Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру қызметі



КІРІСПЕ 3
1 Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік органдарының қызметі 4
1.1 Атқарушы органдардың атқаратын қызметтері, міндеттері және мақсаттары 4
2 Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарының қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қадағалау 10
2.1 Атқарушы билік органдарының қызметіндегі заңдылық ұғымы, оны қамтамасыз ету әдістері, заңдылықтың сақталуын қадағалау институттары
2.2 Атқарушы билік органдары қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз ету әдістері 11
3 Әкімшілік қадағалау теориялық негіздері 23
3.1 Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру қызметі
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
Атқарушы билік органы мемлекеттік биліктің бір тармағы болып табылады. Онсыз мемлекеттік басқарушылық қызметті, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Өйткені, басқа да әкімшілік-құқықтық қатынасқа түсушілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі осындай органдардың қызметі аясында жүзеге асырылады.
Қандай да болмасын мемлекеттік органның ерекшелігі, оның мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыруында, оның атынан қамтамасыз ету үшін мемлекеттік биліктік өкілеттікке иеленуінде. Бұл өкілеттіктер сол органның баршаға міндетті нормативтік құқықтық актілерді мемлекет атынан шығаруында, сонымен бірге актілердің орындалуын мемлекеттік сендіру мен көндіру шараларын қолданып олардың орындалуымен қамтамасыз етуінде.
Атқарушы билік органдары әлеуметтік-саяси, әлеуметтік мәдени, шаруашылық және салааралық, оларды жалпы басқару, нақты және күнделікті жедел басқарушылық функйияларын жүзеге асырады. Олар заңмен белгіленген тағайындау тәртібінде құрылады.
Атқарушы билік органының әкімшілік-құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясымен, «ҚР Үкіметі туралы» 1995ж. 18 желтоқсандағы №2688 Конституциялық заңмен және т.б. нормативтік құқықтық актілермен анықталады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2005

2. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 28 Заңы.

3. Әлеументік желі: adilet.zan.kz

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
h1
h2 Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру қызметіh
2h3
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
1 Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік органдарының қызметі 4
1.1 Атқарушы органдардың атқаратын қызметтері, міндеттері және мақсаттары
4
2 Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарының қызметіндегі
заңдылықтың сақталуын қадағалау 10
2.1 Атқарушы билік органдарының қызметіндегі заңдылық ұғымы, оны қамтамасыз
ету әдістері, заңдылықтың сақталуын қадағалау институттары 10
2.2 Атқарушы билік органдары қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз ету
әдістері 11
3 Әкімшілік қадағалау теориялық негіздері 23
3.1 Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру қызметі 23
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
h3
h4КІРІСПЕ

Атқарушы билік органы мемлекеттік биліктің бір тармағы болып
табылады. Онсыз мемлекеттік басқарушылық қызметті, әкімшілік-құқықтық
қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Өйткені, басқа да әкімшілік-құқықтық
қатынасқа түсушілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі осындай органдардың
қызметі аясында жүзеге асырылады.
Қандай да болмасын мемлекеттік органның ерекшелігі, оның мемлекеттік
міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыруында, оның атынан қамтамасыз ету үшін
мемлекеттік биліктік өкілеттікке иеленуінде. Бұл өкілеттіктер сол органның
баршаға міндетті нормативтік құқықтық актілерді мемлекет атынан шығаруында,
сонымен бірге актілердің орындалуын мемлекеттік сендіру мен көндіру
шараларын қолданып олардың орындалуымен қамтамасыз етуінде.
Атқарушы билік органдары әлеуметтік-саяси, әлеуметтік мәдени,
шаруашылық және салааралық, оларды жалпы басқару, нақты және күнделікті
жедел басқарушылық функйияларын жүзеге асырады. Олар заңмен белгіленген
тағайындау тәртібінде құрылады.h4
Атқарушы билік органының әкімшілік-құқықтық мәртебесі ҚР
Конституциясымен, ҚР Үкіметі туралы 1995ж. 18 желтоқсандағы №2688
Конституциялық заңмен және т.б. нормативтік құқықтық актілермен анықталады.
Үкімет мемлекеттің атқарушы жоғарғы билік органы болып табылады. Үкімет
ҚР атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады
және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкіметтің барлық атқарушы
органдарға жетекшілік ететін, олардың қызметін басқаратын және мемлекеттік
басқаруды жүзеге асыратын орган ретінде сипаттамасы оның құқықтық табиғатын
ашады, оның билік бөлісу жүйесіндегі атқарушылық рөлін айғақтайды.
Үкімет Республиканың атқарушы органдарының бір тұтас жүйесін, Үкімет
құрамына кіретін орталық атқарушы органдарды (министрліктер), Үкімет
құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды (агенттіктер), сондай-ақ
ведомстволар мен жергілікті атқарушы орган (әкімият) Құрады.
Мемлекеттік басқару органдары қызметінің атқарушылық сипаты – олардың
аса маңызды белгісі. Себебі ол органдар Республика заңдарының, Президент
актілерінің, өзге де нормативтік актілердің, халықаралық шарттардың
орындалуын қамтммасыз етеді.

h41 Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік органдарының қызметі

1.1 Атқарушы органдардың атқаратын қызметтері, міндеттері және мақсаттары

Атқарушы билік органдары дәстүрлі түрде мемлекеттік басқару органдары
деп аталады және бұл түсінікті де, өйткені олар басқарушылық қызметті
жүзеге асырады.
Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген:h4
-ол мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын,
оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық
шараларды талдап жасау;
- мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
-әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк
жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
- Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған
енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет
және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;
- ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге
асыру;
- мемлекеттің валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен
пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
- құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
- баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
- мемлекеттік реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен
қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;
- мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын
әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз
ету;
- еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік
әлеуметтік қамсыздандыру және әлеум. сақтандыру жүйесi мен шарттарын
айқындау;
- мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске
асыру;
- аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн
шешудi қамтамасыз етедi;
- ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi,
бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл.
саясатты айқындап, iске асыру;
- табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және
қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
- құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен
құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн,
аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемл. шекарасын күзету
шараларын әзiрлеп, iске асыру;
- келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы
шешiмдер қабылдау;
- ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықар. және аймақтық ұйымдармен қарым-
қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
- сыртқы экономмикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
- сырты сауданы дамыту шараларын қолдану;
- халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды
жүзеге асыру;
- Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге
де қызметтердi орындау.
Атқарушы билік органдары өзінің қызметінің нақты бағыттылығына қарай
бірнеше түрге бөлінеді.
1.Қызметтің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай орталық атқарушы билік
органы және жергілікті мемлекеттік басқару органдары болып бөлінеді.
Республика деңгейінде өз құзіретін атқарушы билік органдары ретінде Үкімет,
министрліктер, агенттіктер және комитеттер саналады.
Жергілікті мемлекеттік басқару органына әкімият қызметі жатады.
2.Құзіретінің сипаттамасына қарай атқарушы билік органдары:
- жалпы құзіретті, яғни мемлекеттік басқару қызметінің функцмялары мен
өкілеттіктері барлық атқарушы билікті жүзеге асыратын мемелкеттік
органдарға таратады (Үкімет, облыстық әкімият);
- салалық құзіретті, яғни басқару саласында өздерінің функциялары мен
өкілеттіктерін жүргізетін органдар (Министрліктер).
- салааралық құзіретті, орталық атқарушы органы құзіреті шегінде арнайы
атқару және бақылау-қадағалау міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік басқару
ішкі саласына салааралық үйлестіруді не оған басшылықты жүзеге
асырады(Агенттіктер мн комитеттер).
3.Құру тәртібіне қарай атқарушы билік органдары:
ҚР Президенті құратын. Үкіметті ҚР Президенті ҚР Конституциясының 44
бабының 3 тармағына сәйкес құрады.
Жоғары атқарушы билік органы, яғни аедомствоны (орталық атқарушы
органның комитеті) тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынысымен ҚР
Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады.
4.Ведомстволық сұрақтарды шешу тәртібі бойынша:
- алқалы органдар, өкілеттіктерінің негізгі сұрақтарын органның
мүшелерінің көпшілік даусымен шешіледі. Мысалы, Үкімет құрамына Үкімет
мүшелері – Республика Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, Министрлер және
Республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.
Үкімет мүшелерінің ішінде үштен екісі Үкімет отырыстарына қатысса,
отырыс құқық болып саналады. Министрліктердеғ агенттіктерде консультативтік-
кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады.
- дара басшылық органдар, органның басшысы негізгі сұрақтарды шешугу
өкілеттігі арқылы басшылықты жүргізеді және өз құзіретінің шегінде шешім
қабылдауда дербес және органның қызметі үшін жеке жауапта болады.
Атқарушы билік органдарының жүйесі және саралануы
Атқарушы билік органдарынң жүйесі деп бір-біріне бағынышты органдардың
өз араларында құзіреттерді бөлу негізіндегі құрылым саналады.
Оған:
- Үкімет – ҚР жоғарғы атқарушы билік органы;
- Министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар;
- Жергілікті мемлекеттік басқару органдары (әкімият) кіреді.
Әкімшілік-құқықтық қатынас субъектісі ретінде атқарушы билік
органдарының құқықтық мәртебесі номативтік құқықтық актілерде анықталады.
ҚР Үкіметі Конституцияда белгіленген тәртіппен ҚР Президентімен
құрылады. Үкімет құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Минстр
тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Республика Премьер-Министрі
Республика Президентіне енгізеді.
Үкіметтің құрылымын министлрліктер мен өзге де орталық атқарушы
органдар құрайды.
Үкіметтің құрамына Үкімет мүшелері – ҚР Премьер-Министрі, оның
орынбасарлары, министрлер және өзге де лауазымды адамдар кіреді.
ҚР Үкіметінің мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне мынадай ант
береді:
ҚР халқы мен Президенті алдында өз Отаным – ҚР экономикалық және
рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің
Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімді
заңдылық пен әділеттік, азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерін
ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттігі мен
дүниежұзіліе қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант
беремін. Ант етемін.
Республика Үкіметі мүшелерінің өкілді органның депутаты болуға,
оқытушулық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы
төленетін қызметтер атқаруға, кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық
ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы
жоқ.
Үкіметтің отырыстары айына кемінде бір рет өткізіліп отырады. Үкіметтің
отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президенті шақырады. Үкіметтің
отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етеді, ол болмаған кезде
міндеттердің бөлінуіне сәйкес Премьер-Министрдің міндетін атқаратын Премьер-
Министрдің орынбасары төрағалық етеді. Үкімет ерекше маңызды мәселелер
қарағанда оның отырыстарында Республика Президенті төрағалық етеді.
Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі отырыстарға қатысса, отырыс
құқылы болып саналады. Үкімет мүшелері оның отырыстарына алмастыру
құқығынсыз қатысады. Үкімет отырыстары ашық болады. Президенттің немесе
Премьер-Министрдің бастамасымен Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі
мүмеін.
Үкіметтің отырыстарын әзірлеу мен өткізу тәртібі Үкімет Регламентімен
белгіленеді.
Үкіметті Республика Премьер-Министрі басқарады, ол:
1)Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасындағы
қызметтік міндеттерді бөледі;
2)Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен,
Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттік органдармен қарым-
қатынаста Үкіметтің атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді
тапсырады;
3)халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе
Үкіметатынан өкілдік етуді тапсырады және мемлекетаралық шарттар мен
келісімдерге қол қояды;
4)Республика Президентіне Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; Үкімет
құрамына кірмейтін министрліктерді, орталық атқарушы органдарды құру, қайта
құру және тарату туралы; министр, облыс, республикалық маңызы бар қала мен
республика астанасының әкімі қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар
жөнінде; Үкімет аппаратының басшысын, министрді, оның ішінде Үкімет жүргізп
отырған саясатпен келіспейтіе немесе оны жүргізбей отырған министрді
орнынан босату туралы ұсыныстар енгізкді;
5)Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдар
үшін қаржыландырудың және қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай
жүйесін ҚР Президентіне бекітуге ұсынады;
6)Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндап
отырады;
7)Үкімет мүшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар
басшыларының есебін тыңдап отырады;
8)Республиканың заңдарымен өзіне жүктелген басқа да өкілеттіктерді
атқарады.
Министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары
болып табылатын Үкімет мүшелері:
1)тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;
2)өз құзіреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес болады;
3)Республика Пермьер-Министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік
органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;
4)тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару
саласындағы істің жайынажәне заңдардың, ҚР Президенті мен Үкіметі
актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауап береді;
5)өздері басқаратын мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық
бөлімшелерінің құрылымын және штат саны лимитінің шегінде белгілейді.
Министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары
болып табылмайтын Үкімет мүшелері өз қызметін лоар туралы ҚР Үкіметі
бекітетін ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ
заңдармен көзделген шекте салааралық үйдестіруді жүзеге асыратын Республика
орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика
Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Министрлік Республика Үкіметінің құзіретіне жатқызылмаған мәселелер
бойынша өз құзіреті шегінде шешімдерді өз бетінше қабылдауға
өкілетті.Министрліктің құрылымын тиісті министр бекітеді. Министрліктің
құрылымдық бөлімшелері ведомстволар, департаменттер мен басқармалар болып
табылады. Министрліктің алқасы министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші
орган болып табылады. Алқаның сандық және адам құрамын министрліктің,
мемлекеттік комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан
министр бекітеді. Министрлік қабылданған шешімдер министрдің бұйрықтарымен
рәсімделеді.
Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті
құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын ҚР агенттігі Үкімет құрамына
кірмейтінорталық атқарушы орган болып табылады. Агенттік тиісті мемлекеттік
басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде
салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқару және рұқсат беру
міндеттерін жүзеге асырады. Агенттік құрылымын оның басшысы – төраға
бекітеді және, әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады. Агенттік
төрағасының жанынан алқа құрылады, ол консультативтік-кеңесші орган болып
табылады. Алқаның сан және адам құрамын агенттіктің төрағасы бекітеді.
Агенттік төрағасының бұйрықтары агенттіктің актілері болып табылады.
Республиканың орталық атқарушы органының комитеті ведомство болып
табылады.Оның аумақтық бөлімшелері болуы мүмкін.Ведомствоны тиісті орталық
атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Үкіметі құрады, қайта
ұйымдастырады және таратады. Ведомство Республиканың орталық атқарушы
органы құзіретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау
міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың ішкі саласын салааралық
үйлестіруді не оған басшылық жүзеге асырады. Ведомство шығаратын актінің
нысаны ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Ведомствоның құрылымын,
құзіретін және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібін
Үкімет белгілейді.
Жергіліеті мемлекеттік басқару – ҚР жергілікті мемлекеттік басқару
туралы 2001ж. 23 қаңтардағы ҚР Заңында және басқа да заң актілерінде
белгіленген құзіреті шегінде жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақта
мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын,сондай-
ақ тиісті аумақта істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызмет.
Жергілікті атқарушы орган (әкімият) – облыстың (республикалық маңызы
бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта
жергілікті мемлекеттік басқаруда жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
Әкім – ҚР Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды
басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың
жүргізілуін, ҚР орталық атқарушы органдарының барлық аумақтың
бөлімшелерінің үйлесімді қызмет етуін, ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік
басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық
дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.
Жергілікті атқарушы органдар хүйесіне мыналар кіреді:
- облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкімият;
- аудандық (облвстық маңызы бар қалалық) әкімият.
Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық
маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), округтік әкімияттар
құрылмайды.

