Сабақ беруде оқу-танымдық ойындарды пайдалану



I.Кіріспе ... ...

I.Ойын түрлері ... .

1.1 Танымдық ойындар..

1.2 Іскерлік ойын туралы

II.Негізгі бөлім

2.1.Ойын бала дамуының басты құралы

2.2.Сабақ беруде ойын элементтерін пайдалану

2.3.Ойынды сабақта пайдалану тәжірибелері

IІІ.Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазііргі білім берудің бара бар талабы болып табылады. Қазіргі заманның даму қарқыны ұстаздардан жаңаша ойлауды, көбірек ғылыми зерттеу бағытында жұмыс жасауды талап етеді. Сондықтан, XXI ғасырдың әрбәр мұғалімі үнемі ізденісте болып, шығармашылықпен еңбек еткені жөн.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертіңгі жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне күмән жоқ.
Бала мектеп табалдырығын «білсем» деген үлкен ынтамен аттайды. Осы бала бойындағы ынта менен ерік, жігерді ары қарай ұштай білу – әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет, оны атқару барысында ұстаз балалардың танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс.
Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қызметіне байланысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі және бәләктәләктәі танымдық маңызы да зор болады.
Ғалымдар білім ортасының құрылымдық бөлігі пәндік қоршаушы деп көрсетеді. Пәндік қоршауды пәндік орта ретінде анықтап қазіргі зерттеушілер оны іс-әрекеттің ұйымдасқан көзқарасында қарап, (ұйымдасқан және ұйымдаспаған орта), оны белгілі бір ортада (ойын, оқу, еңбек) қарастырады.
1. Бүркітбаев Ә. Спорттың ұлттық түрлері және оның тәрбиелік мәні –Алматы: 1985ж
2. Базарбегі Т. Қасымбекова С. Дене шынықтыру оқыту әдістемесі. (4 сынып) – Алматы: Атамұра, 2000ж
3. Тұрсынкелдина М.Т Дене шынықтыру оқыту әдістемесі (3 сынып) – Алматы: Атамұра, 1999ж.
4. Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі. – Алматы: Рауан, 1994ж.
5. «Досмұхамедов оқулары». Iтом. Атырау. 20027
6. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика – Алматы, 2004ж
7. Әбиев Ж. Бабаев С. Құдиярова А. Педагогика – Дарын – Алматы, 2004 – 437 бет;
8. Беріқұлы Н. Педагогика курсының дәрістері –Ақтөбе, 2004ж.
9. Дене тәрбиесі, №9/2006
10. Қазақстан мектебі. Журнал. 9-10.2005.
11. Қазақстан мектебі, журналы. 5-6. 2005,2006.
12. «Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». Петров А.В. 2001.
13. «Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту». Калмыкова Е.В,2007.
14. Ойын технологиясының ерекшеліктері // Интернет.
15. Креативті дамытудағы ойын технологиясы // Интернет
16. Құзіреттілік және ойын технологиясы // С.Буланов.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Атырау облыстық Білім беру басқармасы
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

Бекітемін
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ізғалиқызы А._______________ ___ _________2014ж

02-13
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Сабақ беруде оқу-танымдық ойындарды пайдалану

Орындаған: Үмбет Әсемгүл 49 инб тобының студенті
Жетекшісі: Асқарова Армангүл Қаленқызы- педагогика,психология пәні оқытушысы,
педагогика ғылымдарының магистрі

Басталуы : қазан 2013 ж
Аяқталуы : мамыр 2014 ж

Сақтау мерзімі: 5 жыл 83 бап

Жоспары

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

I.Ойын түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

0.1 Танымдық ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

0.2 Іскерлік ойын туралы

II.Негізгі бөлім

2.1.Ойын бала дамуының басты құралы

2.2.Сабақ беруде ойын элементтерін пайдалану

2.3. Ойынды сабақта пайдалану тәжірибелері

IІІ.Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазііргі білім берудің бара бар талабы болып табылады. Қазіргі заманның даму қарқыны ұстаздардан жаңаша ойлауды, көбірек ғылыми зерттеу бағытында жұмыс жасауды талап етеді. Сондықтан, XXI ғасырдың әрбәр мұғалімі үнемі ізденісте болып, шығармашылықпен еңбек еткені жөн.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы демекші бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертіңгі жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне күмән жоқ.
Бала мектеп табалдырығын білсем деген үлкен ынтамен аттайды. Осы бала бойындағы ынта менен ерік, жігерді ары қарай ұштай білу - әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет, оны атқару барысында ұстаз балалардың танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс.
Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қызметіне байланысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі және бәләктәләктәі танымдық маңызы да зор болады.
Ғалымдар білім ортасының құрылымдық бөлігі пәндік қоршаушы деп көрсетеді. Пәндік қоршауды пәндік орта ретінде анықтап қазіргі зерттеушілер оны іс-әрекеттің ұйымдасқан көзқарасында қарап, (ұйымдасқан және ұйымдаспаған орта), оны белгілі бір ортада (ойын, оқу, еңбек) қарастырады.
Барлық теориялық және практикалық маңызды зерттеулерге қарамастан ойын - пән ортасында әлі де жеткіліксіз өңделмеген құру аспектілері кездеседі. Ойын - пән ортасы деген ұғымның мағынасы оның құрылымы оқу - пән ортасында оқушылардың өзіндік танымдылығын дамытуды іске асыру механизмі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: келесі факторлармен көрсетуге болады:
- әлеуметке өздігінен танымды және өзін дамытуға жағдайы бар еркін адамның қажеттілігі;
- бастауыш сынып балаларының өздігінен танымдылығын дамытуды зерттейтін, оның ғылыми негізін талдайтын оқу орындарының қажеттілігі;
- әр түрлі жастаға балалардың оқу - пән ортасында қолданылатын технологияларды зерттеу.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Тәжірбиелік практика барысында оқу - пән ортасының тиімділігін анықтау.
Зерттеудің әдісі:
Бала әрекетінің өнімін талдау, педагогикалық эксперемент, анкета, сұхбаттасу, бақылау, математикалық және статистикалық материалдарды зерттеу әдістері.
IV. Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы;
Ойын - пән ортасында субъекіттің әрекетін ұйымдастыр технологиясы жоспарланды және қабылданды, ол келесі кезеңдермен беріледі: дайындық, репрадуктивті іздеу, шығармашылық ізденіс, талдау. Пән қорғаушы ретіннле оқу - пән ортасы, ол баланы ойын әрекетіне әкеледі және оның жеке потенциясын дамытады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ойынның педагогикада, оқыту үдерісінде алатын орны Платон заманынан белгілі болған. XVIII ғасырдың өзінде-ақ Ж.Ж. Руссо мен И.Г.Песталоцци ойын арқылы баларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы не үйренеді?
Қисынды ой-қабілетін дамытады.
Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді
Сөдік қоры баиды, тілі дамиды
Зейіні қалыптасады
Байқампаздығы артады
Өзара сыйластыққа үйретеді
Ойынның ережесін бұзбау, яғни тәртіптілікке баулиды
Бір-біріне оқушы сенімі артады, достыққа, ынтымақтастыққа баулиды, сабаққа қызығушылығы артады.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі, - деп дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану-баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым Бала ойында ғана танағып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артады, - деп атап көрсеткен.
Ойын - бала үшін өмірлік тәжірбие,- деп М.Жұмабаев атап көрсетсе, Ойын - баланың рухани дамуының негізі-деп Ж.Пиаже, К.Левин, Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен.
Ойын - балалар үшін күрделі әрекет те бола алады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұйымдастырылған ойындардың берері мол.
Қазіргі педагогикада ойын арнайы технология ретінде қаралады.Ойын педагогикалық технологисы деген түсінік педагогикаылқ процесті ұйымдастырудағы түрлі әдістер мен формаларды құрайды. Педагогикалық процестің сипатына қарай ойындар:
А) оқыту ойындары, жаттығу ойындары, тексеру және жалпылау ойыны;
Ә) танымдық, тәрбиелік, дамытушылық ойындары; қимыл-қозғалыс ойындары;
1. б) коммунативтік, диагностикалық, кәсіби бағдарлық, психотехникалық т.б. болып топтастырылып тиімді қолданылып келеді. Соларды біздер де өз жұмысымызда тиімді қолдануға міндеттіміз.
12жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасында оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. (Пәндік сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен алмасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйретуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегіміен білім алушылардың коммунативтік құзіреттілігін қаліптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік жағдаяттарда білім алушыларды қарым-мәдениетәне тәрбиелейді деп атап көрстілген.
Сондай-ақ 12 жылдың білім беруде ұлттық ойындарға және шынайы өмірлік әрекетпен ойналатын ойындарға мән беріледі.
Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімі, жеке тұлғалық қадір-қасиеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу, ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі - Керекті сөзді тауып айт. Ойынның мақсаты-қажетті сөздерді атайды немесе жазады. Бұл ойын оқушыларды талдау жасауға да үйретеді. Мысалы: тіл дамыту сабағында Заттың атаулары деген сөз аталса, оқушылар, бірнеше сөздер айтады және сұрақтар қояды.
Жауаптарды жазады. Сондай-ақ, оқушы зейінін қалыптастыруда Кім тез, шапшаң ойынын өзгеруге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, іздемпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дарланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т.б.
Сонымен қатар 12 жылдық білім беру және оқушы құзіреттерін дамытатындай ролдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Оқушылардың алдына түрлі өмірлік жағдаяттар беріліп, оқушылар ойнау отырып, сол туындаған проблеманы шешуге дағдыланады. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: Біздің үйіміз ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын немесе суретін салады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзіреттілігін дамытуға септігін тигізеді.
Сонымен ойын келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әр түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі: баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммунативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интелектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әр түрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.
Оқытудағы рөлдік ойындардың орны
Тіл үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын - балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де, бір -- рімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бірін-бірін бағалайды, ал тәрбиеші тек бағыттаушы болады.
Рөлдік ойындардың негізгі талаптары төмендегідей:
Ойын балалардың тілге идеген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлід өзі таңдап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де танымды және сенімді шығады.
Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс .
Оқушы рөлде өзін не ғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады
Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.
Рөлдік бөлу. Ролдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады.Адам туралы мәлімет берілсе:
ақ көңіл, адал ,жалқау деп сипаттама беріледі.Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету
үшін ойын шарты жақсы және нақты түсіндірілуі қажет .Әдетте ойнайтын рөл туралы көп
айтудың қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шыңармашылық
мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек.
Рөлдерді мұғалім бөледі,кейде балалалардың қалауына ерік берген жон себебі қазақ тілін өзі қаншалықты біледі , соңан орай өздеріде рөлдерді тез тандайды. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде тәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болған жөн. Өйткені, баланың ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет.
Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға немесе микрофон лентасына жазып алған жөн. Артынан балалармен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда тәрбиеші ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да, келесі жолғы ойындар да осындай кемшіліктергі жол бермейді, есте сақтайды.
Драматизацияланған ойындар
Пән сабағында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгертуді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамутуда көп әсерін тигізеді.Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса,ал
сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнаса.
Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылды. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді.Мысалы: драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
а)шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою;,
б)мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап,сахнаға қою.
Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.
Қазақ тіліне тән дыбыстрда дұрыс айтуға жаттықтыру.Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.
Балаларды сөйлеуге үйрету.
Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету.
Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай жағдайда баланың қызығушылығы төмендейді.Қандайда болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген жөн.
Осы ұсынылып отырған ойын түрлері қазақ тілін меңгеруде балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, оқу-тәрбие үрдісін іске асыратын ұтымды бір жолы. Сонымен қатар ойын балалардың еркін, өзін ұстауға байланысты этика дағдыларын, сондай-ақ балаларды еңбекке , ұжымдық қызметке дайындайды.
Қазақтар Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле,- дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттың тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр - деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған.
Ата-бабаларымыздың Балаңды бес жасқа дейін хандай ұста, он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай көр деген дана сөзінен баланың мектепке дейінгі кезеңінде сана - сезімінің тұрақсыздығы, танымдық ерекшеліктерінің ырықсыздығы, ересектердің мінез - құлықтарына еліктеушілігі көрінеді. Сондықтан этностық-мәдени сәйкестілікті мектепке дейінгі кезеңде қалыптастырудың ерекшелігін бұл принцип аша түседі.
Тәрбиенің табиғилық принципі - кез келген тәрбие әрекеті мен педагогикалық процестің жетекшісі болып, нақты даму деңгейі мен ерекшеленеді. Бұл принциптің мәні мынада: тәрбие мен білі беру табиғи және әлеуметтік мәдени процестердің өзара байланысы туралы ғылыми түсінігінің негізінде танылады. Биологиялық организмнің витальді ерешеліктерін есепке алу және жыныстық жас ерекшелік сараануынан тұрады.
Қазақ халқының материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпағымыздың оларды оқып үйреніп, өздерінің кім екендеріне барлау жасауына, ата-бабалардың психологиялық болмысы ойлау жүйелеріне зер салуна, көздеген мақсаттарына саралап, жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткен мен бүгінгі байланыстары білулеріне, сөйтіп мәугірттік атаулыға тосқауыл қоюларына ұлт ойындары септігін тигізеді, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді. А.А.Давиев Қазақ балаларының ойындары мақаласында ер балалар мен қыздардың саз балшықтан жануарлардың түрлі мүсіндерін жасау, қуыршақтардың киімін тігу қабілеттері көрсетіліп, Соқыр теке, көк сиыр, Бөрік жасырмақ, Қыз қуу, Көкпар, Аударыспақ т.б. ойындары жайында мағлұматтар бере келіп, жас өспірімдерді негізінен үш топқа бөледі:
1.Бір жастан жетіге дейін - нәресте, жеті жастан он бес жасқа дейін бозбала, ал он бестен отызға дейін - жігіт. Осыған орай ойындар да сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және жігіттер ойыны деп негізінен үш топқа бөлген, Диваевтің ойынды үш топқа бөлгендегі ескергені біріншісі ежелгі қазақ ойындары; екіншісі қозғалмалы ойындар, үшіншісі спорт ойындары. Сондай-ақ, А.Диваев мына мәселеге ерекше көңіл бөлген: бұл жерде менің айтарым, егер қыз баланың қолдан жасайтын қуыршақтарымен ер баланың өздерінің балшықтан жасап алатын жылқы мен түйе сияқты жануарлар мүсіні болмаса, қазақтың балалар ойыншығы мүлде жоқ, ...Бірақ та антропологиялық көзқараспен қарайтын болсақ, олардың осы ұсқынсыз ойыншықтары баланың өз творчествалық қиялмен туғандықтан құнды болып есептеледі.
Шынында балалардың өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері олардың шығармашылық шабытын оятумен қатар өзін қоршаған дүниенің танып білуіне мүмкіндіктерінің бәрі ойын арқылы іске асатыны күмән тудырмаса керек.
Басқа бір зерттеуші Сәкен Сейфуллин өзі Біздің ауылда барлық жерде өнді де, ертегіні естуге болатын.Кештер, ойын-сауықтар, айтыс жиі ұйымдастырылатын.Бала жастан осы әндер, айтыстар, ошақ қасында естіген осы ертегілер мен аңыздар менің
санамда қалып қойды, - деп балалар ойындарын әндерін, айтыстармен байланыстыра қарастырады.Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген тіпті көшіп қонудада жастар аяғын ойынға айналдырып отырған. Бұл елдің ескі бір салты бойынша, көші-көн кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді. Одан соң жетім қалған үйлерді де тігіседі. Ең соңында отау үйлерді қалдырып,аяғын ойын-сауыққа айналдырып
әкетеді-деп жазған екен Ғабит Мүсрепов Ұлпан повесінде.
XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын Сібірге жер аударылған поляк А.Янушкевич өзінің жазып жүрген күнделіктерінде қазақтың ойын сауығының халықтық тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен қоршаған ортамен астасып жатқанын таң-тамаша еткенін сөз етеді. Кешкісін біздің үйде бір қызық болды. Ол әр түрлі аңдар мен құстардың, әсіресе, түйенің, құланың, бүркіттің дауысын айнытпай салады.Бұны одан артық салу ешкімнің қолынан келмейді. -деп таң-тамаша болған.
Сәбит Мұқанов өзінің Өмір мектебінде кейбір ойын-түрлері жайлы былай деп баяндаған екен: Хандеген сөзді мен кішкене күнімнен білем. Ауылдың баласы есін білер білмес кезде, асық ойнай бастайды. Асықтың да ханы болады. Ол - өрі оңқай, әрі қошқар сияқты үлкен қойдың асығы. Ханды балалар қынаға бояйды. Асық ойынының бір түрі: ойынға қатынасатын балалар сан мөлшерін бірдей қылып асық шығарады да ұтысады. Ұтыстың тәртібі: әуелі ойынға қатынасатын балалар ханды жағалай иіріп шығады да, кім алшы түсірсе, ойынды сол бастайды. Ойын бастаған бала, балалардың ойынға салатын асықтарын жерге шашып жібереді.Тәртіп: бүкті бүкпен ғана, шікті шікпен ғана, тәйкені тәйкемен ғана, алшыны алшымен ғана, шомпыны шомпымен ғана ату, және бір ғана үсік саусағымен ғана ату... бала ең алдымен ханды атып алады. Атқан асығына тигізе алмаса, екінші балаға кезек береді... Асықты алғаш шашқанда хан алшы түссе, ханталапай болады, онысы-шашылған асықты үлгергенше талап алу... Бұл талапайда, әр бала қолына ханды түсіруге тырысады... Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік- экономикалық жағдайларына үйлесімді жасағандай әсер береді. Олай дейтініміз, ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып, арнайы материалды әзірліксіз ойнала беретііндігінде ғана емес, санмен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында. Ойын барысы бала дамуының басты құралы ретінде бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді. Балалар ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген сондықтан, халық оған тек ойын сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең бастысы-ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тек еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған.
Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл ой тәрбиесі үйлескенде ғана әр адам сымбатты болумен қатар, жан-жақты қалыптасқан жан болмақ деген пікірді қуаттайды. Мысалы, Сегізаяқ өлеңінде бойдағы, денедегі күш - қуатты ойсыз, ақылсыз іс- әрекетке жібермей, белсенді өмір сүре отырып, өзіңді дамытатын, жетілдіретін іспен ұштастыра білу қажеттілігін ескертеді. Әсіресе, қара сөздер адам тәлім-тәрбиесіне бағыт - бағдар беретін, жай ғана бағыт қана емес, ғылыми негізіне сүйенген, өмірлік жағдайлардан алынған философиялық тұжырымдар мен түйіндерден тұратын құнды дүние.
Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру, оның ақыл-ой тәрбиесіне тікелей байласынын көрсете отырып, тәрбиелеу керек деп жай ғана сөзбен емес оны дұрыс жолға қоюдың нақты істермен, жолдармен насихаттау, тәрбиенің өзегін философиялық психологиялық арнадан іздеу қажеттілігіне тоқталады. Бұл мәселеде Абай оны халықтың рухани мұрасы, асыл қоймасы халықтың тәлім-тәрбие бесігі - ауыз әдебиетінен, мәтелдерімен даналықтарынан іздеуді меңзейді. Халқымыз: Азған денеге ауру үйір, Қайраты мен ақылы сай жігіттің жолы болар, Ақылсыз жігіт күшіне сенер, Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің, қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің, Қайратың барда мал тап, Денсаулығын ойлаған, жан сарайын таза ұстар, Әлін білмеген әлек т.б. деп тәрбиесін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мақал-мәтелдер арқылы береді.
Енді тәрбиені ойын арқылы қалай беруге болады деген сауалға жауап іздесек, еліміздің белгілі қайраткерлері Ш. Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М,Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров,Ә..Тілеуқабылұлы т.б. дене тәрбиесі мәселелерін халықтық дәстүрлері, халықтың мұраларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған.
Кейінгі жылдары жастардың тәрбиесіне байланысты бірқатар құжаттар, заңдар, тұжырымдамалар жарық көрді. Оларда тәрбиенің мазмұны, үстанымдары, мақсаты мен міндеттері қайта қарастырылып, оларды түбегейлі жаңалау қажеттілігі атап өтілген. Мұндағы мақсат - ұрпақты қазақ халқының жауынгерлік тарихымен, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін қорғай аталатын елжанды ұлттық намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу, басқа ұлттардың өкілдерімен жастардың өзара сыйластық, достық негізінде өмір сүруіне ықпал жасау, ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру. Бұл қағидалар қазіргі таңда қазақ педагогикасында қазақ педагогикасында тәрбиенің негізгі ережелерінің бірі болып саналады.
Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.
Өзінің өлең - жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке, т.б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл - ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Танымдық ойынның өзінің ұзақ тарихы бар. Ол ежелгі дидактикалық жүйелерде қоланылған. Келесі бір осы әдіске қызығу 80 шы жылдарға келеді.
Тарихының көнелігіне қарамастан, ойын үнемі жаңа, ескермейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да - осы қимыл - қозғалыс ойыны. Қимыл-қозғалыс ойынында бала назар аудару және бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйренуді: ойынның қалыптасқан түрлеріне байланысты ол қимылды тынығумен кездестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап, бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу, тез шешім қабылдап, онвы жүзеге асыру, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі. Міне, ойын дегеніміз - танысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы мен қанат беретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ұлттық қимыл қозғалыс ойындардың сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру маңызы сан салалы, бірақ іске асыру үшін мұғалімнің көзқарасы және педагогтық шеберлігі қажет.
Ұлттық ойындар өзінің бастауын халықтың педагогикасының тұңғиығынан алады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдылықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты т.б. мінез-құлықтық ерекшеліктерімен бірге күш - қуатын молдығының, білік күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, жарыс, теңге алу, қыз қуу, т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие болды.
Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз бапйланысты. Оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туға. Сондықтан, оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды.
Ойын барысында балалардың қозғалғыш ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, өмірлік тонустарын арттырады.
Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдылдарын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі қызмет етеді.
Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдікпен қалыптасқан, ептіліктен, ерекше мәнерлектен көрінеді.
Ойындардың, әсіресе, халық ойындардың эстетикалық сипаты ойын бастауымен, әңгімелесумен, санамақпен, баий түседі.
Балаларға музыка ерекше эстетикалық ықпал жасайды: ол балаларды жігерлендіреді, олардың көңіл-күйін білдіреді, қиялға эстетикалық сипат береді.
Қимыл-қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасындағы балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балалардың өзіне тартатын әрекет саласын туғызады - осылардың бәрі қимыл-қозғалыс ойындардың балалардың күнделікті өмірінің ажырағысыз бағалы серігі ретінде айқындайды. Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады және тапсырманы айқын түсінуінен қимылдың жақсы үйлесімінен, кеңістікке және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгілеуінен, тапсырманы жедел қарқынмен орындауынан көрінеді. Мақсатқа жетуге ұмтылу қуанышы балалардың осындай әуестену кезінде әр түрлі кедергілерді жеңуге көмектесетін жігердің рөлі артады.
Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді. Ойын кезіне бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне иемес, мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді. Ойын процесінде балалардың қозғалғыш ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді. Мысалы, Мысық пен Тышқан, Қарақұлақ, Ала күшік, Қасқыр қақпан, Бүркіт, Атшылар жарысы, Қара сиыр, Тай жарыс, Дене жарыс, Құнан жарыс, Түйе жарыс, Қара құрт, Жапалақтар мен қарлығаштар, Хан, Тұзақ құру, Түйе-түйе, Жануарлар қалай үндейді, Қой бағу, Қоян сюжетті қимыл-қозғалыс ойындарына жатады.
Сюжетті қимыл-қозғалыс ойындары балаларды өздеріне түсінікті мақсатқа жетуге жетелейтін, балалар үшін қызықты қимыл тапсырмаларынан тұрады. Олар өз кезіндегі ойындардың тоқтап жүгіру, ұстап алу, және осы сияқты үлгілеріне бөлінеді: жарыс нышандары қолданылатын ойындар; Киімнің тобы тез сапқа тұрады, Кім өз жолаушысына тез жетеді, Белбей тастау, Айдап сал, Кім шертті, Икемді тал т.б .
Оқу процестерінде іскерлік ойдарды пайдалану оқушыда белгіленген уақыты ұтымды пайдалануын және білім беру еңбегінің ұйымдастыру мәдениетін арттырады. Әлем экономикасын, ел экомикасының даму бағыттарына еркін бағдар жасауға ықпалын тигізеді.
Іскерлік ойындар пікір, мәлімет, дерек, хабар алмастыруына, ақпараттық, басқа адамның пікірін сыйлауға, пікірін нақты дәлелдеуге, топ жарғандарды (лидерлікті) тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды, оқушылар арасында жоғары еңбектік моральді қарастырады. Еңбектік мораль жұмыс істеу құштарлығы және ұйым мүшесінің сезімі сияқты екі компоненттен тұрады бұл жағдай жеке тұлғаның өз біліктілігін ұдайы жоғарлатуына негізделеді . Сондықтан да, оқу процесінің табысты өтуінің шешуші факторы оқушының оқуға ынтасы мен біліктілігі болып табылады...
Іскерлік ойындардың негізгі педагогикалық мәні - ақыл-ойды дамыту, ойлауды жандандыру, болашақ мамандық иесінің дербестігін жоғарлату, оқыту үдерісіне шығармашылық рух енгізу. Іскерлік ойындарды оқушыға кәсіби бағдар беруде, болашақ мамандығын тәжірбиелік негізінде меңгеруге даярлауда қолдану, оны пробдемалық оқыту, ойын технодлогиясымен жақындастыру.
Проблемалық оқытуда негізгі сұрақ не? болса, ал іскерлік ойындар да егер де...не болар еді?.
Әрине, іскерлік ойындарды дайындаған кезде оқу материалдарымен қатар оқушы қабілеті мен білімін, даярлық деңгейін ескеру керек.
Ойынды имитациялық жаттығулардан бастау ұсынылады. Олар іскерлік ойындардан көлемдерінің шектеулілігімен, шағын ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мысалы: экономикалық эмитациялық ойын кезінде, қай кәсіпкер жақсы, тиімді түрде жалпы бәріне ортақ нормалар мен бағаларды пайдалана біледі. (Кәсіптік қорды пайдаланғанына арзан төлейді? -деген сұрақтарға жауап іздейді.
Имитациялық жаттығулар іскерлік ойындардан гөрі оқу ойындарына жақынырақ. Олардың мақсаты оқушылардың шығармашылық жағдайында алған білім, дағды, біліктерін, икемділіктерін бекіту. Зейіндері маңызды ұғым, категория заңдарға аударылады. Имитациялық жаттығулар шартында міндетті түрде қайшылық болуы керек, яғни оның өзінде проблемалық жағдаят, есеп, проблема элементі бар, имитациялық жаттығулардан кейңн, рөлдік немесе іскерлік ойындарға көшуге, кірісуге болады.
Іскерлік ойын-ол мамандық, кәсіпкерлердің белгеілі бір жағдаяттарды өмірлік жағдайларға ұқсас күйде ойын арқылы көрсету. Олардың мақсаты - процесті не оның нәтижесін анықтау. Ал рөлдік немесе шартты іскерлік ойындардлың мақсаты оқушылардың белсенді шығармашылық үрдісте нақты дағдысы мен іскерлігін, белсенділігін қалыптастыру. Іскерлік ойындардың әлеуметтік мәні - белгілі бір міндеттерді шешу барысында білімдерді меңгеру белсенділігін ғана арттырып қоймайды, сонымен қатар ұжымдық қарым-қатынасын да дамытуды көздейді.
Әдетте ойын элементтерінің екі типі: психологиялық көңіл күйді реттейтін және басшылық жасау мен басқару әдебін қалыптастыратын әр-түрлі дау жанжалдарды, келіспеушіліктерді, пікір таластарды, конфликтілік жағдайдан оңай шығуға көмектесетіндері қолданылады. Тар шеңбердегі арнайы кәсіби міндеттерді шешуге көмектесетін, мазмұны белгілі бір негізгі сапалық пәнді игертуге байланысты сұрақтарды қарастырады.
Іскерлік ойын кешенді міндеттерді шешу үшін қолданылады. Жаңа білім мазмұнын меңгерту, білімді бекіту, информациялық қабілетін дамыту, жалпы оқу дағдысын қалыптастыру, оқушылардың өтініп отырған оқу материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап, түсініп әр түрлі позициядан оқып үйрену үшін қолданылады.
Оқу процесінде іскерлік ойындардың: имитациялық, операциялық, рольдік, іскерлік театр, психологиялық және әлеуметтік драма түрлері пайдаланылады.
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім бнруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылым жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп отырған жаңаша талап, міндеттер жоғары оқу орны оқытушыларына да қойылуда. Сондықтан оқушы іс әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Мектептегі дене тәрбиесі сабағын да ойын арқылы өткізу тиімді.
Сабақ - Дене тәрбиесі пәні бойынша өтетін оқытудың негізгі формасы. Ол сабаққа қойылатын негізгі талаптарға сай өтеді. Дегенмен бағдарламаға негізделген сабақ ерекшелігі мен мазмұны, жас ерекшеліктеріне сай әр түрлі топтардың орындалысына сай негізделеді
Сабақтың білімділік, сауықтандырушылық, тәрбиелік бағытын біріктіру мақсатында әр тоқсанға және жыл бойынша нақты бағыт бағдар белгіленеді. Әр сабақ құрылымы сол сабақта оқушылар меңгерген білімділік дағдыларының көрсеткішін көрсете белетн болу керек.
Тапсырмалар сыныптағы барлық оқушыға немесе ұлдар мен қыздарға бөлек-бөлек топтастырылып орындатылады.
Бұл орайда оқушылардың тәрбиелік, денсаулық көрсеткіштері физикалық дайындықтарда үлкен рөл атқарады. Осы жайларды ескере отырып оқу материалдары тоқсанға және жылдық жоспарға бөлінеді.
Оқу жоспарын тиянақты құру әр этаптың өзара байланыстылығына негізделеді. Сабақты өткізудегі бір күрделілік ұл-қызы араласқан қызы араласқан 35 оқушыдан тұратын сыныптар. Мұндай жағдайда сабақтың әр минутын үнемдеп, көп түрлі таспсырма орындатып өткізуге тырысады. Дұрыс құрылмаған сабақ жоспары орындалмаған тапсырмалармен сабақ жоспарының бұзылуна әкеп соғады. Сабаұ материалы ауқымды, әр сағатқа бөінген. Мұғалім мұның үнемді әәрә тиімді жолын ойластыруға міндетті. Бұған қоса өткен сабақ материалына анализ жасап, мұғалім тәжірбиесіне, әдістемелік әдебиетке сүйене отырып құру болу керек. Осылайша әр сабаққа дайындалу өзінше ізденіс, шығармашылық, зерттеу жұмысына ұласады. Сабаққа дайындық барысында оқушылардың жас ерекшелігіде назардан тыс қалмауы тиіс.
Неғұрлым соның төмен болған сайын оқушының тұлғасы мен ағзасына барынша назар аударылады, жоғары жұмыс қабілетін алға қойылады. Осымен байланысты сабақтың үш бөлімі бір-бірімен байланыса тұтасып, жаңа оқу материалын меңгеріп, негізгі бөлімдегі жаттығуларды орындауға бар күш жұмсалады. Сабақтың кіріспе бөлімі ұйымдастырушылық мазмұнға, негізгі бөлімге дайындалуға негізделеді. Негізгі бөлім жаңа материалды меңгеруге бағытталады.
Неғұрлым сынып жоғарланған сайын мазмұн күрделене түседі. Бұл сабақтың құрлымына әсер етеді, әр бөлімін нақты құруға бағыт береді.
Ал сабақтың сапасы - өте нақты құрылған сабақтың құрылымы, оқушылардың сабақтағы белсенділігі мұғалімнің тұрақты басшылығы мен бақылауы.
Нақты құрылған сабақ оқушыны тәртіптілікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесісабағы оқушылар үшін үзілісте басталады.
Үзілісте оқушылар даярланып, сабақ алғашқы минуттан бастап ұйымдастырушылықпен өтетіндей мүмкіндік жасау керек. Әсіресе бұл талаптар төменгі сыныптарда қолға алынғаны жөн. Жоғары сынып оқушылары бұл жағдайды өздігінен орындауды күнделікті дағдысына айналдыру керек.
Сабақтағы қауіпсіздік талаптарының орындалуына тек мұғалім ғана жауапты. Сабақ барысында керекті спорт жабдықтарын дайындап, орналастыру, жылжыту жүйелі түрде, ұйымдастырушылықпен, мұғалім басшылығымен ғана, аз ғана уақытқа шектетіліп өтілуі керек. Оқушылардың да жұмысқа ыңғайлы орналастырылуы қажкт. Жаттығу орындау барысында бір жағдайда бір бірін бақылау тәртібі орнықса, енді бір жағдайда әр оп бір біріне бөгет жасамайтын тәртіп орнатылады. Әсіресе төменгі сынып оқушылары мен шапшаң қимылдайтын оқушылар басты назарда болу керек. Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың білім-білік дағдыларын бақылауды оқу бағдарламасына мсай норматив тапсыратын, бағалаудың маңызы зор.
Осындай тиімді оқыту тәсілдерінің бірі - ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалана отырып оқыту. Ойын элемнттерін оқу тәрбиеде пайдалану оқушылардың белсенділігін, оқу пәніне ынтасын, танымдық қызығуын арттыратын әдіс болып табылады.
Оқушылардың пән барысында игерілген білімнің, дағдының сапасы оқытушының біліміне, ұйымдастыру қабілетіне, ізденгіштігіне, т.б. қасиеттеріне қатысты болуымен қатар дәрісханадағы оқушы белсенділігіне, оқу пәніне, ынтасына танымдық қызығуына да тікелей байланысты екендігі белгілі.
Оқушыларды білімді де, мәдениетті, парасатты етіп тәрбиелеу, олардың жан-жақты дүниетанымын дамыту- бүгінгі басты талаптардың ең маңыздысы. Сондықтан еліміздегі саяси-әлеуметтік өзгерістерді ескере отырып, білім мазмқнын жаңашаландыруға, болашақтың иесі болар жас ұрпаққа білім меңгертуге, оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйретуге баса назар аударылуда.

Педагогикалық практика кезіндегі бақылауларым мен іс - тәжірибе

Бастауышта баланың негізінен психологиялық қабілеттері - есте ұстау, ерік аңғарымдылығы енді - енді қалыптасады. Бұл кездегі қимыл ойындары оның барлық қабілетінің ұшталуына, қалыптасуына барынша зор әсер етеді. Мысалы: менің байқағаным: балалар бірін-бірі ұрып қашып ойнайды, бала өзін сырт жағынан қашан қол тиетінін, ішкі зор дайындықпен күтіп тұрады, онан кейін зыта жөнелу қажеттілігін біледі. Денесіне арт жағынан біреу ұрғаннан кейін ми дереу аяқты қозғау, яғни жүгіру керектігі жөнінде бұйрық береді. Бала бұл бұйрықты брден орындауға төселеді. Бұл жастағы баланың ерік-жігері қалыптаса қойған жоқ. Бқл шақтағы қимыл ойындары баланың санасын дамытады., қимыл шапшаңдығына бағытты аңғаруға өзін өзі билей білу ерік жігер сияқты психологиялық қабілеттерін жаттырықтырады. Қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Педагог В.Сухомлинский тәрбиеде ең негізгі орынды ойынға береді. Әлеуметтік тәрбиеде ойын кейбір кезеңдерде ерекше педагогикалық мәнге ие. Ойын барысында баланың мінезін бақылауға болады. Себебі ойында оның өзіне тәне ерекшелігі көрінеді. Сондықтан баланың ойынын бақылау оның мінезін қадағалауға көмектеседі. Ойын баланы қоршаған өмірге еркін кіруге даярлайды, өмір туралы қарапайым түсінік береді. Бұл кезеңде баланың қалыптасуына жағдлайлар жасалуы көзделеді. Жеті мен тоғыз жас аралықтарының өз ерекшеліктері, адам ждамуында атқаратын зор рөлі бар. Бұд кезең баланың жетілу кезеңі деп аталады. Бұл физиологиялық және психологиялық жағынан ерекше атап өтетін кезең.
Бұл кезеңнің ерекшеленетін кезеңі: бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды, бала сабақтардан тез шаршайды, бұрынғыдай қимылдай бермейтін болады. Өйткені бұған дейін балалар үнемі қлзғалыста болады, ойнайды, жүгіреді, ертеден ұйқыға жатқанға дейін алты сағаттан аса қозғалыста болады. Ал мектеп табалдырығын аттағаннан кейін жүріс-тұрысы, қозғалысы таза ауада болатын уақыты әлде қайда азаяды, тіпті ұйқысы да бұзылады. Бұл олардың денсаулығының қалыптасуына кері әсерін тигізеді.
Зерттеулер көрсеткендей, мектеп оқушыларының 80 пайызының организмінде ақау болатыны - осының дәлелі. Әрине аптасына үш-ақ рет болатын дене сабағы организімнің күнделікті қозғалыс қажеттілігін қанағаттыра алмайды. Мектеп табалдырығын аттаған бірініші сынып оқушысы мектеппен қалай танысса дене шынықтыру сабағыменде солай танысуы керек. Ал мектептегі жалпы дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарының басқа пәндермен салыстарғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залға алаңға арнайы спорттық киіммен шығуы тиіс десек, бұл оларға қойылатын алғашқы талап. Бастауыш сыныптарда оқушыларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Дидактикалық ойын
Ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Дидактикалық ойындарды пайдалану әдістемесі
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Білм беруде ойын технологиясын қолдану
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларын ойын барысында оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
Пәндер