Мінез жөнінде түсінік


Мінез жөнінде түсінік
Мінез - жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мінез нақты адамнык шыншыл, адап, ақкөңілдігіне орай сипаттапмайды, аталған сапалар - әртүрлі жағдайларды көрініс берегін жеке адам қасиеттері. Адам мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер ендіруге болады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмай, дәл айтуға болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелікке бай келеді, ал солардың бәрі де адам мінезін танытады деу қате. Мінез көрсеткіші - адамның барша жағдайлардағы мәнді сипаты мен тұрақты сақталатын тандаулы қасиеттері. Егер адам қандайда даудамайлы жағдайда дөрекілік көрсетсө, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиеті деу жөн емес. Жайдары мінезді, көңілді адамның өзі кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуі мүмкін. Өмірге келумен бастауын алып, мінез нақты адамның өмір барысында қалыптасады. тұрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы әр адамнын ойлау, сезім, сипатын бірлікті анықтап барады. Мұнда адамның бл өмірін жан-жақты қамтыған қоғамдық шарттар мен әлеуметтік жағдайлар маңызды келеді. Дегенмен. мінездің нақты қалыптасуы әртүрлі деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж. т. б. ) қапыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда аодакталатын адамгершілік, қоғамдық құндылықтарға тәуелді мүшелерінің мінез ерекшеліктері орнығады. Мінез бітістері, сонымен бірге тұлғаның отбасындағы абройы басқа мүшелерімен арақатынасына байланысты, аса қажет болса, өзгеріске түседі. Жоғары денгейлі дамыған топ, ұжым мінездің мәнді де ұнатады бітістерінің қалыптасуына оң әсер етеді. Жақсы мінезді адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дәреже, деңгейін арттыра түседі.
Қоғам әсерлері мен ықпалдарын бейнелейтін мінез мазмұны жеке адамның өмірлік бағыт-бағдарын құрайды, яғни оның заттай және рухани қажеттеріне, қызығуларына, наным-сенімдеріне, мұраттарына ж. т. б. негіз бо-лады. Бағыт-бағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмірлік жоспары мен сол жоспарды іске асыруда қажет белсенділік деңғейін белғілей апады. Мінезге орай адамның дүние тапғамы, өмір мәні, белгіленғен мақсат-мүдделерінің, әдекет қылықтарының себептері ашылады. *
Мінезді дұрыс түсінуде адам үшін маңызды болған қоғамдық құндылықтар мен жеке талғамдар арақатынасы шешуші мәнге ие. Әр қоғамның өзіне сай маңызды да мәнді міндеттері болады. Міне осы міндеттерді іске асыру барысында мінез қалыптасады. Кейін солар түрғысынан тексеріледі, бағаланады. Сондықтан да мінез қандай да адам қасиетінің (төзімділік, өжеттік т. б. ) көрінісі ғана болып қоймастан, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке болған бағыт-бағдар сипатын аидатады. Осыдан мінездің тыңғылықтылығы, біргелкілігі адамның өмірлік бағыт-бағдары негізінде нақты бір қалыпқа келеді. Мінез қалыптасудағы басты шарт - өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы - босбелбеулік, мінезсіздіктің белгісі. Солайда болса, жеке адам мінезі мен оның бағыт-бағдары екітапай нәрсе. Алдыңызға ақ көңіл кейіппен келген адамның бірі - ізгі ниетті де, ал екіншісі - жауыз болуы мүмкін. Жеке адам бағыт-бағдары оның барша әрекет-қылығына із береді. Әрдайым қылық "осылай болсын" деген ниеттен ғана емес, адам қатынастарының біртұтас жүйесіне неғізделеді, ал бүл жүйеде қандай да қасиет басымдау болумен адам мінезіне белгілі сипат ендіреді.
Қалыпқа түскен мінезде адамның наным-сенімдер жүйесі жетекшілік етеді. Тиянақты көзқарас - наным адамның өз іс-әрекетін ұзақ мерзімді бағыт-бағдарға сай бел-
гілеп, мақсатқа жетуде жігеріліліктің, орындап жатқан ісінің дұрыс та маңызды екеніне сенімділік туғызады.
Мінез ерекшеліктері адам қызығуларымен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді әрі тұрақты болуы шарт. Ал қызығулар үстірт, тұрақсыз болған жағдайда, дербестігінің кемдігі мен тиянақтылығы болмағанынан жеке адам еліктегіш келеді. Қызығулар ұқсастығы мінез теңдігін аңдатпайды. Мысапы, өнертапқыштар арасында көңілді не мұңды, кішіпейіл не өзімшіл тұлғаларды айыруға болады.
Мінез адамның қолы бос уақытындағы (досуг) өзі қалап шұғылданған істерінен де танылуы мүмкін. Мұндай қызуғалар тұлға мінезінің жаңа, ерекше қырларынан ха-бардар етеді. Мысалы, ұлы ғалым - химик Ебней Бөкетов қолы босаса, аудармашылықпен айналысып, орыс, батыс қаламгерлерінің кйебір әйгілі көркем шығармаларын қазақ оқырманына жеткізген: атақты тіл ғалымы Әбдуәли Хайдари демалыс уақытында қазақы ер-тұрман, қамшы және т. б. заттарды оюлап, жолдастарын таң қалдырған; ғұлама-түркітанүшы академик Рахманкүл Бердібай колы босаса, күйшілік өнермен айналысады. Адамның рухани не-месе заттай қажеттіліктерінің қайсысының басым болуына қарай оның тек ой, сезімдерінің ғана емес, сондай-ақ іс-әрекетінің де бағыт-бағдары айқындалады. Бұл арада аса маңызды нәрсе - іс-әрекеттің алға қойылған мақсатқа тікелей сай болғаны, себебі адам не істеп жатқаны немесе не істейтініне қарай бағаланбайды, әңгіме сол істі қалай орындайтынында. Осыдан мінез калпы адамның бағыт-бағдары мен іоәрекет кейпінің бірлігінен келіп шығады.
Мақсатқа жетуде бағыт-бағдар бірдейлігі болғанымен, әр адам өз жолын таңдайды, өзіне қолай, қайталанбас әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Осы дербестіктен адам мінезінің ерекшелігі көрінеді. Белгілі ықпалға ие мінез бітістері әрекет немесе қылық түрін таңдауда айқын жүз береді. Бұл түрғыдан тұлғаның табысқа жету қажеттігін туындатқан ықылас, ниет көрінісінін деңгейін (табандылық, шешімділік, жүректілік немесе еріксіздік, қорқақтық, күдікшілдік ж. т. б. ) мінез бітісі деп тануға болады. ; Осыған бай-ланысты кей адамдар күмәнсіз табыс қамтамасыз ететін әрекеттерді (ынта білдіру жарысқа түсу, тәуекелге белбайлау ж. т. б. ) таңдап апады, ал екіншілері - сәтсіздіктен қашуды көздейді (жауапкершілік алмайды, жүрексінеді, ықыласы мардымсыз ж. т. б. ) .
Мінез құбылысын зерттейтін ғылым - характералогия ұ зақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы мінездер типін саралап, адамның әртүрлі өмір жағдайларындәғы әрекет-қылығын болжастыру мақсатында әрқандай мінез сипатын нақтылаумен шұғылданып келді., . Адамның тума емес, өмір барысында қалылтасатыны белгісі болғандықтан, мінез типтерін жіктеу көбіне тұлға дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негізделеді. Осы бағытта ежелден өрістеп келе жатқан, мінез танып, әрекетқылық болжастырудың психологиялық жолдары бар. Сопардың кейбіріне қысқаша түсінік:
• Жұлдызнама (гороскоп) - адам мінезін туған күнімен байланыстырып түсіндіреді. Жалпы қабылданған уақыт өлшемдері белгілі кезең, аралыққа бөлінеді, олардың әрқайсысына нақты белгі, символ беріледі. Осы символға (ағаш, от, су, жануар т. б. ) тән әртүрлі қасиеттерге орай адам мінезі суреттеледі. Мысалы, кельт жұлдызнамасында 22 желтоқсан мен 1 қаңтар арапығында туылған - алмаға тектес, осыдан мұндай адам сүйкімді, ақ жарқын, кеуілшең т. б., ал қазақы жұлдыздамада жоғарыда аталған күндері туылғандар - таутеке, яғни мұндайлар - өжет, тұрақты, төзімді, тұйық, сыршыл келеді.
Физиогномика ( табиғат, білу) - адамның сыртқы келбетіне және сондай келбетті тұлғаларды ұқсастығымен белгілі топқа біріктіріп, олардың психологиялык, сипатын анықтайтын ғылым. Адам дене бітістеріне қарай жануармен сапыстырылады да сол жануарға тән мінез -ерекшелігі оған таңыладьі. Мысапы, Аристотель пікірінше, адамның мұрын танауы өгіздікіндей жуан да қалың болып келсе, ол еріншектік белгісі; шошқадай кең танау, жалпақ мұрын - ақымақтық; қой, ешкі жүніне ұқсас шашты адам -үркек; доңыз, арыстан қыңшылықтарындай тіке шашты адам - ержүрек, батыл т. б.
« Адамның басқа да келбет көріністері (көз, ауыз, отырыс-тұрыс т. б. ) негізінде мінезді байқастыру осы физиогномика аймағында жоғары дамыған.
Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы - шапшаң, екінші - асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші - іске ойланбастан асыла салады, кейін барып-ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер - мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс -әрекет қылықтың тұрақты, қайталаныл отыратын нақты белгісі.
Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты
жағдайлардан бөлек қаралмайды (кейде әдепті адамның
03! де дөрекілік танытады) . Сондықтан қалаған мінез бі-
тісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты
формасы. I
Мінездің бітістері мен сипатын белглі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітісіің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылалы. Дегенмен, ықтималды болғандықтан бітіс үдайы керіне бермейді, яғни мінез бітістері адам әдетіндей бірқалыпты. механикалық қайталана бермейді. Солай да болса, мінез бітістері мен әдеттер арасында жақындық та бар: мысалы, мінез бітісі ретінде жауапкершілік адамнын ұқыптылық әдетінде көрінеді. Бірақ әдет мінез бітісіне өте бермейді, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлылықты танытады. Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну әдістерін қамтиды. Қайсы бір түлғаға тән қылықты жасауда ерік, сезім қосылады. Ал әдет мұндай психикалық процестердің бірімен де байланыслайды. Сонымен бірге бітіс адам қылығына ықпал ете отырыл, сол қылык-әрекет барысында қалыптасады, бекиді. Мінез бітістерінің қапыптасуын әрекет-қылық мотивтерінен айыра қарауға болмай. Қандай да қылық мотиві әрекетте іске аса мінезде бекиді. Әрқандай мәнді, тұрақтапған мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері мотивте алғашқыда түрінде көрініп, ал кейін оны әрекет тұрақты қасиетке айналады. Осыдан қандай да мінез бітістерін қалыптастыр кажет қылық-әрекет мотивтерін түзіп, оларды бекітугі; айналған іс-әрекеттерді ұйымдастырудан басталады.
... жалғасыМінездің жалпыланған қасиеттері ездерінің диалек-тикалық қарама-қарсылықтарында көрінеді: күшті-әлсіз қатал-жұмсақ. тыңғылықты - өзара қайшы, кеңтар ж. т б Егер мінез күштілігі адамның алға қойған мақсатына жетудегі, кедергілерді жеңуіндегі қуатынан көрінсе, мінез әлсіздігі қорқақтықтан, ниет тұрақсыздығынан, т. б. байқалады. Мінез қаталдығы өжеттік, тайсалмастықпен байланысты. ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығцы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші және екінші деңгейлі қасиеттердің дәрежесімен анықтала-ды. Қасиеттердің бәрі өзара үйлесімді келсе, тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе - қайшылықты мінез орныкзды. Адам қызығулары мен ұмтылыстарының, іоәрекеттерінің жан-жақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады. Мұндай адам әлемдегнің біріне қызығып, бәріне араласқысы келеді. Ал бұ-ларға қарсы - мінезі "тар" адамдар өзін-өзі шектеуге бейім ниет әрекеттерінің өрісі өте елеусіз.
Сонымен бірге, адам мінезінің тұтастығы мен көп тараптылығы кейбір жағдайларда бір адамның өзінде де әрқилы. тіпті қарама-қарсы қасиеттердің болатынына шек келтірмейді. Адам бірдей өте нәзік мәдениетті болуымен бірге катал талапшаң болуы мүмкін. Осыған қарамастан, оның мінезі сақталып, оның қырлары айкын көріне түседі. Көп жағдайда мінез және темперамент салыстырылып түсіндіріледі, кейде бірінің орнына бірі қолданы лады. Ал іс жүзінде олай болмауы керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz