Ауру ашатұяқтыларға тән



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Аусыл қоздырушысының сыртқы ортаға төзімділігі
2.2. Ауруға бейім жабайы жануарлар
2.3 Аусыл ауруына қарсы жүргізілетін жалпы шаралар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Аусыл - Aphtae epizooticae - жабайы жануарлардың жiтi және өте жiтi түрiнде өтетiн жұқпалы iндет. Ауырған малдың ыстығы көтерiледi, аузының кiлегейлi қабықтарына, кейде желiнi мен аяқтарында, тұяқ арасына күлдiреуiктер (афталар) шығады.
Ауру ашатұяқтыларға тән, әсіресе бұл бұғы, бувол, қодас қатысты, аусыл ауруы вирустық сипатқа ие, безгекпен, сондай-ақ ауыз қуысының шырышты қабатында, желінінде, сонымен қатар терінің жүн өспеген жерлерінде болатын көпіршіген экзантемамен сипатталады. Ірі қара мал үшін аурудың басты белгісі – көп мөлшерде сілекей бөлінуі. Бұл ауру адамға да беріледі.
Аурудың тарихы
Аусыл ауруы 400 жылдай бұрын пайда болған. 17-19 ғасырларда Европаның кейбір елдерінде сілекейдің көп бөлінуімен ерекшеленген ауру жағдайлары белгілі болды. Басында аусыл ауруы Азияда пайда болғанымен, қазіргі уақытта бүкіл әлемге тараған. Әлі вакцина ойлап табылмаған кезде аусыл ауруы сол елдің барлық малдарына, кейде бүкіл Европаның малдарына жұға отырып, әр 4-5 жыл сайын қайталанып отырған. Эпизоотия барлық жануарларға ауру жұққанға дейін тоқтамаған. Жануарлар аурудан айыққаннан кейін иммунитет қалыптасқан, бірақ жануарлардың әлі ауырмаған келесі буыны (бірнеше жылдан кейін) келгеннен кейін ауру қайта қозған.
1. Т. Сайдулин . «Індеттануи және жануарлардың жұқпалы аурулары» «Алматы2010» 169-175бет
2.А.Қ.Смағұлов , Қ.А. Сағындықов және т.б. «Ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау» . Алматы 2005. 248-253бет
3. google.kz

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Аусыл қоздырушысының сыртқы ортаға төзімділігі
2.2. Ауруға бейім жабайы жануарлар
2.3 Аусыл ауруына қарсы жүргізілетін жалпы шаралар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Аусыл - Aphtae epizooticae - жабайы жануарлардың жiтi және өте жiтi түрiнде өтетiн жұқпалы iндет. Ауырған малдың ыстығы көтерiледi, аузының кiлегейлi қабықтарына, кейде желiнi мен аяқтарында, тұяқ арасына күлдiреуiктер (афталар) шығады.
Ауру ашатұяқтыларға тән, әсіресе бұл бұғы, бувол, қодас қатысты, аусыл ауруы вирустық сипатқа ие, безгекпен, сондай-ақ ауыз қуысының шырышты қабатында, желінінде, сонымен қатар терінің жүн өспеген жерлерінде болатын көпіршіген экзантемамен сипатталады. Ірі қара мал үшін аурудың басты белгісі - көп мөлшерде сілекей бөлінуі. Бұл ауру адамға да беріледі.
Аурудың тарихы
Аусыл ауруы 400 жылдай бұрын пайда болған. 17-19 ғасырларда Европаның кейбір елдерінде сілекейдің көп бөлінуімен ерекшеленген ауру жағдайлары белгілі болды. Басында аусыл ауруы Азияда пайда болғанымен, қазіргі уақытта бүкіл әлемге тараған. Әлі вакцина ойлап табылмаған кезде аусыл ауруы сол елдің барлық малдарына, кейде бүкіл Европаның малдарына жұға отырып, әр 4-5 жыл сайын қайталанып отырған. Эпизоотия барлық жануарларға ауру жұққанға дейін тоқтамаған. Жануарлар аурудан айыққаннан кейін иммунитет қалыптасқан, бірақ жануарлардың әлі ауырмаған келесі буыны (бірнеше жылдан кейін) келгеннен кейін ауру қайта қозған.
Өте кіші көлемдегі фильтрленетін вирус аусыл тудырады. Лёффлер мен Фрош 1897 жылы жануарларда анықталған бірінші вирусты ашты. Жүн жамылғыда аусыл вирусы 30 күнге дейін сақталады, мал азығында 30-дан 150 күнге дейін, жүнде 14 күн, теріден тігілген аяқ киімде 80 күн, ал резина аяқ киімде 100 күндей, құмда 15 күн және т.б. Вирус елдің бір шетінен екінші шетіне немесе бір елден екінші елге оңай көшіріледі. Аусыл тарауының маңызды себептерінің бірі - жабайы егеуқұйрықтар. Аусылдың негізгі белгілерінің бірі оның көп түрлілігі. Ауру вирустардың әртүрлілігімен тудырылуы мүмкін. 40 жылдан астам уақыт бойы Еуропа континентінде вирустың 3 түрі белгілі: А, О, С олардың әрқайсысының түрлері көп. А типінің 28 түрі, О типінің 11, ал С типінің 4 түрі бар.
Вирустың осы 3 түрі тудыратын ауру белгілері ұқсас болғанымен, олардың антигендік қасиеттері әртүрлі. Себебі, вирустың бір типін жұқтыру арқылы ауырған немесе оған сол типке қарсы еккен жануарда вирустың басқа түріне иммунитет болмайды.
Англиядағы (Пирбрайт) институттың қызметкерлері Брускби мен Галловей 1958 жылдың мамыр айында Халықаралық Эпизоотикалық бюроның (Париж) сессиясында жасаған баяндамада олар Африка мен Азияда белгілі еуропалық А, О, С типтерінен мүлдем басқа типтерді, соның ішінде Африкалық SATb SAT7, 5АТ3, Азиялық азия типін анықтағанын жариялады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Аусыл қоздырушысының сыртқы ортаға төзімділігі
Аурудың қоздырушысы риновирус туыстығына жататын рибонуклеин қышқылынан (68,5%) түзiлген, сүзiлгiш вирус. Антигендік қасиеті бойынша жеті серологиялық түрлері белгілі: О, А, С, Сат-1, Сат-2, Сат-3 және Азия -1.
Аусыл қоздырушысы сыртқы ортаның қолайсыз әсерiне төзiмдi келедi. Мәселен, олар ауру малдың сiлекейiнде 6 тәулiк, сүтiнде 12 сағат, майында 20 тәулiк, етiнде 42 тәулiк, салқындатылған етте 36-48 сағат, лимфа түйiндерi мен жiлiк майында 76, терiсi мен тұяқтарында 34, қанында 168-170, тұздалған етте 50, кебекте 60-140, пiшенде 60-110, малдың түгiнде 20, жұн матада 21, құдық суында 67, құрғақ құмда 14 тәулiк таулы жайылымда, келесі жайылым мезгіліне дейін, ағынды суда қыста - 103, жазда -21, күзде - 49 күн бойы сақталады. Сүтте аусылдың вирусы 650С - 30 мин., 70 0С - 15 мин., 80-1000С бірнеше секундта белсенділігін жояды.
Вирус көптеген химиялық-дезинфекциялағыш заттарға төзiмдi келедi, бiрақ қышқылды ортада тез өледi, күйдiргiш натр және калидiң 1-2% ыстық ерiтiндiлерi тез өлтiредi.

1-сурет . Аусыл вирусы

Ауыз қуысы мен тiлi зақымданған малдың ауызынан көбiк араласқан сiлiкей ағады, ернiн сылпылдатады, тiстерiн қайрайды. Мал ыстығы көтерiлiп (40-41С) жабығады, күйзеледi, азыққа тәбетi шаппайды, күйiсiнен жаңылады. Ауыз қуысы мен тұмсықтарына мөлдiр суға толы күлдiреуiктер шығады, кейiннен олар жарылады. Тiлi зақымданып, кейде аузына симай салақтап сыртқа шығады. Бұндай кезде мал азығын жей де және жұта да алмайды. Бақайдың көбесi iсiп, ақсайды, үлкендi-кiшiлi күлдiреуiктер шығады, олар жарылған соң орынында iрiңдi жара пайда болады. Тұяқтарының тұсiп қалуы да ықтимал.
Кейбiр малдың желiнiне де (үрпiлерiне) күлдiреуiктер шығады да кейiннен жарылып iрiңдi жараға айналады.
Шошқада күлдiреуiктер тұмсығының үстiне шығады.
Буйвол мен қодаста ауыз қуыстары сирек зақымданады, ауыздарынан көпiршiген сiлекей ақпайды.

2-сурет: Аусылмен ауырған қодас ұшасы
Дифференциалды диагностика. Аусылды ауыз уылуы (стоматит) мен күлден ажырату керек. Күл ауруында күлдiреуіктің көлемi шағын, оған қосымша аусылдағы сияқты олардың бiрнешеуi қосылып үлкеймейдi. Ауыз уылғанда ауыздың кiлегей қабықтары күлдiремейдi, тек қана айналасы қызарған кiшкене бөртпе жаралар шығады.
Аусылдан таза аумақта, ауру алғашқы рет шықса, ауру және ауруға күдікті жануарды союға тыйым салынады, олар жойылуға тиіс. Басқа жағдайда барлық сойыс өнімдері зарарсыздандырылады.
Көптеген сом еттерiнде (жамбас, алдыңғы аяқтары, иық белдеулерi т.б.) көлемдi некроз ошақтары болса, сондай-ақ ауру асқынып сирақтары, желiнi және басқа дене мүшелерi iрiңдеп кеткен кезде, малдың ұшасын ағзаларымен бiрге техникалық фабрикаттар (малға азық) дайындауға жiбередi.
Етiнде бiрлi-жарым некроз ошақтары болса, оларын алып мал азығын дайындауға жiбередi де, қалған етi мен ағзаларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иттің құтырық ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Аурудың тарихы
Шизофрения мен эпилепсияның клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары туралы
Жылқының жұқпалы анемиясы
Шизофрения
Қазақ тіліндегі ауру атауларының лексика-семантикалық және морфологиялық құрылымы
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Инфекция және жұқпалы ауру
Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан жазылған жануарлар
Жұқпалы ауруларды сауықтыру шаралары
Пәндер