Қазақстанда мекендейтін кәсіби жануар


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Қазақстанда мекендейтін кәсіби жануарларға сипаттама.
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер
І. Кіріспе
Бостандықта жүрген аңды-өнеркәсіптік жануарларды сойыс алдында зерттеу мүмкін емес, сондықтан ветсансараптаудың маңызды жері шеттетіледі. Оны жергілікті жағдайдың эпизоотологиялық біліммен жеткізуге болады, себебі үй жануарлардың шыққан инфекциялық және инвазиялық аурулары, сонымен бірге жабайы жануарлар арасынан шығады. Анық мәні болып жабайы жануарларды систематикалық бақылау, өндірістік құс туралы аңшыларға алдын ала сұрақ қою табылады. Сойыстан кейінгі тексеріс - жабайы жануарлардың ұшасынының сапасын бағалаудың негізгі нұсқауы. Ұшаны және құс мүшелерін ветеринарлық-санитарлық бағалауды дайындау, сақтау және сату орындарында, темір жол, су және басқа да көлік түрлерінде орындайды. Тексеруді тері сыпырғанға дейін және ұшаны толық бөлгенге дейін бастаған жөн. Бөлуден кейін тексеруге жататындар ұша, бас, өкпе, жүрек, бауыр, талақ және бүйрек, ал аулау орындарында ішек қарын трактысы. Атылған жануарлардың құстардың ұшасы мен мүшелерін қансыздандыру көбіне қанағаттанарлық немесе шамалы болады, ал асу немесе улы заттарды қолдану кезінде мүлдем болмайды және бұл жағдайда ұша өлексе қалпын алады. Сондықтан асу немесе уландыру арқылы ауланған жануарлардың ұшасын тексеру кезінде ішкі мүшелердің және қаңқа бұлшық еттерінің қанға толуын белгілейді.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Қазақстанда мекендейтін кәсіби жануарларға сипаттама.
Бұлан немесе суын (лат. Alces alces ) - бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректі.
Бұғылардың ең ірі түрі - бұлан немесе суын (Аlсеs аlсеs) Еуропаның, Сібірдің және Солтүстік Американың орманды бөліктеріне тараған. Басқа бұғылардан бір айырмашылығы бұлар табын құрамайды. Қыста жапырақты ағаштардың бұтағымен қоректенеді. Бізде бұландарды қолға үйрету тәжірибесі іске асуда. Бұлан-Қазақстандағы бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі сүтқоректі, тұяқты жануар. Шоқтығының биіктігі 2 метрге жетеді, салмағы 600 кг-дай. Түсі қыста қара қоңыр, жазда қоңырқай, басы, аяғы ақшылдау. Қазақстанда Жайық өзеі аңғарындағы ормандарда, солтүстік облыстардың ормандарында және шығыста Ертіс бойы мен Алтайда кездеседі. Наурызымдағы қарағай ормандары мен шоқ ормандарда кездеседі. Аталықтарында үлкен күрек тәрізді мүйіздері болады, аналықтарында мүйіз болмайды. Жазда шөппен, қыста бұтақ, ағаш қабықтары және бұталарымен қоректенеді. Күйлеу уақыты қыркүйек-қазан. 225-230 күн буаздықтан кейін, мамыр-маусымда аналығы 1-2 төлін дүниеге әкеледі. Аң аулау кәсібінің нысаны болып табылады.
Қашу уақыты
Қашу уақыты бұғылармен бірдей қыркүйек, қазан айлары. Бұғылардан айырмашылығы бұландар тек бір бұқамен шағылысады. Жүктілік мерзімі 36-37 апта. Бұлан екі бұзау туады, бір бұзау туатыны сирек. Бұзаулайтын уақыты маусым айы. Шамамен 20 жыл өмір сүреді
Бұғылар , бітеумүйізділер (лат. Cervidae ) - жұптұяқтылар отрядына жататын жануарлар тұқымдасы. Бұғының отыз түрі бес тұқымдас тармағына бөлінеді: құдырлар; мунтжактар; су бұғылары; нағыз бұғылар; Америка бұғылары. Бұғы Азия, Еуропа, Америка және Солтүстік Африкада тараған.
Қазақстанда бұғы екі тұқымдас тармағына жататын төрт түрі (құдыр, елік, марал, бұлан) Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының орманды алқаптарын мекендейді.
Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік (су бұғысын қоспағанда) еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі болады. Ұрғашысында мүйіз тек солтүстік бұғысында ғана болады. Бұғының мүйіздері жыл сайын қыста немесе көктемде түсіп, қайта өсіп шығады. Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі болады, бірақ ол мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін түсіп қалады. Бұғылар орманда, орманды далада, тундрада, тауда кездеседі. Ағаш, бұта жапырағын, қабығын, шөптесін өсімдіктерді, қынаны, мүкті, т. б. қорек етеді. Ұрғашылары мамыр - шілде айларында бұзаулайды. Бұғының барлығы дерлік кәсіптік маңызы бар аң. Олардың терісі және етін пайдаланады. Теңбіл бұғы мен маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады.
Елік (лат. Capreolus pygargus ) - бұғылар тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар. Еліктің 3 түр тармағы (Еуропа, Сібір, Маньчжур) таралған.
Қазақстанда Сібір түр тармағы (C. c. pygargus) кездеседі. Дене тұрқы 120 - 160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 75 - 100 см , салмағы 30 - 55 кг . Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурыз - мамырда толық жетіліп, қараша - желтоқсанда түсетін 3 - 5 ашалы мүйізі (25 - 40 см) болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Қыста түгінің түсі қоңырқай сұр, жазда жирен, жас лақтарының түгінде ашық түсті теңбіл дақтары болады. ЕлікТалас, Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Батыс және Орталық Тянь-Шаньда, Қаратауда, Тарбағатайда, Сауырда және Оңтүстік Алтайда кездеседі.
Жеміс-жидек, мүк, қына және шөптесін өсімдіктердің жүзге жуық түрімен қоректенеді. Жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді. Бір жарым жасында лақтайды. Шілде - тамыздан бастап 9 ай көтеріп 1 - 2, кейде 3 лақтан туады. Лақтарын 6 - 8 ай сүтімен қоректендіреді. Ешкісі 11 - 12, текесі 16 жылдай тіршілік етеді. Еті мен терісі үшін арнайы рұқсатпен ауланады. Кәсіптік маңызы бар.
Ақбөкен , киік (лат. Saiga tatarica ) - жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала - Арыс, Үстірт және Еділ - Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 - 150 см, салм. 37 - 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 - 127 см, салм. 22 - 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы - қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен - дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 - 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.
Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді.
Ақбөкендердің табындары жүздеген, мыңдаған бастан тұрады. Әдетте табынды текелері емес, ұрғашы киік бастап жүреді. Текелері күйек науқаны біткеннен кейін табынға көп қосыла бермейді, әсіресе киіктер бұзаулайтын кезде олар жеке жиналып, бөлек табынмен жүреді. Ақбөкендер күйекке түсер алдында, қазан, қараша айларына қарай қоң жинап, жұмырланады. Бұл кезде текелердің кеңсірігі дөңестеніп, әукесі салбырап, сақалы төмен түседі. Ұрықтандыруға көп уақыт жұмсалмайды, әрбір теке бір-екі күннің ішінде 40-50 киікке дейін шабады. Соңғы кездерде ақбөкенді мүйізін алу үшін браконьерлер көп қырып жіберді де, текелердің саны күрт азайды. Ұрғашы киіктердің саны текелерден бірнеше есе басым болғандықтан, күйек кезінде кейбір шамасына қарамайтын, тәжірибесіз жас текелер әлсіреп, зорығып өледі немесе түлкі, қарсақ сияқты кішігірім жыртқыштарға жем болады. Күйек біткеннен кейін, ауа райы қатты суытып кетпей, жайылымға қолайлы болып тұрса, қаңтардың аяғы, ақпанның басына қарай қайта қоң жинап, әлденіп алады.
Ұрғашы киіктер текелерге қарағанда майды көп жинай алмайды. Күйек кезінде орташа ғана семіреді де, төлдер алдында 4, 5 келідей іш май жинайды. Бірақ лақтарын емізген кезде тез арықтайды. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз. Енесі алғашқы сағаттарда лақтарын емізген соң, біршама қашықтыққа ұзап, алыстан бақылап жүреді. Егер жыртқыштар пайда болып, қауіп төне қалса, лақтарының маңынан аулаққа қашып, ол жерден алып кетуге тырысады. Табиғаттың барлық заңдылықтарын іште жатып үйренген құралайлар енесі қасында жоқ кезде ешқандай тіршілік нышанын сездірмей, жыбырламай жатады. Лақтардың қоңыр бұйра терісі топырақтың түсімен бірдей болып көрінеді, екі-үш метр жерден қарасаңыз, жатқан бір төмпешіктер екен деп қаласыз. Мыңдаған жылдар бойы дала жыртқыштарынан, адамдардан қашып жүріп, жан сақтауға әбден бейімделген киіктердің тағы бір ерекшелігі - ешқашан жетім қалған лақтарын далаға тастамайды. Далада келе жатқан кез келген киік жолынан маңырап шыққан құралайды кездестіре қалса, жанына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді. Киіктің лағы екі-үш күннің ішінде отығып кетеді. Алғашында ол көзіне түскен шөпті қармайды, бір аптадан соң ғана шөптің дәмін алып, таңдап жеуге көшеді. Жас туған киіктер лақтарын он-он бес күндей суат басына апармайды, оларды алысқа тастап, тек өздері ғана келеді. Бұл уақытта құралай тек енесінің сүтін ішеді, бір-бір жарым аптадан соң табынмен суатқа келіп, алғаш судың дәмін татады.
Көктем шыға, солтүстікке қарай жылжитын қалың табын жылдың бұл мезгілінде суаттарды көп іздей бермейді. Олар жаңа өнген шөптің нәрімен, таңғы түскен шықпен сусындайды. Жауынды күндері апталап су ішпей жүре береді. Киіктер Аралдың, Балқаштың тұзды суларын іше береді. Қыстың қарсыз күндері мұз жалап, шөлін қандырады. Әдетте табынды суат басына ұрғашы киік бастап келеді. Алдымен жан-жағына осқырана қарап, біраз уақыт айналаны бақылайды. Қалғандары «команда» болмай суға беттемейді, алдымен бастап келген киік су ішеді, содан кейін қалғандары азан-қазан маңырап келіп, суға бас қояды. Текелері суатқа ең соңынан келеді. Ақбөкен 1 минутта суды 12 рет жұтады екен және суды ұзақ сораптап ішпейді, 1, 5-3 минуттың ішінде шөлін қандырады да, келген даласына қайта зымырайды.
Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Көктемгі айларда киіктер ақселеу мен құрақты қорек етеді. Жаз айларындағы аптаптарда жапырақты шөптер қурап кетеді де, жануарлар жусан, қырықбуын, шиді оттайды. Қыс кездерінде киіктер қарын жел үрлеп кеткен жоталардың жонынан азық тауып жейді. Ауыл маңайындағы маялап үйілген құрғақ шөпті олар жей алмайды, өйткені танаулары кедергі жасайды. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған, сондықтан елді мекендерге жақындап баратын болса, тек қар астындағы күздік бидайды тебіндеп азықтану үшін барады.
Зоолог мамандардың айтуынша, киіктердің басқа жануарларға ұқсамайтын тағы да бір ерекше қасиеті бар екен. Ұрғашы киіктер дүниеге әкелетін лақтарының еркек немесе ұрғашы болып тууын өздері реттейтін көрінеді. Егер араларында текелері азайып, ұрықтандырып үлгермей жатса, сол жылы табында кілең еркек лақтар қоздайды. Киіктер осылайша өз өсімін өздері бақылап отырады екен. Ақбөкендердің табыны жыл сайын лақтармен толықтырылып отырады. Осы кезде туған шібіштер (ұрғашы лақ) алты айдан кейін күйлеп, текеге шыға береді. Енді алты айдан кейін бұл шібіштер табынға қос-қостан лақ әкеледі. Ал еркек лақтардың жөні басқа, олар жетіліп, текелік жасау үшін 19 ай уақыт керек, өзімен бірге туған шібіштер бір рет лақтағаннан кейін, келесі жылдың күйегіне ғана араласады.
Қазіргі сақталған киіктердің үш тобы бар. Олардың ең ірісі және сан жағынан басымы - Бетпақдала-Арыс тобы. Бұл ақбөкендердің мекені - Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарының елсіз жазықтары. Киіктердің селдіреген табындарын қалмақ даласынан көруге болады. Жайылым жердің аздығынан олардың басы көбейе қойған жоқ. Аздаған ақбөкен моңғол жерін мекендейді. Қазір олардың тұқымы құрып бітті деуге болады. 1978 жылғы Соколовтың жазғандарына қарағанда, сол кезде Шаргиин-Гоби мен Хойсыл-Гоби шөлдерінде 300 ғана бас киік қалған екен. Қалмақтың да, моңғолдың да киіктері Бетпақдаланың ақбөкендерінен аласа, кішірек болып келеді және бұл топтар өзара араласқа түскен емес.
Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» ендiрдi. Және сол жылы жан-жануарларды қорғау мақсатында бюджеттен 200 миллион қаржы бөлдi. Ал үстiмiздегi жылы бұл қаржыны 270 миллионға жеткiзiп отыр. Әрине бұл игi шаралар қолға кеш алынып отыр. Дегенмен «Ештен кеш жақсы» деген емес пе? Өсiмтал жануар күтiмi көп, қорғауы жақсы болса, санаулы жылдардан соң саны қайта көбейiп, әлi-ақ даламыздың сәнiн келтiрер.
Арқар (лат. Ovis ammon ) - жұптұяқтылар қатарының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң; тау арқары туысының сүтқоректі жануары. Дене ұзындығы 110-120 см, шоқтығының биіктігі 65-125 см. Аталықтарының мүйізі 67-190 см, түбірінің жуандығы 22-50 см салмағы 30 кг. Ұрғашыларының кейде қысқа мүйізі болады. Таралуы: Жерорта теңізі аралдары алдыңғы орта орталық солтүстік шығыс Азияда. ТМД кеңістігінде арқардың 10-нан астам түршесі таралған. Олар бір-бірінен көлемі салмағы мүйізінің пішіні мен құрылысы т. б. ерекшеліктерімен ажыратылады. Кейде арқарды бірнеше түрге бөледі: Еуропалық муфлон(О. musimon) үстірт арқары (О. orientalis) ; Олардың хромосом құрамы әртүрлі бірақ олардың будандары тұқым береді. Кейде арқарға тек 2n=56 жатқызады. Саны азаюда. 7 түршесі ХТҚО -(1) және КСРО (7) Қызыл кітаптарына енгізілген. Арқар үй қойларымен будандастыруға пайдаланған. Соның нәтижесінде биязы жүнді тау мериносы мен арқармеринос қой тұқымдары шығарылған. Қазақстанның таулы жерлерін (Жоңғар Алатауын, Тарбағатайды, Алтайды, Сарыарқаны, Қаратауды, Қызылқұм шөлін) мекендейді. Республикада арқардың 6 түрі бар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz