Қазақстан Республикасының қор биржалары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... .3.4
І Бөлім. Қор биржасының мәні мен міндеттері...5.12
1.1. Қор биржасының түсінігі мен дамуы ... 5.8
1.2. Қор биржасын құрушылар және оның мүшелері, басқару органдары ... .8.12
ІІ Бөлім. ҚР қор биржасының даму ерекшелігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...13.22
2.1. Қазақстанда қор биржасының дамуы ... .12.18
2.2. Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар ... ... ... ... ... ... ... 18.20
2.3. Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды талдау..22
ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері және оларды
шешу жолдары ... ... ... ... 22.32
3.1. ҚР биржасының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары ... ... ...22.27
3.2. Қазақстан Республикасының қор биржасын жетілдіру шаралары ... ... ..28.31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ...33
Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы тек қана бұған дейін болған басқарудың формалары мен әдістерінің трансформациясы, тауар және қаржы нарықтарының функцияларының өзгеруі, экономиканың барлық саласының модернациялануы ғана емес, сонымен қатар әкімшілік экономика тұсында қажет болмаған кейбір экономикалық қызметтердің, атап айтқанда – қор биржасының және т.б. жандануына әкелді.
Жоспары экономика жағдайында қаржылық ағындардың жылжуы тек экономикалық ведомстволардың шешімімен анқыталды. Сондықтан сол кездері қор биржасына қажеттілік те болмады. 90-жылдары Қазақстан Республикасында қор нарығын жаңғырту айналасында үдеріс басталды. Бүгінгі таңда қор нарығы, нарықтық экономиканың басқа сегменттерімен салыстырғанда өте жылдам қарқынмен дамып келеді.
1. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, кредит, банктер. Оқулық – Алматы: «Экономика», 2006
2. Көшенова Б.А. Бағалы щқағаздар нарығы және биржа ісі. Оқу құралы – Алматы: «Экономика», 2007
3. Биржевое дело. Учебник/ Под ред. В.А. Галанова, А.И.Басова – «Финансы и статистика», 2001
4. Килячков А.А., Чалдаева Л.А. Планирование организационного построение компаний // «Финансы и кредит», 2000
5. Рынок ценных бумаг, 2003
6. Рынок ценных бумаг. Учебник/ под ред. В.А. Галанова, А.И.Басова – «Финансы и статистика», 2004
Предпринимательство в Республике Казахстан : По сост.на 1 июля 2003 года. -
Алматы: Юрист 2003
7. Жолдасбаева Г.Ө. „Кәсіпорын экономикасы,,: Алматы, Экономика, 200316.
Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Актілер жинағы. 2003- № 49
8. Кәсіпкерлік ерекше экономикалық құбылыс. Группа авторов преподавателей КазГУ. Алматы - 1999 г.
9. Таубаев А.А. Кәсіпорын экономикасы. Қарағанды ҚҚЭУ, 2013ж.
10. Мұхамбетова З.С. Кәсіпорын экономикасы. Қарағанды ҚҚЭУ, 2013ж. .
11. Тержанова А.Ж. Экономика предприятия. Караганда, КЭУК, 2013.
12. Налоговый кодекс Республики Казахстан «о налогах и других обязательных платежах в бюджет» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 01.01.2012год) Алматы 2012

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
колледж аты

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының қор биржалары

Орындаған: топ оқушысы

Тексерген:

Орал 201

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І Бөлім. Қор биржасының мәні мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..5-12
1.1. Қор биржасының түсінігі мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-8
1.2. Қор биржасын құрушылар және оның мүшелері, басқару органдары ... .8-12
ІІ Бөлім. ҚР қор биржасының даму ерекшелігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...13-22
2.1. Қазақстанда қор биржасының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-18
2.2. Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар ... ... ... ... ... ... ... 18-20
2.3. Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21-22
ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері және оларды
шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22-32
3.1. ҚР биржасының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары ... ... ...22-27
3.2. Қазақстан Республикасының қор биржасын жетілдіру шаралары ... ... ..28-31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... , ... ... .. ... ..33

Кіріспе
Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы тек қана бұған дейін болған басқарудың формалары мен әдістерінің трансформациясы, тауар және қаржы нарықтарының функцияларының өзгеруі, экономиканың барлық саласының модернациялануы ғана емес, сонымен қатар әкімшілік экономика тұсында қажет болмаған кейбір экономикалық қызметтердің, атап айтқанда - қор биржасының және т.б. жандануына әкелді.
Жоспары экономика жағдайында қаржылық ағындардың жылжуы тек экономикалық ведомстволардың шешімімен анқыталды. Сондықтан сол кездері қор биржасына қажеттілік те болмады. 90-жылдары Қазақстан Республикасында қор нарығын жаңғырту айналасында үдеріс басталды. Бүгінгі таңда қор нарығы, нарықтық экономиканың басқа сегменттерімен салыстырғанда өте жылдам қарқынмен дамып келеді.
Биржа дегеніміз бұл - ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.
Биржалық тауар түріне байланысты әлемдік практикада:
oo Тауар (тауарлы-шикізат) биржасы;
oo Қор биржасы;
oo Валюта биржасы болып үшке бөлінеді.
Биржалық сауданың ерекшелігі ретінде, ондағы мәмілелердің әрдайым бір жерде, қатаң белгіленген уақытта - биржалық сеанс өткізу уақытында және де барлық қатысушыларға ортақ, нақты ережелердің болуын айтуға болады. Биржа биржалық құндылықтармен жасалынатын мәмілелердің келісілуі мен орындалуының анық ұйымдастырушылық құрылымын, анық механизмін және мәмілелердің орындалуының сенімділігі жоғары бақылау жүйесін қамтамасыз етеді.
Осы тақырыптың маңыздылығы - қазіргі нарықтық экономика, соның ішінде қазақстандық экономика, құнды қағаздар мен қор биржаларынсыз қызмет етуі мүмкін емес, олар экономиканың ажырамас бөлшегі болып табылады. Қазіргі таңда қор бижалары нарықтық экономиканы тепе-теңдікте ұстаудың қамтамасыз етушісі. Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасында қор биржаларының қалыптасуының мәселелерін, оның қазіргі жағдайын, онда жасалатын мәмілелер түрлерін қарастыру болып табылады.
Жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде қор биржасы туралы жалпы түсінік беріліп, тақырыптың теориялық мәні ашылады. Келесі бөлімде талдау ретінде Қазақстан қор биржаларында жасалатын мәмілелер қарастырылады. Ал қорытынды бөлімде Қазақстан қор нарығының мәселелері мен оларды шешу жолдары ұсынылған. Жұмысты жазу барысында оқулықтар, газет-журналдармен қатар интернет желісі де пайдаланылды. Курстық жұмыста Қазақстан қор биржасының статистикалық мәліметтер келтірілген.

І Бөлім. Қор биржасының мәні мен міндеттері.
1.1 Қор биржасының түсінігі мен дамуы
Қаржылық қолдануды қосқанда ресурстардың бөлінісі жаңа экономикалық шарттардың формасына сәйкес экономикада қайта құруды міндет етіп қойып отыр. Нарық қатынасы дамыған елдерде қаржы ресурстарын тиімді түрде қайта бөлу қор биржалары арқылы жүзеге асады.
Қор биржасы - құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым.
Қор биржасы - бұл бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі орталандырылған, тіркелген сату орны бар нарық. Биржа деген терминнің шығуы туралы көптеген болжамдар бар. Соның бірі ежелгі грек сөзі ХVІ ғасырда пайда болған, ол Бельгиядағы Брюгте қаласындағы алаңнан шыққан, бұл алаңда ХІІІ ғасырда көпестердің жиналыстары өтетін болған. Шамамен 100 жыл өткеннен кейін, ХVІІ ғасырда, биржалар Америка құрлығында да пайда бола бастады. Алғашқы қор биржасы ХVІІ ғасырда Голландияда бағалы қағаздарды шығару және сату үшін пайда болған. Ал ХVІІ ғасырда биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастайды. Қор биржаларының ең кең дамыған көзі - капитализмнің монополизм сатысына өту кезеңі, яғни ХХ ғасырдың басы. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс кәсіпорындарының акцияларын шығару және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс фазасында баяулауына себепші болады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді, олар сатылатын тауарға байланысты: қор биржасы, валюта биржасы, тауар биржасы, еңбек биржасы.
Биржа түрлі қаржы құралдарын, сондай-ақ валютаны сататын және сатып алатын мамандандырылған сауда орталығы ретінде жұмыс істейді. Бұл - ЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарымен операция жүргізу алаңы. Түрлі инвестициялық құралдарға қары салуда, көбіне бұл құнды қағаздар түрінде болып келеді, зейнетақы жинақтары зейнетақы активтеріне айналады.
Биржа бүкіл әлем салымшылары ең төменгі есептік тәуекелі мен соған сәйкес үздік дәрежедегі халықаралық тәжірибесі бар кең спектрдағы қаржы құралдарын саудалауға, сонымен қатар биржаның әр алуан әрі сапалы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік алатын аймақтық жетекші қаржы нарығы болып табылады.
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраныс пен ұсыныс негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездсетін орын.
Ұйымдастыру - құқықтық тұрғыдан қор биржасы дегеніміз ресми бекітілген ережелер бойынша, биржалық делдалдардың қатысуымен қор құндылықтарын сатушылар мен сатып алушылар арасындағы сауда мәмілелері жүзеге асырылатын, жұмыс тәртібі реттелген қаржылық делдал мекеме болып табылады. Мұндағы ережелер мемлекет заңдарымен және биржа заңдарымен белгіленеді.
Қор биржасының барынша толық мәні экономикада төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді:
oo Қор нарығында биржалық делдалдармен бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша жинақталған және қорланған еркін ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру;
oo Ел үкіметінің шығындар мен өндірісті қаржыландыруы және кредиттендіруі;
oo Жалған капиталдың қалыптасуы және ұсыныс пен сұраныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілеу, құнды қағаздармен болатын операцияларды шоғырландыру.
Қаржылық ресурстарды қайта бөлу мен жұмылдыру, шоғырландыру процесінде қызмет етуші қор биржасы экономиканың маңызды буындарының бірі болып табылады. Ол қаржылық және өндірістік капиталдың арасындағы делдалы ретінде алға шығып және экономикалық дамудың қозғаушы бірден-бір күші болып табылатын инвестициялық процеске ықпал жасайды.
Қор биржасы мен оның қызметкерлерінің құнды қағаздармен тікелей еш мәміле жүргізбейтінін айта кеткен жөн. Қор биржасы осындай мәмілелерді өткізуге жағдай жасайды, қызмет көрсетіп, сатушы мен сатып алушыны байланыстырады, оларға орын беріп, кеңестік және арбитраждық қызмет көрсетеді, технологиялық қызмет ұйымдастырып, сол мәмілені жүзеге асыру үшін бәрін жасайды.
Әлемде 200-ге жуық қор биржалары бар. Бірқатар елдерде өздерінің ұлттық тарихи қалыптасқан қор биржалары жүйесі бар. Құқықтық мәртебесі тұрғысынан алғанда әлемде қор биржасының үш түрін кездестіруге болады: бұқаралық құқықтық, жекеменшік және аралас.
Бұқаралық-құқықтық типтегі қор биржалары тұрақты мемлекет қадағалауында болады (Германия, Франция). Мемлекет биржа сауда ережелерін құруға қатысады және олардың орындалуын қадағалайды, сауда кезіндегі құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, биржа маклерлерін тағайындап, оларды жұмыстан босатады.
Жекеменшік компаниялары ретінде қор биржалары (Англия мен АҚШ) акционерлік қоғамдар түрінде құрылады. Мұндай биржалар мүлдем өз бетінше қызмет жасайтын органдар. Биржадағы барлық мәмілелер елдің заңдарына сәйкес жүзеге асырылады, оны бұзу құқықтық жауапкершілікті талап етеді. Биржалық сауда тұрақтылығын қамтамасыз ету және сауда мәмілелерінің тәуекелін төмендету бойынша мемлекет өзіне еш кепілдік бере алмайды.
Егер қор биржалары акционерлік қоғам ретінде құрылып, бірақ олардың капиталының кем дегенде 50%-ы мемлекетке тиесілі болса, олар аралас ұйымдар типіне жатады. Мұндай биржалар көшінің басында сайланбалы биржалық комиссар биржа қызметін қадағалап, биржалық курсты ресми түрде тіркеп отырады.
Бір орталықта (моноцентрлік) және көп орталықты (полицентрлік) биржалық жүйелерді айырады. Бір орталықты биржалық жүйе жағдайында (Франция мен Жапония) басты орында елдің қаржы орталығында орналасқан бір биржа болады, ал қалған биржалар жергілікті маңыз алады (Лондон халықаралық қаржы биржасы). Көп орталықта жүйе жағдайында елде басты қор биржасынан басқа бірнеше ірі қор биржалары қызмет етуі мүмкін (Канада биржалар). АҚШ-та биржалық сауданың дамуы бір орталықты жүйеге де, көп орталықты жүйеге де жатқызуға келмейтін ерекше қор биржаларының жүйесінің пайда болуына алып келеді. Бұл елде Нью-Йорк қор биржасының сөзсіз басымдығына қарамастан, аймақтық биржалық институттар оның қосалқы бөліміне айналмай, өз дербестігін сақтап, жалпы мемлекеттік биржа жүйесі шегінде қызмет жүргізіп келеді.
Қор биржасы қаржы нарығын реттеушілердің бірі болып табылады. Биржаның негізгі рөлі қаржы және несиелік капитал қозғалысына қызмет көрсетуде: бір жағынан бұл капиталды жинақтап, шоғырландырса, екінші жағынан мемлекет пен түрлі субъектілеріне несие беріп, қаржыландырады. Қор биржасының ел экономикасындағы рөлі меншіктің мемлекет тарапынан кету дәрежесімен, дәлірек айтсақ, жалпы ішкі өнім өндірісіндегі акционерлік меншіктің үлесімен анықталады. Сондай-ақ, биржа рөлі тұтасымен алғанда құнды қағаздар нарығының даму деңгейіне байланысты.

1.2.Қор биржасын құрушылар және оның мүшелері, басқару органдары.
Биржа неғұрлым ірі әрі дамыған болса, ол өзінде саудаға түсірілетін бағалы қағаздарға соғұрлым қатаң талаптар қояды. Ірі биржалардың тізімдеріне кіргізілу - бұл акционерлік қоғамдар үшін бедел мәселесі және жоғары деңгейінің көрсеткіші.
Биржаға шыққан компаниялардың деңгейі әр түрлі болатынын ескере отырып, биржалар қай компанияның қандай деңгейге сәйкес келетінін көрсететін түрлі санаттарды енгізеді. Биржа оның құрушылардың (құрылтайшы) еркімен және қызмет ету мерзімінің шектеусіз құралады. Сондықтан, биржаның құрылтайшылары деп өзара құрылтай шартын жасасқан ерікті топ мүшелерін есептейді.
Құрылтайшы неғұрлым көп болса, соғұрлым биржаның қаржылық-материалдық жағдайы мықты болады деп саналады. Әйтсе де құрылтайшылардың көптігі биржаны басқаруды күрделендіреді деген де тұжырым бар.
Құрылтайшылардың құрамы биржаның түріне байланысты болады. Мысалы, тауар биржасын құрушылар жеке тұлға да, сондай-ақ заңды тұлға да болуы мүмкін.
Биржаны құрушылардың оны ұйымдастырушысы ретіндегі міндеттері:
oo Биржаның ішкі нормативтік құжаттарын дайындау;
oo Биржалық сауданы ұйымдастыру үшін қажетті мүліктерді қалыптастыру;
oo Биржаның ұйымдық-құқықтық формасына сәйкес көлемде жарғылық капитал жинақтау;
oo Белгіленген тәртіп бойынша биржаны тіркеуден өткізу;
oo Биржалық сауданың ұйымдастырушысы құқығын беретін лицензия алу;
oo Биржа мүшелерінің жалпы жиналысын өткізу.
Биржаның жарғысына сай оның мүшесі болып жарғылық капиталын қалыптастыруға не мүшелік жарна, не жабдықтарына мақсатты жарна төлеген жақтар саналады. Жеке тұлға да, заңды тұлға да биржа мүшесі болуы мүмкін.
Биржалық сауда-сатыққа кім қаласа сол қатыса алмайды, тек оның мүшелері ғана қатысады. Биржаның мүшелері кейбір елдерде тек жеке тұлғалар, кейбір елдерде тек заңды тұлғалар бола алады. Алғашқыларының қатарына бағалы қағаздар мен жеке дара сауда жасайтын тұлғалар (биржаның біліктілік талаптарына сай келетін, қаржылық және инвестициялық мәселелер жөніндегі маман) жатады. Заңды тұлғалардан биржада мамандандырылған несиелік-қаржылық мекемелер өкілдік етеді, олардың құрамына тар мамандандырылған биржалық фирмалар (брокерлік фирмалар мен инвестициялық банктер) кіреді.
Тағы бір ерекшелігі - биржаның барлық мүшелері ондағы өздерінің орындарын сатып алады. Бірақ бұл орайда биржаға мүше қабылдаған кезде, ақша басты айқындаушы жайт болып табылмайды. Оның әр мүшесі біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.
Қор биржасының мүшелері екі санатқа бөлінеді. Олардың бірін брокерлер (биржалық макперлер) құрайд, олар - бағалы қағаздарды, валюталар мен басқа да қаржылық активтерді сатып алушылар мен сатшылар арасындағы мәмілелерді жасаған кездегі делдалдар, өздерінің делдалдығы үшін белгілі бір сыйлық алады (белгіленген пайызға сәйкес комиссиялық сыйақы немесе куртаж). Биржашылардың комиссиялық сыйақыларының мөлшерлемесі мәміленің көлеміне қарай құралады.
Брокерлер бағалы қағаздар мен делдалдық мәмілелерді жасай отырып, клиенттердің тапсырмасы бойынша әрі солардың есебінен әрекет етеді. Кейбір жағдайларда олар мәмілелерді өз есебінен жасауы мүмкін. Қазіргі кезде делдалдық операциялардың негізгі бөлігін банктермен тығыз байланысы бар ірі брокерлік фирмалар жүзеге асырады.
Қор биржасының мүшелерінің екінші тобы дилерлерден құралады, бұлар - бағалы қағаздарды сатып алу-сатумен айналысатын жекелеген тұлғалар немесе фирмалар, банктер. Олар өз атынан және өз есебінен әрекет етеді. Дилерлер мәмілелерді тек өз араларында және брокерлермен ғана жасай алады. Дилерлердің пайдасы сатушынығ бағамы мен сатып алушының бағамының арасындағы айырманың есебінен, сондай-ақ валюталар мен бағалы қағаздардың бағамдарының өзгерістері есебінен, яғни, түптің түбінде өздері бағалы қағаздарды сатып алатын және сататын бағалардың айырмасы ретінде қалыптасады.
Биржа мүшелерінің құқығы мыналар:
oo Биржаның жалпы жиналысына қатысу және оның ісін басқару;
oo Басқару және бақылау органдарын сайлау және оларға сайлану;
oo Биржаның мүлкін, ақпаратын және көрсететін барлық қызметін пайдалану;
oo Биржа затында өз атынан және өз есебінен (дилер қызметін орындау), сондай-ақ клиент атынан және клиент есебінен (брокер қызметін орндау) сауда жүргізу;
oo Биржа жабылғаннан кейін оның қалған мүлкін алуға қатысу.
Биржа мүшелерінің міндеттері:
oo Биржаның жарғысын және басқа да ішкі нормативтік құжаттарын орындау;
oo Жарғыда және нормативтік құжаттарда көрсетілген мөлшерде және тәртіпте жарна төлеу;
oo Биржаның мақсатын, міндеттерін орындауға және дамуын қамтамасыз етуге атсалысу.
Қор биржасының ағымдағы қызметін қолма-қол басқарушы орган - басқарма. Оның құрамына президент, вице-президенттер және қосалқы қызметкерлер кіреді. Биржалық кеңес бекіткен президент қор биржасының міндеттерінің орындалуына жеке жауапты, сондай-ақ ол биржаның құрылымдық бөлімдерінің қызметіне де жауап береді. Қаржылық-шаруашылық қызметке ішкі бақылауды тексеру комиссиясы жүргізеді. Ол комиссия төрағасы мен оның екі орынбасарынан тұрады. Комиссия құрылымдық бөлемшелердің экономикалық жағдайларын тұтас тексеріп, одан кейін биржаның жылдық есебі және баланстары бойынша қорытынды жазады.
Биржаның келесі атқарушы органы - арбитраждық комиссия. Ол мәмілеге қатысушылар арасындағы шаруашылық мәселелердің құқықтық тұрғыдан дәл шешілуін тексереді. Егер брокерлік фирма төлем немесе құжат жеткізу мерзімдерін орындамаса, арбитраждық комиссия айыппұл төлеу, ресми ескерту, кінәлілерді биржа мүшелігінен шығару тәрізді жаза қолданады.
Листинг бөлімі акционерлік компанияларды листинг тізіміне енгізу жөнінде жұмыс жүргізеді. Бұл бөлім сенімсіздеу эмитенттердің қаржы активтердің қор биржасына түсірмеу мақсатында бағалы қағаздарды мұқият талдау негізінде қатаң сараптау және іріктеу жүргізеді. Сөйтіп листинг инвесторлардың мүддесін қорғауды және биржа айналысындағы бағалы қағаздарға олардың сенімін арттыруды қамтамасыз етеді. Мысалы, АҚШ-та бағалы қағаздарды 20 мыңнан астам әр түрлі фирмалар мен компаниялар шығарады, алайда тек олардың оннан бір бөлігінің ғана бағалы қағаздардың биржада саудаға түсіруге рұқсаты бар.
Қор биржасындағы саудаға бағалы қағаздарды іліктіру механизмімен қатар оларды биржадан алу механизмі, яғни делистинг те бар. Делистинг акцияның құнсыздану жағдайында, компанияның дағдарысқа ұшырауы, капиталының азаюы, есепті жыл ішінде шығындардың көбеюі, биржаның алдындағы кез-келген міндеттемесін орындамауы және т.с.с. себептер әсерінен жүргізіледі. Делистингтің уақытша және тұрақты түрі болады. Уақытша делистинг кезінде бағалы қағаздар туындаған проблемаларды толық шешу үшін листинг алдындағы саудаға түсіріледі.
Сауда және брокерлер бөлімі биржа залында сауда жүргізу үшін қажетті жағдайларды жасап, барлық істерді реттейді. Сауда менеджері мен оның көмекшісі саудаға қатысушылардың қызметін бақылайды.
Клиринг бөлімі мәміле бекітілген соң қор мәмілесіне қатысушылар (брокерлер) арасындағы қолма-қол ақшасыз формадағы есеп айырысу операцияларымен шұғылданады. Бағалы қағаздардың әрбір типі бойынша есеп айырысудың арнайы кестесі құрылып, сонымен қоса сатушы мен сатып алушы арасында тікелей есептесу және қаржы активтерін жаңа иесіне жеткізіп беру ұйымдастырылады.
Ақпараттық-талдау бөлімі орталықтанған ақаратпен қамтамасыз етумен және бағамдық бақылаумен шұғылданады. Сондай-ақ биржалық бюллетеньді, анықтамалықтарды, есептерді, жарнамалық проспектілерді талдап, олар бойынша кеңес береді. Бағалы қағаздар бағамы және жасалған мәмілелер көлемі туралы ақпараттарды көпшілікке таратып отырады.

ІІ Бөлім. Қазақстан Республикасы қор биржасының даму ерекшелігі
2.1. Қазақстанда қор биржасының дамуы
Жалпы алғанда қор биржасы бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөлігі болып табылатыны белгілі, сондықтан Қазақстанда қор биржаларының қалыптастыру негіздерін қарастырғанда оны бағалы қағаздар нарығынан бөліп қарау дұрыс емес. Қазақстандағы қор биржасының қалыпты дамып, қызмет етуі үшін міндетті түрде ұйымдасқан, барлық талаптарға жауап беретін мықты заңнамалық база қажет екені белгілі. Бағалы қағаздар нарығы мен қор биржасын дамытумақсатында кейбір заңдар кеңес үкіметі кезінде де қабылданған болатын, бірақ ол қор биржасының тұрақты түрде халыққа қызмет етуіне жеткіліксіз еді. Шыны керек жоспарлы экономика тұсында қор биржасының қажеті де шамалы еді. Өйткені бұл тұста мемлекет барлығына өзі реттеу енгізіп, барлық мәселелерді өзі шешті.
Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету деген мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналысы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Сол заңдардың мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып, нарықтық қатынастарға бет алған қоғамның объективті экономикалық талаптарына сай келуі.
1917 жылы Қазан революциясына дейін Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі болғандықтан XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында азаматтық және сауда қатынастары орыстың саудалық-құқықтық ережелерімен реттелді. Революциядан кейінгі Кеңес Үкіметінің алғашқы онжылдықтарында аталған қатынастар РСФСР-дың азаматтық заңдарымен жүргізілді. Сол кезде бағалы қағаздардың айналасына толық құқықтық мүмкіндіктер туғызған жаңа экономикалық саясатқа байланысты шығарылған заңдар болды. Атап айтқанда, ақша нарығында вексель және чектер, яғни қысқа мерзімді төлем құралдары сауда келісімінде кеңінен қолданылды. Олармен қатар тауарларды сақтау, жылжымайтын мүліктерді сатып алу-сату келісімдерінде қоймалық, кепілдік куәліктер және т.б. бағалы қағаздар қолданылды. Заң жүзінде бағалы қағаздар туралы жалпы ұғым болғанымен, бұл айтылған қағаздардың өндірісті ұйымдастыру үшін қаражат жинауға мүмкіндігі жоқ. Ал негізгі бағалы қағаздарды, яғни ақшалар мен заңды тұлғалардың облигацияларын шығаратын және қор биржалары мен бағала лы қағаздар нарығының кәсіби делдалдары (дилерлер мен брокерлер) туралы құқықтық негіз болмады. Себебі делдалдар социализм және коммунизм идеяларына жат элементтер деп есептелді.
1977 жылы қабылданған КСРО Конституциясында да жеке меншік, еркін кәсіпшілік іс-әрекеттері қаралмағандықтан айналымға акциялар, облигациялар шығаратын акционерлік қоғамдар және басқа шаруашылық кәсіпорындары мен шаруашылық серіктестіктерін құру туралы құқық болған жоқ. Алайда, мемлекеттің өз ішінде айналымға түсетін мемлекеттік облигациялар шығарылып, олар бағалы қағаздар деп аталды. Мемлекетке облигация сатып, ақша тарту халыққа да облигацияны сатып алып, аз болса да не проценттік өсім, не ұтыс алу тиімді болды. Бірақ ол облигациялардың қолдан-қолға өтіп, сату-сатып алу айналысы, яғни бағалы қағаздармен ойын ұйымдастыратын қызығушылық ынта болмады. Себебі, мұнда азаматтық құқықтық негізгі - келісім еркіндігі сақталаған жоқ, яғни облигациялар міндетті түрде күшпен жалақының бір бөлігінің орнына берілді.
Дегенмен КСРО халықаралық сауда-есеп айырысуында төлем қаржысы ретінде вексельдер, чектер және сол сияқты төлем құралдарын кеңінен пайдаланды.
Заң шығарудың келесі кезеңі - экономиканың қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін табу кәсіпшіліктің тиімділігін арттыру сол сияқты азаматтардың өз бетімен шаруашылық жүргізуге қызығушылығын арттыратын механизмін құру жолдарын табу керектігін меңзеді. Осы кезде КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 19 маусымындағы шешімі Бағалы қағаздар туралы ережені бекітті, одан кейін 1991 жылғы 31 мамырда Кеңес Одағы және Одақтас Республикалар жаңа Азаматтық заңдардың Негіздерін қабылдады. Оның толық бір тарауы бағалы қағаздар туралы ұғымға және оның түрлеріне, сол сияқты бағалы қағаздарды басқа біреуге беру ережесінің негіздерін бекітуге арналған. Бағалы қағаздар туралы дәл осы Негіздер 1993 жылдың 30 қаңтарында Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің Экономикалық реформа жүргізу кезінде азаматтық құқық қатынастарын реттеу туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қабылдағанша өз күшінде болды.
Қазақстанда1990-1994 жылдары бағалы қағаздар шығарып және оларды нарықта сатуға мүмкіндік беретін жоғарыда айтылған Азаматтық заңдардың негіздерінде бірсыпыра құқықтық актілер қабылданды. Олар:
oo 1991 жылдың 21 маусымындағы Шаруашылық серіктестіктері және акционерлік қоғамдар туралы Қазақ КСР-ның акционерлік қоғамдар және ЖШС құрып, олардың өз жұмысын қаржыландыру үшін акциялар мен облигациялар шығаруына мүмкнідік беретін заң;
oo 1991 жылдың 11 маусымындағы Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы бағалы қағаздарды шығаруды реттеуге, оларды тіркеуге, бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық қызметті лицензиялауға, қор биржасын құруға және оның жұмыс істеуіне рұқсат беретін заң;
oo 1991 жылдың 13 қарашасындағы Қазақ КСР-ның Министрлер Кабинетінің қаулысы бекіткен Бағалы қағаздар туралы Ереже шығарылатын бағалы қағаздардың түрлерін және олардың әрқайсысында жазылатын мағлұматтарды белгіледі.
Содан кейін елімізде алғашқы акционерлік қоғам КТК (Крммерческий телевизионный канал) тіркелді. Ол өз қызметін және басқарылуын ақша үлесі арқылы іске асырып отырды. Осы жылы елімізде бағалы қағаздар рыногында алғашқы маманданған - брокерлер мен дилерлер ұйымы құрылды. Сондай-ақ Алматыда қор биржасы құрылып, өзінің бағалы қағаздармен алғашқы саудаларын жүргізе бастады.
1994 жылдың 20 наурызындағы Республика Президентінің Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру шаралары туралы жарлығы бағалы қағаздар нарығындағы қатынастарды реттейтін және бақылайтын мемлекеттік орган ретінде бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның ережесін бекітті.
Бұл жарлық 1991 жылғы: Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы Заңды және Бағалы қағаздар туралы Ережені жойды. 1994 жылдың алты айы бойы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы құқықтық қамтамасыз етілмеген жағдайда қалды. Тек 1994 жылдың 3 қазанындағы Министрлер Кабинетінің қаулысымен Бағалы қағаздар туралы уақытша ереже бекітілді. Ол Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негізі ретінде 1995 жылдың сәуіріне дейін пайдаланылды.
1995 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Бағалы қағаздардың ұлттық комиссиясы туралы Жарлығы шықты. Осы жарлыққа сәйкес елімізде бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия (БҚЖҰҚ) құрылды.
1996 жылдың аяғында Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған - Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазір де нарыққа бір ғана - Қазақстан қор биржасы қызмет көрсетуде.
1997 жылдың 5 наурызында Бағалы қағаздар нарығы туралы және Қазақстан Республикасында бағалы қағаздаремн мәмілені тіркеу туралы қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфрақұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің - брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.
1997 жылы жүргізілген тендердің нәтижесінде Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың халықаралық стандарты саналатын - Отыздар тобының ұсынысымен құрылған.
2001 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар туралы жарияланған жарлыққа сәйкес бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия таратылып, оның барлық өкілеттілігі мен қызметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне берілді. Осы күннен бастап 2003 жылдың 4 шілдесіне дейін бағалы қағаздар нарығын реттеуді Ұлттық Банктің бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттейтін департаменті жүзеге асырды.
Қазақстан бағалы қағаздар нарығының дамуы барысында көптеген заңдар мен заңнамалық актілер ескіріп, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талаптары туындады. Сондықтан бағалы қағаздар нарығының құқықтық инфрақұрлымын жетілдіру мақсатында соңғы жылдары бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру тәртібін, бағала қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін реттейтін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан мемлекеттік реттеу қатынастарының құрылымы мен тәртібін анықтайтын бірсыпыра жаңа заңдар қабылданды. Олар:
oo 2000 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы;
oo 2003 жылғы 13 мамырдағы Акционерлік қоғамдар туралы;
oo 2003 жылғы 2 шілдедегі Бағалы қағаздар нарығы туралы;
oo 2003 жылғы 4 шілдедегі Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы;
oo 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредитік тарихты қалыптастыру туралы;
oo 2004 жылғы 6 шілдедегі Инвестициялық қорлар туралы.
Бүгінгі таңда еліміздегі қор биржасы қызметін KASE АҚ атқарады. Қазақстан қор биржасы (KASE) 1993 жылғы 17 қарашада Қазақ банаралық валюта биржасы деген атпен құрылды. KASE - коммерциялық ұйым, ол акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында жұмыс істейді. KASE-нің 69 акционері бар(01.11.08 жылғы дерек бойынша) - Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы АҚ (ең ірі акционер), банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді басқару жөніндегі компаниялар, ҮЕЗҚ және басқа да қаржылық ұйымдар.
KASE Орталық Азиядағы аса ірі ұйымдастырылған қаржы нарығының операторы болып табылады. Ол қызмет көрсететін нарықтар: мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздаремн тікелей және автоматты репо; шетел валюталары (АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі); Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қаржы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар биржасының мүшелері
Қазақстан Республикасындағы биржаның жағдайы
Қазақстан Республикасындағы биржаның жағдайы туралы
Биржалық қызмет бағдарлары және Қазақстандағы қор биржалары
Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
Бағалы қағздардың түсінігі, оның түрлері, белгілері, қор биржалары, бағалы қағаздардың нарығы және бағалы қағаздардың құқықтық негіздері
Биржа ісін талдау
Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қалыптасуы
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Пәндер