Инфекциялық аурулар


Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Инфекциялық аурулар
2. 2. Инвазиялық аурулар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
ТМД елдерінде сүтқоректілердің 300 түрі (оның ішінде 130 кәсіби жануарлар) құстың 700 түрі (оның ішінде 200 кәсіби ауланаттын бар) . Бұл жануарлар әлемі қоғам үшін таптырмайтын құндылық. Олар азық-түлік өнімдері, тері, бағалы аң және т. б. шикі заттардың қайнар көзі болады.
Қазақстанда көптеген кәсіби ауланатын жануарларды пайданалады, олардың көбісі тағам ретінде пайдаланылады (бұлан, елік, бұғы, марал, ақ бөкен, қарақұйрық, тау және дала ешкілері, жабайы қабан, қоян) .
Құстардың ішіндегі ең маңыздысы тауық отрядынан (қырғауыл, құр тұқымдастары) . Бұған құр, саңырау құр, кіл, қырғаыул, бөдене, қарабауыр шіл және т. б. жатқызуға болады.
Суда жүзетін құстар ішінен ең көп таралғаны шаруа, оның ішінде тағам ретінде пайдаланылатын ет және ет өнімдеріне ветсансараптау жүргізу, үй жануарларының ет өнімдерін тексеруден айырмашылығы бар және кейбір қиындықтар туғызады. Себебі, сояр алдындағы ветеринариялық - санитариялық сараптау жұмысын жүргізуге мүмкіндік болмайтындықтан, осы қажетті тексеру жұмысы есепке болмайды. Аңшылықпен ауланған тағы жануарлады соя қалған жағдайда оларға диагноз қою мен ветеринариялық сансараптау жұмысын жүргізуге қиындық тудырыды.
II. Негізгі бөлім
2. 1. Инфекциялық аурулар
Сібір жарасы жабайы жануарларда өте сирек кездеседі. Жиі жабайы тұяқты жануарларда (бұлан, жабайы солтүстік бұғы, бөкен), сонымен қатар қояндармен борсықта кездеседі.
Сойғаннан кейіңгі диагностика. Тері асты клетчаткада және сірлі қабықтарда қанды - іркілдек, ұйындылар, қан құйылулар болады. Беткі қан тамырларында - күңгірт қызыл, қою ұйымаған қан, ал лимфа түйіндерінде және олардың айналасындағы геморрагиялық ісіктер және қан құйылуларды көруге болады.
Санитариялық баға. Сібір жарасына күдік туғанда ауру жабайы жануарлар етін жояды.
Құтырық. Жабайы жануарлардың көп түрінде кездеседі. Құтырық кезінде ұшалар мен мүшелерге қарап диагноз қою мүмкін емес.
Санитариялық баға. Құтырықпен ауырған жануар ұшасымен мүшелерін жояды.
Пастереллез - кілегейлі және сірі қабықтың, тері асты клетчаткасының ішкі мүшелердің геморрагиялық қабынуымен сипатталатын жабайы жануарлар арасында тараған инфекциялық ауру.
Сойғаннан кейін балау. Тері астында іркілдек - қанды инфильтрат байқалады, ішкі ағзалардың кей жерлерінде нүктелі қан құйылулар (гиперемия), өкпеде домбығу, бауыр, бүйрек, жүрек және көкбауырда-азғындау қанқұйылулар кездеседі. Ұшаның және мүшенің лимфа түйіндері күңгірт-қызыл түсті, ал айналасындағы дәнекер ұлпа сарғыш-қызыл инфильтрат сіңген көптеген майда қанқұйылулар болады.
Пастереллезбен ауырған жануардың бұлшық етінде дегенеративті өзгерістер кездессе, жабайы жануар ұшасын жояды. Егер өзгерістер болмаса, етті қайнату арқылы залалсыздандыру керек.
Аусыл негізі жабайы жануарларда кездеседі.
Сойғаннан кейін балау. Ауыз қуысының кілегейлі қабығанда күлдіреуік және эрозия, тұяқ арасы саңылауында күлдіреуік және некроз ошақтары болады. Лимфа түйіндерінде, бұлшық еттерде және әр тұрлі ұша бөліктерінде ауруға тән белгілер кездеспейді.
Санитариялық баға. Аусылмен ауырған және күдікті кәсіби жабайы жануарлар етін қайнатады.
Туберкулез жабайы жануарлардың көп түріне тән.
Сойғаннан кейінгі балау мүшелерде, лимфа түйіндерінде, бұлшық еттерде сирек ортасында әк сияқты майда ақ туберкулез ошақтары кездеседі. Бөлек мүшелердің зақымдануы кезінде аумақтық лимфа түйіндері процеске қатысады. Жабайы шошқаларда туберкулез кезінде аймақтық лимфа түйіндері процеске қатысады. Жабайы шошқаларда туберкулез кезінде жиі бас және ішек лимфа түйіндері зақымдалады.
Санитариялық баға. Жабайы жануарлар ұшасы мен лимфа түйіндерінде көптеген туберкулез зақымданулар болса, утилизацияланады. Тек бөлек мүшелердің немесе лимфа түйіндерінің зақымдану кезінде сол бөліктер утильденіп, ал ет қайнатылады.
Псевдотуберкулез. Көбінесе кеміргіштертерде (қоян, сазқұндыз және т. б. ) майда төмпешік секілді құрамында некроз ошақтары сұр-сары немесе жасыл түсті казеозды массасы байқалады.
Санитариялық баға. Бұлшықетте және лимфа түйіндерінде көптеген зақымданулар немесе қоңдылығы төмен малды сойған жағдайда ұша мен мүшелер утильденеді. Бөлек тек лимфа түйіндерінің немесе бұлшықеттер зақымдалса, сол бөліктерді утильдейді, ұшаны шектеусіз жібереді.
Сіреспе. Адамдар мен жануарларда кездесетін жіті түрінде өтетін ауру.
Қоздырушының уыты етті, денені салдандандырады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Сіреспемен зақымдалған ұшада патологиялық - анатомиялық өзгерістер аса байқалмайды. Бұлшық еттің түсі піскен ет тәрізді болуы мүмкін, ал бауыр мен бүйректе дегенеративті өзгерістер, эпикардта қан жиналу байқалады.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Сіреспемен зақымдалған жануарларды союға жібермейді. Сойылып кеткен жағдайда ұшаны ішкі ағзаларымен бірге өртейді.
Вирусты геморрагиялық ауру - өте жіті өтетін індетті ауру. Ауруға аса сезімтал деп сазқұндыздар саналады.
Сойғаннан кейінгі балау. Негізгі белгілері танаудан қан ағу, жарып қарағанда тыныс алу, ас қорыту, бауыр, бүйрек, көк бауыр, жүрек бұлшык еттерінде геморрагия белгілері байқалады. Қан жеткілікті ұйымаған. Сонымен қатар катаралды гастрит кездеседі. Зертханалық балауда бастысы өлген жануарлардың бауырын тексереді. Диагноз нәтижесі оң болған жағдайда шектеу қойылады. Талаптарға сәйкес бұл шаруашылықтан ет, тері енімдері сыртқы саудаға шығарылмайды.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Ауру және ауруға күдікті саз қүндыздарын қанын шығармай өлтіріп, терісімен бірге өртеп жібереді. Клиникалық тұрғыдан сау құндыздарды етке сояды, ұшаны кайнатьш залалсыздандырады. Бас, аяқтарын, ішкі ағзаларын, қан және т. б. сойыс өнімдерін өртейді. Бөлмені, серуендеу алаңын, құрал-саймандарды, төсеніш, азық қалдықтарын, темір құралдарын жалынмен күйдіреді. Клиникалық сау, ауру саз құндыздарымен байланыста болмаса, вакцинациядан өткізеді. Терілерін тығыз, заласыздандырылған екі кабатты материалмен орап қайта өңдеуге жібереді
Бруцеллез - көп жабайы жануар түрінің ауруы.
Сойғаннан кейіңгі балау. Ұшада көзге көрінетін патологоанатомиялық өзгерістер жоқ, сондықтан сойғаннан кейін жануар етін тексерген кезде диагноз қою қиын. Лимфа түйіндерінің ұлғайғандығын, шырынды, кейде іріңді-некроз ошағы байқалады.
Санитариялық баға. Бруцеллезбен ауыратын немесе күдікті жабайы жануар етін қайнату арқылы залалсыздандырады.
Некробактериоз - терінің және кілегей қабықтың некрозды-жарамен сипатталатын қостұяқтылар және қояндар ауруы.
Сойғаннан кейіңгі балау. Жабайы жануарларда жиі сирақ, аяқ және кейде ауыз қуысының кілегейлі қабықтары зақымдалады.
Лимфа түйіндері, әсіресе беткі, мойын, шап лимфа түйіндері үлкейген, бұлшықетте іріңді некроз ошақтарын табуға болады.
Санитариялық баға. Бұлшықетте некроз ошақ кездесетін некробактериоз ауруымен ауырған жабайы жануар етін утильдейді.
Эмфизематозды карбункул бұлан және домбайда кездеседі.
Сойғаннан кейін балау. Үстінен басқанда газды көпіршіктер және сарғыш- қанды инфильтрат бөлінетін тері асты клетчатка, сан, сауыр, белдеме, кеудеде және т. б. карбункул кездеседі. Лимфа түйіндері кескен кезде күңгірт-қызыл түске боялған.
Санитариялық баға. Ауру жабайы жануар ұшасын және мүшесімен жояды.
Листериоз - бұл ауруға жиі қоян, жабайы қоян, қабан, бұғы тектес аң, бөкен бейім келеді.
Сойғаннан кейіңгі балау. Лимфа түйіндері ұлғайған, шырынды, қоңдылығы төмен.
Санитариялық баға. Ауру немесе күдікті жабайы жануар ұшасын қайнату арқылы залалсыздандырады, ал ішкі мүшелерін утильдейді.
Лептоспироз - жабайы жануарлардың көп түрі ауырады. Кеміргіштер, жабайы қояндар, теңбілді бұғы, елік және т. б. аса сезімтал.
Сойғаннан кейін балау. Тері асты клетчаткада, бұлшықетте және майлы ұлпада сарғаю байқалады, кей жерде қанқұйылу және сары инфильтрат болады. Ішкі мүшелері сарғыш боялған, қанқұйылулармен байқалады. Лимфа түйіні ұлғайған.
Санитариялық баға. Ауырған аңның етін қайнатады. Ұшалардың бұлшықетте сарғаюы немесе дегенеративті өзгерістер болса утильдейді.
Топалаң. Ауыл шаруашылық жануарлары, жабайы аңдар және адамдардың аса жұғымтал індетті ауруы.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Көк бауыр ұлғайған, тіндері қою қоңыр түсті, қаны қою, ұйымаған. Бауыр, буйрек, жүрек ұлпалы дегенерация жағдайында, өкпесі тығыз, өліеттенген.
Ауруға қарсы жүргізілетін шаралар және сойыс өнімдеріне санитариялық баға. Теріні 0, 7% күкірт қышқылымен және 10% ас тұзында 48 сағат ұстайды. Терілерді заласыздандырып болған соң 10% ас тұзында, 0, 5% кальций содысында 1:4 сұйық қатынаста бейтараптайды. Бейтараптау реакциясының нәтижесін индикатор қағазымен анықтайды. Бактериоскопия күтпей ұшаларды ішкі ағзаларымен бірге өртеуге жібереді. Топалаңға (сібір жарасы) күдік туған жағдайда сою үрдісін дереу тоқтатады. Күдікті ұшадан көк бауырды, өзгеріске ұшыраған ұлпалардан, зақымдалған лимфа түйіндерінен сынама алып бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеу үшін зертханаға жібереді. Нәтиже шыққанға дейін ұшаларды бөлек жерде оқшаулайды. нәтижелі болса, бактериологиялық зертгеуді жойып, бөлмені жақсылап заласыздандырады. Топалаңмен зақымдалған ұшалар мен ішкі ағзаларды жойғаннан кейін бөлмені толык залалсыздандырады. Қызметкерлерді санитариялық-дәрігерлік қадағалаудың нұсқауымен санитариялық тексеруге жіберіледі. Басқа өнімдерді сойғаннан кейін 6 сағат ішінде қайнатып заласыздандырады. Егер бұл шара мүмкін болмаса, барлық ұшалар мен ішкі мүшелерді өртеу аркылы көзін кұртады. Бактериоскопиялық зерттеу теріс нәтиже берсе, өнімдерді бактериологиялық зерттеу нәтижесі шыққанша оқшаулайды.
2. 2. Инвазиялық аурулар
Трихинеллез. Жабайы қабандарда, аюларда, борсықтар және жабайы етқоректілерде кездеседі.
Санитариялық баға. Ұша мен мүшелерді утильдейді.
Цистицеркоз (финноз) . Цистицеркозбен бұғы, елік ауырғаны байқалған. Жабайы тұяқты жануарлардың эхинококкоз, фасциолез, дикроцелиоз кездеседі.
Санитариялық баға. Жабайы жануарлардың етін әртүрлі инвазиялық ауруларда үй жануарларының етін бағалауына ұқсас.
III. Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz