«Қазақ және ағылшын тілдеріндегі (адам, қоғам, табиғат) мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты»



КІРІСПЕ ... .
1 МАҚАЛ.МӘТЕЛДЕР . ХАЛЫҚТЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ РЕТІНДЕ
1.1Мақал.мәтелдердің қалыптасуының дерек көздері
1.2Мақал.мәтелдердің жинақталуы мен зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... .
1.3Қазақ және ағылшын мақал.мәтелдерінің жасалу жолдары ... ... ... ... ..
1.4Мақал.мәтелдерді топтастырудың негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... .
1.5 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал.мәтелдердің құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
1.6Ағылшын мақал.мәтелдерін қазақ тіліне аударуда туындайтын қиындықтар.

2ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ.МӘТЕЛДЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ
2.1Лингвистика және этнолингвистикалық зерттеулер
2.2 Қазақ және ағылшын мақал . мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты.
2.3 Қазақ және ағылшын мақал.мәтелдерін тақырыптар бойынша топтастыру...
2.4«Адам» концептін құрайтын мақал.мәтелдердің этномәдени сипаты.
2.5«Қоғам» туралы мақал.мәтелдердің этномәдени сипаты..
2.6«Табиғат» туралы мақал.мәтелдердің этномәдени сипаты...

ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..
ҚОСЫМШАЛАР
Қазіргі кезде ғылымда туыстығы жоқ тілдермен салыстыра-салғастыра зерттеу мәселесі кеңінен өріс алып келеді. Бұл орайда тіл біліміндегі негізгі мәселелер адам, тіл және мәдениетке байланысты туып отыр. Тілді, тілдік бірліктерді адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте қарастыру қазіргі тіл білімінің алға тартып отырған басты бағыттарының бірі. Бүгінгі күні адами факторларға ерекше мән беріп, тіл иесінің тілдік бірліктерді дұрыс, ұтымды қолдану, мән-мағыналарын терең түсіну мәселесі ғылыми еңбектерде жиі кездеседі. Осындай зерттеу жұмыстарында ұлттық құндылықтарға қатысты мәдени деректерге көп көңіл бөлініп, тіл тек тұлғалық (формалық) жағынан ғана емес, сонымен қатар ол мағыналық, ұғымдық, мәдени-концептілік тұрғыдан жиі қарастырылып, талданатын болды. Тілді ұлттың тарихымен, мәдениетімен, рухани қазынасымен, яғни дүниетанымымен тығыз қарым-қатынаста, бірлікте алып қарастырылған жағдайда ғана ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып білуге жол ашылады.
Ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті сақталған. Белгілі бір ұлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктерге ең алдыменбіз тілдегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жатады, себебі бұл тілдік бірліктер белгілі бір ұлттың өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін, салт-дәстүр ерекшеліктерін білдіретін ұлттық өмір көріністерінің айнасы болып табылады.
1 Longman dictionary of English languages and Culture. – Adisson Wesley: Longman Limited, 1997.
2 Кеңесбаева Ү. Ағылшын халқының мақал-мәтелдері. – Алматы: Өлке, 2004. - 214 б.
3 Ибрагимов Ш. Мақал-мәтелдер. – Алматы, 1984.
4 Баржақсы А. Мың бір мақал, жиырма үш жоқтау. – Алматы: Қазақстан, 1993.- 96 б.
5 Richard P. Honeck. A proverb in mind: the cognitive science of proverbial wit and wisdom. Routledge, 1997.
6 Taylor, "An introductory bibliography for the study of proverbs," Modern Philology, XXX (1932). P. 195-210.
7 Journal of Language Teaching and Research, 2010. - 114 p.
8 Тұрманжанов Ө. Қазақтыың мақал-мәтелдері. – Алматы: Білім, 2007. - 270 б.
9 Қайдар Ә. Халық даналығы. – Алматы: Толғанай Т, 2004. - 558 б.
10 Шалгимбаева А., Мажитаева Ш. «Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуі». Образованието и науката на XXI ВЕК – 2013: материали за IX международна научна практична конф. том 10. филологични науки. - София: «Бял ГРАД-БГ» ООД, 2013. Р. 50-53.
11 Ғабдуллин М. Қазақ халкының ауыз әдебиеті. – Алматы, 1958. - 34 б.
12 Нұрышев С. Қазақтың халық мақалдарының даму тарихы. – Алматы, 1959. -112 б.
13 Динаева Б. Қазақ мақал мәтелдерінің логика семантикалық және прагматикалық сипаты: Филол. ғыл. докт. дисс.автореф. – Алматы, 2002. -25 б.
14 Юсупова Р.И. Когнитивно-семантическая и логико-синтаксическая природа пословиц неродственных языков (на материале немецких, уйгурских и русских пословиц). Дисс. канд. фил. наук. – Алматы, 2002. - 150 с.
15 Донбаева А. Араб және қазақ мақал мәтелдерінің лексика грамматикалық ерекшеліктері. АКД. – Алматы, 2003. - 25 б.
16 The Oxford Dictionary of Proverbs, 5th ed. Oxford University Press.
17 Mieder W. Proverbs are never out of season. Oxford University press. -1993. - 302 p.
18 Кунин А.В. Курс фразеологии современного английского языка. –М.: Высшая школа, 1986. С. 300-325.
19 Apperson G.L.The Words Dictionary of Proverbs. Wordsworth Editions Ltd. - 2003. - 112 p.
20 Пермяков Г.Л. Паремиологичекий сборник. Пословица: Загадка. (Структура, смысл, текст.) - М.: Наука, 1978. - 320 с.
21 Малайсарин. Ж. Қазақ мақал–мәтелдері. – Алматы: Ана тілі, 2007. -184 б.
22 Диваев Ә. Қазақ мақалдары. Ташкент, 1927. - 174 б.
23 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 304 б.
24 Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка. 3-е изд.- М.: Буклет,1994. - 196 с.
25 Richard Trench. Proverbs and their Origins. – London, 1985. - 179 p.
26 Shirley Arora. The perception of proverbs. – London, 1995. - 85 p.
27 “The proverbs of a culture reflect much of its attitudes” by Julie Lovell. –London, 2001. - 68 p.
28 Шалгимбаева А., Мажитаева Ш. «Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерін топтастыру ерекшеліктері». Көптілділік білім беру контекстінде. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды: ҚММУ баспасы, 2015 ж. 306-308 б.
29 Пермяков Г.Л. Основы структурной паремиологии. – М., 1988. С. 11-13.
30 Алпысбаева Қ., Әуеспаева П. Қазақ халқының мақалдары мен мәтелдері. – Алматы, 2001. - 463 б.
31 Хазан А.А. Словарь английских пословиц и фразеологических выражений. – Смоленск: Русич, 2001. - 560 с.
32 Ахметова С.Г. Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках: Паремиологический словарь. – Алматы: Мектеп, 2009. - 224 б.
33 Комлев Н.Г. Словарь иностранных языков. – М., 2006. - 672 c.
34 Виноградов В.В. Избранные труды: лексикология и лексикография. – М: Наука, 1977. - 133 с.
35 Шалгимбаева А., Мажитаева Ш. «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер: лексикалық-грамматикалық ерекшеліктері». Филологияның өзекті мәселелері: синхронды-диахронды аспек-тілері. Ғылыми еңбектер жинағы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2013. 25-28 б.
36 Асқар .О. Қазақ және Әлем халықтарының таңдамалы мақал-мәтелдері. – Алматы, 2005. - 432 б.
37 Шалгимбаева А., Мажитаева Ш. «Kazakh and English proverbs: lexical-grammatical differences». Nauki i Studia. – Tom 7. Filologiczne Nauki. – Przemysl, 2014. Р. 26-29.
38 Arnold I.V. «The English Word». – М: «Высшая школа», 1986. - 295 с.
39 Смит Л.П. Фразеология английского языка. – М., 1996. - 208 c.
40 Комиссаров В.Н. Современное переводоведение. Учебное пособие. – М.: ЭТС, 2002. - 424 с.
41 Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы., 1999. - 60 б.
42 Қожахметова Х, Жайсақова Р. «Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік». – Алматы: Мектеп,1988. - 186 б.
43 Жанпейісов Е. Этнолингвистика // "Ана – тілі", №3, 1994. 20 қаңтар. Б. 12-13.
44 Ф.Де Соссюр. Курс общей лингвистики. – М., 1960. - 230 c.
45 Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 192 б.
46 Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі. – Алматы., 1997, 1-том. - 242 б.
47 Потебня А.А. Слово и миф. – М., 1989. - 98 с.
48 Encyclopedia Britanica. – London, 1946.
49 Қайдар Ә. Этнолингвистика// Білім және еңбек, №8,1985. 16 тамыз. Б. 18-19.
50 Жанпейісов Е.Н. Этнокультурная лексика языка. – Павлодар, 2010. - 361с.
51 Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. –Алматы., 1997. - 178 с.
52 Нұрмаханов А. Түркі фразеологиясы. – Алматы: Ғылым, 1998. - 270 б.
53 Абильдинова Ж.Б. Пословицы и поговорки как объект изучения в лингвистике. // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. 2007. - №7. Б. 48-51.
54 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің варианттылығы // Тіл деңгейлері және олардың өзара қатынасы (ғылыми мақалалар жинағы). – Алматы, 2000. Б. 72-79.
55 William Caxton. Fables of Escope. 1484.
56 John Heywood. Dialogue containing the number in effect of all the Proverbs in the English tongue. 1546.
57 John Ray. English proverbs. – London, 1670. - 307 p.
58 Linda and Roger Flavell. Dictionary of Proverbs and their origins. – London, 2000. - 162 p.
59 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: Ғылым, 1994. - 254 б.
60 Асқар .О. Қазақ және Әлем халықтарының таңдамалы мақал-мәтелдері. – Алматы, 2005. - 432 б.
61 Райтдаут Р. Толковый словарь английских пословиц. – Санкт-Петербург, 1997.
62 Adagia of Erasmus. Proverbs. – London, 1814. - 284 p.
63 «2000 русских и 2000 английских идиом, фразеологизмов и устойчивых словосочетаний» А. Амбражейчик– 2-е изд. – Мн.: ООО «Попурри», 2005. - 304 с.
64 Кунин А.В. Английская фразеология. – М.: Высшая школа, 1970. - 381 c.
65 Попова З. Д. Понятие «концепт» в лингвистических исследованиях. – Воронеж, 2000. - 30 с.
66 Мажитаева Ш., Тажикеева А. Гендерлік стереотиптер (қазақ және ағылшын мақал-мәтелдері негізінде)// Абылай хан атын. Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті. Хабаршы. «Филология» сериясы. №1(25). – Алматы, 2011. 21-25 б.
67 Смайлов А. «Әйел» концептісін қалыптастыратын тұрақты тіркестердің лингвомәдени сипаты. Ф.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 2008. - 25 б.
68 Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках. Баймаханова Т., Өтешева Н., Байтөлеева Н. – Алматы: Мектеп, 1988. - 134 с.
69 Bell J.J. The History of England. – M., 1996. – 79 p.
70 Жүсіпова Р.Б. Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты. Ф.ғ.к. дисс. – Алматы, 2004. - 30 б.
71 Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан. 1995. - 178 б.
72 Шалгимбаева А., Мажитаева Ш. «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі адамға қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық сипаты». Сөз және шеберлік. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы 2014. 213-215 б.
73 Жүнісов А. Бабалар дәстүрі. – Алматы, 1992. - 133 б.
74 Ощепкина В.В., Шустилова И.Н. Britain in Brief. – М.: Новая школа. -115с.
75 Рысбайұлы. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы: Санат, 1999. - 54 б.
76 Бурнашева Р.З. Монетные находки сгородища Отрар-тобе за 1974 год. Археологические памятники Казахстана. – Алматы: Наука, 1978. - 221с.
77 Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. – Алматы: Ана тілі, 1997. - 115 б.
78 Alex Praill. Why is the Tower of London so popular with tourists? Published by the the Commonwealth Office. – London, 2000. – 139 p.
79 Stevenson B. Book of Proverbs, Maxims and Familiar Phrases. – London, 1949. - 208 p.
80 Есламғалиұлы М. Сан қилы сауал. – Алматы, 1995. - 115 б.
81 Тілемісов Х. Шопан сырласы. –Алматы, Қайнар, 1979. - 292 б.
82 Жарқынбеков М. Өмір жырын толғаған баба// Ақ орда. Әдеби-көркем журнал. 1-наурыз. 1993. - 241 б.
83 Тауасарұлы Б. Түп-тұқияннан өзіме шейін. Басп. дайындаған Қыдырбекұлы Б. – Алматы: Жалын, 1993. - 416 б.
84 Байтұрсынов А. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. - 249 б.
85 Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар. Алматы: Қазақстан, 1993. - 225 б.
86 Жарықбаев Қ, Қалиев С. «Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы». – Алматы, 1994. - 246 б.
87 Жабықбаев М.Қ. Мақал-мәтелдерді ағылшын тілінде пайдалану. –Алматы, 2005. - №21, 63-65 б.
88 Иманбаева Қ. Мақал-мәтелдерді пайдалану. – Алматы, 2006. - №1. – 21 б.
89 Иванова Т.Н. Работа с пословицами и поговорками. – Алматы, 2005. - №3. - 33 б.
90 Шалгимбаева А., Тунгускова Э. «Қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің мағыналық ұқсастығы мен тәрбиелік мәні». Білім беру ұйымдарында зерттеу және жобалық жұмыстар: тәжірибе, мәселелер, перспективалар. Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды: ҚО ББД 2015. 108-110 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасы

Қорғауға жіберілді

Аударма ісі және шетел тілдері

кафедрасының меңгерушісі

____________А.Х.Хайржанова

___________________2016ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі (адам, қоғам, табиғат)
мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты

5В020700 – Аударма ісі мамандығы бойынша

Орындаған: Төлеген Айтолқын
Жайыққызы

Ғылыми жетекші: Хайржанова Акмарал Хатиповна
ф.ғ.к

Норма бақылау:

Атырау 2016
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР – ХАЛЫҚТЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ РЕТІНДЕ
1.1Мақал-мәтелдердің қалыптасуының дерек
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2Мақал-мәтелдердің жинақталуы мен зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... .
1.3Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің жасалу жолдары ... ... ... ... ..
1.4Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі
принциптері ... ... ... ... ... ... .
1.5 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің құрылымдық және
мағыналық ерекшеліктері мен
ұқсастықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.6Ағылшын мақал-мәтелдерін қазақ тіліне аударуда туындайтын
қиындықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ
2.1Лингвистика және этнолингвистикалық
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... .
2.2 Қазақ және ағылшын мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерін тақырыптар бойынша
топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4Адам концептін құрайтын мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты.
2.5Қоғам туралы мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты ... ... ... ... ... ..
2.6Табиғат туралы мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде ғылымда туыстығы жоқ тілдермен салыстыра-салғастыра
зерттеу мәселесі кеңінен өріс алып келеді. Бұл орайда тіл біліміндегі
негізгі мәселелер адам, тіл және мәдениетке байланысты туып отыр. Тілді,
тілдік бірліктерді адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте
қарастыру қазіргі тіл білімінің алға тартып отырған басты бағыттарының
бірі. Бүгінгі күні адами факторларға ерекше мән беріп, тіл иесінің тілдік
бірліктерді дұрыс, ұтымды қолдану, мән-мағыналарын терең түсіну мәселесі
ғылыми еңбектерде жиі кездеседі. Осындай зерттеу жұмыстарында ұлттық
құндылықтарға қатысты мәдени деректерге көп көңіл бөлініп, тіл тек тұлғалық
(формалық) жағынан ғана емес, сонымен қатар ол мағыналық, ұғымдық, мәдени-
концептілік тұрғыдан жиі қарастырылып, талданатын болды. Тілді ұлттың
тарихымен, мәдениетімен, рухани қазынасымен, яғни дүниетанымымен тығыз
қарым-қатынаста, бірлікте алып қарастырылған жағдайда ғана ұлттық тілдің
табиғатын шынайы танып білуге жол ашылады.
Ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным
болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті сақталған. Белгілі бір ұлттың тарихынан,
мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тілдік
бірліктерге ең алдыменбіз тілдегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл
сөздер жатады, себебі бұл тілдік бірліктер белгілі бір ұлттың өзге
ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін, салт-дәстүр ерекшеліктерін
білдіретін ұлттық өмір көріністерінің айнасы болып табылады.
Біздің елімізде қазақ тілі мен орыс тілін салғастыра зерттеуге арналған
еңбектер құрылымы әр түрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеудің үлгісі
болды. Қазіргі кезде қазақ және ағылшын тілдерін салыстыра-салғастыра
зерттеу кейінгі уақытта ғана қолға алына бастағандықтан, әлі де болса
шешімін таппаған талай мәселелер, міндеттер баршылық. Осындай тың, қиын,
өзекті мәселелердің бірі - қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді
лингвистикалық және этномәдени тұрғыдан салғастыра зерттелуі. Алдымен
мақал-мәтелдердің негізгі мәніне тоқталар болсақ, мақал-мәтел (лат.
–proverbium, adagium, франц - proverbe, неміс тілінде - Sprichwort, ағылшын
тілінде – proverb) ауызша айтылған, ешбір әдеби немесе фольклорлы
шығармамен байланысы жоқ, бірақ нәтиже, ақыл, дәлелдеме ретінде жаппай
қолданылатын афоризмдер. Мақал-мәтелдерді көптеген тілдердің
лингвистикасында паремия деген терминде қолданады. Паремия грек тілінде
paroimia мақал-мәтел деген мағынаны білдіреді. [1]
Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл- өнегесі
мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр
жағынан ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан салалы
құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы
тәжірибесі негізінде пікір айтылады. [2, 15]
Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысқан. Сөйтіп,
тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жинақтап, қорытып береді. Онда халық
тарихы, әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі кең көрініс тапқан.
Мақал-мәтелдерде  халқымыз  жақсылық  пен  жауыздықты,  адамдық  пен 
арамдықты,  еңбеккерлік  пен  еріншектікті,  жомарттық  пен  сараңдықты 
салыстыра  сөз  етеді.  Адамгершілік  жолына  нұсқан,  мін  келтіретін 
жамандық  пен  жауыздық  қылықтардың  барлығын  батыл  сынап,  жиренте 
әшкерелеп,  бүкіл  жұртшылыққа  адамгершілікке  тән  мінез,  қылықтардың 
барлығын  ұсынады.
Өкінішке  орай  ғылым  мен  техниканың,  жалпы  өркениеттің  қарыштап 
алға  дамыған  заманында  біз  дайын  құндылықтарға  әбден  үйреніп, 
төселіп  кеттік. Олар – әлемдік  ғаламтор  өнімдері,  электрондық өнімдер,
т.б.  Сөз  жоқ  бұл  құндылықтардың  да  өмірде  алатын  орны  зор.
Дегенмен, адамдардың  арасындағы  тірі  қарым-қатынасқа  жетпейді.
Көпшілігіміздің  сөйлеу  мәдениетіміз,  сөздік  қорымыз,  ұтқыр,  ойлы 
сөйлеу  шеберлігіміз  кемшін  түсіп  жататыны  жасырын  емес. Себебі  ата-
бабаларымыз  тобықтай түйінмен-ақ  адамға  дұрыс  жол  сілтей  алған. 
Мақалдар  мен  мәтелдерде адамның  жан-жақты тәрбие  алуына  үлкен  мән 
берген,  тәлім-тәрбиені мақал-мәтел  арнасына шеберлікпен  сыйғыза  білген.
Мақалдар мен  мәтелдердің мазмұны  бабаларымыздың  өмір  тәжірибесін қамти 
отырып,  біздің  санамызды,  әсемдік  сезімімізді,  талғамымызды,
көзқарасымызды  дамытады.  Сонымен  қатар  ұлтымыздың  мақал-мәтелдері 
сөздің  мағынасын  түсіне білуімізге  және  тапқырлыққа баулиды, 
шеберлікке, шығармашылыққа  бастайды,  көркем  сөз  табиғатына жетелейді 
әрі  ұшқыр, көңілге  қонымды,  ойлы,  бейнелі  сөйлеуге  үйретеді,  сөйлеу 
мәдениетін  дамытады.
Оның  үстіне  мақалдарымыздың  бен  мәтелдеріміз  тіл  үйренуде, 
сауатты  жазып,  ойды  көрікті  әрі  көркем  етіп  жеткізуде,  тіл 
сауаттылығына  баулуда  ең  тиімді,  ең құнды құрал  ретінде  де  маңызы 
зор  деп  есептеймін.
Мақалдар  мен  мәтелдердің  ғибраттық,  өсиеттік  мәні дүниетану
қабілетіміздің дамуына  баулумен  және  ұлтжандылыққа  тәрбиелеумен
қатар,   өмір  шындығының  көрінісі  ретінде ұлтымыздың  тарихымен 
танысуға  да  септігін  тигізеді  деп  ойлаймын. 
Қазақ халқы да өзге халықтар сияқты – әр - қилы заманннан өтіп,
сұрыптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен көл - көсір
фольклоры бар халық. Соның ішінде мақал-мәтелдерге өте бай ел. Тегінде,
қазақ мақал -мәтелдерінің қағазға түсуі, кітапқа кіруі, кешеулеу
басталғанына және тірнектеушісі оншама көп болмағанына қарамастан, бұл
күндерде кітап болып халық қолында жүрген қазынамызды олқысына да алмаймыз,
місе де тұтпаймыз.
Әрине, осы күнге дейін фонетика–фонологиялық, синтаксистік, семантикалық
тұрғыдан зерттеу жоқтың қасы емес болса да, бүгінде осы мақал–мәтелдер
туыстық байланысы жоқ ағылшын тілімен салыстыра - салғастыру бүгінгі күннің
өзекті мәселесі болып табылады.
Төменде жұмыста біз мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілінде
зерттелуі, пайда болу тарихы және екі тілдегі мақал-мәтелдердің этномәдени
сипатына, ерекшелігіне тоқталып өтеміз.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-
мәтелдердің этномәдени сипатын анықтау тіл білімінде арнайы зерттелмеген.
Сондықтан түркі-герман тілдеріндегі мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық
тұрғыдан салғастыра зерттеуде, әлі шешуін таппаған талай мәселелер,
міндеттер тұр. Діні, мәдениеті, тарихы, әлеуметтік және саяси жолдары бөлек
қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің этнолингивстикалық,
ұлттық-мәдени ерекшеліктеріне көңіл бөліп, олардың ортақ айшықтарын талдап,
әр халықтың рухани мұрасы болып табылатын мақал-мәтелдердегі деректер мен
мәліметтерді ғылыми түрде зерттеуге деген қажеттілікті осы жұмыстың
өзектілігі анықтайды.
Сондай-ақ екі тілдегі мақал-мәтелдердің семантикалық құрылымындағы
ерекшеліктері мен ұлттық сипатын айқындау аса маңызды болып отыр.
Зерттеу мақсаты – екі тілдегі мақал-мәтелдердің пайда болу тарихына
тоқталып, жасалу жолдарындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтарды анықтау. Осы
мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылды:
1. Мақал-мәтелдердің екі тілде пайда болуына тоқталу, мысалдар
жинастырып, жүйелеу;
2. Мақал-мәтелдердің жасалу жолдарын зерттеу, екі тілдегі мақал-
мәтелдердің мағыналық-құрылымдық ерекшеліктерін анықтау.
3. Екі тілдегі мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық тұрғыдан сипаттау.
4. Этнолингвистикалық сипаттағы екі тілдегі мақал-мәтелдерді жинақтап,
олардың тақырыптық-мағыналық топтарын анықтау.
Зерттеу нысаны: Зерттеудің нысанын құрылымы әр түрлі туыстығы жоқ қазақ
және ағылшын тілдеріндегі этнолингвистикалық сипаттағы мақал-мәтелдер
құрайды.
Зерттеу пәні: Туыс емес, құрылымы әр түрлі тілдердегі мақал-мәтелдердің
дерек көздерін, шығу тарихын, мағына қалыптасуындағы уәждерін
этнолингвистикалық тұрғыдан талдап, олардың мағыналарындағы ұқсастықтар мен
ерекшеліктеріне ұлттық-мәдени тұрғыдан сипаттама беру.
Зерттеудің деректік көзі: Зерттеу жұмысы барысында қазақ тіліндегі
Ә.Қайдар, Қ. Алпысбаева, Ө.Тұрманжанов мақал-мәтелдер жинақтарынан,
ағылшын тілінде Райдаут, Рональд; Уиттинг, Клиффордтың ағылшын мақал-
мәтелдерінің түсіндірме сөздігінен және ағылшын мақал-мәтелдерінің және
фразеологиялық тіркестерінің сөздігінен алынған мақал-мәтелдер қолданылды.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысы барысында зерттеу тақырыбы туралы ой
пікірлерді жинақтап, оларды талдап, сараптау және оларға ортақ тұжырымдар
келтіру, салыстырмалы және сипаттамалық, салғастырмалы талдаулар жүргізу,
ғылыми талдаудың этнолингвистикалық, тарихи этимологиялық, мағыналық
талдау, диахронды сипаттау, контекстік талданым сияқты түрлері қолданылды.
Әдіснамалық негізі: Мақал-мәтелдердің шығу тарихы, этимологиясы туралы
еңбектер, теориялық зерттеулер әдіснамалық негізге алынды. негізге алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
-арақатынасы өте алшақ тілдердің мақал-мәтелдерін салыстырмалы негізде
алғаш рет зерттеу;
-мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымы, мағынасы және тілде қалыптасуы
тұрғысынан өзара айырмашылықтары мен ұқсастықтары көрсетілді;
-мақал-мәтелдер ұлтқа тән мінез құлықтың және ұлттық менталитеттің
көрінісі ретінде алғаш рет салыстырылып зерттеліп отыр;
-жұмыста рухани және материалдық мәдениеті әр түрлі екі ұлттың өзіндік
ерекшеліктері мен менталитетін сипаттайтын, яғни этномәдени ақпараты бар
мақал-мәтелдерге этнолингвистикалық талдау жасалынды;
-екі тілдің мақал-мәтелдерін зерттеу барысында екі ұлттың өзіндік ойлау
және түсінулері боынша айырмашылықтары мен ұқсастықтары болатыны анықталды.

Зерттеу жұмысының теориялық мәні: Бұл зерттеу жұмысы ағылшын және қазақ
тілдерін салыстыра зерттеуде өз септігін тигізеді. Сондай-ақ, зерттеудің
нәтижелері мен тұжырымдарын ағылшын және қазақ тілдерін зерттеу
жұмыстарында, салыстырмалы тіл білімінде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Бұл зерттеу жұмысының тұжырымдарын,
нәтижелері мен қорытындыларын жоғары оқу орындарының ағылшын тіл бөлімінде
семинар, лекция сабақтары мен арнайы курстарға қосымша материал ретінде
қолдануға болады. Сонымен қатар, ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-
мәтелдер сөздігін құрастыру барысында кеңінен қолдануға болады.
Практикалық базасы: Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің тақырыптары
мен мағынасын зерделеу барысында Ә.Қайдар, Райдаут, Рональд еңбектері мен
түсіндірме сөздіктер негізге алынды.
Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау,
қорытындыдыдан, қазақ және ағылшын тілдерінде пайдаланнылған әдебиет
тізімінен тұрады.

1 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР – ХАЛЫҚТЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ РЕТІНДЕ
1.1 Мақал-мәтелдердің қалыптасуының дереккөздері

Мақал-мәтелдер – әрбір халықтың көне де байырғы рухани қазынасы. Ол өз
бастауын адам баласының тым ертедегі саналы қоғам құрған балаң кезінен
алып, ғасырлар бойы сұрыпталып, толассыз толығып келе жатқан құбылыс, халық
даналығының қорланып жиналған қоры, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып
келе жатқан рухани мирасы. [3]
Мақал-мәтелдердің пайда болып, қалыптасуы үлкен екі түрлі объективті
факторға байланысты. Оның біреуі – ішкі фактор да, екіншісі – сыртқы
фактор.
Мақал-мәтелдердің ішкі факторларға байланысты пайда болуы мен
қалыптасуының ең алғашқы себептері мен тәсілдері әр алуан. Солардың ең
бастысы: біріншіден, саналы қауымның өзі өмір сүрген табиғи ортаны, табиғат
құбылыстарын танып-білуіне, екіншіден, тіршілік көзі – еңбек процестерін,
кәсіпшілікті меңгергу, үшіншіден, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың
қыр-сырын терең ұғынуына байланысты болса керек.
Мақал-мәтел жанрының дүниеге келуінің екінші бір объективті себебі:
табиғат құбылыстарының өзгеруі мен заңдылықтарын танып-білуден, тірлік-
тіршілік көздерін меңгеруден, адамдар арасындағы сан алуан қарым-
қатынастардың қыр-сырын терең ұғынудан туындаған ой-тұжырымын, тәжірибе-
тағылымын көп сөзбен ұзақ баяндаудан гөрі, тұжырымдап, қорытып, қысқа да
нұсқа түрінде айтып жеткізу мақсатына байланысты. Қазақтың Тоқсан ауыз
сөздің тобықтай түйіні бар деп айтуы да осыдан туындаған мақал.
Үлкендердің жас ұрпаққа айтатын өнеге-өсиеті, ғибрат сөздері, ақыл-кеңесі
қанша ұзақ айтылса да, ұнамды, пайдалы, әсерлі болса да, бәрі бірдей толық
есте сақталып, жадында жатталмауы мүмкін. Сондықтан да, ертедегі данышпан
бабаларымыз жастарға, қалың жұртқа бағыштаған өсиет-өнегесін, ғибрат-
тағылымдарын қорыта келе, елдің есінде қалатындай етіп қысқа да нұсқа
түрінде бір ауыз түйінін бейнелеп айтуға тырысқан. Мысалдан: Қызым саған
айтам, келінім сен тыңда мақалы қысқа да нақты айтылып, тәлім-тәрбиеге
беруге бағытталған.
Мақал-мәтелдердің көбісі үлкен тебіреністің нәтижесінде өмірге келген.
Оның қастерлілігі де, қарымдылығы да осында. Елдің, халықтың ұлттық жан
дүниесі көрсете отыра, мақал-мәтелдер зор мәнге ие.
Қазақ қауымында халық даналығы – мақал-мәтелдердің толассыз дамып,
толыға келе, бай қазына болып қалыптасуының тағы бір объективті себебі –
ана тіліміздің мол рухани байлықты бойына сақтай білетін бейнелі де көркем
табиғатына байланысты. [4, 35]
Міне, осы факторлардың негізінде қалыптасып, дамыған, бүгінде 15 мыңға
жеткен мақал-мәтелдері көненің көзі, дананың сөзі ретінде қазақ халқының
өзімен бірге жасап, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, елдің жадында
сақталып келе жатқан асыл мұра балып саналады.
Мақал-мәтелдер белгілі бір қоғамда өмір сүргендердің барлығынан бірдей
бұлжытпай орындалуы қатаң талап етілетін заңдар кодексінің жинағы емес. Сан
ғасырлар бойы халықтың бүкіл болмысын, өмір жолын паш ететін елдің
ескерткіші болуымен қастерлі.
Мақал-мәтелдер қорының толассыз толығуы жанды құбылыс. Мысалдан, Тозға
түспегеннің бәрі тарих емес деген мәтел бар. Мағынасы, тозға жазылған хат
қана ұзақ сақталатын тарих болып саналады, яғни хатқа түспей, ауызша
айтылған әңгіменің бәрі тарих емес дегенді білдіреді.
Енді жаңа дәуірде пайда болған, жаңа нарықтық қатынастың, шағын
кәсіпкерлердің пайда болуына байланысты: Шағын кәсіп – елге нәсіп деген
мақалды алсақ, ол ел заманына сай елбасының қолдауымен елімізде шағын
кәсіпкерлердің іс-әрекетін дәріптеуден туындап отыр.
Міне, осылай пайда болып, халық есінде сақталып, даналықтың ұйытқысына
айналған қазақ мақал-мәтелдердің құрылымдық, мазмұндық табиғаты күрделі,
қолданыс ауқымы да кең, тақырыптары да әр алуан.
Ағылшын мақал-мәтелдерінің пайда болу тарихы әр түрлі. Мақал-мәтелдер өз
бастауын, негізін адамдардың ойлау қасиеттерінің дамуы мен шеберліктерінің
нәтижесінде пайда болады, оның ішінде Конфуций, Платон т.б. сияқты ғұлама
адамдарды атауға болады. Өзге мақалдар поэзия, өлеңдер, жарнамалар,
фильмдер, көркем әдебиеттен алынады. Көп мақал-мәтелдер оқиға – әңгіме
желісінде пайда болып, оқиға соңында қолданылған. Who will bell the cat?
мақалы тышқанның мысықтан құтқару жоспары туралы оқиғаның соңында
қолданылады. Осыдан байқайтынымыз, мақал-мәтелдер әр түрлі жағдайда пайда
болған, енді соларға толығырақ тоқталсақ.
1. Мақал-мәтелдердің пайда болуы ағылшын халқының тарихының негізінде
қалыптасқан салт-дәстүрлер, тарихи оқиғаларға, кәсібіне, тұрмыс-салтына,
наным-сенімдеріне байланысты. Олардың көбісі жазу болмағанға дейін пайда
болған. Мақал-мәтел болу үшін кез-келген айтылымды халық қабылдауы керек.
Кез-келген мақал белгілі бір адам мен белгілі бір қоғамдық жағдайға
байланысты шығарылып пайда болып отырған. Мұндай мақалдар ұрпақтан-ұрпаққа
беріліп отырады. Make hay while the sun shines мақалы өз бастауын егістік
жұмыстарынан алады. Содан кейін адамдар әр түрлі жолмен өз ойларын
жеткізіп, мақал күнделікті жатталып есте қалады. Don’t put all your eggs
in the basket мақалы саудагерлердің сауда-саттық жасауда, қарым-қатынас
нәтижесінде пайда болған. [5]
Мақалдар халықтық даналыққа шақырады. Олар адамдарға сенімділік
туғызады, адам тәжірибесі ештеңені қалт еткізбейді және ұмытпайды.
Мақал-мәтелдерден халықтың өзіне тән мінез-құлқын көруге болады.
Ағылшындар тәртіп, әрбір іс-әрекетті өз уақытында орындауға өте тиянақты,
қатал келеді. Early to bed and early to rise makes a man healthy, wealthy
and wise, ал қазақ тілінде Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық. Соған
байланысты ағылшындардың ұстамдылығы, өз эмоциясын жасыру қатал тәртіптің
нәтижесі болып табылады. Be swift to hear, slow to speak. Көп тыңдап, аз
сөйле. The least said the soonest mended. Көп сөз – бос сөз
ағылшындардың негізгі ұстанымдары болып табылады.
Сондай-ақ ағылшын мақалдарында еңбек процесінің жүйелілігі байқалады:
Feather by feather a goose is plucked; If at first you don't succeed,
try, try, try again (Еңбек те, ерлік те ептілікті тілейді).
Мақал-мәтелдер тек әлемдегі әр түрлі құбылыстар мен жағдайларды сипаттау
үшін ғана емес, тұтас халықтың мәдениетін көрсетеді.
Мақал-мәтелдің семантикасы оны құрайтын сөйлемнің мағынасын
бөлектемейді. Ол тұтас, күрделі синтаксистік жағдайдың бөлігі болып
табылады.
Бұл мақалдар өте қарапайым болса да халықтың тұрмыста қолданатын
айтылымдары болып табылады. Мысалы: As you sow, so you reap, қазақша
баламасы Не ексең, соны орасың.
2. Кейбір ағылшын мақалдары басқа тілдерден кіріккен. Ағылшын
мақалдарының бастауын латын, француз, испан тілдерінен алады. Өзге
тілдерден кіріккен мақалдар ағылшын тіліне тез сіңіп үлгерсе, ал
кейбіреулері толып сіңісіп үлгермей қалған. He gives twice who gives
quickly мақалы өз нұсқасында еш өзгеріссіз қалды.
А. Тейлор латын тілінің ағылшын мақал-мәтелдерінің дамуына әсері өте зор
екендігін айтады. Ерте кезде латын тілінің ықпалы зор болып, латын тілін
білу білімді, интеллектуалды, мәдениеттіліктің белгісі болып есептелген.
[6, 195] Сондықтан мектептерде, монастырьлерде сабақтың латын тілінде
оқытылуы латын мақал-мәтелдерінің ағылшын тіліне көптеп енуіне өз ықпалын
тигізді. Оның ішінде латын мақалдары афоризмдерден басталады.
Сондай-ақ ағылшын мақалдарының дамуына грек тілі де өз үлесін қосты.
Грек тілінен бастау алған мақал-мәтелдер ағылшын мақалдарымен мағынасы
жағынан өте ұқсас келеді. Мысалдан: Цицеронның Two heads are better than
one, қазақ тілінде де ұқсас мағынасы Кеңесіп пішкен тон келте болмас.
мақалымен тұспа-тұс келеді.
Per aspera ad astra мақалы француз тілінен енген. Ағылшын баламасы
Through hardships to the stars, бұл мақал ағылшындардың әуе қорғанының
ұраны болып табылады.
3. Библиядан алынған мақалдар да кіріккен, себебі Библия ивриттен
аударылған, онда ежелгі еврейлердің дана сөздері берілген. Көнеде Библия
кеңінен оқылатын, сондықтан көп айтылымдар халықтың жадында қалғаны
соншалықты көп халық мақалдардың Библиядан шыққанын біле бермейді. Дж.
Хезелтайн В.Смиттің сөздігіне кіріспе жасағанда қарапайым халыққа
күнделікті өмірден мысал келтіру арқылы жеткізген. Халық болса сол айтылған
ойларды өздеріне қолайлы ғып өзгертіп мақалдар ретінде жеткізіп отырған.
Дегенмен ағылшынның көп мақалдары қасиетті жазудан алынған:
You cannot serve God and mammon.
The spirit is willing, but the flesh is weak.
Spare the rod and spoil the child.
You can’t make bricks without straw.
Saw the wind and reap the whirlwind.
4. Басқа мақал-мәтелдер өзге әдебиеттерден, оқулықтардан алынған.
Жоғарыда аталып өткендегідей мақал-мәтелдер қоры афоризимдерден бастау
алады. Шекспир мақалдарды өз еңбектерінде цитата ретінде қолдануда
Библиядан кейін екінші орынды алады. Алайда ешкім мақалдарды Шекспирдің өзі
шығарғанын әлде ауызекі түрде пайда болғанын біле бермейді. Шекспирдің
Brevity is the soul of wit; Sweet are the uses of adversity мақалдары өз
негізгі түпнұсқасын сақтады.
Шекспирдің басқа айтылымдарына өзгертулер (адаптация) жасалған:
A rose by any other name would smell as sweet; No sweet without sweat;
(Еңбек ет те міндет ет.); Nothing to be got without pains; He that would
eat the fruit must climb the tree (Еңбегің қатты болса,татқаның тәтті
болар.)
Сол сияқты мақалдар танымал адамдардың айтылымдарынан да пайда болды.
Танымал американдық қолбасшының сөзі: Мен өзімді ең ақылды адам деп санай
алмаймын, осы жағдайда мен кәрі голландық фермердің жолда атын ауыстыруға
болмайтынын айтқан, сол кезде айтылған сөз өте танымал болған. Қазіргі
ағылшын мақалы: Don’t change horses in mid-stream, Орта жолда атыңды
ауыстырма. Негізгі мағынасы – бастаған ісіңді орта жолдан тастамай, соңына
дейін жеткіз дегенді білдіреді.
Give us the tools, and we will finish the job, Бізге мүмкіндік
берсең, біз жұмысымызды аяқтаймыз, - деген Черчильдің 1941 ж 9 ақпанда
радиодан айтқан сөзі кейін мақалға айналып кеткен. [7, 98]
Сондай-ақ көркем шығармаларда жартылай мақал болып қалған айтылымдар
көптеп кездеседі.
The wages of sin is death (Romans);
No man but a blockhead ever wrote except for money (Samuel Johnson).
Full many a flower is born to blush unseen. (Gray)
4. Идиома түріндегі мақал-мәтелдер.
Мақалдарға ұқсас жиі қолданылатын идиомалық тіркестер мақал-мәтелдерден
бөлек болып келеді. Сондай тіркестердің бірі – To try for the moon (қол
жетпейтін нәрсені сұрау). Бұл тіркес ешқандай ақыл-кеңес бермейді,
сондықтан мақал бола алмайды. Ал егер идиомаға ақыл-кеңес беретін мән
қосса, мақалға тез айналады: Don’t cry for the moon немесе Only fools cry
for the moon. Яғни идиомалық тіркестер жиі қолданысқа ие болса, онда олар
мақал-мәтелге айналып, оларды халық мақал ретінде қолданады. Сондай
идиомалық мақал-мәтелдерге төмендегі мақал-мәтелдерді жатқызуға болады:
To be out of wood: Don’t hallo till you are out of the wood.
A snake in the grass: Take heed of the snake in the grass.
To ride the hide horse: Don’t ridethe high horse.
A skeleton in the cupboard: Every family has a skeleton in the cupboard.
To tell tales out of school: Don’t tell the tales out of school.
Сонымен мақалдардың пайда болу тарихы әр түрлі және маңызды. Мақал-
мәтелдер үнемі қозғалыс, өзгеріс үстінде болады. Уақыт өткен сайын олар
өзгеріп, жаңа мақалдармен толығып, ескілері ұмытылып отырады.
Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің пайда болуына әсер ететін негізгі
белгілермен жағдайларды анықтадық. Ағылшын мақалдары басқа тілдерден
кірігіп, қасиетті інжілден, танымал жазушылардың айтылымдарынан алынса,
қазақ мақал-мәтелдері адам өмірінің қажеттілігінен, қоғамдық жағдайларға,
халықтың тарихы дамуына байланысты пайда болған.
1.2 Мақал-мәтелдердің жинақталуы мен зерттелу тарихы

Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің ең байырғы көне түрі. Ол ғасырлар бойы
халықтың ұқыптап сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой-пікірінің
түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, көнеден
жаңаға, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік
өшпес мұрасы. [8, 5]
Мақал-мәтелдер – құрылысы жағынан терең ой, кең мазмұнды қамтитын, асқан
шеберлікпен жасаған сөз өрнегі. Мақал-мәтелдер – сөздік құрамның халық
өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды
бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да
нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір
шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп
қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін
сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп,
жалқаулық, өсек, өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ
салуға тәрбиелей білген. [9, 25]
Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілінде зерттелуіне тоқталмас бұрын
отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың
қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атап кеткен жөн.
Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына үлес қосқан В.В.
Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, И.В. Арнольд, І.
Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді
фразеология саласының еншісіне тиесілі деп негіздеген.
Қазақ мақал-мәтелдері өз бастауын сонау ертеден алады. Көне ұғымдар мен
көнерген сөздерден құралатын мақалдар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп қазірге
дейін жеткізілген. Мұның айқын көрінісі бұдан мың жылдай бұрын хатқа
түскен, түркі жұртына ортақ ғасырлардан сақталған Орхон-Енисей, Кодекс
куманикус, Диуани лұғатит түрік атты шағармаларынан, Талас жазбаларынан,
Қорқыт, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұннан, Махмуд Қашқари сияқты
бабаларымыз мақал-мәтелдер туралы бірталай еңбектер қалдырған.
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау
барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен
тұратыны анықталды, оның алғашқысы – XIX ғасырдың екінші жартысында іске
асырылды.
Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан
жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші
кезең – оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.
Қазақ мақал-мәтелдерін алғаш жан-жақты зерттеп, қағаз бетіне түсірген
ғалым – Ш. Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н. Н. Березин архивтерінде XIX
ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-
мәтелдер жинақталып, зерттелген. Сондай-ақ қазақ ауыз әдебиетінің басқа
үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар
шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына
зор үлес қосқан Ы. Алтынсарин, Ә. Диваев, В. Радлов, Ш. Ибрагимов, М.
Терентьев, т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбектері ерекше. [10, 50]
Қазақ тілі білімінде мақал-мәтелдерді алғашқы зерттеген ғалымдардың бірі
І. Кеңесбаев болды. Ол мақал-мәтелдердің тұрақтылығы мен қолданатын
сипатына қарай фразеологияға жатқызып, жан-жақты сипаттама берген.
Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған
монографиялық зерттеулер де, жинақтар, мақалалар да көп. Солардың ішінен
ғалым Б. Шалабаев алғашқы жинақ авторларының бірі болып, аталмыш тұрақты
тіркестер тобын арнайы қарастырып, олардың негізгі мағыналық топтарын,
жанрлық ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің Қазақ халкының ауыз
әдебиеті [11, 34] деген еңбегінде қазақ халкының шаруашылығын, кәсібін,
тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен
қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырды.
[12, 68]
Сондай-ақ мақал-мәтелдерді соңғы жылдары арнайы зерттеген ғалымдардың
бірі – Р. Сәрсенбаев. Ол Қазақ мақалдары мен мәтелдерінің лексика-
стилистикалық ерекшеліктері (1961) деген еңбегінде мақалдардың құрылысы
мен стилистикалық ерекшеліктерін талдап, олардың жасалу жолдары мен
мазмұнын қарастырған.
Академик Ә. Қайдардың Халық даналығы атты сөздігінде қазақ мақал-
мәтелдерінің табиғатын зерттеп, қолданыс аясын анықтап, түсініктемесін
беріп, қазақ және жалпы түрік паремиологиясында мақал-мәтелдерге
этнолингвистикалық түсініктеме берген. Бұл сөздікте көптеген мақал-
мәтелдердің табиғаты, пайда болу жолдары, мән-мағынасының қалыптасуы т.б.
сөз болған. Б. Динаева 2002 жылы қорғаған Қазақ мақал-мәтелдерінің
прагматикалық сипаты еңбегінде [13, 34] мақал-мәтелдердің прагматикалық
қызметіне, логикалық-семиотикалық сипатына және кейбір мақал-мәтелдердің
жасалуындағы этнолингвистикалық уәждеріне тоқталады. Сонымен қатар автор
түркі халықтарының мақал-мәтелдеріндегі ортақ ойлау жүйесі туралы пікірін
білдіреді.
Тіл білімінде мақал-мәтелдердің табиғатын түсінуде оларды бір тілдің
көлемінде зерттеудің жеткіліксіздігі байқалғандықтан, бір тілдік топтарға,
сондай-ақ, әр түрлі тілдік топтарға жататын және типологиялық құрылымы
жағынан мүлдем алшақ тілдерді зерттеу тіл ғылымында дәстүрге айналып келе
жатқан жаңа бағыттар. Туыс емес тілдердегі мақалдарды логика-семиотикалық,
құрылымдық-синтаксистік және когнитивті-семантикалық тұрғыдан зерттеген
Р.И. Юсупованың [14, 35], араб және қазақ мақал-мәтелдерінің құрылымдық
грамматикалық және лексика-семантикалық ерекшеліктерін ашуды мақсат етіп
қойған А.Б. Донбаеваның [15, 20] диссертациялық зерттеу еңбектерін айтуға
болады.
Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары
сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып
келеді. Ағылшын тілінде әдетте мақал-мәтелдер әр түрлі мақсатта
қолданылған. Кей жағдайда олар сыпайы түрде өз ойын жеткізу болса, кейде
пікірталас кезінде әлсіз жауап кезінде дәлелді жауап табу үшін ата-бабалар
сөзі ретінде қолданылған. Алайда көп елдерде мақал-мәтелдерді шешендік
қасиетті көрсету үшін қолданады.
Тарихи деректерге сүйенер болсақ, өте көне мақал-мәтелдер тізбегін
қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V
ғасырда жарық көрген және мақал-мәтелдерді Соломон патша өзі жазған. Алайда
көп зерттеушілер нақыл сөздер, поэмалар, мақал-мәтелдер өте ертеде б.з.д
538 ж Вавилон тұтқындау кезінде пайда болған дейді. The Book of Proverbs
үйде оқыған израиль балалары еңбегінің нәтижесі ретінде қарастырылған.
Кітаптың негізгі бөлімінде ата-аналардың балаларына оқу үлгерімін көтеруге
мүмкіндік жасауы, жауапкершілікті сезінуі, тәрбиелеуі жайлы баяндалады. Бұл
кітап халық үшін өте құнды дүние, себебі ол даналық, адалдық, шынайылық,
жауапкершілік сияқты адами құндылықтарды үгіттеп, үйретеді.
Кейінгі жинақтар халық қазынасына айналып, халық фольклорімен айналысып,
зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз
байланысты. Оның 1500 жылы “Collectanea” (818 MM), 1508 жылы Венецияда
“Chiliades” (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары
аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.
Сондай-ақ артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд
(John Heywood) өзінің алғашқы “A Dialogue Containing the Number in Effect
of all the Proverbs in the English Tongue” атты еңбегін 1546 жылы,
кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарған. 1610-1680 жылдар
аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы
ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe “Bibliotheca Scholastica
Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious
Proverbes”, 1639 жылы пастор Дж. Клардың (John Clarke) “Paroemiologia Anglo-
Latina”, 1640 жылы Дж. Хербергтің “Outlandish Proverbs”, 1659 жылы Дж.
Хауэльдің “Proverbs”, 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің “English Proverbs",
1855 жылы Бонның “Мақал-мәтелдер кітабы” атты енбектері жарық көрді. Келесі
ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды.
Зерттеу барысында мамандардың көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін
жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін көреміз. [16]
У. Хазлиттің (1869) жылы шыққан мақалдар жинағы да аса танымал. 20
ғасырда мақал-мәтелдер, фразеологияға арналған бірнеше авторлардың
жинақтары шықты. The Book of Proverbs (1965), П. Розенвейг және У.
Смиттің өңдеуімен жарық көрген The Oxford Dictionary of English Proverbs
(1970) сөздіктерді атауға болады.
А.Тейлордың The Proverb еңбегін В. Мьюдер (1985) қайта өңдеп шығарды.
2004 volume, Proverbs: A Handbook В. Мьюдер мақал-мәтелдердің зерттелуін,
ерекшеліктерін қарастырған. [17, 143]
Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты
қарастырған зерттеу жұмыстарының жеткілікті екені мәлім. Солардың ішінде
мысалдан Л.И. Швыдкояның ғылыми зерттеуінде мақалдар мен афоризмдер "клише"
деген атаумен бір топқа біріктіріліп, олардың синонимдік қатары берілген.
С.И. Вяльцеваның ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік, ал Э. Ахундованың
зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған.
Ағылшын тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары атақты орыс ғалымы
А.В. Кунин есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Курс английского языка",
"Курс фразеологии современного английского языка" сияқты көлемді ғылыми
еңбектері мен "Англо-русский фразеологический словарь" сөздігі т.б. арқылы
ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап,
ерекшеліктерін сипаттап, жалпы тіл ғылымына елеулі үлес қосты және
салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді. [18, 300]
Мақал-мәтелдердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда өзіндік
ерекшеліктерін, күрделілігін, мән-мазмұнының терендігін айқын көрсететін
тұстардың бірі — аударма жұмысы. Кейбір жалпыхалықтық универсалдық сипатқа
ие түрлерін есепке алмағанда, әдетте, мақал-мәтелдер бір тілден екінші
тілге тікелей аударылмайды. Бір тілден екінші тілге тәржімелеу барысында
мағынасы мен тіркес құрамындағы сыңарлары дәлме-дәл келетін теңбе-тең
баламасы (абсолюттік балама) немесе контекстік мағынасы сәйкес эквиваленті
қолданылуы мүмкін. Әсіресе, ілеспе аудармада шапшаңдық, жинақылық, дәлдік
қажет. Осы мақсатка негізделген, практикалық мәні бар жұмыстардың бірі — Т.
Баймаханова, Н. Өтешева, Н. Байтөлеевалардың құрастыруымен жарық көрген
"Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском
языках" атты еңбек. Жұмыста мақал-мәтелдер он мағыналық топқа бөлініп,
олардың орыс және казақ тілдеріндегі баламалары берілген. Алайда, ағылшын
ММ-дерінің қазақ тілінде баламалары бола тұра, тікелей аударылған тұстары
да баршылық.
Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті Інжілге
байланысты қалыптасқан. Халық арасында кеңінен таралып, көп оқылғандықтан,
інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы,
мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік
бірлікке aйнaлған. Зерттеу барысында олардың aуқымды бір бөлігінің
тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қoлданылатындығы
айқындалды. Мысалы: Үоu саn nоt sегvе Gоd and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы:
Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth
away wrath (с.с.а.: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т.б. Түп-төркіні
інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де
кездеседі.
Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі
нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір
үлес қосқаны көрсетіледі. Мысалдан Тһе customer is always right (с.с.а.:
Тұтынушынікі әрдайым дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда
орталықтарының бірі "Сэлфриджзді" (Selfridge’s) ашқан Г.Селфриджге
тиесілілігі жөнінде мәліметтер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде "Тһе
сustоmег іs аlways гіgһt", яғни "тұтынушынікі әрдайым дұрыс" деген қатаң
түсінік қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыкқан осы сөз кейіннен халық
арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданысқа еніп, мақалға айналған. Ағылшын
тілінде бұл тәрізді қолдануға дайын, астарлы "авторлы" тіркестер жетерлік
болып есептеледі.
Екі тілде де мақал-мәтелдер жан-жақты зерттелген, осы орайда кейінгі
жылдары Ү. Кеңесбаеваның Ағылшын халқының мақал–мәтелдері атты 2004 ж
басылып шыққан кітабында ағылшын мақал-мәтелдерінің қазақ тіліне түпнұсқада
аударып, балама табуға талпынған алғашқы қадамы болды. Кітапқа ағылшын
халқының қазіргі ауызекі тіл мен баспасөзде, көркем әдебиетте жиі қолданып
жүрген 1500-ден астам мақал-мәтелдері жинақталып, енгізілген. Оның ішінде
Шекспир, Диккенс, Оскар Уайльд сияқты әдебиет класссиктерінің
шығармаларынан шығып, нақыл сөзге айналып кеткен афоризмдерді де жиі
кездестіруге болады. Бұл жинақтан ағылшындардың ұлттық ерекшелігін
көрсетіп, болмысын, мінез-құлқын ашатын, ел танып, жер білуге көмегін
тигізетін, қолданыста жиі кездесетін мақал-мәтелдерді көптеп ұштастыруға
болады.
Тһеге іs timе оf еvегуthing (с.с.а.: Әр нәрсенің өз уақыты бар).
Қазақша баламасы: Сабапқы ине сәтімен.
Бұл ағылшын мақалы қасиетті Інжілдің "То еvегуthing tһеге іs а sеаsоn,
аnd а tіmе tо еvегу рurроsе under tһе һеаvеn". (с.с.а.: Аспан астында әр
нәрсенің, әр мақсаттың өз уақыты бар) деген өсиет, өнегелілік ретінде
ықтималдық, тұрақты қалыпта қолданылған. [19, 46]
Мақал-мәтелдерді зерттеу, жасалу ерекшеліктеріне сәйкес ғалымдардың
көзқарастары бір-біріне қарама-қарсы. Бірінші топта ғалымдар мақал-мәтелдер
– фразеологиялық бірлік болып табылса десе, екінші топтағы ғалымдар бұл
ойды құптамайд. Себебі мақал-мәтелдер фразеологиялық бірліктердің барлық
белгілеріне сәйкес еместігін тұжырымдайды.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті
тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың
көзқарасын ұстанады, алайда аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-
мағыналық ерекшеліктерін негіздей отырып, оларды "коммуникативтік
фразеологиялық бірліктер" деп атап, бөлек қарастыруды ұсынады. Сондай-ақ
автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын
яғни, "all is well that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің
бәрі жақсы), "Арреаrances аге dесерtіvе" (сөзбе-сөз ауд.: келбет —
алдамшы), Better late than nеvег" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді
оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар"
аясында қарастырған.
Осы жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар –
Н.Н. Амосова, А.М. Бабкин, В.П. Жухов, М.А. Филипповская, М. Нагиев, А.Н.
Кожин т.б. Мақал-мәтелдерді фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың
көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы
бағыттағы көлемді зерттеулерімен танымал ғалым Н.Н. Амосова "мақал-
мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға болмайды, олар мазмұны жағынан да,
сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің
белгілеріне жауап бермейді" деген пікір ұсынады.
Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде,
тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек
сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар
тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін
ескертеді. [20, 54]
Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер
болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына
тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер
қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.
Тіл туралы ғылымда мақал-мәтелдерге жалпы қабылданған көзқарас құрылған
жоқ.
Кейде мақал-мәтелдер астында өмірдің әртүрлі құбылыстарын бейнелейтін
және аяқталған сөйлемнің формасымен ие болатын мерген бейнелі нақыл сөздер
түсіндірілді. Мақалдар аяқталған пікірді белгілейді.
Мәтелмен мақалдан ақыл қорытындысының бітімсіздігімен айырылатын қысқа
бейнелі нақыл сөздерді атайды.
Ұқсас анықтама барлық түсіндірме сөздіктерде де, көптеген арнайы
баптарда да, зерттеулерде де кездесуі мүмкін.
Фразеология бойынша бөлек жұмыстарда мақалдың мәтелден басты
айырмашылығы: мақал жалпы пікірді түсіндіреді, ал мәтел – пікірді жиілік
мінезінде қарастырады. Осы лингвисттердің пікірі бойынша тек қана мақалдар
емес, және мәтелдер де аяқталған сөйлем формасына ие бола алады.
Мәтел сондай құрылыстың тұрақты сөйлемі болып саналады, мақал сияқты,
бірақ дидактикалық мазмұнынан айырылған.
Көбінесе мәтелдер ретінде мынандай сөйлемшелер келтіріледі:
When pigs can fly. When two Sundays come together.
When hell freezes over. The Dutch have taken Holland.
Мақал-мәтелдер – фразеологиялық бірлік бөлігі бола тұрса да, өздеріне
ғана тән ерекшеліктері бар. Мақал-мәтелдердің ойды жүйелеуі, тілдік
ерекшеліктерді бейнелей алуы, дәлдік, көркемдік-бейнелік қасиеттерге тән
болуы айқындайды. Сөз орамдарының жүйелілігі, нақтылығы, ұлттық көрініске
ие болуы да тек мақал-мәтелдерге тән.
Қорыта келгенде, қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің кеңінен
зерттелгендігі баяндалып, олардың тілдік ерекшеліктері анықталды. Мақал-
мәтелдердің халық үшін маңызы өте зор. Олар тек халықтың тұрмыс-тіршілігін
сипаттап қана қоймай, адамды дұрыс бағдар беруге, тәрбиелеуге үлкен әсерін
тигізеді.
Сонымен, қазақ мақал-мәтелдері өз бастауын сонау Орхон жазбаларынан, би-
шешендердің нақыл сөздерінен алса, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің
ауқымды бөлігі қасиетті Інжілден, ал келесі бір бөлігі дарынды Шекспир
сыңды көркемсөз шеберлерінің, халыққа танымал ақын-жазушылардың
туындыларынан, сондай-ақ көрнекті саясаткерлер сөздерінен бастау
алғандықтары байқалады.

1.3 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің жасалу жолдары

Мақал-мәтел – әдеби жанр, әрқайсысы өз алдына дербес мағына беретін
көркем шығарма. Тілдің кіші мағыналы бірлігі – сөз болса, халық
шығармасының кіші бірлігі мақал мен мәтел болып есептеледі.
Қазақтың халық мақал-мәтелдері көлемі жағынан кемі екі сөзді бір
тармақты, төрт сөйлемді – төрт тармақты, бір шумақты болып келеді.
Негізінде олар – мақал-мәтел емес, нақыл немесе тақпақ сөздер.
Паремиология ғылымы мақал–мәтелді екіге бөліп қарастырады. Олар: Мақал
– дегеніміз өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе
екі бөлімнен құралып, алдыңғысы шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында
қорытынды, түйінді пікір айтатын, бітімі бекем өте ықшам, бейнелі әрі
ырғақты халық нақылы.
Мақал туралы айтылған біраз мақал-мәтелдерді кездестіруге болады.
Мысалы: Мақал – сөздің мәйегі.
Тұз – астың дәмін келтіреді, Мақал – сөздің мәнін келтіреді.
Мақал – сөздің атасы, ананың ақ батасы.
Мақалсыз сөз болмайды, мақал ойды қорғайды.
Ердің көркі – сақал, Сөздің көркі – мақал.
Мақал қайдан шығады, Ой болмаса.
Киім қайдан шығады, Қой болмаса.
Мақал – сөздің атасы, Уәде – ердің опасы.
Мақалмен сөз өтеді, Мақтаумен бөз өтеді.
Атаның ақ сақалына да қара, Айтқан мақалына да қара; т.б.
Осы келтірілген мысалдар мақалдың көркем әдебиетте және ауызекі тілде
алатын орнын айрықша екенін көрсетеді.
Осы орайда, мысал ретінде ағылшын және қазақ мақалын қарастырсақ:
Nothing stake, nothing draw (ағылшын тілінде), ал қазақ тілінде Екпей
егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас мағыналары бірыңғай болғанымен, лексика-
грамматикалық құрылымы сәйкес келмейтінін анық көрінеді. Тағы да бір
айырмашылығы, ағылшын тіліндегі айтылған мақал орфографиялық тұрғыдан кысқа
болып беріліп, екі мағынасы үтірмен белгіленсе, ал қазақ тілінде керісінше,
яғни мақалдың екінші сөйлемі үлкен әріппен жазылады.
Мәтел деген ұғым халық арасында көп таралған қорытындысы болмайтын,
тұжырымы тиянақталмаған, қарама-қарсы шендестіруі жоқ ықшам кестелі халық
сөзі. Мәтел бейнелей сөйлеу формасына ие. Мәтел мазмұнды бұлжытпай, турадан
– тура береді, онда ой құрамындағы сөздердің тура мағынасынан тұрады, соның
жүйесі логикалық байланысынан пайда болады. Ауызекі тілде және көркем әдеби
тілде де, мәтелге қатысты мақал-мәтелдерді ұштастыруға болады.
Мысалы: Мәтел – қыз, Мақал – жеңгесі, Ісінің жоқ теңдесі.
Сөз сүт болса ойдағы, Мақал – мәтел қаймағы.
Мәтелге мысал ретінде екі тілден мақал-мәтел беретін болсақ:
Мысалы: Many a true word is spoken in jest (ағылшын тілінде).
Ойнап айтса да ойындағысын айтады (қазақ тілінде).
Pride goes before a fall
Аспандай берме, Жерден ұзап кетерсің.
Елден ұзап кетсең, Барса-келмеске жетерсің.
Бұл ретте, синтаксистік баламасы өте ұқсас және қазақ тіліндегі
баламасында дауысты дыбыстар басымырақ. Бұл алдыңғы мысалда ол О әрпі
болса, екінші мысалда Е дауысты дыбысы.
Мақал-мәтелдердің бір-біріне ұқсас әртүрлі нұсқада, бірнеше вариантта
болатын жағдайлар жетерлік. Оның негізгі себебі де – табиғатында
ақындыққасиеті бар ділмар адамдар кейде біле тұра, кейде өз ырқынана тыс
жай, ұқсас оқиғаға байланысты мақал-мәтел сөздерін басқаша формада
жеткізеді. Ол кейде сәтті, ал кейде сәтсіз шығуы мүмкін. Ал халық болса сол
сөздердің ой елегінен өткізіп отырады және өткір, терең ойлы мақал-мәтелдер
ғана естерінде тез орнығады. Сондықтан ел аузынан-ауызға тарап айтылу
барысында мақал-мәтелдердің жүдеген түрін емес, түлеген түрін қабылдаған.
Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолдануға тырысады. Тіпті
кейде кейбір сөзді тастап кетіп отырады. Мысалы, Ақыл – жастан, асыл –
тастан мақалында шығады деген сөз қалып қойған. Бірақ одан мақал
ойсырап тұрған жоқ. Түсіп қалған сөз өз-өзінен ойға оралып, ишарамен
білінеді.
Мақал-мәтелдердің бәрінің стилі, калориттілігі бірдей емес. Бірақ ел
үшін қызмет ететін, кейде әр қилы түсінуге болатын астарлы ойға қаныққан
халықтық қазынадан мін емес, ізгі мақсатқа жолықтырар мағына ізделеді.
Мысалдан: Ит тойған жеріне, ер туған жеріне, Айырылған ел азады,
қосылған ел озады секілді мақалдар туған жер, елді қастерлеуге үн
тастайды.
Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Мысалы, Өнер алды
– қызыл тіл, Ер қанаты – ат, Елін сүйген ер болады, Жігітті намыс,
қоянды қамыс өлтіреді деген мақалдар ешқандай тұспалдаусыз тура мағынада
айтылып тұр. Ал, Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда, Тоқпағы күшті
болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдің үштұғырлығы тіл саясаты
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕР
Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің аударылу мәселелері
Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы
Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал мәтелдерді аудару тәсілдері
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Қазақ және ағылшын мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық негізі
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасуы және қолданылуы
Мақал - сөздің мәйегі
Пәндер