Пастереллез ауруы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Пастереллез ауруы бойынша жүргізілетін ветеринариялық
іс.шаралар тәртібі
2.2 Дауалау және күресу шаралары
2.3 Пастереллезге жалпы анықтама
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Пастереллез - (Pasteurellosis), геморрагиялық септицемия - жануарлардың көптеген түрінде және адамда болатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы - ауру немесе аурып жазылған жануарлар организмінде болатын пастерелла бактериясы. Пастереллёз аэрогенді және алементарлы жолмен жұғады. Пастереллёзбен ауырған малдың тыныс алі, ішік-қарын жолдарының кілегей қабығы қабынып ісінеді. Ауру малдың дене қызуы көтеріледі, жемшөптен қалады, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді. Егер тыныс алу жолдары қабынса танауынан іріңді сұйық ағады, көзі конъюнктивит болады, тыныс алуы нашарлап жөтеледі. Ішек, қарынның кілегей қабығы қабынса іші өтеді, әлсірейді, басы, мойны ісінеді. Ауру асқынса мал өледі. Аурудан сақтандыру үшін қора-жайды таза ұстап, малдың күтімін жақсарту керек. Мал дәрігерлік-санитариялық шараларды қатал сақтау. Емі: ауру малға ем сарысуын егу, антибиотиктер, сульфаниламид дәрілерін ішкізу. Адам Пастереллёзға шалдықса қабынған жер абсцесс және флегмона түрінде өтуі мүмкін. Көбінесе Пастереллёз болған адамда остеомиелит, бронхопневмония ауруы жиі кездеседі. Ауру адамға малдан жұғатын болғандықтан. Пастереллёз- малды күткенде гигиена-санитариялық шараларды сақтау қажет.
1. Т. Сайдулин . «Індеттануи және жануарлардың жұқпалы аурулары» «Алматы2010» 206-213бет
2.А.Қ.Смағұлов , Қ.А. Сағындықов және т.б. «Ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау» . Алматы 2005. 248-253бет
3. Қазақ энциклопедиясы 2 том

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Пастереллез ауруы бойынша жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
2.2 Дауалау және күресу шаралары
2.3 Пастереллезге жалпы анықтама
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе
Пастереллез - (Pasteurellosis), геморрагиялық септицемия - жануарлардың көптеген түрінде және адамда болатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы - ауру немесе аурып жазылған жануарлар организмінде болатын пастерелла бактериясы. Пастереллёз аэрогенді және алементарлы жолмен жұғады. Пастереллёзбен ауырған малдың тыныс алі, ішік-қарын жолдарының кілегей қабығы қабынып ісінеді. Ауру малдың дене қызуы көтеріледі, жемшөптен қалады, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді. Егер тыныс алу жолдары қабынса танауынан іріңді сұйық ағады, көзі конъюнктивит болады, тыныс алуы нашарлап жөтеледі. Ішек, қарынның кілегей қабығы қабынса іші өтеді, әлсірейді, басы, мойны ісінеді. Ауру асқынса мал өледі. Аурудан сақтандыру үшін қора-жайды таза ұстап, малдың күтімін жақсарту керек. Мал дәрігерлік-санитариялық шараларды қатал сақтау. Емі: ауру малға ем сарысуын егу, антибиотиктер, сульфаниламид дәрілерін ішкізу. Адам Пастереллёзға шалдықса қабынған жер абсцесс және флегмона түрінде өтуі мүмкін. Көбінесе Пастереллёз болған адамда остеомиелит, бронхопневмония ауруы жиі кездеседі. Ауру адамға малдан жұғатын болғандықтан. Пастереллёз- малды күткенде гигиена-санитариялық шараларды сақтау қажет.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Пастереллез ауруы бойынша жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
Пастереллездің профилактикасы бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
oo Жануарлардың пастереллезбен ауыруының алдын алу үшін мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
1) табынды пастереллез бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердегі жануарлармен толықтыру;
2) азықтар залалдануының профилактикасы үшін мал шаруашылығы қора-жайларында, айналасындағы аумақта және азық қоймаларында кеміргіштерді жоюды жүргізу;
3) азықтың, әсіресе сүрлем мен құрама жемнің сапасын тұрақты түрде бақылау, ал көрсеткіштер болған кезде оларды бактериологиялық зерттеу;
4) мастит кезінде сүтке бактериологиялық зерттеу жүргізу.
2-параграф. Ауруды жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
oo Жануарлардың пастереллезі анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні пастереллез бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және Карантинді белгілеу қағидаларына сәйкес шектеу енгізеді.
oo Жануарлардың пастереллезі бойынша қолайсыз пунктте жол берілмейді:
1) жануарларды сою үшін әкетуді қоспағанда, шаруашылық жүргізуші субъектіден жануарларды шығаруға;
2) пастереллезге сезімтал жануарларды кіргізуге (әкелуге);
3) жануарларды қайта топтастыруға, таңбалауға, сондай-ақ хирургиялық операциялар жасауға;
4) оны ет өңдейтін кәсіпорындарға өңдеуге жіберу үшін шығаруды қоспағанда, пастереллезбен ауырған шарасыз сойылған жануарлардың етін шикі түрде шығаруға;
5) жануарларды жаюға және оларды ашық суайдындардан суаруға;
6) ауру жануардан алынған сүтті зарарсыздандырмаған күйінде сатуға;
7) мүкәммалды, жабдықты және кез келген басқа заттарды, сондай-ақ ірі, шырынды және маңыздандырылған азықтарды шығаруға (әкетуге);
8) ауру қоздырғышы табылған жануарлардың қиын және қи бөкпесін егістіктерге шығаруға.
oo Сүтті 90[0]С температурада 5 минут ішінде пастерлейді және жануарларды азықтандыру үшін пайдаланады.
Қиды бөлек жинайды және биотермиялық зарарсыздандырады.
oo Эпизоотиялық ошағын бәсеңдету және ауруды жою мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізеді:
және термометрлейді. Ауру және ауру бойынша күдікті жануарларды бөлек қора-жайларға оқшаулайды және емдейді, ал қалғанына вакцина егеді;
2) шаруашылықтың қалған жануарларына олардың тұрған орнына қарамастан вакцина егеді;
3) ауру жануарлармен жанасқан барлық жастағы жануарларды олар бұрын тұрған қора-жайларда қалдырады және жаз кезінде шектеу алынғанға дейін оларды байлауда күтіп-бағуды ұйымдастырады.
oo Пастереллез бойынша қолайсыз пункттерде жануарларға вакцина егу жұмыстарымен қатар мүмкін болатын ауру көзі ретінде тышқан тәріздес кеміргіштерді жою мақсатында үнемі дератизациялау шараларын жүргізеді.
oo . Кезекті дезинфекциялауды мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) жануарлардың ауруының бастапқы жағдайлары және қырылуы кезінде дереу жануарлар тұрған қора-жайларда;
2) ауру және ауру бойынша күдікті жануарлар тұрған қора-жайларда күнделікті таңертең тазарту жүргізген кезде;
3) ауру жануарлар жанасқан барлық заттар (қораның едендері, қабырғалары, астаулар, қызмет көрсететін персоналдың аяқ киімі мен арнайы киімдері), қора-жайлардың өтетін жолдары дезинфекцияланады. Ауру және ауру бойынша күдікті жануарлар тұрған қора-жайларға кіре беріс аяқ киімдерді өңдеу үшін дезинфекциялық барьермен жабдықтайды;
4) жұқтыруы күдікті (шартты түрде сау) жануарларды ұстайтын қора-жайлар мен жайылу алаңдарына ауру жануарды әрбір бөліп шығарғаннан кейін және одан кейін шектеу алынғанға дейін әр 10 күнтізбелік күн сайын дезинфекция жүргізеді.
oo Пастереллезден қырылған жануарлардың өлексесін өртеп жібереді немесе биотермиялық шұңқырларда зарарсыздандырады.
oo Қолайсыз пункттен шектеулерді алудың алдында мынадай ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізеді:
1) жайылу алаңдарын, қой қораларды, қоршаулы мал жайлары мен шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қидан және қоқыстан тазартады, одан кейін оны дезинфекциялайды және қопсытады;
2) мал шаруашылығы қора-жайларында дезинсекция, дератизация және қорытынды дезинфекция жүргізеді. Дератизацияны шаруашылық жүргізуші субъекті аумағының барлық қора-жайларында жүргізеді.
2.2 Пастереллезге жалпы анықтама
Пастереллез - жіті өткенде өлі тиюдің белгілерімен, ал жітілеу және созылмалы өткенде негізінен өкпенің қабынуымен ерекшелінетін сүт қоректілер мен құстардың көптеген түрлері ұшырайтын жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Аурудың жұқпалы екендігін дәлелдеуге 1878 ж.Болингердің сиырдың пастереллезін сипаттауы негіз болды. Аурудың қоздырушысын тауықтан Е.М. Земмер (1878), Л.Пастер (1880), үй қоянынан Гафки (1881), сиырдан Китт (1885), буйволдан Гресте (1887) бөліп алды. Аурудың атауы Пастердің қоздырушы микробты өсіріп, әлсіретіп, онымен тауықты иммундеуге бағытталған әйгілі тәжірбиелеріне байланысты еді. Ғалымның құрметіне бұл микроб пастерелла, ал ол қоздыратын ауру пастереллез деп аталатын болды.
Пастереллез дүниежүзіне кең тараған. Әдетте оқтын-оқтын байқалып, созылмалы түрде өтеді. Бірақ, ауруды өршітуге ықпал ететін факторлардың әсерінен індет түрінде кең жайылады.
Қоздырушысы - оншақты ірі емес, грамтеріс, қозғалмайтын, спора түзбейтін, жеке жеке кейде жұпталып, сирегірек қысқа тізбек түрінде орналасатын бактерия.
Түрі мен мөлшері шыққан ортасына байланысты болады. Ауру малдың ұлпасындағы пастереллелар ұсақ, сопақша болады да, метилен көгі немесе Романовский Гимза әдісімен биполяры боялады. Жаңа өсінділерде микробтың анық көрінетін қауашағы болады.
Ұзақ уақыт бойы пастереллаларды зоологиялық тұрғыдан жіктеу орын алып келді де мал мен құстың әрқайсысына ауруды микробтың жеке түрі тудырады деп есептелінді. Тек 1939 ж. Розенбуш пен Мергант пастереллалардың ауру қоздырушысының бір ғана түрі бар екендігін дәлелдеп, оны дербес түр P.multocida ретінде қарастырды. Бұл тұқымдастыққа жататын тағы бір дербес түр P.haemolytica сиырда, әсіресе қойда пастереллезге ұқсас ауру қоздырады.
Пастереллелардың төзімділігі жоғары емес, сыртқы ортада тез өледі. Көңде, қанда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Бірнеше түлікке ортақ пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пастереллез сипаттамасы
Қоян ауруларының қысқаша тарихы
Құстың жұқпалы ларинготрахеитіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
Пастереллез қоздырғышы және індеттік ерекшеліктері
Құс пастереллезінің диагностикасы
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу
Пәндер