Жайық өзені: «табиғаты- халқы- шаруашылығы» мектеп жобасы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Сапарбаев Ж. С.
Жайық өзені: «табиғаты- халқы- шаруашылығы» мектеп жобасы.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011600 «География» мамандығы
Орал 2017 ж
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
М. А. Галимов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жайық өзені: «табиғаты- халқы- шаруашылығы» мектеп жобасы.
5В011600-«География» мамандығы
Орындаған: Сапарбаев. Ж. С.
Ғылыми жетекшісі: Тургумбаев А. А.
Орал 2017 ж
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универсиеті
Факультет: Жаратылыстану-география
Мамандық: 5В011600 География
Бекітемін
География кафедрасының
меңгерушісі
М. А. Галимов
«__»2017 ж
Дипломдық жұмысына тапсырма
Студент Сапарбаев Жумабек Суевбаевич
«___» №___ бұйрықпен бекітілген жұмыс тақырыбы:
Жайық өзені: «табиғаты- халқы- шаруашылығы» мектеп жобасы.
Дерек көздері
- Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени және табиғат мұралары - Орал: 2008 ж
- Облыстың статистикалық жылнамалығы, 2010 - 2016 ж - Орал:2016
- Атырау табиғаты және оны қорғау. - Ақтау: Ақтау баспасы, 1994.
- Орал облысының табиғаты және оны қорғау. Петренко . А. З. т. Б1, 2 бөлім А. С. Пушкин ат. УПИ. - Орал, «Диалог» 1991.
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. - Алматы, Мектеп, 2002.
Сұрақтар тізімі немесе диплом жұмысының мазмұны
Жайық өзенінің физикaлық-экoнoмикaлық жaғдaйынa нapықтық қaтынacтapғa бaйлaныcты шapyaшылықты жүpгiзyдe көп әcep eтyдe, мiнe ocы жaғдaйлapды aшып көpceтy жұмыcтың бip мaқcaты бoлca, Жайық өзені шекаралық өзен болғандықтан оны сақтап қалу жолдарын қарастыру, болашақ жас ұрпаққа аманат ету.
Диплом жұмысының күнтізбелік кестесі
Бөлім, тақырып
атауы
Жұмысты тапсыру мерзімі «___» 201__ жыл
Жетекшісі Тургумбаев А. А.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 6
Бөлім 1. Жайық өзенінің физикалық географиялық сипаттамасы.
1. 1 Географиялық орыны . . . 8
1. 2 Жер бедері мен климаты, топырақ жамылғысы . . . 13
1. 3 Жайық өзенінің гидрологиясы флорасы мен фаунасы . . . 21
Бөлім 2. Жайық өзенінің бойы, орналасқан халқы.
2. 1. Жайық өзенінің бойындағы аудандардың әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштері . . . 32
Бөлім 3. Жайық өзенінің бойындағы аудандардың шаруашылығының даму деңгейі
3. 1. Өндіріс орыны немесе өнеркәсіп шаруалығы . . . 36
Бөлім 4. Әдістемелік бөлім
4. 1. «Жайық өзені», «Экология және Жайық», «Жайық- болшақ көзі» тақырыптарына сабақ жоспары . . . 46
Қорытынды . . . . 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 63
КІРІСПЕ
Облыстың солтүстігінен оңтүстігіне қарай кесіп өтетін басты су көзі-Жайық өзені. Жайық өзені бастауын Орал тауының 600 м биіктегі оңтүстік-батыс сілемдерінің бірінен алады. Облыс аумағына Жайықтың төменгі сағасындағы 300 шақырымнан астам бөлігі ғана енеді. Өзеннің жалпы ұзындығы 2534 шақырым. Арнасының ені 305-500 метр аралығында ауытқып отырады. Өзен суының деңгейі негізінен облыстан тыс жердегі су жинау алабы беретін суға тікелей байланысты болып келеді. Жайық өзенінің 500 шақырымы ғана облыс территориясымен өтеді. Ол Каспий маңы ойпатын кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Негізгі арнасына Батыс Қазақстан облысының жерінде бірнеше салалары қосылады. Өзеннің орта бөлігінде көктемгі тасқын судың артығы қолдан қазылған Көшім каналы арқылы төрт су қоймасына құйылып, шабындық және жайылымдық жерлерді суаруға пайдаланылады. Көшім каналы осы облыс еңбеккерлерінің қажымас қайратының белгісі. Отызыншы жылдары елімізде техникалық құралдар жетпей жатқан кезде еңбекші бұқара бұл каналды қолмен қазған болатын.
Жайықтың бір жылғы орташа су шығыны секундына 320 текше м 3 . Соңғы жылдары құрғақшылық пен шаруашылық мақсатына алынатын су мөлшерінің артуы өзеннің орташа су көлемінің жылына 7-8 текше м 3 шақырымға дейін азайуына әкеліп соқтырады. Жайық өзенінің тағы бір ерекшелігі-оның төменгі ағысында салалары жоқ. Сондықтан су деңгейінің түсуі немесе көтерілуі жоғары жақтан келетін су мөлшеріне байланысты болады.
Зерттеу мақсаты: Жайық өзенінің тіршілігін тұрақтандыру, балық қорларын сақтау және оны тиімді пайдалану. Зерттеу объектісі: Жайық өзені.
Зерттеу пәні: Жайық өзені шекаралық өзен болғандықтан оның қазіргі таңдағы экономикалық пайдасы, және өзен суының сапасының төмендеуі көптеген проблемаға әкелуде. Осыған орай екі жақты келісім жасау арқылы Жайық өзенін сақтап қалу.
Зерттеу әдісі: математико-статистикалық және картографиялық әдіспен қоса ғылыми әдіс қолданылды. Бұл жұмыста Жайық өзені бойындағы округтарына қатысты материалдар қолданылды. Жайық өзенінің бойындағы аудардың ауыл шаруашылығына пайдасы, табиғи жағдайы мен кеңістіктік ерекшеліктерін тануға нақты мүмкіндік берді.
Жұмыстың практикалық маңызы: дипломдық жұмыстың қорытындысы Жайық өзенінің шекаралық өзен болғандықтан оның қазіргі таңдағы экономикалық пайдасы, және өзен суының сапасының төмендеуі көптеген проблемаға әкелуде. Осыған орай екі жақты келісім жасау арқылы Жайық өзенін сақтап қалу жергілік жердегі, аудандық ауыл шаруашылық өндірісіндегі жергілікті мамандарға көмектесу және жергілікті жердің географиясын оқытуда мұғалімдерге және студенттер мен оқушыларға көмек болады.
Жұмыстың тапсырмасы:
1. Жайық өзенінің физикалық географиялық құрылымы мен дамуына әсер ететін табиғат ресурстарын қалыптастыру.
2. Жайық өзенінің бойында орналасқан халықтың өндіріс орыны немесе өнеркәсіп шаруашылығының дамуы мен таралуына әсер ететін табиғат жағдайларын оқу;
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, төрт бөлімнен, қортындыдан, 25 әдебиет тізімінен, сонымен қатар 4 кестелермен, 8 суреттермен, картосхемалармен көрсетілген.
Бөлім 1. Жайық өзенінің физикалық географиялық сипаттамасы.
- Географиялық орыны
Жайық - Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км 2 , Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.
![]()
1-сурет. Жайық өзені.
Бастауы Орал тауының оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталып, Атырау қаласы орналасқан Каспий теңізінің бөлігіне құяды. Жайық өзені Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арасында қайраңдар бар. Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Ор саласы құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен (ұзындығы 45 км) өтеді. Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау (Утва), Губейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды. Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткенен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Жайықтың 80% қар суымен толығады.
Орал тау жотасынан басталып, жоғарғы бөлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салынған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арнасында қайраңдар бар. Суды жинау көлемі - 237 мың км 2 . Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар) : жоғарғы, орта және төменгі. [1]
2-сурет. Жайық өзенінің жалпы көрінісі
Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткеннен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Су тасу кезінде орта ағысы тұсында арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін жайылады. Өзен жоғарғы ағысында - қарашаның басында, орта, төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады. Жайықтың бойында орналасқан Ресей қалалары: Верхнеуральск, Магнитогорск, Орск, Новотроицк, Орынбор. Қазақстан қалалары: Орал (кеме қатынасы басталатын жер), Атырау. Еуропа мен Азияның шартты шекарасы Жайық өзені бойымен өтеді. [2]
Басында өзен оңтүстікке Орск қаласына дейін ағады. Бұл жоғары ағыс болып саналады. Содан соң кенет батысқа бұрылады. Ендік бағытта 850 км Орал қаласына дейін (орта ағыс), қайтадан оңтүстікке бұрылады, осы бағытты Каспий теңізіне дейін сақтайды (төменгі ағыс, аралығы 840 км. ) .
Орск қаласынан басталардағы, жоғарғы ағыс шегінде, өзен солтүстіктен оңтүстікке меридионалдық бағытта Оралдың шығыс баурайы бойы енсіз алқапта, ізбестерден салынған құздар арасынан ағады. Ең терең жерлері - 3 м. Өзеннің бұл жері таулы сипатта болады.
Орск қаласынан 70 км жерде Ириклин су торабы салынған. Бұл бөген Жайық өзенінің деңгейін 30 метрден астамға көтереді. Көктемгі тасқын кезінде толып, Ириклин бөгені жыл бойы біртіндеп өз көлемінің, шамамен жартысын өзенге береді. [3]
Орск қаласынан Орал қаласына дейін өзен кең алқапта орташа ағыста ағады. Енсіз таулы табалдырықты жерлері сирек кездеседі. Өзен тегіс саяз жерлерге айналады.
Орынбор қаласы аумағында Жайық өзеніне ең ірі оң тармағы Сақмар ағады. Оның ұзындығы 761 км, алқап көлемі 29, 1 мың км. Сақмар алабын көп қарлы және тармақтанған өзен жүйесі бар орман жабады. Тек Орынбор облысы шеңберінде Сақмарға құйылатын 290 өзен саналады. Сақмардың су айдауы Оралдан шамамен 1, 5-2, 0 рет артық, одан қалыпты ағуымен және көктемгі тасқынының ұзақтылығымен ерекшеленеді, сонымен қатар Жайық өзенінің режиміне маңызды өзгерістер енгізеді.
Орал қаласынан жоғарыда Жайық өзеніне сол жағынан Елек өзені ағады, оның ұзындығы 730 км.
Орал қаласы маңында Жайық өзеніне 2 сала - Шаған мен Барбастау өзендері құяды. Төменгі ағысында Жайық өзені Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары аумағынан Каспий теңізі маңы ойпатынан өтеді, бұнда үш табиғи аймақтан өтеді: дала, шөлейтті- дала және шөл.
Даланың аймақ ұзындығы 250 км Батыс Қазақстан облысында солтүстік жағында орналасқан. Бұл аймақтың оңтүстік шекарасы Жайық өзен бойы Чапаев ауылы жанынан өтеді. Әрі қарай оңтүстікке 220 км шөл-дала аймағы созылып жатыр. Ол Каспий теңізі ойпатының солтүстік бетінен Батыс Қазақстан облысының Чапаев, Атырау облысының Индер ауылдары аралығында белдеулей өтеді. Индерден теңізге дейін шөл аймағы ені 400км-ге созылады.
Жайықтың төменгі ағысының тереңдігі, жыл сайын көктемгі судың көтерілуінен өзен арнасының шайылуына қарай, барынша қалыпты. Көктемде тасқында судың көтерілу деңгейі сабадан 3-7 м-ге асады. Фарватер бойындағы Жайықтың орта тереңдігі сабасында (саяздар мен шұңқырларсыз) 3-5 м құрайды. [4]
Жайық өзенінің сағалық ауқымының жоғарғы шекарасы атыраудың басымен ұласады (Атырау қаласынан төмен), теңіздік - теңіз кемеріне 3 м изобатта кіреді. Бұл шектегі саға аумағының көлемі 1500 км 2 тең. Өзен атырауы көлемі 600 км 2 .
Жайық өзені тек қана қар суларына қоректенетін жай өзендерге жатады. Оның ағыны, негізінен, өзендер жүйесі дамыған, жоғарыдан қалыптасады. Жайық өзенінде Оралдан төмен теңізге кұйғанға дейін, суы аз Барбастаудан басқа сала жоқ.
Салалары. Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Ор салалары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен (ұзындығы 45 км) өтеді. Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сақмар, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау (Утва), Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды.
Елек өзені - Ресейдің Орынбор облысы жерімен және Қазақстанның Ақтөбе (Алға, Ақтөбе, Мартөк аудандары), Батыс Қазақстан (Бөрлі ауданы) облыстары жерімен ағып өтеді. Су жиналатын алабы 41, 3 мың км. Ұзындығы 623 (Жарықты саласын қоса есептегенде 699) км.
Мұғалжар тауының батыс бөлігіндегі Бестөбе сілемінен қос тармақ болып басталады да, Жарсуат аулының тұсында Жайыққа сол жағынан құяды. Қар және жер асты суымен толығады. Жылдық су ағындысының 60-85%-і көктемгі, қысқы мерзімде ағып өтеді. Арнасы бастауында енсіз (20- 30 м), тік жарлы келеді, орта ағысындағы арнасы (Ақтөбе қаласы тұсында) 150-170 м-ге дейін жетеді. Онда тоғай, шалғын өседі. Електің 75 саласы бар, ірілері - Қобда (Үлкен Қобда), Көктөбе, Табантал, Қарғалы, Сазды, Таныберген. Жылдық орташа су ағыны 3- 21 м /с, Шілік aуылы тұсында 37, 9 м³/с. Суының тұздылығы 1, 2-1, 7 г/л аралығы. Қараша-сәуір айлары аралығында мұз қатады. Өзенде жайын, көксерке, ақмарқа, табан, сазан, алабұға, тыран, аққайран, бекіре, қарабалық бар. Суы өнеркәсіп орындарында пайдаланылады.
Шыңғырлау (Утва) - Жайық алабындағы өзен. Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Бөрлі аудандары аумағында. Ұзындығы 290 км, су жиналатын алабы 6940 км². Орал тауының оңтүстігіндегі Шыбынды тауы (279 м) бұлақтарынан басталып, Бөрілі ауылының тұсында Жайық өзеніне сол жағынан құяды. Алабының жоғары бөлігі ұсақ төбелі, төменгі бөлігі белесті жазық. Арнасы ирелең, жағасы тік жарлы. Аңғары жоғарғы 60 км бөлігінде әлсіз қалыптасқан, ені 1 - 2 км, беткей биіктігі 5 - 15 м, ортаңғы бөлігінде айқын, ені 2 - 4 км, төменде 4 - 8 км-ге дейін кеңейіп, айналадағы ортамен тұтасып кетеді. Жайылмасы 2 км-ге дейін, төм. Бөлігінде ескі арналар, тармақтар кездеседі. 30-дан астам саласы бар. Негізгілері: Қайыңдысай, Ұлысай, Ақбұлақ, Қараоба. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көктемде тасып, жазда сабасына түседі, қыста қатады. Көп жылдық орташа су ағымы Кеңтүбек ауылы тұсында 5, 64 м³/с. Сағасынан 244 және 250 км қашықтықта екі бөген салынған. Суы егіс суаруға пайдаланады.
Ор - Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Мұғалжар, Хромтау аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 332 км, су жиналатын алабы 18600 км 2 . Мұғалжар тауының солтүстік -батысындағы бұлақтардан басталып (Шилі, Терісбұтақ, т. б. ), Орск қаласы тұсында (Ресей) Жайық өзеніне сол жағынан құяды. Аңғары кең (1 - 3 км), сағасына жақын тұста 18 - 20 км-ге жетеді. Арнасы 5 м, төменгі ағысында 80 м-ге жетеді. Өзеннің ірілі-ұсақты 14 саласы бар. Ірі салалары: Қамысақты, Ойсылқара. Жауын-шашын, ішінара жер асты суымен толысады. Сәуірде тасып, су деңгейі 5 м-ге дейін көтеріледі. Жылдық орташа су ағымы 4, 05 м 3 /с-тен (Қопа ауылы тұсында), төменгі ағысында 13, 0 м 3 /с-ке дейін (Майлытөбе ауылы тұсында) . Суы көктемде тұщы, жазда сәл кермек татиды. Өзен суы шаруашылық мұқтажына, мал, бау-бақша суаруға, балық өсіруге пайдаланылады. Барбастау (Борбастау) - Жайық өзенінің сол саласы. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 45 км. Бастауын Фёдоровка ауылының батысындағы Барбастау қыратынан алады. Арнасы ирелең келген. Жайыққа құяр тұсы көктемде тасып, жайылып кетеді. Ұзындығы 20 км-ден аспайтын 5 саласы бар. Қараша айының ортасында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы тұщы. Аңғары шабындыққа пайдаланылады.
Гумбейка - Ресейдегі өзен. Челябі облысы, Орынбор облысы, Башқұртстан Республикасы жер аумақтарынан ағып өтеді. Өзен сағасы Урал өзенінің сол жағалауынан 2116 км қашықтықта орналасқан. Өзен ұзындығы 202 км-ді құрайды. Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Жайық су алабы өңіріне жатады, өзеннің су шаруашылық бөлігі - Урал өзені Магнитогорск су торабынан Ириклинск су торабына дейін. Өзен саласы - Саласы болмайды, өзен алабы - Жайық (су алабының Ресейдегі бөлігі) . [5]
Деркөл (Деркүл) - Жайық алабындағы өзен. Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы жерінен ағып өтеді. Ұзындығы 176 км, су жиналатын алабы 2, 25 мың км 2 . Жалпы Сырт жотасының Ешкі тауынан басталады да, Жайық өзенінің сол саласы Шағанға оң жағынан құяды. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Арнасы кең, жағасы жайпақ. Көктемгі су тасу кезінде Деркөлдің жайылмасын су басады. Өзеннің бірнеше кішігірім салалары бар. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Сағасындағы жылдық орташа су ағымы 2, 4 м 3 /с. Тұздылығы 0, 5 - 1, 5 г/л, суы егін суғаруға, жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.
Қайнар - Ембі үстірті мен Мұғаджар алдының солтүстік-батыс беткейіндегі теңіз деңгейінен 110 метр биіктіктегі шағын қыраттардан басталып, сәуір айының басында екпіндей тасып, 3 айдай ғана өмір сүріп Иманқара тауының батыс етегіндегі борпылдақ жыныстарға жұтылып, сіңіп кетеді. Сағыз, Қайнар өзендері мал суару үшін ғана пайдаланылады.
1. 2. Жер бедері мен климаты, топырақ жамылғысы
Жайық өзені бастауын Орал тауының шығыс беткейінен алады (абс. белгісі 643 м) және ежелгі жазықтан оңтүстік бойымен тау ғимараты шығыс беткейіне қарай ағады. Оңтүстіктен бастысқа қарай Орал тау жоталарынан Зілайыр үстірті орналасқан, одан оң жағалаулық салалар Самқар өзені Үлкен ық, Қосмарқа, Ұрман-Зілайыр, Барақал т. б. ағады. Бұл аудан жазық біркелкі суайрықтармен және өзен жазығының терең тілімденуімен ерекшеленеді.
Жалпы Сырт батыстан Зілайыр үстіртінен және Каспий маңы ойпатына жалғасады. Сонымен қоса Орал және Волга өзендерінің бассейндерінің суайрық аймағы болып келеді. [6]
Сырттың батыс шеткі бөлігі Шипа тауының бойына кіреді, олардың бірі, биігі Ішкітау болып табылады. Ал Сырттың оңтүстік бөлігі бойын кең жазық алып жатыр, ұзындығы Орал қаласынаң 60 шақырым.
Төменгі Орал үстірті Каспий маңы ойпатымен түйіседі, шығысынан жон арқалы жазықтықты алып жатыр. Өзеннің суайрық биіктігі 400-500 метрде орналасқан. Батыс және оңтүстік-батыс жаққа қарай ойпат біртіндеп төмендеп 100 м теңіз деңгейіне дейін жетеді. Сонымен қоса осы аймақтарда сорлы жерлер кездеседі, көктемде ол жерлер еріген сулармен толығады.
Төменгі Орал үстірті жер бедері денудациялы эрозиялық процеске куә. Оның негізгі себебі су және жел. Каспий маңы ойпаты Каспий теңізінің солтүстік бөлігін қамтиды. Ол қазіргі кеуіп кеткен Каспий теңізінің түбі сиякты жер бедеріне ие. Олардың кейбір бөліктері эолдық процестерден өткен. Ойпат көптеген мөлшердегі сорлы ойыстармен, көлдер мен терең емес ағыншықтармен ерекшеленеді.
Ең үлкені Чижа-Дуринск-Балықты дисперссиясы. Ол Жалпы Сырттың оңтүстік шекараларынан Орал-Волга құмдарына дейін жайылған ойық жер. Ауданы бойынша екінші орында Жем өзенінің төменгі аймағымен Өлі Көлтік жері арасында орналасқан Солтүстік Каспий маңы Қарақұмдары болып келеді. [7]
Каспий маңы ойпатының оңтүстік аймағы теңіз деңгейінен 28 м төмен орналасқан. Бұл аймақтың көбі сортаң және тұзды болып келеді. Мұндай жерлер Жайық-Жем аймағының 13, 8 %-ын, яғни 78, 6 мың км 2 жерді алып жатыр.
Үстірт үстірті Жайық-Жем бассейнінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ауданы шамамен 161 мың шаршы км құрайды. Жер бедері биіктігі 50-290 м аралығында өзгереді. Үстірттің солтүстік бөлігі биіктігінің төмендеуімен ерекшеленеді. Биіктік 70-80 метрден аспайды. Мұнда Сам-Саматай құмдары орналасқан. Үстірт үстіртінің жер бедері ерекшелігі, әсіресе солтүстік және батыс бөліктерінде жоғарыда айтылған жазық тәрізді төмен жерлердің көптеп кездесуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz