Қазақстанның балық шаруашылығы



І. Кіріспе ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қазақстанның балық шаруашылығы ...4
2.2 Қазіргі кезеңдегі жағдайы мен болашағы 8
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ...11
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... .12
Балық шаруашылығы – халық шаруашылығынын балық аулау, тасымалдау, қорғау және өсірумен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы. Балық шаруашылығы бағалы тағамдар, балық ұны, майы, теңіз өсімдіктерінен йод, маннит, агар, т.б. техникалық өнімдер өндіреді Қазақстанда 1919 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында Жайық – Жем балық аулау және аңшылық басқармасы, Арал қаласында Түркістан өлкелік балық шаруашылығы басқармасы ұйымдастырылды. Кейін бұл сала тұтынушыларға тағамдық белоктың 20%-ын беретін, қуатты аулау кемелерімен жабдықталған, өндірістік процестері механикаландырылған аса іргелі тамақ индустриясына айналды.
Балық шаруашылығы бағалы тұқымдық балықтарды өсіріп, көбейтетін балық питомниктері, тауарлы-көл және тоған шаруашылықтары, машина-мелиоративтік станциялары, арнайы оқу орындары, балық сататын фирмалық дүкендері жұмыс істейді. Қазақстанның мыңдаған ірілі-ұсақты көлдері мен өзендері балық шаруашылығы қызмет етеді. Олардың жалпы аумағы 7,5 млн. га шамасында.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І. Кіріспе____________________________ ______________________3 ІІ. Негізгі бөлім 2.1 Қазақстанның балық шаруашылығы ____________________4
2.2 Қазіргі кезеңдегі жағдайы мен болашағы_______________4-8
ІІІ. Қорытынды__________________________ _____________________11 ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі_____________________________ 12

І. Кіріспе
Балық шаруашылығы - халық шаруашылығынын балық аулау, тасымалдау, қорғау және өсірумен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы. Балық шаруашылығы бағалы тағамдар, балық ұны, майы, теңіз өсімдіктерінен йод, маннит, агар, т.б. техникалық өнімдер өндіреді Қазақстанда 1919 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында Жайық - Жем балық аулау және аңшылық басқармасы, Арал қаласында Түркістан өлкелік балық шаруашылығы басқармасы ұйымдастырылды. Кейін бұл сала тұтынушыларға тағамдық белоктың 20%-ын беретін, қуатты аулау кемелерімен жабдықталған, өндірістік процестері механикаландырылған аса іргелі тамақ индустриясына айналды.
Балық шаруашылығы бағалы тұқымдық балықтарды өсіріп, көбейтетін балық питомниктері, тауарлы-көл және тоған шаруашылықтары, машина-мелиоративтік станциялары, арнайы оқу орындары, балық сататын фирмалық дүкендері жұмыс істейді. Қазақстанның мыңдаған ірілі-ұсақты көлдері мен өзендері балық шаруашылығы қызмет етеді. Олардың жалпы аумағы 7,5 млн. га шамасында.
Су айдындарының ірілері: Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері, Қапшағай, Бөген, Бұқтырма бөгендері, Жайық, Ертіс, Есіл өзендері. Дүние жүзі бойынша ауланған бекіре балықтарының 90%-ы Қазақстан балық шаруашылығының үлесіне тиеді. Қазіргі кезде республикада экологияның нашарлауына байланысты су айдынын қорғау, оларды ұдайы мелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл міндет Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына және балық қорғау ұйымдарына жүктелген.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қазақстанның балық шаруашылығы
Балықшылықты кәсіп қылған қазақ өзен жағалағанның өзегі талмайды деп бекер айтпаса керек. Кеңес одағының тұсында елде балық шаруашылығы мейлінше дамыған еді. Мысалы, 1970-1990 жылдар аралығындағы тауарлы балық өсiру көлемi 0,7 мың тоннадан 9,8 мың тоннаға дейiн өсiп, 14,2 есе артты. Алайда, бір кездері дүрілдеп тұрған балық шаруашылығы экономикалық дағдарыс жайлаған жылдарда тоқырауға ұшырады. 1990 - 2005 жылдар аралығында тауарлық балық өсiру мүлдем дамымады десек, қателеспейміз. Осыдан 5-6 жыл бұрынғы мәлімет бойынша тоған шаруашылықтарында өсірілген тауарлық балықтың көлемі 150 тоннадан аспаса, соңғы дерекке жүгінсек көрсеткіш 500 тоннаға жуықтаған. Әлбетте, бұл балық өнімдерін экспортқа шығармақ түгілі жергілікті нарықты қамтуға да жетпейді. Есесіне халық үшін балық аса қажетті тағамның түрі болып есептеледі. Ғалымдардың зерттеулеріне сенсек, әр адам орта есеппен жылына 14,6 келі балық өніміне зәру. Бұл қажеттілікті өтеу үшін балық өсіру, аулау мен импорт көлемін жылына 272 мың тоннаға дейін жеткізу керек екен.
Отандық балық шаруашылығын жандандыру мақсатында ел үкіметі балық шаруашылығын дамытуға арнайы көңіл бөліп, осыдан бірнеше жыл бұрын ұзақ мерзімді шаралар бағдарламасын қабылдады. Осы бастама соңғы жылдарда көңіл көншітерліктей нәтижелер бере бастағаны байқалды. Әуелі ресми дерекке жүгінелік. Статистика жөніндегі агенттіктің таратқан мәліметіне сенсек, былтыр Қазақстандағы балық өсіру және балық аулау саласының берген өнімі 4 миллиард 370 миллион теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 11 пайыз өсім тіркелген. Отандық балық шаруашылығында әсіресе Атырау облысының үлесі мол: шығарылған өнімнің 44,7 пайызын беретін бұл өңірдің ауылшаруашылығы саласында балық өсіру ерекше маңызға ие. Сондай-ақ, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының да мақтанарлықтай табыстары аз емес.
Балық өсіру - нағыз табыс көзі. Бұлай дейтініміз, елімізге балық өнімдері 50-ге жуық мемлекеттен келеді екен. Негiзгi өнім жеткiзушi елдер - Ресей, Норвегия және Қытай. Балық өнімдерінің импорты жылдан-жылға өсіп келе жатқаны нарықтың болашағы зор екенін айқындайды.
Балық шаруашылығын дамытуға соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында да ерекше ден қойылды. Осы бағытта атқарылған шаралар қазірдің өзінде оң нәтижесін беруде. Әсіресе Шардара мен Түлкібас аудандарында жаңа жобалар жүзеге асырыла бастады. Былтыр облыста балық өндіретін жаңа зауыттың салынуы айтулы оқиға ретінде бағаланды. Балық өсіруде талай жылдық тәжірибесі бар Шардара өңірінің дамуына айтарлықтай серпін берген жоба жетекшілерінің сөзіне сенсек, қазіргі таңда балық өнімдеріне деген тапсырыс өзге облыстар түгілі шетелден де келіп түсуде. Бұл өз кезегінде өнімнің сапасының жақсы екенін көрсетеді және үлкен сұранысқа иеленеді. Балық өңдеу зауытының басшылығы бүгінгі таңда сазан филесін дайындаумен шұғылданатынын айтуда. Өнімдер қатаң түрде арнайы 30-40 градустағы тоңазытқышта сақталады. Мұндай камераларда балық құртылмайды. Ұзақ уақыт бойы сақтауға мүмкіндік бар.
Шардара ауданында жемісті жұмыс атқарып келе жатқан шаруашылықтардың бірі - Ақсанат инжиниринг ЖШС. Мұндағылар алғашқы кезеңде жылына 30 тонна ет, 500 келі бекіре уылдырығын өндіруді көздеп отыр. Ірі кешеннің құрылысына 150 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Көлемі 5 гектар жерге бекіре өсіретін неміс технологиясымен жабдықталған, автоматтандырылған кешен тұрғызылды.
Сондай-ақ, жуырда Түлкібас ауданында бекіре балығын өсіру қолға алынды. Бекіре балықты әдетте теңізде өсірмеуші ме еді? дерсіз. Қателесесіз. Ең бастысы - балықтың көбеюіне барынша жағдай жасап, жаңа технологияларға жүгінген жөн. Айталық, әлемдегі бекіре балықты қолдан өсірудің ең үлкен фермаларының бірі Сауд Арабиясында орналасқан екен. Бұл шаруашылық жылына жүздеген тонна ет өндіріп, 10 тонна уылдырық шығарады екен. Балық шаруашылығын шөлді аймақтағылар осылайша өркендете алса, бекірені Оңтүстікте өсіруге ешқандай кедергі жоқ деген сөз.
Жаңадан ашылған шаруашылықтың басшылығы балық өсірумен шектелмей, аса құнды қара уылдырықты өндірумен де шұғылданатынын жасырмайды. 50 адамды жұмыспен қамтыған кәсіпорын жаңа технологияны игеруге ден қойды. Егер жоспар ойдағыдай орындалып жатса, көп ұзамай алынған өнімді экспортқа шығарудың мүмкіндіктері мол. Әлемдік нарықта әсіресе қара уылдырыққа деген сұраныстың жоғары екені белгілі. Бағасы аспандап тұрған құнды тауардың экспорттық әлеуеті мол болатынын мынадан-ақ байқаймыз: Ресейде қара уылдырықтың бір келісі 800 долларды құраса, Еуропа елдеріндегі баға бұдан кемі 5-10 есе қымбат. Ал бір бекіреден шамамен 28 келі уылдырық алынатынын ескерсек, балық өсірудің нағыз табыс көзі екенін оңай түсінесіз.
Жалпы, елдегі бекіренің табиғи қорын сақтау қажеттілігі біраздан бері айтылып келе жатқан мәселе. Браконьерлердің әрекетінен соңғы жылдарда Каспий теңізіндегі бекіре балықтарының саны күрт азайды. Қолда өсіру арқылы құнды балықтың қорын көбейтудің мүмкіндігі туып отыр. Жылда үкімет балық аулау лимитін бекітіп отырады. Айталық, Арал теңізі айдынынан 2810 тонна балық аулауға лимит берілсе, Шардара су қоймасының лимитi 2435, Сырдарияның көрсеткіші 1112 тоннаны құрайды. Дегенмен, бұл лимитке назар салмайтын браконьерлер азаймай тұр. Әсіресе токпен аулайтындардан келетін зардап мол. Сондықтан бекіре балықтың шабағын көбейтудің маңызы зор.
Балық шаруашылығын жоғары деңгейде дамыту үшін ең әуелі жергілікті нарықты өзімізде өндірілген өніммен қамтып, саланың дамуына барынша қолдау көрсеткен жөн. Бүгінде балық шаруашылығында шешімін таппай тұрған мәселелер баршылық. Құбылмалы теңіз деңгейі, суды қайтарымсыз пайдалану, су қоймаларының ластануы, мұнай мен газды барлау, мұнай және газ құбырлары мен басқа да жұмыстарды жүргізу су қоймалары жағдайының нашарлауына, балықтардың уылдырық шашу алаңдарының азаюына, балық азығының жойылуына әкеліп соғады. Мелиорация жұмыстарының аздығынан өзендер мен балық жүретін арналар қайраңданып, бекіре тұқымдас балықтар уылдырық шашатын жерлерге өте алмайды.
Оңтүстікте балықтың басқа да түрлерін өсіру ісі жан-жақты қарастырылуда. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспановтың айтуынша, Максимум аймақты инвестициялық орталығы арқылы қатарынан балық шаруашылығы бірнеше рет қаржыландырылмақ. Яғни, жақын арада жергілікті тұрғындардың балық өнімдеріне деген сұранысы толық өтелетін деңгейге жетуіміз ықтимал.
Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 млн т-ға жетіп отыр. Оның 910-ын теңіздер мен мұхиттардан, ал қалған бөлігі тұщы сулардан ауланады. Балықтың және басқа теңіз өнімдерінің маңыздылығы олардың құрамындағы жануарлар нәруызының (белок) мөлшері мал мен құс етінен кем түспейтіндігіне байланысты артып отыр. Сондықтан қазіргі таңда дүниежүзілік су айдындарында 20 -- 30 мыңға дейінгі ірілі-ұсақты балық және басқа да теңіз өнімдерін аулайтын кемелер жүзіп жүр. Олардың басым көпшілігі ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған балық аулаудан бастап, дайын өнімдер шығаруға дейінгі (әртүрлі консервілер дайындау, кептірілген балық және т.б.) іс-әрекеттерді толық жүзеге асырады.
Исландияның балық аулау флоты бір мың кемеден тұрады, ал жылдық орташа ауланатын балық мөлшері 1,7 млн т, жан басына шаққанда 7 т-дан асады. Бұрын ірі исланд майшабағы мен нәлім аулайтын болса, қазір балық ұны жасалатын мойваны көбірек аулайды. Балық аулап, оны өңдеу жұмыстарымен елдің еңбекке жарамды халқының 40%-ы айналысады. Ел экспортының 34-ін балық пен теңіз өнімдері құрайды.

1-сурет Балық шаруашылығы

Балық аулау теңіз жағалық елдерінің барлығында таралғанымен, дүниежүзінде ауланатын балықтың жартысынан астамы алты елдің -- Жапония, Қытай, АҚШ, Чили, Перу және Ресейдің үлесіне тиеді. Балықтар материктік қайрандар мен жылы және суық мұхит ағыстары түйіскен аудандардан көбірек ауланады. Ертеректе балық аулаудың негізгі ауданы Атлант мұхитының солтүстігінде болса, қазір Тынық мұхитының солтүстігіне ауысты ("Материктер мен мұхиттар географиясынан" балық аулаудың негізгі аудандарын еске түсіріңдер). Балықтар мен теңіз организмдері популяциясынын азаюы дүниежүзілік балық аулау кәсіпшілігін солтүстік аймақтан оңтүстікке, яғни тропиктерге ығыстырды.
Дүние жүзіндегі ауланатын балық пен теңіз өнімдерінің 15 млн т-сы қолдан өсіру -- марикультура арқылы алынады. Балықты қолдан өсіру Қытайда бұдан 4 мың жыл бұрын басталған, бұл ел әлі күнге дейін әлемдік біріншілікті бермей келеді. Марикультура өнімінің 45-ін Азия елдері өндіреді.

2-сурет Балық өнімдерін дайындау тәсілі
Соңғы 3 жылда облыста балық аулау көлемі 40 пайызға өссе, соның ішінде, кіші Арал теңізі бойынша балық аулау 33,6 пайызға ұлғайған. Бүгінгі таңда, облыста балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені мен жергілікті маңызды 179 көл бар. Сол Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі мен 149 көл табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімді пайдалануға бекітіліп берілгеннен кейін, Сыр өңірінде балық өңдеу саласы қарқынды дами бастаған. Арал, Қазалы аудандарында жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан астам 8 балық өңдеу зауыттары жұмыс істеуде. Шығарылып жатқан негізгі өнімдер балық филесі, ысталған, мұздатылған, қатырылған балық, балық ұны.
2013 жылдың соңында бұрынғы Атамекен балық өңдеу зауыты жергілікті кәсіпкерге жалға беріліп, Арал балық өңдеу зауыты болып қайта құрылған болатын. Кәсіпорын әкімшілігі халықаралық сапа стандарты мен еурокод алу бағытында шаралар жүргізіп, біраз жұмыстар атқарған. Кәсіпорын балық өнімдері негізінен елімізде Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Ресей, Грузия мемлекеттеріне жіберілуде. Сонымен қатар, Австрия, Германия, Польша мемлекеттерімен келісімдер жасалуда. Осылай балық өнімдерінің экспортының көлемі артып келеді. Айталық, 2014 жылы құны 3,1 млн. доллар болатын 500 тоннадан астам балық өнімдері Грузия, Дания, Польша, Австрия, Германия мемлекеттеріне экспортталған. Тауарлы балық шаруашылықтарын дамыту облыста өткен жылдан бастап қолға алынғаны белгілі. Соңғы 2 жылда 9 шаруашылыққа тауарлы балық шаруашылығы статусы берілді. Алдағы 2-3 жылда олардың санын 20-ға жеткізу шаралары жүргізілмекші. Осыған байланысты, Арал өңірінің балықшылық кәсібін одан әрі жетілдіру мақсатында, облыс әкімдігі Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасын бекітті. Ақжайық ауданы аумағындағы Дөңгелек су қойма - сына сазан балығының 200 мыңдай дернәсілі жіберілді. Квант ЖШС әуесқой-спорттық балық аулау мен туризмді дамытуды мақсат етіп отыр. Олар шаруа қожалықтарының аума - ғын - да орналасқан су қоймасын бірнеше жыл бұрын мемлекет - тен жалға алған. Сөйтіп, тоғандағы балықтың табиғи өсімін күтпей, қолдан көбейтуді бастап та кеткен. Біз табиғатты қорғауымыз қажет. Керегімізді алғанда, тепе-теңдікті сақтай отырып, оның орнын толтыруымыз шарт. Осы игі мақсатта жергілікті би - лікпен, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетімен келісімге келіп, бір - неше жылдан балық санын қол - - дан көбейтудеміз, - дейді Квант ЖШС-ның басшысы Михаил Пшеничный. Оның айтуынша, Жәң - - гір хан атындағы БҚАТУ-мен арадағы келісімге сәйкес аталмыш оқу орнының ғылыми зерттеу институты су қоймасын ғылыми нысанға айналдырған. Бүгінде он шақты балық түрі тіршілік ететін Дөңгелекке бірнеше мәрте балық дернәсілдері жіберілген екен. Нәтижесі жаман емес. Кезінде дернәсіл күйінде жіберілген жайындардың алды аулауға жарап қалған. Бұл жо - лы да ғылыми қызметкерлер осы то - ғаннан алынған сазан балы - ғының уылдырығын зертханада көбейтіп, бір-үш апталық дер - нә - сілдерді табиғи ортаға жіберді. Квант ЖШС әуесқой балық аулаушыларға Дөңгелек су қой - масына жолдама ұсынуда. Құны 1200 теңге тұратын жолдама 20 келі балық аулауға рұқсат береді. Біз әуесқойлар - ға тоғаннан балық аулайтын жер белгілеп, қажетті ақыл-ке - ңе - сі - мізді де айтып отырамыз, - дейді Дөңгелектің қорықшылары Владимир Завьялов пен Қайрат Өтепқалиев. Олардың айтуынша, 2010-2011 жылдары осы су қоймасы мен оған құятын Грачи өзенінен ұсталған браконьерлерге 12 хаттама толтырылған. Уақыт өте келе құқық бұзушылар да азайып келеді. Мұнда көршілес облыстарды айтпағанда, Ресейден де әуес - қой балық аулаушылар ке - луде. Квант басшысының ай - туынша, болашақта келу - ші - лер - ге арналып тұрақтар да са - лын - бақ. Сонымен қатар, азық-түлік өнімінің санының артуы оның сапасы мен тұтынушыларға қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді. Мәселе тек қана тамақтан улану ғана емес, эпизотия, эпидемияның (шошқа және құс тұмаулары, Эбола безгегі) тұтануынан, мал шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлері немесе жекелеген аймақтардың карантинге түсуі, ауру жұқтырған малдардың жаппай сойылуы және т.б. Балық саласы да аса үлкен қауіпке ие.
Қазақстанның суқоймаларында 1965 жылы ауланған балықтың жалпы көлемі 111,9 мың тоннаны құрады. 1990 жылдан 2004 жылдар аралығында балық аулаудың 80,9 мың тоннадан 36,6 мың тоннаға күрт төмендегендігі байқалады. Қазіргі кезде балық аулау төменгі деңгейде тұрақтанды, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің балық шаруашылығы Комитетінің мәліметіне сүйенсек 2013 жылы 42,9 мың тонна балық ауланған жылдық лимит 71,6 мың тонна белгіленген. Кейбір деректерде балық аулаудың шынайы ауқымы тіркелгендегіден 2 есеге көп. Бұл дегеніміз, табиғи суқоймалардан ауланған балықтың басым бөлігінің ветеринарлық бақылаудан өтпейтіндігі, және тұтынушылардың азықпен улануы немесе құрттармен (гельменты) зақымдануы.
Балық өнімдерінің азық-түлік қауіпсіздігі
Еліміздегі көптеген балық аулау участкелері 2006 ж. 10 жыл мерзімге бекітіліп берілді. Тәжірбие жүзінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шардара су қоймасында балық шаруашылығын дамытудың облыс экономикасындағы орны
Өнеркәсіп кешендері
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығының пайда болуы және оның мәні
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Балықтардың шаруашылықтағы маңызы
КӨЛ ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУ КӨЛДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Қапшағай су қоймасында мекендейтін тыран балығының биологиялық сипаттамасы және кәсіпшілік маңызы
Қазақстанда ауланатын балық түрлері
Қопа көлінің қазіргі экологиялық жағдайына сипаттама беру
Пәндер