған. Ал,
инек, ынах, іңек атауларының түбі инеенеанаенеұрғашы мағыналарын
берсе, к дыбысы сөз жасамдық көрсеткіш, өнімді жұрнақ.
Сиыр малының піштірілмеген еркегі, тұқымдығы бұқа аталады (ҚТТС 1
т.130 б.). Қырғыздарда – бука, ұйғырларда – буқа, түркімендерде - өкү,
туваларда – буга, сахаларда – оғус, қарақалпақша – буға, ноғай, татарларда
– буғай деп аталады. Ал, монғол, қалмақ тілдерінде – бух.
Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде бұқа атауы Орхон-Енисей
жазбаларында (Малов. 374), Түркі-араб сөздігінде (боға – 98 б.), Ат-
туһфада (боға – 283 б.), М.Қашқари сөздігінде (бұқа) кездеседі.
Сөз төркіні, түбірі туралы түркітанушылар жорамалына келсек, бұқа,
бугу (бұғы), буғра сөздерінің түбірлестігі туралы айтады. А.М.Щербактың
айтуынша, татарский и ногайский бугай по внешней форме является
заимствованием из русского языка, который это же слово в форме буга
заимствовал несколько раньше из других тюркских языков или монголов и
придал ему, в соответствии со значением, конечный й (j)ң. Әйтсе де, сөз
соңындағы й дыбысы орыс тілінің емес, түркі тілінің өз дыбысы болу керек.
Өйткені, түркі тілдерінде сөз соңында келетін й-ге аяқталатын (тивитевай,
апай, әкей т.б.) сөздер баршылық. Еркелету, кішірейту, аялау, сыйлау,
реңктерін беретін көне жұрнақ.
Сөз төркініне келсек, саха, монғол тілдерінде күшті, мықты, әлді,
берік мағыналарын білдіретін бөгө, бөк сөздері кездеседі. Бұқа сөзімен
тіркескен сөздердің малдың жасын білдіретіндігін А.Щербак аталған еңбегінде
айтып өтеді (99 бет). Мысалы: әзірбайжан диалектісіндегі бұғана, дуран –
екі жасар бұқашық, иаз бұға – екі жас пен үш жас аралығындағы бұқашық,
гагауз тілінде буа алті – үш жасар бұқа. Қазақ тілінде бұқа сөзімен
тіркесіп жастық мөлшер білдіретін атаулар бар (бұқашық, бұқаша, жайынша
бұқа, құнан бұқа, дөнен бұқа, бесті бұқа).
Өгіз – күш-көлік ретінде пайдаланатын сиыр малының еркегі. (ҚТТС VII
т. 507 б.). Тұқымға жарамайтын еркек тананы үш-бес айлығында піштіріп,
семіртіп, етке де пайдаланады. Ал, жұмысқа пайдаланатындарын сегіз-он екі
айлығында піштіреді. Піштірілген еркек малдың бұл түрінің аталуы басқа
түркі тілдерінде төмендегідей дыбыстық құрамда кездеседі. Қырғыз тілінде -
өгүз, ұйғыр тілінде – хөкүз, түркімендерде – өкүз, қарақалпақ, ноғайларда
өгіз, өзбектерде – хукіз, диалектілерінде – укіз, хәвкуз, сахаларда – ат
оғус. Көне түрік жазба ескерткіштерінде де кездеседі. Мәселен, Орхон-Енисей
жазуында - өкүз, Түркі-араб сөздігінде - өгүз, Ат-туһфада - өкүз,
М.Қашқари сөздігінде - өкүз (ДТС 383 б.). Өгіз сөзінің түп-төркіні жөнінде
А.М.Щербак Весьма вероятно, что оғуз (огуз) относится к числу древнейших
заимствоаний из индоевропейских языков - деп Г.Клаусонның пікірін
қостайды. Оғуз сөзі баста малдың піштірілген, піштірілмегендігіне
қарамастан, еркек малға қатысты айтылған болуы керек, ал орта ғасырлардан
бастап түркі тілдерінде бұқа атауы кеңірек қолданыла бастағандықтан өгіз
атауының қолданылу аясы тарылып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің сөздігі
Жылқы концепциясының көркем аудармаларда берілу жолдары
Тұрақты тіркестерді оқыту
Ағылшын паремиология этникалық менталитет аспектісі ретінде зоонимдер
Қазақ тіл білімінде уәждеменің зерттелуі
МАУСЫМДЫҚ ҒҰРЫПТАР ФОЛЬКЛОРЫНА ҚАТЫСТЫ ЭТНОМӘДЕНИ ЛЕКСИКА
Сөйлеу тілінің лексикасы
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ
Байырғы сын есімдердің танымдық сипаты
Есімше зат есім үлгісіндегі сөз тіркестеріндегі бағыныңқы етістіктердің лексика-семантикалық синтагмалық мағыналары
Пәндер