Қосалқы станциядағы жөндеу жұмыстары


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

Реферат

Тақырыбы: Қосалқы станциядағы жөндеу жұмыстары

Орындаған:

Тексерген:

Орал 2017

Техникалық қызмет көресету және жөндеу жүйесі туралы ереже электр қуатын беруге, трансформациялауға, бөлуге, өндіруге және түрлендіруге арналған, 110 кВ дейінгі на электр қондырғыларына (машиналар, аппараттар, желілер, қосалқы жабдық) таралады.

Электр қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі осы қондырғылардың ұзақ уақыт жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған, өзара байланысты ұйымдық-техникалық шаралардың, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу құралдарының, құжаттарының және орындаушылардың жиынтығы болып келеді.

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесінің мәні белгілі бір жұмыс істегеннен кейін электр қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігінің осылардың кезектесуі және мерзімділігі атқаратын міндетімен, конструкциялық және технологиялық ерекшеліктерімен, пайдалану жағдайларымен және сенімділік бойынша талаптармен анықталатын тексеріп шығуларды, тексерулерді, сынақтарды және жөндеулерді жүргізу арқылы қалпына келтірілетіндігінен тұрады.

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесі туралы ереже жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру тәртібін, ұйымдық нормативтік-техникалық құжаттарды жүргізуді анықтайды, электр қондырғыларының әр түрі үшін негізгі жөндеу нормативтерін (жөндеу циклын және оның құрылымын, жұмыстардың типтік нысандарын және жөндеудің барлық түрлері бойынша еңбек сыйымдылығын, жабдықтың, қосалқы бөлшектердің және жинақтаушы заттардың қоймалық резервін, материалдардың шығындалуын) қарастырады.

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесінің негізгі мақсаттары болып: технологиялық жабдықтың жұмыссыз тұруларын қысқарту; жұмысқа қабілеттілікті ұстап тұруға және қатардан уақытынан бұрын шығып қалудың алдын алуға бағытталған, электр қондырғыларын пайдалану және жөндеу жөніндегі ұйымдық-техникалық шараларды жүргізу; минималды күрделі салымдар, уақыт, еңбек, материалдық және қаржы ресурстары кезінде қызмет көрсету және жөндеу сапасын жақсарту; техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ұйымдық деңгейін, персоналдың жауапкершілігін арттыру табылады.
Техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің түрлері
Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесі жоспарлы жұмыстардың келесі түрлерін қарастырады: техникалық қызмет көрсету (ТҚК) ; ағымдағы жөндеу (АЖ) ; күрделі жөндеу (КЖ) .

Техникалық қызмет көрсету- бұлэлектр қондырғыларының пайдалану барысында, сақтаған, күткен және тасымалдаған кездегі жұмысқа қабілеттілігін немесе жарамдылығын ұстап тұруға арналған жұмыстардың кешені.

Техникалық қызмет көрсету: электр жабдығын қарап шығуды, жүйелі түрде бақылауды және жарамсыздықтарын анықтауды; эксплуатациялық күтуді (жағармайды толықтыру, тазарту, салқындату жүйелерінің күйін тексеру және т. с. ) ; қолданыстағы ережелердің және нормалардың, өндірістік нұсқаулардың талаптарына сәйкес жұмыс режимдерін және сенімділікті бақылауды (тексеру, сынау) ; ұсақ ақауларды жою, босап кеткен бекіткіштерді және бөлшектерді тартуды қарастырады.

Қарап тексеру - бұл жөндеуінің үлкен еңбек сыйымдылығы бар электр қондырғыларын бақылау және жарамдылығын ұстап тұру операциясы. Қарап тексеру кезінде: жабдықтың және желілердің күйін тексеру; пайдалану ақауларын және қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкессіздікті анықтау; ағымдағы және күрделі жөндеулер кезінде орындалуға тиісті жұмыстардың құрамын және көлемін дәлдеп тексеру жүргізіледі.

Тексеру (сынау) - бұл апаттық жағдайлардың пайда болуын дер кезінде табу және алдын алу мақсатында жүргізілетін, екі кезекті жоспарлы жөндеулер арасындағы кезеңде электр қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігін және қауіпсіздігін бақылау.

Ағымдағы жөндеу - бұл электр жабдығының кепілдік берілген жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жекелеген бөлшектерді алмастырудан және (немесе) қалпына келтіруден тұратын жөндеудің түрі. Ағымдағы жөндеу жабдықты тоқтатуды және желілерді өшіруді талап етеді.

Күрделі жөндеу - бұл базалық бөлшектерін қоса отырып, оның кез келген бөлшектерін алмастыра немесе қалпына келтіре отырып, электр жабдығының жарамдылығын қалпына келтіру және ресурсын толық (немесе толыққа жақын) қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеудің түрі. Күрделі жөндеу жабдықты тоқтатуды және желілерді өшіруді талап етеді. Күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін нормаларға сәйкес сынақтардың толық бағдарламасы жүргізіледі.

Жоспарлы емес жөндеу - бұл осының орындалуы нормативтік құжаттармен ойластырылған, бірақ жоспарлы емес ретпен жүргізілетін жөндеу. Жоспарлы емес жөндеу апаттың нәтижесінде тоқтап қалулардың немесе зақымданулардың зардаптарын жою мақсатында жүргізіледі.

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жоспарлау және ұйымдастыру
Жөндеу циклының құрылымы

Техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жоспарлау мен ұйымдастырудың негізі жөндеу циклының құрылымы болып табылады. Жөндеу циклының құрылымы - бұл оларды жүргізудің мерзімділігімен анықталатын, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің жоспарлы операцияларын кезектестірудің реттілігі. Ол жұмыстың нақты жағдайларын және өнім жасаушы заводтардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық пайдаланудың қолданылып отырған ережелеріне (ТПЕ) сәйкес белгіленеді.

Жөндеу циклы -осының барысында нормативтік құжаттармен қарастырылған, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің белгіленген түрлері белгілі бір реттілікпен жүргізілетін, электр жабдығын пайдаланудың ең аз қайталанып отыратын кезеңі.

Жөндеу арасындағы кезең - екі жүйелі түрде өткізілген жөндеудің арасындағы уақыт.

Қарап тексеру арасындағы (тексеру арасындағы, сынақ арасындағы) кезең - екі жүйелі түрде өткізілген қарап тексерулер (профилактикалық тексерулер, сынақтар) арасындағы уақыт.

Жөндеу циклын, жөндеу арасындағы және қарап тексеру арасындағы (тексеру арасындағы, сынақ арасындағы) кезеңдерді жұмыстың жағдайларына, жабдықтың конструкциясының, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеу технологиясының жетілдірілуіне, электр схемаларының сенімділігінің артуына байланысты электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға өзгертіп отыруы мүмкін.

Техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау

Техникалық қызмет көрсету белгіленген мерзімділікпен жоспарлы ретпен жүзеге асырылатын, регламенттелген және күн сайын жүзеге асырылып отыратын, регламенттелмеген болып қарастырылады.

Маусымдық техникалық қызмет көрсету электр қондырғыларын көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер алдында қайта баптаудан тұрады.

Техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау электр жабдығын жөндеулердің жылдық жоспар-кестесін жасаған кезде жөндеуді жоспарлаумен бір мезгілде жүргізіледі.

Электр жабдығын және оның жерге тұйықтаушы қондырғыларын қарап тексерулер регламенттелген техникалық қызмет көрсетудің құрамында, сондай-ақ қызмет көрсетуші персоналдың үнемі қатысуымкен, күн сайын нысандарда жүзеге асырылады.

Электр берілісінің әуе желілері және осы желілердің жерге тұйықтаушы қондырғылары үшін қарап тексерулер дербес операциялар ретінде жоспарланады және қарап тексерулердің кестесі бойынша жүргізіледі.

Қызмет көрсетуші персоналдың пайдалану (жедел) журналындағы электр қондырғыларының жұмысы бойынша ескертулерді жазуының негізінде техникалық қызмет көрсету (немесе қарап тексеру) белгіленген мерзімнен ертерек те жүргізілуі мүмкін.

Электр қондырғыларын тексерулер (сынақтар) дербес ретінде жоспарланбай (ерекше жауапты электр схемаларды және жабдықты қоспағанда), жоспарлы жөндеулердің құрамына кіреді. Бұл ретте реле қорғанысы және автоматика қондырғыларын тексеру ТПЕ талаптарына сәйкес, ал электр қондырғыларын сынақтар - «Тұтынушылардың электр жабдығын және электр қондырғыларының аппараттарын сынау нормаларына» сәйкес жүргізіледі.

Жөндеулерді жоспарлау

Жоспарлау: айлар бойынша бөле отырып, электр жабдығын жөндеудің жылдық жоспар-кестесін; осы желілерді күрделі жөндеудің көпжылдық кестесінің негізінде жасалған, 0, 4 - 6 (10) кВ және 35 - 110 кВ электр берілісінің әуе желілерін күрделі жөндеудің жылдық жоспар-кестесін; осы желілерді ағымдағы жөндеудің көпжылдық кестесінің негізінде жасалған, 0, 4 - 6 (10) кВ және 35 - 110 кВ электр берілісінің әуе желілерін ағымдағы жөндеудің жылдық жоспар-кестесін жасаудан басталады.

Көпжылдық және жылдық жоспар-кестелерді энергетика қызметінің бөлімшелері жасайды, бас энергетикпен (электр шаруашылығы үшін жауапты тұлғамен) және тиісті инженерлік-технологиялық қызметтердің басшылығымен келісіледі (жылдық график), өндірістік бөлімшенің бас инженері бекітеді.

Жылдық жоспар-кесте электр қондырғыларын жөндеулерді ұйымдастыру бойынша негізгі құжат болып табылады. Ол электр жабдығының әрбір бірлігіне (электр берілісінің желісіне) жасалады және жұмысшы күшіне, материалдарға, қосалқы бөлшектерге және жинақтаушы заттарға деген қажеттілікті анықтау, электр қондырғыларын жөндеуге және пайдалануға жылдық сметаларды, цехтық шығындардың сметаларын жасау үшін негіз болып қызмет етеді.

Жөндеулерді жоспарлау электр қондырғыларының техникалық күйін, олардың пайдаланылу жағдайларын және жүктелу дәрежесін, технологиялық жабдықты жөндеу мерзімдерін ескере отырып, жөндеу циклының құрылымының негізінде жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ажыратқыштарды түзету әдістері
Павлодар қаласының электр желісінің картасхемасы
Технологиялық байланыстың классификациясы
Мұнай тасымалдау стансаларының диагностика жүйесі
Электрлік станция мен қосалқы станция жайлы жалпы сипаттама
Ebilock 950 микропроцессорлық орталықтандыру жүйесінің мақсаты
Электрэнергиясының техникалық шығындары
Электр энергияның техникалық шығындары
Темір жол станциялары мен тораптары
Блоктардың электрлік сұлбалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz