IDEF0 – модельдеуі барысында декомпазиция


Кіріспе

Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.

IDEF0 - модельдеуі барысында декомпазиция және оның стратигиялары

Пәндік облыстын IDEF0 - моделін құру барысында шектелген субъект декомпазициясы әдісі қолданылады.

Декомпазиция - бұл белгілі бір блок және онымен байланысқан доғаны нақтылайтын диаграмма құру процессі. IDEF0 - декомпазициясы талдау (элементтің одан да ұсақ бөліктерге бастапқы бөлінуі) бен синтезді (элементтің мағыналық сипаттамасы үшін олардың кейінгі бірігуі) қамтиды.

Шектелген субъект декомпазициясы әдісіне сүйене отырып, автор алдымен жүйелік объектілерді талдау мен синтездеуді жүргізеді. Мәліметтер тізімі барлық шекаралық доғалар және олардың ICOM-кодтарының құрамдастарының кейінгі нақтылауынан басталады. Осыдан кейін, кейбір құрамдастар объектілердің мағыналық бөлініп айрықшалануы үшін біріктірілуі мүмкін.

Содан сон, автор жүйенің функцияларына деректер тізіміне сәйкес толық талдау және синтез жүргізеді. Жаңа басқарушы доғаларды біріктіру және енгізу процессі кезінде кейінгі нақтылау үшін функциялар тізімі құрылады. Бұл функционалды бөліктер бірігіп, үш - алты блокты жинақтарға айналады.

Фнкционалды бөліктер анықталынғаннан кейін деректер тізімі мен функциялар тізімі диаграмманың қолжазбалық нұсқасы үшін қолданылады. Нәтижесінде блоктарды біріктіретін доғалар болып ұсынылатын объектілер жинағы қалыптасатын талдау мен синтез жүргізіледі.

Бұндай декомпазицияның орындалу реті өте маңызды, себебі IDEF0 методалогиясында объектілірді талдау функция талдауына орасан зор әсер етеді.

Диаграмма құрастыру барысында тәжірибиелі модель әзірлеуші үздіксіз декомпазиция стратегиясына және оның модель сапасына әсерін бақылап отырады. IDEF0 - моделін құру барсында келесі стратегиялар өте жиі қолданылады:

  1. Функционалды стратегия. Жүйенің функционалды қарым- қатынасына негізделеді. Осы стратегияны мүмкін болғанша әрдайым ұстанған жөн.
  2. Адамдар және ұйымдар орындайтын функцияларға сәйкес декомпазиция. Бұл стратегияны тек жұмыстын басында ұстанған жөн. Ол жүйе туралы бастапқы ақпаратты жинақтауға көмектеседі.
  3. Белгілі тұрақты ішкі жүйелерге сәйкес декомпазиция. Ол модельдер жинағының құрылуына әкеледі - әрбір ішкі жүйе немесе маңызды компанентке сәйкесінше бір- бір модельден. Сосын бүкіл жүйені сипаттау үшін барлық бөлек модельдерді біріктіру үшін құрамдас модель құрылады. Стратегия команда мен басқару жүйелеріне негізгі жүйе бөліктеріну бөліну өзгермейтін жағдайда тиімді.
  4. Жүйенің негізгі кірістерінің «Өмірлік циклін» қадағалау негізінде құралған декомпазиция. Өздерінің кірістерін үздіксіз түпкі өнімге айналдырып отыратын жүйелерді модельдеуге тиімді.
  5. Функционалды сатыларды, аяқтау этаптарды, орындау қадамдарды, т. б бөлуге негізделген, Физикалық процесске сәйкес декомпазиция. Стратегия нәтижесі болып әдетте шектеуді елемейтін, бір - біріне функциялар түрінде кірістірілетін жүйенің дәйекті сипаттамалары болып табылады. Сондықтан да бұл стратегияны модель мақсаты физикалық процессті сипаттау болса, немесе әзірлеуші бастапқыда IDEF0 - моделін құру барсында қалай әрекет етуді білмеген жағдайда қолданған жөн.

IDEF0 - да модельдеу процессі

IDEF0 - да модельдеу процессі зерттелетін облыс туралы ақпаратты жинауды, алынған ақпаратты модель түрінде құжаттандыруды және итеративті рецензиялау арқылы модельді нақтылауды қамтиды. 1. 1 -ші суретте IDEF0- диаграммасы көмегімен сипатталған IDEF0 - да модельдеу процессі көрсетілген.

IDEF0 - да модельдеу процессі итерационды болып табылады. Бұл жүйенің немесе бағдарламалық құралдардың нақты сипаттамасын алуға мүмкіндік береді. IDEF0 - модельдеудің негізі болып IDEF0- жобаларының қатысушыларымен орындалатын функцияларды бөлу болып табылады.

Жоба қатысушыларының рөлдерін бөлу IDEF0 -тағы ұйымдық жұмыс ұйымының қолдауын қамтамасыз етеді. Жоба қатысушыларының келесі рөлдері кездеседі:

  • Сарапшы -ақпарат көзі болып табылатын, пәндік облыс маманы;
  • Автор- диаграмма мен модель әзірлеушілер;
  • Кітапханашылар- жоба қатысушылары арасындағы уақытылы ақпарат алмасу үйлестірушілері;
  • Оқырмандар- модельдерді рецензиялайтын, пәндік облысы мамандары;
  • Техникалық бақылау комитеті- модельдерді қабылдап бекітетін мамандар тобы.

IDEF0 - модельдеудің Бірінші кезеңінінің мақсаты автордың модельденетін жүйе туралы ақпарат алуы болып табылады. Ол үшін түрлі ақпарат көздері қолданылуы мүмкін: автордың тәжірибиесі мен өз білімі, құжаттарды талдауы, сарапшылар сауалнамасы, жүйе жұмысын бақылау және т. б. Бұл кезең нәтижесі модельденетін жүйе туралы жинақталған ақпарат.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджменті аудитін анықтау
Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері
CASE - құралдарын ендіру және меңгеру технологиялары
CASE қорлары және оның сипаттамалары
Дәріхана басқару жүйесін зерттеу
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖОБАЛАУ
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру
Компас сервис орталығының сипаттамасы
КОМПАНИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БИЗНЕС - ПРОЦЕСТЕРІН МОДЕЛЬДЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Мәліметтер қорлары туралы жалпы мәліметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz