Қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі мен талдауы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. Акционерлік қоғамның техникалық экономикалық сипаттамасы
1.1.«Crocus Multimedia Services» ЖШС.нің техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2.«Crocus Multimedia Services» ЖШС.нің есепті ұйымдастыру ... ... ... ...20

II. «Crocus Multimedia Services» ЖШС.нің қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі
2.1. Ақша қаражаттар және қаржылық инвестициялар есебі ... ... ... ... ... ...26
2.2. Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер мен қорлар есебі ... ... ... ... ...34
2.3. Ұзақ мерзімді активтер есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

III. «Crocus Multimedia Services» ЖШС.нің қысқа және ұзақ мерзімді активтерін талдауы
3.1. Қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымы және айналым қажеттілігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67
3.2. Қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдауда активтердің үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
3.3. «Crocus Multimedia Services» ЖШС.нің баланс өтімділігін талдау ... ..75

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 86

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 88

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..90
Кіріспе
Нарықтық шаруашылық жағдайындағы бухгалтерлік есепті реттеу заңнамалық, атқарушылық және бақылаушылық жүйесін мемлекеттік құқықтық мүмкіншілікті мекемелер тарапынан және қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатын, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді әр түрлі өзгерістерге қалыптастыруға арналған шараларды қамтитынын сипаттайды.
Бухгалтерлік есепті жетілдіруде басты мақсат экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол келесі мәселелерді шешеді:
– экономикалық өсуді ынталандыру;
– кәсіпорын жұмысын тиімді қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
– аймақтық және салалық құрылымдардың қарқынды дамуын қолдау;
Бухгалтерлік есептің негізгі түрлері, бағыттары экономикалық және әлеуметтік мәселелердің табиғатымен және маңыздылығымен анықталады.
Бухгалтерлік есеп – ол өз экономикалық өміріне мемлекеттің араласу түрінің бірі болып табылады. Яғни, ол шектеулі ресурстарды тиімді бөліп және теңдіктерді қамтамасыз ете отырып, қазіргі уақыттағы басқарудағы экономиканы реттеу жүйесінің құрамдас бөлігі болып келеді.
Жұмыстың негізгі мақсаттары:
– отандық экономиканың нақты секторының мәселелерін ашып көрсету;
– осы мәселелерді шешудің жолдарын активтердің мүмкіншіліктерімен ұштастыра отырып шешудің жолдарын ұсыну.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
– ұйымның активтер есебінің даму ерекшелігін ескере отырып, оны экономиканың нақты секторын белсендіруде толық пайдалануды анықтау;
– ұйымның экономикасын қаржыландырудағы барлық мүмкіншіліктерін пайдалануды көздеуді қарастыру.
Осыған орай, әдістемелік нұсқаулар ретінде әлемдік тәжірибені пайдалану, яғни бухгалтерлік есеп соның ішінде талдау мен аудит ұйымдастырудың жетілдіру бірегей органды құру, оның құқықтық мүмкіншіліктерін анықтау, құзыретін бекіту, мемлекетпен өзара байланысын көрсету, реттеу тетіктерін белгілеу, оның қызметтер мен өкілеттіктер шеңберін айқындауы құрайды. Талдау үшінші бөлімде қарастырылған, онда шетелдік тәжірибе негізге ала отырып, отандық нарыққа сәйкестендірілген нұсқаулар көрсетілген.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшіп, даму жолында нарықтық қатынастардың реттелінуі мемлекеттің белгілі бір реттеуімен жүзеге асырылып отырды және бүгінгі таңға дейін асырылып келеді.
Осы айтылғандарды есепке ала отырып, активтерді талдау мен аудиті дегеніміз – ұйымның қаржылық жағдайын реттеуге байланысты шығарылған және шығарылатын барлық заңнамалық актілердің жиынтығының негізінде активтерге аудитті талдау әдістерін пайдалана отырып жүргізу деуге болады. Ұйымның активтері экономиканың нақты саласын белсендірудегі реттелінуі халықтың – салымшылардың мүддесін, құқықтарын, тәуекелдік қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіменен сипатталынады.
Экономиканың нақты секторын белсендірудегі активтерді талдау мен аудитті жүргізуді ашып көрсету мәселесі өте маңызды болып табылады. Себебі қысқа мерзімді активтермен кәсіпорындар өздерінің міндеттерін өз уақытында өтеген жағдайда кәсіпорындар өтімді болып табылады.
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты – экономика саласына өзінің алатын орны ерекше екендігін көрсету. Және де ұзақ және қысқа мерзімді активтер есебі мен талдау атты тақырыпты жазу себебім, серіктестіктердің негізгі құралдарды мен материалдық емес активтер иммобильдық құралдар, қысқа мерзімді активтеріміз мобильдік қорлар болып табылатындықтан, осы құралдарсыз өндіріс жүзеге асырылуы мүмкін емес. Қорыта айтқанда, экономиканың нақты секторын белсендірудегі және пайда табу көздерін ұлғайтудың негізі активтердің айналымдылығын жетілдіру мен қаржыланудың жолдары меншікті және тартылған капитал тарапынан, әр түрлі қоғамдық ұйымдар бухгалтерлік есептің стратегиялық
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңы.
2. Аудиторлық қызмет туралы заң Алматы, 2006 жылғы 5 мамырдағы №139-III.
3. Қазақстан Республикасының Президентінің «Акционерлік қоғамдар туралы» 1998 жылғы 10-шілдедегі №2811 заң күші бар Жарлығы.
4. Халықаралық қаржылық есеп берудің стандарттары 2006ж.
5. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы. Алматы, 1996-2003ж.
6. Қазақстандағы аудиттің халықаралық стандарттары. «Ішкі аудит қызметінің жұмыстарын қарастыру» Т.1. Алматы, 2001ж.
7. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі. Алматы: «Бико»,2004ж.
8. Абленов Д.О. «Аудит негіздері», Алматы: Экономика,2003ж.
9. Абрютина М.С. «Финансовый анализ коммерческой деятельности» Финансовый менеджмент Москва «фин пресс» 2002г.
10. Аренс А., Лоббек Дж. «Аудит»: Қаржы және статистика, 1995 ж.
11. Ажибаева З.Н. «Аудит» - Алматы: Экономика, 2004г.
12. Әбдіманапов Ә.Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» - Алматы: АЙАН, 2001ж.
13. Әжібаева З.Н., Байболатова Н.Ә., Жумагалиева Ж.Ғ., «Аудит», Алматы, 2006ж.
14. Байдаулетов М. «Аудит» Алматы, 2004 ж.
15. Бочаров В.В. «Финансовый анализ» Питер 2002г.
16. Валуев Б.Я. «Автоматизированная обработка учетной информаций» - А.:Агропромиздат, 1991.
17. Дуйсенбаев К.Ш., Егенбердиева С.К. «Анализ финансовой устойчивости предприятия»// Библиотека бухгалтера и предпринимателя-2004-№21
18. Дуйсенбаев К.Ш., Егенбердиева С.К., Дюсембаева З.К. «Аудит и анализ финансовой отчетности», Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998 ж.
19. Ержанов М.С. «Теория и практика аудита» Алматы, 2000 ж.
20. Ефимов О.В. «Финансовый анализ» Москва 2002г.
21. Кеулімжанова Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Алматы: Экономика, 2006 ж.
22. Кеулімжанова Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «Қаржылық есеп» Алматы: Экономика, 2001 ж.
23. Козлова Е.П., Галанина Е.Н. «Бухгалтерский учет» - М.:Финансы,1996.
24. Қожамқұлов Т. «Еңбекті ұйымдастыру мен басқару тәсілдері» Алматы: Мектеп,2002 ж.
25. Көкенов У.Ж., Көкенов Ф.У. «Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп» Алматы: Рауан, 1992ж.
26. Куватов Р.Ю. «Экономика и проблемы переходного периода»/Алматы: Білім, 1997г.
27. Назарова В.О. «Бухгалтерлік есеп принциптері»/Алматы: Экономика, 2005ж.
28. Сатмұрзаев А.А., Укашев Б.Е. «Аудит теориясы»/Алматы, 1999 ж.
29. Салина А.П. «Принципы бухгалтерского учета»-Алматы: Экономика, 2003г.
30. Сержаитов К.А. «Как уменшить налоги законными способами»/Алматы, 1997.
31. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет: Учебное пособие»/Алматы: Экономика, 2000 ж.
32. Таштанова Н.Н., Жумабекова Г.Ж. «Учет нематериальных активов»/Бюллетень бухгалтера-1997-№5.
33. Тасмағанбетов Т.А. т.б. «Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп»/Алматы: Экономика, 2002 ж.
34. Энтони Р.Дж.Рис. «Учет ситуаций и примеры»/М.:Финансы и статистика, 2003г.
35. Чумаченко Н.Г. «Совершенствовать экономический анализ»/ Бухгалтерский учет-1997-№11.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып Қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі мен талдауы

Жоспар

Бет
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I- Акционерлік қоғамның техникалық экономикалық сипаттамасы
1.1.Crocus Multimedia Services ЖШС-нің техникалық экономикалық
көрсеткіштерді
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 6
1.2.Crocus Multimedia Services ЖШС-нің есепті
ұйымдастыру ... ... ... ...20

II- Crocus Multimedia Services ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді
активтердің есебі
2.1. Ақша қаражаттар және қаржылық инвестициялар
есебі ... ... ... ... ... ...26
2.2. Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер мен қорлар
есебі ... ... ... ... ...34
2.3. Ұзақ мерзімді активтер
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43

III- Crocus Multimedia Services ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді
активтерін талдауы
3.1. Қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымы және айналым
қажеттілігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .67
3.2. Қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдауда активтердің
үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71
3.3. Crocus Multimedia Services ЖШС-нің баланс өтімділігін талдау ... ..75

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..86
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..88
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...90

Кіріспе
Нарықтық шаруашылық жағдайындағы бухгалтерлік есепті реттеу
заңнамалық, атқарушылық және бақылаушылық жүйесін мемлекеттік құқықтық
мүмкіншілікті мекемелер тарапынан және қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге
асырылатын, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді әр түрлі өзгерістерге
қалыптастыруға арналған шараларды қамтитынын сипаттайды.
Бухгалтерлік есепті жетілдіруде басты мақсат экономикалық және
әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол
келесі мәселелерді шешеді:
– экономикалық өсуді ынталандыру;
– кәсіпорын жұмысын тиімді қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
– аймақтық және салалық құрылымдардың қарқынды дамуын қолдау;
Бухгалтерлік есептің негізгі түрлері, бағыттары экономикалық және
әлеуметтік мәселелердің табиғатымен және маңыздылығымен анықталады.
Бухгалтерлік есеп – ол өз экономикалық өміріне мемлекеттің араласу
түрінің бірі болып табылады. Яғни, ол шектеулі ресурстарды тиімді бөліп
және теңдіктерді қамтамасыз ете отырып, қазіргі уақыттағы басқарудағы
экономиканы реттеу жүйесінің құрамдас бөлігі болып келеді.
Жұмыстың негізгі мақсаттары:
– отандық экономиканың нақты секторының мәселелерін ашып көрсету;
– осы мәселелерді шешудің жолдарын активтердің мүмкіншіліктерімен
ұштастыра отырып шешудің жолдарын ұсыну.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
– ұйымның активтер есебінің даму ерекшелігін ескере отырып, оны
экономиканың нақты секторын белсендіруде толық пайдалануды анықтау;
– ұйымның экономикасын қаржыландырудағы барлық мүмкіншіліктерін
пайдалануды көздеуді қарастыру.
Осыған орай, әдістемелік нұсқаулар ретінде әлемдік тәжірибені
пайдалану, яғни бухгалтерлік есеп соның ішінде талдау мен аудит
ұйымдастырудың жетілдіру бірегей органды құру, оның құқықтық
мүмкіншіліктерін анықтау, құзыретін бекіту, мемлекетпен өзара байланысын
көрсету, реттеу тетіктерін белгілеу, оның қызметтер мен өкілеттіктер
шеңберін айқындауы құрайды. Талдау үшінші бөлімде қарастырылған, онда
шетелдік тәжірибе негізге ала отырып, отандық нарыққа сәйкестендірілген
нұсқаулар көрсетілген.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшіп, даму жолында
нарықтық қатынастардың реттелінуі мемлекеттің белгілі бір реттеуімен жүзеге
асырылып отырды және бүгінгі таңға дейін асырылып келеді.
Осы айтылғандарды есепке ала отырып, активтерді талдау мен аудиті
дегеніміз – ұйымның қаржылық жағдайын реттеуге байланысты шығарылған және
шығарылатын барлық заңнамалық актілердің жиынтығының негізінде активтерге
аудитті талдау әдістерін пайдалана отырып жүргізу деуге болады. Ұйымның
активтері экономиканың нақты саласын белсендірудегі реттелінуі халықтың –
салымшылардың мүддесін, құқықтарын, тәуекелдік қауіпсіздігін қамтамасыз
етілуіменен сипатталынады.
Экономиканың нақты секторын белсендірудегі активтерді талдау мен
аудитті жүргізуді ашып көрсету мәселесі өте маңызды болып табылады. Себебі
қысқа мерзімді активтермен кәсіпорындар өздерінің міндеттерін өз уақытында
өтеген жағдайда кәсіпорындар өтімді болып табылады.
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты – экономика саласына өзінің алатын орны
ерекше екендігін көрсету. Және де ұзақ және қысқа мерзімді активтер есебі
мен талдау атты тақырыпты жазу себебім, серіктестіктердің негізгі
құралдарды мен материалдық емес активтер иммобильдық құралдар, қысқа
мерзімді активтеріміз мобильдік қорлар болып табылатындықтан, осы
құралдарсыз өндіріс жүзеге асырылуы мүмкін емес. Қорыта айтқанда,
экономиканың нақты секторын белсендірудегі және пайда табу көздерін
ұлғайтудың негізі активтердің айналымдылығын жетілдіру мен қаржыланудың
жолдары меншікті және тартылған капитал тарапынан, әр түрлі қоғамдық
ұйымдар бухгалтерлік есептің стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға
бағытталған шешімдерді қажет ететін мемлекеттің жүзеге асыруға міндетті
қызметтерінің бірі болып табылады.
Осымен бұл дипломдық жұмыс 3-бөлім және бөлімшелерден тұрады. Бұл
бөлімдерде тақырып толық ашылатын болады. Тақырыпты толық ашуда заң,
стандарттар, оқулықтар пайдаланады. Және де Crocus Multimedia Services
ЖШС-нің жылдық есеп беру нысандарын пайдаланып жазылады.

I- бөлім Акционерлік қоғамның техника-экономикалық сипаттамасы
1.1. Crocus Multimedia Services ЖШС-нің техника экономикалық
көрсеткіштерді талдау
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Crocus Multimedia
Services 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодексіне, 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден
өткізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына, 1998 жылғы 22 сәуірдегі
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер
туралы, Бухгалтерлік есеп және қаржылық есепберу туралы 2007 жылғы 28
ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заң, Қазақстан Республикасының
өзге заң актілеріне сәйкес, өзінің жарғылық қызметін орындау арқылы табыс
мақсатымен нарық тетіктерін енгізу барысын үдету және Қазақстан
Республикасының Заңдары тыйым салмаған кез-келген шаруашылық қызметінің
түрлерін либерализациялау үрдісін әрі қарай дамыту үшін құрылды.
Серіктестіктің атауы:
Толық:
Қазақ тілінде — Crocus Multimedia Services Жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі
Орыс тілінде — Товарищество с ограниченной ответственностью Crocus
Multimedia Services
Қысқартылған:
Қазақ тілінде — Crocus Multimedia Services ЖШС;
Орыс тілінде — ТОО Crocus Multimedia Services;
Серіктестіктің құрылтайшы:
- Нурлыбеков Азамат Нурлыбекүлы жеке күәлігінің № 004547379, Қазақстан
Республикасы ІІМ 04.09.1998 жылы берілген, тұрғылықты мекен-жайы: Қазақстан
Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қ, 15 ықшам ауданы, 55 үй, 39 пәтер.

Серіктестік шағын кәсіпкерлік субъектісі, қызметкерлерінің жыл
ішіндегі орташа есеппен алғанда 50-ден және активтерінің жыл ішіндегі жалпы
құны орташа есеппен алғандағы алпыс мың айлық есептік айырысу көрсеткіштен
аспайды. Серіктестіктің қызметтері болып келесілерді жатқызуға болады:
● есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың
айналымымен байланысты қызметті;
● акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;
● астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
● лотереялар өткізуді;
● ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;
● сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы қызметті;
● мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта
өндеу және сату;
● жөніндегі қызметті;
● радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;
● банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және
сақтандыру;
● нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
● аудиторлық қызметті;
● бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара
кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла
алмайды.
Заңды мекен-жайы: 050022, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай
даңғылы, 77 үй, 7 офисі, Алмалы ауданы.
Меншік нысаны — жеке меншік.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінің мерзімі – шектелмеген.
Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты таза табыстар алу және

Құрылтайшыға тұрақты табысты қамтамасыз ету болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін серіктестік қызметінің келесі
негізгі түрлерін жүзеге асырады:
● жарнамалық және маркетингтік қызметтер;
● сауда және делдалдық қызмет;
● халыққа қызмет көрсету;
● халық тұтынатын тауарларды өндіру;
● сыртқы экономикалық қызмет;
● тәтті тағам және аспаздық бұйымдарды өндіру және сату;
● бар, кафе, ресторан, асхана және басқа қоғамдық тамақтану орындарын,
қонақ үйлерді ұйымдастыру;
● сауда-саттық операцияларын және делдалдық қызметін жүргізу үшін
ауылшаруашылық өнімдерін, қалдықтарын дайындау, өндіру және өндеу;
● ЭЕМ-ға арналған бағдарламалық құралдарын өңдеу және өндеу;
● жарнама-ақпарат қызметі;
● қосымша шикізаттарымен өнеркәсіптік қалдықтарын дайындау, өңдеу;
● комиссиялық сауданы ұйымдастыру;
● Қазақстан Республикасы заңдарына тиым салынған басқа қызмет түрлері.
Серіктестік белгіленген тәртіпте алынған лицензияны пайдалану
мерзімінде ғана 17.04.1995 ж. заң күші бар ″Лицензиялау туралы″ сәйкес
лицензиялауға тиісті қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Серіктестіктің құқықтық мәртебесі
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлғаның
құқығын алады.
Серіктестік өз қызметін осы Жарғыға, Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңдарына сәйкес жүргізеді.
Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарында осындай ұйымдық-
құқықтық нысан үшін белгіленген барлық құқықтарды пайдаланады.
Серіктестік өз міндеттемелері үшін барлық оның иелігіндегі мүлкімен
жауап береді. Серіктестіктің Қатысушысы міндеттемелері бойынша жауапты емес
және Серіктестіктің іс-әрекеттеріне байланысты шығының өзінің Жарғылық
капиталға енгізген салымының құны шегінде көтереді. Серіктестік Қатысушысы
міндеттемелері үшін жауапкершілік үшін көтермейді. Қазақстан Республикасы
Серіктестіктің міндеттемелері үшін жауапты емес, ал Серіктестік Қазақстан
Республикасының міндеттемелері үшін жауапты емес.
Серіктестік өз атынан келісімдер жасасуға, мүліктік және жеке-дара
мүліктік емес құқықтарды иемденуге, сот органдарында талапкер және жауапкер
болуға құқылы.
Серіктестіктің дербес балансы болады және толық шаруашылық есеп жасау,
өзін-өзі қаржыландыру және өз шығынын өзі өтеушілік, соның ішінде валюталық
өз шығынын өзі өтеушілік негізінде іс-әрекет жасайды. Серіктестіктің
фирмалық атауы көрсетілген мөрі, фирмалық таңбасы, фирмалық бланкі болады.
Серіктестік қолданыстағы заңдарға сәйкес өз мүлкін Қазақстан
Республикасының заңдарына, өз қызметінің мақсаттарына және мүліктің
пайдаланылуына сәйкес иемденеді, пайдаланады және билік етеді.
Сеоіктестік Қазақстан Республикасының аймағында және шетелдерде
филиалдар мен өкілдіктерді ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірге
бірлестіктер (одақтар) құруға, сонымен бірге басқа заңды тұлғалардың
құрылтайшысы болуға, құқылы. Серіктестік өз филиалдары мен өкілдіктерінің
ашылуы жөнінде және олардың мекен-жайы туралы мемлекеттік тіркелуін жүзеге
асырған органға хабарлауға міндетті.
Өзінің еңбегімен серіктестіктің іс-әрекеттеріне еңбек шарты немесе
қызметкердің серіктестікпен еңбек қатынастарын реттейтін басқа

нысандар негізінде қатысқан тұлғалар еңбек ұжымының мүшелері болып
табылады. Серіктестіктің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек
заңдырының нормаларымен реттеледі.
Бас директор серіктестіктің Қазақстан Республикасының еңбек заңдары
шеңберіндегі еңбек қатынастарына байланысты барлық мәселелерді шешеді.
Еңбекақының нысанын, жүйесін және мөлшерін, сонымен қатар қызметкерлердің
табыстарының басқа түрлерін Бас Директор тағайындайды. Әрбір қызметкердің
еңбек табысы жұмысының түпкі нәтижесі ескеріле отырып, оның жеке еңбек
үлесімен, бірақ жоғарғы деңгейін шектемей анықталады және Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес оған салық салынады.
Серіктестік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген барлық әлеуметтік-экономикалық құқықтардың берілуіне кепілдік
береді.
Серіктестік барлық қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын
қамтамасыз етуге міндетті және заң белгілеген тәртіппен олардың денсаулығы
мен еңбек ету қабілетіне келтірілген зиян үшін жауапкершілік көтереді.
Серіктестікті қайта құру және тарту
Серіктестікті қайта құру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару,
түрлендіру) және тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген
заңдарына сәйкес жасалады.
Серіктестікті өз еркімен қайта құру және тарату серіктестік құрылтай
мүшелерінің шешімімен жүзеге асырылады. Мәжбүрлеп тарату оны банкрот етіп
жариялағанда және заң актілерінде белгіленген басқа да жағдайларда сот
органдарының шешімі бойынша жүзеге асырыла алады.
Серіктестікті қайта құру барысында серіктестіктің құрылтай құжаттарына
және заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне тиісті өзгерістер
мен толықтырулар енгізіледі.

Серіктестікті қайта құру барысында серіктестіктің мүлкі, заң
актілерінде немесе қайта құру туралы шешімде басқаша белгіленбесе, оның
құқық мұрагерлеріне ауысады.
Серіктестік келесі жағдайларда таратылады:
Серіктестік құрылтай мүшелерінің шешімі бойынша;
сот шешімі бойынша;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа жағдайларда;
Серіктестіктің ерікті тарату Серіктестік құрылтай мүшелері
тағайындаған тарату комиссиясы жүргізеді, ол Серіктестік құрылтай
мүшелерінің тарату балансын бекітуге береді. Серіктестіктің қызметі сот
шешімімен доғарылған жағдайда, тарату комиссиясын сот тағайындайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін доғаруға, жоғарыда
көрсетілген негіздерден басқа, келесі жағдайлар негіз бола алады:
— егер жарғылық капиталды азайту нәтижесінде оныың мөлшері
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктер туралы Заңда белгіленген минималды мөлшерден кем
болып шықса;
— егер қатысушылар Жауапкершілігі шектеулі және қосымша
жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңда белгіленген
мерзімдерде Серіктестіктің жарғылық капиталын құрмаса;
— серіктестіктің жұмыс жүргізу тілдері орыс, қазақ ағылшын тілдері
болады. Жарғыда өзгерістер мен толықтыруларды серіктестіктің
құрылтай мүшелері енгізеді және олар Қазақстан Республикасының
заңдарында тағайындалған тәртіппен міндетті түрде тіркелуі тиіс.

Осы Жарғы Серіктестіктің мемлекеттік тіркеуден өткен мерзімінен бастап
күшіне енеді.
Серіктестік Қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
Серіктестік құрылтай мүшелері құқылы:
— Серіктестіктің бухгалтерлік және басқа құжаттарымен тануысумен
бірге серіктестік қызметі туралы толық ақпарат алуға;

— Жарғылық қорының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға;
— Қазақстан Республикасының Жауапкершілігі шектеулі және қосымша,
жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заң талаптарын орындай
отырып, серіктестік мүлкіндегі өзінің үлесін немесе оның бөлігін
үшінші тұлғаларға сатуға немесе өзге жолмен ұсынуға;
● Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіпке
сәйкес
өзінің серіктестікке қатысуын тоқтатуға;
● Серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп
айырысқаннан кейін қалған мүлік бөлігінің құнын алуға немесе осы
мүлік бөлігін заттай алуға;
● Осы жарғы мен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген
заңдарына қайшы келмейтін серіктестіктің қалыпты дамуына бағыт-
талған кез келген басқа да іс-әрекеттерді жасауға;
● Серіктестік құрылтай мүшелері Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңдарында көзделген өзге де құқықтар иелене алады;
Серіктестік құрылтай мүшелерінің міндеті:
● Серіктестік Жарғысының талаптарын орындауға;
● Жарғы белгіленген тәртіппен серіктестіктің іс-әрекеттеріне қатысуға;
● Серіктестік жарғысы белгілеген тәртіппен, тәсілмен және мөлшерде
салымдар енгізуге,
● Серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария
етпеуге;
● Серіктестікке зиян келтіруі мүмкін қандай да болсын іс-әрекет
жасамауға.
Серіктестік құрылтай мүшелері осы жарғы мен Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарында белгіленген басқа да міндеттерді атқарады.

Серіктестік органдары:
жоғары органы — Қатысушы;
атқарушы органы — Бас директор.
Қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзіретіне қатыстылар:
— Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін, мекен-жайы мен
фирмалық атауын: өзгертуді қоса, серіктестіктің жарғысын өзгерту,
немесе Серіктестіктің Жарғысының жаңа редакциясын бекіту;
— Серіктестіктің Бас директорын сайлау немесе оның өкілетін
мерзімінен бұрын тоқтату;
— Серіктестіктің жылдық қаржылық есебін бекіту және таза табысын
бөлу;
— Серіктестіктің ішкі тәртібін реттейтін ішкі ережелерін, оларды
қабылдау үрдістерін және басқа да құжаттарды бекіту;
— Серіктестіктің басқа шаруашылық серіктестіктеріне, сондай-ақ
коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы жөнінде шешім қабылдау,
филиалдар мен өкілдіктер ашу;
— Серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату шешім;
— тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;
— Серіктестіктің барлық мүлкін кепілге салу туралы бір ауыздан
қабылданатын шешеім;
— Серіктестіктің мүлкіне қосымша жарналар енгізу туралы шешім;
Серіктестік құрылтай мүшелерінің ерекше құзіретіне жатқызылған
мәселелер серіктестіктің атқарушы органының кадрларына берілмейді.
Бас директор өзінің құзіреті шеңберінде:
— Серіктестік құрылтай мүшелері белгілеген шектер мен мөлшерде
Серіктестіктің мүлкіне, сондай-ақ қаржы-қаражатына билік жүргізеді;
— Серіктестіктің қызметкерлерін жұмысқа алып, орнынан босатады;
— Серіктестіктің штат кестесін және лауазымды еңбекақыларды бекітеді,
дербес үстемелердің мөлшерін белгілейді, сыйлық беру мәселелерін
шешеді, көтермелеу шараларын қолданады және әкімшілік жаза салады;
— Серіктестік жалпы жиналысының шешімдерін іске асырады;
— Серіктестік жалпы жиналысына серіктестіктің қаржылық және
экономикалық жағдайы туралы есеп береді;
3. Серіктестік атынан сенімхатсыз іс - әрекеттер жүргізеді;
— Серіктестіктің жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті шарттар мен
басқа да мәмілелер жасасады;
Серіктестік атынан өкілеттік ету құқығына сенімхаттар, соның ішінде, қайта
сенім арту құқығы бар сенімхаттар береді;
— банктерде есеп айырысу және басқа шоттар ашады;
— серіктестіктің ағымдағы (күнделікті) басшылығын жүзеге асырады.
Бас директор серіктестік жалпы жиналысы алдында есеп береді және оның
бақылауында болады. Бас директорға тыйым салынады:

— Серіктестік құрылтай мүшелерінің келісімісіз серіктестікпен одан
мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер жасасуға;
— Серіктестіктің үшінші тұлғалармен жасасқан мәмілелер үшін
Серіктестіктен, және үшінші тұлғалардан комиссиялық сыйақылар алуға;

— Серіктестікпен үшінші тұлғалар арасындағы қатынастарға үшінші
тұлғалар атынан немесе олардың мүддесін білдіріп қатысуға;
Серіктестіктің қызметімен бәсекелесетін кәсіпкерлік қызмет жасауға. Осымен
серіктестіктің мүлік құнының құрылымын қарастырайық.
Мүлік құнының құрылымын талдау
(2006-07жыл Crocus Multimedia
ServicesЖШС) кесте-1.1.1.

мың тг
Көрсеткіштер 2007жыл 2006жыл Ауытқу
Мүлік құны (теңге)16135513 30623789 -14488276
Иммобильдік қорлар325461 - 325461
Мүлік құнына (%) 2 -
Мобильдік қорлар 15810052 30623789 -14813737
Мүлік құнына (%) 98 100 -2

Кестеде көрсеткендей акционерлік қоғамның мүлік құны – 14488276 мың
теңгеге төмендеді. Талданып отырған серіктестіктің ұзақ мерзімді активтер
ішінен тек негізгі құралдар ғана 325461 мың теңгеге ие болды. Мобильдік
қорлар жыл басында 30623789 мың теңге, 2006 жылы 15810052 мың теңгеге
төмендеді. Өткен жылмен салыстырғанда 14813737 мың теңгеге төмендеді. 2006
жылы тек активтердің 100 пайызын мобильдік қорлар ие болды. 2007 жылы 98
пайызды мобильдік қор 2 пайызды иммобильдік қорлар үлес қосты.

Қаржылық қорлардың құрылымын талдау
(2006-07жыл Crocus Multimedia Services ЖШС)
кесте-1.1.2.
мың тг.
Көрсеткіштер 2006жыл 2007жыл ауытқу
Қаржылық қорлар(теңге)30623789 16135513 -14488276
Меншікті капитал 60064 2405216 2345152
Қаржылық капиталға (%)0,19 14,9 14,71
Тартылған капитал 30563725 13730297 -16833428
Қаржылық капиталға (%)99,81 85,1 -14,71


Талдау жасалынған акционерлік қоғамның қаржылық қор сомасы 14488276
мың теңгеге төмендегін байқаймыз. Мұндай өсу біріншіден меншікті капиталдың
өсу нәтижесінде болған. Меншікті капитал 2345152 мың теңгеге өскен. Яғни
үлес салмағы 14,71 пайызға өсті. Қарастырылып отырған акционерлік қоғамның
тартылған капиталының сомасы 16833428 мың теңгеге азайған. Осымен
акционерлік қоғамның қазіргі таңда қаржыланудың бар жоғы екі жолы бұл:
1) меншікті капиталды ұлғайту;
2) сырттан тартылған капиталды көбейту.
Мына осы екі қаржыланудың жолдарын ұлғайту керек екендігін көріп отыр.

Капиталдың құрамы мен құрылымын талдау
(2006-07жыл Crocus Multimedia Services ЖШС)

кесте-1.1.3.

мың тг.
Көрсеткіштер 2006 жыл 2007 жыл Жыл бойындағы Құрылым
өзгеріс (+,-) ының
өзгеруі
(4гр-2гр)
сомасы, үлес сомасы, үлес мың,тг. үлес
мың,тг салмағмың,тг салма(3гр-1гр)(5гр1гр*100салма ғы
ы ғы ) %
% %
1 2 3 4 5 6 7
1. Капиталдың 30623789 100 16135513 100 - -47,3 -
барлығы
2.Меншікті 60064 0,2 2405216 14,9 - -468,8 14,7
капитал
3.Қатыстырылған 30563725 99,8 13730297 85,1 10673972 34,9 -14,7
капитал
Тәуелсіздік 0,001 0,14 0,139
коэффициент
(21) 0,5-0,6
Қаржыландыру 0,002 0,15 0,148
коэффициент
(23) 1
Қатыстырылған 508 5,7 -502,3
капиталдың
меншікті
капиталға
қатынасы (32)1
Инвестициялық - 7,3 7,3
коэффициент
(2нег.кап)0,5

Талдау жүргізіп отырған Crocus Multimedia Services ЖШС 2006 жылы
капитал 30623789 мың теңгеге 2006 жылы 16135513 және үлес салмағы 47,3
пайызға төмендеді. Осы көрсеткіштің төмендеуіне меншікті капиталдың
төмендеуі әсер етті. Ол есеп беру жылы 28158509 мың теңгеге, төмендегенін
көріп отырмыз. Ал қатыстырылған капиталы жыл басында 30563725 мың теңге,
2007 жылы 2405216 мың теңгеге ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 14,7
пайызға төмендеді. Барлық коэффициенттер қолайлы мәедерге ие болып отырған
жоқ.
Өзіндік капиталдың құрамы мен құрылымын талдау
(2006-07жыл Crocus Multimedia Services ЖШС)

кесте-1.1.4.

мың тг.
Көрсеткіштер 2006 жыл 2007 жыл ауытқуы
сомасы % сомасы % сомасы %
Өзіндік капитал 60064 100 2405216 100 2345152 -
Жарғылық капитал100000 16,6 100000 4,2 - -12,4
Бөлінбеген табыс-399369 -66,4 2305216 95,8 1905847 29,4

Кестеде көрсеткендей өзіндік капиталдың бар үлесі бөлінбеген табысқа
келіп отыр. Өзіндік капитал жыл басында 60064 мың теңгеге жыл аяғында
2405216 мың теңгеге көрсетті. Жарғылық капиталы 100000 мың теңге өткен
жылмен салыстырғанда 12,4 пайызға төмендеді. Бұл бөлінбеген табыспен
тікелей байланысты. Бөлінбеген табыс жыл басында 399369 мың теңгеге зиянмен
көрсетіліп, жыл аяғында 2305216 мың теңгеге табысқа ие болды.

Меншікті капиталдың айналым көрсеткіштерін талдау
(2006-07жыл Crocus Multimedia Services ЖШС)

кесте-1.1.5.

мың тг.
Көрсеткіштер 2006 жыл 2007 жыл Ауытқуы
Өнімді өткізуден 95769565 92090967 -3678598
түскен түсім
Меншікті капиталдың 1223555 1232640 9085
орташа жылдық көлемі
Меншікті капиталдың 78,3 74,8 -3,5
айналымы ретпен

Талдаудан көріп отырғандай меншікті капиталдың өткен жылмен
салыстырғанда 3678598 мың теңгеге төмендегенін көріп отырмыз. Бұған
бөлінбеген табыстың өсуі ықпал етеді. Өнімді өткізуден түскен табыс 2006
жыл 95769565 мың теңге, 2007 жылы 92090967 мың теңге. Меншікті капиталдың
орташа жылдық шамасы жыл басында 1223555 мың теңге, 2007 жылы 1232640 мың
теңгеге өткен жылмен салыстырғанда 9085 мың
теңгеге өсті. 2006 жыл меншікті капиталдың айналымы 78,3 мың теңгеге, 2007
жылы 74,8 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда

Меншікті капиталдың айналым көрсеткіштерін талдау
(2006-07жыл Crocus Multimedia Services ЖШС)

кесте-1.1.6.

мың тг.
Көрсеткіштер 2006 жыл 2007 жыл Ауытқуы
Таза табыс -39936 2345153 2305217
Меншікті капитал 60064 2405216 2345152
Меншікті капиталдың -0,6 0,9 0,3
табыстылығы

Талдау нәтижелерінен көріп отырғанымыздай кәсіпорынның таза табысы
2305217 мың теңгеге, ал меншікті капитал 2345152 мың теңгеге артқан. Бұл
көрсеткіштер есепті жылда өткен жылмен салыстырғанда 2345152 мың теңгеге
артқанын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің артқаны ақшалай қаражаттарды тиімді
пайдаланғанын білдіреді. 2006 жылы 39936 мың теңгеге зиянды көрсеткен. 2007
жылы 2345153 мың теңгеге яғни, 2305217 мың теңгеге өсті. Бұл өсуі меншікті
капиталдың табыстылығы 0,3 пайызға өскенін көріп отырмыз.

Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау
(2006-07жыл Crocus Multimedia Services ЖШС)

кесте-1.1.7.

мың тг.
Көрсеткіштер 2006 жыл 2007 жыл Айырма
сома пайыз сома пайыз сома пункт
Ұзақ мерзімді - - 325461 100 325461 -
активтер
Материалдық емес - - - - - -
активтер
Негізгі құралдар - - 325461 100 325461 -
Ұзақ мерзімді - - - -
инвестициялар
Ұзақ мерзімді - - - - - -
дебиторлық қарыз

Кестеде көрсеткендей ұзақ мерзімді активтердің есеп беру кезінде
325461 мың теңгеге. Ұзақ мерзімді активтердегі үлес салмағы көп мөлшерін
тек негізгі құралдар 100 пайызды құрайды.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын талдағаннан кейін негізгі
құралдардың қолдану көрсеткіштері оқылады. Кез келген акционерлік қоғамдағы
негізгі құралдардың тиімділігі келесі көрсеткіштерімен сипатталады:
- Қор қайтарымдылық коэффициент;
- Қор сыйымдылық коэффициент;
- Интегралды көрсеткіш коэффициент.

1.2 Crocus Multimedia Services ЖШС-нің есепті ұйымдастыруы

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы 2007 жылғы 28
ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңға сәйкес бухгалтерлік
есепті жүзеге асырады.
Есеп саясаты – деп ұйымдарда іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік
есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған өрісі кең ішкі ережелер
жүйесін айтады.
Crocus Multimedia Services жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі жекелеген
факторларға сай жалпы бухгалтерлік есеп ережелеріне ауытқымайтын жағдайда
дайындалатын есеп саясатының атқаратын рөлі өте зор деп қарастырады.
Есеп саясаты көп сатылы бухгалтерлік есеп ережелерінің жалпы талабына
сай жасалынып, мұның өзі ұйымдардың бухгалтерлік есеп жөніндегі ішкі ереже
мен әдістер жүйесіне жатады.
Ұйымдар мен кәсіпорындарда жасалынып қалыптасатын есеп саясаты
бухгалтерлік есеп жөніндегі принциптерден, ереже-нұсқаулардан, әдістер мен
әртүрлі ішкі операциялар маңызынан құрылады. Мұның барлығы қаржылық есеп
жүйесін жүйелеп тапсыру мақсатындағы шындық көрсеткіштерді дәлелдеу
мақсатында іске асырылады.
Қаржылық жағдай мен мұндағы болып тұратын өзгерістерді, шаруашылық
қызметінің жағдайын дәлелді түрде іске асырып, алдын-ала қойылған
талаптарға жауап беру үшін ұйымдар басшылары бухгалтерлік есеп жөніндегі
көп сатылы принциптер мен әдістер ішінен ең қажеттілерін таңдап, бұларды
қолдану жөніндегі тұжырымдама дайындауға міндетті.
Crocus Multimedia Services жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
есеп саясатының түпкі мақсаты – нарық пен базарлы саудаға түсетін ұтымды
жолдарды анықтау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және сапалы
өнімдер өндіруге ықпал ету, қаржылық күйреу жағдайын болдырмау,
материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дұрыс бағалау мен есептен
шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту, өндірістік шығындар тиімділігін
ұтымды басқару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза
пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ету.
Сондықтан, қандайда болмасын ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқарып,
жұмыс істеуіне ең әуелі ұйымдардың өзі, үлес қосушы акционерлер мен қаржы
салымшы инвесторлар, дайын өнімдерді сатып алушылар, несиелендірушілер
мүдделі болып табылады.
Тәжірибе тұрғысынан қарағанда ұйымдардың есеп саясаты ішкі есеп
жүргізу варианттарын таңдау құқысын толық түсіну мен игеру, негізгі және
айналым қаражаттарын бағалау мен есептен шығару, материалды емес және
материалды активтерге амортизация мен тозу сомаларын есептеу, қолданылатын
қажетті синтетикалық шоттар тізімін жасау, тауарлы-материалды құндылықтарды
бағалау мен сату, шығындарды реттеп басқару жөніндегі көптеген әдістер
ішінен осы ұйымға тән қолданбалы әдістердің ең тиімдісін таңдай отырып,
бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізу мақсаты қойылады.
Есеп жүйесін ұйымдастыру ұйымдар мен кәсіпорындарда әр түрлі жағдайда
қалыптасады, мұнын үшін технологиялық бағытпен техникалық жағдайларды толық
меңгеру негізінде көп вариантты есеп саясатының ішінен ең қажетті және
тиімді жолдарын жасау қажеттілігі туындайды. Есеп саясатының оптималды және
бір бағытты типтік варианты болмайды. Есеп саясаты негізінен қаржы есебінің
өрісінде жасалынады. Алайда қаржы есебі басқарушылық және салық есебімен
тікелей байланыста болатындығын, және есептің бұл түрлері арасында
гармониялық үйлесімділіктің сақталуын есте сақтаған жөн. Бухгалтерлік
есептің жоғарыда айтылған әрбір түрлерінің өз ерекшеліктері мен жүргізу
әдістері болатындықтан, қаржылық есепті қорытындылау қызмет қолданбалы
негізгі бағыттан ауытқымауы керек.

Ұйымдардың есеп саясаты бұларды басқару ерекшеліктеріне кәсіпкерлік
қызметтің құқықтық нормасына, құрылтайшылық құжаттар мен жарғыға, салық
төлеу жағдайына, клиенттермен жасалған ұзақ мерзімді келісім шарттарға т.б.
әрекеттерген де байланысты болды.
Есеп саясаты екі жағдайда – жоғарыдан және төменнен реттеледі.
Жоғарыдан реттеу кезеңінде есеп қызметін жүргізу жөніндегі заңдар мен
нормативтік актілер, сондай-ақ бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары,
салық заңдылығы т.б. ресми құжаттар басшылыққа алынады. Екінші жағдайда
Төменнен реттеу кезеңінде ұйымдардағы технологиялық ерекшеліктер, салалық
құрылым, табыс келтіру жолдары т.б. ішкі ерекшеліктер басшылыққа алынады.
Есеп саясатын қалыптастыру үшін есеп жүргізу әдістерінің ішінен, осы
кәсіпорынға тән қажетті әдістер мен ережелерді таңдап алып, есеп саясатының
маңызын ашуға болатындығын тағы да айта кеткен жөн.
Есеп саясатын ресмилендіру үшін осы ұйымдар мен кәсіпорындарда
қолданылатын ішкі әдістемелер мен ережелерді ұсыну кезінде жалпы
бухгалтерлік есеп объектілерін жүргізу жөніндегі қойылатын талаптардан,
принциптер мен қаржы есебінің элементтерін тану бағытынан ауытқымау
керектігін түсіну қажет.
Егер жан-жақты және сапалы дайындалған, немесе қабылданған шешімдер
ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз етпеген жағдайда, есеп
саясатын жасаудың қажеттігі болмайды. Сондықтан есеп саясаты ұйымдар
қызметінің тиімділігіне, ақша қаражатының өсуіне және іске асырылмай келген
резерв көздерін ашуға тікелей әсер етеді. Мысалға, ұзақ мерзімді жалға беру
объектісі таза пайда мен ақша қаражатының көбеюіне тікелей әсер ететіндігін
басты бағыттың бірі деп түсінген жөн. Яғни қаржылық тұрғыдан қарағанда ұзақ
мерзімге жасалған келісім-шарт бірден таза пайда келтірмегенімен, біртіндеп
таза пайданың белгілі бір бөлігін қамтитындығын білген жөн. Есеп саясатын
жасауға тікелей басшылық

жасаушы басшылар мен атқарушы бухгалтерлік осы ұйымның таза пайдамен қызмет
атқаруын қамтамасыз ететін есеп әдістерін зерттеп, қолдану жолдарының ең
тиімді бағытын таңдауы қажет.
Кейбір жағдайларда пайдаға салынатын салық көлемін және дивиденттік
төлемдерді азайтып көрсету үшін атқарушы бухгалтерлер өнімінің өзіндік
құнының құрамына орын алмаған шығындарды қосып жазып, амортизациялық
сомаларды көп есептеп түсетін таза пайда көлемін азайтуға тырысады. Мұндай
жағдайда бухгалтерлік есеп жүйесі қалыптасқан сабақтастық жолдармен және
белгіленген бағытпен іске асырылатын болғандықтан есеп объектісінің бір
бабын азайтып, екіншісін еріксіз көбейтуге болмайды. Есеп объектісінің кез
келген бабы қойылған мақсатқа және арнайы қабылданған нұсқау-ережелерге сай
жүргізілетіндігін есте сақтаған жөн. Орынсыз жанама жасалған жағдай есеп
жүйесіне кері әсер етеді, мұндай жағдайда экономикалық қайшылық туындайды.
Бір типтік және барлық кәсіпорындар қызметіне тән есеп саясатын жасау
мүмкін емес, мұның өзі өте қиын және болмайтын әрекет. Дей тұрғанмен есеп
саясатын танып білу, мұның маңызын сапалы жасау, өз бетінше тиімді шешім
қабылдау, қаржылық қорытынды есеп жасап дәйекті бағытпен қойылған бағдарды
іске асырудың маңызы зор.
Есеп саясатын жасаушылар мен қатысушы мамандар осы ұйымда қолданылатын
бастапқы құжаттардың маңызы мен өрісін, бухгалтерлік есеп шоттар жұмыс
жоспарын, активтерді бағалау, міндеттемелерді бағалап, қайтару, негізгі
құралдардың тозу нормалары мен сомаларын белгілеу, аяқталмаған өндірісті
бағалау, құжат айналысы ережесін белгілеу, ақпараттар жүйесін өңдеу
технологиясын, аудиторлық тексеру мен қорытындылау әдіснамаларының маңызы
мен мақсатын іс-тәжірибеде жақсы қолдана білу тиісті біліктілікті қажет
етеді.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы Заң күші бар

№2732 Жарлығына және 2004, 2006 жылғы толықтыру мен өзгеріске сәйкес
бухгалтерлік есепке алу және қаржы есептемесі жүйесін реттеп, есеп жүйесін
реттеп, есеп жүргізудің негізгі қағидаттары мен жалпы ережелерін, ішкі
бақылау және сыртқы аудит жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптарды
белгілейтін нормативтік құқықтық актілер мыналарды қамтиды:
- бухгалтерлік есепке алу туралы Жарлық;
- бухгалтерлік есепке алудың стандарттары;
- оларға берілген әдістемелік ұсынбылар, нұсқаулықтар;
- субъектінің есеп жүргізу саясаты.
Есеп жүргізу саясаты – бұл бухгалтерлік есепке алу және қаржы
есептемесін ашу үшін олардың қағидаттары мен негіздеріне сәйкес субъектінің
басшысы қабылдайтын әдістердің жиынтығы.
Серіктестіктің жарғылық капиталы 100 000 (жүз мың) теңгені құрайды.
Серіктестіктің қайта тіркеу кезінде жарғылық капитал толық төленген.
Серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайту немесе азайту туралы шешімді
Серіктестіктің құрылтай мүшелері қабылдайды. Ақша, құнды қағаздар, заттар,
мүліктік құқықтар, соның ішінде жер пайдалану құқығы, және интеллектуалдық
қызмет нәтижелерін иелену құқығы және өзге мүлік жарғылық капиталға салым
бола алады.
Серіктестіктің мүліктері құрылтайшының салымдары, серіктестіктің
тапқан табыстары және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары
тыйым салмаған басқа да көздер есебінен құрастырылады. Серіктестіктің мүлкі
тағайындалған тәртіппен анықталатын оның құнын қосатын сомамен оның
балансында ескеріледі. Серіктестіктің табысы бір жыл ішіндегі өз қызметінің
нәтижелері бойынша қаржы есебі негізінде анықталады.
Серіктестіктің таза табысы, серіктестіктің шаруашылық іс-әрекеттерінен
түскен түсімнен, материалдық және соған теңестірілген еңбек ақыны өтеу
шығыстары мен шығындары өтелгеннен кейін және Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарына сәйкес басқа да міндетті төлемдер жасалғаннан
кейін, құрастырылады.
Серіктестіктің қорларына аударылғаннан кейін және Қазақстан
Республикасының салық заңдарына сәйкес салықтар мен басқа да міндетті
төлемдер жасалғаннан кейін қалған таза табыс серіктестіктің құрылтай
мүшелеріне толық көлемде төленеді.
- Серіктестіктің қаржылық жылы күнтізбелік жылмен сәйкес келеді.
- Серіктестік қаржылық есепті Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жүргізеді.
- Бас директор мен бас бухгалтерлік есепке алу мен есеп жүргізу
тәртібінің сақталуы және дұрыстығы үшін жауап береді.
- Серіктестіктің бухгалтерлік құжаттамасы орыс тілінде, ал қажет
болған жағдайда –қазақ тілінде немесе ағылшын тілінде
жүргізіледі.

II- Crocus Multimedia Services ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді
активтердің есебі
2.1. Ақша қаражаттар және қаржылық инвестициялар есебі
Қысқа мерзімді активтер деп бұл қоғамның қысқа мерзімді айналымға тез
түсетін өтімді активтерді айтады. Оған: қолда бар ақшалай қаражаттары мен
дебиторлық берешектері, қаржылық инвестицияларын айтуға болады немесе
мобильдік қорлары қысқа мерзімді активтер болып табылады. Осымен қысқа
мерзімді активтерге серіктестік көп көңіл бөлуі қажет.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп – деп аталатын бухгалтерлік
есеп стандартының бірінші бабында: Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни
субъектілердің ақша – қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі
пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша
есепті кезеңдегі ақша-қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың
жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды
тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына:
мүмкіндік береді делінеген. Ал осы стандарттың екінші бабында: Заңды
тұлғалар, субъектілер ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы
стандарттың талаптарына сай жүргізіледі және есепті кезеңдегі қаржы
нәтижелері есептемесінің құрамында тапсырады делінген.
Жалпы ақша қаражаттары Қысқа мерзімді активтер деген алғашқы
бөлімнің бірінші тобына кіреді. Бұл бөлімнің шоттары қысқа мерзімді ретінде
жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған.
Актив егер:
Оны іске асыру болжамдалса, немесе ұйымның қалыпты операциялық
циклінің барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынады;
Ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге және оны іске
асыру баланстың күнінен кейін он екі айдың ішінде күтілсе;

Пайдалануда шек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса, қысқа
мерзімді актив ретінде жіктеледі. Қысқа мерзімді активтердің ішінен ақшалай
қаражаттары мен эквиваленттер есебіне төменгідей шоттар арналады;
1000 – Ақша қаражаты кіші бөлімі – ақша қаражаттарын есептеу үшін
қолданылады және өзіне мына топты кіргізеді.
1010 – Кассадағы теңгемен ақша қаражаты, онда кассадағы ұлттық
валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады. Жалпы касса
операцияларының есебі 1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты және 1020
Кассадағы валютамен ақша қаражаты - деп аталатын шоттарда жүргізіледі.
Кәсіпорындар мен қаражаты, яғни шаруашылық субъектілердің кассадағы ұлттық
валюта түріндегі (теңге түріндегі) нақты ақша қаражаттарының кірісі мен
шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мекемесі
бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі
тиіс.
1020 – Кассадағы валютамен ақша қаражаты, бұл жерде кассадағы шетел
валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есептеледі.
Жалпы кәсіпорынның кассадағы шетел валютасы түріндегі ақша
қаражаттарының есебі кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша
қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.
1010 (451) Кассадағы теңгемен ақша қаражаты және 1020 (452)
Кассадағы валютамен ақша қаражаты - деп аталатын шоттар бойынша
жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша нөмері бірінші журнал –
ордері, ал дебеті бойынша осы журнал – ордердің ведомосында жүргізіледі.
Яғни кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал – ордердің
ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал – ордерде
есептеліп жүргізіледі.
1030 – Жолдағы теңгемен ақша қаражаты, бұл жерде жолдағы ақша
қаражаттар қозғалысы көрсетіледі. Бұл шот аударылған, бірақ әлі
кәсіпорынның шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары
жолдағы ақшалай қаржылар болып саналады.
1040 – Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты, онда
банктік шоттардағы ұлттық валюта түріндегі ақша қаражаттар қозғалысының
есебі көрсетіледі.
1050 – Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаттары, мұнда
ағымдағы банктік шоттардағы шетелдік валюта түріндегі ақша қаражаттар
қозғалысының есебі көрсетіледі.
Ақша қозғалысы жөніндегі есепті дайындау кезінде пайданың көбею
кездерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан
кәсіпорынның таза табысы – тапқан табысы – егер есепті кезеңде ақша
нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар, егер олар есепті
кезеңде ақша нысанында жүргізілсе, онда ақшаның азаюымен байланысты болады.

Ақша қозғалысымен байланыссыз, алынған таза табыстар мен шығыстарды
көлеміне келесі баптар бойынша түзету қажет:
- амортизациялық аударымдар;
- провизияны құруға кеткен нақты шығындар сомасы;
- есептелген, бірақ алынбаған табыс сомасы және сыйақы түрінде
жұмсалған шығындар;
- сыйақы төлеумен және алумен байланысты емес, алынбаған табыс
немесе кеткен шығындар сомасы.
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі, олардың операциялық, инвестициялық
және қаржылық қызметі бойынша жіктей отырып кезеңдегі ағымын көрсету қажет.
Қаржы салымына (қаржылық инвестиция) кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа
заңды тұлғалардың бағалы қағаздарын (акцияларды, облигацияларды және басқа
да бағалы қағаздарды сатып алуға, депозитке салған тағы да басқа) сатып
алуға жұмсаған қаржылары жатқызылады.

Қаржы нарығының айрықша бөлігі, ол — бағалы қағаздар нарығы. Ал
қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты.
Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру
компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары,
сонымен қатар басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда
аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығы да еліміздегі бағалы қағаздар
нарығының потенциалды қатысушылары қатарына жатқызылады. Олардың
кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып
табылса, ал екіншілері инвестор ретінде қызмет атқарады. Кәсіпорындар мен
ұйымдарға жаңа технология енгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау),
қайта құру (реконструкциялау) әрқашанда ірі капитал салымын керек етеді. Ал
мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді.
Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен
заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса,
онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару
арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және
сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың)
алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.
Қысқа мерзімді қаржы салымдарын өзінің бухгалтерлік балансында сатып
алу және ағымдағы құнының ең төменгісі бойынша бағалаған жағдайда (уақытта)
кәсіпорындар мен ұйымдар мынадай үш тұжырымды басшылыққа алады:
а) баланстық құнды тұтастай жиынтық портфель негізінде анықтау;
ә) баланстық құнды жиынтық портфель негізінде инвестиция түрлері
бойынша, яғни сатып алу құны мен ағымдағы құнының ең аз (төменгі) құнын
анықтау;

б) баланстық құнды жеке инвестициялар негізінде анықтау.
Кәсіпорындар мен ұйымдар қысқа мерзімді қаржы салымын салған уақытта
оның бухгалтерлік есебінде мынадай жазулар жазылады:
Мысалы: кәсіпорын 100000 (бір жүз мың) теңге көлемінде қысқа мерзімді
қаржы салымын салған деп алатын болсақ:
Дт: Қысқа мерзімді қаржы салымы 100000 тг.
Кт: Ақшалар шоты 100000 тг.
Осы салған қысқа мерзімді қаржы салымы негізінде кәсіпорынның тапқан
10000 (он мың) теңге табысына:
Дт: Ақшалар шоты 110000 тг.
Кт: Инвестициялық қызметтен түскен табыс 10000 тг.
Кт: Қысқа мерзімді қаржы салымы 100000 тг.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің салған қысқа мерзімді қаржы
салымы негізінде 5000 (бес мың) теңге көлемінде шығын шеккен жағдайда:
Дт: Ақшалар шоты 95000 тг.
Дт: Инвестициялық қызметтен
шеккен шығын 5000 тг.
Кт: Қысқа мерзімді қаржы салымы 100000 тг.
Ескеретін бір жағдай, кәсіпорындар мен ұйымдардың өздерінің салған
қысқа мерзімді қаржы салымы негізінде шығын шегуі қаржы салымының қор
биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны кеміген
жағдайда ғана болуы мүмкін.

Қаржы салымдары (инвестициясы) шоты
бойынша жүргізілетін операциялар

кесте-2.1.1
№ Операциялар мазмұны Дебиттелетін Кредиттелетін
1 Сатылып алыну құны бойынша акциялар 1150 1050,1040,1010,
кіріске алынады 3310,3390
2 Берілген материалдық құндылықтар үшін 1150 1311-1317
сатып алу құны бойынша кіріске алынған
акциялар
3 Акциялар үшін есептелінген дивиденд сомасы1270 6120
4 Сатылған акциялар: 7410,1010 1150
-баланстық құны бойынша 1040,1050 6210
-сатқаннан алынатын табыс сомасына
5 Сатылып алынған облигациялар және басқадай1130,1150 1010,1040,1050
бағалы қағаздар
6 Қысқа мерзімді қаржы салымдарының ағымдағы1550 6160
құнының өзгеруіне байланысты алынатын
табыс сомасына
7 Қысқа мерзімді қаржы салымдарының ағымдағы7470 1550
құнының өзгеруіне байланысты шеккен зиян
сомасына

Мысалы:кәсіпорындардың сатып алушысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Metrocom Service» ЖШС
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы және шаруашылық қызметі
Кайс Астана ЖШС ұйымының жалпы сипаттамасы, қаржылық талдау
JPK Corporation ЖШС
Кәсіпорынның жарғылық капиталға
Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне талдау
Дебиторлық берешектің түрлері
Қысқа мерзімді активтер есебі
«КазАБЭК» кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау
Ұзақ мерзімді қаржылық активтер
Пәндер