h42 Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарының қызметіндегі
заңдылықтың сақталуын қадағалау

2.1 Атқарушы билік органдарының қызметіндегі заңдылық ұғымы, оны қамтамасыз
ету әдістері, заңдылықтың сақталуын қадағалау институттары

ҚР Конституцияның 34 бабына сәйкес Әркім ҚР Конституциясын және
заңдарын сақтауға, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті делінген,
яғни, лауазымды адамдар,азаматтар және олардың бірлестіктері Крнституция
мен заңдарды сақтауға міндетті.
ҚР Конституциясын және заңдарын сақтау қажеттілігі туралы талаптар ең
алдымен мемлекеттік тұрақталықты қолдауға, республиканың конституциялық
құрылысының негіздерін нығайтуға, құқық тәртібі мен әр адам өмірінің
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен бірге, Қазақстан
Республикасында қабылданатын нормативтік актілер еліміздің Крнституциясына
қайшы келмеуі тиіс. Конституцияның жоғарғы заңдылық күші Конституцияға
қайшы келетіннормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген
құқықтық нормаларының, ережелерінің заңдық күші жоқ деп есептелетін және
олардың күшін жоюға жататындығын білдіреді.h4
Сондықтан, мемлекет пен қоғамда қабылданған нормативтік актілер баршаға
бірдей міндетті.Конституция мен заңдардың ұйғарымдарын бұзушылық үшін
жауаптылықтың қылмыстық, әкімшілік, тәртіптілік жауаптылық түрі белгіленуі
мүмкін. Міне, осы негізгі талаптар атқарушы билікті жүзеге асыру аясында
заңдылық мәнін анықтайды.
Мемлекетімізде құқық субъектілерінің ең көп тобын атқарушы билік
орагндары құрады. Олар тек қана заңдарды және одан туындайтын актілерді
қолданып қана қоймай, сонымен қатар көптеген құқықтық актілердің жобаларын
дайындап, оларды қабылдауды жүзеге асырады. Қабылданған нормативтік актілер
мемлекет пен қоғам қажеттілігін нақты анықтауы қажет. Ол барлық атқарушы
билік органдарының дұрыс және кесімді жұмысын, сонымен бірге экономиканы,
әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-саяси аяларды табысты басқаруды жүзеге
асырудың қажетті жағдайы болып саналады. ҚР атқарушы билігін жүзеге
асыратын органдардың (үкімет, министрліктер, ведомстволар) негізгі міндеті
Республика заңдарының, Президент актілерінің, өзге де нормативтік
актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Құқықтық мемлекет құруда атқарушы билік органдарының еліміздің
нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету барысында оларды
бұзулары, лауазымды адамдардың әрекетсіздігі кері нұсқан келтіреді.
Сондықтан, мемлекет, атқарушы билік органдары қызметінде заңдылық пен
тәртіпті тиімді қамтамасыз етуі қажет. Сонымен бірге, тек ҚР бүкіл
аумағында заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл орындалуы
ғана емес, слнымен қатар олардың біркелкі қолдануын қамтамасыз ету қажет.
Бұл талап басқарушылық қызметінің барлық қатысушыларына, яғни,
басқаратындар мен басқарылатындарға қатысты.
Атқарушы билік органдарының қызметінің тиімділігі тек қана заңдылықтың
жоғары болуынан ғана емес, сонымен қатар, басқарушылық үрдіске
қатысушылардың тәртіптілігіне тәуелді болады. Мемлекеттік тәртіп – бұл
мемлекеттік билік органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің
қызметшілері мен жұмыскерлері және азаматтардың мемлекеттің міндеттері мен
функцияларына және мемлекет белгілеген ережелерді және нақты ұйғарымдарды
тәжірибелік тұрғыда жүзеге асыруда сақтау, дұрыс және бұлжытпай
орындау.Заңдылық пен тәртіпті атқарушы билік органдары қызметінде нығайту
мақсатында мынадай жұмыстар жүргізіледі, оларға:
- атқарушы билік органдары жүйесін одан әрі жетілдіру, оңтайландыру
және олардың құқықтық статусын нақты анықтау;
- мемлекеттік қызметшітердің жалпы және лауазымды міндеттері мен
құқықтарын белгілеумен қатар олардың жеке жауаптылығының шегін
анықтау;
- азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге
байланысты құқықтық актілерді қабылдау;
- азаматтарды заңға деген құрметтеу көрсетуге тәрбиелеу, олардың
құқықтық мәдениетін көрсетуге, құқықтық насихат пен жалпы құқықтық
оқы
тудың насихаттау және т.б.

h42.2 Атқарушы билік органдары қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз
ету әдістері

Атқарушы билік органдары қызметінде заңдылық пен тәртіпті қалыпта ұстау
мен нығайту міндеттері жүктелген мемлекеттік органдардың ерекше жүйесі
қызмет атқарады. Олар қызметінде қолданатын қүқықтық және ұйымдастырушылық
нысандар мен тәсілдер, тәжірибелік әдістер, операциялардың жиынтығы
заңдылықты қамтамасыз етудің әдістері деп ата-лады.
Оларға бақылау және қадағалау, қоғамдық бақылау, сонымен бірге
шағымдау, яғни шағымдану құқығын жүзеге асыру жатады.
Бақылау - бұл объект қызметінің процесінде алдына қойылған міндеттерден
ауытқуын орнықтыру мақсатында жүргізілетін байқау және тексеру жүйесі.h4
Атқарушы билік органдары қызметіне бақылау жасаудың мағынасы мынада,
соған өкілеттенген мемлекеттік орган (заң шығарушы, атқарушы және сот
билігі) және қоғамдық бірлестіктер үйымдастырушылық-құқықтық әдістер мен
құралдарды қолдана отырып, өздеріне бақылаулы атқарушы билік органдарының
және олардың лауазымды адамдарының қызметінде қандай да болмасын заңдылықты
бұзушылыққа жол берілгендігін анықтау, егер олар табылған жағдайда,
уақытында жоюға, бүзылған құқықтарды қалпына келтіру, кінәлілерді
жауаптылыққа тартуға және заңдылық пен тәртіп бұзушылықтарды жасауға ықпал
еткен себептер мен жағдайларды жою үшін шаралар жүргізеді.
Заңдылықты қамтамасыз ету әдісі ретінде бақылауды сипаттайтын бірнеше
белгілер бар.Біріншіден, бақылаушы орган (лауазымды адам) және бақылаулы
объектінің арасында бағыныштылық немесе ведомстволық қатынас
болады.Екіншіден, бақылау объектісі болып заңдылық және бақыланатынның
қызмет мақсаттылығы саналады.Үшіншіден, бақылаушы бақыланатынның
шешімдерінің күшін жояды, яғни тексеріс жүргізу кезінде бақыланатын орган
азаматтардың немесе заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзуға әкеліп
соғатын шешімдерін тоқтатады.
Республикамызда басқару қызметін ұйымдастыруды жетілдіруге мемлекеттік
органдардың іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, басқарушылық
шешімдерді жедел қабылдауға, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын
сақтауға, мемлекеттік мүдделерді қорғауға, мемлекеттік қызметшілердің
лауазымдық өкілеттікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануына жол бермеуге
жәрдемдесетін әкімшілік рәсімдерді белгілеуге бағытталған ҚР "Әкімшілік
рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашада қабылданған Заңы қамтамасыз етеді.
0сы заңның 6-бабының, 4-тармағына сәйкес "Қабылданған шешімдерді
уақытша және толық орындау мақсатында мемлекеттік орган немесе лауазымды
адам олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға тиіс".
Бақылау былайша бөлінеді:
1)құқықтық актілердің (орындалуы қүқықтық актілерде көзделген
шаралардың) орындалуын бақылау. Бұл жағдайда орындалуға тиіс шараларды
қамтитын барлық құқықтық актілер бақылауға алынады;
2)мемлекеттік органдардың басшы лауазымды адамдарының қызметтік
сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын
бақылау;
3)ішкі (тиісті мемлекеттік органның шегінде) және сыртқы (өзге
мемлекеттік органдардың қызметін) бақылау. Бұл орайда сыртқы бақылауды
жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар не осындай
бақылауға арнайы өкілеттілік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Бақылау:
- қажетті ақпаратты талап ету;
- орындау туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
- ревизиялар жөне құжаттық тексерудің өзге де нысандары;
- жергілікті жерге барып тексеру жолымен;
- заңдарға қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен жүргізіледі,
- мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметінің олардың алдына
қойылған міндеттерге сәйкестігі;
- орындаудың уақытылы және толымды болуы;
- орындау кезінде заңдар талаптарының сақталу өлшемдері бойынша
жүргізіледі.
Бір мәселе бойынша әр түрлі орындардың қатар тексерулер жүргізуіне,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген қайталап
тексерулер жүргізуге жол берілмейді.
Қадағалаудың атқарушы билік органдары қызметінде заңдылықты қамтамасыз
ету әдісі ретінде бақылаудан айырмашылығы бар. Қадағалаудың көмегімен,
арнайы мемлекеттік органдар өздеріне бағынышты емес органдар мен
тұлғалардың қызметінде заңдылықтың бұзылуын анықтау мақсатында тұрақты,
күнделікті байқаушылықты жүзеге асырады.
Қадағалаудың екі түрі бар: прокурорлық және әкімшілік.
Басқару аясында заңдылықтың қамтамасыз етілуіне айрықша көмегін
қоғамдық бақылау мен азаматтардың өтініштері мен шағымдары тигізеді.
Мысалы, ҚР "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылгы 31 мамырдағы ҚР
Заңының 19 бабына сәйкес, соттар мен басқа да мемлекеттік органдарда, өзге
де қоғамдық бірлестіктерде өз мүшелерінің қүқықтары мен заңды мүдделерін
білдіруге және қорғауға құқығы бар.
ҚР Конституциясының 1З-бабының 2-тармағында азаматтардың құқықтары мен
бостандыңтарының сотпен қорғалуына кепілдік беретін маңызды демократиялық
бастау, ал 33-бабының 1- тармағында, азаматтардың тікелей өзі өкілдері
арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ
жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.
Мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті камтамасыз ету әдістерінің
ішінде маңызды орын бақылауға жатады.
Жоғары талаптылы, жүйелілік және әрекеттілік бақылау және орындауды
тексеру атқарушы билік органдарының қызметкерлерін жауаптылықтыққа
тәрбиелеу, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудің тиімді құралы болып
саналады.
Бақылау барлық мемлекеттік органдардың және оларға бағынышты
объектілердің алдына қойылған міндеттерді атқару кезінде жүзеге асырылады.
Олар мемлекеттік деп аталады, яғни, мемлекет атынан мемлекеттік биліктік
өкілеттіктерді пайдалана отырып жүргізіледі.Атқарушы билік органдары
мемлекеттік аялар мен салаларында басқаруды жүзеге асыра отырып, мемлекет
атынан иеленген бақылаулың өкілеттіктерін кеңінен қолданады. Олар өздеріне
бағынышты басқару звенолары қызметін басқарады, қойған міндеттердің
орындалуын бақылайды, жоғары тұрған органдардың шешімдерін орындауларын
тексереді.
Мемлекеттік бақылау екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы. Жалпы
бақылау арқылы бақылаулы объектілердің бүкіл қызметі тексеріледі, ал арнайы
бақылау қандай да бір нақты сұрақты немесе бақылаулы объектінің бір қызмет
бағыты бойынша жүргізіледі.
Бақылау мазмұнына қарай сыртқы және ішкі болып бөлінеді, біріншісі
тексерілетін ведомствовоның жүйесіне кірмейтін орган тексереді, ал екіншісі
министрліктің, ведомствовоның және мекеменің өзіндік күштері арқылы
тексеріледі.
Мемлекеттік органдардың өкілеттілік көлемі мен сипаттына қарай
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың түрлері мыналарға
бөлінеді:
- Президенттік бақылау;
- заң шығару органдар бақылауы (Парламент);
- атқарушы билік органдарының бақылауы (жалпы, саларалық және салалық);
- соттық бақылау;
- ҚР Конституциялық Кеңесінің бақылаулығы.
Бақылаудың негізгі мақсаты атқарушы билік органдары мен олардың
лауазымды адамдарының заңдарды сақтауы, мемлекеттік қүрылымының
пәрменділігін, мемлекеттік реттеудің тиімділігін көтеру болып саналады.
Оның негізгі принциптері болып заңдылық, объективтілік, тәуелсіздік,
жариялық, үнемділік, заң мен қорғалатын мемлекеттік, коммерциялық және де
өзге құпияны сақтау саналады.
Бақылаудың мақсатына жету мен принциптерді сақтауды қамтамасыз ету
үшін, бір ғана бақылаушылық органның, яғни барлық билік тармақтарының
үстінен бақылауды жүргізген органың бөлуін талап етпейді, өйткені ол
биліктің тармақтарға бөліну принципіне қайшы келеді.
Сондықтан, атқарушы билік органдарына қызметтік бақылаулық
өкілеттіктерді жүргізу үшін әрбір мемлекеттік бақылау түріне қарай заңмен
белгіленеді.
ҚР Президенті атқарушы билік аясында бақылауды жеке өзі, сонымен бірге
президенттік құрлымдар арқылы, оның ішінде Президенттің Әкімшілігі арқылы
жүзеге асырады. ҚР Президентің 2002ж. 11 ақпандағы 806 Жарлығымен
бекітілген "ҚР Президенттің әкімшілігі туралы" ережеге сәйкес Президент
Әкімшілігі мемлекеттік органдардың қызметін жалпы бақылау, соның ішінде
мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау
міндетін жүзеге асырады.
Президент Әкімшілігі мемлекет басшысының аймақтық саяси саласында
өкілеттіктерін іске асыру мақсатында: Республика Президентінің актілері мен
тапсырмалары барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттің лауазымды
тұлғаларының сөзсіз және түбегейлі орындауына; Үкіметтің, орталық атқарушы
және өзге де мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар
қалалар мен Республика астанасы әкімдерінің, мемлекеттің өзге де лауазымды
тұлғаларының актілерінің Конституцияға, ҚР заңдарына, Республика
Президентінің актілеріне сәйкестігіне бақылау жасауды жүзеге асырылады.
Президент Әкімшілігі аталған бақылауды жүзеге асыру үшін:
- түрақты негізде тексерулер жүргізуді;
- қажет болған жағдайда тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша
түсініктемелерін тыңдайды және жазбаша түсініктемелер талап етеді;
- анықталған жолсыздықтарды, ҚР-ның заңдарын, Республика Президентінің
актілерін сақтамауды және оның тапсырмаларын орындамауды жою жөнінде
шаралар қолданады.
Президент Әкімшілігі жүргізілетін тексерулердің нәтижелері мен олар
бойынша қорытындалар ұдайы Республика Президентіне баяндалады.
Бақылаудың бұл түрінің реттелуі ҚР Конституциясында бекітілген.
Республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін
бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді (Конституцияның 53-
бабының, 2- тармағы).
Президенттің Республика Премьер-Министрін тағайындауына келісім береді
(53-бабының 5-тармағы). Премьер-Министрдің Үкімет Бағдарламасы туралы
баяндамасын тыңдап, Бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды.
Бағдарламаны қайтадан қабылдамай тастау әр Палата депутаттарының жалпы
санын, үштен екісінің дауысымен жүзеге асырылады және бұл Үкіметке
сенімсіздік көрсетілгенін білдіреді.
Сонымен қатар атқарушы билік аясында бақылаулық өкілеттіктерді
Парламент депутаттары жүзеге асырады, олар "ҚР Парламенті және оның
депутатарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокурорлық қадағалау жайлы
Прокурорлық қадағалау түсінігін ашу
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Прокурорлық қадағалау
Қазақстан Республикасы прокуратурасының Конституциялық – құқықтық мәртебесі
Прокурорлық қадағалаудың салалары
Прокурорлық қадағалаудың түсінігі
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Прокуратура қызметі мен даму тарихы
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Пәндер