«Дәстүрлі емес тарих сабақтары»


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

С. Қуаныш

«___»2017 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Дәстүрлі емес тарих сабақтары»

5В011400-«Тарих»мамандығы бойынша

Орындаған: Қалымжанова А.

Ғылыми жетекшісі., т. ғ. к. : Сармурзина Н

Норма-бақылау: Жұматова Г.

Атырау 2017

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Гуманитарлық ғылымдар және шеттілдер факультеті Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасы 5В011400-тарих мамандығы 4-курс студенті Қалымжанова Арайлымның «Дәстүрлі емес тарих сабақтары» тақырыбында жазған бакалаврлық бітіру жұмысына

СЫН-ПІКІР

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Бітіруші студент Қалымжанова Арайлымның «Дәстүрлі емес тарих сабақтары» тақырыбында жазған жұмысы өтe күрдeлі дe, қиын мәceлe. Мақсаты, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа әдістерін, қолданудың тиімділігін көрсету. Өйткeні, тарих пәнін оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалана оқыту арқылы оқушы білімін тереңдетіп, оқушының сабақты шығармашылық ізденіспен меңгеру жолдары әлі де толық зерттеуді талап ететін тақырыптардың бірі. Олай болса диплом жұмысы өзектілігі жоғары, тақырып бойынша тұжырымы бар, талапқа сай жазылған жұмыс деп есептейміз.

Жұмыты жазуда зерттеушілердің еңбектері мен баспасөз материалдары дерек ретінде қолданысқа енгізілген. Зерттеу жұмысында түзетуге болатын қателіктер кездеседі, бірақ бұл пікір жұмыстың сапасына әсерін тигізбейді. Ғылыми жұмысты жазу барысында студент зерттеу жұмыстарында қолданылатын талдау, тұжырымдау, сараптама жасау сияқты әдістерді ұтымды пайдаланғандығы анық көрінеді. .

Қалымжанова Арайлымның «Дәстүрлі емес тарих сабақтары» тақырыбында орындаған бакалаврлық ғылыми-зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 125-бұйрығымен (18. 03. 2008) бекітілген «Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесінің» 112. 2 тармағы талаптарына сәйкес орындалған ғылыми жұмыс екенін атап көрсете келе, «өте жақсы» деп бағалап, «Тарих бакалавры» академиялық дәрежесін беруге болады деп санаймыз.

Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп

директоры: Қабиева М. Т.

Жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі: Мұханбеталиева Ж.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Гуманитарлық ғылымдар және шеттілдер факультеті Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасы 5В011400-тарих мамандығы 4-курс студенті Қалымжанова Арайлымның «Дәстүрлі емес тарих сабақтары» тақырыбында жазған бакалаврлық бітіру жұмысына

ПІКІР

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Қалымжанова Арайлымның «Дәстүрлі емес тарих сабақтары» мол деректік негізге сүйене отырып, талапқа сай жазылған. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері айқын көрсетілген. Негізгі бөлімде Педагогикалық жаңа технологияларға: саралап оқыту технологиясы, бағдарламалап оқыту технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, ойын арқылы оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру технологиясы т. б. жайлы нақты мәліметтер объективті сараланып, зерттеліп, жан-жақты баяндалған. Қорытындыда жұмысқа нақты тұжырым жасалған. Зерттеуде салыстырмалы тарихи талдау, жинақтау және қорыту әдістері пайдаланылған. Ғылыми зерттеу еңбектер мен құжаттар және баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар сыни тұрғыда сұрыпталған. Сондықтан студенттің дипломдық зерттеу жұмысы, танымдық мәні зор, болашақта әлі де басқа ғылыми зерттеулерге жол ашатын маңызды ғылыми зерттеу деп санаймыз.

Қазақстан және дүниежүзі

тарихы кафедрасының аға оқытушысы, т. ғ. к. : Н. Сармурзина

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. …. . …….

1 ОРТА МЕКТЕПТЕ ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗДЕРІ . . .

1. 1 Оқушыларға тарихи білім берудің теориялық аспектілері . . .

1. 2 Оқушыларға тарихи білім берудегі негізгі әдістемелер . . .

2 2. ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУДА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ӘДІСТЕРДІҢ РӨЛІ . . .

2. 1 Cабақтың түрлері және оның дидактикалық құрлымы . . .

2. 2 Білім берудегі дәстүрлі емес әдістердің тұлға қалыптастырудағы ролі

2. 3Жаңа технологиялардың тиімді әдістері арқылы түрлі тапсырмаларды және ойын элементтерін пайдалану . . .


3 ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

3. 1 Оқытудың инновациялық технологиясы
3. 2 Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың біліктілігін арттыру . . .
3. 3
Интерактивті оқыту әдісін қолданудың тиімділігі . . .

ҚОРЫТЫНДЫ. ……
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде жастарға білім берудің маңызы өте зор болып отыр. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі қоғамымыздың болашағын жалғастырушы. Олай болса олардың сауатты да, саналы азамат ретінде қалыптасуларында тарихи, әдеби тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігі де түсінікті. Ертеңімізді сеніп тапсыратын жас ұрпақ үшін ең қымбат қазына білім болып табылатын тарихи сананы қалыптастыру кезек күттірмейтін міндет.

Тарих ғылым, пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәжірибесін баяндайды. Тарихи білім әрбір адамға қажет. Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орынын, атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Сондықтан да дүние жүзіне белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтпағандары жоқ. «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды, келешекті болжау қиын», - деп Әбу-Насыр әл-Фараби айтса, Ахмет Байтұрсынұлы «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы - тарих» - деп өте жоғары бағалаған.

Осыдан болар әрбір тәуелсіз, дамыған ел өз мемлекетінің, халқының тарихын оқытып үйретуге, алдымен оны мектепте оқытуға ерекше мән береді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алысымен өз елінің тарихын, Қазақстан тарихын, Қазақстан тарихын оқытуға айрықша ден қойды. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде, өзінің еңбектерінде тарихты оқып білу неліктен қажет екеніне үнемі назар аударып келеді. Оның Қазақстан тарихын оқып үйренудің қажеттігі туралы: «Бұл - тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертен кім боламыз?» деген төңіректе ойлансын деген сөз.

Бұл - әрбір азамат туған елінің, туған халқының тарихы ешкіммен де олқы еместігін түсінсін деген сөз.

Бұл - әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын» деген сөз.

Білім мазмұнын жетілдіруде оның құрылымын анықтауда бүгінгі заман талабына сай жаңа технологияны пайдалануда оқытушылар педагогикалық жаңа технологияларға сүйенуі тиіс. Педагогикалық жаңа технологияларға: саралап оқыту технологиясы; бағдарламалап оқыту технологиясы; оқытудың компьютерлік технологиясы; Монахов технологиясы; дамыта оқыту технологиясы; ойын арқылы оқыту технологиясы; білім беруді ізгілендіру технологиясы т. б. жайлы нақты мәліметтерді жаңа ақпараттық технология негізінде қажетіне қарай сабақта пайдалана білуі керек. Ол үшін мектеп ұжымы жаңа технологиялардың қайсысын қолданғанда тиімді болатынын алдын ала болжап, бағдарлап, жоспарлауы тиіс. Білім мазмұнын жаңарту, білім беру жүйесін дамыту, жетілдіру өмір талабының объективті заңдылығы.
Қазіргі білім жүйесінің негізгі міндеті - адамның ішкі жан дүниесінің, соған негіздеу. Мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі - оқушыны оқыту, білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану, жалпы білім беру реформасын жасау. Қазақстан Республикасының білім беру бағдарламасында білім беру, оқыту сапасын көтеру және тарихты оқытуда белгілі бір нәтижеге аз уақытта жетуге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын практикаға енгізу қажеттігі жөнінде айтады 1, 3] . Соңғы кездерде мектептерде, соның ішінде жоғары сыныптарда жоғарыда көрсетілген оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары пайдаланылып, практикаға енгізілуде. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Оқытудың жаңа технологияларын, жаңа әдістерін, қолданудың тиімділігін көрсету. Тарих пәнін оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалана оқыту арқылы оқушы білімін тереңдетіп, оқушының сабақты шығармашылық ізденіспен меңгерту.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

-жаңа әдістердің тарихты меңгертудегі қызметін айқындау;
-технологияларды пайдаланып оқытудың тиімділігін айқындау;
- әр түрлі әдістерде оқытудың элементтерін сабақта пайдалану жолдарын көрсету;
-деңгейлік тапсырмаларды тарих пәнін оқытуда қолданудың тиімді жақтарын көрсету;
Зерттеу пәні. Тарих пәнін оқытуда дәстүрлі емес әдістерді пайдаланудың маңызы.
Зерттеу нысаны. Дәстүрлі емес әдістерді пайдаланып оқыту арқылы оқушыларға үздіксіз білім берудің, тарихты меңгертудің ұтымды әдістемесін ұсыну. Жаңа әдістерді қолдану арқылы оқытудың тиімді жолдарын көрсету.

Зерттеудің әдістанымдық негізі. Әдіскер-ғалымдардың зерттеулері, ғылыми еңбектері, тарих, педагогика, психология ғылымдарының оқытудағы, білім берудегі соңғы жетістіктері басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының теориялық-методологиялық негіздері. Диплом жұмысының теориялық және методологиялық негізін қалыптастыруда отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми жұмыстары негізге алынды. Ғылыми зерттеудің жалпы тарихи жүйелік әдістер пайдаланылды. Іргелі еңбектер мен зерттеулерді, деректерді ғылыми тұрғыда сараптауда нақты тарихи салыстырмалы, талдау, жинақтау, қорыту тәсілдері таңдалды. Бұл орта мектепте тарихи көркем шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдерін алдын алу үшін, жан-жақты зерттеуге мол септігін тигізеді. Мұның өзі алынған мәліметтердің толықтығы мен шынайылық деңгейін анықтауға мүмкіндік болды.

”Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім” деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сәйкес білім беру мүмкін емес. Осы мақсаттарды жүзеге асырудың алғы шарты - оқу-тәрбие жұмысын басқаруды әрі жүйелі жоспарлай білу, сол жоспарды жүзеге асыру. Біздің жалпы білім беретін орта мектеп жұмысында инновациялық процесті жобалау және бағдарлы білім берудегі мақсатымыз - шығармашылық ізденістегі ұстаздар қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін жаңа технологиялармен байыту, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын тәрбиелеу болып табылады. Зерттеу жұмысында қарастырылған тұжырымдар мен мәселелер тарихты оқытудың әдістемесін теориялық тұрғыдан толығып жетілуіне мүмкіндік береді.

Зерттеудің тәжірибедегі маңыздылығы. Жұмыста ұсынылған амал-тәсілдерді мектепте тарихты меңгертуде қолдануға болады. Жұмыста берілген жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар, тілді меңгертуге байланысты қолданылған мәтіндер тарих сабағының сапасын арттыруға, оқушылардың білім деңгейін көтеруге, жаңа сабақты тез меңгеруге мүмкіндік береді.
Еңбектің құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ОРТА МЕКТЕПТЕ ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗДЕРІ

  1. Оқушыларға тарихи білім берудің теориялық аспектілері

Мектепте оқытылатын тарих пәні өзінің негізін тарих ғылымынан алады, ал ол ғылымның аса маңызды салаларына жатады. Кез келген өркениетті, дамыған елдер өз мемлекетінің барлық азаматтарын тарихи біліммен қаруландыруға ұмтылады және де оны алдымен өз халқының, өз елінің тарихын оқытып үйретуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір сүрген қоғамдағы орынын, атқаратын қызметін, басқа да, іс-әрекеттерін дәл анықтай алады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес бекіткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасын қабылдаған [2] болатын. Бұл тұжырымдамада оқу орындарында тарихты, әсіресе Қазақстан тарихын оқытудың алдын-ала межелеу жөнінде аса жауапты міндеттер қойылған. Ол міндеттер алдымен жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асады. Өйткені елдің барлық азаматтарына жүйелі тарихи білім беретін оқу орны - мектеп. Ол пәнді оқытатын - тарихшы мұғалімдер. Сондықтан да университеттер мен пединституттардың тарих факультеттерінде болашақ тарихшылар 4-5 жыл оқып, орта мектептің тарихшы мұғалімі деген мамандық алады.

Тарихты оқыту - күрделі үрдіс, ол өзара байланысты: оқытудың мақсатын анықтау, білім мазмұнын іріктеу, білімді оқытып-үйрету және оны меңгеруге басшылық ету - оқушылардың оқу қызметі - және оқытудың нәтижесі сияқты құрамдас бөлімдерден құралады. Оқыту үрдісі үнемі қозғалыста болады, демек дамып отырады, ол туындаған қайшылықтарды шешу арқылы жетіледі. Қазақстан тарихы курсының оқыту мақсатын анықтау қиындау мәселенің бірі. Өйткені коммунистік идеология үстемдік еткен жылдардағы оқыту мақсаты түбірімен өзгерді. Осыған орай Қазақстан тарихын оқыту міндеттеріне де елеулі өзгерістер енгізіліп отыр. Бұл мәселелерге кейін арнайы тоқтайтын болғандықтан әзірше проблеманың аса маңыздылығын айтумен шектелдік.

Мақсатын анықтаудан кейінгі маңызды мәселе білім мазмұнын анықтау, іріктеу. Тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі бұл мәселені шешуде алдымен Қазақстан тарихы ғылымының әдіснамасына сүйенеді, соны басшылыққа алады. Соның негізгі ғылыми ұстанымдарына сүйене отырып, педагогика ғылымының білім мазмұнына қоятын талаптары мен критерийлерін ескеріп, Қазақстан тарихы мектеп курсының білім мазмұнын анықтайтын ұстанымдарды белгілейді. Осыдан кейін барып Қазақстан тарихының теориясы мен әдістемесі мектеп курсының ең қолайлы, тиімді мазмұнын, курстың құрылымын, нақты тарихи фактілер мен негізгі ұғымдарды қалыптастыратын білім көлемін және де тарихты оқыту барысында оқушылар игеріп, маеңгеретін біліктерді анықтайды.

Жоғарыда айтылғандарға қарамастан тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі тарих ғылымдарына жатпайды, ол педагогикалық ғылымдарға қосылады. Өйткені оның зерттейтін негізгі нысандары: оқытудың білім мақсаты, білім мазмұны, оқушылардың оқу қызметі қалай ұйымдастырылады, оның тиімді жолдары қайсысы? Оқыту нәтижесі өте жақсы болу үшін оқулықтардың қандай түрі және олардың әдістемелік құрылымы қандай болу керек? Мұғалім қалай оқытуы керек? Оқыту нәтижесі қалай тексеріледі және оның қорытындысы оқытуды одан әрі жетілдіру үшін қалай пайдаланылады? Тарихты оқыту барысында қандай курсаралық, пәнаралы байланыстарды жүзеге асыруға болады? - деген сияқты көптеген мәселелер.

Тарихты оқытуға тікелей қатысты осы және басқа да мәселелерді шешудің өзіндік жолдары бар, оларды зерттейтін де, белгілейтін де педагогика ғылымы. Аталған мәселелерді шешумен тарих ғылымы емес, педагогика ғылымы айналысады, олар педагогикалық теорияларға сүйенгенде ғана дұрыс шешіледі. Олардың ішіндегі кейбір аса маңызды мәселелер: білім мазмұнын анықтау немесе жетілдіру, оқытудың ұйымдастыру формалары мен әдістерін жетілдіру, оқулықтарды жақсарту, оқытуды оңтайландыру т. б. тек ғылыми-педагогикалық эксперимент жүргізу арқылы ғана дұрыс шешіледі.

Осыған байланысты тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі ғылыми педагогикалық пән деп есептелінеді.

Тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі ғылыми пән болғандықтан ол осы пәннің аса маңызды проблемаларын зерттеумен де шұғылданады. Ол проблемаларды - қайшылықтарды шешу үшін эксперимент жұмысы жүргізіледі. Мұндай жұмысқа мектеп мұғалімдері де қатыса алады. Оның барысында мұғалім ғылыми жұмыс жүргізуді үйренеді, ғылыми-әдістемелік мақалалар дайындайды, озат мұғалімдер тәжірибесімен танысады, оны жинақтап қорытады, көпшілікке таратады, бұған өз тәжірибесін де қосады. Мұндай зерттеу жұмыстарына қатысып, оны талапқа сай жүргізу үшін мұғалім педагогикалық зерттеу жұмыстарының әдіс-тәсілдерін жақсы білуі тиіс. Тарих пәнінің оқытылуы мәселелерін зерттеуде: тәжірибені зерттеу, бақылау, әңгімелесу, түрлі сипатты сауалнамалар жүргізу, қорытындысын шығару сияқты басқа да зерттеу әдістері қолданылады [5, 28-30] .

Мемлекеттік білім стандартының ендірілуіне байланысты енді оқытудың нәтижесіне, демек оны анықтауға бұрынғыдан гөрі баса назар аударылуы тиіс. Оқыту нәтижесін тексеру әдіс-тәсілдерінің уақыт өткен сайын күрделене түсетіндігін, оның жаңа компоненттермен толығатынын өмір көрсетіп отыр. Кейінгі жылдары мерзімді баспасөз беттерінде оқушылардың оқу пәнінен алатын базалық білімінің мүмкін және міндетті деңгейлері, олардың дайындық дәрежесіне қойылатын талаптар, сол талаптардың жүзеге асуын анықтайтын сұрақтар мен тапсырмалар үлгілері жарияланды. Тарих пәнінен де осындай үлгілер дайындалды және олар осы курстың жаңа бағдарламаларының құрамына ендірілді. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрлі емес түрлері де пайда болуда. Олар, әрине, қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын жаңалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұнда дәстүрлі емес түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына дәріс, конференция, пікірталас, компьютерлік сабақтарды жатқызуға болады. Бірақ, жоғарыда аталған сабақтың дәстүрлі емес түрлері - оның жаңа немесе жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданатын дәстүрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататын: жарыс, сайыс, бәйге, аукцион, көкпар, ойын, саяхат - сабақтың құраушылары деп қарау керек. Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды. Дегенмен де ол мұғалімдерге оқыту жұмысында осындай тәсілдерді көптеп сабақтар жүйесінде пайдалануға кеңес береді. Дәстүрлі емес сабақтар - қалыптан тыс, күнделікті сабақтан өзгеше сабақтың жаңартылған түрлері.

Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу нұсқасы мен мақсат-міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары.

Оқушылардың білімін, біліктілігін, ойлау қызметінің даму дәрежесін, тәрбиелігін тексеру аса маңызды жұмыс болғандықтан он үлкен дайындықпен және жауапкершілікпен, жоспарлы түрде жүргізіп отыру қажет. Алдымен оларға қойылатын талаптарды біліп алған дұрыс.

  1. Тарих пәнінен оқушылардың білімін, біліктілігін, тарих сабатарында
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақтың түрлері және ұйымдастыру жолдары
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Ұлттық өнердің нақты туындыларын және олардың оқушылардың эстетикалық қабылдауына әсерін талдау
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Әдебиет сабақтарының инновациялық түрлері
Қазіргі әлемдегі патриоттық тәрбие жүйесі
Орта мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі-сабаққа қойылатын негізгі талаптарды теориялық негіздеу
Тарихты оқыту әдістемесі
Дәстүрлі сабақ пен дәстүрлі емес сабақтар
Сабаққа қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz