Жануар өнімдерін жəне шикізаттарын тасымалдау кезінде ветеринарлық-санитарлық бақылау



I.Кіріспе ... ... ... ... ... .3

II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.13
2.1 Жанартекті шикізат өнімдерін тасымалдағаннан кейін контейнерлерді ветеринариялық . санитариялы өңдеу ... ... ... ... ... ... 4.6

2.2 Жануартекті шикізат өнімдерін тасымалдауға арналған ыдыс.қораптарды зарарсыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ...7.11

2.3 Əуежайдағы артып.түсіру алаңдарын, жануарларға арналған бөлмелерді, жануартекті өнімдер мен шикізаттарға арналған қоймаларды зарарсыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... 11.12

2.4 Әуе көліктерін ветеринариялық. санитариялық жағдайына қарай бағалау және ветсанөңдеуден өткізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
IІІ.Қорытынды ... ... ... ... ...14
ІV.Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ...15
Жануар өнімдерін жəне шикізаттарын тасымалдау кезінде ветеринарлық-санитарлық бақылау. Жануартекті өнімдерін тасымалдауға жабдықталған ұшақтар немесе тік ұшақтар қолданылады, оларға жергілікті санитарлық қадағалау берген санитарлық паспорттары болу керек. Ұшақтар үнемі мемлекеттік ветеринарлық қадағалауда бақыланып, олардың санитарлық-гигиеналық жарамдылығы тексеріліп отырады. Жүкті арту алдында əуежайдың ветеринарлық-санитарлық қадағалау бөлімі ветеринарлық құжаттарды жəне жүк үстемелік
құжатын тексереді.
Ет жəне ет өнімдерін тасымалдау: Температуралық жəне техникалық жағдай болса, өнімнің əрбір түрін тасымалдауға жібереді.
Ветеринарлық-санитарлық қадағалау өкілі экипаж мүшелерімен бірлесе отырып өнімді жүктеу, өнімнің термиялық жағдайын жəне ұшақ температурасына бақылау жұмыстарын
жүргізеді. Өнім сапасы талаптарға сай келмеген жағдайда, термиялық өңдеуден өткізілмесе, дұрыс жабдықталмаған болса, жүктеуге рұқсат берілмейді. Зақымданған, сулы, зеңденген,
еріген өнімдер де тасымалдауға жіберілмейді.
Суытылған жəне салқындатылған еттерді рефрижератор контейнерлерінде қысқа жəне ұзақ қашықтықтарға тасымалдайды.
1. «Мемлекеттегі шекара мен көліктегі ветеринариялық-санитариялық бақылау» Д.Б. Жексембиев Алматы 2005 жыл 117-120б
2. «Ветеринариялық-санитариялық сараптау практикумы» С.Қырықбайұлы, Т.М. Тілеуғалиұлы, М.С. Садуов, Б. Майқанов Алматы 2011 жыл 155-168б
3. «Ветеринариялық гигиена» Ж.Б. Мырзабеков, П.Ш. Ибрагимов Алматы 2011 жыл 257-260б
4. «Шекара және көліктердегі ветеринариялы-санитариялық бақылау» Бегенова А.Б. Жұмақаева А.Н. Майқанов Б.С Алматы 2014ж 266- 392б

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-13
2.1 Жанартекті шикізат өнімдерін тасымалдағаннан кейін контейнерлерді ветеринариялық - санитариялы өңдеу ... ... ... ... ... ... 4-6

2.2 Жануартекті шикізат өнімдерін тасымалдауға арналған ыдыс-қораптарды зарарсыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-11

2.3 Əуежайдағы артып-түсіру алаңдарын, жануарларға арналған бөлмелерді, жануартекті өнімдер мен шикізаттарға арналған қоймаларды зарарсыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11-12

2.4 Әуе көліктерін ветеринариялық- санитариялық жағдайына қарай бағалау және ветсанөңдеуден өткізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 13
IІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ІV.Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

I. Кіріспе
Жануар өнімдерін жəне шикізаттарын тасымалдау кезінде ветеринарлық-санитарлық бақылау. Жануартекті өнімдерін тасымалдауға жабдықталған ұшақтар немесе тік ұшақтар қолданылады, оларға жергілікті санитарлық қадағалау берген санитарлық паспорттары болу керек. Ұшақтар үнемі мемлекеттік ветеринарлық қадағалауда бақыланып, олардың санитарлық-гигиеналық жарамдылығы тексеріліп отырады. Жүкті арту алдында əуежайдың ветеринарлық-санитарлық қадағалау бөлімі ветеринарлық құжаттарды жəне жүк үстемелік
құжатын тексереді.
Ет жəне ет өнімдерін тасымалдау: Температуралық жəне техникалық жағдай болса, өнімнің əрбір түрін тасымалдауға жібереді.
Ветеринарлық-санитарлық қадағалау өкілі экипаж мүшелерімен бірлесе отырып өнімді жүктеу, өнімнің термиялық жағдайын жəне ұшақ температурасына бақылау жұмыстарын
жүргізеді. Өнім сапасы талаптарға сай келмеген жағдайда, термиялық өңдеуден өткізілмесе, дұрыс жабдықталмаған болса, жүктеуге рұқсат берілмейді. Зақымданған, сулы, зеңденген,
еріген өнімдер де тасымалдауға жіберілмейді.
Суытылған жəне салқындатылған еттерді рефрижератор контейнерлерінде қысқа жəне ұзақ қашықтықтарға тасымалдайды. Суытылған жəне салқындатылған етті 2-3 қабат етіп, қысқа қашықтыққа 3 сағаттан кем емес уақытта тасымалдауға болады.
Құс, қоян ұшалары тесіктері бар қорапта немесе жəшіктерде тасымалданады. Ет жəне ет өнімдерін əртүрлі термиялық жағдайда консервілердің түр-түрімен бірге тасымалдауға тыйым салады.
Майларды тасымалдау. Жануар майлары ағаш бөшкелерде, шыны банкаларда тұздықпен бірге 10 тəулік ішінде тасымалданады. Таза ыдыс-қорап белгіленген талаптар бойынша таңбаланғаны жөн.
Жұмыртқаларды тасымалдау. Жұмыртқаларды ағаш үгін ділері немесе арнайы материалмен жабдықталған тығыз жəшіктерде тасымалдайды.
Балықтарды тасымалдау. Балықтарды торлы жəшік, банка, корзиналарда тұздалған балықты бөшкелерде тасымалдайды. Олардың сапасы стандарттық талаптарға сəйкес болу керек. Жүк салмағының жеткіліксіздігі, зақымданған ыдыс-қорап, балық өнімнің сапасы төмен болған жағдайда тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Сүт, қаймақ, кілегейді тасымалдау. Тығыз жабылатылягтарда тасымалданады. Жүк алушы өнімді уақытында ұшақтан түсіріп, уақытында əуежай территориясынан шығару керек.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жанартекті шикізат өнімдерін тасымалдағаннан кейін контейнерлерді ветеринариялық - санитариялы өңдеу
Көптеген қолданылатын контейнерлер - əмбебап құрылғы. Олар МемСТ 18447-79 теңіз, өзен, темір жол жəне автокөліктермен (күрделі, орташа жəне аз тонналы контейнерлер) өнімдерді жалпы жəне жекелеп тасымалдау үшін қолданылады. Əрдайым тасымалдау контейнерлерінің көлемі өседі. Шетелде изотермиялық суытылмаған жəне рефрижераторлы контейнерлерін, термостарын тез бұзылатын өнімдер үшін кеңінен қолданады. Контейнерлердің басты кемшіліктерінің бірі, олардың болаттан жасалынған сыртқы беткейлерінің əрдайым коррозияға ұшырауы, осының нəтижесінде оларға үнемі мұқият болу, кей кезде коррозияға қарсы арнайы шаралар жүргізу, яғни коррозияға қарсы мықты болатты, мысалы мырышты қабаттарды қолдану сияқты күтім керек. Сондықтан шикізат өнімдерін тасымалдағаннан кейін, контейнерлерді санитарлық өңдеу жасаудың дезинфектанттарды дұрыс таңдаудың тəжірибелік маңызы зор. Н. П. Любаков (1980, 1983) контейнерлерді ылғалды жəне аэрозольды дезинфекциялау үшін: формальдегид, сірке қышқылын, сутегі асқын тотығын, хлорамин, гипохлорды қолдануды ұсынады. Оларды арнайы камераларда жəне арнайы алаңдарда қолданудың технологияның үдерісі төменде көрсетілген. Жануартекті өнімдерді түсіргеннен кейін контейнерлерді арнайы механикалық тазалаудан, санитарлық категорияларына байланысты жуу мен зарарсыздандырудан өткізеді.
Бірінші санаттағы контейнерлерді ветеринарлық-санитарлық өңдеу
1-категориялы ветеринарлық-санитарлық өңдеуді механикалық тазалау, жуу, ал керек жағдайларда профилактикалық зарарсыздандыру шараларын жүргізіп өткізеді. Механикалық тазалау кезінде қоқыстарды жəне тағы басқа заттарды ылғандандырып, ылғал өткізбейтін ыдыстарға салып, қоқыс өртейтін пешке, оларды өрттеу үшін апарады. Контейнерлерді жууды ыстық сумен жүргізеді, оның температурасы 60-700С болуы керек. Алдымен еденді, кейіннен қабырғалары мен төбесін, есіктердің ішкі беткейін жуады. Жуылмаған бөліктерін арнайы щеткамен жуады. Кейін 2-ші рет, шайған су таза болғанша дейін жуады. Соңынан контейнерлердің сыртқы жақтарын жуады. 1-категориялы өңделген контейнерлерді ет жəне жануартекті шикізат өнімдерін экспортқа шығару үшін қолданылса, оларды дүниежүзілік талаптарға сай профилактика ретінде: құрамында 6%, формальдегид немесе 5% сірке үсті қышқылын (Пирс бойынша), немесе 6% хлорамин (активирленген ерітінді), 10% пергидроль дезпрепараты тəрізді зарарсыздандырғыш заттар қолданылады. Ерітіндіні залалсызданған беткейлерде 0,5 лм мөлшерінде қолданады. Залалсыздандыру экспозициясы 1 сағат. Жұмыс дезинфекциялаушы ерітінділер үстіне, олардың жақсы нəтиже беру үшін 0,1-0,2% беткейлі-белсенді заттар қосады.
Екінші санаттағы контейнерлерді зарарсыздандыру
2-дəрежелі контейнерлерді механикалық өңдеу жəне жуу жоғарыдағыдай жасалынады.
Зарарсыздандыру жабық алаңда ылғалды жəне аэрозольді əдістермен, техникалық дəрежесіне жəне жыл мезгіліне қарай жүргізіледі.
Зарарсыздандырудың ылғалды əдісі. Ветеринарлық дəрігердің басшылығымен арнайы зарарсыздандыру үшін бригада əкелінеді. Контейнерлердің іші мен сыртын тазалағаннан
кейін арнайы 4% формальдегид ерітіндісімен немесе 3%-ды хлораминнің белсенді ерітіндісімен, немесе 6% қышқылды сүт қышқылымен, (0,2%-0,3%) сутегінің асқын тотығымен өңдейді. Ерітінділердің температурасы 250С төмен болмауы керек. Залалсыздандыру аймағына ерітінділерді 0,25 лм мөлшерінде 2 қайтара шашу керек. 2 рет қайтара өңдегеннен кейін 1 сағаттан соң контейнерлерді залалсызданған деп есептеуге болады. Егер контейнерлерді желдеткеннен кейін дезинфектанттың өткір иісі кетпеген болса, олардың ішкі бөлшектерін жуып, иісті кетіру үшін 1% бейтараптау ерітіндісін қолданылады (аммиак ерітіндісі, формальдегид жəне гипосульфит үшін құрамында хлор бар препараттар жəне сілтілер үшін қышқылдар). Контейнерлерді аэрозольды əдіспен зарарсыздандыру. Оны
арнайы жылытылатын камераларда, ал жаз уақытында температурасы 120С төмен емес, арнайы алаңдарда жүргізеді. Ашық алаңда зарарсыздандыру үшін контейнерлердің сол жақ есігінен енгізіп, оны тура бағыттайды, ал оң жақ есік толығымен жабық, ал сол жақ есік шлангылары қысылып қалмауы үшін кішкене ашық болуы қажет. Контейнерлердің сыртын ылғалды зарарсыздандыру үшін қолданылған ерітіндімен өңдейді. Аэрозольді зарарсыздандыру үшін 40 млм3, 38-40% формальдегид ерітіндісін, 60 мл-м3, 20% сутегінің асқын тотығын, құрамында 3,5% əсер етуші зат бар, 30 млм3 нормасында экспозиция 1 сағат етіп пайдаланады. Экспозицияның аяқталу барысында формальдегидті бейтараптау үшін контейнерлер ішіне жартылай мөлшерде аммиак ерітіндісін енгізеді. Бейтараптаушы заттарды енгізгеннен кейін контейнерлер есіктерін тығыздап жауып, 30 минуттан кейін табиғи желдету үшін ашады. Сірке үсті қышқылының буын 20-30 минут табиғи желдету бойынша кетіреді.
Үшінші санаттағы контейнерлерді зарарсыздандыру
Өнімдер мен жануартекті шикізат өнімдерін тасымалдағаннан кейін, контейнерлерді өңдеу ылғалды жəне аэрозольды түрде жүргізіледі. Əр жағдайда да оларды механикалық өңдеуден өткізеді: контейнерлердің ішкі бөлігіне механикалық тазалау жасамас бұрын зарарсыздандырушы ерітіндімен ылғалдандырады. Тасымалдауға қолданылған материалдарды ылғал өткіз бейтін ыдысқа салып, арнайы алаңға қоқыс жағатын пешке шығарып тастайды. Контейнерлерді ветеринарлық дəрігер дің нұсқауымен ластану дəрежесіне байланысты жуады. Аз мөлшерде ластануына байланысты, ылғалды жинайтын жөр кемен (швабра), щеткамен, жүргізуге болады.
Зарарсыздандырудың ылғалды əдісі. Контейнерлердің ішкі жəне сыртқы бөліктерін зарарсыздандыру үшін: 6% формальдегид немесе 7,5% сутегінің асқын тотығын, сонымен қатар құрамында 10% сірке үсті қышқылы бар ерітінді (0,35% əсер етуші затты), немесе 12% хлорамин немесе белсендірілген гипохлор ерітіндісін, зарарсыздандырғыш заттарды қолдануға болады. Жұмыс ерітінділерін залалсыздандырылатын беткейіне бір сағат аралығында 0,250 лм2 екі мəрте қолдану керек. Екінші рет ерітіндіні қолданғаннан кейін 3 сағаттан соң контейнерлер залалсыздандырылған болып саналады. Егер зарарсыздандырғаннан кейін өткір иіс байқалса, онда контейнерлердің ішкі жағын тағы да жуып өңдейді.
Зарарсыздандырудың аэрозольді əдісі. Аэрозольді зарарсыздандыруды бірінші дəрежелі зарарсыздандыру сияқты жүргізіледі. Аэррозольді зарарсыздандыру арнайы алаңдарда өткізеді, ол үшін: 55 млм3 38-40% формальдегид ерітіндісін, 60 млм3 20% сүтқышқылды ерітінді, құрамында 3,5% əсер етуші заты бар, 60 млм3 қолданылады.Контейнерлерді босатқаннан кейін қолданған техникалық құралдарды міндетті түрде ылғалды əдіспен зарарсыздандыру керек. Ағынды суларды да залалсыздандырған жөн.
Жануарлар өнімдерін тасымалдайтын ыдыс-қораптарды ветеринарлық-санитарлық өңдеу
Тұтынушыға ет өнімдерін жеткізетін (үй жануарларының етінен дайындалған өнімдер, шикізат, ет жартылай өнімдері, əртүрлі үй құстары, жұмыртқа жəне т.б.) ыдыс-қораптар: темірден, ағаштан, капроннан, қатты қағаздан, матадан, импортты болуы мүмкін. Отандық немесе импорттық, жергілікті жұмыртқа салынатын қатты қағазды қорапты сауда орталықтарында жұмыртқамен бірге сатып алады. Шетелден əкелінген жұмыртқаларды тасымалдағаннан кейін, біздің қорап жасайтын, жөңдейтін зауыттарға жібереді, онда барлық жақтардан ыдыс-қораптар жөңдеуге келеді, бірақ əрбір жерден жиналған ыдыс-қораптар құстың инфекциялық ауруларын таралуына мүмкіншілік береді. Сондықтан оларды жасайтын, жөңдейтін зауыттарда мұқият түрде зарарсыздандыру керек, тек содан кейін тарату қажет.
Қайтарылған ет қорап-тыстары, сауда орталығынан ет, құс комбинатына, құс фабрикаларына түскеннен кейін зарарсыздандыруы қажет. Өндірістерді, өнеркəсіптерді ветеринарлық қадағалау кезінде ветинспекторлар осы аталған жұмыстарға назар аудару керек.

1-сурет: ИЛ-76
2.2 Жануартекті шикізат өнімдерін тасымалдауға арналған ыдыс-қораптарды зарарсыздандыру.
Жануартекті шикізат өнімдерін (жүн, қыл, тері, мүйіз, т.б.) тасымалдайтын ыдыс-қораптарды Крупина камерасында бумен өңдейді. Вегетативті микробтармен вирустармен залалданған өнімдер тасымалданғандарын 1110С температурасында, 0,5 атм__қысымда, 105 минут экспозициясымен зарарсыздандырады.
Айлақтарды жəне порт сепарацияларын зарарсыздандыру
Карантинді порттың тұрағын (причалды) зарарсыздандыруды тұрақ территориясынан, сепарациясынан, түсірілетін - артылатын жабдықтардан, эстакададан жəне т.б. өткізеді. Тұрақ алаңына зарарсыздандыру жүргізу барлық арту түсіру жұмыстарын өткізіліп, механикалық тазалауды, кемелерді өңдегендегі дезерітіндінің 1 түрімен жүргізілгеннен соң жасалынады. Ағартылған ақ хлорлы ерітіндісін 5% белсенді хлормен 1лм2 шамасында шығындайды.
Сепарацияларды зарарсыздандыруды таза не алдын ала залалсыздандырылған алаңында кемелерді өңдеу режимінде өткізеді. Сепарацияны зарарсыздандыруда ашық алаңға жайып
арасына 1 сағат салып, зарарсыздандырғыш ерітіндіні шашы- ратады, аударып қайта 2 рет шашады. Түсіріп-артылатын құрал-жабдықтарды портқа кіргізер кезінде дезбарьер орнатып зарарсыздандырады.
Əуе көліктерін ветеринарлық-санитарлық өңдеу
Əуе жолын ветеринарлық-санитарлық өңдеу кешенді түрде күрес шараларымен ветеринарлық тасымалдау жолдарының таза болуын қамтамасыз етеді.
П. В. Житенко (1981) ұшақ салонының ішін əрбір жануарларды, жүк өнімдерін түсіргенде зарарсыздандыру керек дейді. Тек бір жануар жəне бір құсты, инкубаторлық балапандарды зарарсыздандыру шарт емес. Əрбір орындалған рейстен кейін ұшақтың жүк жайлайтын бөлімін (жануарлар артылған) тазалап жинайды, тек керек жағдайда ғана ветеринарлық жұмысшылардың нұсқауы бойынша зарарсыздандырады. Зарарсыздандыруға өткір иісті коррозиялайтын заттарды пайдалануға мүлдем болмайды. Ұшақ бөлмелері зарарсыздандыру жасағаннан кейін желдетіліп, кептірілуі керек. Ветеринарлық-санитарлық жағдайға байланысты жануарларды, азықтарды, жануарлар өнімдерін тасымалдағаннан кейін əуе көлігін жəне əуе жолының басқа да нысандарын 1-ші, 2-ші, 3-ші категорияда өңдейді.
1-категория режимінде ұшақтарды, тік ұшақтарды вете ринарлық-санитарлық өңдеу
Ұшақтар, тік ұшақтар жүк бөлімдерін жануарларды түсіру алаңдарының қоршаулардың, жануарлардың уақытша ұстау жануартекті өнімдер мен шикізаттардың бөлмелерінің механикалық тазалау көзделген. Механикалық тазалауды арнайы бөлінген əуежайдың жүк бөлімінің жұмыскерлері өткізеді. Тазалауды, қи, төсеніш, қоқыстар мен т.б алдын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шикізат өнімдері
Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Әуе көліктерімен тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық - санитарлық қадағалау жайлы
Тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау
Темір жол ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Темір жолдар мен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық -санитарлық бақылау
Пәндер