Ботулизм ауруы


Жоспар:
I. Кіріспе . . . 3
II. Негізгі бөлім
2. 1. Ботулизм ауруына сипаттама . . . 4-6
2. 2. Ботулизмді балау, дауалау және сауықтыру шаралары . . . 7
III. Қорытынды . . . 8
IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 9
I. Кіріспе
Халықты азық - түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен толық қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығын жедел дамытып, оның өнімділігін шұғыл арттырып, алынатын өнімнің сапалылығына қол жеткізу қажет. Мал басын көбейту үшін де, оның өнімділгін және алынған өнімнің сапасын арттыруда да індеттану ғылымы мен індетке қарсы аралардың маңызы аса зор. Сондықтан талаптарға сай өнімді тек дені сау малдан ғана ала алады.
Егер жұқпалы ауруларға қарсы шұғыл шаралар қолданылмаса мал шаруашылығы орасан зор шығынға ұшырайды. Бұл шығынды құрайтындар: мал өлімі мен соған байланысты мал басының кемуі, ауырған малдан алынатын өнімнің азаюы, елдің шикізат қорының және мал мен мал өнімдерін экспортқа шығарудың төмендеуі. Жұқпалы ауру шыққан кезде карантин мен шектеу шаралары шаруашылықтың экономикалық байланыстарына нұқсан келтіріп, оның іс-әрекеттеріне қолбайлау болады.
II. Негізгі бөлім
2. 1. Ботулизм ауруына сипаттама
Ботулизм (Botulismus) - жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы, жұтқыншақтың, тілдің, төменгі жақтың және борша еттердің салдануы арқылы ерекшеленетін ауру.
Кернер 1820-1822 жылдары шұжықтан уланған адамға аурудың белгілерін сипаттап, шұжықта у пайда болатынын, оның минералдық және өсімдік уларынан айырмашылықтары бар екенін анықтады. 1897 жылы Ерменгем қақталған еттен спора түзетін ауасы бағасыз бактерия бөліп алды. Бұл микробты сол еттен уланып өлген адамның көк бауыры мен ішегінен де тауып, оны Bacillus botulinus (лат. Botulus - шұжық) деп атады. Жануарлардың ботулизмі туралы деректер XX ғ. Басында алынды.
Қоздырушысы - Clostridium botulinum - грам оң, токсин және спора түзетін, қозғалмалы анаэроб, тұрқы таяқша тәріздес. Өзіне қолайсыз жағдайда, қоректік заттар аз болғанда pH 6-дан жоғары, жағымсыз температура жағдайында, қоректік ортада, суда, топырақта, басқа да ортада, бір жақ ұшына қарай орналасқан ірі, сопақша келген спора түзеді. Спорасы бар таяқша тенис ракеткасына ұқсас келеді.
Бұл микробтың денесінде О- және қылшасында Н-антигендері болады. О-антиген бұл микробтың түріне ортақ, ал Н-антигені және бөліп шығаратын токсиндеріне қарай қоздырушы 7 сероварға бөлінеді: А, В, С (С 1 , С 2 ), Д, Е, F және G. Антигендік ерекшеліктері әсіресе А, В және Е типтері түзетін токсиндерде күшті байқалады, ал С және Д типтерінде бәраз бәсеңдеу келеді, Е және F токсиндері токсинге қарсы типтік қан сарысуымен бір-бірімен айқыш реакция береді. Токсиндердің мұндай ерекшеліктерінің серотерапия және вакцина профилактика үшін маңызы бар. Адам үшін А, В және Е сероварлары аса уытты. Жылқының ботулизмі В, сирегірек А және С типтері арқылы, ал сиыр, қой мен ешкіде - С және Д, күзенде - С, құста - С, А және В типтері арқылы болады.
Ботулизм клостридиясының көбеюі және токсин бөлуі үшін ең қолайлы жағдай 18-38 0 С жылылық, бейтарап немесе сәл сілтілік реакция (pH 7, 0-7, 6) . Жемшөпте pH 3-4 жағдайында, 5-10% ас тұзы, нитриттер, бос май қышқылдары және антибиотиктер болған жағдайда микроб өсіп өнбейді.
Төзімділігі. Ботулизм клостридиясының споралары жоғары температураға өте төзімді. 100 0 С кезінде тек 5 сағ өткенде, 105 0 С - 2 сағ кейін, 120 0 С - 10 мин өледі. Ультракүлгін және гамма сәулелері қабаттаса әсер еткенде зарарсыздандыру нәтижесі жақсы болады. Химиялық заттар спораның өнуін тоқтатады.
Ботулизм токсині сұйық ортада қайнатқан кезде 15-20 мин, ал тығыз ортада 2 сағ өткенде күшін жояды, сонымен бірге ауаның, азоттың, көмірқышқыл газының әсерінен, сілтілігі аса жоғары ортада (pH 8, 5-тен артық) иондағыш сәуле мен тура түскен күн сәулесінің әсерінен белсенділігін жояды. Протеолиздік ас қорыту ферменттері токсинді ыдырата алмайды. Астық дәнінде 3 айдан артық сақталады.
Індеттік ерекшеліктері. Ботулизмнің қоздырушысы табиғатта кең тараған. Оны топырақта, суда, көңде, өлекседе, өсімдіктерде, жеміс-жидекте, жануарлар мен құстардың ішек-қарнында, әр түрлі жәндіктер мен олардың балапан құрттарында кездестіруге болады. Әр түрлі сероварларының географиялық таралымы әр түрлі.
Табиғи жағдайда ботулизммен әр түрлі жануарлар мен құстар жасына қарамай ауырады. Сиыр мен ешкі негізінен С және Д сероварынан, ал жылқы А, В, С және Д, күзен мен құс болса С сероварынан ауырады. Ет қоректілер мен талғаусыз қоректілер (ит, мысық, шошқа), сонымен қатар, егеуқұйрықтар токсиннің барлық типтеріне төзімді келеді. Зертханалық ұсақ жануарлардан ботулизмнің токсиніне ақ тышқан және үй қояны сезімтал.
Ауыл шаруашылық малдары негізінен сүрлем арқылы уланады. Сүрлемге ботулизм уы тышқан және басқа да кемірушілердің өлексесімен немесе құстың саңғырығымен түседі. Ал ет қоректілер мен талғаусыз қоректілер жануар тектес азықтан немесе кемірушілердің өлексесін жегенде уланады. Құстар жәндіктер мен олардың балапан құрттарымен қоректенгенде ауруға шалдығуы мүмкін.
Ботулизм уы денеге әдетте ас қорыту жолдары арқылы жайылады. Сонымен қатар, ерекше жағдайда микроб споралары жарақаттанған ұлпаларда өніп, токсин түзуі де мүмкін. Мұны «жарақат ботулизмі» деп атайды.
Ауру көбінесе бірен - саран спорадия түрінде немесе топырақта фосфор жетіспейтін аймақта шағын тұтану ретінде байқалады. Өлім көрсеткіші 70-95% шамасында.
Дерттенуі. Азықпен денеге енген токсин аш ішектен қанға сіңіп, 20 мин ішінде өкпенің, бауырдың, жүректің ұлпаларына, етке, несепке, тіпті миға жетеді. 60 мин өткенде концентрациясы аталған мүшелерде төмендейді де, бүйрек пен бұлшық еттерде жоғарылайды.
Денеге ауыз арқылы енген ботулизм уының өлтіретін дозасы оны құрсақ қуысына жібергендігі өлтіретін дозасынан 5000 - 25 рет төмен. Ауыз арқылы енгізгенде таза токсинге қарағанда оның усыз гемаглютининмен қоспасының уыттылығы жоғары болады. Бұл улы комплекс ас қорыту жолында ыдырамаған күйі қанға өтеді. Комплекстің сіңірілуі оның көлеміне тәуелсіз.
Жалпы алғанда токсиннің денеге сіңіп, дерт туғызуын үш кезеңге бөлуге болады.
1-кезең. Токсиннің ішектің микроворсинкаларының сыртқы мембранасындағы рецепторларымен байланысуы. Токсин молекуласы мен ішек торшасының рецепторында бір-біріне құрылысы жағынан сәйкес шартты түрде танитын немесе тауып алатын сайттар деп аталатын құрама бөлігі болады. Олардың бір - бірімен қауышуы кальций иондарының қатысуымен болады.
2-кезең. Торшаға бекітілген токсиннің лимфа мен қанға өтуі. Алдымен токсинді пиноциттік везикулалар бойына жинап алады да, ол везикулалардың кейбірі липосомалармен бірігіп, белоктық заттарды ыдыратады. Басқа везикулалар торшаның іргесіне қарай ығысып, торшааралық кеңістікке токсинді бөліп шығарады. Босаған токсин алдымен лимфаға, одан кейін қанға өтеді. Бұл процесс ас қорыту жүйесінің барлық бөліктерінде өтеді.
3-кезең. Токсиннің шеткері жүйке талшықтарының жұрнақтарына өтуі. Жүйке рецепторларын үздіксіз күшті тітіркендіруден ми қыртысының басқару қызметі бұзылады да, шектен тыс қозудың нәтижесінде жүйке торшалары әәлсіреп, тіршілік қабілетіненайырылады. Сопақша мидың орталықтарының зақымдануына байланысты жұтқыншақ, тіл, астыңғы жақ салданады. Шеткері жүйке жүйесіне токсиннің әсер етуінен синапстарда ацетилхолиннің бөлінуі тежеліп, бұлшық ет жүйке байланысы бұзылады. Соның нәтижесінде тұла бойы бұлшық еттері босаңсып, ширақтығы төмендейді. Дененің қозғалысы нашарлап, жүрек, тыныс алу бұлшық еттері салданып, тыныстың тоқтауынан жануар өліп тынады.
Паталогиялық - анатомиялық өзгерістер. Өлексені сойғанда тері асты шелінің сарғайғаны, жүрек пен сірлі қабықтарының шашыранды қанталауы байқалады. Қан тамырларын кескенде қою қара қошқыл қан шығады. Қарында әдетте аздаған ғана желінген жемшөп болады. Сиырдың алдыңғы қарындарында зат алмасуының бұзылуы салдарынан әр түрлі жеуге жарамсыз заттар болады. Жалбыршақ қарын құрғап, нығызданады. Аш ішектің, кейде тоқ ішекің кілегейлі қабықтарында катарлы - геморрагиялық қабыну байқалады. Тік ішекте нығыздалған, жалқақтанған нәжіс болады. Бүйрек, бауыр және көкбауырдың ұлпасы әдетте ешбір өзгеріссіз, тек күзен мен құстарда толық қанды болады. Өкпесі домбығып, ауру асқынғанда пневмония мен гангрена байқалады. Ми домбығып, кейде қан тамырларының маңайы талмаурап тұрады.
2. 2. Ботулизмді балау, дауалау және сауықтыру шаралары
Балау. Ауруды балау үшін індеттанулық және клиникалық деректерді ескеріп, уланудың себебін анықтайды. Диагноз қою үшін бактериологиялық тексеру жүргізіп, аурудың қоздырушысын бөліп алады және ботулизмнің токсинін анықтайды. Ондай зерттеу үшін зертханаға қарынды 100-200 мл ішіндегісімен, үлпершек ағзалардың бөліктерін және 100 г кем емес күдікті мал азығын жібереді. Материалды консервілемей мұз салынған термоспен, ал азықты жарық өткізбейтін ыдысқа салып, кептіріп алмай жібереді.
Диагноз қойғанда топалаңнан, құтырықтан, , өсімдіктермен, қорғасын тұздарымен уланудан, бұзаулағаннан кейінгі салданудан, ми мен жұлынның қабынуынан, афосфороздан және В 1 авитаминозынан, құста Ньюкасл ауруынан және Марек ауруынан ажырату керек.
Емі негізінен симптоматикалық. Қарынды көмірқышқыл содасымен жуып, іш жүргізетін дәрілер береді, жылы клизма қояды. Глюкоза мен кофеин жіберіп, ауызын калий перманганатымен жуады. Аурудың бастапқы кезеңінде көктамырға көп мөлшерде ботулизмге қарсы антитоксиндік қан сарысуын жіберу (жылқыға 600-900 мың халықаралық бірлік) жақсы нәтиже береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz