Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе . . .
1 тарау. Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні . . .
1. 1. Миграциялық саясаттың классификациясы және зерттеу
әдістемелері . . .
1. 2. Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен
қауіпсіздікке ықпалы . . .
1. 3. Миграциялық процестерден қауіпсіздікке төнетін қатерлер . . .
2 тарау. Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық қауіпсіздігіне ықпалы . . .
2. 1. Демографиялық қауіпсіздіктін мәні . . .
2. 2. Демографиялық өту және одан туындайтын проблемалар . . .
2. 3. Демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары . . .
3 тарау. Этномәдени қауіпсіздік және миграция . . .
3. 1. Этномәдени қауіпсіздік түсінігі . . .
3. 2. Қазақстандағы этномәдени қауіпсіздік мәселесі . . .
4 тарау. Еңбек миграциясы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі . . .
4. 1. Экономикалық қауіпсіздік және миграция . . .
4. 2. Қазақстандағы еңбек миграциясын реттеу жолдары . . .
5 тарау. Қазақстан Республикасы миграциялық саясатының негізгі бағыттары мен механизмдері . . .
5. 1. Миграциялық саясатты жүргізудің тиімді жолдары . . .
5. 2. Миграциялық саясаттағы негізгі бағыттары . . .
5. 3. Қазақстандағы миграциялық саясатты тиімді жүргізудің
механизмдері . . .
6 тарау. Миграция және жаһандану . . .
6. 1. Жаһандану жағдайындағы миграциялық процесстер . . .
6. 2. Миграцияның жаһандық үлгісіндегі орны мен бүгінгі күндері
дамуындағы қайшылықтар . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Миграция ерекше феномен ретiнде ғылыми бөлiнiсiнен бастап, әйтеуiр бiр контекстiде - экономикалық немесе әлеуметтік, тарихи немесе мәдени, демографиялық. немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген едi. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткенi, миграциялық процестер бiр жағынан, бiр немесе бiрнеше қоғамда болып жатқан өзгерiстермен тығыз байланысты және осы мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемi болады, яғни бұлар - саяси, этноәлеуметтiк, еңбек нарығындағы жағдай, тағы басқалар. Екiншi жағынан, өзара сандық қана емес, сапалық қатынаста да (мәселен, әлеуметтiк-демографиялық және этномәдени сипатымен) ерекшеленген әр түрлi миграциялық ағымдар өте күрделi және осы себептен ол донор мен реципиент қоғамдардың да жағдайына ықпал етедi.
Қазiргi әлемдегi жаһандану процесiне байланысты Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі контекстiндегi миграциялық саясаттың қалыптасуы мәселесi өте өзектi. Өйткенi, елiмiздiң саяси режимiндегi және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы өзгерiстер жаңа миграциялық жағдайдың пайда болуына әкелді. КСРО-ның ыдырауына орай одақ iшiндегi болатын миграциялық процестер трансшекаралыққа айналды. Мәжбүрлi қоныс аударушылар мен «босқындардың» саны да артуда. Әсiресе, «жақын» және «алыс» шет елдерден келетiн жұмыс күші мигранттары, яғни гастарбайтерлер елімізде көбеюде, ал бұлар бiздiң қоғамымызда бiртiндеп «бесiншi бағанды» қалыптастыруда. Себебi олар мәдени жағынан да, менталитетi жағынан да бiзге бөтен болғандықтан, қоғамымыздағы қалыптасқан этномәдени тепе-теңдiктiң бұзылуына, шикiзаттар үшін күрестің өршуiне әкелiп, жаңа конфликтiлердiң пайда болуына әсерiн берерi сөзсiз. Ал уақыт өте келе дұрыстап орнығып алған соң, олар Қазақстандағы саяси және әлеуметтік жағдайға жүйелi түрде ықпал ете бастайды. Өткені Қазақстандағы барлық тұрғын халықтың саны бар болғаны 15 миллион ғана. Егер де Қазақстанға әр түрлi елдерден мигранттар келе беретiн болса, бiраздан соң бiз өзi үйiмiзде тұрып жатып-ақ пәтер жалдаушының кейпiне енгенiмiздi байқамай қалуымыз мүмкін. Осы айтылғандарға байланысты миграцияның жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қатер төндiруi сөзсiз, бұл проблеманы зерттеудiң өзектiлiгi осыдан да көрiнедi.
Қазақстан Президентi Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауында бүгiнгi дамуымыздың келеңсiз сипаттарының жетi осал жағын атаған болатын. Осының iшiндегi алтыншы осал жағымыз - кез-келген тұрғыдан қауiптi, ол - демографиялық өнiмсiздiгiмiз болып табылады. 1992 жылдан бастап соғыстан кейiнгi 50 жыл iшiнде тұңғыш рет бiздiң халқымыздың саны қысқара бастады, - дедi ол.
Өз кезiнде Ф. Вольтер «Елдiң байлығы оның тұрғындары мен олардың еңбегiнде», - деген едi. Бұл пiкiр Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жоғарыда айтылған сөздерiмен үндесiп жатыр. Шындығында, тұрғын халқымыздың саны қысқара беретiн болса, ұлттық қауiпсiздiгiмiздi қалай қамтамасыз етемiз.
Елiмiздiң ресми түрде 1998 жылдың 26-шы маусымында қабылданған (2000 жылғы 28-шi сәуiрде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» Заңындағы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне берiлген анықтамада: «ұлттық қауiпсiздiк - елдің ұлттық мүдделерiнiң шынайы және потенциалды қатерлерден қорғалу жағдайы», - деп атап өтiлген.
Н. Ә. Назарбаев өзiнiң «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауында бiрiншi ұзақ мерзiмдiк басымдық ретiнде де осы ұлттық қауiпсiздiктi қояды. Қауiпсiздiктiң басымдығы анық: егер елiмiз қауiпсiздiгiн сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзi қисынсыз, - дейдi ол. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев « . . . ұлттық қауiпсiздiк басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көшi-қон саясаты шығарылуы керек. Егер бiздiң мемлекеттiк органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайылықпен қарайтын болса, онда бiз ХХІ ғасырдың қарсаңында Ресейдiң артынан iле-шала адам саны сыртқы көшi-қон процестерiне ғана емес, табиғи жолмен кеми беретiн «демографиялық оппа» жағдайына тап боламыз, Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиiс», - деген едi.
Ал, 2004 жылдың 15 шiлдесiнде ҚР Статистикалық агенттiгiнiң төрағасы Кали Абдиев елiмiздiң бiрiншi жарты жылдықтағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысын шығара отырып: «Қазақстанда ең алғаш рет миграцияның он сальдосы +3286 тiркелдi. Яғни, кеткеңдерден Республикамызға келгендер саны басым түсті. Бұл жақсы бағыттың бастамасы», - деп мәлiмдедi.
Миграциялық ағымдардың пайда болуы, өрiстеуi, барысы сияқты контекстiнiң аяғына дейiн жою мүмкін болған емес. Бұл ағымдағы әр көшiп-қонатын мигранттың өзiндiк ерекше қайталанбас жақтары бар. Мәселен, олар неге тұрғылықты жерiн тастап кету туралы шешiм қабылдайды, бұл шешiмдi қалай жүзеге асырады және келген жерлерiнде өздерiн қалай ұстайтындығы, т. с. с. Бiрақта осымен бiрге мыңдаған мигранттардың келу себептерi мен iстерiн жақындататын, әр түрлi уақыт ықпалына ұшырайтын, барлық жерде болатын объективтi «әлеуметтiк» факторлар да бар.
Миграцияның қауiпсiздiгi мен қатынасын қарау «қырғиқабак соғыс» пен шынайы социализмнiң құлдырауынан және КСРО-ның ыдырауынан кейiн түсiнiктi болды. Бұл жағдайлардың салдары, бiр жағынан әлемде болған өзгерiстерге бара-бар қауiпсiздiктiң жаңа концепциясын әзiрлеуге деген талпыныстан болса, екiншi жағынан Шығыстан бақылаусыз келетiн мигранттар ағымынан туған үрейден едi. Осы екi салдарды да уақытқа сай байланыстыру саналы түрде миграцияны қауiпсiздiк контекстiнде қарастыруға әкелдi. Шындығында, миграцияның себептерiн талдау аясы негiзiнен дамыған елдер кеңiстiгiмен шектелдi, өткені, күтiлген көп миллиондаған ағым осы мемлекеттерге келедi деген болжам жасалған болатын.
Бiрақ та посткеңестiк елдерден Батысқа ағылған эмиграция үлкен сипатты бола қойған жоқ, өткені тұрғын халықтық көп бөлiгi қоныс аударуға дайын болмады және де қабылдаушы елдердiң шектеушiлiк саясатына ұшырады. Бұл ек фактор «Шығыстан» ағылатын эмиграцияның сұрыпталуын қамтамасыз етiп, тек бiлiктi мамандардың кетуiне әкелдi. Ал бұл қабылдаушы елден гөрi, эмигранттар шыққан елдің қауiпсiздiгiне күштi қатер едi. Алайда, мынаны жоқка шығаруға болмайды, яғни посткеңестiк мемлекеттердiң әлемдiк процеске, оның iшiнде миграциялық процеске енуi Батыс елдерi үшін белгiлi бiр жағымсыз салдарға ие болды. Мысалы, Ресей және басқа бұрынғы Одақтас Республикалар да бiр-бiрiмен келiсе отырып ауыстырушылар рөлiн орындауда және оларда қылмыстық трансұлттық қатерi туындап отыр.
1 тарау. Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
1. 1. Миграциялық саясаттың классификациясы және зерттеу әдістемелері
Демографиялық процестердiң iшiнде халыктың миграциясы маңызды орын алады. Өткені миграцияға қоғамдағы саяси, әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге шұғыл көңiл бөлетiн жауапты сипат тән. Қоғамды дұрыс басқару және тиiмдi әлеуметтiк-экономикалық саясат жүргiзу үшін миграциялық ағымдардың көлемi мен мигранттардың құрамын бағдарлай бiлу, миграцияны тудыратын факторларды және миграцияның салдарын анықтай бiлу өте қажет.
Миграциялық саясат дегенiмiз бл тұрғын халықтық миграциялануына алып келетiн әлеуметтiк мiнез - құлықтың, әрекеттiң бiр түрi немесе элементi болып табылатын миграциялық қозғалысқа деген ықпал ету. Бiздiң елiмiзде миграциялық процестер ынталандырушы және iлектеушi iс-шаралар арқылы ретттелiнедi. Шектеуiлi iс-шаралар таңдаулы түрде қолданылады, әсiресе iрi қалалардағы миграцияға байланысты. Сонымен қатар елдің экономикалық дамуына карай ынталандырушы экономикалық iс-шаралар да кеңiнен қолданылуда
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-жылғы 5-шi қыркүйектегi 1346-қаулысымен 1 мақұлданған Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының тұжырымдамасында былай айтылған:
- миграция процестерi мемлекеттiк қауiпсiздiкке, қоғамдық келiсiмге, елдегi экономикалық және демографиялық ахуалға әсер етедi;
- миграциялық саясат Қазақстанның мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатының құрамдас бөлiгi болып табылады, оны iске асыру мемлекеттiң басым мiндеттерiнiң бiрi болуға тиiс;
- миграция саясатының субъектiлерi - орталық және жергiлiктi атқарушы органдар болып табылады.
Тұжырымдамада адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау негiзiнде жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, миграция саясатының негiздерi айқындалады делiнген.
Халықтың миграциясы демографиялық жағдайларға, елдің тұрғындары санының бiрден көбеюiне немесе азаюына, оның жастық және жыныстық құрылымына тез және белсендi ыкпал етедi.
Қазiргi ғылымда, әсiресе батыс ғылымында миграцияны зерттеп, талдауда бiр жағынан бiрiн-бiрi толықтыратын және бiрiне-бiрi бiршама қарсы келетiн екi негiзгi теориялық парадигмалар бар. Бiрiншiсi, құрылымдық парадигма. Бұл парадигма миграцияны түсiндiргенде басты орынды адамды немесе топты миграциялауға итермелейтiн құрылымдарға бередi Осы парадигма макротеориялық парадигма ретiнде анықталады, өйткенi миграцияның себептерi экономикалық және саяси құрылымдар мен қоғамның капиталистiк трансформациялануы болып табылады. Қазiргi кездегi миграцияның себептерiн талдауда орын ауыстыру экономикалық детерминация ролiнiң маңыздылығы күштi екендiгiн көрсетедi.
Миграция теориясындағы екiншi парадигмада, яғни миграциялау туралы мәселеде субъективтi факторға басты орынды берiледi. Субъективтiк парадигма микроденгей теориясы ретiнде анықталады, Өткені адам миграцияның басты агентi ретiнде талданады. Микродеңгей теориясы миграцияның макротеориялық себептерiнiң маңызын жоққа шығармайды, бiрақта ол деңгей, объективтi факторлар бәрiбiр де жеке тұлғаның шешiмiне байланысты болады дейдi. Бұдан көретiнiмiз, миграцияны талдаудағы микротеориялық тәсiл жеке тұлғалардың шешiмдерiн зерттеуге көп көңiл бөледi. Бұл парадигма аясында мигрант өзiндiк ерекшелiктерi бар, миграциялаудан түсетiн шығындар мен табыстарды бағалай алатын адам ретiнде қарастырылады. Бәрiнен анығы, миграциялау туралы шешiм қабылдау тұтастай қиын себептер комплексi болып табылады.
Тарихқа үңiлсек, миграциялық процестердi ең алғашқылардың бiрi болып жүйелендiрген ағылшын ғалымы Е. Г. Равенштейн болған едi. Ол 1885 жылы Ұлыбритания мен Солтүстік Америка тәжiрибесiнде миграцияның он бiр заңын немесе ережелерiн 2 қалыптастырып бердi, бұл ереженi қазiрдiң өзiнде миграциялық теорияны жасаушылар негiзге алады. Осы он бiр ереженiң iшiндегi ең маңыздылары мыналар:
- миграция көбiне қысқа қашықтықта жүзеге асады (бұл жерде мигрант-спринтер жөнiнде пiкiр бiлдiрiледi, алайда, қазiргi кезенде мигрант-стайерлер де көп) ;
- территориялық орталық iрi болған сайын, ол өзiнiң тартымдылығын күшейтедi;
- әр миграциялық ағымға өзiндiк қарсы ағым сай болады;
- iрi қалалардың өсуi қала тұрғындарының табиғи өсiмiне емес, халықтық қоныс аударып келуiне байланысты;
- халықаралық миграция елдің iшiндегi болып жатқан миграция заңдылықтарымен дамиды;
- миграцияның көлемi өндiрiстiң, сауданың, әсiресе көлiктiң дамуына байланысты көбейе түседi;
- миграцияның ең басты анықтаушысы-экономикалық себептер
болады;
Ал бүгiнгi к. нде қоғамның дамуында жоғарыда айтылған, әсiресе, соңғы екi заңдылық берiк және анықтаушы сипатка ие.
Демографиялық процестердiң арасында тұрғындардың миграциясы ерекше орынды алады. 1989 жылғы жарық көрген «Миграциология» 3 деген еңбекте миграция дегенiмiз бұл әлеумеiтiк-экономикалық қатынастарға байланысты болатын миграциялық қозғалыс деп жазылған. Миграцияның мынандай категорияларға негiзделген интегралды классификациясы бар, олар:
- типi;
- түрi;
- фәрмасы;
- себебi;
- деңгейi.
- Миграциялық қозғалыстар бiр елдің iшiнде де, осымен бiрге мемлекеттердiң арасында да болады. Сол себептен де тұрғын халықтың миграциясының екi типiн бөлiп алады: халықаралық (мемлекетаралық, сыртқы) және iшкi (мемлекетiшiлiк) .
Халықаралық миграцияға иммиграция және эмиграция деген түсiнiктер тән. Бiрiншiсi бiр елге жұмысқа орналасуды немесе оқуға түсу мақсатында және басқада себептерге байланысты басқа елге барып кiрудi бiлдiредi. Екiншiсiнде елден кету туралы айтылады. Осыған байланысты иммигранттар және эмигранттар болып бөлiнедi. Халықаралық миграция континент аралық (мәселен, Еуропадан АКШ-қа және Австралияға) және iшкi континенталдық (мысалға, Еуропа шеңберiнде) болып бөлiнедi.
Ішкi миграция дегенiмiз - бiр мемлекеттiң территориясы көлемiндегi қозғалыс. Ішкi миграцияның ағымдары мынандай бағыттары бойынша бөлiнедi: қала-қала; ауыл-ауыл; ауыл-қала.
- Iшкi және сыртқы миграцияларға да мынандай негiзгi түрлер тән. Атап айтар болсақ, қоныс аудару қайтарымсыз және тұрақты уақытша миграцияға бөлiнедi, бiрiншiсi тұрақты мекен-жайын, азаматығын өзгертумен байланысты, ал екiншiсi болса жаңа жерде (жаңа елде) шектеулi бiр уақытпен жүрудi бейнелейдi, кей кезде ол бiршама ұзақ мерзiмге де созылады (БҰҰ-ның анықтамасы бойынша, бiр жыл және одан көп уақытқа кететiндер «ұзақ мерзiмдi» мигранттар болып есептеледi) .
Маусымдық миграция мiндеттi түрде қайта оралу деген сөз, ол бiрнеше айға созылады, алайда бiр жылдан аспайды. Маусымдық миграция негiзiнен еңбек күшіне сұраныс тудыратын белгiлi бiр маусымдық жұмыстарда көрiнедi, мысалға: құрылыстарда, ауыл шаруашылығындағы егiн пiскен кезiнде, т. б. Нақты мысал келтiретiн болсақ, Оңтүстік Қазақстандағы мақта терiмiне Өзбекстаннан келетiн маусымдық мигранттар.
Маятниктiк миграция (челноктық, шекаралас) бұл тұрақты мекен-жайынан оқу немесе жұмыс мақсатымен басқа бiр облыс, ауданға немесе басқа бiр мемлекет территориясына күнделiктi (апталық та болады) орын алмастыруды айтады. Мәселен, фронтьерлiк (ағылшынша - шекаралық) миграциялық алайық. Фронтьер-жұмыскерлер күнделiктi, немесе апта салып мемлекет шекарасынан өтiп, басқа бiр елде еңбек өтетiндер. Мәселен, шекаралас жатқан Қазақстан мен Ресей арасында. Мұнымен қатар кейiнгi жылдары «желiлiк маркетинг» еңбек миграциясының түрi де кең тарауда. Желiлiк маркетинг - бұл дистрибьюторлар арқылы тауарды өткiзу.
Эпизодтық миграция - бұл төртiншi және негiзгi түр болып табылады. Ол iскерлiк, туристiк және т. б. құралады. Мәселен, 1993 жылдардағы әлемдегi туризм мен саяхаттаудан түскен пайда 3, 5 трлн долларға бағаланса, ал туристер саны 443 млн-ды құраған.
Жоғарыда айтылғандармен қоса, қазiргi кездегi миграцияның ең бiр кең тараған түрi - саяси және экологиялық себептерден туындаған мәжбүрлi миграция. Бұған мысал ретiнде, саяси тұрақ iздеген босқындарды айтуға болады. Бұрынғы КСРО-ға келер болсақ, ондағы 1930-40 жылдардағы әр түрлi ұлт өкiлдерiн Орталык Азияға, Қазақстан мен Сiбiрге депортациялауды мәжбүрлi миграция қатарына жатқызамыз. Осының нәтижесiнде 2 млн адам қоныс аударылды, оның жетпіс пайызын, әйелдер мен балалар құраған едi.
Сыртқы миграцияға байланысты тағы бiр түрдi заңсыз (астыртын) миграцияны да бөлiп алуға болады. Заңсыз мигранттар дегенiмiз - жұмыс табу, өмір сүру мақсатында басқа бiр елдерге заңсыз келушiлер. Дүниежүзінде, әсіресе, 70-жылдардың ортасынан бастап заңсыз мигранттар саны өсіп, қазiргi кезеңде көлемi одан сайын ұлғаюда. Бұл миграция түрінің шынайы көлемiн толығымен анықтау мүмкін емес.
Осы жоғарыда айтылған миграция түрлерiмен қатар, қазiргi кезде зерттеушiлер моральды миграция түрiн де бөлiп алуда. Яғни, адам қоныс аударғысы келгенiмен қаржысының жоқтығынан көшiп кете алмайды, осымен қатар бұл жерде кедейлiк те миграциялауға себеп болады және қоныс аударуға кедергi келтiретiн де фактор болып табылады.
- Формасына қарай миграциялық қозғалыстарды былай деп бөлуге болады: мемлекеттiң немесе әр түрлi қоғамдық құрылымдардың (мәселен, ұйымдастырылған түрде еңбекшiлердi жинау, қоғамдық үндеулер бойынша миграция) көмегi арқылы жүзеге асатын қоғамдық-ұйымдасқан және ұйымдаспаған, яғни мемлекетттің көмегiнсiз жүзеге асатын миграция. Кейiнгi кезде осылардың үлесi бiздiң елiмiзде де өсе түсуде. Бiрақ та ұйымдасқан миграцияда да, ұйымдаспаған миграцияда да қоныс аудару туралы жеке тұлға өзi шешiм қабылдайды.
- Миграциялық қозғалыстарды себептерiне байланысты жiктей отырып мыналарды бөлiп алуға болады, олар: экономикалық, әлеуметтiк, саяси, мәдени, дiни, нәсiлдiк, әскери, демографиялық (отбасының бiрiгуi, некелiк миграция) және т. б. миграциялар.
Қазiргi кезенде миграцияны қандай факторлардың анықтағанына қарамастан, басты орынды экономикалық миграция алады,
- Тұрғын халықтық миграциясы‚ үш деңгейге бөлiнедi. Бiрiншi деңгей-бұл миграциялау туралы шешiмдi қабылдау.
Екiншiсi - бұл территориялық қоныс аудару, жоғарыда айтқандай ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған миграциялар, яғни мигранттың өзiнiң тәуекелiне байланысты.
Үшіншiсi - бұл мигранттың жаңа орынға, жаңа жұмысқа бейiмделуi және үйренуi деңгейi.
Мемлекеттiк миграция саясатының қалыптасу кезеңдерiн қарастыратын болсақ, халыктың миграциясы объективтi әлеуметтік-экономикалық процесс ретiнде бiр-бiрiмен тығыз байланысты құрамдас бөлiктерден тұрады. Яғни, сыртқы миграция: эмиграция мен иммиграция және iшкi миграция (ауыл мен қалашық, қала мен қала, т. с. с. ) .
Қазақстан Республикасы үкiметiнің 2000-жылғы 5-қыркүйектегi 1346-сандық 4 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының тұжырымдамасы бір мезгiлде сыртқы да, iшкi де миграцияның реттеуге арналған. Мұндай саясат мемлекеттiң белгiлi бір аймақтағы мигранттар қозғалысының ағымы мен құрамына ықпал ете отырып, халықтың саны мен құрамын сақтап қалуға немесе өзгертуге бағытталады. Оның басты мақсаты - экономиканың және халықтын тиiмдi дамуын қамтамасыз ету үшін жергiлiктi тұрғындарды дұрыс орналастыру, оның сапалық құрамын жақсарту, аймақтардың бiрдей дамуын қамту, өмiр жағдайындағы әлеуметтік - экономикалық жiктi теңестiру болып табылады. Әсiресе өтпелi кезенде, тұрғын халықтың орналасуы мен оның санының өзгеруi процестерiн реттеушi ықпал тоқтағанда, ал басқаларының ықпалы бiржақты болып қалғанда, ғылыми, экономикалық және демографиялық тұрғыда негiзделген мемлекеттiк миграциялық саясат қажет. Миграциялық саясат Қазақстан мемлекетiнiң сыртқы және iшкi саясатының құрамдас бөлiгi болып табылады, сондыктан да ол халықтың санының өсуi мен әлеуметтiк-экономикалық дамуды байланыстыруы керек. Дегенмен, мемлекеттiң миграциялық саясатының рөлi тұрғын халықтық қозғалысын жоспарлаумен және басқарумен ғана тоқталып қалмауы қажет. Оның тағы бiр маңызды қызметi - қоғамды және экономиканы реформалау кезiнде пайда болатын жаңа әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларын да бақылау болып табылады.
Ендi қазiргi кезеңдегi миграциялық жағдайды талдау мен оның дамуындағы негiзгi миграциялық проблемаларын шешу басымдықтарын және негiзгi әрекет ету бағыттарын анықтауға тоқталып өтейiк. Қазақстан Республикасы жағдайында иммиграцияны ынталандыру халықтың табиғи өсiмiнiц азаюын бiршама ретке келтiретiн және экономиканы еңбек ресурсымен қамтамасыз ету үшін жасалатын iс-шара. Елiмiздiң 2030-жылға дейiнгi даму стратегиясы бойынша да Қазақстанда ұзын-саны 25 миллионға жетерлiк денi сау, тұрмысы ауқатты, әрi салауатты өмiр салтын ұстанған, бiлiмi терең, мамандығы ұшталған азаматтары мен тұрғындары болуы керек делiнген. Ал осындай көрсеткiштерге жету тек табиғи өсiмдi арттыру арқылы мүмкін болмайтындықтан, әрбiр мемлекет, оның iшiнде Қазақстан Республикасы да иммиграцияны жүргiзуде. Мәселен, 1991-2000 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасына 43 мыңнан астам отбасы немесе 183 мың адам көшiп келген. Келушiлердiң жалпы санының жартысынан астамы дерлiк алыс шетелдерден келгендер. Келушiлер легi Монғолиядан (35 %-ы), Ираннан (8 %-ы), Түркиядан (2 %-ы), Қытайдан (1, 2 %-ы) және Ауғанстаннан (1 %-ы) шыққандар есебiнен құралғандар. 5
Халықтың көшi-қонын реттеудiң құқықтык негiзi 1997 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған «Халықтық көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 15 желтоқсанда бекiткен 1951 жылғы 28 шiлдеде қабылданған «Босқындар мәртебесi туралы» конвенцияда және 1967 жылғы 31 қаңтардағы Босқындар мәртебесiне қатысты хаттамада баянды етiлген.
Қазақстан Республикасының миграциялық саясатына арналған бағдарламасына келер болсақ, ол Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2001 жылғы 29 қазандағы 1371-санды қаулысымен бекiтiлген болатын. Бұл бағдарлама Квзакстан Республикасы көшi-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасы» деп аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz