Сусымалы жүктердің көліктік мінездемесі



Кіріспе...
1.Мәселенің қойылуы..
2. Сусымалы жүктің көліктік мінездемесі және тасымалды ұйымдастыруға көліктік мінездеменің әсері ... .
2.1Жүк және оның классификациясы
2.2 Жүктерге әсер ететін факторлар...
2.3 Сусымалы жүктердің физика.химиялық қасиеттері және көлемді салмақты сипаттамалары.
2.4 Сусымалы жүктердің жалпы мінездемесі..
2.5 Тасмалдауға дайындау және қабылдау...
2.6 Тапсыру және сақтау тәртібі..
3. Тасымал кезінде үйілмелі жүктердің сақталуын қамтамасыз ету ... ... ... ... .
3.1 Тасымал шарттары және ережелері..
3.2 Жылжымалы құрамға қойылатын талаптар және жылжымалы құрамға коммертциялық бақылау жүргізу ...
3.3 Жылжымалы құрамда жүктің орналасуы, тегістеу тығыздау ... ... ... ... ... ..
3.4 Қорғаныш пленкасын қондыру және дайындау технологиясын жасау ... .
3.5 Тасымал кезінде жүкті жоғалтуды ескертетін шаралардың экономикалық әсері...
Қорытынды..
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Республикамыздың жалпы көлік жүесінде темір жолдар көліктің негізгі түрі болды және болып қала бермек.
Жалпы көлік жүесінде темір жол көлігінің жетекші рөлін салыстырмалы төмен өзіндік құны, көлемдігі, тұрақтылығы, тасымалдау жылдамдығы және сенімділігі, тораптың тегіс орналастырылуы, жүк жіберуші қоймасынан жүк қабылдаушыға жүкті жеткізу мүмкіндігі анықтайды.
Темір жол көлігі басқа көлік трлері сияқты қалыпты өндіріс және ауылшаруашылық және өнеркәсіп өнімдерін айналдыру, өндірістік бірлестіру дәлдігі, республикалар, өлкелер, облыстар, территориялық-өндірістік кешендер арасындағы шаруашылық байланыстың тиімділігін қамтамасыз етеді және оларды бір халық шаруашылық кешенінде біріктіреді.
Көліктің басты есебі- бұл халық шаруашылық талаптарын өз уақытында, сапалы және толық қанағаттандыру, жолаушылар және жүк тасымалы жоспарын орындау, тасмалданатын жүктердің сақталуын және олардың өз уақытында жеткізілуін қамтамасыз ету.
Тасымал көлемінің сапалы орындалуы тек қана жүк шаруашылығының қазіргі заманға даму базасында, кіріс жолдарында, жаңа технологияның және бастапқы технологияның енуі, жүк және сауда жұмысының тұрақты жүзеге асуы кезінде мүмкін. Жүк тасымалына қызмет көрсету және бастапқы және ақырғы операцияларды орындау үшін темір жолдар еру жолдарында жүк шаруашылығының құрылғыларымен орналастырыады.
1. Атамкулов Е.Д., Жангаскин К.К Железнодорожный транспорт Казахстана: рестру туризация и пути интеграции в мировую экономику/ Под. общ. ред. Р.К.Сатовой: Монография.-Алматы: Экономика, 2003-742 с

2. Омаров А.Д., Кабашев Р.А., Ли С.В., Кобдиков М.А. Механизация погрузочно-разгрузочных работ на транспорте.-Алматы: КазАТК, 2000-154с

3. Погрузочно-разгрузочные работы на транспорте: (В примерах и задачах). – М.Транспорт, 1985.-200с
4. Управление грузовой и коммерческой работой на железнодорожном транспорте. А.А Смехов, В.В.Повороженко, А.Т.Дерибас и др. - М: Транспорт, 1990-351с

5.Шрамов А.А. Пособие приемосдатчику груза М: Транспорт,1991-176с

6.Типовой технологический процесс работы грузовой станции

7. Единые нормы выработки и времени на вагонные, автотранспортные и складские погрузочно-разгрузочные работы Кушукбаев К.Х. Метадические указания к практическим занятия по дисциплине «Технология и механизация погрузочно-разгрузочных работ»- Алматы: КазАТК, 1999.-29с

8.Грузоведение, сохранность и крепление грузов/ Под ред. А.А.Смехов - М.Транспорт, 1987-239с

9.Сборник правил перевозок и тарифов №160 железнодорожного транспорта, М.Транспорт -1992

10.Транспортная тара. Справочник/ А.И.Телегин, Ю.А.Балберин и др.- М.Транспорт, 1989-216с

11.Инженерные решения по безопасности на транспорте. А.Д.Омаров. Издательство Бастау, Алматы. 2002г

12.Грузовая коммерческая работа. Перепон.В.П.1986г

13.Организация перевозок грузов. Перепон.В.П.2005г

14. Правила перевозок грузов.Перепон.В.П.2003г

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Дипломдық жұмыста сусымалы жүктердің көліктік мінездемесі және
көліктік мінездемелерледің тасымалдарды ұйымдастыру әсері көрсетіліп, жүк
және оның сипаттамасына, әсер етуші факторларына анықтама берілді. Қорғаныс
пленкасын қолданып, оны дайындау технологиясын әзірледік. Жүктерді
тасымалдау кезінде шығынның алдын-алу шараларының экономикалық тиімділігі
есептелді.

В дипломной работе была рассморена транспортная характеристика
навалочных грузов и их влияние на организацию перевозок, а так же дана
определение на груз и на факторы воздействующие на него. Была разработана
технология и нанесения защитных пленок. Рассчитана экономическая
эффективность мероприятий по предупреждению потерь грузов при перевозке.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..._

1.Мәселенің
қойылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..._
2. Сусымалы жүктің көліктік мінездемесі және тасымалды ұйымдастыруға
көліктік мінездеменің
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..._
2.1Жүк және оның классификациясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..._
2.2 Жүктерге әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
._
2.3 Сусымалы жүктердің физика-химиялық қасиеттері және көлемді
салмақты
сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .._
2.4 Сусымалы жүктердің жалпы
мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..._
2.5 Тасмалдауға дайындау және
қабылдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..._
2.6 Тапсыру және сақтау
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .._
3. Тасымал кезінде үйілмелі жүктердің сақталуын қамтамасыз
ету ... ... ... ... _
3.1 Тасымал шарттары және
ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..._
3.2 Жылжымалы құрамға қойылатын талаптар және жылжымалы
құрамға коммертциялық бақылау
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... _
3.3 Жылжымалы құрамда жүктің орналасуы, тегістеу
тығыздау ... ... ... ... ... ._
3.4 Қорғаныш пленкасын қондыру және дайындау технологиясын жасау ... _
3.5 Тасымал кезінде жүкті жоғалтуды ескертетін шаралардың экономикалық
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..._

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... _

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..._

Мәселенің қойылуы

Зерттелетін тақырыптың маңыздылығы: Республикамыздың жалпы көлік
жүйесінде темір жолдар көліктің негізгі түрі болды және болып қала бермек.
Жалпы көлік жүйесінде темір жол көлігінің жетекші рөлін салыстырмалы
төмен өзіндік құны, көлемділігі, тұрақтылығы, тасымалдың жылдамдығы және
сенімділігі, тораптың тегіс орналастырылуы, жүк жіберуші қоймасынан
қабылдаушыға жүкті жеткізу мүмкіндігі анықталады.
Қазіргі уақытта жүк шаруашылығы еліміздің темір жол көлігінде маңызды
орын алады. Жүк және саудалық жұмыс темір жол көлігінің өндірістік шеңбері
сияқты және эксплуатациялық ғылымның саласы сияқты өздік даму тарихына ие.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде
сусымалы жүктерді тасымалдау барысында шығынын азайту мақсатымен оларға
қорғағыш пленкаларын қолдану әдістерін ұсыну.
Осы мақсатқа жету үшін мына мақсаттар шешіледі:
- сусымалы жүктердің көліктік сипаттамасы және көліктік сипаттамалардың
тасымалды ұйымдастыруға әсері қарастырылды;
- Жүк және оған сипаттама беріліп, жүкке әсер етуші факторлар анықталды;
- Сусымалы жүктердің физика-химиялық қасиеттері және көлемді-салмақтық
сипаттамаларына анықтама берілді;
- Сусымалы жүкті тасымалдауға дайындау, қабылдау, тапсыру мен сақтаудың
тәртібі көрсетілді.
Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасының темір жол көлігі.
Зерттеудегі ғылыми жаңалық келесідей:
- жүктің “төбешігі” трапеция тәрізді тиелгенде оның пленкаға әсер ететін
күштер сұлбасы көрсетілді;
- қорғағыш пленкасын пайдалану үшін орнатылатын жаңа технология
ұсынылды;
- жартылай вагондарда сусымалы жүктердің тығыздалуы және тегістелуі үшін
статикалық әрекеті орнатылды;
- әр түрлі вагондар үшін “төбешіктің” максималды биіктіктері көрсетілді;
- жеке жүктер үшін “төбешіктер” түрін таңдау әдісі көрсетілді.
Зерттеудің тәжірибелік құндылығы:
Тасымал кезінде жүк шығынын азайту мақсаты мен қорғағыш пленкаларды
дұрыс қолданып, тасымалдау тиімділігін арттыру.
Қорғауға ұсынылады:
- қорғағыш пленкаларға әсер етуші күштерді анықтау:
- жүктерді тасымалдау кезінде шығынның алдын-алу шараларының
экономикалық тиімділігін анықтау.
Бұл дипломдық жұмыстың көлемі бет.

Республикамыздың жалпы көлік жүесінде темір жолдар көліктің негізгі
түрі болды және болып қала бермек.
Жалпы көлік жүесінде темір жол көлігінің жетекші рөлін салыстырмалы
төмен өзіндік құны, көлемдігі, тұрақтылығы, тасымалдау жылдамдығы және
сенімділігі, тораптың тегіс орналастырылуы, жүк жіберуші қоймасынан жүк
қабылдаушыға жүкті жеткізу мүмкіндігі анықтайды.
Темір жол көлігі басқа көлік трлері сияқты қалыпты өндіріс және
ауылшаруашылық және өнеркәсіп өнімдерін айналдыру, өндірістік бірлестіру
дәлдігі, республикалар, өлкелер, облыстар, территориялық-өндірістік
кешендер арасындағы шаруашылық байланыстың тиімділігін қамтамасыз етеді
және оларды бір халық шаруашылық кешенінде біріктіреді.
Көліктің басты есебі- бұл халық шаруашылық талаптарын өз уақытында,
сапалы және толық қанағаттандыру, жолаушылар және жүк тасымалы жоспарын
орындау, тасмалданатын жүктердің сақталуын және олардың өз уақытында
жеткізілуін қамтамасыз ету.
Тасымал көлемінің сапалы орындалуы тек қана жүк шаруашылығының қазіргі
заманға даму базасында, кіріс жолдарында, жаңа технологияның және бастапқы
технологияның енуі, жүк және сауда жұмысының тұрақты жүзеге асуы кезінде
мүмкін. Жүк тасымалына қызмет көрсету және бастапқы және ақырғы
операцияларды орындау үшін темір жолдар еру жолдарында жүк шаруашылығының
құрылғыларымен орналастырыады. Стасалар және кіріс жолдар жүк тиейтін- жүк
түсіретін машиналар және кешендер, жүк тиейтін құрылғылармен (жүк түсіретін
және бункерлік эстакадалар, көтерінкі жолдар) көмекші құрылғылар және
бейімділікпен жабдықталған.
Қазіргі уақытта жүк шарушылығы еліміздің темір жол көлігінде маңызды
орын алады. Жүк және саудалық жұмыс темір жол көлігінің өндірістік шеңбері
сияқты және эксплуатациялық ғылымның саласы сияқты өзіндік даму тарихына
ие. Контейнерлік және пакеттік тасымалдың тұрақты дамуы жүреді механикалау
және автоматтандырылған көліктік- қоймалық кешендер және жүк стасалар және
контейнерлік терминалдарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі;
өнеркәсіптік көлікте біртұтас технологиялық процесс негізінде кіріс жолдары
және жанасу стансаның өзара әрекетінің ғылыми негізделген әдістерінің
таралуын алды; жүк фронтының қысқартылған қызмет көрсету, жүк тасымалы үшін
орталықтанған есептері, стансаның аз санындағы жүк жұмысының құнарлануы,
тасымалды және т.б маршруттау әдістері қолданылады.
Станса және кіріс жолдарының жүк және саудажұмысын ұйымдастыруды
жақсарту жүк тасымалында еліміздің талаптарын аз техникалық шығындармен
және ақша қаражатымен толық қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Берілген дипломдық жұмыста тиелетін жүктерді жаппай жасаумен стансаның
жүк және сауда жұмысының технологиясы қарастырылады.
Тиелетін жүктің көпшілігі ашық жылжымалы құрамда орын есебінсіз және
тасымалданатын, минерал текті құрылыс материалдары болып табылады.
Карьерлардан табиғи түрде тиелетін осы материалдар-құм, қиыршық тас,
сөндірілмеген әк, бор, ұсақталған тас(кесек), және т.б Тозаң түріндегі
жүктер жабық вагондарда тасымалданады.
Тиелуші құрылыс материалдарын сақтау және тасымалдау, тиеу шарттары
әртүрлі. Құрылыс материалдарын тиеу-түсіру жіктелген, жүк операциялары үшін
ашық стансалардың барлығында 60℅-те оларды тиейді, 85℅ оларды түсіреді.
Басқа көпшілік жүктерге қарағанда, құрылыс материалдарын өте қысқа
қашықтықта тасиды.
Болашақта темір жол және стансаның есебі жүк және сауда жұмысы және
басқаруды ұйымдастырудың келешекте жетілуін жүзеге асыру, техникалық
құралдардың сенімділігін және пайдалану деңгейін көтеру, басқарудың
автоматтандырылған жүйесіне ену болып табылады.

2.1 Жүк және оның классификациясы

Темір жол бойынша тасымалға тәулік сайын 5 мың атаудан артық әртүрлі
өнімнің (шикізат, жанар-жағар май, жартылай фабрикат, дайын өнім, ауыл
шаруашылық өнімдері) 10,5 т беріледі. Жөнелту стансасында тасымалға
қабылдау мезетінен бастап тағайындалу стансасында тапсырғанға дйін бүкіл
тауарлық өнім “жүк” деген атауға ие болады.
Әр атаудың жүктері тасымалдаудың техникалық жағдайларын анықтайтын тек
оларға ғана тән физика-химиялық қасиеттерге, сипаттамаларға, қауіптілік
деңгейге ие болады. Ыдыс пен ораудың көрсеткіштерімен бір кешкенде жүктің
өзіндік қасиеттері жүктің көліктік сипаттамасы ұғымын құрайды.
Жүктің көліктік сипаттамасы тасымалдау,қайта тиеу және сақтаудың
тәртіптерін, сонымен қатар осы операцияларды орындайтын техникалық
құралдарға қойылатын талаптарды анықтайды.Көліктік сипаттамаларды
тасымалдау үрдісін оңайлату бойынша есептерін шешу барысында жылжымалы
құрамның,қоймалық жабдықтардың, жүктерді дестелеу құралдарының түрін және
оларды тасымалдау жағдайларын құрғанда және т.б. таңдағанда қолданады.
Жүктің көліктік сипаттамасының жарым-жартылай өзгерісінің өзі
тасымалдау үрдісінің бір немесе одан да көп техникалық немесе технологиялық
элементтерінің өзгеруіне әкеп соқтырады. Сонымен бірге жүктерді
тасымалдаудың оңай технологиялық үрдістерін құру қажетті жағдайларда
көліктік сипаттаманың мынадай бөлек құраушыларының өзгерісі бойынша
шараларды қабылдауды қарастырады: көлемді салмақ, ыдыс пен орам түрі, бөлек
орындардың сызықтық өлшемдері, ылғалдылығы және т.б.
Темір жол көлігінде жүктер классификациясының көліктік
классификациясын және тиеп-түсіру жұмыстарын нормалау мен реттеуге
қолданатын классификациясын ажыратады.
Көліктік сипаттама тасымалдауға берілетін жүктердің түрі мен күйіне,
олардың орау түріне және өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиеу мен
түсіру тәсілдеріне тәуелді құрылады.
Үйілмелі жүктерге қатты жағар май, кен, минералдық-құрылыстық
материалдар, орман жүктері және т.б. жатады. Әдетте үйілмелі жүктерді
тасымалдауға орын санын есептемей қабылдайды. Үйілмелі жүктерді
атмосфералық жауын-шашындар мен тозаңданудан қорғауды талап етпейтін жүктер
(қатты жағар май, кен, кірпіш, орман) деп және атмосфералық жауын-
шашындардан тозаңдануға, кірленуге және бүлінуге зақымдалған жүктер
(цемент, әк тас, минералды тыңайтқыштар) деп бөледі. Үйілмелі жүктердің
бірінші тобын ашық жылжымалы құрамда тасымалдауға рұқсат етіледі, ал екінші
топтың жүктерін әмбебап жабық және мамандандырылған вагондар мен
контейнерлерде тасымалдау рұқсат етілген.
Көліктік классификация тасымалдауға берілетін жүктердің түрлері мен
күйіне, оларды орау түріне және өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыздандыратын
тиеу мен түсіру тәсілдеріне тәуелді құрылады. Көліктік классификацияда
барлық жүктер үш топқа біріктірілген: кепкен жүктер, сусымалы және
жануарлар (сурет 2.1).
Әр топ жүктерді олардың көліктік сипаттамаларының ұқсастықтары мен
тасымалдау жағдайларына қарай біріктірілген топшаларға бөлінеді.

Сурет 1.1 Жүктердің көліктік сипаттамасы

Барлық жүктер өзіндік қасиетер мен тасымалдау шарттарына тәуелді 11 топқа
классификациялана алады.
Бірінші топқа тез бұзылатын жүктер құрайды, яғни қоршаған ортаның немесе
температураларының әсерінен қорғанысты талап ететін жүктер. Оларға бау-
бақша, өрістк, бақша, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және балық
өндірісінің өнімдері жатады. Бұл жүктерде түс өзгеріс үрдістері, күрделі
органикалық заттардың гидролизі мен ыдырауы белсенді жүреді.
Екінші топ жүктерінің өзіндік ерекшіліг болып гироскопиялығы табылады,
ол ауаның бос ылғалдылығының сіңіру қабілеттілігі. Кейбір жүктердің ылғалды
сіңіруі салмағының, көлемінің, физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруіне,
тікелей кемуіне немесе жүктің бүлінуіне әкеледі. Гидроскопиялық жүктерге
тұз, қант, цемент, мақта және т.б. жатады.
Үшінші топқа бөтен иістердітез қабылдайтын жүтер (шай, қант)
жатқызылған, ол өнімнің бұзылуына әкелуі әбден мүмкін.
Бірге сақтау кезінде немесе, тасымалдау кезінде басқа жүктердің
бүлінуіне әкелетін жағымсыз иістері бар жүктер төртінші топқа қосылған.
Жағымсыз иістерге балық өнімдері, тері шикізаты, темекі бұйымдары, мұнай
өнімдері ие.
Бесінші топты тасымалдау және сақтау үрдісінде өзіне тән физика-химиялық
қасиеттерін орнықты сақтайтын, елеуші өзгерістерге ұшырамайтын жүктер-бұл
минералды-құрылыстық материалдар, қара және түсті металдар кені, тас көмір,
орман материалдары және т.б. құрайды.
Алтыншщы топқа тасымалдау кезінде бөлшектердің қатуы немесе пісуі
нәтижесінде төгілу қасиетін жоғалтатын үйілмелі жүктер қосылған. Қататын не
болмаса пісетін жүктерге колчедан, гранулдалған шлак, тас көмір, калий
тұзы және т.б. жатады.
Жетінші топ жүктің жоғарғы қабаттарының қысуы нәтижесінде өнім
бөлшектерінің ұзақ сақтау немесе тасымалдау кезінде қозғалмалылығының
жоғалуы жүзеге асатын жатып қалған үйілмелі жүктерден тұрады. Жатып қалған
жүктерге цемент, балшық, фосфорлы ұн, торф және т.б. жатады.
Қауіпті жүктер сегізінші топқа біріктірілген. Бұл жүктер жарылыстың,
өрттің,
аурудың, уланудың немесе адамдар мен жануарлардың күйіп қалуының себебі
болуы мүмкін, сонымен қатар басқа жүктердің, жылжымалы құрамның,
қондырғылармен ғимараттардың бүлінуіне немесе зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Қауіпті жүктерге мыналар жатады: жарылыс қоспаларының пайда болуына
қабілетті заттар сығылған және өртенген газдар; өздігінен жанатын заттар;
су әсерінен жанатын заттар; тез жанатын; улы; радиоктивті; қатты әсер етуші
улы; жарылғыш және олармен жабдықталған заттар жатады.
Тоғызыншы топты тасымалдау және сақтау үрдісінде салмақты едәуір
қабілетті-көкөністер, ет өнімдері және т.б. жүктер құрайды.
Оныншы топқа жануарлар жатқызылған. Машина жасау өнімі он бірінші топқа
біріктірілген.

2.2 Жүкке әсер ететін факторлар

Тасымалдау және сақтау үрдісінде жүк салмағында сапалық және сандық
өзгерістер болуы мүмкін. Әдетте бұл өзгерістер сыртқы факторлардың
әрекетімен түсіндіріледі. Сыртқы ортамен жүктің өзара әрекеттесуі, қозғалыс
пен тиеп-түсіру жұмыстарын орындау үрдісінде жүкке миханикалық әсердің
тиеуі, жылжымалы құрам мен қойма жабдықтарының кузовтарының бұзылуы.
Жүктердің сапасына үлкен әсерді ауа құраиының ылғалдылығы температурасы
мен газдылығы, шаңдануы, оның құрамында микробиологиялық түрлері мен
жарықтардың болуы тигізеді. Жүк затында айтылған фактордың әсерінен
өнімдердің бөлек түрлеріне тән биохимиялық, физика-химиялық және
микробиологиялық үрдістер жүреді.
Бізге мәлім болғандай ауа құрамына оттегі-19,1%, азот-75,5%, аргон-1,3%,
көмірқышқыл газы-1,05% кіреді. Бұл салыстырмалы тұрақты құраушылардан басқа
ауада су булары, микроағзалар, өлшенген күйдегі шаң тәріздес дисперсті
жүйелер бар.Ауа ортасында су буларының болуы абсолютті ылғалдылықпен, ылғал
сыйымдылығымен, салыстырмалы ылғалдылықпен және шық нүктесімен сипатталады.
Абсолютті ылғалдылық бұл ауаның 1м³ -да бар су буының граммдардағы
саны. Егер осы температурада ауаның толық қанығуы су буларынан орын алса,
абсолютті ылғалдылық Е қаныққандылық деп аталады.
Ауаның ылғал сыйымдылығы температурасында ауаның ылғалды сіңіру
қабілеттілігін сипаттайды.
Ылғал сыйымдылық ауа температурасынан тура тәуелді, сондықтан ауаның
құрақтылық немесе ылғалдылық дәрежесі оның салыстырмалы ылғалдылығымен
сипатталады.
Салыстырмалы ылғалдылық бұл% температурасында ауаның абсолютті
ылғалдылығының оның қаныққандығына қатынасы.
Жүктер сапасына елеулі түрде ауа ылғалдылығы әсер етеді. Осылайша құрғақ
ауа құрғауға әкеліп, бір қатар жүктерді (тері, талшық және т.б.)
технологиялық қасиеттері мен сыртқы түрін нашарлатады. Дымқыл ауа өнімдерде
зеңнің пайда болуы мен шіру үрдістерінің дамуын шақырады, жүктің өздігінен
жылынуы келешекте бүлінуіне әкелетін жүктің салмағында биохимиялық
балсендіретеді.
Температуру, ауа ылғалдылығы, ылғалдануы мен шық нүктесі өз араларында
белгілі бір заңдылықтармен байланысты. Олардың негізінде кестелер,
номаграммалар, диаграммалар және т.б. құрылып, олар бойынша ауаның бір
немесе екі сипаттамасын біліп, басқаларын анықтауға болады.
Жүкке түсетін механикалық әсер статикалық және динамикалық жүктемелер
түрінде білінеді.
Статикалық жүктемелер максимал мәндерге штабельге салынған жүктердің
төменгі қатарларында ие болады. Бұл жоғары жатқандардың күшімен
түсіндіріледі.
Динамикалық жүктемелербөлек жүк орындарының құлауы кезінде тиеп-түсіру
жұмыстарын орындау үрдісінде жүктер соқтығысқанда, маневрлер кезінде
вагондардың соқтығысуы кезінде жылжымалы құрамның дірілдеуі не болмаса
тербелуі әсерінен, әсіресе пойыздық орнықпаған қозғалыс тәртіптерінде
пайда болады.

2.3. Сусымалы жүктердің физика-химиялық қасиеттері және көлемді-салмақты
сипаттамалары.

Физика-химиялық қасиеттер жүктің күйін, оның қоршаған ортамен өзара
әрекеттесуге түсу қабілеттілігін, жылжымалы құрамға тиеп-түсіру
машиналарына, қоймалық сиымдылықтарға, басқа жүктерге және адамдар
денсаулығына зиянды әсер етуін сипаттайды.Физика-химиялық қасиеттерден
елеуші дәрежеде жүкті тасымалдау мен сақтау шарттарын таңдау және оның
ыдысымен орамына қойылатын негізгі талаптар тәуелді.
Шаң сыйымдылығы – қоршаған атмосферадан жүктің шаңды оңай сіңіру
қабілеттілігі. Шаңды сіңіру материалдардың бүлінуіне әкеледі немесе өнімді
шаңнан тазарту мұқтаждығын оны өңдірісте қолдануды тудырады. Жоғары шаң
сыйымдылығымен талшықты материалдар, маталар, былғары бұйымдары, жоғары
ылғалдылықта жүктер және т.б. ерекшеленеді.
Шаңдану-заттың ұсақ бөлшектерінің ауамен орнықты салмақтар құру
қабілеттілігі және ауа ағындарымен жүктің орналасу орнынан елеулі
қашықтықтарға тасылады. Оның айқан үлгісі- көмірді, цементті, ұнды,
бидайды, фрезерлі торфты және басқа жүктерді қайта тиеу мен тасмалдау
үрдістеріне шаңдау.
Шаң қоршаған ортадан газдарды, булар мен радиоактивті заттарды жоғарғы
қабілеттілігімен ерекшелінеді. Бұл ауада уландырғыш заттар мен жоғары
радиация болғанда әсіресе зиянды.
Жүктердің қатты шаңдатуы адамдар жұмысын қиындатады, дәке таңғыштарды,
респераторларды, газға қарсы құралдарды қолдану қажеттілігін туындатады.
Органикалық және металдық шаң белгілі бір топтамада оттың кез келген сыртқы
көзінің әсерінен жануға және жарылуға қабілетті. Тіпті шаңдату өнімнің
едәір түрде азаюына (5-8% дейін) және қоршаған ортаның ластауына әкеледі.
Жүктердің шаңдануының алдын алу үшін ыдыс пен орамды жетілдіру, арнайы
жылжымалы құрам мен тиеп-түсіру құрылғыларын құру, шаңдайтын жүктердің
қоймалардың желдеткіш қондырғыларында сүзгіштерді орнату, жүктердің үстің
қабықшалармен жабу қажет және т.б.
Жүктің әр түріне тасымалдау, қайта тиеу, сақтау шарттарын таңдауға
шешуші әсер тигізетін эәне ыдыс пен орамға талаптарды анықтайтын физика-
химиялық ерекшеліктері сәйкес болады.
Сусымалылық- сусымалы және ақтарма жүктердің ауырлық күштерінің немесе
сыртқы динамикалық күштерінің әсерінен қорғалу қабілеттілігі. Жүктің
сусымалылығы табиғи ығысу бұрышының шамасымен және ығысуға кедергісімен
сипатталады. Табиғи ығысу бұрышы деп жүктің жазықтығы мен штабельдің
негізінің жазық жазықтығы арасындағы екі бұрышты атайды. Табиғи ығысу
бұрышы жүктің түрі мен негізгі физика-химиялық қасиеттеріне тәуелді. Демек,
жүктің ылғалдылығы артқан сайын, оның табиғи ығысу бұрышы да арта түседі.
Жүктің табиғи ығысу бұрышының тыныштықтағы және қозғалыстағы түрлерін
ажыратады. Тыныштықтағы табиғи ығысу шамасы қозғалыстағыға қарағанда
үлкенірек. Кесте 2.1.-де едәуір кең таралған ақтарма жүктердің тыныштықтағы
және қозғалыстағы табиғи ығысу бұрышының шамаларының мәні келтірілген.
Жүкке динамикалық жүктемелер әсіресе дірілдер әсер еткенде ығысу шамасы
нөлге дейін төмендей алады.
Кесте2.1.
Табиғи ығысу бұрышының шамалары.

Ығысуға кедергілесу материал бөлшектерінің үйкеліс күштерінің және
олардың ілінісу күштерінің өз араларында болуымен түсіндіріледі, ол
бөлшектердің бір-біріне тартылысымен шартталған. Жалпы жағдайда сусымалы
салмақтың тепе-теңдік шарты кулон заңымен анықталады:

,
(2.1)

Мұндағы,
ығысуға кедергілесу күші;
жүк бөлшектерінің өзра ілінісу күші;
сығылудың кернеуі;
ішкі үйкеліс күші;
ішкі үйкеліс коэффиценті.

Мінсіз сусымалы жүктер үшін жүк бөлшектерінің ілінісуі болмағанда ішкі
үйкеліс бұрышы табиғи ығысу бұрышына тең. Зат бөлшектерінің ілінісуінің
елеулі күштеріне ылғал және нашар сусылдайтын – тұтқыр материалдар ие.
Жүктің ылғалдылығы артқан сайын оның ілінісу күшінің шамасы да арта түседі.
Кейбір жүктерде ылғалдылық шекті шамаға дейін өскен кезде алдымен арту, ал
содан кейін өнімнің бөлшектерінің ілінісу күштері шамаларының кенет азайуы
жүзеге асады.
Жүктердің көлемді-салмақты сипаттамалары оларды жылжымалы құраммен
қоймаларда орналастырумен байланысты есептеулерде жүктерді сандық тіркеу
үшін пайдаланылады.
Сусымалы және үйілме жүктер бөлшектердің түрлі өлшемдегі және түрдегі
алуан санын көрсетеді. Бөлек бөлшектер мен олардың ішінде бөлшектердің бір-
біріне жанасулардың тығыз еместігімен және капилярлар парларының болуымен
түсіндірілетін бос кеңістіетер бар. Демек, сусымалы және үйілмелі жүктердің
көлемі материал санына ғана емес, бос кеңістіктердің болуы мен мөлшеріне де
тәуелді. Сусымалы және үйілмелі жүктердің тығыздығы жүк салмағында бос
кеңістіктерді есепке ала отырып, көлем бірлігіндегі заттың салмағын
сипаттайды.
Жүк тығыздығы вагондық немесе тауарлық таразыларда өлшеу арқылы не
болмаса зертханалық жолмен анықтала алады. Вагондық таразыларды
пайдаланғанда сыйымдылықтар ретінде вагондар кузовы қызмет атқарады.
Тауарлық таразыларда сыйымдылық ретінде 1м³ сыйымдылықтағы жәшікті
қолданады. 5-8 өлшеуден соң есептеуге алынған тығыздық мәндерінің орташасы
қабылданады.
Ылғалдылықтың күлдің құрамының гранулометриялық құрамның өзгеруі өнім
тығыздығының шамасының өзгеруіне әкеледі. Аталған сипаттамалар өзгергенде
тәжірибелік мақсаттар үшін жеткілікті дәлдікпен жүктің тығыздығын анықтау
үшін мына формула ұсынылады:

, (2.2)

Мұндағы,
жүктің мәлім тығыздығы,тм³;
жаңа жағдайлар үшін жүк тығыздығы,тм³;
өнімнің тығыздығының алғашқы анықтау жағдайлары үшін ылғалдың күлдің
және ұсақ фракциялардың сәйкесінше пойыздың құрамы,%;
жүк салмағындағы ылғалдың күлдің және фракциялардың сәкесінше нақты
пайыздық құрамы,%;
өнімнің 1% сәйкес сипаттамалар өзгергенде жүк тығыздығы шамасының
өзгерісін ескеретін коэффицент.

Кесте 2.2-те едәуір кең таралған жүктер үшін а,в,с түзету коэффиценттерінің
мәндері келтірілген.
Түзету коэффиценттердің мәндері

Сусымалы және үйілмелі жүктердің өзгерісі кезінде жаңа жағдайлар кезінде
оларды есептеу үшін төмендегі формуланы пайдалану қажет

(2.3)

Сусымалы және үйілмелі жүктер тығыздығының мәніне елеуші әсерді
штабельдерді, мерзімдерді сақтау және тасымалдау шарттарын құру тәсілдері
тигізеді.
Жүк тығыздығы жүздік үлестерге дейінгі дәлдікпен анықталуы керек,
себебі бір ондық үлеске қателесу төрт осьті вагондарда өнім салмағын
есептегенде 5-7 айырмаға әкеп соқтырады.Өнім тығыздығын анықтау
периодтылығын айына бір реттен кем емес анықтау оның физика-химиялық
қасиеттеріне тәуелді.
Өзіндік көлем деп жүк салмағының бірлік көлемі аталады. Сусымалы және
үйілмелі жүктер үшін өзіндік көлем болып тығыздығына кері шама табылады.
Өлшеу бойынша жүктер салмағын анықтау.
Бұл әдістің дәлдігі таразыда өлшеудегіден төмен, сондықтан ол тек
салыстырмалы аз бағалы жүктердің салмағын анықтау үшін қолданылады.
Үйілмеде жүкті тасымалдағанда салмағы мына формула бойынша анықталады:

(2.4)

Мұндағы,
вагондағы жүк көлемі, м³;
жүк тығыздығы, тм³.
Жүк салмағын анықтау дәлдігі көрсетілген шамаларды анықтау
дұрыстығынан тәуелді.
Вагондағы жүк көлемі;
Оны кузов шегінде орналастырғанда

(2.5)

Мұндағы,
S-вагон еденінің ауданы, м²;
h-тиеу биіктігі, м.
Борт деңгейінен жоғары тиегенде, яғни “төбешікпен”

(2.6)

Мұндағы,
вагон кузовының шегіндегі жүк көлемі;
-жартылай вагонның борттарынан жоғары тиелген жүк бөлігінің
көлемі, “ төбешік” көлемі.
“Төбешік” қимасында ұшбұрыштың немесе трапецияның формасына ие болуы
мүмкін. Ұшбұрышты қима “төбешіктің” барынша көп мүмкін биіктігі былай
есептеледі:

(2.7)

Мұндағы,
В-жартылай вагонның кузовының ішкі ені, м;
берілген жүктің табиғи ығысудың орташа бұрышына тең
әтөбешіктің” бүйір ығысу бұрышы, град.
750 мм астам тиеу биіктігіде “ төбекшік” қимасын ұшбұрышты деп
қарастырып, осы кезде оның көлемі:

(2.8)

Мұндағы,
тәжірибелік жолмен алынған түзету коэффиценті; 700-950 мм
биіктіктегі “қалпақшалар” үшін 1,05, 950 мм астам биіктікте-1,08 тең.
Трапеция формадағы “төбешік” көлемі ұшбұрышты “төбешіктің” толық
көлемі мен оның шешілген жоғарғы бөлігінің арасындағы айырмасы ретінде
есептеледі:
, (2.9)
Мұндағы,
Z-вагон кузовының ішкі ұзындығы, м;
h-“төбешіктің” шешілген төбесінің биікт ігі, м; трапеция
биіктігі, м;
b-трапеция “төбешіктің” төбесінің ені, м.
Бағдарлық есептер ұшін табиғи ығысу бұрышының келесі мәндерін қабылдау
ұсынылады (град):
Саз балшық ... ... ... ... ... ... ... 4 0
Гравий ... ... ... ... ... ... ... . ... ...39
Күл ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35-45
Әк тас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
Тас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
Кокс, торф ... ... ... ... ... ... .35-40

Бор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Құм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Кен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Тас көмір ... ... ... ... ... ... ... .. ..30
Шлак ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Қиыршық тас ... ... ... ... ... ... .40
Тежелу алаңнан және онсыз платформаға тиелген үйілмелі жүктің
“төбешік” көлемі НЖТКИИ-мен ұсынылған формула бойынша анықталады.
, (2.10)

Кесте 2.3
Вагондардың түрлері үшін “төбешіктердің” барынша көп биіктігі

Кесте (2.4)
Бөлек жүктер үшін “төбешік” төрін таңдау

Жүк тығыздығы, табиғи еңіс бұрышы мен “төбешік” өзара байланысқан
екендігі орнатылған. Сондықтан жүктердің бөлек түрлері үшін көрсетілген
көрсеткіштердің мәндеріне байланысты “төбешіктің” едәуір оңтайлы түрін
ұсынуға болады.

2.3 Сусымалы жүктердің жалпы мінездемесі

Сусымалы жүк деп көпшілік сусымалы жүктерді, тасымалға орын есебінсіз
және орамсыз қабылданған жүктер: көмір, кен, торф, құрылыс материалдарын
және т.б. атайды. Тасымал, сақтау, тиеу кезіндегі ақтарма жүктердің негізгі
физика- механикалық қасиеттері: бөлшектің түрі және мөлшері, ұсақталған
немесе кесектелген құралы, үйілген тығыздығы, ылғалдылығы, табиғи құрамының
бұрышы, жабысқақтығы, улылығы, жарылыс қаупі, өз-өзінен жану, аққыштық және
қату қабілеттілігі, коррозияға ұшырауы.
Ақтарма жүктерді тасымалдау және сақтау шарттарына тәуелді шартты түрде екі
топқа бөлінеді: Біріншіге көмір, торф, қыйршық тас, ұсақталған тас, құм,
саз, қант қызылшасы, бұт тасы, сланец және т.б, яғни жарты вагонда,
платформада тасымалданатын, ашық қоймаларда қатарластырып немесе толғанша
жиналып сақталатын жүктер жатады. Екінші топқа цемент, сөндірілмеген әк,
алибастер кіреді. Жабық немесе арнайы вагондарда тасымалданатын минералды
тыңайтқыштар және басқа жүктер жабық қоймаларда элеваторда немесе қалқа
астында сақтайды.
Сусымалы жүктерді тасымалдау кезінде жабық вагондарда есік кедергісі
қолданылады (тақта, қалқа, сонымен бірге жоғалған жүктер).
Сусымалы жүктер тұрақты ағынмен сипатталады. Оларды тиеу және түсіру
негізінен ірі мекемелерде топталған, бұл тасымалды маршруттауға кең енуге
үлкен мүмкіндікті құрайды.
Жүктің көліктік сипаттамасына тек қана жүктің физикалық қасиеті ғана
емес,оның массасы, көлемі атмосфералық әсерді қабылдағышты, қоршаған ортаға
әсері, қауіп, ,деңгейі, орама түрі, оның сапасы, габариттік мөлшері және
т.б. жатады.
Жүктің көліктік сипаттамасы жүктерді жасаудың технологиялық
процесстерін өңдеудің және жеткізуді оптималды әдістерін таңдау кезінде
ескерілуі керек.
Сақтау және тасымалдау процессі кезінде көптеген жүктерде әр түрлі
механикалық климаттық, биологиялық сыртқы факторлар әсерінен, жүктерді
пайдалану және сақтау шарттарын жасау кезінде ескеру керек, сапалық және
сандық өзгерістер болады.
Көлікке түсетін жүктер үш топқа бөлінеді: шикізат, шала бұйым және
дайын өнімдер.
Жүктердің жіктелуін және тасымалдау шарттары тобы бойынша өңдеу
мақсатындағы белгілері бойынша көліктік деп атайды.
Барлық жүктер басты, тиелетін және құйылатын тез бұзылатын болып
бөлінеді. Тасымалдау және сақтау үшін ақтарма жүктер арнайы жылжымалы құрам
және қойманы қажет етеді.
Жүктің сапасы олардың қалыптылығын анықтайтын маңызды белгілердің бірі
болып табылады. Жүктің сапасы арқылы жарамдылығын және оны сақтау
тасымалдау аяқталғанға дейін қолдануын анықтайтын қасиеттер жиынтығын
түсіреді.
Жүктің қасиетін және оның сапасын анықтайтын үш негізгі әдіс белгілі,
бұлар: лабараториялық табиғи және мүше жәрдемі әдісін қолдану кезінде
жүктердің сапасы және қасиеті адамның сезім мүшелерін көз, дәм және есту,
түйсік сезімі, иіс сезімін пайдалану арқылы анықталады.Осы түрде жүктің
және қораптың ұсақталған құрамы,түсі, иісі, ластануы, бүлінуі, зақымдалуы
және т.б. сыртқы түрі анықталады және бағаланады. Осы әдістің артықшылығы:
қолдануға қол жетерлік, қарапайымдылық және орындалудың жоғары жылдамдығы,
зерттеу кезіндегі өнімнің шығынның болмауы. Кемшілігі: бағалы
субъективтілігі, жүктің сапалық сипаттамасын анықтай алмау.
Сусымалы жүктерді сақтау және тасымалдау кезінде арнайы сәйкес
шарттарды, яғни желдеткішті пайдалануды қамтамасыз ету керек. Өздік қызатын
жуктер үшін қышқылдану реакциясы жүк массасынан жылуды шығаруды қамтамасыз
етпесе, олардың өздік жануына алып келеді.
Бұл факторларды қойма және жүк фронтын мамандандырү және орналастыру
кезінде жүк операциясы өндірісінде және осы жүктерді тасымалдау процессінде
ескеру қажет.

2.5 Жүкті тасымалдауға дайындау

Жүкті тасымалдауға бермес бұрын жүк жөнелтуші оны вагонның жүк
көтергіштігін (сыйымдылығын) толық пайдалануды есепке ала отырып жол
бойында жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тасымалдауға жарамды күйге
әкелуге тиісті. Жүкті дайындағанда мыналарды ескерген жөн: жүкті
тасымалдайтын жылжымалы құрам түрі; оны вагонда орналастыру тәсілі; тиеу
және түсіру
(қолданылатын механизация құралдарын ескеріп) тәсілі; тасымалдау ұзақтығы
және ауа-райы жағдайларының өзгеру мүмкіндігі ( ылғалдылық, температуралық
тәртіптер, күн радиациясы және т.б); басқа жүктермен қатынаста болу
мүмкіндігі. Жүктерді үйілме түрінде тасымалдағанда ерекше көңіл ыдыстағы
немесе орамдағы тасымалға ұсынылатын өнімнің ылғалдылығына- стандарттардың
немесе техникалық шарттардың талаптарына төзімділігіне аударылады.
Төгілуден үйілмелі жүктердің кемуін азайту мақсатында вагондарды
дайындау тасымалданатын жүк түрінен, оның гранулометриялық құрамы мен
ылғалдылығынан тәуелді бос вагондардың дифференциалданған таңдамасын
бекітеді, вагондарды кешенді дайындау бекеттерінде жөндеу самасын
арттыруды, сонымен қатар ұсақ фракциалы үйілмелі жүктерді тасымалдағанда
жұмыстарды орындау технологияларын жетілдіру мен едәіур нәтижелі әдістерді
енгізу есебінен конструкциялық саңлауларды бітеуді бекітеді. Жүктерді
жаппай тиеу бекеттерінде вагондардың қажетті қорын құрудың тиісті
бақылауын жүргізуді, вагондық қызметтер басшыларының жауапкершілігін
арттыруды жүргізген жөн. Сонымен бірге вагонды парктың қауіпсіздігін
қамсыздандыру бойынша елеулі әрекеттік шараларды қабылдау қажет.
Жөнелту стансаларында жүкті қабылдауға алғанда жүк және коммертциялық
операцияларды дұрыс әрі нақты орындау жүктердің қауіпсіздігіне алушыларға
олардың уақытылы жеткізілуіне және жылжымалы құрамды пайдалану мен
шаруашылық есеп, өзін-өзі ақтау және өзін-өзі қаржыландыру жағдайларында
әсіресе маңызды жолға тиесілі барлық тасымал төлемдеріне ашындарына және
айып-пұлдарына үлкен септігін тигізеді.
Жүк тасымалдауға жалпы пайдалану орындарында (стансалық қоймалар мен
алаңдар) және жалпы емес пайдалану орындарында (реліске жақын қоймалар мен
алаңдарда қабылдана алады.
Жалпы пайдалану орындарында жүктерді қабылдағанда оларды жөнелту
бойынша жүктік және коммерциялық операцияларда төмендегі тәртіпте
орындайды.
Жөнелтуші тасымалға берілетін жүктің тасымал құжатын жүк алаңына жүкті
енгізу күнінің алдынан кеш емес оны тауарлық кеңсеге ұсынады. Тауарлық
кассир тасымал құжатының дұрыс толтырылуын, бұл тасымал жоспармен
құрастырылған ба және жоспарда позиция номірін көрсетуді, осы мезетте
тағайындалу стансасына тиеудің уақытша қиымы әсер ете ма және жөнелтілген
жүктің ол операциялар үшін ашық па соны тексереді. Осыдан кейін кассир
накладнойды станса бастығына немесе таурлық кеңсенің меңгерушісіне тиеуге
рұқсат алу үшін береді.
Накладнойда көрсетілген күні жөнелтүші жүкті тауарлықоймалық кеңсеге
кіргізіп, қабылдап-жөнелтушіге тасымал құжатымен бірге ұсынады. Қабылдап-
жөнелтуші трафарет немесе стандарт бойынша жөнелтілімдегі ыдысты және дара
жүктердің жалпы салмағын анықтау дұрыстығын тексереді; жүкті өлшейді;
жөнелтуге жүктерді қабылдау кітабына тіркеу арқылы қоймадағы жүктердің
материалдық есебін ашады. Бұл кітапта күн тізбелік жыл бойы қабылданған
жөнелтілімдердің тізбекті нөмерленуін жүргізеді. Егер стансада жүкті әр
түрлі қабылдап-жөнелтушілермен қызмет көрсетулердің бірнеше бекеттерде
қабылданса онда әр бекет үшін өзінді кітап жүргізіледі, ол үшін басқа
кітаптарда жыл барысында нөмірі қайталанбас үшін реттік нөмірлердің белгілі
бір саны бөлінеді. Майда жөнелтпелердің әр орнына қабылдап-жөнелтуші темір
жол маркасын салып, накладнойда осы маркировканы және жүк салмағын
көрсетеді.
Жалпы пайдалану орындарында жүкті қабылдап-тапсырғанда жол олардағы
пакеттер мен жүк орындарының санын пакеттерді өңдеусіз сырттай қарау және
салмағын тексеру бойынша тексереді. Бүлінген пакеттерді тарқатып, бүлінген
орындарды жүктің салмағы мен күйін тексерумен береді. Жөнелтушіден жүктерді
төсемдерде қабылдай отырып станса бос немесе жүктік төсемдердің дәл сондай
санын оның мекен жайына беруі тиіс, ол үшін стансада төсемдердің айыбас
паркі болуы керек. Жүктің тағайындалуы стансасында жүкті қабылдаушыға
төсемдер мен бірге береді, ол өз кезегінде стансаға бос немесе тиелген
төсемдердің дәл сондай санын қайтаруы қажет. Төсемдер болмаған жағдайда
жүкті қабылдау немесе беру күннің нөл сағатынан бастап айырбас бес
тәуліктен артық емес уақытқа ұзартылады. Бұл мерзім өткен соң орындалмаған
жоқ төсемдердің құнын бес есе мөлшерде өтейді.

2.6 Тапсыру мен сақтау тәртібі

Стансада жүкті тапсыру мен шығару үшін қабылдаушы қабылдап жөнелтушіге
накладнойды ұсынады. Осы құжаттарды қоймада орналасқан жүкке сәйкес
екндігін көзі жетіп және сақтау немесе ФДУ-92 жинақ картішкесіне оны
тіркелу үшін берілгендер жазбасының төлемінің бар екендігіне куәланып,
қабылдап-жөнелтуші оған жүкті береді. Қабылдап-жөнелтуші жүкті беріп
накладнойдың артқы бетінде “жүкті шығару” бағанында беру күні мен айын,
жүктің орын саны мен салсағын көрсетеді. Түсіру кітабында автомобиль нөмірі
және беру күні көрсетеді.
Үйілмелі жүктерді тапсырғанда әр тасымалдауға өнімнің бүкіл салмағының
0,7% мөлшеріндегі табиғи кему нормасы ескеріледі үйілмелі жүктерді ашық
алаңдарда сақтайды. Сақтау үрдісінде үйілмелі жүктер номер штабельдеріндегі
үрдістерге ұқсас қышқылдану үрдістерінің нәтижесінде өздігінен жануға және
өздігінен қызуға бейім келеді. Өздігінен қызу және өздігінен жану қарсы
үйілмелі жүктердің қоймаларында шаралар ретінде штабельдердің бүйір
ығысуларын қабаттық нығыздау өте тиімді және пайдалы болып табылады.
Тағайындалу стансасында келген маршруттың жүгін тапсыру кезінде жолға
ағытылған вагонға коммерциялық акт құрады. Акттің көшірмесін қабылдаушыға
береді. Вагонның келуі бойынша бұл акт жолға қайтарылуы керек.
Ұзақ сақтау кезінде торф ауаның оттегісімен әрекеттесуі нәтижесінде
жүктердің көпшілігінде өтетін химиялық, биохимиялық және физикалық үрдістер
салдарынан өздігінен қызуға және өздігінен жануға ұшырайды. Торф
температурасы 65-75ºС артық өскенде оттегінің әсерәнен ол тұтанып, өртке
әкеп соқтырады.
Асфальтті немесе бетонды төселуі бар ашық алаңдарда сақтағанда кенді
үйілмелі жүктерді өздігінен қызуы мен өздігінен жануының алдын алу үшін
штабельдер биіктігін шектейді. Қоймалардың жүк алаңдарында үйілмелі
жүктерді сақтаудың шетті мерзімі 5 тәулікті құрайды. Үйілмелі жүктерді
жөнелтушілер мен қабылдаушылар қоймаларында сақтау мерзімдері әдетте едәір
көп.
Өздігінен қызу шақтарының орындары үйілмелі жүктер штабельдері
беткейлерінің күйінің сыртқы белгілері бойынша анықтама алады:
- штабель бетіндегі дымқыл дақтар немесе жаңбырдан соң бөлек
орындардың құрғақ немесе ақ дақтардың пайда болуы мен күндізгі
уақытта немесе жаңбырдан соң тез кебуі;
- штабель үстінде таңертеңгі және кешкі сағаттарда жылы ауадағы
аздаған тұманның пайда болуы;
- кеппеген дымқыл дақтардың болуы;
- штабельдің қарлы жамылғысында ерулердің пайда болуы;
- көмірсутектің күкіртті қосылыстардың иістерінің және аздаған
ақ немесе көгілдір түтіннің пайда болуы;
- түнгі уақытта ұшқындау.
Алайда көмір штабельдерінің күйін тек сыртқы белгілер бойынша бақылау
жеткіліксіз. Үйілмелі жүктерді он күннен сақтағанда штабель ішіндегі
үйілмелі жүктердің температурасын жүйелі түрде өлшеу қажет. Ол үшін +150ºС
дейінгі шкалалы сынаптық термометрлерді пайдаланады. Мұндай термометр
металл білікке салынған, ал сынапша машиналық майға матырылған. Бұл белгілі
бір уақытта термометрді бақылау құбырынан алған соң оның көрсеткіштерін
сақтауға мүмкіндік береді. Температураны өлшеу үшін термометрді баумен
қажет тереңдікке бақылау құбырына батырып, 30 мин бойы ұстайды.
Жалпы пайдалану орындарында түсірілетін жүктерді олардың қасиеттеріне
байланысты жабық қоймаларда немесе ашық алаңдарда орналастырып сақтайды.
Штабельдердің барынша көп орнықтылығын, жүктің бүтіндігі мен қауіпсіздігін
және де қызметкерлердің қауісіздігін қамтамасыз ететін төсеу тәртібі мен
биіктігін ұстану қажет. Қаптардағы, жүктердегі жүктер үшін штабель биіктігі
механизмдерді қолдағанда 6м көп емес немесе қолмен төсегенде 3м асады.
Қойма алаңында жүктердің штабельдерінің арасында өткелдер қалдыру керек,
олардың ені қоймада қолданылатын механизация құралдарынан тәуелді болады.

3.1. Тасымал шарттары және ережелері.

Жіберуші жүкті тасымалға дайындай отырып, накладнойға “Орын саны”
графасын басып көрсету керек. Тасымалға қораптағы жүкті орын есебінсіз,
бірақ жүк жіберуші тілегі бойынша, егер бір вагондағы орын саны 1500
аспаса, онда лоарды орын есебімен қабылдауға болады.
Сусымалы жүктерді вагон таразысында вагон тіркеусіз, бірақ таразы
алаңында олардың тұруынсыз өлшейді.
Қорап массасын трафарет бойынша қабылдайды. Үйілмелі жүк массасын өлшеу
бойынша анықтауға болады.
Жол кірісіндегі маршруттан тіркеуді ақаулық салдарынан зерттеуді жалпы
түр акт бойынша хаттайды. Тіркелген вагон үшін жеткізілетін жол
ведомоствасын құрайды, ал маршруттық накладной және жол ведомостысында акт
және жеткізілетін жол ведомостысы номері көрсетілетін тіркеу жөніндегі
белгі жасалынады.
Акт көшірмесін қабылдаушыға береді. Вагон келуіне дейін осы акт жолға
қайтарылуы мүмкін.Өзінің көлемі бойынша кокстың және көмірдің тасымалдануы
темір жол көлігінде жүк айналымының көп бөлігін құрайды. Тас көмірлер
сорттарының және маркалардың үлкен санына бөлінеді. Олар әдетте түсіру
кезінде әр түрлі көмірлердің араласуын болдырмауда тасымалданатын
құжаттарда көрсетеді. Көмірді сақтаудың тасымалдануы кезінде оның өз-өзімен
жануы, желдетуі, қатуы, бөлшектелуі сияқты қасиеттерін білу қажет. Тас
көмірді және коксты тек жартылай вагондарда тасымалдау керек. Жартылай
вагондар түзетілуі керек және жіберілетін техникалық шарттардан көп емес
түсірілетін люктерде саңылауларға ие. Кокстелетін көмірлердің жүктелуінде
берілетін жартылай вагондар құм және қоқысқа ие болмауы керек. Жүктелген
вагондар өлшенеді және вагонның
жүктелуінің жіберілетін техникалық нормамен сәйкес жүктелініп аяқталады
немесе жүктелінбейді, яғни дозалау жүргізіледі. Көптеген шахталарда
жүктемемен өлшену біріктірілетін бункерлі жүктемелі-өлшеуіш құрылғылар
пайдаланылады және дозалау қажететіледі.
Торф аздаған қашықтықта тасымалданады. Торфті тасымалдау үшін
өсірілген астауы бар қарпайым жартылай вагондар немесе мақсаттық металдық
торфтар-хопперлер пайдаланылады.
Кен және флюстер жылжымалы құрамнан сақиналық маршрутты құрайтын бөлек
бағытталуларда артық жөнелтілетін маршруттармен тасымалданады.
Флюстердің және кендердің тасымалдануы үшін жартылай вагондар, сондай-ақ
арнайы жылжымалы құрам пайдаланады. Кендік топтау, сирек металдардың
топталуы және кендері котейнерлерде тасымалданады.

3.2. Жылжымалы құрамның коммерциялық тексерілуі және жылжымалы құрамға
қажеттіліктер

Міндеттемелерге жататындар: техникалық станйиялардағы вагондардың
өткізілуі және қабылдануы, коммерциялық қатынаста вагондардың және
поездардың тексерілуі, вагондардың жолдан жолға берілуін хаттау,
контейнерлерді жәнеұсақ жөнелтулерді іріктеу, жолдар арқылы берілуі
кезіндегі габаритті емес жүктердің күйін тексеру, бір соқпақ вагонынан
келесісіне,сондай-ақ көліктің басқа түріне жүктеу, жойылу орындарындағы
маршруттарды адрестеу, жүктердің күзетілуі және т.б.
Іздеу жолдарының қосымша операцияларына қайта адрестеу, коммерциялық
түзетулерді шығару, жүктің тексерілуі жәнежеткізілуі, коммерциялық немесе
техникалық түзетулердің бір вагоннан келесі вагонға тиеу жатады.Мұндай
операциялардың қажеттілігі тасымалдау шарттарын және ережелерін бұзған
кезде пайда болады.
Жүктің ұласатын жолы бойынша станциялардағы вагондардың қабылдануы және
жіберуі. Станцияға поездің келуі бойынша поездің бір жолдан екінші жолға
ауысуында поезді локомотивтің жүргізушісі станция бойынша кезекшіге
құжаттары бар пакетті өткізеді. Техниклық кеңсенің операторы немесе станция
бойынша кезекші поезға берілген құжаттардың керек-жарақтыларына сенеді,
тасымалданатын құжаттардың қабылдануын немесе жіберілуін, поездің нөмірін,
құжаттарды қабылдау уақытын және күнін, жүргізушінің тегін кітапқа жазады.
Барлық жолдың ведомосттарда техникалық кеңсенің жұмысшылары арнайы
қарастырылған нормаларда және олардың нөмірлерінің Қатаң жалғасқан тәртіпте
жолдық ведомосттің келесі бетіне станцияның калердарлық мөрін қойып шығады.
Календарлық мөр бойынща жүктің ізделу жолын орнатады. Одан тәуелділікте
тонна-километр жолдарда жүктердің тасымалдану көлемін анықтайды, жүкті
жеткізуге жазықты жолды орнатады, және т.б.
Тасымалданатын құжаттардың және жүктелген вагондардың берілуі, сондай-ақ
бір жолдан екінші жолға ауысу орындарындағы поездардың ауысуын есепке алу
болып тораптардың толығымен, контейнерлердің жәнежүктелген вагондардың
балансты санының анықталуы, жүктің өз уақытында жеткізілуі және сақталғаны
үшін жолдар арасындағы жауапкершілікті шектеу үшін негіз болып қызмет
етеді.
Коммерциялық тексеру орнының технология жұмысы. Жалғасу жолдарындағы
вагондардың жәнепоездардың коммерциялық тексерілуі-тасымалданатын жүктердің
сақталуының және поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаппай тасымалданатын жүктердің тасымалдау технологиясы
Жүктердің физика - химиялық қасиеттері
Көлік желісінің фрагменті
Ақтармалы жүктер
Үйіп - тиелетін жүктерді тасымалдау
Металлургиялық кәсіпорын көліктері
Орташа тоннажды контейнерлер алаңы
Пневматикалық көлік
Жүк тасымалдау
Жүк көтергіш машиналары
Пәндер