Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған түзету тобының балаларына музыкалық ырғағын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі :

«Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» атты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйеснде есту қабілеті зақымдалған балалардың білім алуы қарыстырылған. Оларды біз, елбасымыз 2050 жылғы Жолдауында айтқандай, өзімізге тартып, жеке тұлға болып қалыптасуына бағдар беруіміз тиіс.

Бүгінгі күні мектепке дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың музыкалық ырғағын қалыптастыру, тәрбиелеу ерекшеліктері өзекті және маңызды мәселесі.

«Дамушы адам дамушы мемлекетте» деген идеядағы толық адам бейнесін қалыптастыру бағдарымен тығыз байланысты. Гумандық тәрбиеде музыкалық өнер үлкен орын алады. Ол баланың ішкі өміріне, яғни өнегелік-этикалық негізінің қалануына, жеке тұлға болып қалыптасуына және балаларды оқыту тәрбиелеу үрдісіне қатты әсер етеді. Басқа өнерлермен салыстырғанда, музыкалық өнер баланы өзінің халқының мәдени-тарихи дәстүрімен, әлемдік мәдениетпен өзгеше таныстырады. Музыкалық өнер арқылы есту қабілеті зақымдалған бала адами құндылықты, музыкалық-көркем өнерде көрсетілген қоршаған орта өмірін таниды. Музыка арқылы сіңірілген адамгершілік құндылықтар баланың эмоциясы мен сезімін оятады, жаман-жақсы, әдемі-ұсқынсыз, махаббат-жек көру мағыналар түсінеді, оларға эмоционалды-сезіммен қорғауға көмектеседі. Музыка арқылы балада өнегелік-эстетикалық құндылықтарды, қоршаған ортаға қарым-қатынасын, адамға деген құрметті, қайғысына ортақ болуды, қуанышымен бөлісуді оятады.

Баланың дамуына музыканың әсер етуі жайлы айналысқан ғалымдар М. А. Селянина, Л. А. Божович, В. М. Бехтерева, И. М. Догелео, И. М. Сеченова, И. Д. Тарханова, Г. П. Шикулина және тағы басқалар. Бұлар адамның денсаулығына, жүрек қан тамырларына, қимылдауына, тынысына, орталық жүйке жүйесін музыканыңжағымды әсер беретінін айтты. Гройсман А. А., В. Райков сынды психиаторлар музыканың, орталық жүйке жүйесіне жақсы әсер ететінін, психоэмоциялық жағдайын жақсартатыны туралы айтып кетті.

Қазіргі кезде музыканың әсері жайлы зерттеулер алдыға жылжыды. Осы зерттеулердің ең маңыздыларын айта кетуге болады. Музыкалық бағдарламаларда адам ағзасындағы микрофлораға әсері жайлы (С. В. Шушарджана, А. А. Стехин, Т. В. Яковлев) айтылды [1] .

Зерттеулер көрсеткенінде, мүмкіншілігі шектеулі балалар музыка әлеміне кіргенде, белсенді, сапалы түрде дамуы өзгереді. Музыкамен айналысқанды, бала өзінің қиын жағдайын, қарқынымен ұмытады. Музыка баланың осыған дейін жинаған негативті кері ойларын жойып, жаңадан қоршаған ортамен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

Зерттеу жұмысының өзектілігін байланысты тақырыпты «Есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балалардың музыкалық ырғақты қалыптастыру ерекшеліктері» деп таңдап алуға негіз болды.

Жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған түзету тобының балаларына музыкалық ырғағын қалыптастыру мен тәрбие берудің ерекшеліктерін зерттеу.

Міндеттері :

  1. Педагогикалық-психологиялық арнайы әдебиеттерге теориялық талдау жасау.
  2. Есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балалардың өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама беру;

3. Мектепке дейінгі есту қабілеті зақымдалған және қалыпты балалардың музыкалық ырғағын қалыптастыру мен тәрбие беру бағдарламаларына салыстырмалы талдау жасау.

4. Есту қабілеті зақымдалған балаларды музыкаға тәбилеуде мұғалімдерге ұсыныстарды әзірлеу.

Түзетуші-бағдарлық музыкалық қызмет - музыкалық өнер құралдары арқылы балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды түзету мақсатындағы психологиялық-педагогикалық көркемдік форманың қызметі. Музыкалық сабақтар - балалардың жас ерекшелігіне байланысты музыкалық-эстетикалық дамуын қамтамасыз ететін музыкалық қызметтің формасы.

Музыкалық-ырғақты қимылдар - музыка мен қимылдардың өзара байланысы ырғақ негіз болатын музыкалық қызмет. Музыкалық даму әдістемесінің пәні болып проблемалары бар балаларға музыкалық тәрбие беру тәжірибесі мен теориясы, технологиясы, шарттары табылады. Музыкалық тәрбие беру әдістемесі артпедагогиканың бөлігі ретінде мақсаты бір - проблемалары бар баланың өнер құралдары арқылы үйлесімді әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін келесі нақты міндеттерді орындау керек:

  1. Көркем-эстетикалық мәдениетке баланы музыкалық өнер арқылы үйрету, адамның көркем мәдениетін қалыптастыру;
  2. Музыкалық өнерге қызығушылығын қалыптастырып, музыкалық-эмоциялық дамуын қамтамасыз ету, кез-келген музыкалық дыбысқа - мимика, қимыл немесе сөйлеу арқылы эмоциялық жауап қайтару;
  3. Музыка арқылы баланың ақпараттық-танымдық қабілеттерін қамтамасыз ету. Баланың сенсорлы-музыкалық қабілетін, тембірлі, биік, ырғақты естуін дамыту, музыкалық талғамын, таңдау және бағалауын қалыптастыру;
  4. Музыкалық ырғақ арқылы балада өнегелік-эстетикалық, коммуникативті-рефлекторлы, эмоционалды-көркем негіздерін дамыту;
  5. Музыка арқылы өзіндік «Менін» көрсету;
  6. Музыка арқылы даладағы психологиялық бұзылуларды, ерік-жігерін түзету, әлеуметтік-мәдени ортаға бейімдеу. [2]

Мектепке дейінгі мүмкіншілігі шектеулі балалардың жасына қарай, баланың ерекшелігіне қарай музыкалық дамыту міндеттері өзгереді.

Қазіргі заманда музыкалық өнердің мүмкіншілігі шектеулі балаларды түзетуде бірнеше тәсілдер бар:

  1. Психофизиологиялық;
  2. Психотерапиялық және психологиялық;
  3. Әлеуметтік-педагогикалық. [3]

Музыканың адам ағзасына әсер етуі туралы қызығушылық ХХ-ғасырда медициналық тұрғыда қарастырды. Музыкалық терапия пайдалы, дәрісіз терапияның бір түрі. Музыкатерапияның жеңісі - балада музыкалық талғамының пайда болуы, музыкалық ырғағының таңдалуының пайда болуы. Бұл ағзадағы биологиялық, физиологиялық үрдістер белгілі бір реттілікпен, ырғақтылықпен, жүретінімен байланысты. Компьютер арқылы музыкалық-ырғақты спектрді анықтау - музыкатерапияның бір диагностикалық әдісі болып табылады. Ол болашақта музыкалық әсер ету бағдарламасын жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл коррекциялық жұмыстар тек балаға емес, сонымен қатар ересектерге де қолданады. Зерттеулер көрсеткендей, ересек адамға да, балаға да тыныс алу мен қан айналымында есту арқылы қабылданатын музыка өзгерістер тудырады. В. М. Бехтерев бұл ерекшелікті ашып зерттеген.

П. Н Анохин: мажор мен минордың үйлесімділігі адамның ағзасына әсер ететіні - ырғақты, тез музыканы таңдау демалыс және жұмыс кезінде лайықты қолдану кезінде көмектеседі [3] .

Е. З. Яхнина: мақсатқа бағытталған музыканы қабылдау есту қабілеті зақымдалған балаларға сөйлеу тілін қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Музыка таңдау кезінде, арнайы әндерде, сөйлеу тіліне арналған жаттығуларды орындау барысында балалар дыбыстың биіктігін, тембрін, темпін, бірізділігін, ырғақты ұйымдастыратын сөздерді, сөйлемдерді тез қабылдайды, айтуға үйренеді [4] .

Ән айту есту қабілеті зақымдалған балалардың, психикалық тежелуі бар, ақыл-ойы кем балалардың дауыс байламдарын, сөйлеуін дамытып, вокалдық есту бағдарын қалыптастырады. Дәрігер, логопедтер ән айтуды кекештік кезінде қолданады. Музыкалық ырғақты жаттығулар мен жұмыс жасау есту, көру, сөйлеу аппараттары зақымдалған, психикалық дамуы тежелген, ақыл-ойы кем балалардың өмірлік тонусын жоғарылатып, қимыл қозғалысының негізін қалыптастыруға көмектеседі, ағзалар жүйесінің (жүрек қан-тамыр, тыныс алу, қимыл қозғалыс аппараттары) белсенді жұмыс атқаруын, омыртқасының дұрыс қалыптасуын, бұлшық ет тонусының мықты болуын қамтамасыз етеді. Ал, билеп тұрып ән айту баланың тілінің де, қимылының қалыптасуын түзетеді [5] .

Есту қабілетінің зақымдалуы - толық және жартылай дыбысты түсіну мен қабылдау мүмкіндіктері. Есту қабілеті бұзылғанда дыбысты қабылдауға қатысы бар кез-келген ағза зақымдалуы мүмкін. Дыбыс толқындары жиілік пен амплитуда бойынша ажыратылады. Есту қабілетінің бұзылуы деп - кейбір жиіліктегі дыбыстарды қабылдау мен төмен амплитудадағы дыбыстарды ажырата алмауды айтамыз.

Есту бұзылыстарының түрлері:

  • Есту бұзылыстарының сипатына қарай (кондуктивті, нейросенсорлы, аралас)
  • Естудің төмендеу дәрежесі (нашар естушілік, естімеушілік)
  • Бұзылыстың пайда болу уақыты (туа пайда болған, кейіннен естімей қалушылық)
  • Сөйлеу тілінің даму деңгейіне қарай
  • Басқа бұзылыстың болуы (көру қабілетінің бұзылуы, зияты зақымдалған, қимыл қозғалыс аппараты) [8] .

Салыстыру анализі үшін 2 бағдарлама алынды.

  1. «Арнайы мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі керең балаларды оқыту мен тәрбиелеу» (Носкова Л. П. 2003ж) [3]

Л. П. Носкова, Л. А. Головчиц, Н. Д. Шматко, Т. В. Пелымская, Р. Т. Есимханова, А. А. Катаева, Г. В. Короткова, Г. В. Трофимова бірігіп жұмыс істеді.

Балаларға білім берудің бағдарламасы мынандай түрде ұсынылды:

  • Оқытудың 1 жылы
  • Оқытудың 2 жылы
  • Оқытудың 3 жылы
  • Оқытудың 4 жылы

Әр жылда мына жұмыстар жүргізілген:

  • Музыканы эмоционалды қабылдауға тәрбиелеу
  • Естіп қабылдауын дамыту
  • Дауысын дамыту
  • Қоршаған ортаны бағдарлау мен музыкаға қиыл жасау
  1. «Балабақшадағы 1, 5-6, 5 жасқа дейінгі балаларға музыкалық тәрбиеге байланысты түрлендірілген бағдарлама»(Замулина Н. А. 2006ж) [6] .
  • Музыкалық жетекші: Замулина Наталья Анатольевна
  • Бағдарламаның мақсаты: музыкалық өнер арқылы жеке тұлға қалыптастыру - музыкаға эстетикалық қатынас пен қызығушылық тудыру.
  • Бағдарлама мына жастағы балаларды қамтиды:

1. Ерте дамыту тобы (1, 5 - 2 лет),

2. Бірінші кіші топ (2 -3 лет),

3. Екінші кіші топ(3-4 лет),

4. Орта топ ( 4 -5 лет),

5. Жоғарғы, мектепке дайындық сыныбы (5- 6, 5 лет) .

Ерекшелігі: жаңа музыкалық әрекеттер енгізілген:

  • Саусақ гинастикасы
  • психогимнастика;
  • Музыкалық - білім беретін әрекет
  • Күтілетін нәтиже:
  • Эмоциалы түрде музыкаға жауап береді, қуанады;
  • Мұқият тыңдайды, музыканың сипатын, жанрын (вальс, марш, полька) ажырата алады;
  • Музыкадан алған әсерін қимыл немесе сурет арқылы білдіре алады;
  • Үлкен қызығушылықпен сабаққа қатысады, музыкаға сәйкес ырғақты билейді;
  • Кез-келген әнді рахаттанып, мәнерлеп айтады.

2 бағдарламада да музыкалық тәрбие келесі қағидаттар бойынша жүреді:

  1. Қолайлы және жеке қағидат - жас ерекшелігі мен баланың мүмкіншілігін, орындай алатын жаттығуларды қарастыруды есепке алады.
  2. Біртіндеп талап етуді ұлғайту қағидаты - баланың алдына жаңа, қиын жаттығуларды шешу мен олардың көлемін ұлғайту талаптары қойылады.
  3. Жүйелік қағидаты - жетекші қағидаттың бірі. Ерекшелігі: үздіксіз, үнемі жүреді.
  4. Белсенділік пен саналылық қағидаты - тәрбиеленушінің өзінің ісіне қызығушылық пен түсінушілік қатынасы.
  5. Материалдың қайталану қағидаты - хореографиялық сабақтар қимыл әрекеттердің қайталауын талап етеді. Көп рет қайталағаннан қимыл таптаурыны пайда болады.
  6. Көрнекілік қағидаты - ішкі және сыртқы анализаторлар арқылы қоршаған ортамен байланыстыратын хореографиядағы оқыту.

Музыкалық тәрбие бағдарламасы келесі бөлімдерге бөлінеді:

  • Музыкаға қимылдау
  • Музыканы қабылдауды үйрену
  • Әннің сөздерін айту
  • Айту әрекетін автоматтандыру

Музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты - Н. А. Замулинаның айтуы бойынша, естіп қабылдауы мен ауызша сөйлеу тілін дамыту болса, Л. П. Носкова бойынша, есті қабылдауын, ауызша сөйлеуін, жалпы моторикасын дамыту және де музыканы қабылдауын, дауысын, сөйлеу мен қимыл ырғақтылығын қалыптастыру.

Музыканы қабылдауды қалыптастыру Носкова Л. П. бағдарламасында қалдық естуді қолдану арқылы балаға дифференциалды қадам жасау арқылы жүзеге асады. Ол баланың музыканы есту диапазонын жеке сабақ кезінде музыкалық аспаптар, бөлменің акустикалық мүмкіндіктері арқылы анықтауға болады дейді. Диапазоны анықталған соң, балаларды топқа бөледі:

1 топқа, толығымен октав диапазонын қабылдайтындарды, ал 2 топқа, октав диапазонын шектеулі түрде қабылдайтындарды жинады. Көбінесе шектеулі түрде октав диапазонын қабылдайтындарға естімейтін балалар жатады, яғни, олар жоғарға және ортаңғы регистрдағы фортепианоның дыбысын естімейді. Нокова Л. П. музыканы қабылдау сабағында жеке есту аппаратын қолдануды ұсынады. Ал, фортепианоның толық диапазонын есту аппаратынсыз қабылдайтындар - нашар еститіндер. Алайда, жеке есту аппаратын қолдану - есту және вокалды сөйлеу тілін дамытуға көмектеседі.

Носкова Л. П. -ның бағдарламасының Н. А Зимулинаның бағдарламасынан негізгі айырмашылығы музыканы қабылдау құрылымы, оның бейнелік мазмұны ерік-жігер тәрбиесінің естіп-көру арқылы қабылдауды дамыту жолы арқылы жүреді, эмоцианалды түрде фортепианоны тартып жатқан адамның қол қимылына қарап балалар музыканы тыңдайды. Музыканы қабылдау тек есту арқылы жүру үшін, ойнап жатқан адамның басын, қол-қимылын көрмес үшін ширмамен жабылады. Егер, балалар қате жіберетін болса, онда оларға ширманы ашып, қайтадан естіп-көру арқылы музыканы тыңдатады

Носкова Л. П. өзінің «Керең балаларды тәрбиелеу мен білім беру» бағдарламасында музыкалық-ырғақты әрекет үдерісі баланың сөздік қорының көркеюі мен меңгерілуін жүзеге асыратынына нұсқайды. Баланың сөздік қоры есту, дауыс, ырғақтылық дағдысы мен біліктілігіне сүйенеді.

Екі автордың ойынша, баланың есту мен ырғақтылығын дамытудағы маңызды рөлді әуендету мен әндету алады. Оларды музыкалық-дидактикалық ойындар түрінде де жүргізуге болады. Оларда таныс әндегі жеңіл музыкалық тақпақтар қолданылады. «Орманда», «Керекті иллюстрацияны тап», «музыкалық сандықша» деген сияқты ойындар арқылы балалар өткен тақырыпты қайталап, түрлі музыкалық аспаптар жайлы түсінік қалыптасып, вальс, марш, бесік жыры мен билейтін әндерді ажыратып біледі. Музыкалық тәрбилеуге халық әндері қатты әсер етеді. Олар жеңіл, мәнерлі және барлық жастағы балаларға түсінікті болып табылады. Мысалға айтатын болсақ, «Шабамын», «Ладушки», «Орманда түлкі келеді».

Екеуінде де, яғни анализді бағдарламаларда, музыкалық сабақтар жоспар құру арқылы және балаларды музыкалық-эстетикалық тәрбиелеудің ортақ міндеттерін есепке ала отырып өткізіледі. Сонымен қатар, өткізілетін сабақтың құрылымы мен мазмұны қызықты және ұғымды болуына көңіл аударылу қажет, оған түрлі тәсілдерді қолдану баланың музыкалық шығарманы қабылдауына, музыкалық сауатын ашуға көмектеседі. Музыкалық-дидактикалық ойындар мен көрнекіліктерді қолдану сабақтың қызықты және мазмұнды өтілуіне мүмкіндік береді. Ойын арқылы бала бағдарламада талап етілген ән айту мен музыкалық-ырғақты әрекеттерді орындау, музыканы тыңдауды тез қабылдап алады. Сабақ кезінде ойналатын ойындар музыкалық әрекеттің бір түрі болып табылады және ол да білім берудің бір түрі. Ән айту әрекетін дамыту балабақшадағы музыкалық тәрбиенің бір міндеті болып табылады. Ойнау арқылы бала өзінің қиын емес әнін әндетеді. Ән айту үрдісі кезінде жүргізілетін музыкалық-дидактикалық ойындар әнді еркін, мәнерлеп айтуына тынысты музыкалық фразалар ортасында алуын және тынысты соңына дейін ұстап түруын үйренуге көмектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысының ерекшеліктері
Есту қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті түрде оқытудың негізгі формалары
Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Нашар еститін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Фонетика-фонематикалық тіл дамымаушылғы бар мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілін қалыптастырудың теориялық мәселелері
Зиятында ауытқуы бар балалар
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары
Мектепке дейінгі мекемеде логопед қызметінің бағыттары
Мүмкіншілігі шектеулі балалардың отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz