Алгоритмдеу және багдарламалау негіздері пәні бойынша электронды оқулық
КІРІСПЕ 3
I ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Электрондық оқулық және оның тиімділігі 5
1.2 Электрондық оқулықты пайдалану саласы 8
1.3 Компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы 9
1.4 Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар 12
1.5 Delphi ортасымен танысу 16
1.6 Delphi компонеттері
1.7 Электрондық оқулықты құру барысында қолданылған бағдарламалар
1.8 Оқытудың компьютерлік кұралдарының бір түрі тестілеу 36
II «АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРУ 39
2.1 Электрондық оқулық жобасы
2.2 Компьютерлік оқыту құралын пайдалануға нұсқау
III ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЫҒЫН ЕСЕБІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Бастапқыда компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар.Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді.Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.
XXI ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыруды – мемлекеттік саясаттың негізгі элементтерінің біріне айналып отыр. Қоғамды информатикаландыру – деп информатиканы елдің экономикалық нығаюын қамтамасыз ететін, ғылыми –техникалық прогресін жеделдетін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану және жылдам әрі нақты ақпараттар беруді айтамыз. Қазіргі таңда пайдалануға арналған арнайы программалар мен программалар жабдықтары көптен саналады.

1. Марко Кенту. Delphi 7 для профессионалов. Питер. 2004. 1100 стр.
2. Роуз К. Освой самостоятельно AdobePhotoshop 5.5 за 24 часа. Пер. с англ. – М.:Издательский дом “Вильямс”, 2000
3. Алгоритмдеу және программалау тілдері:Оқу-әдістемелік кешен. –Алматы: Нур-Принт, 2012.-117 б.О.Камардинов.
4. Информатика, 2-бөлiм, -Шымкент, 2000.
5. Сван Т. Основы программирования в Delphi для Windows 98. Пер. с англ. К., “Диалектика”, 1996
6. К.З.Халықова. Информатиканы оқыту әдiстемесi. -Алматы. “Бiлiм”, 2000
7. Алгоритмдеу теориясы: Оқу-әдістемелік кешен. –Алматы: Нур-Принт, 2012.-144 б.
8. КР СТ 1087-2002. Программалық құжаттардың бірыңғай жүйесі. Қолданушының басқармасы. Құрамына, мазмұнына және безендірілуіне талаптар.
9. В.В.Волкова. Дизайн рекламы. М.: Университет, 1999.
10. В.В.Фаронов. Delphi 6. Учебный курс. М. 2001
11. А.Я.Архангельский. Программирование в Delphi5, M., ЗАО “Издательство БИНОМ”, 2000
12. А.Полянский. MS FrontPage 2000. М., 2001
13. О.Камардинов, Х.Жантелi. Delphi 5-6, -Шымкент, 2002.
Н.Культин. Delphi 6. Программирование на ObjectPascal. БХБ-Петер-бург, 2001
14. В.В.Фаронов. Delphi 5. Учебный курс. м., 2001
15. Бағдарламалау технологиясы:Оқу-әдістемелік кешен. –Алматы: Нур-Принт, 2012.-148 б.
16. В.В.Фаронов. Delphi 5. Учебный курс. м., 2001

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 5
1.1 Электрондық оқулық және оның тиімділігі 5
1.2 Электрондық оқулықты пайдалану саласы 8
1.3 Компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы 9
1.4 Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар 12
1.5 Delphi ортасымен танысу 16
1.6 Delphi компонеттері 24
1.7 Электрондық оқулықты құру барысында қолданылған
бағдарламалар 34
1.8 Оқытудың компьютерлік кұралдарының бір түрі тестілеу 36
II АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРУ 39
2.1 Электрондық оқулық жобасы 39
2.2 Компьютерлік оқыту құралын пайдалануға нұсқау 50
III ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЫҒЫН
ЕСЕБІ 59
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64
ҚОСЫМША
Кіріспе
Бастапқыда компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар.Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді.Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.
XXI ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыруды - мемлекеттік саясаттың негізгі элементтерінің біріне айналып отыр. Қоғамды информатикаландыру - деп информатиканы елдің экономикалық нығаюын қамтамасыз ететін, ғылыми - техникалық прогресін жеделдетін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану және жылдам әрі нақты ақпараттар беруді айтамыз. Қазіргі таңда пайдалануға арналған арнайы программалар мен программалар жабдықтары көптен саналады. Сондықтан да осы зерттеудің өзектілігі ретінде компьютерлік программалық тілдердің ішінде танымал, әрі жетілген түрі болып саналып жүрген Borland Delphi 7 программалық тілінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы: тест программалары, кез келген пәнді үйрететін программалар және т.б. программалар атқаруға болатынын көрсетіп, ұсынып отырмын. Delphi - дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып ,кейінгі жылдары оның бірте - бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6,7-нұсқалары жарық көрді.Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы ,6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты.5,6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек,Delphi 6, оған қоса 1991 жылы жарық көрген салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуге ұсынылып отырылған кітапқа қарастырылмаған кейбір өзгешіліктер енгізілген. Delphi 7 нұсқасында өте көп өзгерістер енгізілген.
Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар барлық мектеп пәндері үшін жасалуда және ол мемлекеттік, қорытынды емтихандарға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры ретінде пайдаланылуда. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушымен студентті өз мүмкіндігін есепке ала отырып, пән мазмұнын оқып-үйрену барысында өз бетінше жұмыс істеуіне жол ашады.Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық әдістемелік жүйе және оны әрбір оқытушы өзінің педагогикалық тәжірибесіндегі материалдарымен толықтыра отырып, жетілдіреді. Сонымен бірге, электрондық оқулықты пайдалану оқытушының ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі енбегін жеңілдетеді.
Осы мақсатпен мен өзімнің жұмысымда Delрhі программалау тілінде құрылған тестік программаны пайдаланып дайындаған "Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері " электрондық оқулығы қазіргі техниканың даму деңгейін қамтып, жүйеде жұмыс істеудің оқу құралы ретінде ұсынып отырмын.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері пәні бойынша электрондық оқулық жасақтау.
Зерттеу объектісі: BorlandDelphi7 программаcымен электронды әдістемелік құрал дайындау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жоба 63-бет теориялық бөлімнен, электронды оқу әдістемелік құралы жазылған дискіден тұрады.
I ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Электронды оқулық және оның тиімділігі
Аса жоғарғы сападағыграфикалық схемаларды, формулаларды, берілгендерді безендіру, динамикалық суреттеудің жүйелі немесе тармақталу түріндегі мүмкіндіктерді түрлі түсті компьютерлік анимациасында қолдануға, және оларды жоғары деңгейде ұсыну қарастыруға болады.. Электрондық оқулықтар барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға назар аударылады және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Сондай - ақ, оларға ұқсас оқулықтарды бағалау, нәтижелі құралдарымен, тиісті жабдықталу және білімдердің бақылау процесін меңгеру және дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді..
Электрондық оқулықтарды жасаудағы маңызды ролі оқулықты әдістемелік қамтамасыз етуді жобалау алады. Электрондық оқулықтармен оқытудың (білім берудің) барлық негізгі кезеңдерін автоматтандыру - оқу материалдарының мазмұнын бақылауға және қорытынды бағалаулардың ұсынысын жасауға дейін көздеген . Соның арқасында барлық міндетті оқулық материалдары жарқын, қызықты, ақылдың үлесімен ойындық жүріске ,яғни кең қолданысқа ие мультимедиалық түрін графиктерде, соның ішінде интерактивтік және дауыс жүргізу арқылы ауыстырылады.
Сондықтан, тиімді оқулықтан электрондық оқулық жасауға оның жабдықталуымен ( гипермәтінін жасау) және көрнекілік жағынан жақсы материалмен (мультимедиалық құралмен қоса) және компьютер экранында іске асыру жеткіліксіз. Электрондық оқулықты мәтіндік суреттерге, анықтамаға айналдыру емес, оның негізгі принципіне мән беріледі.
Электрондық оқулық өз кезегінде оқытушыларға, бақылаушыларға, үлгі жасаушыларға және тағы басқаларға бағдарламалардың жинағының ПЭВМ магниттік сақтаушыларда (қатты немесе жұмсақ дискілерде)қондырылуын, мазмұны негізгі ғылыми оқулық тәртібін ұстауды ұсынады. Әдеттегі электрондық оқулық жиі толықтырылады, ал егер неғұрлым нәтижелі болсын десек,онда ол: практикалық кері байланысты шапшаң қамсыздандырады; қажетті хабарды жылдам табуға көмектеседі (соған қоса контекстік іздеу), әдеттегі күрделі оқулықтан қайсысын іздеуді; маңызды гипермәтіндік түсіндірулерге аз сұрай беріп уақытты үнемдейді, сонымен қатар қысқаша мәтінмен - көрсетеді, айтып береді, үлгі жасайды және т.б.оның түсініктемесі жеке адамға лайықтап жасалған, білімдерді тексеру арнайы бөлімде қарастырылады [1].
Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері
Электрондық оқулықтардың жұмыс тәртібінің ерекшелеп көрсетуге болады:
* бақылаусыз оқыту;
* бақылаумен оқыту, оқытылған әрбір тарау (параграфтың)бойынша арнайы бақылау сұрақтарымен қортылады;
* қорытынды бақылау тест арқылы бітеді.
Оқулықтың электрондық нұсқасы бақылау құралдарына кедергі келтіруде, дәл осы бақылау сияқты оқуда білімдерді бақылау негізгі мәселе болып келеді. Ұзақ уақыт бойы білім берудің дәстүрлі жүйесінде білім бақылауы ереже сияқты, ауызша түрде өткізілген еді. Қазіргі кезеңде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылуда. Көбісі, бұл позицияларды бөлмейді, сондай тесттер қажетті дағдыларды қалай талдау керектігін және мәселенің шешімін табуды шектейді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан оқыту жүйелерінде сапалы және жаңаша мүмкіндікпен шешуге болады. Біз электрондық оқулық түрін құрдық, сайып келгенде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқу нәтижелілігін жоғарылауына жағдай жасайтындығына үміттенуге болады, сонымен қатар білім алушының дербес дайындалуына таптырмас құралы деуге болады.
Электрондық оқулық білім алушының дербес жұмысы үшін, күндізгі оқуда және әсіресе қашықтықтан оқытудақажетті:
* оқулық баспа әдебиеттері болғандықтан, материалдардың қарқында дамуы, есту және оның жадымызға әсері және т.б. оқулық материалдарды түсіну жеңіл түседі;
* дайындаудың оның білім алушының қажеттіліктерімен, деңгейімен сәйкес бейімделуді, ойдың мүмкіндіктеріне және шымдануға рұқсат етеді;
* көптеген есептеулерден және өзгертулерден азат етеді, пәннің мәніне оймен шоғырлануға, үлгілердің үлкен санын қарап шығуға және көбірек тапсырмаларды шешуге рұқсат ете білу;
* барлық жұмыс кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге арналған өте кең мүмкіншіліктерді пайдалануыға мүмкіндік беру;
* жұмысты көрнекі және ұқыпты формаға келтіруге және файлдық немесе баспадан шығару (распечатка) түрінде оқытушыға тапсыруға мүмкіндік туғызады;
* шексіз шыдамды жетекшінің рөлін атқарады, түсіндірулердің практикалық шектелмеген санын береді, қайталанатын және қайталанатын басқа да сөздерді пайдалану.
* лекцияларға және практикалық жұмыстары өзінің қалауына бағытталады, яғни аз көлемді, бірақ ең мазмұнын есепке алу және ЭО-мен дәрісханалық жұмыстардың дербес жұмысы үшін рұқсат етеді;
арақатынастардың мөлшерін үнемдеуді, үлгілерін ұстауы және мақсаттарды ықшамдауға, дәрісханада қарастырылатын және үйге берілген тапсырманы нәтижелеуге рұқсат етеді; студенттермен жұмыс жасағанда, әсіресе үй тапсырмалардың және бақылау іс-шараларына тиісті бөлімінде дербестікке мүмкіндік береді
1.2 Электрондық оқулықты пайдалану саласы
2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында Электрондық үкімет жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін әдейі басқа көрсеткім келеді деп нақты атап көрсеткен. Біз электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз- мултимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет элементі-аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай құс екенін ажырата білу,жүрек қағысын байқау.
Бір жағынан, электрондық оқулықтың келеңсіз жақтарыда бар. Бұл психология- педагогикалық талаптардың, пәнаралық байланыстардың жоқтығы сияқты. Тағы да бір ең үлкен кемшілігі - фрагменттік бағдарлама. Ол материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару, берілген материалдағы санитарлық, гигеналық нормалардың сақталмауы, компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі[2].
Электрондық оқулықтарды қолданылу барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде элекрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.
1.3 Компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы
Мен даярлаған "Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері" курсының жалпы құрылымы 1-кестеде келтiрiлген. Кестеден көрiп тұрғанымыздай ол жалпы КОҚ-ның құрылымына сәйкес келедi. Ол келесi негiзгi құрылымдардын тұрады:
Курс мазмұнының оқыту жүйесінде " Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері " курсының құрылымданған және информация-логикалық байланыс - тырыл - ған оқу материалдары, өзін сынау жүйесi енгiзiлген.
Тапсырмалар жүйесінде "үлгiмен оқыту" әдiсiн жетек - шiлiкке алып құрыстырылған лабораториялық жұмыстар және "жеңiлден-күрделіге" принципi бойынша берiлген және оқыту бағдарламасына сай құрастырылған көпнұсқалы тапсыр - малар жүйесi бар. Бұл жүйе оқытудың екiншi тәсiлi ретiнде ұсынылып отыр, оқушы өз деңгейiн қарай алдымен оқу материалдарын шолу жасай ма, әлде бiрден тапсырмалар жүйесіне өтiп, оқу материалдарынан сiлтемелер арқылы мәлiмет алып отырады ма өзi шешедi.
1 - ші кесте.Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері курсының компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы
Пән бойынша қысқаша мәлімет
Титулдық бет
Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері пәні бойынша электронды оқулықтың интерфейсі
Оқыту жүйесi
Автор туралы
Әріп бойынша іздеу
Глоссарий
Кіріспе
Оқытушы жөніндегі мәлімет
Силлабус
Пән бойынша мәлімет
Дәрістер
Пререквезиттер
Тәжірбиелік жұмыстар
Постреквезиттер
Студенттің өзіндік жұмысы
Пән мақсаты
Өзіндік бақылау
Пән міндеті
Оқыту нәтежелері
Емтихан сұрақтары
Әдістемемік нұсқау
Бақылау сұрақтары
Өздігінен оқуға бөлінген тақырыптар
Тапсырмаларды орындау
с
Курс саясаты және процедурасы
Сөздіктер
Әдебиеттер
Тест нәтижесi
Тестiлеу жүйесi
Оқытушы жүйесінде оқытушыға оқу материалдарының, көпнұсқалы тапсырмалар жүйесінiң, тест сұрақтарының қосым - шалары ашылады. Олардың көмегiмен оқытушы оқу материалдарын, тапсырмаларды, тест сұрақтарын өзгертiп, толықтырып, жетiлдiрiп отыруына болады.
Ендi Электронды оқулықтың сыртқы құрылымын, яғни пайдаланушыға көрiнетiн элементтерiн қарастырайық. Электронды оқулықтың қүндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейiн сынақ не емтихан тапсырылуы тиiс пәннен болса, онда бiр материалды үш түрлі құрылымда берген жөн:
Мазмұндау мәтiн, сурет, кескiн, схема, кесте, график т.с.с. түрінде берiледi. Сонымен қатар мұнда, қарапайым оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектiлер сияқты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
Схемокурс - оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтiн - график түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негiзгi идеяларды түсiнуге септiгiн тигiзедi. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнлеу мазмұнды ассоциативтi түрде есте сақтауда үлкен көмек бередi.
Өзiн өзi бақылаудың тестiк жүйесi - оқу материалының мазмұны арнайы интерактивтi жүйенi пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде берiледi. Тестiк жүйе көбiне алынған бiлiм деңгейiн тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлiгi болып табылуы да мүмкін. Жүйе оқулықтың авторлары құрған тест сұрақтар қорынан тұрады. Бұл тестер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезiнде де пайдалануға болады.
1.4 Электрондық оқуылыққа қойылатын талаптар
Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу құралдарының атқаратын ролі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер, видеокөрністер, дыбыс және музыка арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны жадта сақтау үрдістері бір уақытта өтіп отырады да, материалды қорыту үрдісі ұтымды болады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, білімнің (ақпараттың) 10 %-oқу арқылы, 20% - тыңдау арқылы, егер тыңдау көрнекті құралмен ұштастырылса 40% -50%, оқыту процесіне студенттің белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса білімінің 70%, ал тыңдау көрумен ұштастырылса білімінің - 90% алады және ол ақпарат есте ұзақ сақталатын көрінеді.
Электрондық әдістемелік нұсқаулардағы әртүрлі графиктер, суреттер, бейнекөріністерді көрсету, дыбыстарды тыңдау, оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі.
Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы (профессор Г.Нұрғалиева) заңдылықтарына негізделіп, осы электрондық нұсқау бір-бірімен тығыз байланысты төрт бөліктен тұрады.
Олар: Мотивациялы-мақсаттық;
Мазмұнды;
Операциялық;
Нәтижелік бақылау компоненттері.
Электронды әдістемелік нұсқау мотивациялы-мақсаттық компонентті модульдерді (микромодульдерді) құрастырудан тұрады. Модуль дегеніміз- төңіректік (локальды) жүйелік және функционалдық білім жиындары.
Электрондық әдістемелік нұсқау мазмұндық компоненті гипермәтін арқылы жүзеге асырылады. Гипермәтін - терминдерден, ұғымдардан, әртүрлі концепциялардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер базасы ретінде берілетін ақпараттық оқыту ортасы. Мәтіндерді қазақ, орыс, ал кейбірін ағылшын тіліндегі дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтін бейне материалдарымен толықтырылған. Электронды әдістемелік нұсқаудың операциялық компоненті интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады [5].
Электрондық әдістемелік нұсқау нәтижелік - бақылау компоненті тест алу жолымен жүргізіледі. Оқу әдістемелік нұсқау компьютер көмегімен алынатын тесттер мен тапсырмалар жиынтығымен қорытындыланды. Студенттер білімі автоматты түрде бағаланады. Бағдарлама көркем безендірулер мен сурет арқылы түсіндіріледі. Сабақты бекіту, сұрау жаттығулары қоса жабдықталған.
Электронды әдістемелік нұсқау бірнеше саты арқылы жүзеге асады:
1. Ұйымдастыру сатысы;
2. Аналитикалық саты;
3. Информациялық саты;
4. Модульдік саты;
5. Гипермәтіндік құрастыру сатысы;
6. Операторлық саты;
7. Тапсырмаларды құрастыру сатысы;
8. Тесттерді құрастыру сатысы;
9. Программалау сатысы;
10. Мәтіндік аударма сатысы;
11. Жазба құру сатысы;
12. Оқулықты сынау сатысы.
Осы сатылардың мағыналарына қысқаша шолу.
1) Ұйымдастыру сатысы шығармашылық топтан, оның ішінде педагог-кеңесшілер, программист-дизайнерлер, программистер, операторлар болады. Жұмыс зерттеруші автордың басшылығымен жүзеге асады.
2) Аналитикалық саты құрастырылған оқулық және оқу программасын анықтайтын мемлекеттік құжаттардан тұрады.
3) Информациялық саты пәндік білім аумағына керек ақпараттарды іздеумен байланысты. Электронды әдістемелік нұсқаудағы әдеттегі оқулыққа қарағанда үлкен информация және иллюстрациялық массивті құрайды.
4) Модульдік саты модуль құруға бағытталған. Модуль дегеніміз жергілікті және функционалдық білім жиындары. Модульдерді құрастыруда көркемдік дизайн басты роль атқарады.
5) Гипермәтін құрастыру сатысы информацияға байланысты жүзеге асады.
6) Операторлар сатысы модульдердің жиыны, суреттерді сканерлеу, мултимедиалық үзінділерді құрастырудан тұрады.
7) Тапсырмалар құрастыру сатысы модуль және гипермәтін сәйкестігі арқылы жүзеге асады.
8) Тест құрастыру сатысы тестілеу әдісі мен олардың әртүрлі нұсқаларын іздеуге байланысты.
9) Программалау сатысы программалық қабықша және программа жазумен байланысты. Электронды әдістемелік нұсқауды құрастыру барысында кәсіби сапалы беттер жасауға арналған белгілі программа Microsoft Front Page программасын пайдаландық.
10) Аудару сатысы кез-келген тілді, оның ішінде қазақ, ағылшын, орыс тілін басшылыққа ала отырып жүзеге асады.
11) Жазу сатысы техникалық жұмыс арқылы іске асырылады.
12) Әдістемелік нұсқауды сынау бірнеше рет жүргізілуі мүмкін, әдетте сынауды әртүрлі критерияларға байланысты орындайды.
Электронды әдістемелік нұсқау - дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол студентке өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасында өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Оның гипермәтіндік нақты құрылымдардан тұрады да, бір-бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады [2]. Бұл жүйемен танысу арқылы қолданушы практикалық негізде алгоритмдік ойлау қабілетін дамыта алады. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу. Қазіргі кезде білім процесінің әртүрлі тұлғалары арасында қашықтан мәлімет алмасу ісі мүмкін болып, олармен бір-бірімен ашық түрде компьютерлер көмегімен өз пәндері айналасында пікірлесе алатын болды, мысалы, оқытушылар-оқытушылармен, оқытушылар-ғалымдармен, оқытушылар-студенттермен, оқытушылар-ата-аналармен, оқытушылар -оқулық жазушылармен, т.б.
Электронды оқулық студенттердің аудиториядан тыс өз бетімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік туғызады. Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негізде алгоритмдік ойлау қабілетін дамыта алады. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу де әрбір студенттің бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады.
Бұл электронды әдістемелік нұсқаудың пәнін түсінуде төмендегідей артықшылықтарды қамтамасыз етеді:
oo студент арнайы бағдарламамен жұмыс жасайды;
oo даралап оқыту үрдісін жүзеге асырады;
oo кестелер, диаграммалар, суреттер, графиктер, бейнекөріністерді қолдану, иллюстрациялық әдіс көп қолданылады;
oo оқу тапсырмаларын шешуді жоспарлай білуін қалыптастырады;
oo қажетті ақпаратты іздеуге байланысты тапсырмалар;
oo өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады;
oo пәнге деген қызығушылығын арттырады;
oo студент білім компьютерлік жүйе арқылы бағаланады;
oo қисынды ойлау жүйесінің дамуына түрткі болады;
oo қолданушының оқу мотивациясын дамытады, әрі байты түседі;
oo қолданушының бойында бақылау - бағалау әрекетінің барынша жоғары деңгейі қалыптасады
1.5 Delphi ортасымен танысу
Delphi програмасын iске қосу үшiн бiз ең алдымен Delphi програмасын орнатуымыз керек. Егер программа орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей Iске қосу (Пуск) - Программалар (Программы) - Borland Delphi 7 Delphi 7 командалары арқылы iске қосамыз.
Бұл кезде Delphi 7 программасы iске қосылады, (1.0-сурет) көрсетілген.
1.0-сурет. Delphi 7 программасының ашылуы.
Бұл программаны iске қосқанда ең алдымен Delphi програмасының негiзгi үш терезесi экранда көрiнедi. Бұл терезелердiң 1-шiсi Delphi ортасының негiзгi терезесі болып саналады. Бұл терезеде стандарты батырмалар, аспаптар па - нелi бар және Delphi - дің барлық компоненттері орнатылған, ал 2-шiсi Delphi ортасының негізгі формасы (Form1) деп аталады. Бұл формада барлық компоненттер орналастырылады, ал 3-шiсi Delphi ортасының объект инспектор терезесi (Object Inspector). Терезеде кез келген компонеттердің қасиеттері, шрифты, түсі, көлемі және компонеттерді бір-бірімен байланыстырады, тағы басқа қасиеттерін өзгертеді. (1.2-сурет)
2
3
1
4
1.1-сурет. Delphi програмасының алғашқы көрiнiсi.
Жалпы, ортада программа құруға арналған 4-ші, мо - дуль тере - зесi де iске қосылады (Unit1.pas). Форма терезесi - нiң астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрiнбейдi. Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына мәзiр, аспаптар па - нелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген (1.2-сурет).
1.2-сурет.Delphi-дің негiзгi терезесi
Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не фор - мада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Оның әр iс-әрекетi оқиға шақырады. Яғни, оқиға - программаның жұмыс iстеуi кезiнде объект жағдайының өз - геруi.
Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, ком - поненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқи - ғасын шақырады.
Әр объектiге байланысты оқиғалар жеткiлiктi Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны - 35 (1.3-сурет). Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосым - шасы) тiркестiрiлiп жазылған.
1.3-сурет.Форма оқиғалары
Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1. pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын про - грамма мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi. Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Басында ескертiл - ге - нiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару тәсiлдерi:
:: форманы жабу (жабу түймесiн шерту);
:: код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса, оны шерту.
Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, он - да процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура атаула - рынан тұрады (1.4-сурет) т.б.
1.4-сурет. Код терезесi (Unit1)
Жалпы, формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту үшiн F12 клавишiн басу жеткiлiктi. (1.5-сурет) көрiнiп тұрғаны - код терезесiне енгiзiлген процедура дайын - дамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиға - ны өңде - уiш не оқиғаны өңдеу про - це - дурасы делiнедi. Процедура дайындамасының жазылу түрi:
Procedure атау (Sender : TObject);
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн анықтайды. Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.
Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен тақташаны оң жақ тышқан ьатырмасымен шертіп,шыққан терезедегі тақташалар тізімін және олардың статусын өзгертуге болады.
Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды опцияларына тез арада қол жеткізуге болады.Атқаратын жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген .Әр топ жеке тақташада орналасады және олардың атқаратын жұмысы төменде көрсетілген.
STANDARD тобы
Объектілер репозитариясын ашу
Бұрыннан құрылған файл ашу
Файлды дискіге сақтау
Дискіге жазып барлық файлдарды сақтау
Бұрыннан құрылған прогамманың жобасын ашу
Жобаға жаңа файлды қосу
Жобадағы файлды жою
VIEW тобы
Екпінді жобаның құрамындағы модульдер тізімінен қажетті модулді таңдау.
Екпінді жобаның құрамындағы формалардың тізімінен керекті форманы таңдау
Форманың терезесінен программа кодының терезесіне және одан кері өту
Жаңа форманы құру
DEBUGтобы
Программаны компиляциялау және орындау
Түзету енгізіп жатқан программаның жұмысын уақытша тоқтату
Қадамдық тексеру ішкі программалардың жұмысын бақылау тәртіпте орындайды.
Қадамдық тексеру ішкі программалардың жұмысын бақыламайтын тәртіпте орындайды
CUSTOME тобы
Delphi ортасының құрамындағы анықтама жүйесін іске қосу
DESKTOPS тобы
Delphi ортасының екпінді күйін сақтау
Түзету тәртібіне сәйкестелген терезелерді орнату
Delphi ортасындағы бағдарламалау екі процестің тығыз әрекеттігіне негізделген: бағдарламаның құруын визуалды (яғни оның Windows терезесін) көрсету мен бағдарлама кодын жазу. Бағдарлама кодын жазу үшін код терезесі, ал бағдарламаны құру үшін Delphi ортасының басқа терезелері қолданылады.
Форма терезесінің мазмұнымен бағдарлама кодының арасында тығыз байланысты Delphi ортасы мұқият бақылап отырады. Мысалы, формада жаңа элемент орналастыру бағдарлама кодының автоматты түрде өзгеруіне себеп болады, керісінше бағдарламаның кодына автоматты түрде орналастырылған кейбір элементтерін алып тастау әрекеттері формадағы сәйкес компоненттердің жойылуына алып келеді.
Бос форма. Жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасы жүктелгенде бағдарлама кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады және ол жұмысқа даяр болып тұрады. FileNew Application опцияларын таңдап бағдарламаны іске қосуға болады.
Форма қасиеттерін өзгерту. Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды. Әр жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де жасалады. Жалпы бағдарлама құрамында көптеген формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкін.
Delphi ортасы әр бағдарламаны компиляциалағанда кеңейтілуі PAS, DFM және DCU файлдарын құрады. PAS- файлында бағдарлама кодының терезесіндегі мәтін көшірмесі, DFM-файлында форма терезесінің мазмұн анықтамасы, ал DCU-файлында алдынғы екі файл мәтінінің машина тіліндегі аудармалары орналасады. DCU-файлы компилятор жұмысының нәтижесі, енді компоновщик (біріктіруші) осы файлды өңдейді, нәтижесінде орындалатын немесе жүктелетін EXE-файлы құрылады.
Компоненттер жинағы-Delphi-дің негізгі ерекшелігі.Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып,қажетті компонентті тез табуға арналған белгішілерден тұрады.
Компонент деп белгілі - бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген,ол топтарды парақтар деп атайды.Компоненттер көмегімен программаның негізгі қаңқасы құрылады.
Бағдарлама (немесе модуль) кодының терезесі бағдарламаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы Object Pascal бағдарламалау тілі қолданылады.
Delphi ортасы іске қосылғанда бағдарлама кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады:
unit Unit1;
interface
интерфейстік бөлігі
uses
стандартты модульдер
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics,
Controls, Forms,
Dialogs;
type
TForm1 = class(TForm)
Button1: TButton;
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
Implementation
орындалатын бөлігі
{$R *.dfm}
end.
Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады.
Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphi ортасы unit Unit1; және Implementation қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал бағдарламаушыларының жұмыс аумағы - {$R *.dfm} және end қатарлар аралығы.
1.6 Delphi компоненттері
Delphi-дің өңдеу ортасы, ең алдымен Windows-та бағдарламалар дайындауға бағдарланған. Мұнда кодтарды қолмен жазудан құтқаратын Delphi-дің дайын компоненттерінің үлкен жиынтығының көмегімен визуалды қолданбалар жасау мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Бұл компоненттер қазіргі заманғы технологияларды қолданудың барлық саласын қамтиды. Мұнда да басқа бағдарламалау ортасындағыдай, мыс, Visual Basic т.с.сияқты кезкелген қолданбаны дайындауда қажет етілетін басты компоненттерді оқып-уйрену қажет. Компоненттер палитрасы 4 беттен тұрады, олар: Standard, Additional, Win32, System беттері. Алдымен осы беттердің мазмұнымен және олардың басты қызметімен танысайық.
Standard беті.
Delphi-ді оқып-үйрену негізінен осы компоненттер палитрасы бетінен басталады. Бұл бетте Windows - тың : басты және қалқыма-лы менюлері, батырмалары, бір жолдық және көп жолдық редак-торлары, ауыстырып қосқыштары, белгілері, тізімдері және одан да басқа жиі қолданылатын компоненттері сияқты стандартты интерфейстік элементтері орналасқан.
Енді осы бетте қамтылған компоненттердің қызметтеріне жеке-жеке тоқталайық.
Пикто-
грамма
Компонент
аты
Компоненттің атқаратын қызметі
MainMenu
Бағдарламаның бас менюі. Компонент күрделң иерархиялық менюлерді құруға және оларды іске қосуға мүмкіндік береді.
PopupMenu
Қалқымалы меню. Ол әдетте маустың оң жақ батырмасын басқанда пайда болады.
Label
Белгі. Бұл статикалық мәтін түріндегі қысқа
хабарламаларды орналастыру үшін қолданылады.
Edit
Енгізу жолы. Ол пайдаланушының бір жолдық мәтіндік ақпаратты енгізуіне арналған.
Memo
Көп жолдық мәтіндік редактор. Ол пайдаланушының пішімдеу мүмкіндігі жоқ көп жолдық мәтінді енгізіп, оны бейнелеуі үшін пайдаланылады.
Button
Командалық батырма. Бағдарламада осы компоненттің onclick оқиғасы өңдеушісінің көмегімен команданы жүзеге асыру үшін қолданады.
CheckBox
Тәуелсіз ауыстырып қосқыш. Оның маусты шерткенде ауысып отыратын true жәнеfalse мәндері бар Checked (белгіленген) қасиеті пайдаланылады.
RadioButton
Тәуелді ауыстырып қосқыш. Ол бірнеше нұсқадан біреуін ғанатаңдау үшін қолданылады.
Сол мақсатта компонент кем дегенде бір немесе бірнеше сондай компоненттермен бір топқа бірігеді. Компонентті шерткенде ол ерекшеленеді және бұрын таңдалған ерекшелеу алынып тасталады. Мұның да Checked қасиеті бар.
ListBox
Таңдау тізімі. Ұсынылған нұсқалар(опциялар) тізімінен тұрады және ағымдағы таңдауды бақылауға мүмкіндік береді.
ComboBox
Таңдаудың аралас тізімі. Edit пен ListBox компоненттерін бірге пайдалануды қарастырады.
ScrollBar
Айналдыру жолақтары. Ол бағдарлама терезесіне тұтасынан симаған бөліктерін қарауға арналған басқарушы компоненттердің тік және көлденең жолақтарынан тұрады.
GroupBox
Компонентердің топтық контейнері. Бұл мағынасы бойынша байланысқан бірнеше компоненттерді біріктіру үшін қолданылады.
RadioGroup
Тәуелді ауыстырып қосқыштар тобы. Оның өзара байланысқан бірнеше тәуелді ауыстырып қосқыштарды іске қосуға арналған қасиеттері бар.
Panel
ПанельТақта. Бұл GroupBox сияқты бірнеше компоненттерді біріктіруге арналған. Оның ішкі және сыртқы жиектері арқылы батырылып не көтеріліп тұрғандығын бейнелеу мүмкіндіктері болады.
ActionList
Әрекеттер тізімі. Пайдаланушының бір типтес: меню, батырмалар және т.с.сияқты басқарушы элементтер тобының біреуін таңдауымен байланысты әрекетіне бағдарламаның бір орталықтан жауап беру қызметін атқарады.
Additional беті.
Бұл бетте Windows - та бағдарлама дайындауға өте қажет: қосалқы қасиеттері бар батырмалар, кестелер, кескіндерді орналастыруға арналған компоненттері және т.б.бар қосымша компоненттер орналастырылған.

BitBtn
Командалық батырма. Стандартты Button батырмасынан айырмашылығы, мұнда пиктограмманы бейнелеу мүмкіндігі бар.
SpedButton
Пиктографиялық батырма. Бас менюдің опцияларына тез қатынас жасау үшін қолданылады.
StringGrid
Жолдар кестесі. Бұл компоненттің мәтіндік ақпаратты кесте түрінде бейнелеуге қуатты мүмкіндігі бар.
DrawGrid
Кескіндер кестесі. Бұл компонент кескінді кесте түрінде бейнелеу үшін қолданылады.
Image
Сурет. Кескінді, оның ішінде пиктограммалар мен метафайлдарды бейнелеуге арналған компонент.
Shape
Фигура. Осы компонент көмегімен Пішінге фигуралар: тіктөртбұрышты, эллипсті, дөңгелекті кірістіруге болады.
Bevel
Жиек. Пішіннің жекелеген бөліктерін үш өлшемді қоршаумен және жолақтармен ерекшелеу қызметін атқарады.
ScrollBox
Айналдыру жолақтары бар тақта. Мұның тақтадан айырмашылығы сол, егер онда орналасқан компоненттер оның шекараларымен қиып алынса, оған айналдыру жолақтары автоматты түрде кірістіріледі.
CheckListBox
Көп түрлі таңдау тізімі. Мұның стандартты ListBox компонентінен айырмашылығы, әрбір опция жанында бірнеше опцияны бірден таңдауды жеңілдететін тәуелсіз CheckBox типті ауыстырып қосқыштың бар болуында.
Splitter
Шекара. Бұл көрінетін екі компонент аралығынан шекара жасап және пайдаланушының оларды орын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz