Өзін-өзі тану сабағында проблемалы оқыту


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ДҮТБАЕВА АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛЕДІ»
Колледж директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары
БотагариеваГ. Ж.
“”2013 ж.
02-29
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Өзін-өзі тану сабағында проблемалы оқыту
Орындаушы:
Өзін-өзі тану мамандығы,
Қамиева Гүлмекен
3 (тану) курс студенті
Жетекші:
Сұлтанова Ғ. Т. -педагогика пәнінің оқытушысы
Басталуы:Қыркүйек 2012ж
Аяқталуы: Мамыр 2013ж
Сақтау мерзімі: 5 жыл 524 - бап
МАЗМҰНЫ:
І. КІРІСПЕ
1. 1. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ПРОБЛЕМАЛЫОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 2. ПРОБЛЕМАЛЫ ОҚЫТУ- ЖАҢАША ӘРЕКЕТ ЖАСАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
2. ПРОБЛЕМАЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2. 1. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту әдістемелері
2. 2. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
. . .
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР . . .
Кіріспе
Көкейкестілігі
Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Бәсекелестікке қабілетті ел болу үшін, ең алдымен, оның әрбір мүшесі бәсекелестікке қабілетті болуы қажет». Бәсекелестікке бейімділік адамның жинаған білім қорымен өлшенбейді, алған білімін өмір сүрудің, өзін-өзі дәлелдеудің, өзгелермен тіл табыса әрекет етудің құралы ретінде қолдана білуінен көрінеді.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша.
Өзін-өзі тану пәнінің негізгі мақсаты - адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік - рухани әлеуетін көтеру, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру.
Бала - кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Мектеп - білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы руханилық - адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні десек өте орынды.
Пәннің әр тарауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатыг тұлға қалыптастыруға негізделген.
Өзін-өзі тану пәнінің, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талдануы және қолдануы тиіс. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуына негіз болатындай балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етуге тиіспіз.
Курстық жұмыстың мақсаты ең қиын мәселелердің бірі өзін-өзі тану, өз-өзіне сыни тұрғыдан қарау, өзіңді, өз еркіңді тізгіндей алу, өзіндік сана қызметін ұйымдастыра алу, әрбір адамға өзін-өзі тану ерекшелігі мен маңызын ашып, қоршаған орта мен тұлға арасындағы үйлесімділікті көрсетуді қалыптастыру
оқушылардың даму эмпатиясы мен рефлексін дамыту жолдары мен сол бағыттағы зерттеулерді зерттеп, озат тәжірибеден үйрену, оқушыны проблемалы оқыту арқылы дамыту жолдарын зерттеу. Білім берудің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға - Ұстаз. Өзін-өзі тану пәнінің мықты ұстазы ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығарма-шылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашу
Курстық жұмыс міндеттері:
1) өзін-өзі тану үрдісінің заңдылықтарын, кезеңдерін, түрлерін, және де өзін-өзі дамыту кедергілерін зерделеу;
2) оқушыға өз өмір жолының маңыздылығын ұғындыру,
3) өмірде кездесетін әр түрлі проблемалық жағдайларға бейімделіп, мәселелерден шығу жолын табуға және өзіндік таңдау жасай білу дағдыларын қалыптастыру;
Зерттеу нысаны. Өзін-өзі тану пәнінің проблемалы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Өзін-өзі тану пәнін проблемалы оқытуды қолданып оқытудың тиімділігін арттыру жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, Өзін-өзі тану пәнін оқытуда проблемалы оқыту мүмкіндіктерін пайдаланса, онда оқытудың тиімділігі артып, оқу сапасы жақсарады, өйткені, бұл жағдайда оқушылардың оқуға деген қызығушылығы, жауапкершілігі артады, олардың психикалық қабілеттері дамып, жан-жақты жетіледі. .
Негізгі бөлім
«Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Шаттық шеңбері», «Армандайық», «Өзіммен-өзім», «Әңгімелесейік», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Ойын-Жаттығу», Жүректен -жүрекке шеңбері» балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.
«Шаттық шеңбері» әрбір балада өзі өзгелерге сенетін және өзі де сенімге ие болатын үлкен достық шеңберіне қабылдануы ретінде түйінделеді. Шеңберге тұрып Жер анаға, Аспан атаға өз мейірімін төккені үшін ризашылығын білдірумен бірге, бір-біріне деген риясыз шын жүрегінен шыққан тілектерін айтуы, жылы лебіздерін білдіруі - рухани дамудың негізін қалауға ықпал етеді
Әр адам данагөйлердің мына бір ұлағатты сөздерін естерінен шығармағаны абзал: «Егер естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал: Сол алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен . . . өзің өкінбестей қылықпен өткі-зіпсің бе? Жоқ болмаса, не қып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? » (Абай) .
«Өзіңді - өзің бағындыруға, өзіңе-өзің билік көрсетуге кішкентайыңнан үйрен. Құлқың соқпаған, бірақ қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру - ерік, қайраттың бірінші қайнар бұлағы» (В. Сухомлинский) .
«Өзіңді-өзің тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді-өзің қатал, әрі әділ сотыңа тарта білуің керек» (Н. Островский) .
«Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс» (Цицерон) .
« . . . адамның өзін-өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне түзу жолға түсуіне бірінші шарт» (М. Жұмабаев) .
«Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат. Бақыт-тың мәні - парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде . . . адамның өз мінез-құлқын, іс-әре-кетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында» (Әл - Фараби) .
- Өмір ағымымен жүріп, біз кейде өзімізге мен кіммін? не үшін өмір сүрудемін? қандай істер атқардым? деген қарапайым сұрақтар қоюды да ұмытып кетеміз, -дейді Сара Алпысқызы. -Бізге қарапайым түсінісу мен махаббат жетіспейді. Әрине біз оның бәрін біреуден күтеміз, бірақ кейде оны өзіміз де жасаймыз. Ертеректе бізді шыдамдылыққа, сабырлыққа, төзімділікке жәнебір бірімізді кешіре білуге үйреткен болатын. Өзін-өзірухани жастан басталып ғұмыр бойы болу қажет, сондықтан да «Өзін-өзітану» бағдарламасы балаларға да, есейген кісіге де, қартайған қартқа да қызықты. Қазіргі таңда бұл бағдарлама бала-бақшадан бастап мектептер мен жоғары оқу орындарына енгізілді. Еліміздің бірінші ханшайымы С. Алпысқызының ойынша балаға ең басты өмірді мәнді сүріп, өзін-өзітани алатындай рухани адамгершілікке тәрбие беретін ақылды да дана ұстаз бен тәлімгер қажет, сонда ғана бал өмірден өз орнын таба алады.
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар - белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру - ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж. Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?
Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады. Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту - саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан - жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
-белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
-индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
-өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;
-шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
«Адам мен адамның бір-бірімен араласу, өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де, өзгелер үшін де ашылады», -дейді философ М. М. Бахтин. Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес, оның адамдық болмысын да көрсетеді. Тұлғаның белсенділігі, өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес, өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады.
Оқушы бойында рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді ізгілендірудің нәтижесі болып табылады. Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор:
- өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.
Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады. Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.
Сонымен бірге оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру мұғалім тарапынан әр оқушының өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі болу, оларды оқыту мен оқу құндылықтары жүретін практикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады. Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі - оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім берудің мәні неде?
1. Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру - адамның қалыптасуы, тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету.
2. Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу, оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі. Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады.
3. Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру - адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы. Ол - тұлғаны түсіну, өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау.
4. Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттлады. Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беруде мұғалімнің құзырлылығы қандай?
«Тәрбиелеу үрдісі оқушыны тәрбиелеуге емес, оқушы өзін өзі тәрбиелеуе әкелетін үрдіс болуға тиіс» - деп көрсетеді Л. С. Выготский.
Оқыту процесіне соңғы кездері жаңа жобалар мен озық технолоиялар енгізіліп жатыр. Оның мәні - тұлғаны өзінің әрекеттеріне талдау жасауға, өзі үшін маңызды мәселелерді анықтай алуға және шешу жолдарын таба білуге бағыттау. Осы орайда Д. Дьюи философиясының идеясын айтар болсақ, яғни өмірлік тәжірибеге негізделген өз білімін оқушының да, оқытушының да пайдалана білуі жүзеге асырылады. Сондықтан жаңа үрдісті тәжірибеге енгізуде мұғалімдердің сыртқы форманы ғана басшылыққа алмай, оның философиясын ұғыну маңызды шарт. Өйткені оқытудағы басты мақсат - алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай қолдана білуге үйрету.
Осыған сәйкес оқыту мазмұны құндылықтық, танымдық, әрекеттік- шығармашылық және тұлғалық қызметтерді қамтиды:
-құндылықтық қызмет: тұлға үшін мәнді бағдар жүйесін, өзіндік даму траекториясын таңдап алуы;
-танымдық қызмет: тұлғаның рухани дамуының негізі ретінде ұлттық мәдениет, дәстүр, жан-жақты ғылыми білімдерін игеруі;
-әрекеттік-шығармашылық қызмет: тұлғаның оқу, еңбек ету, ғылыми, көркемдік және басқа да әрекет түрлерінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы, шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамытуы;
-тұлғалық қызмет: өзіндік санаға бағытталған рефлексиялық қабілетті дамыту арқылы өзінің өмірлік мұратын дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз етуі.
Білім беру үрдісіндегі демократиялық және гуманитарлық қарым-қатынастар оқушының танымдық қабілетінің дамуына, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуына, өзін үнемі жетілдіріп отыруына ықпал етеді. Оқытудың осы тұрғыда ұйымдастырылуы әр оқушының жеке тұлғасындаағы өзіндік ерекшеліктері, өзіндік өмір тәжірибесі мен өзіндік құндылықтрын ескеру арқылы өзіндік және өзара бірін-бірі дамытуға жол ашады.
Осылайша қарастыру негізінде білім беру үрдісінде оқушыныңөзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субьектілігісияқты педагогикалық рефлексиялық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады.
«Баланы тәрбие қылу - тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолда құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару. Баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек».
Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Ежелгі жəне ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында “оқу”, “оқу процесі” ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание) білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті - оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту - оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену (учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-əрекетін танытады. Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-əрекет тəсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-əрекетін де, мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-əрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен оқушының бірлікті іс-əрекеті болған оқу процесінің мəні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті əрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу жəне басқару; 5) біртұтастық жəне бірлік;
6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сəйкестік;
7) оқушылардың дамуы мен тəрбиесіне жетекшілік.
Оқу жəне білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мəнін аңдатқан. Ал Я. А. Коменский дидактиканы «баршаны барлық нəрсеге үйретудің əмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И. Гербарт дидактиканы тəрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас жəне қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В. Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету жəне қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса -қашан, қай жерде, кімді жəне не үшін оқыту қажет деген мəселелерді қарқынды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, əдістері, құрал-жабдықтары, нəтижесі (өнімі) . Дидактикалық жүйе жəне оқу технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика- бұл оқу жəне білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, əдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нəтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактика өз пəні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нəтижесіне негіз болар тəуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші əдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика жəне болжастыру) ; 2) практикалық (қалыпты іс-əрекет, құралдар дайындау) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz