Жабайы жануар терісін залалсыздандыру


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Жабайы жануар терісін залалсыздандыру.
2. 2 2. 2 Жабайы жануар етін консервілеудің жіктелуі
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңына сәйкес ветеринария қызметкерлері ауыл шаруашылығы малдарын соның ішінде жабайы аңдар мен ауланатын құстардың аурулардан және адамдарды жануарлар мен адамдарға ортақ зооантропоноздардан, адамдарды ветеринариялық - санитариялық тұрғыдан қауіпті ауыл шаруашылығы өнімдерінен болған тағамдық уланулардан қорғау бағытында, ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік тағам нарығына интеграциялау мақсатында жоғары деңгейде ветеринариялық - санитариялық сараптау мен бағалау іске асырады және арнайы шараларды ұйымдастырады.
Ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі міндеттері: тағам, жануарлар тектес техникалық және азық өнімдері арқылы тарайтын адамдар мен жануарларды індетті және инвазиялы аурулардан сақтандыру. Ветеринариялық-санитариялық сарапшылар тағам базарларындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық зертханаларда, мал сою, ет өңдейтін кәсіпорындарында (ет комбинаттары, құс фабрикалары қасапханалар, құс сою пункттері, шұжық және консерві заводтары) жануарлар ауруларына қарсы күресетін мекемелерде, ветеринариялық зертханаларда, шекара және көлік ветеринария пункттерінде, сүт, ара, балық зауыттарында, ғылыми-зерттеу институттарында, тағам өнімдерін сертификаттайтын зертханаларда және басқа да мекемелерде жұмыс атқара алады.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Жабайы жануар терісін залалсыздандыру. Залалсыздандыру , дезинфекция - адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру - жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Мал шарушылығында - қораларды, көң-қоқысты тазалап отыру, т. б. Қолдану мақсатына қарай залалсыздандыру екі түрге ажыратылады: сақтық (профилактикалық) залалсыздандыру және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды) .
- Сақтық залалсыздандыру - мал қораларын арнайы тәсілдер қолданып өңдеу.
- Ошақтық залалсыздандыру - малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру мал өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.
Залалсыздандыру тәсілдері:
- Механикалық залалсыздандыруда мал қораны су шашып сыпырады, малдың тұрағының құрал-жабдығын тазартады.
- Физикалық залалсыздандыруда ультракүлгін, радиациялық, лазерлік сәулелермен, ультрадыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу, бумен немесе ыстық ауамен өңдеу, т. б. пайдаланылады.
- Химиялық залалсыздандыруда қышқылдар мен сілтілер, формалин, хлор, хлорлы әк, натрий хлориді, хлорамин, фенол препараттары, тотықтырғыштар, т. б. қолданылады.
Мал шаруашылығында қораларды, топырақты, суды, жиналған садыраны, көңді; өсімдік шаруашылығында тұқымды, екпе көшеттерді, топырақты, қоймаларды, т. б. залалсыздандырады. Мал қораларын залалсыздандыру: 1) шаруашылық жұқпалы аурудан аман болған жағдайда - малды жайылымға шығарған соң, көктемде; 2) мал қолға қарайтын кезде - күзде жүргізіледі. Залалсыздандыру шараларының көлемі, қолдану тәсілдері және тиісті дезинфекциялық ерітінділерді таңдап алу жұқпалы аурудың берілу механизміне, қоздырғыштың төзімділігіне, өңдеуге алынған заттардың қасиетіне және санына, тұрғын үй мен мал қораның көлеміне қарай таңдап алынады. Залалсыздандыру жұмыстарын келісімшарт бойынша санитарлық-эпидемиологиялық немесе дезинфекциялық станциялардың қызметкерлері атқарады.
1-сурет: Дезинфекцияланған аймаққа қойылатын белгі
Дезинфекцияның әдістері . Дезинфекцияны химиялык, физикалык жене биологиялык тэсілдермен іске асырады.
Физикалык дезинфекция заттарды физикалык эдістер аркылы зардапсыздандыруга негізделген. Отан механикалык тазалау, сәуле куаты, кептіру, кыздыру‚ жоғары жиіліктегі ток, ультрадыбыс жатады.
Механикалык тазалау дезинфекцияның кез келген түрінің міндетті күрама бөлігі болады. Зарарсыздандырылатын`объектіні шаң мен түрлі қоқыстан тазартканның өзінде зардапты микробтардын негізгі бөлігінен босануға болады. Тазарған затқа дезинфекциялаушы фактордың тікелей жанасуына мүмкіндік туады. Әр түрлі қоқыс, әсіресе, малдың қиы дезинфектанттың әсерін бейтараптап, күшін әлсіретеді.
Зарарсыздандырылатын объектіні қоқыстан‚ жемшөптің қалдығынан, төсеніш және көңнен тазалау үшін механикальқ құралдар (күрек, сыпыртқы) ‚ вентилияция мен желдету және сумен шаю қолданылады. Ең дұрыс санитариялық тазалау механикалык тазалаудан кейін қысыммен аққан жылы сумен (35-40 °С) шаю. Егер ондай суға 1-2пайыз күйдіргіш натрий, демп ұнтағын немесе кальциленген сода қосса нәтижесі еселеп артады. Мұқият жуып-шайып тазалаған соң дезинфектант та аз жұмсалынады, әсері де күшті болады.
Қорамен басқа жайды желдетіп, вентилияциялау ауаны механикалық тазалау әдістері болып табылады. Ал суды механикалык жолмен тазалау үшін суды сүзіп, тұндырады. Бұндай әрекеттер судың микробтык көрсеткіштерін едәуір жақсартады.
Зарарсыздандырудың механикалык тәсілдеріне сонымен бірге ағарту, сырлау, үстіріктеу, жуу, т. б. жатады. Фермада мал коралары мен баска да объектілерде тәртіп пен тазалықты сақтау‚ қоқыстануга жол бермей, ретті түрде санитариялық тазалық күнін өткізіп тұру, малдың үстін уақтылы тазалау, жайылым алқаптарының қоқыстануына жол бермеу, жалпы өндіріс мәдениетін қамтамасыз ету жұқпалы аурудың алдын алудың басты алғы шарты.
Сәуле қуаты . Сәуле қуатының табиғи көзі ретінде _ күн, ал жасанды көзі ретінде сынап-кварц шамдарының маңызы зор. Микробтарды жою үшін жарыктың ең қысқа толқынды ультракүлгін бөлігінің әсері күшті. Тура түскен күн жарығы аз да болса шашыранды күн жарығы микробтарға жойқын әсер етеді. Жарықтың күшіне әсіресе микробтардың вегетативтік түрі сезімтал келеді. Споралық түрдегі микробтар да жарыктың әсерінен өледі, бірақ, ол үшін ұзақ уақыт қажет. Мысалы топалаңның қоздырушысының спорасы кун көзінен 60 кун өткенде барып жойылады. Біздің республиканың жағдайында егер көң мен қоқыстан тазалап, жазғы күні есік-терезесін ашып тастаса, мал қоралары іс жүзінде қандай да микробтан болмасын толық зарарсызданады деуге болады.
Бөлме-жайларды зарарсыздандыру үшін әлбетте толқын ұзындығы 254-257 нм ультракулгін сәуле шығаратын бактериоцидті лампалар: БУВ-15‚БУВ-30, БУВ-ЗОП; сәуле шығарғыштар: Н-6У, Н-бО қолданылады. Ультракүлгін сәуле ауаны зарарсыздандыру үшін өте қолайлы.
Кептіру . Микроорганизмдердің тіршілігіне қолайсыз жағдай туғызады. Сусыз ортада микробтардың өсіп-өнуі күрт тоқтайды, өйткені олардың барлық зат алмасу құбылыстары ылғалдылығы жеткілікті ортада ғана қалыпты жағдайда өтеді. Құрғақ жерде микробтардың вегетативтік түрлері өліп қалады немесе уыттылығы жояды. Кептіру арқылы тері, жүн, батпақтанған мал серуендететін алаң, жайылым алқаптары, т. б. зарарсыздандырылады. Шөп пен құнарлы жем тек дұрыс кептірілгенде ғана бүлінбей, дұрыс сақталады.
Гамма-сәулелері арқылы жүн, тері-теректі, т. б. зарарсыздандырады. Азық-түлік заттарын гамма-сәулесімен өңдеуге болмайды. Бұл мақсатқа электрондық сәулелер пайдалынылады. Олар радиация тудырмайды және тереңгі қабаттарға жеңіл өтеді.
2- сурет: Жабайы жануарлар мекендейтін орман-тоғайды дезинфекциялау
2. 2 Жабайы жануар етін консервілеудің жіктелуі
Консервілеу - бұл өнімдерді бұзылудан сақтау әдісі. Ол өнімнің бұзылуына әкелетін микроорганизмдердің дамуын және ферменттердің жұмысын тоқтататын жағдай туғызуға негізделген, оның нәтижесінде сақтау мерзімі ұзарады. Сонымен қатар консервілеу тамақ өнімдерінің ассортиментін үлкейтеді (балауса, ысталған, пысырылған балық, т. б. ), дәмін жақсартады, май, құйма, қант арқасында (шрот, құймадағы балық) калориялығын жоғарлатады. Консервіленген өнімдермен жыл бойы елдің кезкелген аумағында тұратын халықты қамтамасыз етуге болады.
3- сурет: Жабайы жануарлар өнімдерінен әзірленген консервілер
1. Қосымша материалдарды әзірлеу.
Қуыру - тағамды мол майда жылу арқыды өңдеуден өткізу. Май сұйық жылу бергіш орта, ол қыздыру жағдайын жақсартады, сонымен бірге тағамдық күйіп кетуінен қорғайды, май қуыру кезінде тамаққа сіңеді де, оның тағамдық қасиетін жақсартады.
Ыстау мен қуыруды технологиялық өңдеу кезеңі ретінде ет өнімдері консервілерін бөлектеп өлшеуге дайындық барысында пайдаланады. Қуырудан консервілеуге арналған ет өнімдерінің санаулы түрлері ғана өткізіледі. Мысалы: «Орыс сосискалары», «Ригалық сосискалар» т. б.
Пісіруге консерві өндірісінде қуырудан кейін қалыпталған сосискалар, ветчина консервілерін жасау үшін дайындалған тұздалған шикізат, қалталған тұздалған немесе тұздалмаған шикізаттар жатады.
Қуыру, пісіру және ыстау операциялары шұжық өндірісінде пайдаланылатын кұрал-жабдықтарда және сондағы ереже бойынша атқарылады.
2. Көмекші материалдарды дайындау .
Банкілерге өлшеп салынар алдында ет шикізатымен араластырғанға дейін немесе бұларды енгізер алдында өсімдіктерден алынған қосымша материалдарды қарап шығады, сортқа бөледі, бөгде қоспалардан тазартады, сумен шаяды, сулайды, пісіткілейді, пісіреді т. б.
Бұршақ тұкымдастарды қарап шығады, бөгде қоспалардан және ұсатылған дәндерден тазалайды, жылы сумен сулайды, жуады және 6-8 минут пісіткілейді.
Жарманы бөгде қоспалардан тазартады. Күріш пен бұрыш жармасын жуады, бөртуі үшін 8-10 минут булайды, және қайтадан суық суға жуады.
Қарақұмық жармасын да табаларға салады, бөртуі үшін ыстық суға салады, бұдан кейін тұзбен және дәмдегішпен араластырады, ыстық күйінде бөлектеп өлшеуге жібереді.
Ұн бұйымдарын қарап шығады, бөгде қоспаларды аластайды, қайнап жатқан суда булайды да суық сумен жуады. Дайын консервілерде жуылған макаронға, кеспеге, вермишельге жабысып қалмау үшін май құяды.
Ұнды металл ұстағыштар арқылы өткізеді, майсыз бу қазандарында немесе плиталарда қуырады (пассерлейді) .
Көкөністерді (сәбіз, қызылша, капуста) іріктейді, жуады, қарап шығады, ластан, зақымдалған жерлерінен тазартады, ұсақтайды.
Картопты жуады, іріктейді, тексеруден өткізеді, тазалайды, екі қайтара жуады, турайды.
Пияз бен сарымсақты қарап шығып, тазалайды, түбір және жоғарғы жағын кесіп тастайды, зақым келген жерін аластап жуып көкөніс турағьшітарда немесе куттерде турайды. Басқа да қосымша материалдарды тиісті алдын ала өңдеуден өткізеді.
3. Ыдыстарды әзірлеу.
Өнімді бөлектеп өлшеп салуға ыдыстарды әзірдеуге кейбір талаптар қойылады: банкілер мен қақпактар кіршіксіз болуға тиіс, дәнекерлеуден, майлаудан қалдықтар, металл шаңдары мен ұсақ ағаш үгінділері қалмауы керек, қақпақтың тығындағышын жылумен өңдеудің нәтижесінде жұмсаруына жол бермеу керек. Корпус пен ыдыстың түбін байланыстыратын жік тұмшалап жабылған жөн . Микробтық ластануды төмендетуі үшін ыдыстар алдын ала санитариялық өңделуден өткізілуі тиіс, мұның өзі стерилизациялаудың тиімділігіне ықпал жасайды. Атап айтқанда, шыны банкілерді 2-3 % натрий гидроксидінің ерітіндісімен, натрий фосфатымен және басқалармен жуады. Банкілерді жуылғаннан кейін өткір бумен және ыстық сумен өңдейді. Шыны ыдыстарын тұмшалауға арналған металл кақпақтарды қайнаған суда 2-3 минут бойы стерильдейді.
Жуу процесі жуылған банкіден кемінде 99 % микроорганизмдерді аластатуды қамтамасыз етуге тиіс.
Шыны және қаңылтыр ыдыстарды санитариялық жағынан өңдеу және одан кейін кептіруді конвейер типті арнайы қондырғыларда жүргізіледі, бұлар өз кезегінде жуу, жидіту, бүрку және кептіру секцияларына бөлінеді. Үлестер салынатын банкілерде су қалдықтары болмау керек.
4. Үлестеу мен банкілерді жабу .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz