Мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда ұзақ мерзімді активтер есебі және аудиті



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Тарау 1. Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері мен «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1.Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі ... ... ... .5
1.2.Кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайы
мен есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Тарау 2. Кәсіпорында ұзақ мерзімді активтердің есебін ұйымдастыру ... ... ... ...29
2.1. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2. Материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
2.3. Негізгі құрал мен материалдық емес активтердің тозуының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
2.4. Ұзақ мерзімді инвестицияның есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

Тарау 3. Ұзақ мерзімді активтердің аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

3.1. Негізгі құралдардың аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
3.2. Материалдық емес активтердің аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72
3.3. Ұзақ мерзімді инвестициялардың аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .79

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 91

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 93
Кіріспе

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өтуде. Сондықтан да, бухгалтерлер қаржылық есеп беруді халықаралық стандарттардың негіздеріне сәйкес жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да он төрт жылдан артық уақыт өтті. Еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр. Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты стратегиялық бағдарламасында «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты – шағын және орта бизнесті дамыту» - деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сонымен қатар қазіргі кезде халықаралық стандарттарға өту барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі болып саналады.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі тек қана материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын пайдалану арқылы ғана емес, сонымен қатар, негізгі қорлар – еңбек құралдары және белгілі бір қызметпен айналысуға жағдай туғызатын матариалдық емес активтерді, яғни ұзақ мерзімді активтерді пайдалану арқылы іске асырылатыны баршамызға белгілі.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі болып өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы пішінін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге біртіндеп амортизациялық аударым ретінде ауыстыратын еңбек құралдарын, басқа да материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру болып табылады. Себебі, кез келген өндірістік, немесе, коммерциялық кәсіпорын құрылған кезде, бірінші кезекте, яғни ұзақ мерзімді активтерді қажет ететіндігі бәрімізге белгілі. Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп отырған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген.
Сол себепті, бұл диплом жұмысының мақсаты болып кәсіпорында ұзақ мерзімді активтердің есебі мен аудитін ұйымдастыруды меңгеру болып табылады. Теориялық негіздерді практикалық материалдармен сабақтастыра отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді шешу қажет:
- негізгі құралдардың есебі мен материалдық емес активтердің есебін ұйымдастырудың қағидаларын оқып-білу;
- негізгі құрал мен материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу әдістері;
- ұзақ мерзімді қаржы салымдарының есебін ұйымдастыру;
- ұзақ мерзімді активтердің аудитін ұйымдастыру әдістемесін қарастыру.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі ретінде «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» біріккен кәсіпорны болып саналады. Бұл біріккен кәсіпорын 1993 жылы құрылған. Контракт бойынша шетел инвестицияларының сомасы 20 млрд. долларды құрайды. Қазіргі уақытта «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорынның құрылтайшы-серіктестері болып төмендегі компаниялар саналады: «Шеврон Оверсиз Компани» - 50%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк» - 25%, «Казмұнайгаз» - 20%, және «ЛукАрко» - 5%. 2005 жылы ұзақ мерзімді активтері 3369968 мың доллар. 2005 жылы кәсіпорынның шикі мұнай өндіру көлемі 13,7 млн. тоннаны құраған, бұл кәсіпорында орташа күндік мұнай өндіру деңгейі 296 мың баррельді көрсетеді. Есепті кезеңдегі бірлескен кәсіпорынның таза табысы 632519 мың долларды құрап отыр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы №2732 заң күші бар Жарлығы.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы №20 заң күші бар Жарлығы (2001 жылғы 15 қарашадағы өзгертулер және толықтырулар).
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-11 Қазақстан Респуьликасының салық кодексі.
4. Қазақстан Респуьликасы Президентінің «Акционерлік қоғамдар туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №2811 заң күші бар Жарлығы.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті . Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары. – Алматы: Кәусар бұлақ, 1999.
6. Андреев В.Д. Практический аудит. – М.: Экономика, 1994.
7. Андросов А.М. Бухгалтерский учет. – М.: Финансы и статистика,1996.
8. Ван Хори Дж.К. Основы управления финансами. – М.: Финансы и статистика, 2000.
9. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной деятельности и аудит. – М.: Перспектива, 1994.
10. Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов. – Алматы: БИКО, 2000.
11. Кеулимжаев К.К., Толегенов Э.Т., Байдаулетов М.Б., Кудайбергенов Н.А. Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының корреспонденциясы. – Алматы: Экономика, 1998.
12. Кутер М.И. Теория и принципы бухгалтерского учета. – М.: Финансы и статистика, Экспертное бюро 2000.
13. Курятова Л.А., Эргашев Х..Х.. Бухгалтерский учет основы теории. – М.: Маркетинг 1999.
14. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэл Д. Принципы бухгалтерского учета. Пер. С англ. Под ред. Соколова Я.В. – М.: Финансы и статистика,1999
15. Палий В.Ф., Палий В.В. Финансовый учет. – М: ФБК Прес, 1998
16. Подольский В.И. – М.: Аудит, ЮНИТИ, 1997.
17. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. – Алматы: Центраудит-Казахстан, 1998.
18. Тасмағамбетов Т. А., Омаров А.Ш., Әлібекова Б. А., Рабатов О. Ж., Байболтаева Н. А., Радостовец В. К., Қаржы есебі. – Алматы: Дәуір,1998.
19. Тоқсанбай С. Р . Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. -Алматы : 1999.
20. Шишкин А.К., Микрюков В.А., Дышкант И. А. Учет, анализ, аудит на предприятии. – М.: Аудит, ЮНИТИ, 1996.
21. Хорнгрен Ч.Т., Дж. Фостер. Бухгалтерский учет: управленческий аспект. – М.: Финансы и статистика, 2000.
22. Энтони Р., Рис ДЖ. Учет: ситуации и примеры. – М.: Финансы и статистика, 1999.
23. Энциклопедия общего аудита.- М .: Дело и сервис. 1999.
24. Чистов Д.В. Основы компьютерной бухгалтерии: Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в 1с: Бухгалтерии-Проф. 6.0 для Windows. – М.:1997.
25. Умнов Э.А., Чистов Д.В. Бухгалтерский учет на персональной ЭВМ: Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в «1С: Бухгалтерия»(6.0 версия). – М .: 1995
26. Фигурнов В., Давыдова В., Нуралиева С., Постнова С. «1С: Бухгалтерия» - проф для Windows 6.0
27. Ковбасюк М.Р., Соколовская З.Н., Беспалов В.И. Анализ финансовой деятельности предприятия с использованием ПЭВМ .- М.: Финансы и статистика, 1997.
28. Подольский В.И., Дик В.В. Бухгалтерский учет на персональных ЭВМ. – М.: 1996
29. Документация по пакету «1С: Бухгалтерия»
30. Фигурнов В., IBM PC для пользователя.
31. Журнал «Компьютер плюс бухгалтер». «Бизнес-Информ», 1999-2005
32. Э. Т. Төлегенов. Бухгалтерлік ақпарат жүйелері: - Алматы Экономика, 2001

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қаржы және есеп факультеті
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: Мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда ұзақ
мерзімді активтер есебі және аудиті.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Тарау 1. Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері мен Теңізшевройл
біріккен кәсіпорынның қаржылық экономикалық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1.Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың
жіктелуі ... ... ... .5
1.2.Кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайы
мен есеп
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5

Тарау 2. Кәсіпорында ұзақ мерзімді активтердің есебін
ұйымдастыру ... ... ... ...29
2.1. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2. Материалдық емес активтердің есебін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
2.3. Негізгі құрал мен материалдық емес активтердің тозуының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
2.4. Ұзақ мерзімді инвестицияның
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

Тарау 3. Ұзақ мерзімді активтердің
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 65

3.1. Негізгі құралдардың
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .65
3.2. Материалдық емес активтердің
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 72
3.3. Ұзақ мерзімді инвестициялардың
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 79

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..87
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..91
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 93

Кіріспе

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде
бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде қолданылып
жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттарына өтуде. Сондықтан да, бухгалтерлер қаржылық есеп беруді
халықаралық стандарттардың негіздеріне сәйкес жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел
басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін
қолданылады.
Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да он төрт жылдан
артық уақыт өтті. Еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан
шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн
тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр. Бұған Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан – 2030 атты стратегиялық
бағдарламасында Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды
бағыты – шағын және орта бизнесті дамыту - деп атап көрсетуі дәлел бола
алады. Сонымен қатар қазіргі кезде халықаралық стандарттарға өту барысында
бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі болып
саналады.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі тек қана материалдық,
еңбек, қаржы ресурстарын пайдалану арқылы ғана емес, сонымен қатар, негізгі
қорлар – еңбек құралдары және белгілі бір қызметпен айналысуға жағдай
туғызатын матариалдық емес активтерді, яғни ұзақ мерзімді активтерді
пайдалану арқылы іске асырылатыны баршамызға белгілі.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі болып өндірісте ұзақ уақыт
бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы пішінін сақтай отырып, құнын
шығарылған өнімге біртіндеп амортизациялық аударым ретінде ауыстыратын
еңбек құралдарын, басқа да материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру
болып табылады. Себебі, кез келген өндірістік, немесе, коммерциялық
кәсіпорын құрылған кезде, бірінші кезекте, яғни ұзақ мерзімді активтерді
қажет ететіндігі бәрімізге белгілі. Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-
жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар,
сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары болып бөлінеді.
Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс
процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп отырған барлық
субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу
міндеттілігі жүктеледі. Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы
мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген.
Сол себепті, бұл диплом жұмысының мақсаты болып кәсіпорында ұзақ
мерзімді активтердің есебі мен аудитін ұйымдастыруды меңгеру болып
табылады. Теориялық негіздерді практикалық материалдармен сабақтастыра
отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді шешу қажет:
- негізгі құралдардың есебі мен материалдық емес активтердің есебін
ұйымдастырудың қағидаларын оқып-білу;
- негізгі құрал мен материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу
әдістері;
- ұзақ мерзімді қаржы салымдарының есебін ұйымдастыру;
- ұзақ мерзімді активтердің аудитін ұйымдастыру әдістемесін қарастыру.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі ретінде ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ біріккен
кәсіпорны болып саналады. Бұл біріккен кәсіпорын 1993 жылы құрылған.
Контракт бойынша шетел инвестицияларының сомасы 20 млрд. долларды құрайды.
Қазіргі уақытта Теңізшевройл біріккен кәсіпорынның құрылтайшы-
серіктестері болып төмендегі компаниялар саналады: Шеврон Оверсиз
Компани - 50%, ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк - 25%, Казмұнайгаз -
20%, және ЛукАрко - 5%. 2005 жылы ұзақ мерзімді активтері 3369968 мың
доллар. 2005 жылы кәсіпорынның шикі мұнай өндіру көлемі 13,7 млн. тоннаны
құраған, бұл кәсіпорында орташа күндік мұнай өндіру деңгейі 296 мың
баррельді көрсетеді. Есепті кезеңдегі бірлескен кәсіпорынның таза табысы
632519 мың долларды құрап отыр.
1. Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері мен Теңізшевройл
біріккен кәсіпорнының қаржылық экономикалық жағдайы
1. Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі
Ұзақ мерзімді активтер деп кәсіпорында бір жылдан артық уақыт
пайдаланылатын, болашақта экономикалық олжа, табыс әкеледі деп күтілетін
активтерді айтады. Ұзақ мерзімді активтерге төмендегілер жатады:
1) негізгі құралдар;
2) материалдық емес активтер;
3) ұзақ мерзімді инвестициялар;
4) ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар.
Жалпы негізгі құралдар – деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан
артық) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін)
сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген
қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде
ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 Негізгі қорлар
(құрал-жабдықтардың) есебі - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына
сәйкес жүргізілген. Қазіргі кезде Қаржылық есептің халықаралық
стандарттарының 16-шы Негізгі құралдар деп аталатын стандартына сәйкес
жүргізіледі.
Негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналары мен техникалары және
олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар,
өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп
жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне қарамастан
пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың
қатарына жатпайды.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай
өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік
негізгі құралдар – деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру
орындарында пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске
арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік
тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар,
өлшеуіш аспаптары және тағы басқалары. Өндірістік емес негізгі құралдардың
қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі
құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында,
денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет
салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі
құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және қызмет істейтін түрлеріне
қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай)
шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау
және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары,
әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және
тағы да басқа салалар бойынша топталады.
Негізгі құралдарды халық шаруашылығының салаларына қарай
топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса
орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы
негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана
субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда
бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық
субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай төмендегідей 3
топқа бөлініп, есептелінеді:
а) негізгі құралдар;
б) тауарлы-материалды қорлар;
в) қаржылық инвестициялар.
Мысалы: субъектінің шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып
табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі
құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік
құралдары тауарлы-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Шаруашылық
субъектінің өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы
мақсатында алынған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде
есептелінеді.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне
қарай мынадай топтарға бөлінеді:
а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үй, қойма, тағы басқалары)
ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары,
эстокадалар, мұнай іздейтін және өндіретін скважиналар, тағы басқалары);
б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер,
мұнай, газ тасымалдайтын құбырлар, тағы басқалары);
в) машиналар (бумен жұмыс істейтін және іштен жанатын двигательдер,
электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер,
бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, жүк көтергіш
шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлар, таразылар, кассалық аппараттар
мен тағы да басқалары);
г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл
көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және тағы да басқалары;
ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер, тағы
да басқа негізгі құралдар);
д) шаруашылық құрал-жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтер,
тағы да басқалары);
е) жер (шаруашылық субъектінің сатып алған жер көлемінің құны);

ж) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;
к) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары және тағы басқалар).
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға
алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алған
негізгі құралдардың есебін жүргізу үшін баланстан тыс Жалға алынған
негізгі құралдар - деп аталатын шот ашуға болады. Қазіргі кезде пайдалану
барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және
сақтауда тұрған – деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі
құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылған, белгілі
себептермен басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған басы артық жабдықтар
жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі
құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.
Мүліктік түгендеуге байланысты негізгі құралдар инвентарлық және
инвентарлық емес деп жіктеуге болады.
Шаруашылық субъектілерінде ұзақ мерзімді активтер қатарына
материалдық емес активтер де кіреді. Сондықтан да материалдық емес активтер
Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің 28-стандартымен сонымен бірге,
38-ші Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес жүргізіледі.
Шаруашылық субъектілерінде объектілерді материалдық емес
активтертердің қатарына кіргізу тәртібі және олардың құрамы белгіленген
заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.
Жалпы материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи
пішіні жоқ, қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге
үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді
айтамыз.
Материалдық емес активтердің қатарына шаруашылық субъектісінің
сатып алған патенттері, лицензиялық сауда маркалары мен тауар белгісі, жер
қойнауы мен электронды есептеуіш машиналарды және өндіріс жағдайындағы
хабарларды пайдалану құқығы, гудвилл яғни фирма бағасы, өнеркәсіп үлгілері,
ұйымдастыру шығындары тағы да басқалары жатады.
Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны
бойынша кіріске алынады. Бірақ кейбір материалдық емес активтертердің
бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар.
Мұнай газ секторындағы кәсіпорындарда материалдық емес активтерге
бірінші кезекте, Қазақстан Республикасында белгіленген заңдарға сәйкес
мұнайды іздеу мен барлау құқығы, мұнайдың қорларын өндіру құқығы,
лицензиялар т.с. с. жатады.
Материалдық емес активтер шартты түрде 4 топқа бөлінеді:
1) Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер;
2) Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер;
3) Қолдану, пайдалану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер;
4) Материалдық емес активтертердің басқа да түрлері.
Бірінші топқа ноу-хау, ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық
жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары,
белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі,
өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады. Ноу-хау
- құжаттама өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрде көрсетілген нысан
және тағы басқа түрінде көрінетін техникалық білімдерін айқындау үшін
халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.
Кең мағынасында ноу-хау техникалық құжаттама түрінде рәсімделген,
бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға қажетті
өндірістік тәжірибесінің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-
сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялық келісім-шарттарда,
техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте, кілті қолма-қол
тапсырылатын құрылыста және тағы басқа қызмет көрсетудің сан алуан
түрлерінде кеңінен қолданылады. Ноу-хау өзінің бағасы мен басты
көрсеткіштерімен құнды. Өзінің табиғаты мен төлем нысаны жағынан ол
лицензия бағасына ұқсас. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар
мен патенттерден ноу-хаудың өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылық
капиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін.
Өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған
материалдық емес активтертердің қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде
табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат (мысалы, мұнайгаз
секторында дәлелденген мұнай қоры бар секілді геологиялық барлау
мамандарының ақпараты) немесе субъектінің өнімін болашақ кезеңдегі
тұтынушылары туралы және тағы да басқа мәліметтер жатады.
Ұйымдастыру шығындары. Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды
құру кезеңінде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына
жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес
активтер болып есептелінеді. Мұнайгаз секторында бірлескен кәсіпорындар
көптеп ашылады, сондықтан да мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын,
кеңесшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркеу, құжаттарды дайындау,
банктерде шоттарды ашу т.б. шығындары жатады.
ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау – кәсіпорын иенденген, ұзақ уақыт бойы
пайда әкелуге қабілетті бағдарламаларды пайдалануға қажетті мәліметтерді
талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесінің жиынтығы.
Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтерге
көбінесе тауар таңбалары, тауардың шыққан жері және тағы басқалар жатады.
Тауар таңбалары немесе қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесілі
таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы
заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен
қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасын қалай
пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тыйым
сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу,
сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы
іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқықтарына қол сұғу болып
есептелінеді. Заңды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға немесе оның
бір бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере
алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай
істелінеді.
Тауардың шыққан жерінің атауы – тауарды таңбалау үшін пайдаланылатын
елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық объектінің атын қоса
және басқа да ерекшеліктері арқылы сипатталады.
Нарықтық экономика жағдайында тауар таңбасы кәсіпорынның өте қымбат
тұратын активі болып табылады, себебі компания оны сата алады немесе
жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде пайдалану құқығын береді.
Бірақ ол үшін тауар таңбасының құнын білу керектігін ұмытпайық.
Қолдану, пайдалану құқықтарымен байланысты материалдық емес
активтер. Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану
құқықтары, копирайт лицензиялар және басқалар жатады.
Патенттер. Патент оның ұстаушысының патент қамтыған нәрсесін,
процесін немесе қызмет түрін және дәл сондай әрекетті басқа тұлғаның жүзеге
асыруына тиым салатын, бақылайтын, сататын, өндіретін және пайдаланатын
құқық болып саналады. Патенттің күші оны берген мемлекеттің аумағында ғана
жүреді. Патенттің қызмет мерзімі ұлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен
қатар, патент деп белгілі бір кәсіппен, саудамен, тауар сатып алумен
шұғылданатын тұлғаларға берілген құжат болып саналады. Оны алуға көптеген
ірі кәсіпорындар мүдделі болып келеді. Себебі, патент сатып алуға да,
патенттелінген жаңалықтарды өндіріске енгізуге де қаржысы болуы тиіс.
Өнеркәсіптік үлгілер. Мұндай материалдық емес активтерді пайдалануға
айрықша құқықты растайтын патенттер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес
беріледі. Өнеркәсіптік үлгілері модельдерімен, суреттерімен немесе екеуінің
қосындысымен берілуі мүмкін. Өнеркәсіптік үлгілер авторлардың шығармашылық
еңбегі ретінде мойындалады. Өнеркәсіптік үлгілерге патент Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік тізіліміне тіркелген соң беріледі.
Лицензия (еркіндік, құқық деген латын сөздерінен алынған) – қандай да бір
операцияларды жүзеге асыруға құзырлы мемлекеттік органдарының берген
рұқсаты. Лицензиялар келесі белгілері бойынша бөлінеді:
Субъект бойынша:
- Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына берілетіндер;
- шетелдік заңды және жеке тұлғаларға, азаматтығы жоқ тұлғаларға,
халықаралық ұйымдарға берілетіндер.
Қызмет ету көлемі бойынша:
- негізгі – мерзімі шектеусіз, белгілі бір қызмет түрімен
шұғылданатындарға, егер де олардың қызметі бір тұтас технологиялық
кешенге кіретін болса, онда бас лицензия қызметтің бірнеше түрімен
шұғылданатындарға да беріледі;
- бір жолғы (бірақ рет пайдалануға берілетіндер) – белгілі бір
шаруашылық операциясын жасау үшін рұқсат етілген шегінде өнімнің
көлемін, санын немесе салығын алуға беріледі;
- операциондық – валюта заңдылығымен анықталған, валюталық құндылықтарды
пайдаланумен байланысты белгілі бір банк қызметінің операцияларын
жасау үшін беріледі.
Мерзімдік әрекеті бойынша:
- тұрақты – берілген мерзімі шектелмеген;
- уақытша – белгілі бір мерзімге берілген.
Мұндай лицензия секілді материалдық емес активтер мұнайгаз
секторындағы кәсіпорындарда ең керекті де маңызды активтердің бірі ретінде
саналады. Бірде-бір кәсіпорын лицензиясыз қандай да бір қызмет түрімен
айналыса алмайтындығын бәрімізге белгілі.
Инвестицияға тоқталсақ, жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз –
бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни
капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте
пайыз (процент) түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып
табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып
келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелділік. Инвестиция
экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-
техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың
маңызды факторы болып саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза
табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі болып саналады. Кәсіпорындар
мен компаниялар инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі
қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу
түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі
түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі
бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің
(жер,жабдық,құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар
болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе
мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі
бәсекелесуші емес, керісінше оларды бірін-бірі толықтырады деп түсінген
дұрыс. Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді.
Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады
Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа
біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп, бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған
салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны
қаржылық инвестиция болып саналады. Жоғарыда аталған инвестицияның қай
түрін болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту,
ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша
жақсарту, яғни оларды халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата
алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану
арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай
категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік – иелену мерзімі бір жылға дейін;
б) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық.
Жылжымайтын мүліктерге салынған инвестицияларды иеленуші
субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттары барысында экономика жолымен
даму үшін күресіп жатқан біздің еліміз үшін шетелдік инвесторлардың ролі
мен маңызы өте ерекше. Шетел капиталының біздің еліміздің экономикасын
көтеру үшін салым ретінде салынуын, яғни шетел инвесторларын тартудың
артықшылығы мен пайдалылығын былайша жіктеп көрсетуге болады:
1. Шетел капиталының біздің елімізге жұмсалынуы еліміздің бюджетіне
түсетін түсімдерді көбейтеді
2. Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады және ол
халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, сатып алу қабілетін
арттырады
3. Жаңа алдыңғы қатарлы халықаралық дәрежеге сай техника мен
технологияны еліміздің кәсіпорындарында қолдануды жылдамдатады.
Дебиторлық борыш – деп белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды
және жеке тұлғалардың компанияның алдындағы сатып алған тауарлары,
субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ қызметкерлердің
субъектілерден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары
мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Осы субъектіге
берешек борышы бар кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар
дебиторлар болып табылады.
Дебиторлық борыш -дегеніміз, бұл – иелік ету хұқын қосқандағы заңды
хұқтармен байланысты активте қамтылған болашақтағы экономикалық тиімділік
болып табылады. Олар, ақша қаражаттарының тікелей немесе жанама өсуіне
мүмкіндікті қамтамасыз ететін болашақтағы тиімділікті қамтиды.
Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар ұзақ
мерзімді активтердегі Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар бабына
енгізіледі.
Олардың қатарына төмендегілер жатады:
- активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын-ала) төлем;
- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі
арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- басқадай дебиторлық борыштар.
Жоғарыда көрсетілгендей шаруашылық субъектісінің ұзақ мерзімді
активтері қатарына жататын негізгі құралдар, материалдық емес активтер,
инвестициялар мен ұзақ мерзімді дебиторлық борыштарды теориялық аспекті
тұрғысынан қарастырдық. Келесі бөлімді Теңізшевройл біріккен кәсіпорынның
қаржылық-шаруашылық, экономикалық жағдайына тоқталамын.
2. Кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайы мен есеп саясаты
Мұнай-газ саласының қарқынды дамуы ел экономикасының осы секторында
Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау қажеттілігіне байланысты
көптеген ұлттық компаниялар мен бірлескен кәсіпорындар құрылды. Солардың
бірі болып 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы және Бас офисі АҚШ-та
орналасқан Шеврон компаниясы арасындағы Тенгиз мұнай кен орнын бірге
отырып игеру келісіміне қол қойылды.Сол келісімге орай Теңізшевройл
Біріккен Кәсіпорны құрылыды. Теңіз мұнай кеніші Қазақстан Республикасы,
Атырау облысы, Жылыой ауданында, Каспий ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде,
Құлсары қаласынан оңтүстік-батысқа 110 м, Атырау қаласына оңтүстік шығысқа
қарай 150 км жерде орналасқан.
Біріккен кәсіпорынның негізгі қызметтері болып төмендегілер
саналады: мұнай қорларын геологиялық барлау, мұнай өндіру және тасымалдау,
мұнайдан алынатын өнімдерді сату, тауарлық мұнайды экспорттау. ТШО
қызметінің көптеген түрлері ең деген сөзге лайықты: әлемдегі ең ірі кен
орындарының бірі, ең ірі инвестор, әлемдегі ең терең ұңғымалар, әлемдегі ең
қуатты бұрғылау станоктары, әлемдегі ең қуатты компрессор, жалпы
өнімділікті өсірудің әлемдегі ең жоғарғы қарқыны, мұнайды темір жол
көлігімен жеткізудің әлемдегі ең үлкен көлемі, қоршаған ортаны бақылайтын
кешенді экологиялық мониторингінің ТМД елдері ішіндегі ең ауқымды және ең
озық жүйесі, Қазақстандағы табиғатты қорғау шараларына жұмсалатын ең ірі
инвестициялар, үздіксіз жүргізілген апатсыз жұмыстың ең жоғары көрсеткіші,
ең озық технологиялар, Қазақстан экономикасына қосылатын ең қомақты үлес,
қайырымдылық пен демеушілікке жұмсалатын ең үлкен жарнамалар және тағы
басқалар.
Теңізшевройл біріккен кәсіпорнының орналасқан жері: Қазақстан
Республикасы, Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі 3. Кәсіпорынның негізгі
активтері құрамына кеңселік, өндірістік үйлер мен ғимараттар, мұнай
қорларын іздестіру-барлау, өндіруге қатысатын ұңғымалар (скважиналар),
басқа да құрал-жабдықтар, мұнайды алдын-ала дайындау, өңдеу цехтары, мұнай
паркілері, құбырлары т.с.с. жатады. Теңізшевройл Біріккен Кәсіпорыны 4
субьектілерден құралатын бірлестік. Олар: ШЕВРОНТЕКСАКО ОВЕРСИЗ КОМПАНИ –
50%; ҚАЗМҰНАЙГАЗ– 20% ; ЭКСОНМОБИЛ ҚАЗАҚСТАН ВЕНЧУРС ИНК - 25%;
ЛУКАРКО - 5%. Теңізшевройл Біріккен Кәсіпорыны мынадай бөлімшелерден
тұрады:
1. Өндіріс бөлімшесі.
2. Капиталдық жоба бөлімшесі.
3. Геологиялық барлау бөлімшесі.
4. Маркетинг және тасымалдау бөлімшесі.
5. Қауымдастық бойынша байланыс бөлімшесі.
6. Стратегиялық жоспарлау бөлімшесі.
7. Қаржы бөлімшесі.
8. Заңгерлік бөлімшесі.
9. Адам ресурстар басқармасы, Медицина және Оқу бөлімшелері.
Соның ішінде мен Қаржы бөлімінде болып, оның қысқаша тарихи
анықтамасымен, сонымен қатар, өндіріс пен басқару құрылымымен, кәсіпорынның
техникалық сипаттамасымен және т.б. таныстым.
Теңізшевройл біріккен кәсіпорнының ұзақ мерзімді активтерінің бірі
негізгі құралдар - 3687107 мен материалдық емес активтері - 54317, бітпеген
құрылыс – 639902, яғни барлығы 2005 жылдың басында бастапқы құны 4381326
долларды құрады, ал материалды мен материалдық емес активтердің тозуы
711358 долларды, ал баланстық қалдық құны 3669968 долларды құрады.
Бірлескен кәсіпорында негізгі өндірістік құралдарды жақсарту жаңадан
техникалық құрал-жабдықтар мен ғимараттарды енгізу арқылы іске асырылып,
оның экономикалық өсуінің потенциалды мүмкіндіктеріне жол ашады.
Кәсіпорынның қызметінің соңғы нәтижесі оның негізгі қорларының техникалық
жағдайымен байланыстырылады. Өндірістің техникалық деңгейі пайдаланылатын
құралдардың прогрессивті дәрежесімен анықталады. Сондықтан, прогрессивті
негізгі құралдардың үлесінің артуы осы заманғы алдыңғы қатарлы
технологияларды енгізуге себебін тигізеді. Соның арқасында кәсіпорынның
техникалық деңгейін көтере отырып, өндірілетін өнімнің сапасы да жақсарады.

Мұнай өндіру процесіне ұңғымалар мен басқа да құрал-жабдықтарды
пайдаланудың және де ауысымдық қорды қолданудың синтетикалық көрсеткіші
ауысымдық коэффициенті болып саналады. Ол тәулік ішінде мұнай өндіруге
қатысатын өндіріс құрал-жабдықтарының жұмысының ауысымдық орташа санын
көрсетеді. Құрал-жабдықтардың ауысымдық коэффициентін қызмет көрсетіп
тұрған ұңғымалардың ауысымдық санын кәсіпорындағы барлық орнатылған ұңғыма
жабдықтарының сандық бірлігіне бөлу арқылы анықталады.
Талдау барысында бірлескен кәсіпорында мұнай өндіруге қатысатын
барлық ұңғыма құрал-жабдықтарының ауысымдық коэффициент динамикасын анықтау
болып табылады.
Кәсіпорындағы негізгі құралдардың активті бөлігі ретінде мұнай
өндіретін ұңғымалар,жұмыс машиналары мен жабдықтар болып саналады. Оларды
уақыт бойынша – (экстенсивті), және проектілік қуаттылығы бойынша –
(интенсивті) пайдалануға болатындығы бәрімізге белгілі. Мұндай
көрсеткіштердің құрылымы кәсіпорындағы нақтылы қолда бар барлық ресурстарды
нақтылы пайдаланылып отырған көрсеткішімен салыстыру мүмкіндігімен
ерекшеленеді.
Егер де, экстенсивті пайдалану коэффициентін есептеуде ресурс
ретінде уақыт саналса, онда нақтылы жұмыс істеген уақытты барынша
максимальды қызмет көрсету мүмкіндігі бар мерзімге қатынасы арқылы
анықтаймыз. Қызмет, бизнестің түріне қарай менеджерлер жылдық, квартал
бойынша, немесе ауысымдық пайдалану мерзімін есепке алуы мүмкін.
Интенсивті пайдалану коэффициенті мұнай өндіру процесінде ұңғымалар
мен басқа да жабдықтарды пайдалану қуаттылығын көрсетеді.
ТШО ЖШС-нің Қаржы Бөлімі қаржы ресурстарын басқарумен айналысады,
сонымен қатар, ТШО басшыларына немесе жұмысшыларына, акционерлерге т.б.
заңды тұлғаларға ТШО-ның бизнес-жоспары мен мақсаттарына сай,
бағдарламасының аясында есеп беру және түрлі консультациялар берумен
айналысады. Біріккен кәсіпорын Теңізшевройл Қаржы бөлімі келесідей
құрылымдық бөлімдерден тұрады:

№ рн Құрылымдық бөлімдердің аталуы
1 Қаржыгер-бақылау тобының бөлімі
2 Салық бөлімі
3 Ішкі бақылау бөлімі
4 Қазына және несие бөлімі

ТШО ЖШС-нің Қаржы Бөлімі 4 негізгі бөлімдерден құралады және Қаржы
Бөлімінің бас менеджері басқарады.
Қаржы Бөлімінің бас менеджері қаржылық саясатты басқара отырып,
барлық ТШО БК-ны жөніндегі қаржы айналымындағы сұрақтарға жауап беретін
тұлға және де Серіктестіктің Бас хатшысы болып табылады.
1.Қаржыгер-бақылау (Группа финансиста-контролера) тобы мына бөлімшелердің
жұмысына жауап береді, яғни, олар:
• Жалпы бухгалтерия;
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына есеп беру
тобы;
• Бюджет және болжамдау тобы;
• Маркетинг және тасымалдауды қаржылық қолдау тобы;
• Қаржылық жобаларды бақылау тобы.
1. Салық бөлімі – салық төлеу заңдарына сай төленуін бақылау мен
салыққа қатысты сұрақтар жөнінде мағлұмат берумен айналысады.
2. Ішкі бақылау бөлімі (Группа Внутреннего контроля) – ішкі бақылау,
ішкі және сыртқы аудит, оған қатысты сұрақтарға жауап береді.
3. Қазына және несие бөлімі – қолма-қол және қолма-қолсыз
төлемақыларға, сонымен қатар, банк операцияларын жүргізумен,
айналым капиталы мен инвестицияны басқаруды, сақтандыру және
несиелендіруді жүзеге асырады.
Қаржыгер-бақылау бөлімінің ең басты функцияларының бірі компанияда
қаржылық есеп жүргізу, және де бюджет пен болжау, қаржылық талдау, ішкі
басқару есебі, сыртқы қаржылық есепке қатысты сұрақтарды бақылап басқару.
Бұл бөлім 5 топтан құралады:
Жалпы бухгалтерия - барлық негізгі қаржы операцияларының бухгалтерлік
есебін, негізгі қор есебін, аяқталмаған өндіріс пен материалдар, жалпы
бухгалтерлік есеп, шығындарды бөлу және ұйымдастырумен айналысады.
Маркетинг және тасымалдауды қаржылық қолдау тобы шикізат
өнімдерінің сатылуына жауап береді, тауарлы-материалды қорлардың есебімен,
сатқандағы транспорттық шығындардың есебімен, сонымен қатар, маркетинг
бөлімге қаржылық және келісім-шарттық қолдау көрсетіп отырады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына есеп беру тобы
элетронды-салықтық мониторингтік жүйе бойынша есеп беруді қоса алғанда,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына қаржылық есеп берумен
айналысады.;
Қаржылық жобаларды бақылау тобы (Лондон) – ТШО басты екі негізгі
проектілердің жүзеге асырылуымен, яғни Екінші Буын Жобасы мен Газ айдау
Жобасымен байланысты қаржылық саясат пен қаржылық есебімен айналысады. Бұл
топ Великобританияның Кэмберли қаласында орналасқан.
Бюджетті болжамдау және есепке алу тобы – ТШО эксплуатациялық және
капиталды шығындар бойынша аралық және жылдық бюджеттерін дайындаумен,
талдаумен айналысады. Сонымен қатар, қаржыгер-бақылаушы және болжамдау
топтарының менеджерлеріне, қаржы бөлімінің бас директорына және компанияның
бас директорына аналитикалық қолдау көрсетумен айналысады.
ТШО-ның Ішкі бақылау бөлімі (Группа Внутреннего контроля) –
ТШО басшыларына өндіріс тапсырыстарына және қаржылық жетістіктерге жетуге
жәрдемдеседі.
ТШО-ның Ішкі бақылау бөлімінің қызметтері:
• Іскерлік тәуекелділікті айқындау;
• Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін анықтайды;
• Компанияның шығындарын сақтау үшін ақшалай қорларды бақылап отыру.
Жүйені сынау мен нақты анализдеудің арқасында Ішкі бақылау тобы ТШО
басшыларына ішкі бақылау нәтижесіндегі ақшалай қорларды қалай тиімді
пайдалану туралы жоспарларын ұсынады. ІБТ (Ішкі бақылау тобы) берген
ұсыныстардың арқасында, нәтижесінде компанияның активтері сақталады,
сонымен қатар, қаржылық есептің нақтылығын қамтамасыз етеді,
өндірістің тиімділілігін сақтап, компанияның саясатын ұстануға
жәрдемдеседі. ІБТ - өндіріс шығындарының төмендеуін немесе
жоғарлауын, пайданың тиімділігін, т.б. экономикалық факторларды
анықтайды.
Ішкі бақылау тобының мақсаттары:
1. ТШО активтерін сақтау;
• Өндірістік-материалдық қорларды тексеру;
• Одесса және Новороссийск терминалында мұнай және газ қорларын
техникалық өлшеуді жүргізу;
• Ірі келісім-шартарының аудиторлық тексерістер (мыс, Екінші Буын
Жобасы мен Газ айдау Жобасы).
2. Төмендегілердің орындалуы анықтау;
• ТШО БК келісім-шарттарын;
• ТШО БК-ның инструкциялары мен процедураларын;
• FCPA (Foreign Corrupt Practices Act) – сыбайлас жемқорлыққа
қарсы акт немесе шараларын;
• Үшінші бір тұлғамен келісім-шарт жасасуын;
3. Қаржылық-бухгалтерлік құжаттарды нақты жүргізу;
4. Қатаң ішкі бақылау.
Өндірістің негізгі және көмекші үрдісінің сипаттамасына тоқталсам,
кен орнында өндірілетін шикізаттан ТШО ақтық өнімдерінің бірнеше
түрін шығарады, бұл ретте ТШО табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қағидасын
сақтай отырып, тапжылмастан қалдықсыз өндіріске ұмтылуда.
ТШО өнімдерінің негізгі түрі тұрақтандырылған мұнай. Көмірсутек
шикізатының қалған бөлігінен (ілеспе газдан) тауарлық газ, (құрғақ табиғи
газ және суытылған газдар пропан мен бутан), сонымен қатар, Теңіздің шикі
мұнайының құрамында өте көп мөлшерде болатын көмірсутектен алынатын
қарапайым күкірт өндіріледі.
Соңғы жылдары жобалануы мен құрылысы ТШО құрылғаннан кейін алғашқы
жылдардан басталған нысандар мен қондырғылар іске қосыла бастады. Дәл осы
нысандаудың арқасында ТШО өнімділікті өсіріп қана қоймай, сонымен бірге
өндірілетін барлық өнімнің сапасын халықаралық талаптарға сай жақсартуға
және табиғи ортаға тиетін әсердің денгейін түбегейлі төмендетуге қол
жеткізді.
Тұрақтандырылған мұнай. Теңіз мұнайының өзінің жоғары сапасының
арқасында халықаралық нарықта үлкен сұранысқа ие. ТШО-ның тауарлық мұнайы
өте жеңіл, яғни көмірсутектің жеңіл молекулаларынан тұрады, бұл мұнай
өңдеу зауыттыры үшін мұнайдан бензин, дизель отынын және басқа да өнімдерді
өндіру жұмысын жеңілдетеді.
Тауарлық газдар. 2000 жылға дейін (тиісті нысандар іске
қосылғанша) ТШО өндіретін тауарлық газдар сапасының төмендігіне байланысты
кей кездерде сұранысқа ие болмады. ТШО тауарлы газдың бір бөлігін алдын-ала
зиянды қоспалардан тазартып алып, алауларда жағуға мәжбүр болды. Бұл
атмосфераға тарайтын шығындардың көбеюін туғызды.
2000 жылдан бастап ТШО (шамамен тәулігіне10 миллион текше метр)
жоғары сапалы құрғақ (табиғи) газ өндіреді, оның барлық көлеміде
тұтынушыларға өткізіледі. 2004, 2005 жылы 3,8 миллиард текше метр табиғи
газ өндірілді және өткізілді.
2001 жылы ішкі газдың да барлық көлемінен тауарлық газ пропан мен
бутан алуға мүмкіндік беретін жаңа нысандар мен қондырғылар іске қосылды.
Бұл газдардың сапасы әлемдік стандарт талаптарына келтірілді, нәтижесінде
газды жергілікті нарықта сатуға да, Еуропа елдеріне шығаруға да мүмкіндік
туды. 2002 жылы қазан айында суытылған пропан мен бутан өндіру көлемінің ең
жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Ол айына 65 мың тонна (күніне 24000
баррель) құрады.
Күкірт. Шикі мұнайды күкіртсутектен тазарту барысында ТШО ілеспе
өнім қарапайым күкірт (S) өндіреді. Ол да өз алдына халықаралық нарықта
сұранысы бар бағалы шикізат өнімі болып табылады. Кен орнын игеру барысында
ТШО сату мақсатында күкірттің белгілі мөлшерін (7 миллион тонна шамасында)
өндірді, ол қоршаған ортаға мүлдем қауіпсіз қатты блок түрінде сақталуда.
Күкіртке деген сұраныстың болуына қарамастан, ТШО-ның күкірт сату көлемі
(балқытылған, сұйық түрде) оны өндіру көлемінен кейін қалып отырды.
Күкіртті өткізу мәселесін шешу мақсатында ТШО қабыршақ және
түйіршік күкірт өндіретін қондырғылардың құрылысына 60 миллион АҚШ $
көлемінде инвестиция жұмсалды.
Арнайы қаптармен қабыршақ күкірт тұтынуға жеткізу үшін арнайы
жабдықталған көлікті қажет етпейді, ол тиеуге де, тасымалдауға да ыңғайлы.
Түйіршік күкірт ашық темір жол вагондарымен тасымалданады.
2002 жылғы қараша айында қазақстандық-канадалық бірлескен жоба
тәулігіне 600 тонна қабыршақ күкірт өндіретін бірінші өнеркәсіптік қондырғы
іске қосылды. 2003 жылы түйіршік күкірт өндіретін қондырғылардың құрылысы
аяқталды, олардың өнім өндіру көлемі күніне 2200 тонна. ТШО өндірістің
қоршаған ортаға әсер ету деңгейін төмендете отырып,технологияларды
жетілдіру және кәсіпорынның қуатын жүйелі түрде өсіру бойынша қарқынды
жұмыс жүргізуде. Қазіргі кезде ТШО Теңізде құны 2,5 млрд $-дан асатын жаңа
озық зауыт салудың орасан зор жобасын жүзеге асыруда. Бұл зауыттың іске
қосылуы арқасында мұнай өндіру мен өткізудің көлемі жылына шамамен 7 млн.
тоннаға өспек. Кәсіпорынның негізгі өндірісі 3 обьектіден тұрады: КТЛ-1,
КТЛ-2 және мұнай кәсіпшілігі. Тікелей мұнай шығарумен кәсіпшілік
айналысады. Жалпы кәсіпшілік ауданының ұзындығы мен ені 15-20 км. Барлық
жұмыс өлшем құралдарымен жабдықталып , толығымен автоматтандырылған.
Ең жаңа технологияларды пайдалана отырып, зауыт өнім сапасын
жақсартуға, сонымен қатар, шығындардың үлес салмағын азайтуға мүмкіндік
береді. Зауыт құрылысы 2006 жылдың аяғында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Енді, өндірістік тәжірибемді өткізген Теңізшевройл біріккен
кәсіпорнының негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштерін қарастырайық.

Кесте 1.
Теңізшевройл біріккен кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің
негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер Өлш.бір. 2004 ж. 2005 ж. Ауытқулар
Шикі мұнайды сатудан теңге 3667385652 3989466296 322080644
түскен табыс
Өндіріс көлемі млн. тонн 12,7 13,7 1
Өндіріс тиімділігі % 90,4 93,6 3,2
ТШО персоналындағы ҚР % 80 81 1
азаматтарының үлесі
Еңбек өнімділігі теңге 29995987 26384069 (3611918)
Еңбекақы төлеу қоры теңге 186151489 260004595 73853106
Орташа жылдық еңбекақытеңге 1399635 1870537 470902
Негізгі құралдардың теңге 382094771 162385790 (219708981)
орташа жылдық құны
Қор қайтарымдылық 9,6 24,6 15
коэффициенті
Таза табыс теңге 45323302 99673075 54349773
Сату рентабелділігі % 2,5 1,24 (1,26)

1-кестеде кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің негізгі
көрсеткіштерін көрсетуге болады.Кестенің көрсеткіштерінен мынандай
ауытқуларды көреміз: шикі мұнайды сатудан түсетін табыс өткен былтырғы 2004
жылмен салыстырғанда 322080644 теңгеге көбейген. Өндіріс көлемі өткен 2004
жылға қарағанда, 1 млн. тоннаға артық шикі мұнай өндірілген. Еңбек
өнімділігі 3611918 теңгеге төмендеген. Дегенмен, біріккен кәсіпорында
қазақстандық жұмыскерлердің санының артқанына қарамастан, жылдық орташа
еңбек ақы 470902 теңгеге көбейгендігін байқаймыз. Бұл еңбек ақы қорының
73853106 теңгеге ұлғайғандығымен байланысты болып отыр. Осы кестеден теріс
ауытқулардың бірі ретінде былтырғы жылмен салыстырғанда сату
рентабельділігінің 1,26 пунктке қысқарғанын көріп отырмыз. Есепті жылда ол
1,24%-ті құрады. Мұндай төмен сату рентабелділігі активтерді қаржыландыру,
сырттан қаржыландыру есебінен жүргізіліп отырғандығымен байланыстырылады.
Кәсіпорында негізгі қорлардың қозғалысы туралы сипаттама беру үшін
келесідей көрсеткіштерді есептейміз:
1) Негізгі қорлардың қор қайтарымдылық коэффициенті, ол негізгі өндірістік
құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор
қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы
өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді. Мысалы, 2005
ж. өндірілген өнімді сатудан түскен табыс 3989466296 теңгені құраса, ал
негізгі құралдардың орташа жылдық құны 162385790 теңгеге тең болғанда, қор
кайтарымдылық коэффициенті - 3989466296 162385790 = 24,6-ға тең болады.
2) Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті;
Кәсіпорын пайдасын арттыру мен рентабелділікті өсірудің маңызды
резерві ретінде негізгі құралдарды тиімді пайдалану болып саналады. Негізгі
құралдарды пайдалануды талдау жоғарыда айтылған әртүрлі жалпылама және
жекелеген көрсеткіштердің көмегімен іске асырылады.
Бұл көрсеткіштер бүтіндей барлық негізгі құралдар бойынша да,
сонымен қатар, жекелеген топтары мен түрлері бойынша да есептеуге болады.
Мысалы, өндірістік тәжірибемді өткізген бірлескен кәсіпорынның қор
қайтарымдылығы коэффициентін есептейтін болсам, кәсіпорын бойынша бір
есепті кезеңдегі өндірілген өнім көлемін негізгі өндірістік құралдардың
жылдық орташа құнына бөлу арқылы анықтаймыз.
Осы көрсеткіштерді зерттей келе, талдау жүргізу барысында бірлескен
кәсіпорынның дамуы мен ресурстарды пайдалану деңгейі туралы қорытынды
жасауға негіз болады.
Жоғарыда айтылғандай, бірлескен кәсіпорынның қызметінің негізгі
түрлері болып мұнай өндіру және оны сату, мұнайды тасымалдау мен экспортқа
шығару, геологиялық барлаумен айналысу тағы сол сияқты қызметтер болып
табылады.
Теңізшевройл кәсіпорны біріккен кәсіпорын болып саналатындықтан есеп
жүргізу саясатының негізгі қағидаттарына тоқталамын. Қаржы есептілігі
Қазақстан Республикасында бекітілген бухгалтерлік есеп жүргізу стандарттары
мен халықаралық стандарттарға сәйкес негізгі құралдарды қайта бағалауды
ескере отырып, бастапқы құн қағидаты негізінде дайындалады.
Бухгалтерлік есеп және салық салу жөніндегі қазақстандық заңнаманың
талаптарына сәйкес кәсіпорын бухгалтерлік жазба жүргізуге және жинақталған
қаржы есептілігін теңгемен дайындауға міндетті. Жинақталған қаржы
есептілігін халықаралық есеп беру стандарттарына сәйкес активтер,
міндеттемелер, кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ шартты
міндеттемелерді ашуға ықпал ететін бағалаулар мен пікірлерді пайдалануды
талап етеді.
Материалдық емес активтер. Мұндай сатып алынған бағдарламалық
қамтамасыз ету, лицензиялық келісімдер және тағы басқа да материалдық емес
активтер құнын білдіретін активтер жинақталған өтелім шегеріліп, бастапқы
құнымен көрсетіледі. Өтелім активтер қызметінің пайдалы мерзімін бағалау
үшін тік сызық әдісі негізінде есептеледі. Материалдық емес активтер
негізінен бес жыл ішінде өтеледі.
Негізгі құралдарды қайта бағалау. Бірлескен кәсіпорын өзінің негізгі
құралдарын қайта бағалау жүргізу үшін олардың қалдық құнын өзінің
құрылымдық бөлімшелерінде айырбастағанға дейін тәуелсіз сарапшыларды
тартады. Қайта есептеу нәтижесінде активтер құнының артуы кейінге
қалдырылған табыс салығы сомасы шегеріліп, қосымша төленбеген капитал шоты
бойынша ескеріледі. Қайта бағалау нәтижесінде активтер құнының кемуі
ағымдағы жылдың шығысы ретінде танылады. Алайда актив құнының құнсыздануы,
құнсыздану сомасы осы актив бойынша танылған бұрынғы үстеме баға сомасынан
асып кеткенге дейін қосымша төленбеген капитал шоты бойынша ескеріледі.
Қосымша төленбеген капитал негізгі құралдарды қайта бағалау сияқты
әдіспен өтеледі және тікелей бөлінбеген табыс есебінен шығарылады.
Төленбеген қосымша капитал есебінен бөлінбеген табыс есебіне аудару
кірістер мен шығыстар туралы есеп беруде көрсетілмейді.
Негізгі құралдарды есептен шығарғанда олардың қалдығы қосымша
төленбеген капитал бойынша бөлінбеген табысқа ауысады. Осы қозғалыс
жинақталған есептілік өзгертулерінде өз капиталында негізгі құралдар болып
көрсетіледі.
Негізгі құралдардың тозуы, тік сызықты әдіспен белгілі мерзімге пайдалы
мерзімде әрбір қызметтің активі, төменде көрсетілгендей есептеледі: Мысалы,
ғимараттар 30-40 жылдар, машиналар мен жабдықтар 8-12 жылдар, мұнай
құбырлары мен басқа көлік құралдары 10-13 жылдар, басқа да негізгі құралдар
5-15 жылдар болып есепке алынады.
Бірлескен кәсіпорын мұнай өндіретін ұңғымалардың құрылысы кезінде
келтірілген барлық тікелей шығыстарды капиталға айналдырады. Құрылыстың
деңгейіндегі барлық нысандар Аяқталмаған құрылыс деп жіктеледі.
Аяқталмаған құрылысқа тозу есептелмейді. Оларды пайдалануға бергенде олар
негізгі құралдардың тиісті тобына аударылады.
Олардың пайдалы қызметінің мерзімін ұзартатын негізгі құралдардың
күрделі жөндеуінің шығындары негізгі құралдардың есебіне жатады. Ағымдағы
жөндеу мен қызмет көрсетудің шығындары оларды пайдаланған кездегі шығысқа
жатады. Негізгі құралдарды сатқан кезде немесе есептен шығарғанда оларды
алғашқы құны сатылған немесе есептен шығарылған активтің, оның тиісті
жинақталған тозуы мен осы активке байланысты кез келген қайта бағалау
есептіліктен алынып тасталады. Негізгі құралдарды есептен шығарған кезде
кез-келген табыстар мен залалдар осы ағымдағы табыстар мен шығыстарға
жатады.
Инвестициялар. Бірлескен кәсіпорын өзінің инвестицияларын келесі
сипаттар бойынша жіктейді: өтелгенге дейін ұсталатын және сату үшін. Қысқа
мерзімді бағаның құбылуына байланысты сатып алынған арнайы пайда алу
мақсаттағы инвестициялар, сатушылық сияқты жіктеледі және ағымдағы
активтерге енгізіледі. Басшылықтың оларға ниеті бар және оларды өтелгенге
дейінгі ұсталатын және ұзақ мерзімді активке арналған болып жіктеледі.
Өтеуі белгіленбеген мерзімде ұсталуға арналған инвестициялар және оларды
жою қажеттілігі туындаған жағдайда сатуға болатын немесе сыйақы ставкасы
өзгеру қорытындысына сатуда тұрған болып жіктеледі. Егер басшылық оларды
12 ай мерзім ішінде ұстауға ұсыныс білдірмесе, немесе оларды айналым
капиталын толтыру үшін сату қажеттілігі туындаса олар ұзақ мерзімді
активтер құрамына енгізіледі. Басшылық өздерінің инвестицияларын сатып
алған кезде тиісті жіктемесін анықтайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді инвестицияның есебі
Қаржылық жобаларды бақылау тобы
«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ ІС-ТӘЖІРИБЕ
«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ іс-тәжірибе бойынша есеп беру
«Казойлсервис» ЖШС-нің қаржылық есебі
Ішкі аудит
Айналым қаражаттарының тиімділігін талдау
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Шаруашылық жүргізуші субъектінің меншіктік капиталының есебі
Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті
кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ – ның мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру
Пәндер