Бруцеллезде сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
Ветсансараптау және гигиена кафедрасы
Тақырыбы: Бруцеллезде сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Орындаған:
Тексерген:
АЛМАТЫ, 2017 ж.
Жоспары:
I. Кіріспе . . . 3
II. Негізгі бөлім
1. Бруцеллез және оның қоздырушысы . . . 4
2. Бруцеллез кезінде сойғанға дейінгі диагностика . . . 5
3. Бруцеллез кезінде сойғаннан кейінгі диагностика . . . 6
4. Бруцеллез кезінде сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы . . . 7
III. Қорытынды . . . 9
IV. Пайдаланған әдебиеттер . . . 10
І. Кіріспе
малдарының бәрі де ауырады. Қоздырушысы - қой мен ешкiде - мелитензис, шошқада - суис, iрi қарада - бовис деп аталатын бруцеллез бактериясы. Адамды осы қоздырушылардың бәрі де зақымдайды деп есептеледі. Алайда өте қауiптiсi қой мен ешкi бруцеллезiнiң қоздырушысы - мелитензис. Қоздырушы түрлерiнiң бiр түлiктен екiншi түлiкке ауысып отыруы мүмкiн. Демек, мелитензис қой мен ешкi сүтiнде ғана кездесiп қоймай, сиыр сүтiнде де болуы ықтимал.
Адамның бруцеллезбен зақымдануының 45-80%-тi бруцеллез қоздырушысымен зақымданған сүт пен сүт өнiмдерi арқылы жүреді. Салқындатылған сүттiң iшiнде бруцеллез бактериясы 60 күн, қышқылдығы кілегейде - 10 күнге дейін, сары майда -67 күнге дейін, iрiмшiкте (сырда) 42 күнге дейiн қышқылдығы 120-140 0 Т қымызда 3 күнге дейiн өмiр сүредi. Сүттi 60 0 С температурада 30 мин бойы пастеризациялау бруцеллез бактериясын өлтіреді.
Бруцеллез мал сүтi 5 минут қайнатылады немесе күйдірілген май дайындалады. Серологиялық реакциясына оң нәтиже бергенмен, аурудың клиникалық белгiсi бiлiнбеген мал сүтiн 70 0 С ыстықта-30 мин пастеризация жасағаннан кейiн тағамға пайдаланады. Аурудан таза емес фермалардағы реакция бермеген сиырлардың сүтiн сеператордан өткiзедi және осы шаруашылықтың өзiнде пастеризация әдiсiмен залалсыздандырады. Сүт қабылдайтын пункт, сүт зауыты немесе май зауытына тек қана пастеризациядан өткен кілегей шығарылады.
Бруцеллез ауруы бар шаруашылықтарда қой мен ешкiнi саууға тиым салынады. Ауру мал жойылады. Вакцина егілген малдан алынған сүт, табындағы сиырдың соңғы түсік тастап, сол сиырды табыннан шығарғаннан кейінгі 6 ай бойы пастерлейді.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Бруцеллез -(Brucellosis) -ауыл шаруашылық малдары мен жабайы хайуандарды және адамды зақымдайтын созылмалы жұқпалы ауру. Ауырған мал iш тастайды, шуы түспейдi, жатыры қабынады, қысыр қалады, қынабы мен буындары iрiңдеп қабынады, енi iсiп шамадан тыс үлкейедi. Бұл ауру сойыс малдарының арасында жиi кездеседi. Ауру қоздырушысының бiрнеше түрi бар; iрi қара бруцеллезiнiң қоздырушысы-Br. abortus, қой мен ешкiде - Br. melitensis, адам бруцеллезінің негізгі қоздырушысы шошқада - Br. suis, итте- Br. canis, (басқа түрлерiнiң болуы да мүмкiн) . Бұл түрлерiнiң өздерi бiрнеше жiктерге бөлiнедi. Бруцелланың әр түрi бiр малдан, екiншi малға ауысуы ықтимал. Қой мен ешкi мелитензисiнiң сиыр мен буйволға, шошқаның суисынiң қой мен ешкiге ауысқаны дәлелденген. Адам үшiн бруцеллез қоздырушыларының барлығы да қауiптi. [1]
Бруцелла микроскоппен қарағанда шар, тырнақша, қысқа таяқша тәрiздес, былайша айтқанда микрококтар мен таяқшалардың арасынан орын алатын микроб(0, 6-1, 5 х 0, 4-0, 6 микрон) . Олар көбiнде ретсiз, кейде бiр-бiрiмен тiзбектелiп немесе қосарланып жатады, спора мен капсула түзбейдi, қозғалмайды, әдеттегi бояулармен жақсы боялады, Грам бойынша боялмайды. Бруцеллез ауруының қоздыруышысы сыртқы ортаның әсерiне бiршама төзiмдi келедi, салқындықта ұзақ уақыт сақталады. Жер бетiнде 40 тәулiк, 5-8см тереңдiкте-60, ылғалды жерде 90 тәулiкке дейiн тiршiлiк етедi. Тiкелей түскен күн сәулесi бiрнеше минуттен 3-4 сағат аралығында, ал шашырап Түскен кұн сәулесi 7-8 тәулiкте өлтiредi. Бруцелла 70°С ыстықта 10 минут, 80-85°С -5 мин кейiн, ал қайнатқанда лезде өледi, ал 56°С ыстықта 15-90 минутке шыдайды. Бруцеллез микробы 25-35 рет тоңазытып және жiбiткенге шыдайды. Салқын жерде сақталған залалданған етте ұзақ сақталады, 23°С мұздатылған етте 47 тәулiк бойы тiршiлiк ету қабiлетiн сақтаған. Тұздалған етте де ұзақ уақыт сақталады, тiптi 182 тәулiк бойы өзiнiң уыттылығын жоймаған. Iшiнде бруцелласы бар еттен шикiлей ыстап дайындалған шұжықта қоздырушысы тез (3 аптада) өледi. Бруцеллез малдың етiнен дайындалған пiсiрген шұжықта аурудың қоздырушысы табылмайды.
Малдың техникалық шикiзатында, (терiсi мен жүнiнде) әсiресе қой мен ешкiден алынғандарында, бруцеллалар ұзақ уақыт тiршiлiгiн сақтайды (жүнде 1, 5-4 ай) . Сүт пен сүт тағамдарында да бiршама ұзақ сақталады, салқындатылған сүтте 4-7 тәулiк, iрiмшiк, май, брынзада (Тұзды iрiмшiк) 67 тәулiкке дейiн тiршiлiк қабiлетiн сақтайды.
Ал ендi бруцелланың химиялық заттарға шыдамдылығына келетiн болсақ, фенолдың 2% процент ерiтiндiсi, креолиннiң 2 %, лизолдың 0, 5 %, формалиннiң 2%, хлораминнiң 0, 01%, карбол қышқылының-2-3 %, соданың 5% және хлорлы әктiң 1% ерiтiндiлерi ауру қоздырғышын тез өлтiредi.
Бұл ауру Орта Азия, Закавказье және Қазақстан республикаларында, Поволжье мен Батыс Сiбiрде көбiрек орын алып келедi. Қазақстан республикасының солтүстiк және орталық облыстары шаруашылықтарындағы iрi қараның арасында ауру жиi кездесуде. [1]
2. 2. Сояр алдындағы диагностика. Сойыс малдарында бруцеллезге тән клиникалық белгiлерi, көпшiлiк уақытта бiлiнбейдi. Сондықтан да бруцеллезге күдiктi малдар серологиялық және аллергиялық тәсiлдермен тексерiледi.
Ауру малда бурсит, гигрома, артрит, тендовагинит, абцесс, ал қошқар мен бұқа және қабанда орхит және эпидимит байқалады.
Бруцеллезбен ауырған жылқының шоқтығында бурсит, тiзесiнде артрит (тiзедегi iсiктiң үлкендiгi жұдырықтай болып, бұлтиып шығып тұрады) болады.
Өтуі мен симптомдары.
Инкубациялық кезеңі, ауру жұққаннан серологиялық немесе аллергиялық реакциялар оң нәтиже бергенге дейін, 2-4 аптаға созылады. Егер ауру жұққан малдардың ішінде буаздары болмаса, бруцеллез симптомсыз өтеді. Онда шалдыққан малдарды серологиялық немесе аллергиялық тексеру арқылы ғана анықтауға болады.
Жануарлардың барлық түрінде бруцеллездің басты белгісі - буаздықтың екінші жартысында байқалатын іш тастау. Сиыр негізінен 5-8 айлығында, қой мен ешкі 3-5 айлығында, мегежін кез келген уақытта, ит 40-50 күн болғанда іш тастайды. Сиыр мен қой әдетте екінші қайта іш тастамайды, ал мегежінде ол бірнеше рет қайталануы мүмкін.
Іш тастар алдында буаз малдың емшектері сызданып, сыртқы жыныс мүшелері толықсып, сарпайынан қызғылт қоңыр түсті сора ағады. Іш тастағаннан кейін әдетте шуы түспей, бастапқыда кілегейлі - іріңді, соңынан іріңді фибринді эндометрит байқалады. Кейбір жануарларда эндометритке қабаттаса желіні, аналық безі және фаллопий (жатыр) түтікшелері қабынады. Дерт асқына келе дененің ыстығы көтеріледі, малдың сүті азайып, жүдеп кетеді. Жыныс жолдарының зақымдануы жануарлардың жыныстық қабілетін нашарлатып, соңы бедеулікке әкеп соғуы мүмкін.
Жекелеген жануарларда бруцеллез кезінде бурсит, гигрома, артрит, тендовагинит, ал еркек малдарда орхит және эпидидимит байқалып, ені ісініп, кейде шектен тыс ұлғайып, салбырап жүреді. Әсіресе, жұқпалы эпидидимитке шалдыққан қошқардың ені ісініп, еннің шлауы білеуленіп, сипап көргенде резеңке түтік тәрізденіп қолға білініп тұрады.
Бруцеллезге диагноз кешенді түрде індеттанулық, клиникалық, аллергиялық және зертханалық тексерудің нәтижесінде қойылады. Індеттанулық деректерден бұл жерден бұрынғы уақытта бруцеллездің болған-болмағаны, өткен жылдардағы бруцеллезге тексерудің қорытындысы есепке алынады. Клиникалық тексеру кезінде бурсит, еркек малда орхит, ұрғашы малда іш тастау, шуы түспеу сияқты құбылыстарға баса көңіл аударады. Лабораториялық тексеруге бактериологиялық зерттеуге тастанды төлді, бауыр мен көкбауырдың кесінділерін, енін шылауымен, сөл түйіндерін алады. Лабораторияға серологиялық тексеруге сол малдың сүтін, қанын немесе қанның сарысуын жібереді. Серологиялық реакциялар: АР, КБР, РБС, СР, ШР. Алллергиялық тексеру бруциллин аллергені пайдаланады. Оны тері ішіне немесе тері астына жібереді. [1]
2. 3. Сойғаннан кейiнгi диагностика. Бруцеллезбен ауырған малдың ағзаларында кездесетiн патологиялық-анатомиялық өзгерiстерi ауруға онша тән болмайды. Iрi қараның желiнiнiң паренхимасында қатты фиброзды желiнсау, бүйректерiнде нефрит байқалады. Сөл түйiндерi үлкейген, тiлiп қарағанда шырышты келедi, көмескiлеу келген нүктелер немесе сары түстi ойдым-ойдым некроздар (өлi еттену) кездеседi. Көпшiлiк уақытта бауыры, бүйректерi, көк бауыры және басқа паренхиматоздық ағзаларынан бiтеу жаралар (абцесс) табылады. Қойдың лимфа түйiндерi мен көк бауырының қарақұмықтың үлкендiгiндей түйiндер болады, өкпесiнде пневмонияға тән өзгерiстер кездеседi.
Шошқаның сирақтары мен мойын бұлшық еттерiнде өзгерiстер байқалады, қабынған өкпелерi суланып iрiңдейдi. Жатырдың шырышты қабықтары қабынады, үлкендiгi қара қурай дәнiндей, тiптi бұршақтай қатты түйiндер пайда болады, бiрақта олар әктенбейдi. Еркек малдың қабынған енi мен ен қалқасынан абцесс пен некрозды ошақтар табылады (орхит) . Қой мен ешкi, шошқа, сiбiр бұғысы т. б. малдардың осы ауруға тән патологиялық-анатомиялық белгiлерi болып олардың артқы жiлiншiк, тұсамыс тағы басқа буындарының шорбуындауы (артрит) саналады.
Малдың тiрi кезiнде жаппай жұргiзiлетiн диагностикалық тексерулер бруцеллездiң сойғаннан кейiнгi диагностикасын едәуiр жеңiлдетедi.
Жылқыда бруцеллез асыратын түрiнде өтедi. Ауру жылқының шоқтығы, шүйдесi және шемiршегi iрiңдеп қабынады, тендовагинит, артрит, синовит және бурсит пайда болады, кейде омырау мен құрсақ тұстарының терiсiнiң астынан күмпиген iсiк байқалады. [2]
2. 4. Санитариялық баға. Аурудың клиникалық белгiлерi мен патологиялық-анатомиялық өзгерiстерi байқалған малдың барлық түрлерiнiң (уақ малдан басқа) еттерiн пiсiрген соң шығарады. Бруцеллезбен ауырған қой мен ешкi жойылады. Оң реакция бергенмен аурудың клиникалық белгiлерi мен патологиялық-анатомиялық өзгерiстерi болмаған iрi қара мен шошқа ұшаларын тежеусiз шығарады. Егерде бұл мал мелитензис қоздырушысы бар ошақтан шыққан болса, олардың еттерiнен, шұжық, (85-90 0 С батон ортасына 75 0 С кем емес) консервi, ет нанын дайындайды.
Бруцеллезге оң реакция берген сиыр желiнiн тиiстi ережеге сай пiсiрiп зарарсыздандырады, ал аурудың клиникалық белгiлерi мен патологиялық-анатомиялық өзгерiстерi болған жағдайда -ет ұнын дайындауға жiбередi немесе пiсiргеннен кейiн мал азығы үшiн пайдаланады.
Бруцеллездiң клиникалық белгiлерi мен патологиялық өзгерiстер табылған малдың барлық түрлерiнiң, сондай-ақ бруцеллезге (қой мен ешкiден басқа) ұшаларының, еттерiн сылып алып, сүйектерiн тағамдық май алуға немесе малдың құрғақ азығын дайындауға жiбередi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz