Үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелерінің лингвистикалық-функционалдық табиғаты


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

ОӘЖ 81’2/44 Қолжазба құқығында

ЖЕКСЕНБАЕВА АҚБӨБЕК БАҒЫТҚЫЗЫ

Үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелерінің лингвистикалық-функционалдық табиғаты

6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

мамандығы бойынша педагогика магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация

Атырау, 2017

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді:

ЖОО-нан кейінгі дайындық

орталығы директоры

М. Ж. Махамбетов

«___»20__ ж.

Магистрлік диссертация

ҮЙІРЛІ ҚҰРАМДА КЕЛЕТІН СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАБИҒАТЫ

мамандық: 6М01700-Қазақ тілі мен әдебиеті

(ғылыми-педагогикалық бағыт)

Магистрант Жексенбаева А. Б.

Ғылыми жетекші,

филология ғылымдарының кандидаты Елеуова А. С.

Кафедра меңгерушісі Елеуова А. С.

Норма-бақылау Кенжахметов Д. Т.

Атырау, 2017

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . … . . . 4

1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІНДЕГІ ҮЙІРЛІ МҮШЕЛЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Синтаксистегі сөйлем тұлғасы мен оның ерекшеліктері . . . 7 1. 2 Сөйлемнің үйірлі құрамда келетін мүшелері және олардың зерттелуі . . . 12

2 ҮЙІРЛІ ҚҰРАМДА КЕЛЕТІН СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАБИҒАТЫ

2. 1 Сөйлем мүшелерінің үйірлі құрамда келу ерекшеліктері мен қолданылу сипаты . . . 41

2. 2 Үйірлі құрамдағы сөйлем мүшелерінің синтаксистік конструкциялармен байланысы және ара қатынасы . . . 62

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕР . . . 72

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕР . . . 74

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі . Бүгінгі ғылымға даму тән, интеграциялық процестер тән, бүгінгі ғылымға жаңашылдық тән. Қай ғылым саласы болмасын, осы тән нәрселерді бойына сіңіріп, көштен кеш қалмау жайын ойлайды. Қазақ тіл білімі де аталмыш жандану үдерісінің тезінен қалмай, жаңа заманның қояр талаптарына ілгері қадаммен бірге жүруді көздейді. Тілді ғалымдар, алғашында, биологиялық процесс деп қарастырғанымен, уақыт өте келе, оның қоғамдық рөлінің орасан екеніне толықтай көз жеткізді. Сол себептен де, тілдің өзі қатынасатын процестер де, тілде болып жатқан өзіндік процесстер де бірдей маңызға ие. Бүгінгі тілдік зерттеулер туындап жатқан жаңа ғылым салаларына қатысты жүргізіліп жатқанымен, тілде шешімін таппай келе жатқан мәселелер де қаншама?! Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі түрлі жаңа аспектілерге, концептілер мен парадигмаларға ие. Тілдегі сөйлем құрылымы, оның семантикасы, сөйлемнің мүшелену ерекшеліктері, сөйлем мүшелерінің қызметінің ерекшеліктері, сөйлемнің мазмұндық конструкциялары, сөйлем парадигмасы, деривациялық процестер сынды ұғымдар- бүгінгі синтаксистегі болып жатқан өзгерістер мен ілгеріліктерді айқындайды. Әйтсе де, синтаксистің негізгі нысанының бірі болып-сөйлем болып қала бермек. Сөйлем-тілдің негізгі коммуникативтік бірлігі болып табылса, сол сөйлем біздің шындық дүниеміздің тікелей көрінісі ретінде жеке мүшелерден құралады. Бұл мүшелер біздің тұтас ой деп аталатын механизмізді іске келтіретін тетіктер іспеттес. Демек, сөйлем өзінің мүшелері арқылы ғана өзінде бар ойды өзгелерге нақты түсінік ретінде беріп отырғаны байқалады. Ойды жеткізудің бұдан өзге тілдік дерегі көрінбейді. Грамматикада бұл тетіктерді сөйлем мүшелері деп атап келеді. Сонау Ахмет Байтұрсынұлы қалдырып кеткен еңбектеріндегі терминдерге сәйкес, сөйлемнің мүшелерін тұрлаулы сөйлем мүшелері және тұрлаусыз сөйлем мүшелері деп екіге бөліп келеміз. Бүгінгі таңда, осы сөйлем мүшелерінің дәстүрлік көріну сипатына өзгеріс әкеліп, бір ауыздылыққа келе алмай жүрген тағы бір синтаксистің зерттеу нысаны -сөйлемнің үйірлі құрамда келетін мүшелері. Академиялық грамматика тілдегі бұл терминді толықтай мойындап, «бар» құбылыс деп танығанымен, нормативтік грамматика мұндай құбылысты «жоқ» деп, мойындамай келеді. Қазақ филологтарының да пікірлері алуан түрлі. Нақты бірізділік жоқ. Түркологияда да осындай жағдай. Мектеп бағдарламасына енгізіліп, 8-сынып оқушыларына сөйлем мүшелерінің түрлері деп оқытқанымызбен, бір тақырыпшадан аса алмай отырмыз. Өзінің зерттеу бастауын өткен ХХ ғасырдың 30-40 жылдарынан бастау алған бұл мәселе оңтайлы шешімін күні бүгінге дейін тапқан жоқ. Бұл тақырыпта ат басын бұрған ғалымдардың ішінде С. Жиенбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Н, . Сауранбаев, С. Аманжолов, Қ. Шәукеновтың есімдерін атап өтуге болады. Мәселе аясында диссертациялық жұмыстар, монографиялық зерттеулер, ғылыми мақалалар жазылды. Зерттеу барысында үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелерінің зерттелу тарихнамасы, аты аталған ғалымдар пікірлері, құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері сөз етілетін болады. Зерттеу нысаны. Лингвистика аясындағы зерттеулер негізінде үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелерінің мәнін ашып, олардың сөйлем ішіндегі синтаксистік қызметін анықтау мен қолданылу сипатын айқындау, ерекшеліктерін таныту. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелері турасында қандай да бір пікірін айтқан және де сол пікір-тұжырымдарына сыни көзқарас танытқан адамға бұл мәселе қазір де өз маңыздылығын жойған емес. Зерттеудің мақсаты- сөйлем мүшелерінің тұлғалық өзгерістерге түсіп, мүшелік қызметінің ауысқандығы немесе сөйлем мүшелерініңорын тәртібінің ауысқандығына байланысты үйірлі құрамдағы сөйлем мүшелерінің жасалуы ерекшеліктері мен қолданылу ретін айқындау болып табылады. Тақырыптың ғылымилығын ашу мақсатын орындауда алға қойылатын міндеттер:

-қазақ тіл білімі салаларындағы «үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелері» терминінің мәнін ашу -қазақ лингвистикасындағы үйірлі құрамдағы сөйлем мүшелерінің берілу өрісін саралай отырып, ғылыми еңбектерді синтаксистік тұрғыдан қарастыру;

-үйірлі құрамдағы сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі синтаксистік қызметін

таныту; -қазақ ғалымдарының мәселеге қатысты айтқан пікірлерінің ұқсастықтары мен айырмашылығына тоқталу.

Зерттеу әдістері . Зерттеудің әдіснамалық және теориялық-әдістемелік негіздерін айқындауда сипаттама, концептілік талдау, салыстыру әдістері пайдаланылды. Ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Қазіргі қазақ тілінің синтаксис саласындағы үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелерінің категориялық маңызы мен мәнін ашу арқылы- бұл мүшелердің қазақ тілінде қалыптасып үлгерген синтаксистік құрылым екенін дәйектейміз. Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы қазақ тілінің ішкі дамуында орын алып жатқан өзгерістерге сараптама жасап, үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелерінің табиғатын анық көрініс беретін тың тоқтамдар жасау қажеттілігінде. Ғылыми жаңашылдығы . Зерттеудің негізгі жаңалығы - үйірлі құрамдағы сөйлем мүшелері терминіне қатысты айтылған ғылыми пікірлер, тұжырымдар, қорытындылар салыстырылып, сараптама жасалды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мынадай төмендегі нәтижелер негізінде көрініс табады:

- үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелері терминінің зерттелу тарихнамасы берілді; - тіл біліміндегі аталған терминге қатысты ғалымдар пікірі сараланып, қазақ тіліндегі үйірлі құрамдағы сөйлем мүшелерінің қолдану аясы айқындалды;

-үйірлі құрамдағы сөйлем мүшелерінің сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметтеріне талдау жасалды. Басқа да ғылыми - зерттеу бағдарламаларымен байланысы . Тақырыпты зерттеу жұмысынығ барысында қазақ тілінің синтаксис саласындағы жаңатың тақырыптармен байланыс жүргізілді. Сөйлем парадигмасы, парадигматика ғылымы, деривация мәселелері, анықтауыштық конструкциялар сынды зерттеулермен паралель жүргізілді.

Ғылыми - зерттеу жұмыстарын тұтастай орындаудағы олардың орны . Зерттеу жұмысы қазақ лингвистикасы мен оның әр түрлі салалары аясында қарастырылды. Үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелерінің зерттелуін зерделегенде, пікір-тұжырымдардың бүгінгі лингвистика және сөз саптау мен сөйлем құрау талаптарына деген әсерін де қарастыру қажеттілігі туындайды. Өйткені, мемлекеттік тілдің дамуы мен оның өз рөлінде барынша дұрыс қолданылу үшін оның ғылыми-теориялық негізі де мықты болу керек.

Ғылыми жарияланымдар: Диссертациялық жұмыстың негізгі мазмұны бойынша жарық көрген мақалалар және ғылыми конференцияларда жасалған баяндамалар тізімі:

1. Синтаксистік парадигма және оның ерекшеліктері // Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университетітің хабаршысы, №1 (40) 2016. - бб. 246-249

2. Үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелерінің функционалдық табиғаты // «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» халықаралық ғылыми-көпшілік журналы №5 (40) 2016. - бб. 163-166

3. Қазақ тілі синтаксисіндегі үйірлі мүшелер жайы // ХХІ Международная научной конференции «Актуальные научные исследования в современном мире» (Переяслав-Хмельницкий, 26-27 января 2017 г. ) . - бб. 57-61 Қорғауға шығарылатын ұстанымдар . Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Жұмысты орындап шығуда төмендегідей көрсетіліп отырған теориялық тұжырымдар мен пайымдаулар қорғауға ұсынылған: - үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелері қазақ тілінің грамматикалық құрылысына толықтай енетін синтаксистік категория болып табылады; -үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелерінің зерттелу тарихнамасы мен ғалымдар пікірлері келтірілді; -үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелері жай сөйлемнің құрамында келуімен қатар, сабақтас құрмалас сөйлемдер де кездеседі; -сөйлемнің үйірлі құрамда келетін мүшелері сөйлем бес мүшесінен де бола алады және толық синтаксистік қызмет атқарады; -үйірлі құрамдағы сөйлем мүшелерінің күрделі мүшелер мен сөз тіркестерінен ұқсастықтары мен айырмашылықтары келтірілді.

1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІНДЕГІ ҮЙІРЛІ МҮШЕЛЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 . Синтаксистегі сөйлем тұлғасы мен оның ерекшеліктері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлем синтаксисі
Сөйлем мүшелері
Қазақ тіл білімінде үйірлі мүшенің зерттелуі
Сөйлем мушелерінің зерттелуі
Қазақ термин жасамының тарих даму кезеңдері
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Синтаксистің стилистикалық қызметі
Ағылшын және қазақ тілдерінің байланысуы
Құрмалас сөйлем ықшамдалуының басқа тілідік құрылымдармен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz