Қазақ баспасөзінің пайда болу тарихы
КІРІСПЕ
І ТАРАУ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
І.1 Қазақ баспасөзінің дамуы және көтерген негізгі мәселелері
І.2 Қазақ баспасөзінің ұлт қоғамындағы саяси және әлеуметтік мәні
ІІ XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және баспасөз
ІІ.1 ХХ ғасыр басындағы газет . журналдардың әдебиетті дамытудағы рөлі
ІІ.2 Қазақ баспасөзінің ағартушылық қызмет пен кітап баспа ісін насихаттаудағы маңызы
ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ әдебиетінің тарихында ХХ ғасырдың басы − зиялы қауымның ұлт тарихында саяси-әлеуметтік және рухани төңкеріс жасаған кезеңі. ХХ ғасыр басындағы ұлт қоғамы − Алаш идеясы мен кеңес үкіметінің саяси өкіметке талас туғызған, алмағайып уақытты басынан кешті. Елдің келешегі мен сол тұстағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, сауатсыздықпен күресу яғни ағартушылық және өз алдына мемлекет құрып ұлт бостандығы үшін күрес жүргізу сияқты өзекті мәселелер – ұлт зиялыларының алдына күрделі де жауапты сұрақтарды қойды. Әрбір оқыған көзі ашық, санасы ояу азамат ел үшін ұран тастап, тізе біріктіргендердің қатарынан табылды және бір идея аясында жұмыла қызмет етті. Олар алдарына Ресей империясы секілді ұланғайыр күштің иесі көрші мемлекеттердің ықпалында қазақ халқының рухын жоғалтып алмау, өздеріне ата-бабадан мирас болған халықтық сипатты танытар салт пен дәстүрді, тіліміз бен дінімізді аман сақтау сияқты ел мен жер мәселесін жеке мақсат-мүдделерімен астастырды.
Міне, осы орайда қазақ зиялылары бастауын ХІХ ғасырдың екінші жартысынан алатын баспасөз тарихын көркейтуді, жалғастыруды қолға алды. Осы тұстан, яғни ХХ ғасырдың басынан қазақ баспасөзінің тарихы жаңа бағытта дамып, әртүрлі ұстанымдағы мерзімді басылымдармен толықты. Әрбір басылымның әрқилы тағдыры, мерзімді өмір сүрген уақыты, сондай-ақ мақсаты мен мүддесі және оған жету жолдары, яғни стратегиясы болды.

1. Ш.Уәлиханов. Қазақтардағы шамандықтың қалдығы.// Кітапта: Қазақ бақсы-балгерлері. Ана тілі.Алматы,1993.)
2. М.И. Фетисов «Зарождение казахской публицистики» // Кітапта: Т.Кәкішев. Қазақ әдеби сынының тарихы. А., Санат, 1994.
3. Х.Бекхожин. «Қазақ баспасөзінің даму жолдары». А., Қазақ мемлекет
баспасы,1964.
4. «Қазақ», №167,1916. // Кітапта: Т.Кәкішев. Қазақ әдеби сынының тарихы.
А., Санат, 1994.
5. «Дала уалаятының газеті». Әдеби нұсқалар. Құрастырушы:Ү.Сүбханбердина. А.,1990
6. Қазақ әдебиетінің тарихы. /ХХ ғ.бас кезі. 1900 – 1917/ А.,ҚазАқпарат,2006.
7. Б.Кенжебаев. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Білім. Алматы,1993.
8.Исаев С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы. / С.Исаев. – Алматы:Қазақстан, - 1983. – 180бет.
9.Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі / Б.Әбілқасымов. – Алматы: Мектеп, 1971. – 241бет.
10. Субханбердина У. Дала уалаятының газеті (Қазақ, 1898, №10): 5томдық/У.Субханбердина.–Алматы. Ғылым,1989.
11. Бекхожин Х Қазақ баспасөзінің тарихының очеркі / Х.Бекхожин. Алматы:Ғылым, 1981. –169бет.
12. Ш.Елеукенов. Мағжан. Өмірі мен шығармагерлігі. Алматы. Санат,1995.
13. Д. Қамзабекұлы. Алаш және әдебиет.Астана. Фолиант,2002.
14. Қозыбаев С. Әлем баспасөзі тарихынан. / С. Қозыбаев, А. Рамазанова, Қ.
Аллаберген. –Алматы: Санат, 1998. – 300 б.
15. Бейсембаев С.Б Вопросы историй Компартий Казахстана. /С.Б.Бейсембаев.– Алматы: Ғылым, 1961. – 198с.
16. Бектемісов Ә Жан азығы. / Ә.Бектемісов. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 144б.
17. Игенбаев А. Батыр Красной гвардий. / А.Игенбаев.//Казахстанская правда 1977. – 9 апрель.
18. Валиханов.Ч.Ч Собрания сочинений. / Ч.Ч.Валиханов. – Алматы:Ғылым.– Т.1., 1989. – 389с.
19. Баянов З. «Лениндік» Правданың тілшісі . / З.Баянов. – Алматы:Қазақстан, 1974. – 218бет.
20. Дала уалаятының газеті / Киргизская степная газета. / Құраст. Субханбердина. – Алматы: Ғылым, 1994. – 816 бет.
21. Дулатова.Д Шоқан – тарихшы. / М.Дулатова. – Алматы: Казахстан, 1976.
– 67бет.
22. Жақсыбаева Р. Баспасөз тілінің ерекшеліктері. / Р.Жақсыбаева // қазақ тілі мен әдебиеті. – 1999. - №3. – 20-22 бет.
23. Игенбаев А. Батыр Красной гвардий. / А.Иге Казахстанская правда. 1977. – 9 апрель.
24. Р.Нұрғали. Қазақты ақ жолға саламыз десек.//Әуезов және Алаш. Алматы.Санат,1997.
25.Ө.Әбдіманов. «Қазақ» газеті. Алматы.Қазақстан,1993.
26. Р.Нұрғали.Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш.//Әуезов және Алаш.Алматы.Санат,1997.
27. З.Е .Қабылдинов, А.Т.Қайыпбаева Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр-1914жыл). Алматы: Атамұра, 2008. 352 бет.
28. Ж.Аймауытов.Псиқолоғия.Алматы. Рауан,1995.
29. М.Жұмабаев. М.Жұмабаев шығармалары. 2,3 том. Алматы. Білім,1996.
30.А.Байтұрсынов.Шығармалары. /өлеңдер, аудармалар, зерттеулер/.Алматы.
Жазушы,1989.
31.Ж.Аймауытов,М.Әуезов.Абайдың өнері һәм қызметі.//Кітапта: Абайды оқы, таңырқа... Алматы. Ана тілі,1993.
32. «Қазақ» газеті. / Бас редакторы Ә. Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы-энциклопедиясы, 1998. – 560 бет.
33. Қозыбаев С. Әлем баспасөзі тарихынан. / С. Қозыбаев, А. Рамазанова, Қ.
Аллаберген. –Алматы: Санат, 1998. – 186 б.
34. Русская периодическая печать. – Справочник. – Москва: Просвещение, 1959. – 533с.
35. Бектемісов Ә Жан азығы. / Ә.Бектемісов. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 144б.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы Қазақ әдебиетінің тарихында ХХ ғасырдың
басы − зиялы қауымның ұлт тарихында саяси-әлеуметтік және рухани төңкеріс
жасаған кезеңі. ХХ ғасыр басындағы ұлт қоғамы − Алаш идеясы мен кеңес
үкіметінің саяси өкіметке талас туғызған, алмағайып уақытты басынан кешті.
Елдің келешегі мен сол тұстағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, сауатсыздықпен
күресу яғни ағартушылық және өз алдына мемлекет құрып ұлт бостандығы үшін
күрес жүргізу сияқты өзекті мәселелер – ұлт зиялыларының алдына күрделі де
жауапты сұрақтарды қойды. Әрбір оқыған көзі ашық, санасы ояу азамат ел үшін
ұран тастап, тізе біріктіргендердің қатарынан табылды және бір идея аясында
жұмыла қызмет етті. Олар алдарына Ресей империясы секілді ұланғайыр күштің
иесі көрші мемлекеттердің ықпалында қазақ халқының рухын жоғалтып алмау,
өздеріне ата-бабадан мирас болған халықтық сипатты танытар салт пен
дәстүрді, тіліміз бен дінімізді аман сақтау сияқты ел мен жер мәселесін
жеке мақсат-мүдделерімен астастырды.
Міне, осы орайда қазақ зиялылары бастауын ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан алатын баспасөз тарихын көркейтуді, жалғастыруды қолға алды. Осы
тұстан, яғни ХХ ғасырдың басынан қазақ баспасөзінің тарихы жаңа бағытта
дамып, әртүрлі ұстанымдағы мерзімді басылымдармен толықты. Әрбір басылымның
әрқилы тағдыры, мерзімді өмір сүрген уақыты, сондай-ақ мақсаты мен мүддесі
және оған жету жолдары, яғни стратегиясы болды. Олардың асыл
мұраттарын паш ететін ой-идеялары баспасөз бетінде жарық көріп, бұқара
халыққа тарады. Олар баспасөз арқылы халықпен өз ой-идеяларымен бөлісіп,
ағартушылық мақсатындағы саяси ақпараттар таратты. Олардың идея-
мақсаттарының бірінші кезеңі халықтың санасын ояту, сауаттандыру,
ағартушылық бағытта алғашқы мектептерді ашу т.б. болатын. Сонымен бірге ел
аузындағы халық әдебиетінің нұсқаларын жинап жариялау, сол тұстағы
көзіқарақты ел өкілдерімен хат-хабар алысып, жазғандарын баспасөз бетіне
шығарып, ой бөлісу, халықтың талқысына салу. Әрине, алдымен осы идеяға
жұмылып, ел басқаруға белдерін бекем буып отырған зиялы қауым өз жазбалары
мен идеяларын публицистикалық мақала, көркем шығарма түрінде жазып, оқырман
қауымға ұсынып отырды. Баспасөздің әр дәуірдің, кезеңнің деректерін
жинақтаған мұрағаттық сипаты да бар, ондағы материалдар уақыттың айнаға
айналған кепілдемелері, таптырмайтын және қайталанбайтын автордың өз
қолымен өңделіп тапсырылған дүниелері. Біздің дипломдық жұмысымыздың
тақырыбы − баспасөздің ұлт әдебиетіне қызметі немесе өзара байланыстары.
Зерттеу жұмысының өзектілігі Қазақтың халық ретінде өз мәдениеті мен
әдебиетін және осыған дейінгі сатылық үрдіспен өз діні мен тілін қорғап,
қолдап оның келешегі үшін күрескен қазақ зиялыларының айқын еңбегінің ең
бір көрінісі болған ХХ ғасыр басындағы қазақ басылымдарының ұлт тарихына
еткен қызметін жеке − дара қарастыруында.
Диплом жұмысы қазақ баспасөзінің дәлірек айтсақ, ХХ ғасырдың І
жартысындағы мерзімді басылымдардың ұлт әдебиетіне қызметі және өзара
байланысын нысан етеді.
Зерттеудің мақсаты Елдікті мақсат еткен, бірлікті уағыздаған, ұлт
құндылықтарын таза қастерлеп сақтауды көздеген зиялы қауымның басылымдар
арқылы ұстанған позициялары мен көзқарастарының мәнін баспасөздегі
қызметтерімен байланыста ашу болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты қазақ баспасөзінің пайда болу тарихы,
атқарған қызметі, міндеттері, көздеген мақсаттарының қандай болғандығы және
қазақ әдебиетінің өркендеуі мен жанрлық дамуына қосқан үлесін деректік
тұрғыда қарастырып, мәлімет беруінен тұрады.
Зерттеу жұмысының міндеттері Диплом жұмысы алдына қойған мақсатқа
қол жеткізуі үшін мынадай міндеттерді алдына қойды:
− диплом жұмысы өз нысанына келместен бұрын қазақ баспасөзінің тарихын
қарастырды;
− ХХ ғасыр басындағы басылымдар туралы деректерді жинақтау;
− баспасөздің негізгі жанры – публицистиканың пайда болуы , дамуы;
− қазақ баспасөзінің халық ауыз әдебиеті жанрларын жинаудағы
қызметтері;
− ХХ ғ. басындағы көркем шығармалардағы адами болмыстың ашылуы;
− қазақ жазушыларының ұлт әдебиетін көркейтудегі ілгерілеу
үдерістерінің тақырыптық аяда көрінуі;
− ұлт әдебиетінің көркемдік эстетикалық жетістіктерінің оқырман
қауымға мерзімді басылымдар арқылы таралуы, тәрбиелік қызметі;
− ХХ ғ. б. ағартушылықтың өзекті мәселесі және баспасөз қызметі; тб.
Зерттеу нысаны ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және мерзімді
басылымдар туралы деректер.
Зерттеу пәні ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы және қазақ
баспасөзінің тарихы, ХХ ғ. б. қазақ басылымдары туралы монографиялар.
Жұмыстың зерттелу деңгейі Қазақ әдебиетінің тарихы оқулығында,
монографияларда, Журналистика тарихында қарастырылған.
Зерттеу жұмысының дерек көздері ХХ ғ. алғашқы кезеңіндегі қазақ
әдебиетінің тарихы, қазақ баспасөзі тарихы, журналистика оқулықтары.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі қазақ
әдебиетінің тарихы, журналистика бойынша монографиялар және оқулықтар.
Зерттеу жұмысының әдістері салыстыру, талдау, деректік негіздеу
т.б.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні
арнайы курстарға материал ретінде
пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспе‚ негізгі бөлім‚ қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімен тұрады.
І ТАРАУ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
Адам жаратылысының басты биологиялық құбылысының бірі – тіл, яғни,
бұрыннан келе жатқан ұлы сөз тіл – байланыс құралы екені етенеден
түсінікті. Әлбетте, тілді сөз құрайды, сөзден сөйлем құралып, сөйлемде ой
болары анық. Ал әрбір адам өз мүмкіндігінше айтар ойын әшекейлеп,
көңілдерге сәуле түсіретіндей күмбезін биік етіп көркемдеп жеткізеді.
Осы сөздің ғылымы, ғылымның ешбір пәні қалыптаспай тұрғанда пайда
болған ойды әрлеу, байыптап, (Ахмет Байтұрсынов қолданғандай) көріктеп
жеткізу – сөз өнері (Зейнолла Қабдолов) болса керек. Яки, әдебиет – асыл
сөз.
Әдетте, әр халықтың әдебиетінің, яғни сөз өнерінің ертеден,
ежелден, тіпті сонау ықылым заманнан деп іргелей беретін болса, әріге кете
беретін пайда болу түбі немесе шығу тегі ғалымдар тарапынан алғашқы ым
қағысу, жеке (қазір әріппен таңбаланып түсіндіріледі) дыбыстық үндерден
пайда болып дамыған т.б. секілді ғылыми болжамдарға толы болып келеді.
Міне, табиғаттың осы жаратылысының жұмбағы Шоқан Уәлихановтың
алғашқы адамның пайда болуы туралы жазбасында да беріледі: табиғаттың
енді бір ғажабы – адамның өзі. Сол қабілетті тірі жан, ол ойлай алатын, жан-
жағына бағдарлай, сынай қарайтын жаратылыс кереметі. ...Күнделікті өмірде
табиғаттың адамға әсері, әсіресе, адамның алғашқы пәк-көңіл, нәресте
кезінде қатты ықпал етті. Сондықтан да, адам өзін қоршаған жаратылыстың
түсініксіз құбылыстарына арналған – өмір сүру ережелерін ойлап табуға
мәжбүр болды. Табиғаттың түсініксіз құбылыстары кезінде сол ереже-заңдарды
басшылыққа ала отырып, әр түрлі тосын жағдайларда қалай әрекет етудің құрал
есебінде қолданды.[1,11.]
Адам көңілі Шоқан Уәлиханов келтірген алғашқы пәк-көңіл, нәресте
кезінен өсіп-дамып, адамзат тарихын жасады, қауымға айналды, қауымнан өсіп
және дамып-жетіліп қоғамға айналды. Қоғамды құраған көпшілік құрамы –
халық, табиғат құбылыстарымен ғана арпалысып, табиғаттың ғана тілін
үйренген адам санасы дәуірлеп дамып заманнан-заманға озды, дүние
жаратылысын түйсініп, қалыптасқан ой-санасы даму сатыларынан өтіп,
ілгерілей бастады. Бірте-бірте қоғам мен халық сөздерінің ұғымы, мазмұны
мен мәні және маңыздылығы күшейе берді. Енді адам табиғатты игеріп,
қоғамның құрылысын заманымен бірге дамытып, тұрмыстық ойлар ойлауға,
әлеуметтік санаға қызмет етуге дейін жетіле бастады. Осыдан келіп табиғатты
бөлісу, билік, үстемдік ету, еңбектің құны секілді қарым-қатынас сатылары
пайда бола бастады. Егерде біз бұны қоғамды кезеңдік жүйелеу тілімен
айтсақ, қазақ даласының орыс елінің патшалы саясатының құзырына енуінен
бастап қоғамдық қатынастар капиталистік сипатқа еніп, дами бастады,
жергілікті халықты таптық жікке бөлу мәселесі айқын саясатқа айналды.
Адамдардың қоғамдағы жоғары-төменді орындары әлеуметтік жағдаятты
анықтап, тапқа жіктелуіне, партияларға бірігуіне, өзіндік идеялар туындатып
сол идеялар арқылы қоғамды өзгерту, халықтың тұрмыс-жағдайын жаңаша, басқа
сатыға көтеруге әкеліп тіреледі. Осының бәрі адамның миымен ойланып,
санасымен іске асып жатты, яғни адам өзі бірте-бірте қалыптастырған қоғамда
әртүрлі дүмпулер жасап отырды, оқу пайда болды, жаратылыс құбаластарын
алғаш бақылап, зерттеген ілімдер пайда бола бастады, осы негіз ғасырдан-
ғасырға озып білімнің жаңа түрлері пайда болып, ғылым дамыды, ол адамның ой-
санасын прогресстік идеяларға бейімділігін, мүмкіндігінің көрінісі болды.
Осыдан келіп сөз бен ойдың бірігуі жұмырланып, тұтасып, сомдалып бір-
бірінен жігі ажырамайтын көркем немесе саяси ойды түйіндеген көсемсөзге
айнала бастады. Заманынан озып туған дара тұлғалар пайда бола бастады, осы
тұлғалар өз уақытындаға халықтың әлеуметтік сұрақтары мен айналысып,
билікке таласты, өз идеялары жолында күресті, ұлтының тағдырына араласты.
Жекелеген ұйымдар құрып, өз идеяларын іске асыруда пікірлестер іздеді,
олардың қолдауымен мақсат-міндеттері айқындалған ұйымдар пайда болды.
Айталық, ХХ ғасырдың басында қазақ даласында жаңа идеологияның
қалыптасуы тарихи-әлеуметтік және рухани-мәдениеттік өзгерістерге
байланысты болды. Ұлт тарихының үлкен дүмпу мен саяси ахуалды басынан
кешкен тарихи ең бір ауыр кезеңін қамтитын ХХ ғасырдың алғашқы ширегі −
қазақ жеріндегі тұрмыстық дәстүрдің, өмір сүру салтының түбегейлі өзгеруіне
әкеліп соқты. Сонымен бірге халықтың өзімен бірге жасап келе жатқан мол
қазынасын жаңаша сұрыптап, рухани құндылықтардың таралуы мен дамуына саясат
талабына қарай қалыптасқан қоғам тәртібі негізінде қарым-қатынастар жасады.
Ал ұлтын сүйген қазақ зиялылар тарапынан ХХ ғасыр басындағы қазақ
әдебиеті жаңа идея және әлемдік мотивтермен толықты.
ХХ ғасыр басындағы қазақ жазушылар идеясы – бүтіннің бөлшегіндей бір-
бірінің құрамдас бөліміне айналып үндес түсіп жатты.
Осы кездегі (1900-1920 жылдар аралығы) қазақ әдебиетінің өсу-
өркендеу бағыттарының әдеби дамудың Қазақ ұлтының жалпы көркем ой әлемінің
кеңеюіне әрқилы ықпалы, әсері болды.
Олардың шығармаларында ХХ ғасыр басындағы қазақ тіршілігінің хал-
ахуалын, тұрмысының қал-жайын танып-білу, зерттеп, зерделеу қазақ
әдебиетінің даму сатысындағы суретші философиясының жеке тұлға сомдаудағы
негізгі концепциясына айналды.
Сол тұстағы қазақ халқының мәдени өміріне осы жазушылармен бекіп
қалыптасқан әлеуметтік идеялардың және олардың өзінің әдеби сапасымен
құнарлы шығармаларының әсері мол болды.
Қазақтың бұл жазушылары өмірлік ұстаным, көздеген мақсат – мүдде
тұрғысынан мұраттас болды. Олардың ел тарихынан алар орнын айқындайтын −
ұлт тағдырының азаттығы мен болашағын болжаған және соған жан беріп қызмет
еткен қоғамдық қызметтері еді.
Заманның жаңа талабына сай идеялы басылымдардың саяси мақсаты
халықтың жеке ұлт ретіндегі өз тұлғасын сақтауы болса, олар халықты ұлт
деген ұғымға сай етіп қалыптастыру үшін оның бүкіл рухани мұрасын жинақтап,
әдебиетін жасауды басты міндетке айналдырды және осы тұрғыда хабарламалар
жариялап, ел аралап ел аузынан жаяу жүріп те жинады. т.б.-
Ұлт зиялыларының бірінші мақсатына көпшілік қауымды игеру үшін
жариялылық керек болды, ол әрине баспасөз еді, осылай қазақ даласында
алғашқы басылымдар пайда болып, олар жекелеген идеялардың мақсаттарына
қызмет етті. Қазақтың ұлттық баспасөзінің қалыптасуы − бұл кезеңнің жарқын
жетістіктерінің бірі болды.
Иә, маңызы мен рөлі ұлт қоғамында ХХ ғасырда күшейе түскен қазақ
баспасөзінің тарихы − ХІХ ғасырдан басталады. Бұл − қазақ баспасөзінің
жаңадан дүниеге келіп, енді-енді ғана халықтың арасына тарай бастаған
кезеңі еді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында патшалы Ресей тұсында бастап
пайда болып, патша ағзамның билік-жарлығын қазақ даласына таратуға қызмет
еткен алғашқы басылымдар − Түркістан уалаяты, Дала уалаяты беттерінде
де қазақ халқының әдеби мұралары, жазба ақындар мен импровизаторлық өнер
туралы, соның ішінде Шортанбай, Абай, Шоқан шығармашылықтары аракідік сөз
болды.
Заман талабымен бұқара халықты бір идея астына шоғырландыру
мақсатымен саяси ақпараттарды ресми түрде тарататын басылымдар, яғни
патшаның жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары жұмысқа кірісті.
Алғаш отаршыл билік органдар тарапынан шыққан қазақ тіліндегі
бұқаралық басылымдар − әкімшілік реформаларынан кейін халыққа патша
үкіметінің қазақ даласына ұстанатын саясатын түсіндірді, яғни баспасөз
қажеттілігі тікелей әміршілік құзырлығының рұхсатымен және қалауымен
дүниеге келіп, соған қызмет етті.
Жоғарыда атап өткеніміздей ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Ресей
үкіметінің жарлығымен қызмет ете бастаған Түркістан уалаятының газеті,
Дала уалаятының газеті басылымдарының бетіндегі деректер – қазақ халқы
тарихы мен өмірінің шежіресі болып табылады.
Бұл газеттерге қойылған негізгі мақсат − отарлаушы мемлекеттің
саяси идеологиялық құралына айналу болғанымен, олар бұл шеңберде қалып
қоймай, халық санасын оятуда саяси және ағартушылық бағытта кейбір
дүниелерді жариялап, қызмет етті.
Мысалы, ел ішінде саяси-әлеуметтік, әдеби, мәдени ой-пікірлердің
оянуына, өзіндік көзқарастардың қалыптасуына септігін тигізген көне
бастаушы басылым деп – Түркістан уалаятының газетін айтылады.
Жалпы Түркістан уәләятының газеті – Орта Азия халықтарының тұңғыш
газеті болып саналады.
Алдымен 1870 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының баспасөз
органы болған, Ташкент қаласында қазақ және өзбек тілдерінде басылған –
Түркістан уәлаятының газеті алғашында қосымша ретінде жарық көрсе де көп
ұзамай жеке газетке айналды.
Газет өзінің үкімет бекітіп берген бағдарламасы бойынша жергілікті
халыққа қатысты Түркістан генерал-губернаторы мен облыстық әскери
губернаторлардың бұйрықтарын, сот орындарының шешімдері мен сауда
хабарларын, Ресей мен өзге мемлекеттердегі ірі-ірі оқиғаларды, шаруашылық
жаңалықтарын жазып отырды. Алайда газет бара-бара өз бағдарламасынан едәуір
тысқары шығып, қазақ халқының мәдениетіне, тарихына, әдебиетіне қатысты
материалдарды жиі жариялады. Газет айына төрт рет, екі тілде (өзбек, қазақ)
он үш жыл бойы үзбей шығып отырды.
1883 жылы Түркістан генерал-губернаторының бұйрығы бойынша газетті
қазақ тілінде шығару тоқтатылып, ол аптасына бір рет өзбек тілінде шығатын
газетке айналды. Біраз уақыттан кейін, дәлірек айтсақ, 1885 жылдан бастап
газет өзбек және орыс тілдерінде шыға бастады. Жалпы алғанда газет 47 жыл
бойы, 1918 жылға дейін шығып тұрды. Түркістан уалаятының газеті өзбек
тілінде шыққанымен, осы 1883 жылдан кейін де мерзімді басылым бетінде қазақ
тіліндегі мақалалар мен қазақ елі жайындағы мағлұматтар жиі жарияланып
тұрды.
Айталық, ХІХ ғасырдың 60-жылдарының орта кезінде Қазақстанның
Ресейге қосылуының аяқталуына байланысты газет бетінде қазақ елінің
экономикасындағы прогрестік өзгерістер егіншілік пен отырықшылықтың
бұрынғыдан да дами түскені туралы мағлұматтар берілген.
Түркістан уалаятының газеті оқу - білім жөнінде, оның маңызы туралы
материалдарға да орын беріп, қазақтарды ғылымға қызықтыра білді.
Басылым Ғылым хабары деген айдармен ғылым мен техника жаңалықтарын,
Түркістан өлкесі таулы аймақтарында (Алматы, Ташкент төңірегінде,
Түркістанда) жер сілкінгенін үзбей хабарлап тұрды. Шармен аспанға ұшу, қар
мен жаңбырдың пайда болу сыры, аспан әлемі планеталары туралы түсініктер,
ғылыми болжамдар жарияланды. Әлемдік даңқты саяхатшы Магеланның жердің шар
тәрізді екенін дәлелдегені туралы еңбекті қазақшаға аударып басты.
[2,34,35].
Түркістан уалаяты газетінің ғылым жетістіктерін баяндап,
дәлелдеумен ғана шектелмеген. Жас жеткіншектерді оқуға, білімге шақырарлық
саналы азаматтардың хаттарын жариялап тұрған және балаларды қалай оқыту
мәселесін, оның тиімді жақтарын талдап, түсіндіруге талпынған. Бұдан мысал
ретінде Әр хилы хабарлардеген айдармен берілген материалдар арасында
кездескен Хасенов деген автордың мына бір шағын мақаласын алайық: Ең
бастан балаға әптиек, құрандарды шығарып, бұдан соң бөтен бірнеше араб,
парсы кітаптарын оқытқанда, он жыл оқытқан баласына оқып, жазуды әзер-әзер
түсіндіреді. Балаға өз тілінде оқыту керек. Сонан соң оны жаздырып үйрету
керек.. Мұнда мағынасы түсініксіз құран мен әптиекті, араб, парсы тілдерін
оқыту жас балаға ауыр тиетінін автор дұрыс аңғарған. [31,35] Газет
әйел теңдігі мәселесіне де көңіл бөлген. Мәселен, оның 1875 жылғы 16-
нөмірінде балиғатқа толмаған қызды атастырып, қалың мал алатын қазақтың
әдет-ғұрпын сынаған бір автордың мақаласы жарияланған.
Онда Бұл сөзді газетке басып шығарсаңыз, біздің қазақтар біраз
ұялап, ойланатын болар еді[3,34] делінген.
Қазақтың халық поэзиясы көне дәуірден белгілі. Оның үлгілерін хатқа
түсірсе де ерте кезден қолға алынған. Мұны Ж. Баласағұнның Құтадғу
білігінен, тарихи ескерткіштерде кездесетін ескі өлеңдерден, мақал-
мәтелдерден байқаймыз. Сонымен қатар М. Қашқари жинаған мақал-мәтелдердің
де бірсыпырасы қазақ халқына етене жақын, байырғы ауыз әдебиеті үлгісі
болып саналады.
XVIII ғасырдың соңғы жылдарынан бастап қазақтың жоқтау жырларымен
бірге Қобыланды, Қозы Көрпеш-Баян сұлу , Алпамыс эпостары қағаз
бетіне түсе бастады. Бұл мәселеге Түркістан уалаятының газеті де
айтарлықтай үлес қосқан.
Қай елде болмасын, жазба әдебиетінің дамуында баспасөздің рөлі зор
болған. Мұның жарқын мысалын Түркістан уалаятының газеті беттерінен де
аңғарамыз. Онда алдымен түрлі әдеби жанрлар көрініс тапқан. Түркістан
уалаятының газетінде очерктердің портреттік, жолсапар, түрлері де алғаш
рет пайда болған. Сондай-ақ онда XIX ғасырдың жетпісінші жылдарындағы
Орынбай, Досанбай, Майлықожа тәрізді атақты ақындардың айтыстары мен
өлеңдері ауыз әдебиеті туындылары жарияланған.
Басылымда С.Бабажанов жинап бастырған мақал-мәтелдер жұртты
ойлантып, толғантып, төзімділік пен ізгілікке, тапқырлыққа баулыды. Осымен
қатар, редакция қызметкерлерінің тіл мәселесі жөнінен де өзіндік көзқарасы
болған. Оны Орынбай ақын шығармаларының тілін мақтап, өзбек, татар, араб
сөздерімен шұбарланған кей автор туындыларын сынаған мақалаларынан
аңдаймыз.
Түркістан уалаятының газеті шыға бастаған кезде Орта Азияны Ресей
ипериясының отарлауы әлі де болса аяқтала қоймаған еді. Сондықтан
материалдардың басым көпшілігі Орта Азияның оңтүстігі мен Таяу Шығысқа
және Қытай еліне байланысты болды. Осы мәселені тек ресми түрде ғана емес,
поэтикалық көрікпен жеткізу, тіпті мадақтау қажет болды.
Түркістан уалаятының газеті қазақ әдебиетіне, оның ішінде сыншылдық
ой − пікірге қатысы бар материалдарды 1875 -1878 жылдар аралығында
бірқыдыру жариялады. Олардың көркемдік сапасынан гөрі мән − маңызы
газеттің ресми бағытына тәуелді болды. Әр қилы айқұш − ұйқыш, кейде қарама
− қарсы ой − пікірлердің айтылуы сыни ойдың оянуға бет алғандығын
аңғартқандай еді. Газет қаншама ресмиліктің қыспағында жасаса да, халықтың
әлеуметтік, эстетикалық ойына қозғау салды, қазақ тілінің тазалығын сақтау
жолындағы игі идеяны жалғастырды, қазақтың ұлы азаматтарын, әсіресе Шоқан
Уәлихановты құрмет тұтып, оның өмірі мен өнерін насихаттады, мәнді де
ажарлы шығармаларға орын беріп, әдебиетке жанашырлық көрсете білді.
Түркістан уалаятының газеті 12 жыл бойында қалыптастырмақ, айтпақ
болғандарының эстафетасы Дала уалаяты газетіне ауысты.
Газет беттерінде қазақ елінің басқа елдермен қарым-қатынасы
жөніндегі мәліметтер аз емес. Сол кездегі басқа газеттер сияқты Дала
уалаятының газеті” де ресми және ресми емес бөлімдерден тұрды. Соңғы
бөлімде көбінесе көпшілікке пайдалы, ғылымға білімге қатысты мақалалар
жариялады.
Алғаш рет өнер-білім жаңалықтарын осы газеттен оқу мүмкіндігіне
ие болған Семей, Ақмола, Тобыл, Жетісу қазақтары, осыған дейін Сібір
әкімшілігіне қараған. Жергілікті тұрғындар газет арқылы орыс халқының
әдебиетімен танысты. Оның бетінде А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, М.Ю.Лермотов,
Д.Н. Мамин-Сибиряк, Г.И.Успенский шығармаларының, И.А. Крыловтың
мысалдарының қазақ тіліндегі алғашқы аудармалары басылып тұрды. Сондай –
ақ, газетте орыс ғалымдары да өздерінің қазақ елінің тұрмысын, әдебиетін,
мәдениетін зерттеген мақалаларын жиі бастырды.
Г. Потанин, Н. Ильминский т. б. қазақ елінің тарихына,
этнографиясына қатысты материялдармен қатар қазақ халқының ауыз әдебиеті
нұсқаларын жинап бастыруда пайдалы жұмыстар істеді.
Сонымен басылым негізінде жергілікті отаршылдық-әкімшілдік
орындардың ресми ұйымы болғанымен, халықты отырықшылдыққа, мәдениетке
шақырып тәрбиелеуде мүмкіндігінше қызмет етті және қазақтың жазба әдеби
тілінің дамуына игі ықпал жасады. Оның бетінде қазақ тілінде бұрын
болмаған, қоғамдық-публицистикалық, ресми іс-қағаздарын жүргізу жөніндегі
мақалалар жарияланды, ғылыми стильдің негізі қаланды, аударма тәжірибесінің
алғашқы қадамы жасалынды, араб графикасына негізделінген қазақ жазбасында
тұңғыш рет тыныс белгілері қолданылды.
Ұлттық баспасөздің алғашқы қарлығаштарының бірі – Дала уалаяты
газетінің дүниеге келуі қазақ халқының өткен ғасырдағы мәдени өміріндегі
елеулі оқиға болды. Дала уәләяты газетінде басылған шығармаларда қазақ
халқының әр кезеңіндегі өмірі, тұрмыс-тіршілігі, күрделі жағдайлар мен
оқиғалар толық, тұтас қамтылмағанымен, тарихымызда болған ұлы өзгерістер,
халық өмірінің жеке-жеке суреттері алғаш осы баспасөз бетінде жарияланып,
ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің негізін қалауға көмектесті. Қазақ
халқының қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниетанымын
қалыптастыруға, кеңейтуге бұл басылым едәуір қызмет етті. Оқу-ағарту ісінің
жай-күйі, өнер-білімнің пайдасы, қазақ әдебиетінің хал-қадірі, қазақ
зиялылары мен ғалымдарының өмірі жайында бір қатар тарихи мақалалар, орыс
мәдениетінің жетістіктері, хабарлармен қатар саяси және экономикалық
мәселелер туралы пікірлер де жарияланды.
Дала уалаятының газетінде басылған көркем шығармалардың бір тобы
қазақтың өз төл туындысы болса, енді бір тобы орыс тілінен аударылған
немесе шығыс әдебиетінен ауысқан үлгілері еді. Бұлардың бәрі мазмұн,
көркемдік жағынан бір-біріне ұқсамағанымен, жалпы қазақтың жазба
әдебиетінің дамуына ықпал етті.
Газет бетінде басылған көркем шығармалардың көбі халқымыздың
ертеректегі әдеби мұраларынан бізге жеткен азын-аулақ нұсқалары болғанымен,
олар жазба әдебиетіміздің алғашқы қарлығаштары еді.
Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлихановтың туғанына 60 жыл толуына
арналған мақалада ... Шоқан Уәлиханов ғылым, өнер иесі,халықтың ғадет заңын
біліп, даңғыл, биік жолға шықса да өзінің туған жайын жатырқамай һәм
ұмытпады.. Тағы да ғалым өнерінің қымбат екенін біліп, құрмет тұтып өзінің
халқын бек жақсы көрер еді. Ләйкін Россия халқының қорғап, қоршап
болысқанымен Азия халықтары ілгері басып һәм надандықтан құтылар ма деп
ойлар еді - дейді газеттің 1894 жылғы 18 санында жарияланған мақалада .
[3,51-52]
Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсарин туралы да газет
бетінде мақала жарияланып, өлеңдері де басылып тұрды. Газет бетінде
Ыбырайдың Киргизская хрестоматия оқулығына кірген бірнеше әңгіме, өлеңі
жарияланған. Балғожа бидің баласына жазған хаты деген өлеңі газетте
Нұржан бидің оқудағы баласына жазған хаты деген атпен Қылышбаев А. қолы
қойылған, Ізбасты би, Сәтімер хан сияқты аңыз әңгімелер газет бетінде
басылған.
Газеттің 1889 жылы Абайдың Жазды күн шілде болғанда деп
басталатын өлеңі 7-санында басылды. Абай бұл өлеңін 1886 жылы жазған
болатын. Абайдың өз нұсқасындағы кедейдің ауыр тұрмысы бейнеленетін кейбір
тұстары газетте біраз көтеріліп, кейбір жерлері қысқартылған екен. Мәшһүр-
Жүсіп Көпеев газеттің сол жылғы 48-санында жарияланған бір мақаласында бұл
өлеңде ... тек Құнанбаевтардың өмірі мен байлығын суреттеуге арналған, өлең
халықтың тұрмысын жақсарту сияқты пайдалы нәрсеге шақырмайды. деп сын
пікір жазған. Сондай-ақ осы мақаласында М. Ж. Көпеев Абайды әкесі Құнанбай
өлгенде ас бермеді, қазақтың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпын, дәстүрін
бұзды деп кінәләйді.[4,]
Абай халықтың бай әдеби мұраларын, шығыс елдерінен ауысқан қисса-
хикаяттарды жақсы білген, кей сәтте өзінің творчествосында пайдаланып
отырған. Мысалы, Абай Дала уалаяты газетінің 1895 жылғы 3-санында
басылған Тәкаппар әскер басы турасынан деген аңыз әңгіменің сюжетін
өзінің Ескендір поэмасына өзек етіп, одан әрі дамыта баяндады дей аламыз.
Дала уалаяты газетінің 1895 жылғы 41-50 сандарында Мың бір
түннің хикаясы атты өлеңмен басылған нұсқаның орны ерекше. Бұл арабтың
Мың бір түн ертегілерінен келтірілген үзінді болғанымен қазақ халқының
ауыз әдебиеті нұсқаларымен орайлас, үйлесімді, қиялшыл, әсірелі тамаша
көркем шығармаларының бірі.
Бозжігіт дастанының бір нұсқасын ғалым А. В: Васильев Дала уалаятының
газетінің 1900 жылғы 26-30,37 сандарында , 1901 жылғы 2, 18, 20, 24-26
сандарында қазақ, орыс тілдерінде қатар жарияланды.
Діни аңыздарда көп кездесетін Сүлейменнің данышпандығын дәріптейтін
аңыз әңгімелерде газетте молынан басылған.
Қазақ ертегілерін зерттеу халықтың осы ауыз әдебиетін жинап,
жариялаудан басталады десек қателеспейміз. Бұл ертектерді жинап бастырған
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Қорабай Жапанов және орыс ғалымдары . еді. Қозы
көрпеш – Баян сұлу жырының мазмұнын Н. Рантусов Баян сұлу мен Қозы
көрпештің моласы турасынан қазақ арасындағы сөз деп бастырған. Ал, Нәрік
батыр жырының ертегіге айналдырылған нұсқасын А.Е. Алекторов жазып алып
жариялатады. [227].
Тарихи аңыз- әңгімелердің ішінде қазақ елінің қалмақ-монғол
басқыншылығына қарсы күресінен деректер беретін шығармалар да аз емес.
Қалмақ толағай яғни қалмақтың басы, Ақсақ құлан, Жошы хан аңыз
әңгімесінің екі варианты Дала уалаятының газетінде жарияланған. Атап
айтқанда, газеттің 1897 жылғы 13-14, 18-сандарында Атбасар уезі, Бағаналы
қазақтардың аузынан жазылып алынған Алаша хан һәм оның баласы Жошы хан
турасынан қазақ арасында бар сөз деген тақырыппен, ал 1899 жылғы 50-
санында Темірланның оры деген тақырыппен Д. Н. Жетпісбаев жазған
нұсқалары басылыпты. Темірланның оры (Жәнібектің оры деп театалады),
Қазақстанның Тарбағатай тауларынан Іле өзеніне дейін қазылған ор, тек аң
аулау мақсатымен емес, сонымен бірге шөл даланы суландыру үшін қазылғаны
жайында пікір Ш. Уалихановтың еңбектерінде айтылған.
Өмірде болған нақты уақиға негізге алынған, кейін ел аузында аңызға айналып
кеткен Еңлік-Кебек − Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз деп
басталса, екінші түрі Қазақ турасынан хикая деп аталыпты..[5,317] 1891 ж.
Басылған Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз аңыз әңгіменің
кіріспесінде қазақ халқының тарихына, этнографиясына, әдет-ғұрып, салт-
санасына да қатысты мәліметтер берілген.
Газет бетінде Жиренше шешен, Алдаркөсе, Асанқайғы, Қожанасыр туралы
аңыз-әңгімелер де көп басылған. Қай халықтың болмасын, ауыз әдебиетінің
күрделі түрі – мақал- мәтел, жұмбақтар. Бұл бір ғасырдың, бір дәуірдің ғана
жемісі ғана, сонау ертеден келе жатқан көне жанр. Сонымен, әдебиеттің баспа
бетінен орын алуы 19 ғасырдың екінші жартысынан басталады.
Дала уалаятының газетінде басылған шығармалар түрі, құрылымы, жанры
жағынан алуан түрлі. Оларды 19 ғасырдың аяқ шеніндегі қазақ әдебиетінің
тарихы, идеялық мотивтері, тақырыптары, көркемдік ерекшеліктері және орыс
әдебиетінің игілікті әсері тұрғысынан алып жан-жақты зерттеуге болады.
Революциядан бұрын Абай, Ыбырай секілді дүлдүлдер көркем аударманың
шебер үлгілерін қалдырса, осы ізді одан әрі жалғастырған Дала уалаятының
газеті тәржіманың одан әрі жетелеп, көркемдік дәрежесінің арта түсуіне
түрткі болды.
Солардың ішінде орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстойдың шығармаларының
қазақ тілінде өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап аударыла бастағанына
ерекше көңіл бөлген жөн.
Г.Н. Потаниннің пікіріне сүйенсек, орыс классиктерінің шығармаларын
тұңғыш рет қазақ тіліне жатық, түсінікті етіп тәржімалап, оқырмандарға
таныстырған Өскенбаев еді деп жазыпты. Бұл жөнінде газеттің 1896 жылғы 43-
санында басылған қазақтың тәуір адамдарының қылар ісі деген мақаладан
аңғаруға болады. И. А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне көп аударып,
халық арасына ауызша таратумен қатар, ол осы дүниелерді ертеректегі
баспасөз беттерінде де жариялапты. С. Көбеев 1910 жылы Үлгілі тәржіме
деген жалпы тақырыппен И.А. Крыловтың 37 мысалын аударып бастырса, Б.
Өтетілов 1914 жылы Жиған-терген деген тақырыппен 13 мысал тәржімалап
жариялапты. Бұлардан басқа Дала уалаятының газеті мен Айқап журналында
да И. А. Крыловтың бірнеше мысалының басылғанын көреміз.
Дала уалаятының газеті 1892 жылғы 51-санында И. А. Крыловтың Ворона
и лисица мысалын Қарға мен түлкі деген аудармасы Ы. Алтынсариннің
Киргизская хрестоматия оқулығынан алып жарияланыпты.
Орыстың классикалық шығармаларын аудару, сөйтіп XIX ғасырдың аяғында
тәржімә ісін қалыптастырып, дамыту қазақ жұртшылығына басқа ұлттардың
туындыларын таныстырып қана қоймай, осы саланың бізде де жетіле түсуіне
ықпал етті. Міне, осының негізінде де ел аузында ұсақ әжуамысқыл, мысқыл,
шағын күлдіргі ертегілер ортақ дүниеге айналып, қазақ оқырмандарына жетті.
Бұл ретте С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, С. Дөнентаев сияқты ақын-
жазушылардың қосқан үлесін ерекше атап өткен жөн. Газеттегі нашар
аудармалардың тілімізді байытудың орнына, сөз қолданысымызға кесірін
тигізетіні жөнінде газет бетінде сын мақалалар басылған. Солардың бірінде
газеттің бас аудармашысы Д. Сұлтанғазин: ... орысшадан переуад қылғанда тұп-
тура сөз қалдырмай, орысша ретіменен переуад қыламын деп әуре болу
жарамайды ,– дейді. [5б.
Қазақ халқының көне заманнан бергі қалыптасқан тіл байлығы, шежіре сөз
саптауы осы газет арқылы қағаз бетіне түсіп, белгілі стильдік мәнге ие
болды.
Жалпы газет редакциясы сол кездің өзінде-ақ қазақ тіліне басқа тілден
енген сөздердің транскрипциялануына көңіл аударып, бұл жөнінде дұрыс пікір
ұсынды. Яғни басқа тілден енген сөздерді екіге бөліп қарау керектігін,
ертеректе еніп, қазақ тілінің фонетикалық заңына бағынып кеткен сөздерді
сол қалыптасқан қалпында жазу керектігін, кейін қосылған сөздерді сол
тілдегі тұлғасын сақтап жазу қажеттігін ескертеді.
Ал 1896 жылғы 31-санынан бастап газетте тыныс белгілерін қолдану
жөнінде хабарлама басылды. Онда осы күнгі тыныс белгілерінің барлығы да
көрсетіліп, олардың қалай қолданылатындығы мен қойылатын орындары туралы
қысқаша түсінік берілген. [36].
Шығыс және орыс әдебиетінен тікелей аударылған туындылармен бірге
жаңа бағытта туа бастаған қазақтың төл жазба әдебиеті де пайда болып,
газетте жиі жарияланып тұрды.
Газет бетінде жарияланған төл туындыларының барлығы бірдей Абай
шығармаларындай биік өрелі, терең мазмұнды, көркем де тартымды
болмағанымен, сол дәуірдегі әлеуметтік жайларды ашып-көрсетіп, ғасырлар
бойы қалытасқан феодалдық-патриархалдық құрылысты сынауда, әйел теңдігі
мәселесін көтеруде, өнер-білімге шақыруда белгілі бір дәрежеде өзіндік
мәнге ие болды. Шығармалардың бәрінде дерлік өмір шындығы, дәуір
көріністері, әртүрлі жағдайларға байланысты талай өркендеп, құлдырау
кезеңдерін бастан кешкен қазақ халқының ауыр да азапты тұрмысы суреттеледі.
Бұл шығармалардың стилін, көркемдігін қазіргі өскелең әдебиетпен
салыстыруға келмейтіні рас. Солай дегенмен де озық ойлы, терең идеялы,
бүгінгі іргелі әдебиеттің негізін қалаған алғашқы баспасөздің кезінде
қыруар жұмыс атқарғандығын жоққа шығаруға болмайды.
Қазақ тілінде кітап шығару ісі әлі қалыптаса қоймаған кезде Дала
уалаятының газетінің әдебиетке, мәдениетке қатысты мақала, хабар, өлең,
публицистикалық шығарма, очерк, мысал, ертегі, аңыз-әңгімелерді көп
жариялағанын жоғарыда айтылып кетті. Бұларды қазақ даласын жан-жақты
зерттеп, білу, сол қазақ даласында тұратын көзі ашық оқыған азаматтардың
атқарған істері, өмірде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға қатысуы,
басқаларды да білім мен ғылым шыңына ұмтылуға шақыруы нақты көрініс береді.
Революцияға дейінгі алғашқы баспасөздердің сарғайған парақтарын ақтарған
сайын қалың елдің қалам күшімен жарқын да бақытты болашаққа жетелеген
қаламгерлердің күн санап толыға түскенін байқаймыз.
Атап айтқанда жазба әдебиетімізде алғашқы қолтаңбаларын қалдырған
ақын, жазушыларымыздың төл шығармаларының басым көпшілігі проза түрінде
жазылып, бірінде әңгіме, очерк, публицистикалық, ал екіншілерінде
драматургиялық элементтер анық байқалып тұрғанымен, авторлары оларға
әңгіме, очерк, пьеса, мысал деп шек қоймаған.
Қазақ әдебиетіндегі проза жанрын сөз еткенде кейбір зерттеушілер
революциядан бұрын Ы. Алтынсариннің дидактикалық әңгімелері, Абай
Құнанбаевттың Қара сөздері, С. Торайғыровтың Қамар сұлу, С. Көбеевтің
Қалың малы сияқты шығармалардан басқа қара сөзбен жазылған туындылар өте
аз еді деген пікір айтады. Ал, шындығына көшсек революциядан бұрын қазақша
шыққан газет-журналдарда алғашқы түпнұсқа ретінде жарық көрген прозалық
шығармалар аз болған жоқ. Тамшыдан –теңіз, демекші тұңғыш рет там-тұмдап
басталған тырнақ алды туындылар арада біраз жыл өткен соң тек республика
шеңберіндегі тар ауқымды ауызекі әңгімеден іргесі берік жазба әдебитіне
айналды.
Бұл шығармалардың басым көпшілігі сол заманда әлі іргесі бұзылмаған
ескі тіршілік, қоғамдағы әлеуметтік қайшылық, халықтың ауыр тұрмысы, оқу-
ағарту ісі, өнер-білімге, жат тұрмысқа, адамгершілікке, игілікке үндеу,
әйел теңдігі, әдет-ғұрып, салт-сана мәселелерін көтерді .
Әйел теңдігі мәселесінің революциядан бұрынғы әдебиетке кең
ауқымды, жан-жақты көтерілгені, олардың ескі әдет-ғұрыптың құрбаны
болғандығы, алайда XX ғасырдың басынан бастап қоғамдағы орны баса айтылып,
таза жанды, еңбекқор қазақ қызының бала тәрбиелеудегі, болашақ буынды
өсірудегі ролімен қатар, әйелдің бас бостандығын қорғау мәселесі де
көтеріліс бастайды.
Қазақ қыздарының жағымды образдарын жасаған С. Торайғыров, С.
Көбеев, М. Сералин сияқты демократ-жазушылардың әйел мәселесіне арналған
алғашқы мақала, әңгіме, очерктері да осы газет-журнал беттеріне басылды.
Аталған жазушылар өз шығармаларында әйелдің теңдігі мен адамшылығын
қорлайтын ескі әдет-ғұрыпқа қарсы батыл күрес жүргізіп, қатты сынға алды.
XX ғасырдың басындағы роман, поэма, очерктерде бұл тақырып одан әрі
дамытылып, Қалың мал, Қамар сұлу сияқты кесек шығармалар дүниеге келді.
Мұны айтып отырғанымыз бұрын батырлық, ерлік, елдік төңірегіндегі аңыз
әңгімелермен қоса Түркістан уалаятының газеті, Дала уалаятының
газетіенді замана ағымына сәйкес қоғамдағы жат әрекеттерді батыл әрі анық
көрсете бастады деп айта аламыз. Себебі, әлі қаймағы бұзылмаған діни ұғым
мен ескі салт-сананың шырмауына шыға алмай жүрген шағымызда әдебиетке
Бэти тәрізді реалистік шығармалардың тууы бір адым ілгері басқандық еді.
Газет бетінде қазақтың алғашқы әңгіме , очерк, публицистикалық мақала,
мысалдарымен бірге поэзия жанрындағы шығармалар да басылып тұрды.
Бір айта кететін жай, жалпы Түркістан уалаятының газеті беттерінде
Айқап журналы мен Қазақстан газетімен салыстырғанда өлең, жыр аз
кездеседі. Газет бетінде басылған өлеңдердің де негізгі тақырыптары ауыз
әдебиетінің нұсқалары мен әңгіме, очерк, мысал, публицистикалық мақалалар
сияқты қазақ халқының жан дүниесінің тазалығын, күйініш-сүйініш, таза
махаббатын суреттеп, еңбекке, өнер білімге адамгершілікке, ізгілікке шақыру
мен қатар, ескі әдет-ғұрыптарды, жалқаулық пен жатып ішерлікті сынайды
[6,11].
Газет бетінде қазақтың көне туындыларымен бірге жаңадан қалыптаса
бастаған жазба әдебиетінің алғашқы нұсқалары қатар басылды. Ол нұсқаларда
мәдениеттің алғашқы нышаны – оқу-ағарту, жаңа өмірге ұмтылу, әйелдің
теңдігі мен бас бостандығын қорғау, ескі әдет-ғұрыпты сынау мәселелері
көпшілігі демократиялық бағыттағы жазушылардың негізгі тақырыбына айналып,
онан әрі дамығанын XX ғасыр басындағы әдебиеттен жақсы білеміз.
Әрине, жаңадан қалыптаса бастаған әдебиеттің XIX-ғасырдың соңы мен XX
ғасыр басындағы әдебиетке қарағанда үлкен айырмашылығы бар еді. Біріншіден,
өз бағытын белгілеп, жаңадан қалыптасып келе жатқан әдебиетке халық
наразылығы, тап күресі аз суреттелсе, XX-ғасырдың басындағы әдебиетте, атап
айтқанда, әсіресе 1905-07 ж. Революциядан кейінгі кезде жазылған
шығармаларда осы халық толқулары жан-жақты әрі айқын көріне бастайды.
Бұқараны шырмауына ұстаған ескіліктің қалдықтарына қарсы шығармалар
бастапқыда жеңіл әзіл-оспақ немесе шағын шымшыма ретінде жазылса,
кейінірек, яғни XX ғасыр басында бүтіндей сол қоғамдық құрылысқа қарсы
құрал есебінде қолданылады.
Замана ағымы, уақыт талабына сәйкес газеттің бетінде көтерілген
мәселелер ауқымы да ұлғая бастады. Ертегі, аңыз-жыр, дастандармен қатар
қазақ зиялылары өмірге деген өз көзқарастарын батыл білдіруге кірісті. Атап
айтқанда, газет бетінде басылған әдебиет мәселесі туралы пікір таласына
арналған бірнеше мақаланың алатын орны ерекше. Олар әдебиет проблемаларын
қазір де кем ауқымда көтермегенмен, сол дәуір нұсқаған нысананы дөп басты
деуге болады.
Мәселен, газет бетінде Шортанбай, Шөже, Орынбай сияқты ақындардың
өлеңдерін басу-баспауы қажеттігі төңірегінде талас туады. Біреулер атышулы
ақындардың өлеңдерін газет арқылы оқырмандарға жеткізу керек дегенді тілге
тиек етсе, екіншілері олар өлеңді сый-сияпат алу үшін айтады, одан да
газетке ғылым, білім, тарих туралы мақалаларды көбірек басу керек деген
пікірді ұсынады. Бұл мақалалар Дала уалаятының газетінің 1889 жылғы 3,
24, 26, 29 - ыншы сандарында және Газетшілерден деген тақырыппен
редакциялық мақала ретінде басылды. Онда редакция мақала авторларын құр сөз
таластыруға, бірін-бірі айыптауға бармауға шақырады. Ақындардың тиек сый
алу үшін өлең шығарады деген пікірдің дұрыс еместігін айта келіп, газет
бетінде жалпы халыққа пайдалы мақалалардың көбірек басылуын қолдау қажет
деген қорытынды жасалады.
Революциядан бұрын қазақ тілінде шығып тұрған Дала уалаятының
газетінде жарияланған еліміздің тарихынан, әдебиетінен, мәдениетінен,
саяси өмірінен, ғылымынан дерек беретін сан алуан әр материалдарды бір
жүйеге келтіру, оларға дұрыс баға беру, ең құндыларын қазақ халқының,
әдебиетіміз бен мәдениетіміздің зерттеушілердің игілігіне жарату –
филологтарының басты міндеттерінің бірі. Біз осы газет бетіндегі
материалдарды талдау үстінде қазақ әдебиетіне байланысты ең келелі
мәселелерге ғана тоқталдық. Жалпы газет бетінде басылған шығармалардың
бәрін түгелдей қамту мүмкін емес және біз алдымызға ондай мақсат та қойған
жоқпыз.
Ұлттық баспасөзіміздің алғашқы қарлығаштарының бірі – Дала
уалаятының газетін ғылыми тұрғыдан зерттеп, қоғамымыздың сонау кезеңіндегі
қалай дамып, қалыптасқанын, қандай мәселелердің көтерілгенін қысқаша
көрсеткенімізбен, бұл кейінгі баспасөз зерттеушілеріне үлкен көмек болар
деп сенеміз.
Дала уәлаятының газетінің шығуын Омбыдағы Дала генерал-
губернаторлығы тікелей басшылығына алып араласты. Жоғарыда атап
өткеніміздей Ақмола, Семей, Жетісу облыстық ведомостеріне қосымша ретінде
жарық көрген екі тілдегі апталық басылымның қазақша бөлімін жоғарыда атап
өткеніміздей Дала уалаяты генерал-губернаторлығының бас тілмаштары атқарды.
Осы екі газеттің де негізгі міндеті − қазақ өлкесіндегі Ресей
империясының саясатын түсіндіру еді, яғни Қазақстан өмірімен тікелей
байланысты болды. Алайда патша үкіметі тарапынан көзделген мақсатқа
қарамастан − Қазақстан да мәдениеттің дамуына мерзімді баспасөздің пайда
болуы елеулі әсер еттті.
Дала уалаяты − патша үкметінің, Дала уалаяты генерал-
губернаторлығының ресми газеті. Оны патша үкіметі қазақ халқының қамын
ойлап, саяси-шаруашылық, мәдени-ағарту тілектерін ескеріп шығарған жоқ;
қазақ даласында өзінің отаршылдық саясатын жүргізу, ресми жолдарын, бұйрық-
жарлықтарын тарату мақсатымен шығарды. Газет осы жолда қызмет істеді. [13]
Дегенмен, бұл газет ақпараттық-анықтамалық сипатына қарамастан
жергілікті халықтың тарихы туралы жазылған, этнографиясын зерттеген, ауыз
әдебиеті нұсқаларын жинақтаған өз заманы үшін де жалпы халықтың ұлттық
сипатын жоймауы үшін де маңызы бар материалдарды мүмкіндігінше көбірек
жариялауға көңіл бөлді. Газет бетінде қазақ әдебиетін зерттеген ғалымдар
еңбектері, өз тұсындағы жанды тақырыптарды сөз еткен материалдар, қазақ
арасындағы оқу-ағарту істері, жаңадан ашылған мектептер туралы, қазақ
шаруашылығының түрлі мәселелері, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өндірісін
дамыту туралы, сондай-ақ, Қазақстанның археологиясы мен пайдалы кең
байлықтарына арналған мақалалар да басылып тұрды.
Осы екі басылымда ХХ ғасыр басында тарихымызда жарқын есімдері
қалған, қазақтың елім деген, жерім деген зиялы ұлдарының ел тағдырын,
руханиятын сөз еткен мақалалары жарық көрді. Олар − сол тұстағы қазақ
қоғамының көшбасшысы болу пешенесіне жазылғандар еді: Әлихан Бөкейханов,
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай т.б.
Дала уалаяты газетіне қазақтың сол кездегі оқығандары, хат білген
адамдары: оқытушылар, молдалар, қазақтың тарихын, тұрмысын, әдебиетін
зерттеп жүрген орыс ғалымдары едәуір қатынасып, хабарлар, мақалалар,
өлеңдер жазып, ауыз әдебиеті нұсқаларын жіберіп, бастырып тұрған. Атап
айтқанда қазақтан Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Көкбай Жанатаев, Абдулла Шонаев,
Бәкін Әбдіков, Қорабай Жапанов, т.б. орыс ғалымдарынан В.Радлов, Г.Потанин,
А.Ивановский, В.Вельяминов-Зернов. [7,13]
ХІХ ғасырда – сол тұстағы саяси ахуалды тұспалдайтын сипатымен ғана
қанағаттанарлық әрекет қылып, халықтың қамынан гөрі үстемдік етуші үлкен
империяның құзырына қызмет етті десек те, алғашқы Түркістан уалаятының
газеті, Дала уалаятының газеті басылымдары – қазақ баспасөзі тарихының
бастауы болып табылады.
Сондай-ақ, қазақ баспасөзі – барлық уақытта өз мүмкіндіктерінше халық
тағдырының өзекті мәселелері мен саяси хал-ахуалын сөз етіп, рухани дем
беруші күшке айналып отырған.
Ал қазақ басылымының саяси мәні мен әлеуметтік сипаты күшейген ХХ
ғасыр басының алғашқы кезеңінде қазақ халқының басынан тар жол, тайғақ
кешу заманын өткеріп жатқан еді.
Осындай аласапыран кезеңде халық тағдыры мен қоғам өмірінің шындығын
бүкпесіз батыл жариялаған қазақ баспасөзінің қызметі орасан зор болды. Ұлт
тағдырының әрқилы тауқыметі мен тарихын тілге тиек еткен қазақ басылымдары
өз халқының ХХ ғасыр басындағы негізгі мәселелерін − әр санының өзекті де
жанды сұрағына айналдырып отырды.
ХХ ғасыр басындағы газет – журналдар өздерінің саяси мәні мен
әлеуметтік маңыздылығын ел қамын ойлаған үлкен идеяларынан тапты, бұл сол
тұстағы ұлт зиялыларының ортақ ісіне айналды.
Әманда, тарихта ұлт зиялылары тізе қосып, сөз байласар, оны іске
асырып, ел үшін жан қиюға уағдаласар сәт − елінің басына күн туып, жері
жауланып, діні бұзылып, тілі шұбарланған тұс болса керек. Қазақ халқының
тарихында да осындай ең бір аласапыран, алмағайып заман ХХ ғасырдың басының
алғашқы кезеңі – ел тағдыры үшін шешуші кезеңге айналды.
Бүгінгі қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуші ғалымдар зерттеуіне
негізделетін болсақ, Қазақстан патшалы Ресей бодандығына енгеннен кейін,
XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болған − қазақ баспасөзінің даму
тарихы әлі бір жүйеге келтіріліп, толық зерттелмеген мәселе болып табылады.
Ұлт тарихының осындай нақты деректерінің негізгі көзі ретінде қаралатын
қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуде елеулі еңбектер жасалып келеді. Бұндай
бағытта нақты жұмыс істеу үшін ғалымдар осы мақсатта жинақталып жасалған
библиографиялық еңбектердің рөлі зор екенін атап көрсетеді. Олар қазақ
баспасөзінің тарихын түбегейлі және тиянақты зерттеуге арнайы дайындалған
библиографиялық көрсеткіштердің көмегі көп екенін айта келіп, бұл жөнінде
академик Әлкей Марғұлан мен профессор Есмағанбет Исмайыловтың басшылығымен
Ү. Субханбердинаның құрастырған библиографиялық көрсеткішін атап көрсетуге
болатынын айтады.
Зерттеуші ғалымдар қазақ баспасөзінің тарихына қатысты Х.
Беккожиннің еңбегін Қазақ баспасөзінің даму жылдары1830 –1960ж.ж. атап
көрсете отырып, дегенмен әлі де болса толықтырулар мен ізденулердің
қажеттігін айтады.
Жалпы қазақ баспасөзінің тарихында бағыт – бағдарына алғаш баға
бергендердің бірі болып – Сәбит Мұқанов есімі аталады. Жазушы ХХ ғасыр
басындағы қазақ жазушыларының шығармашылығын көркемдігі мен қоса, уақыт
талабына сай талдаған 1932 жылғы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті атты
кітабында ұлт баспасөзінің тарихына да шолу-талдаулар жасайды.
Қазақ баспасөзі туралы сол сияқты 1941 жылы Қажым Жұмалиев және
Есмағамбет Исмайыловтардың бірлесе жазған Қазақ әдебиеті оқу құралында,
1961 жылы Қ.Бисембиевтің Қазақсанда XIX ғасырдың аяқ шенінде және XX
ғасырдың басында болған саяси – идеялық ағымдар еңбегінде біраз қаралды
және бұл кітаптар өз тұсында қазақ ғылымына, қоғамға мүмкіндігінше қызмет
етті.
Әдетте, дерекке құрылған еңбектің өз құндылығын жоймайтынын ескерер
болсақ, бұл еңбектерде уақытпен бірге оқырманын тауып келеді, дегенмен
замануи көзқарас тұрғысынан жаңаша бажайлау ешбір тарихи дерекке, рухани
мұраға іргелі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz