Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі



Кіріспе..
І тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру.
1.1. Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие ісіндегі педагогикалық міндеттері...
1.2 Бастауыш сынып оқытушысының тәрбие және оқыту әдістерінің ролі..
1.3 Бастауыш сынып оқытушысының педагогикалық әдептің орны ...

ІІ тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру мәселелері.
2.1. Педагогикалық әдеп туралы жалпы ұғым.
2.2. Педагогикалық әдеп және оны меңгеру жолдары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер
Білім мен тәрбе берудің ең басты міндеті – мектептің іс-әрекетіне психологиялық тұрғыда ықпал ету. Мұның дәлелі – қазіргі кезде мектепте жүргізіліп жатқан психологиялық-педагогикалық жұмыстар. Психологияда алға қойылған мақсат әр оқушының жеке адамдық қасиеттерін жан-жақты жүйелі зерттей отырып, оларды дамуына қолайлы жағдай туғызу. Бұған тек психологтар ғана емес, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің және ата-аналарды ықпалы зор. Жеткінектерді жай-күйін, ынтасын, ықыласын, қызығушылығын есерсек олар жалаң теориямен оқуға ынталы емес. Сол себепті олардың білім алуға белсенділігі мұғалімнің талабына, оқушымен қарым-қатынас орната алу шеберлігіне байланысты. Бұл үшін мұғалім психолог болу қажет.
Шығармашылық адамын тәрбелеу мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бұл процесті жаңа технологиямен ұйымдастырудың маңызы зор. Оқушы ұстаз жетекшілігімен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Сол себепті қабілетті дер езінде байқап, оның дамуына түрткі бола білу керек.
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1986ж.

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдияров Н. Педагогика. Алматы, 2004ж.

3. Біржанұлы Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1986ж.

4. Сағындықұлы Е. Педагогика. Алматы, 1999ж.

5. Савин Н.В. Методика преподавания педагогики. М., 1987ж.

6. Подласый И.А. Педагогика. М., 1998ж.

7. Тілеуова С.С., Әліпбек А. Педагогика. Ш., 2006ж.

8. Тілеуова С.С. Жоғары мектеп педагогикасы. Ш., 2005ж

9. Педагогикалық ізденіс. А., 1990ж.

10. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.

11. Асылов Ұ. Педагогикалық әдеп. 2004ж.

12. Синица И.Е. Педагогикалық әдеп шеберлігі.

13. Жарықбаев А. Әдеп және жантану.

14. Қабылдиев Ж. Қазақ этнопедагогикасы.

15. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Астана, 2004ж.

16. Нұрғалиева Қ. Кәсіптік білім. Алматы, 2002ж.

17. Пидкасистый А.Д. Педагогика. М., 2004ж.

18. Табылдиев Ә. Қазақ этика педагогикасы бір ғана әдеп. Алм., 2005ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны
қалыптастыру.
1.1. Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие ісіндегі педагогикалық
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Бастауыш сынып оқытушысының тәрбие және оқыту әдістерінің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Бастауыш сынып оқытушысының педагогикалық әдептің
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны
қалыптастыру мәселелері.
2.1. Педагогикалық әдеп туралы жалпы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Педагогикалық әдеп және оны меңгеру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .

Кіріспе

Білім мен тәрбе берудің ең басты міндеті – мектептің іс-әрекетіне
психологиялық тұрғыда ықпал ету. Мұның дәлелі – қазіргі кезде мектепте
жүргізіліп жатқан психологиялық-педагогикалық жұмыстар. Психологияда алға
қойылған мақсат әр оқушының жеке адамдық қасиеттерін жан-жақты жүйелі
зерттей отырып, оларды дамуына қолайлы жағдай туғызу. Бұған тек психологтар
ғана емес, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің және ата-аналарды
ықпалы зор. Жеткінектерді жай-күйін, ынтасын, ықыласын, қызығушылығын
есерсек олар жалаң теориямен оқуға ынталы емес. Сол себепті олардың білім
алуға белсенділігі мұғалімнің талабына, оқушымен қарым-қатынас орната алу
шеберлігіне байланысты. Бұл үшін мұғалім психолог болу қажет.
Шығармашылық адамын тәрбелеу мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бұл
процесті жаңа технологиямен ұйымдастырудың маңызы зор. Оқушы ұстаз
жетекшілігімен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі
мүмкіндіктерін дамытады. Сол себепті қабілетті дер езінде байқап, оның
дамуына түрткі бола білу керек.
Оқушыны жалықтырып алмаудан сақтанып, төмендегі тәсілдерді тиімді пайдалану
қажет:
- бала ойын ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;
- білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;
- жақсы сөздермен сені қолыңнан келеді, сенің болашағың зор-деп,
үнемі шабыттандыру.
Демек, әр ұстаздың алдындағы сәулелі мұрат шәкіртіне білім беріп қана
қоймай , әр баланың менін ашу. Сол менді шығармашылық тұлғаға жетелеу.
Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам.
Жоғарғы дегейдегі білім мен адамгершілікке баланы баулитын ұстаздың бойында
адам баласына тән барлық қасиеттер табылуы тиіс, себебі мұғалім бала қарап
тзелер айна іспетті. Бала қабілетінің ашылуы үшін мұғалім назарында мынадай
бағыттар болу керек:
Оқу мен тәрбе егіз екенін бір сәт те естен шығармаған жөн, соның нәтжесінде
ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Әл-
Фараби: Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың жауы, ол келешекте оны барлық өміріне
апат әеледі деген.
Педагогика ғылымы - тәрбиелеу, оқыту, білім беру, даму туралы заңдылықтарды
айқындап, негіздерін ашып, оның принциптерін белгілеп береді. Педагогикалық
заңдылық іс-әрекет, үрдіс туралы білім негіздерімен қаруландырса, ол
педагогикалық принцип іс-әрекеттің бағдарын, үрдісті қалай кұру жөніндегі
білімдік ұстанымды ұғындырады. Педагогикалық үрдістегі заңдылық
педагогикалық іс-әрекетпен құбылыстағы тұрақты байланыс, қайталанып тұратын
қозғалысқа тән бірлестікті танып түсінуге жол ашады. Таным түсінікті
білудегі сырткы байланыспен ішкі байланысты білу үрдістің жүзеге асуындағы
ортақ мән мазмұнды меңгертеді.
Айталық, әлеуметтік жағдайға байланысты сыртқы әсерлердің ықпалы ішкі
құбылыстарды өзгертсе, оның нәтижесі белгілі бір заңдылықты айқындайды.
Педагогикалық үрдістегі заңдылықтардың бастары мынау:
І. Тәрбие-әлеуметтік жағдаймен байланысты зандылық болғандықтан ол нақты
тарихи кезеңдегі тәрбиенің сипатын, қоғамдағы кажеттілікті айқындайды,
сондай-ақ әкономиядағы, ұлттық мәдениеттегі ерекшеліктерге тән мәнді
білгізеді.
2. Оқыту мен тәрбиеге қатысты зандылық бұл құбылыстардың өзара бірлігі
мен тұтастығын, өзара байланыстылығын сипаттайды. Бір-біріне қабыса
келген тұтастық тұлғанын болмысын айқындайды.
3. Тәрбиенің іс-әрекетпен байланысындағы зандылық педагогикадағы басты
мәселе. Өйткені баланы әр түрлі іс-әрекетке қосып, түрлі жұмыстарды
атқаруға машықтандыру барысындағы дағдыға бейімдейді.
4. Тәрбие және тұлғаның белсенділігіне байланысты зандылықтардың
педагогикадағы орны ерекше. Мұғалім кейде оқушыға кейде объекгі
тұрғысында қарағанымен де ол субъекті. Сондықтан әр бір оқушының еркі
мен зейініне, дербестігіне мән беріп, іс-әрекеттегі құлқы мен белсенділігін
ескеру үлкен табыска жеткізетіндігін естен шығармаған абзал.
4. Тәрбиенің қарым қатынастағы зандылықтарының да орны зор. Тәлім
тәрбиедегі мақсат мұғаліммен оқушының қарым қатынасы барысында
орындалып жүзеге асатын құбылыс. Баланың қалыптасуына ықпал ететін
өзара қарым қатынастың әсері екендігін назарда ұстау керек.
6. Басқа да зандылықтардың педагогикалық үрдістен туындағандығы оқыту
мен тәрбие талаптарына байланысты кеңестер мен ережелерде гиісті
нұсқаулар бөлімінде ескертілген.

І тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны
қалыптастыру.
1. Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие ісіндегі педагогикалық міндеттері

Жалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тәрбие процесінің барша жүйесіне әсер
етеді әрі оның аса маңызды бірліктері арасындағы байланыстарды танытады.
Бірак тәрбие процесі, біз білетіндей, педагогикалық процестің құрамды
бөлігі болумен осы процес зандылықгарына тәуелді келуі табиғи құбылыс. Бұл
процесте даму және қалыптасу заңдылықтары әрекетке түседі. Тәрбиенің мәнін
анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен, оның тәрбие мақсатына бағытталған
ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай түсетін өте күрделі
диалектикалық сипатының болуы.
Тәрбиенің мақсатқа бағьпталған ықпалын киындататын жағдайлар мыналар:түрлі
әсердін бала табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір
жинақталған көзқарасы мен ынта-ыкыласы, әдеті мен талғамдарынын болуы.
Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының ішкі жағдайдың игілігіне
айналатын адам санасының шеңберіне өткізілуі. Келешекте іс-әрекет
нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда
жүрудің нәтижесінде қалыптасады. Дегенмен адамның қоғамдық мәнінің
қалыптасуында, оның осы жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды ролъ
ойнайды. Тәрбие процесінде адамнын қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы
күші деп саналатын бірқатар қарама қайшылықтар тән Олар сыртқы және ішкі
қарама қайшылықтар болуы мүмкін. Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің
әлеуметтік маңызды салаларын қалыптастыруға оның қоғамға, адамдарға, өзді-
өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады.
Тәрбиенің мәні-адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтевдіріп онын ұжыммен және
қоғаммен практиқалық қатынастарының жүиесін құру. Өзінің табиғаты жағынан
тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бірқатар мәселелерін
шешуді камтиды.
1. Педагогикалық жағдайлардын, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін
талдау, жоспарлау жұмысын реттеу. Сөйтіп оқушылар білімінің деңгейін
анықтауды, оның қоғамдық мәнінің дамуын белгілеқді, нақты педагогикалық
міндетті шешуді және қалыптастыруды, оны шешудің жоддарын анықтауды,
тәрбиенің кұралдары мен әдістерін тандай білуді қажет етеді.
Тәрбие процесінің жобасын кұру және жүзеге асыру. Бұл өзінің
мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы бөліктерге және
ықпалдарға бөлудің,оқушылар ұжымдары мен шағын топтардын,жеке
оқушымен дұрыс қатынастарды шешудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік
психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің,оқушыларға жеке
түрғыда қатынас жасау бірлігінің болуын тапап етеді.
Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл
мазмұны жағынан педагогикалық міндетгерге енгізілген түзетулерді орынды
жүзеге асыруды, сырткы ықпалдардың қалыпты жағдайға өтуін немесе
қабылдауын камтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін
кажетті материалды тандап алуду, ұжым мен адамдар арасындағы қарым
қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын шиеленістерді
жоюды, оқушылар арасындағы достык пен жолдастық қатынастарды нығайтуды
талап етеді.
4. Қорытынды есепке алу және бақылау. Өз тәжірибесіне енгізу мақсатында
басқа мұғалімдердің іс-әрекеттерін зертгеу, педагогикалық теория мен
тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз.
Тәрбие - бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық
құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарастырайык. Бұл
жерде зандылықтарды атауға болады. Тәрбие процесінде дамудың бір келкі
болмау заңы көрініс береді,себебі тәрбиеленуші мүмкіндіктері тәрбиеші
талаптарына әркашан сай келе бермейді. Осыдан кейбір теориялық білімдерге
байланысты мәселе, сұрактарды еркінде жеңіл шеше білетін оқушы практиқалық
тапсырыстарды орындауда,қарапайым еңбек операқияларымен кезіккенде,дене
шынықтыру жаттыгуларын көрсетуде ебедейсіздік танытып, едәуір қиналып
қалады. Сонымен тәрбие зандылықтары тәрбие процесінің жағдаяттары, шартгары
мен нәтижелері арасындағы басты байланыстарды бейнелейді.
Оқу заңдары және заңдылықтары.
Оқу теориясының негізгі кұрылымы бірліктері - бұл ғылым тарпынан анықгалған
зандар мен заңдылықтар. Заңдар меи заңдылықтар құбылыстар, процестер мен
олардың нәтижелері арасындағы жалпы, обьектив, тұракты және қайталанып
келетін байланыстар мен тәуеділіктердін мәнін ашады. Дидактиқалық процестін
негізін кұрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен зандар оқу
приқіптері немесе джидактиқалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер
аркасында аркасында оқу принципіне қатысы бар кептеген зандылықтардың мән-
мағнасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың кызметгері реттеледі, барлық
оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезендерінде олар өздерінің жалпы
мәнін сактайды. Принциптер дидактиқалық процестің біртұгас конқепқиясын
кұрай отырып, табиғи бірлікте әрекетке келеді. Қазіргі кездегі оқу
жүйесінің ірге тасын Я.А. Коменский қалаған. Ғұлама -педагок пікірінше ,
оқудың негізі -табиғи сәйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы
табиғи сәйкестікке сай бірізді іске асырылып барды. А.Дистерверг бұл жүйені
жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1)
оқу мазмұнына ; 2) оқытушыларға; 3) оқушыларға қатысты болады. К.Д.Ушинский
тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уакытка сай болуы,
бірізділік, табиғилық, тұрақтылық, игеру біріктігі, анықтығы, оқушылардың
дербестік әрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте женіл болмауы, дұрыстык.
Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу приқиптері табиғи сәйкестік
басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бул жүйедегі дидактиқалық
принциптер төмендегідей: 1) саналылық және белсенділік; 2) көрнекілік; 3)
жүйелік және бірізділік; 4) берктілік; 5) түсіністік; 6) ғылымилық; 7)
көніл -күй; 8) теория мен практиканын байланысы.
Принциптер нұсқау -көрсетпе (норматив) қызметін атқарады. Олар мұғалімгет
кейдір жағдайларда кандай әрекетке келуі жөнінде тек кенес немесе сілтеме
беріп коймайды, жалпы зандылықтар ретінде бұл принциптер педагогикалық
әрекеттер бірлігіне негіз қалаумен бірге олардың толық орындалуын талап
етеді. Принциптерді білу және оларды оқу-тәрбие процессінде толықтай іске
асыру педагогикалық шеберліктің негізін құрайды және ол педагогикалық
біліктілікті анықтауда алдымен ескеріледі.
Педагогиканың принциптік талаптары ережелер жүйксі арқылы іске асырылыды.
Ереже - бұл педагогикалық іс- әрекеттің нақты жағдайларда белгілі
мақсатгарға жеткізу тәсілінің суреттемесі (описание). Көбіне оқу ережесі
деп қандай да принципті колданудың жеке тараптарын ашып беретін жетекші
тұжырымдарды түсінеміз.
Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу.
Оқу барысында диалектиканың жалпы зандары мен педагогиканың арнайы зандары
орындалуы шарт.
Диалектиканың жалпы зандары сапына кіретіндер: қарама-карсылықтар бірлігі
мен тайталасы заңы, сандық жинақтың сапалық өзгерістерге келу заңы, жоқты
жоқка шығару заңы.
Оқу процесінде қарама-карсылықтар бірлігі мен тай-таласы заңы іске
косылыды. Қарама-карсьшыктардың туу себебі -жана әлеуметтік жағдайлар,
тұлға мүмкіндіктерінің өзгеруі, білім беру аймағында қапыптасқан соны
талаптар оқу процесіне болған дәстүрлі, бекіген ұғымдар және көзқарастармен
сәйкессіздікке ұшырауы. Бұл өз кезегінде оқу мазмұны мен технологиясын
өзгертіп, заманға сай ауыстыруды талап етеді.
Сандық жинакгык сапалық өзгеріске түсу заны да оқу процесінде көрініс
береді. Тұлғаның бүкілдей сапалық сипаты сандық жинақтын белгілі деңгейдегі
нәтижесі. Санның сапаға ауысуы жоқгы жоқка шығару заңы тетіктеріне сәйкес
келеді. Тұлғалық және психиқалық жаңа кұрылымдар адамның өткен кездердегі
жинақтаған тәжирибесі негізінде қаланады. Соңғы өмір кезеңдңрінде пайда
болған сапалар бұрынғы қалыптаскандарын жоқка шығарады. Жоқка шығару
тетігі оқу дағдыларының қалыптасу процесінде көрінеді, яғни кейбір
әрекеттер көп қайталаулар нәтижесінде күрделі дағдыларға айналады.
Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі
қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқудың ғылыми-практиқалық деңгейіне
байланысты. Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқытушылар
ұжымы біржағынан оқыту обьектісі, екінші жағынан оқыту субьектісі болады.
Осыған орай оқыту процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымактастығы ,олардың
шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудың субьектісі мен
обьектісі арасында әр түрлі байланыстар пайда болады.Оқыту процесінің өзіне
тән компоненттері бар. Олар оқытудың мақсаты, мазмүлы, формалары мен
әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей
байланысты түрде іске асырылады,демек педагогикалық процес сонда ғана
татымды нәтиже береді. Оқыту процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы
күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп койылатын талаптармен оларды
орындауда оқушылардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықты атайды. Егер
койылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе,
онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Оқыту процесінің өзінек тән ерекшеліктері бар. Оқыту процесі тәрбие
процесіне қарағанда анағұрлым онай басқарылатын, тез іске асырылатын,
нәтижесі тез тексерілетін процес. Мысалы әрбір сабақ үстінде
бакылау,жаттығу жұмыстары мен сұрақ-жауаптар аркылы оқушылардың білім
іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.
Сыныптағы оқыту процесіне,му_ғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне сырткы
факторлар әсер етпейді. Мысалы, метал тотығының гидраты мен кышкыл
арасындагы реакқияны оқушыларға басқаша дәлелдеп түсіндіруге болама екен?
Әрине баска анықтама беруге болмайды, өйткені, бұл реакқияның нәтижесінде
тек кана тұз бен су пайда болады. Мұндай реакқияны бейтарап реакқия деп
атайды.
Тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәрбие шараларын тез
іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес. Сонымен бірге
тәрбие жұмысын өткізуге сырткы факторлар зиянды әсер етеді.
Педагогикада диапектиканың барлық зандары көрсетілген. Сондықтан
педагогиканы А.С.Макаренко диалектиқалық ғылым деп санады. Оқыту және
тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында
жылжымалылығында және қарама қайшылығында ашылады. Педагогикалық процестің
зандылықтары Ю.К.Бабанскийдің, И.Я.Лернердің еңбектерінде кең көлемде
баяндалғын. Осы тұрғыдан педагогикалық процесс зандьшыктарын оқу
бағдарламасы негізінде сипаттауды кажет деп таптык.
Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс
филасофияда зандылық деп аталады. Оқыту процесінің зандылықтары оның
тұтастығын дәлелдейді. Мұндай зандылықтардың бірнешеуін атауға болады.
Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және байланысты заңдылығы.
Мектепте бұл зандылықты іске асыру еліміздін әлеуметтік-әкономиқалық
дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның әкономиқалық мүмкіншілігі ғылыми-
техникаға сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептін оқу-материалдық жағдайы
жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның
дамуына игі әсер етеді.
Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс зандылықтары.
Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты.
Сондықтан оқыту жеке адамның жан жақты дамуына көмектесе отырып білім беру,
тәрбие және оқыту функқияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады.
Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі зандылықгарды, білімді меңгеру
негізінде ғана іске асады. Егер оқушы оқуды өзімнін міндетім деп санамаса,
өзінің жауапкершілігіне сенбесе,онда оқуды да жаксы ұйымдастыруға болмайды.
Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кемиді, тереңдейді, ақыл-ой
кабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, ғылыми ұғымдарды
терең түсінеді, нәтижесінде пайда болған сұрактардың жауаптарын табады.
Оқыту іс-әрекеті шешуші роль атқарады. Оқыту іс-әрекетінің бірнеше түрі
бар.
Жалпы заңдылықтар. Қалаған білім беру процесіне тән болып, оқудың бүкіл
жүйесін қамтиды. Олардың арасында аса көп еленетіндері:
-оқу мақсаттары. Оқу мақсаты қоғам дамуының деңгейімен каркынына, оның
кажеттері мен мүмкіндінтеріне, педагогика ғылымымен практикасының даму
деңгейі мен жетістіктеріне байланысты;
-оқу мазмұны. Оқу мазмұны қоғамдық кажеттермен оқу мақсаттарына, ғылыми-
техниқалық және әлеуметтік процестің қаркынына,оқушылар жас
мүмкіндіктеріне,оқу теориясы мен практикасының даму деңгейіне, оқу
мекемелерінің материалды-техниқалық және әкономиқалық заңдылықтарына сәйкес
келеді;
-аку сапасы. Оқу сапасы өткен кезендегі оқу процестерінің нәтижелілігіне,
оқу материалының сипаты мен көлеміне, мұғалімнің ұйымдастыру —
педагогикалық шеберлілігіне,оқушының оқып-үйренуге болған кабілетіне,оқу
уакытына байланысты;
-оқу әдістері. Дидактиқалық әдістер тиімділігі әдістерді білу мен қолдану
ептілігіне , оқу мақсаттарына,мазмұнына , оқушылардың жеке деңгейі мен
оқуды меңгеру қабілеттілігіне , материалдық -техниқалық камсыздығына, оқу
процесінің ұйымдастыруына тауелді;
-оқуды басқару. Оқудың нәтижелі болуы оқу жүйесіндегі кері байланыстың
жеделдік сипатына, реттеу-түзету ықпалдарының орынды келуіне орайласады;
-оқуға ынталандыру. Оқу нәтижесі шәкірттің білім игеруге деген іштей ынта
ыкыласы мен оқу әрекеттерінің езіне тән тартымына; оқу әрекетіне мүмкіндік
жасаушы сыртқы жағдайлар.
Жеке заңдылықтар оқу жүйесінің кейбір тараптарына орай іске қосылады. Оқу
процесінің жеке заңдылықтары:
-дидактиканың тек өзіне тән (оқу нәтижесі колданылған оқу әдістері мен
кұрал жабдықтарына, оқытушының кәсіби шеберлігіне байланысты);
-таным теориясына сай (оқу нәтижесі оқушылардың танымдық белсенділігіне,
ептілігіне және оқуды кажетсінуіне тәуелді);
-психалогиялық (оқу нәтижесі шәкірттердің оқу мүмкіндіктеріне, зейін
деңгейімен тұрақгануына, ой- ақыл ерекшеліктеріне байланысты );
-әлеуметтік (жеке адамның дамуы төңірегіндегі баска адамдармен тікелей не
жанама қарым қатынасына, қоршаған ортаның акыл-парасат дәрежесіне,
мұғалімнің оқушымене қатынас жасау стиліне байланысты);
-ұйымдастырушылық (оқу процесінің тиімділігі оның ұйымдастырылу дәрежесіне,
сол процестің оқушыда оқуға болған ынтаны, қажеттікті тәрбиелеуге
бағытталуына, таным кызығушылығын қалыптастыруына, танымдық белсенділікті
канағаттандыруына тікелей байланысты);
Оқу заңдылықтарының нақты көріністері принциптерде және оларға орай
қабылданған ережелерде байқалады.
Педагогикалық процестің мәні туралы мәселемен бірқатар ғалымдар айналысып,
жан-жақты қарастырған.
А.Ф.Кактерев, М.А.Данилов: біртұтас педагогикалық процес – оқытудың және
тәрбиенің бірігуі, деді.

Педагогикалық шеберлік деген не?

 Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол
басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ
тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін
бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін
жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында
жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз
ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ
және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ...,
жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану
дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді. 
Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең
ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып
қоймай, білімді, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі
- мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі
өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе,
ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты.
Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын
ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек
емес.
"Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды
көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі-
адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір
жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір. осыған орай
қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр
ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен
сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі
педагогикалық шеберлік демекпін.
Абай атамыздың: Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық
еткен жалықпас, Үйретуден балаға - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби
шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын
дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті,
зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық
нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ
алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт
жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін
ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен
дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша
көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап
өтуге жөн көрдік:
- сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау;
- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері;
- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа
дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып
тәрбиеленеді.
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал
біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы - деп бекер айтпаған.
Біліктілік деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық
дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы
жетілдіріп отыруы қажет.
Білім сапасының арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін
жетілдіру басты роль атқармақ. Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі
арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізуге болары анық. Мұғалімдердің
біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
1.Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты
қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін
шығармашылықпен үйлестіру. 
2. Білім беру асында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге
байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға
болады: 
1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және
нәтижесі).
2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана
білуге жағдай туғызу).
3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу. )
Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап
деңгейінде қарайтыны белгілі.
Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық
әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады.
Мұғалім-өзі де оқуы керек. . . - деп П. Ф. Каптеров айтқан еді.
Мұғалімнің өздігінен білім алуына нақты көмек көрсету үшін, тұлғаның
кәсіптік қызмет саласындағы қажеттіліктерін, сұраныстарын, мүдделерін білуі
қажет. Арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімнің жеке
қажеттіліктерін ескеріп құрылуы тиіс. Мұндай жағдайда мұғалім біліктілікті
арттырудың ұжымдық нормаларына қатыса отырып, өзін қызықтыратын мәселелерге
жауап табатын болады.
 Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік,
дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника
жатады.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына
жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз
байланысты. Өз мамандығына жан –жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық
этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
Мұғалімнің творчестволық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі,
физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен
сәйкестенеді. 
Жаңашылдық творчестволық қуат шексіз, әрі үздіксіз қозғалыста дамиды. Бұл
педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара дамуда,
ынтымақтастықтан теңгермешілікке, дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні
зор. 
Материалистік диалектика табиғатында үздіксіз даму, ғылыми білім мен
тәжірибенің бірлігін, тұтастығын, сәйкестігін ашып көрсетеді.
Біздің ойымызша, педагогикалық шеберлік - бұл мұғалімнің кіріктірілген
қасиеті, өйткені ол өзінін кұрамына өзара тәуелді, тыгыз байланысты
бірліктерді, яғни білім, іскерлік, қабілет пен қасиеттерді камтиды. Әрине,
педагогикалық шеберлік күрделі кұрылым болғандыктан, онын мәнін ашуды, оны
түсінуге деген әр түрлі көзқарас тұрғылары қалыптасқан. Қазіргі заман
сұранысына орай, біз педагогикалық шеберліктің негізі инновациялык іс-
әрекет деп тұжырымдаймыз. Тек жанашылдыкка деген талпыныс, үздіксіз ізденіс
мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Осы тұжырымды өлкеміздің мандай
алды азаматтары, оз ісінін шеберлері К. Нургалиев, К. Бітібаева, Ж.
Шайжунусов, еліміздін бір туар тұлғалары Р. Нуртазина, А. Ысқақов, Е. Очкур
сынды ұстаздар қызметі негізінде жасадық. Олар өз педагогикалық іс-әрекет
шыңына жаңашылдыққа ұмтылыс негізінде жетті. Бірак, инновациялық іс-әрекет,
кәсіптік білім мен іскерліктерсіз және тұлғалык қасиеттерсіз жүзеге асуы
мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін
өзін-өзі басқара алуы керек, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге
бел буа білу, қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалык касиеттері болуы тиіс.
Аталған қасиеттер мұғалімді жанашылдыкка жетелейді, жаңаны жасауға
ынталандырады.
 

Педагогикалық шеберліктің негізгі өлшемдері (мақсатқа лайықтылық,
шығармашылық,үйлесімділік)

Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және
әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу,
олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге
көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2)
пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп,
әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен
тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды
өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана
шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп
аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы
тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі
болмайтындай дәрежеде болуы керек.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту
мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс
істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері,
жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті
салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне
қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Мұғалімдер-
қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең сынампаз бөлігі
болып табылады, – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек.
Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің
шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде? Шебер педагог
білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп
қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр
оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау,
мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын
қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп
есептейміз.
Педагогикалық мәдениет. Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден
шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты екінші табиғат. Мәдениет
адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы.Мәдениет әр түрлі
әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір
сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. .Педагогикалық мәдениет жөнінде
сөз қозғағанда қашанда нәрлі орта жайлы, оны азықтандырған, оның пайда
болуы, дамуы және гүлденуіне қолайлы жағдай туғызған - халық жайлы есте
ұстаған жөн. Кез келген мәдениет кайраткерінің жеке шығармашылығы оған
дейін халық жөне адамзат жеңіп алған жетістіктер негізіңде дамиды. Ол өз
халқының мәдениетін жетілдіруді бастаудан бұрын өзінің көп ғасырлық
тарихында халық туғызганды меңгеруі, сонымен қатар өзге халықтар мен
адамзат жасаған игіліктерді игеруі қажет. Тек халық пен адамзат рухани
қазынасы жиынтығы ғана мәдениет қайраткерінің шығармашылығына нақты
тұғырнамалық негіз бола алады. Кез келген педагогтың данышпандығы мен
ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығымен, оның рухани
қазынасының тереңіне мейлінше бойлау қабілетімен өлшенеді.

Педагогикалық шеберлік компоненттері және оларға сипаттама

 Педагогикалық  техника  негіздерін  білу-  қарым-қатынас  жасау 
тнхнологиясын  игерудің  қажетті  шарты. 
А. С. Макаренко: Мен  тек бері  кел  деген  сөздерді  15-20  түрлі 
реңмен  айта  білгенде,  бет  әлпетімнің,  тұрған  тұрысымның,  дауысымның 
20  түрлі  қылып  өзгертуді  үйренген  кезде  ғана  өзімді  нағыз  шебер 
деп  есептей  бастадым.  Бірақ,  маған  біреу  осыдан  кейін  келмесе  де 
және  не  керек  екенін  сезбесе  де  мен  қорыққан  жоқпын,-  деп  жазған
болатын.  А. С. Макаренконың  айтқан  бұл  ойынан  педагогикалық 
техниканың  білі,  дағдыларының  қатарында  ең  маңызды  тәрбиелеу 
құралдарының  бірі  мұғалімнің  сөз  сөйлеу  шеберлігінің  дамуы  екенін 
байқаймыз.  Егер  педагогикалық  техниканың  көптеген  білік,  дағдыларын 
бір  топқа  біріктіретін  болсақ,  онда  мұғалім  шеберлігінің  бұл 
маңызды  компонентінің  құрылымы  төмендегі  жалпы  біліктерімен 
сипатталады:  сөз  саптау  білігі,  бет  әлпетінің  өзгеруі  және 
пантомималық  өзгеруінің  айқындылығы,  өзінің  психикалық  жағдайын 
басқара  білуі  және  эмоцианалдық-шығармашылық  жағдайын  қолдай  білуі, 
актерлік-режиссерлік  біліктер,  осының  барлығы  тәрбиеленушілердің 
ойына,  сезіміне  әсер  етуіне,  дүниеге  деген  эмоционалдық-құндылық 
қарым-қатынас  тәжірибесін  бере  білуге  мүмкіндік  береді.
Мұғалімнің сыртқы мәдениеті дегенде педагогикалық әдепті айтсақ болады.
Педагогикалық әдептің негізі - оқушыға деген шын ықыласты және олардың
адамдық ар-ұятына деген қөзқарасында жатыр. Педагогикалық әдеп баланы адам
ретінде сыйлау деп есептеуге болады. Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп
сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін
таппайынша оқу–тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Педагогтің әдебі
ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген
сияқты қасиеттермен өлшенеді. Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін
мұғалімдер оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады.
Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер
көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім–бардым тыңдаса да, ең болмағанда
қастарына жақындап көңіл аудармаса да, ренжіп қалады. Өздеріне мұғалімнің
назарын аудару үшін тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар.
Мұғалім оқушыларға жаңа материалдарды түсіндірумен қатар оларға назар
аудара білуі керек. Өйткені мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат
болмаса, олардың араларына жарықшақ сызаты түседі. Сабырлылық, өзін-өзі
ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құрамы болуы тиіс.

Ұстаздық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер

Мектеп –ұлттық мәдениетті сақтау кепілі, тәрбие ордасы,Сондықтан ұстаздық
қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер, ұйымдастырушылық
шеберлік қажет. Абай атамыздың: Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес
далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға – деп айтқанындай, ұстаз
үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда
болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденушілікті,
зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық
нәтижеге жетуге болады. Ұстаздың әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ
алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт
жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу–тәрбие процесін
ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен
дағдыларды қолдануды қажет етеді. Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар
жасау, жаңа технологияларды ұтымды қолдана білу мұғлімге тікелей
байланысты. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу орындарында
ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған жаттандылықтан аулақ, өмірлік
қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік
диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Мұғалім қызметінің әсерлі,
тиімді және нәтижелі болуы олардың ісінде тапқырлықты, ептілікті талап
етеді. Айталық, орын алған әлеуметтік- педагогикалық құбылыстың сипатына,
болу себебіне талдау жасау және бағалау; оқушылардың оқу, тәрбиелік
деңгейін айқындау; жеке оқушы мен ұжымның дамуын жобалау; оқу, тәрбие
нәтижесін, оқушыларда боалтын қиындықтар мен қателерді болжау; нақты
педагогикалық міндеттерді белгілеп, оның шешу жолдарын анықтау; оқу- тәрбие
жұмыстарының дәлелденген әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру формаларын
таңдау; оқушылар әрекетін, оған педагогикалық басшылықты жоспарлау;
оқушылардың тәртібін, мінез- құлқын, белсенділігін және дара психологиялық
ерекшеліктерін басқару.

Мұғалімнің өзін-өзі басқаруы, бақылау қабілетінің маңызы

Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін
адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің
құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педаго-гикалық
мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері,
педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы
жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет
категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және
педагогикалық шығарма-шылықты да қосатын болды.Мектеп басшысының басқару
мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылық-
тарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің
шығармашылық күш-қуатын танытуы. Мектеп басшысы басқару қызметінің
процесінде басқару-дың жаңа теориясы мен концепциясын игеріп, ептілік пен
дағдыларды меңгереді. Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан
алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың
мәні мен маңызын ашатын құнды-лық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты,
мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару
мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты
және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат
береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен
маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, мектепішілік менеджментті
білу, ауыл және қала мектептері мұғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін
білу, педагогикалық процестерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б.
Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында өзара
байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және
оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады;
Кәсіби құзырлылықтың мәні
“Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық
білім беру тұжырымдамасында” жаңа қоғам мұғалімін “рухани адамгершілігі
жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға
қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамытуға
және өзін-өзі көрсетуге ұмтылыс, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін
сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және
біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман” деп
сипаттайды. Бұл болашақ маман дайындау үлгісінде оның тұлғалық сапалары мен
қасиеттерін қалыптастырудың маңызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта
білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесіне, шығармашылық іс-
әрекет тәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті
қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде
түсіндіріледі.
Сондықтан маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне
ерекше мән беріледі. Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген
маманның іс-әрекеті күшейтіледі, екіншіден, білім парадигмасының өзгеруі
кәсіби білім, біліктілік пен дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың,
ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді, үшіншіден, ізгілікті
және әлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көпмәдениетті
тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды.
Маманның кәсіби дайындығының классикалық үлгісі мазмұндық, тұлғалық және
процессуалдық технологиялық бөліктерден тұратыны белгілі. Қазіргі білім
беру стандарттары компетенция, компетенттілік ұғымдары арқылы дайындауды
ұсынады.
“Компетенция” ұғымы латын сөзінен шыққан, ол адамның мәселелерге жақсы
хабардарлығын, анымдар мен тәжірибелерді меңгеру аумағын білдіреді. Педагог-
ғалымдар берген анықтамалар төмендегідей:
• компетенция – оқушының меңгерген білімін, оқу біліктері мен
дағдыларын, әрекет тәсілдерді өмірде тәжірибелік және теориялық
міндеттерді шешу үшін пайдалана алуы;
• компетенттілік – пайда болған мәселелер мен міндеттерді жедел түрде
шешуге мүмкіндік беретін, түсініктілік жүйесінің және соған сәйкес
түсінудің, сыни ойлаудың болуын талап ететін, тәжірибелік әрекеттерді
жүзеге асыруға қабілеттілік;
• компетенция – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберінде қатысты білімі,
біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан
сапаларының жиынтығы;
• компетенция – адамның өзінің іс-әрекет саласына сай компеиенцияларды
меңгеруі.
М.Чошанов кәсіби құзырлылықты “кәсіби шеберлік деңгейі жүйесінде
орындаушылық пен жетілдірушілік арасында аралық мәнге ие болу” деп
түсіндіреді.
Біріншіден, құзырлылық нақты жағдайда ұтымды қолдану үшін жаңа ақпаратты
меңгеріп, үнемі білімді толықтыруды ұсынады. Екіншіден, құзырлылық тек
білімді меңгеруге ғана емес, білімге байланысты міндеттерді шешуге әлеуетті
дайындықты көрсетеді. Демек, ол өзіне мазмұнды білім және процессуалды
біліктілік компоненттерді енгізеді. Сондықтан компетентті маман жағдайға
байланысты сай келетін әдістерді қолдануы тиіс. Ал әдістердің икемділігі
құзырлылықтың маңызды сапасы ьолып табылады.
Үшіншіден, компетентті адам сыни тұрғыдан ойлауды меңгерген болуы қажет.
Сонымен құзырлылық ұғымының мазмұны төмендегі негізгі белгілерден тұрады:
• білімнің жұмылдырылуы, білімді пайдалана білуі;
• әдістердің икемділігі;
• сыни ойлауы;
• шешімді қабылдау іскерлігі, біліктілігі.
Маманның кәсіби даярлық құрылымында арнайы, әлеуметтік және тұлғалық
құзырлылықты қалыптастыру айқындалған. Оны төмендегі сызбадан көруге
болады.

Зерттеу жұмысы

Педагогикалық қабілетті зерттеу

Мақсаты: Педагогикалық қабілеттің даму деңгейін зерттеу
Нұсқау: Сіздің алдыңызда күрделенген педагогикалық жағдайлар қатары
берілген. Әр берілген жағдайды оқи отырып, өз педагогикалық пайымдауыңыз
бойынша көрсетілген нұсқаудың біреуін таңдайсыз. Егер берілген нұсқаулардың
ешқайсысына көңіліңіз толмаса, онда жетінші нұсқаға өзіңіз дұрыс деген
ойыңызды жазыңыз.
1) Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз. Бір уақытта оқушының
қатты күлкісі естілді. Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей, оған таңдана
қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап: Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге
қарап күлкім келеді.
Сіз қандай шешім қабылдайсыз? Төмендегі жауаптардың ішінен сіздің
шешіміңізге сәйкес келетін жауапты белгілеңіз,
1. Қарай гөр, өзін!
2. Саған не күкілі?
3. Еркің білсін.
4. Есің дұрыс па?
5. Көңілді адамдарды ұнатамын!
6. Сенің көңіл-күйіңді көтергеніме қуаныштымын.
7._________________________________ _________________
2) Сіз сабақ берген бірінші күніңізде немесе бірнеше күннен соң, оқушы
сізге: Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз.
1. Сенің ісің мұғалімге үйрету емес, өзің оқуың керек.
2. Әрине, мен сендерге ештеңе үйрете алмаймын.
3. Саған басқа сыныпқа ауысып, басқа мұғалімнен оқуың керек шығар.
4. Шындығына келгенде, сенің оқығың келмейді.
5. Неге олай ойлатыныңды білгім келеді.
6. Бұл туралы нақтырақ сөйлессек қайтеді? Мүмкін мен бір нәрсені дұрыс
істемегендіктен сенде осындай ой қалыптасып отырған шығар?
7. ___________________________________ ________________
3) Мұғалім оқушыларға тапсырма берді. Оқушы берілген тапсырманы орындағысы
келмей:
- Орындағым келмейді, - деді
Мұғалімнің әрекеті қандай болады?
1. Орындағың келмесе орындатамын!
2. Онда сен неге мектепке келдің?
3. Дым білмей қалғаның өзіңе жаман. Сен оқымай өзіңе жамандық жасап тұрсың.
4. Мұның немен аяқталатынына сен есеп бересің бе?
5. Не себепті екенін сен маған тусіндіре аласың ба?
6. Мүмкін сенікі дұрыс шығар. Бұл туралы отырып сөйлесейікші.
7._________________________________ _______
4) Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіне көңілі толмай және жаңа тақырыпқа
дұрыстап түсіне алмай, мұғалімге: Мұғалім, мен келешекте жақсы оқып,
сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба?
Мұғалім не деп жауап беруі керек?
1. Шынымды айтсам, күмәнім бар.
2. Әрина, сен бұған күмәнданбай-ақ қой.

3. Қабілетің жақсы мен сенен үлкен үміт күтемін.
4. Неге сен өз-өзіңе сенбейсің?
5. Сөйлесіп қиындықтың неде екенін анықтап алайық
6. Бәрі екеуміздің бірігіп жұмыс істеуімізге байланысты.
7._________________________________ ____________
5) Оқушы: Қазір сіз беретін сабаққа қатысқым келмейді, оның орнына мен
достарыммен қыдырсам деймін, - деді.
Қалай жауап беру керек?
1. Осыдан, солай істеп көр.
2. Келесіде мектепке ата-анаңды ертіп келуіңе тура келеді.
3. Өзің біл емтихан тапсыратын өзің ғой. Сабақты босатқан күндеріңе бәрібір
жауап беруге тура келеді.
4. Сен сабаққа ешқандай көңіл бөлмейтін сияқтысың?
5. Мүмкін саған мектепті тастау керек шығар?
6. Одан әрі сен не істеймін деп ойлайсың?
7.Сенің сабақ оқығаннан гөрі, достарыңмен демалған, қыдырғаның неге қызықты
екенін білу маған қызықты.
8.Мен сені түсінемін. Сабақ оқығаннан гөрі демалған, қыдырған, концертке
бару қызықты. Бірақ неге бұлай ойлайтыныңды білгім келеді?
9._________________________________ _________________
6) Есіктен кіріп келе жатқан мұғалімді көріп оқушы: Сіз бүгін өте шаршаған
кейіптесіз, - деді.
Бұған мұғалім қалай жауап беру керек?
1. Сенің тарапыңнан маған мұндай ескерту жасау дұрыс емес.
2. Ия, мен өзімді нашар сезініп тұрмын.
3. Өзіңді жөндеп ал!
4. Бүгін нашар ұйықтадым және жұмыстарым да көп болды.
5. Уайымдама, менің шаршағаным біздің сабағымызға зиянын келтірмейді.
6. Қамқорлығыңа рахмет, сен өте байқағышсың.
7._________________________________ __________________
7) Оқушы: Менің ойымша сіздің сабағыңыздың маған ешқашан көмегі жоқ ...
Мен сабақты тастасам ба?
Бұған мұғалімнің жауабы:
1. Ондай ақымақтықты таста.
2. Ойлап тапқанын қарашы!
3. Мүмкін, саған басқа мұғалім табу керек шығар?
4. Сенің неге олай істейтініңді анығырақ білсем деймін.

5. Мүмкін, біз сенің жағдайыңды бірлесе отырып шешетін басқа жолдарды
қарастырармыз?
6. Мүмкін сенің жағдайыңды басқаша шешерміз?
7._________________________________ ________________
8) Оқушы өзіне деген сенімділігін, білдіру үшін, мұғалімге: Егер істеймін
десем, кез-келген жұмысты атқара аламын. Керек десеңіз, сіздің беретін
пәніңізді меңгеру, маған еш қиындық тудырмайды
Мұғалімнің жауабы:
1. Сен өзіңді тым жоғары бағалайсың.
2. Қайдам? Сенің мына кабілетіңмен бе?
3. Сен бұлай деуіңе қарағанда, өз-өзіңе сенімді сияқтысың?
4. Егер істеймін десең, қолыңнан бәрі келетініне күмәнім жоқ.
5. Ол үшін сенің көп еңбектенуің керек шығар.
6. Шектен тыс сенімділік жұмысқа кері әсерін тигізеді.
7._________________________________ ________________
9) Мұғалімнің берген ескертуіне, оқушы: Мені өте қабілетті адам санайды!
- деп пәнді еш қиындықсыз меңгеретіндігін айтты.
Мұғалім қалай деп жауап беруі керек?
1. Сен бұл айтылған ойға сәйкес келмейсің.
2. Сенің сабақтағы қиналғаныңа қарағанда, бұған білімің жетіңкіремейді
3. Көп адамдар өздерін солай санайды, Бірақ іс жүзінде көпшілігі олай болып
шықпайды.
4. Өзің туралы мұндай жоғары ойда болғаныңа қуаныштымын.
5. Міне, енді өзіңнің оқуыңа одан да көп күш салуың керек.
6. Сен өзіңнің қабілетіңді, шамаңды білмей тұрған сияқтысың
7._________________________________ _________________
10) Оқушы мұғалімге: Мен тағы да дәптерімді ұмытып кетіппін, - деді.
Не деп жауап беру керек?
1. Тағы да ма?
2. Бұл жауапсыздық қой!
3. Бұл іске енді басқаша қарау керек сияқты.
4. Неге екенін білуге бола ма?
5. Сенде ең кұрымаса дәптерді ұмытпайтындай мүмкіндік болмады ма?
6. Мен бұл туралы ылғи неге ескертеді деп ойлайсың?
7._________________________________ _________________

11) Оқушы мұғаліммен әңгімелесіп тұрып: Сіз маған басқа оқушыларға
қарағанда, жақсырақ көңіл бөлгеніңізді қалаймын, -деді.
Оқушының бұл ұсынысына мұғалім не деу керек?
1. Неге мен саған басқалардан гөрі ерекше қарауым керек?
2. Кімге қалай қарау керек екенін өзім білем.
3. Сен сияқты өтініш жасайтын адамдар маған ұнамайды.
4. Неге мен сені басқа оқушылардан бөле-жара қарау керектігін білгім
келеді?
5. Егер мен сені басқалардан ерекше жақсы көремін десем, өзіңді жақсы
сезінер ме едің?
6.Қалай ойлайсың, шындығында мен саған қандай көзқарастамын?
7._________________________________ ________________
12) Оқушы мұғалімге осы пәнді дұрыстап түсіне алмайтындығын айтып: Мені не
алаңдататынын айттым. Мұның себебін және одан әрі не істеу керектігімді
айтыңыз.
Мұғалім не деуі керек?
1. Меніңше сенің өзіңе көңілің толмайтын сияқты.
2. Бұған алаңдайтын ешнәрсе жоқ.
3. Мен бұл туралы өз ойымды айтпас бұрын, жағдайды тереңірек біліп алуым
керек.
4. Шамалы күте тұрайық, біраз жұмыс істеп алып барып, бұл жағдайға қайтып
оралайық. Біз шешімін табатын сияқтымыз.
5. Мен саған тура қазір жауап бере алмаймын. Сәл ойлануым керек.
6. Алаңдама, менің де сендей кезімде дәл осындай қиындық болған.
7._________________________________ _________________
13) Оқушы, мұғалімге: Маған сіздің сөйлегеніңіз, сабақ түсіндіргеніңіз
ұнамайды
Мұғалімнің жауабы қандай болу керек?
1. Бұл жақсы емес.
2. Сен бұл туралы ештеңе түсінбейтін сияқтысың.
3.Бұдан арғы сабақтарда сенің көзқарасың өзгереді деген ойдамын.
4. Неге?
5. Сабақты калай түсіндіргенімді қалайсың?
6. Әр адамның қабылдауы әр түрлі.
7. Мен не үшін, кім үшін сабақ түсіндіреді деп ойлайсың?
8. ___________________________________ _______________
14) Оқушы сыныптасымен қарым-қатынасының нашар екенін көрсете отырып: Мен
онымен бірге оқығым келмейді.
Мұғалім не деуі керек?

1. Ия, тағы не айтасың?
2. Қаламасаң да, бірге оқуға тура келеді.
3. Бұл сенің тарапыңнан дұрыс емес.
4. Осы сөзді естігеннен кейін оның да сенімен оқығысы келмейді.
5. Неге?
6. Менің ойымша сенікі дұрыс емес.
7. ___________________________________ _____
Нәтижені бағалау. Берілген жауапты қорыта отырып, сапалы түрде бағалаған
дұрыс. Егер зерттелушінің жауабын сандық түрде, әрі жауаптың ұпайын шығару
керек болса, 1- кестеде берілген кілтке салынып есептелінеді. Зерттелуші өз
ойын жазған нұсқа бөлек бағаланып, бағасы жалпы ұпайға қосылады.

2. Бастауыш сынып оқытушысының тәрбие және оқыту әдістерінің ролі

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі құрамды бір бөлігі болып табылады. Себебі,
оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының
біртұтастығы болып табылады.
Әдіс деген сөз гректің metodos деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым
белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны
білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік әдіс - мақсатқа қол жеткізетін
жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет - деген анықтама
береді.
Оқыту әдісі - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім
мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби педагогикалық деңгейін қалыптастыру
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Музыкалық білім берудегі бағдарлама сипаттамасы
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Білім берудің құрылымы
Іскер әйелдер мен жастарға иек артады
Қазіргі қоғамдағы педагогикалық өзгерістер
Пәндер