Автокөлікке ветеринариялық-санитариялық бақылау



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Автокөлікке ветеринариялық.санитариялық бақылау
2.2 Автомобиль көлігімен малдар тасымалдау
2.3 Автокөліктерді ветеринариялық.санитариялық жағдайына қарай бағалау және ветсанөңдеуден өткізу.
2.4 Көлікті ветеринарлық санитарлық өңдеуден кейінгі ағынды суларды тазалау жəне зарарсыздандыру
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ағынды сулар – ол тұрғындардың тастаған сұйық қалдықтары, өнеркəсіптерден, ауруханалардан, ветеринарлық стансалардан, биофабрикалардан, зарарсыздандырғыш-жуғыш стансалардан (ЗЖС), биік атмосфералық сулар жəне басқа ағынды сулар. Ағынды суға адам мен жануарлардан бөлінетін заттар, өнеркəсіп қалдықтары құрамында органикалық жəне бейорганикалық қосылыстары бар микрофлора түседі. Санитарлық тұрғыдан ең қауіпті, құрамында патогенді микрофлорасы жəне көп мөлшерде азотты қосылыстары бар ағын су табылады. Осындай сулар тез арада шіріп, жағымсыз иістер шығарады. Ағынды суларда патогенді микробтардың болып, олар осы жерде тіршілігін ұзақ уақыт бойы сақтайды.
В.А. Краснощекованың (1961) айтуы бойынша, шошқа тілмесінің қоздырғышы қида 25-28 күн тіршілігін сақтайды. А.А.Аннагиев (1954) тері зауытының ағынды суын зерттеген кезде 750 сынаманың 79-нан сібір жарасының қоздырғышын тапқан.
Аусыл вирусы ағынды суларда 21 күн, қыста суық ағынды суларда 103 күн бойы сақталады (Поляков, 1969).Л. Э. Фих (1982) айтуы бойынша, (ДЖС) ағынды суларды, ет комбинаты мен қилы-шаруашылық ағынды суларымен
салыс тырмайды. Олар физико-химиялық зерттеулерді керек етеді. Кемелерді, ұшақтарды, контейнерлерді, автокөліктерді өңде гендей ағынды сулар мінездемелері де болмайды.
1. «Мемлекеттегі шекара мен көліктегі ветеринариялық-санитариялық бақылау» Д.Б. Жексембиев Алматы 2005 жыл
2. «Ветеринариялық-санитариялық сараптау практикумы» С.Қырықбайұлы, Т.М. Тілеуғалиұлы, М.С. Садуов, Б. Майқанов Алматы 2011 жыл
3. «Ветеринариялық гигиена» Ж.Б. Мырзабеков, П.Ш. Ибрагимов Алматы 2011 жыл
4. «Ірі қара шаруашылығы» А.Ә. Төреханов, Ж.К. Каримов, Ш.Д. Даленов, Д.Қ. Найманов, Н.Ә. Жазылбеков
5. «Дәрістер жинағы» А.А Алимов
6. www.google.kz

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Автокөлікке ветеринариялық-санитариялық бақылау
2.2 Автомобиль көлігімен малдар тасымалдау
2.3 Автокөліктерді ветеринариялық-санитариялық жағдайына қарай бағалау және ветсанөңдеуден өткізу.
2.4 Көлікті ветеринарлық санитарлық өңдеуден кейінгі ағынды суларды тазалау жəне зарарсыздандыру
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе
Ағынды сулар - ол тұрғындардың тастаған сұйық қалдықтары, өнеркəсіптерден, ауруханалардан, ветеринарлық стансалардан, биофабрикалардан, зарарсыздандырғыш-жуғыш стансалардан (ЗЖС), биік атмосфералық сулар жəне басқа ағынды сулар. Ағынды суға адам мен жануарлардан бөлінетін заттар, өнеркəсіп қалдықтары құрамында органикалық жəне бейорганикалық қосылыстары бар микрофлора түседі. Санитарлық тұрғыдан ең қауіпті, құрамында патогенді микрофлорасы жəне көп мөлшерде азотты қосылыстары бар ағын су табылады. Осындай сулар тез арада шіріп, жағымсыз иістер шығарады. Ағынды суларда патогенді микробтардың болып, олар осы жерде тіршілігін ұзақ уақыт бойы сақтайды.
В.А. Краснощекованың (1961) айтуы бойынша, шошқа тілмесінің қоздырғышы қида 25-28 күн тіршілігін сақтайды. А.А.Аннагиев (1954) тері зауытының ағынды суын зерттеген кезде 750 сынаманың 79-нан сібір жарасының қоздырғышын тапқан.
Аусыл вирусы ағынды суларда 21 күн, қыста суық ағынды суларда 103 күн бойы сақталады (Поляков, 1969).Л. Э. Фих (1982) айтуы бойынша, (ДЖС) ағынды суларды, ет комбинаты мен қилы-шаруашылық ағынды суларымен
салыс тырмайды. Олар физико-химиялық зерттеулерді керек етеді. Кемелерді, ұшақтарды, контейнерлерді, автокөліктерді өңде гендей ағынды сулар мінездемелері де болмайды. Ағынды сулардың санитарлық бағасын зерттеулерді бірнеше ғалымдар жүргізді (Рудаков, 1951; Нетылкин, 1964; Овчинкин, Гапонова, 1968; Прохоров, Суворов, Грибанов, 1981). М. П. Овчинкина мен В. А. Гопанов ДЖС ағынды суларын зерттеген кезде олардың химиялық заттармен ластанғанын, майлығын, сарғыш қоңыр немесе сарғыш-сүр түсті қидың иісін анықтаған. Осы себептен зарарсыздандырылмаған ағынды сулар қоршаған ортаның ластануының жəне адамдар мен жануарларға инфекция тарату көзі болып саналады.

2.1 Автокөлікке ветеринариялық-санитариялық бақылау
Автокөлікпен малды, азық-түліктерді және жануар тектес шикізаттарды тасымалдау кезінде Жүктерді автокөлікпен тасымалдау ережелері мен Малды, азық-түліктерді және жануар тектес шикізаттарды автокөлікпен тасымалдаудың ветеринариялық-санитариялық ережелерін басшылыққа ала отырып атқарады. Малдың кез келген түрін, балықтарды, бал араларын, жануар тектес шикізаттарды, тағы басқа да мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметінің бақылауына кіретін жүктер тек қана жұқпалы аурулардан аман-сау елді-мекендерден, шаруашылықтардан, базарлар мен мекемелерден тиелуі керек. Бұл жүктердің барлық түріне, жүк жіберуші егер ауданнан тысқары жерге шығаратын болса, жүк тасушыға қабылданған үлгідегі ветеринариялық куәлік табыс етеді, ал аудан ішіне ветеринариялық анықтама беруге болады. Бұл құжаттарды шаруашылыққа, мекемеге, ұйымға қызмет көрсететін мал дәрігері немесе ауданның бас мал дәрігері береді. Ал жүк облыстан, Республикадан тысқары жерлерге шығарылатын болса ветеринариялық куәлікті ауданның (қаланың) бас ветеринария дәрігері береді. Жүк жіберуші ветеринариялық куәлікті автокөлік жүргізушісіне табыс етеді, ал жүк партиясын бірнеше автокөлікпен тасымалдағанда - автоколонна бастығынабереді. Бұл жағдайда әрбір автокөліктің жол жүру қағазында мөрмен бекітілген ветеринариялық куәліктің нөмірі мен берілген уақыты көрсетілуі керек. Автокөлік жүргізушісі немесе автоколонна бастығы, жолда ветеринариялық куәлікті үлкен жолдар мен автотрассалардағы ветеринариялық бақылау пунктеріне немесе жолда тексеру жүргізген ветеринариялық бақылау қызметінің жергілікті өкіліне, сондай-ақ жол полициясы қызметкерлеріне көрсетеді. Мал немесе жануар тектес азық-түліктер тиелген автокөлік жүргізушісінің ветеринариялық куәліксіз сапарға шығуға қақысы жоқ. Бұл талапты орындамағаны үшін ол жүк жіберушімен бірдей дәрежеде жауапқа тартылады. Жүктің баратын жерінде, ветеринариялық куәлік керек деп табылған ветеринария органдарына олардың талап етуі бойынша көрсетіледі, ал одан кейін жүк қабылдаушыға беріледі. Автокөліктерді күтіп-баптау, олардың жол бойғы жұмысын ұйымдастыру, жүкті тасымалдауға қабылдау және оны жүк алушыға өткізіп беру мәселелерінде автокөлік жүргізушілер мен жүк жіберушілер қазіргі кезде күші бар ережелерді басшылыққа алады.
2.2 Автомобиль көлігімен малдар тасымалдау
Жануарлар және құстар тасымалына арналған автокөліктер, тасымал жағдайына байланысты жабдықталуы керек. Ірі қара мал, шошқа, қой және ешкі тасымалдайтын автокөлік қорабы керекті (100 - 110 см) биіктікте болуы қажет. Жануарлар тасымалдау кезінде қолайсыз ауа райынан (өте ыстық, қыс, күз уақытында) сақтау үшін автокөлік қорабы брезентпен немесе басқа материалмен жабылуы тиіс. Автокөлік қорабы тесіксіз және бүтін болуы керек. Жануар тасымалына арнаулы (мал тасымалдайтын көлік) ағаш едені бар көлік пайдалануы керек. Автокөлік қорабы таза болып, қорап едені төселгішпен (сабан, ағаш ұнтағы және т.б.) төселінуі тиіс. Ірі малдарды (жылқы, сиыр, бұқа) автокөлікте басымен алға қарай орналастырылып малдар қорапқа қатты байланады.
Ірі қара малдың екі жасқа дейінгі, шошқа, қой және ешкі, басқа ұсақ жануарлар байлаусыз, тек қана автокөлік қорабында әр малдың жатуына орын болса ғана тасымалданады.
Егер сыртқы ауа температурасы 30 о С. жоғары болса, шошқа тасымалдануы, тек қана ветеринария дәрігерінің рұқсатынан кейін тасымалдауға жіберіледі. Жылқылар артылу алдында тағасыздандырылады.
Құстарды тасымалдау тек қана арнаулы істелінген (құстар түрімен) торларда рұқсат етіледі. Автокөлікке торларды қатарлап арту тек қана (төрт қатарға дейін), әрбір торға ауа жүрімі болған кезде рұқсат етіледі. Құсымен торларды бірнеше қатар етіп артқанда, торлар асты қатты және нәжіс ақпайтындай болуы қажет. Торларда қажетті мөлшерде төсеніш болуы керек.
Аралар өзіне керекті деңгейде істелінген омарталарда, жүк жіберушінің қарауымен тасымалданады. Жануарларды тасымалдау кезінде малдың санына байланыссыз, автокөлік жүргізушісінен басқа, міндетті түрде арнаулы бөлінген жолсерік болуы керек. Егер керек болса жолсерік жануарларды жол бойында қарайлау үшін, автокөлік қорабында малдардың жанына орналастырылады.
Бұл үшін жолсерікке арнаулы (ірі жануарларды тасымалданғанда қораптың алдыңғы жағында) жануарлардан бөлек орын дайындалады. Жануарларды алыс жерге тасымалдаған уақытта (жол бойы 6 сағаттан көп болса), жүк жіберуші міндетті түрде малдарды керекті мөлшерде азықпен қамтамасыз етеді.
Жол бойы жануарларды (тәулігінде екі рет) міндетті түрде суарылады. Малдар жол бойында 12 сағаттан көп тасымалданса, оларды әр 10-12 сағатта 2-3 сағатқа демалысқа түсіреді, егер түсіруге жағдай болмаса, жануарларды автокөлік қорабының үстінде көрсетілген мерзімде демалдырылады.
Демалыс кезінде жолсерік міндетті түрде жануарларды суарып және азықтандырып, автокөлік қорабын нәжістен тазалап, жаңа төсеніш салады. Жануарлардың демалу, азықтандыру, автокөлікті нәжістен тазалау орны, тасымалдау бағыты, жүк жіберушінің жергілікті атқару мекемелерімен және ветеринариялық органдарымен алдын-ала келісілуі керек.
Жануарларды тасымалдау бағытында, әрдайым белгіленген және орналастырылған, мал суаратын орын болуы керек.
Жануарлар автокөлікте өте ұқыпты, қатты жұлқымай, тежемей тасымалдануы керек.
Бүкіл жануарлар артылу алдында шаруашылықтың (қора, кәсіпорын) ветеринариялық дәрігерімен және малдар артылу және түсірілу кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының инспекторларымен зерттеледі.
Байқау кезінде жануарлардың денсаулығы, қомдылығы, тасымалдау қабылеті анықталады. Ауру жануарлар тасымалдауға жіберілмейді.
Жол бойында жануарлар ауырса немесе өлсе, жолсерік міндетті түрде жақын арадағы ветеринариялық мекемеге хабарлауы керек.
Баратын жеріне жүру тек қана мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы малдарды байқаудан өткізгеннен кейін, бұл туралы ветеринариялық куәлікке көрсетілгеннен соң рұқсат береді. Жануарлар автокөлікпен тасымалдау, орнатылған автокөлік жолдарымен жүргізіледі. Тасымалдаудағы малдар бағытын, егер жұқпалы аурудан таза болмаса, тасымалдау бағытын жергілікті атқару мекемесінің келісімімен ветеринариялық мекемелері талапқа сай орналастырады:
ауданның (қаланың) бас ветеринариялық инспекторы - аудан ішінде және қала маңында тасымалдауға; облыстың ветеринариялық мекемелері - ауданаралық тасымалдауға; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринария Департаменті - халықаралық және облысаралық тасымалдауға.

1 - сурет. Ірі қараны тасымалдауға арналған автокөлік

2 - сурет. Жануарларды тасымалдауға арналған автокөлік
2.3 Автокөліктерді ветеринариялық-санитариялық жағдайына қарай бағалау және ветсанөңдеуден өткізу.

Шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметінің бақылауындағы жүктердің теміржолдан кейінгі негізгі бөлігі автокөліктермен тасымалданады. Бұл жүктерді тасымалдағаннан кейін, автокөліктер міндетті түрде ветеринариялық-санитариялық өңделуі керек. Автокөліктерді санитариялық өңдеудің негізгі шарттарының бірі - олардың жүріс бөлігінің дезинфекциялануы.
Автокөліктерді тазалау мен дезинфекциялау бұл мақсаттарға арнайы бөлінген алаңда (бокста) немесе басқа да ветсанбақылау қызметінің ұйғарымымен ұйымдастырылған, арнайы салынған ғимаратта жүргізіледі.
Автокөліктерді ветеринариялық-санитариялық бағалау мен өңдеуді төмендегідей ретпен жүргізеді:
+ Автокөліктер, тракторлардың тіркемелері, аурудан таза мал, азық-түліктер және жануар тектес шикізаттар тасымалданған ыдыстар, жүк түсірілгеннен кейін тазаланып, профилактикалық дезинфекция жасалынады. Ал ет пен ет өнімдері тасымалданған автокөліктер күнделікті жұмыс соңынан тазаланып, дезинфекциядан өтіп отырады.
+ Жұқпалы аурумен ауырған немесе ондай ауруға күдікті мал мен олардың сойыс өнімдері тасымалданған автокөліктер, ауру түріне қарай қабылданған ережелерге сәйкес тазалау мен амалсыздан жүргізілетін дезинфекциядан өтеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жабайы жануарларды тасымалдау және таңбалау
Темір жолдармен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық –санитарлық бақылау
Мал қораларын залалсыздандыру
Эндокринді шикізаттар
Жануарларды тасымалдауға дайындау
Жылқы тасымалдайды раскованными
Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Үй құстарын бағып күту
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Объектінің орнын және аумағын таңдауға қойылатын қауіпсіздік талаптары
Пәндер