Үндістан мемлекеті


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Үндістан

Үндістан - Оңтүстік Азияда орналысқан мемлекет. Үндістан - өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол - терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі! Ол - “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі. Бүгінгі Үндістан Қытай секілді қарқынды дамуда. Халқының саны 1 миллиардтың үстінде. Әскери-экономикалық дамуы жоғары деңгейде. Оны мына цифрлардан байқауға болады: 2007 жылы Дели әскери бюджетін 7, 2 пайызға көбейтпек. Яғни ол 890 миллиард рупий не болмаса 19, 8 миллиард долларды (АҚШ 2007 жылғы әскери бюджетін 562, 9 миллиардқа арттырмақ) құрамақ. Ал өткен жылы әскери бюджеті 14, 6 миллиард болған еді. Үндістан үкіметі мұны жаңа әскери техника сатып алу әрі күштік құрылымдарға түрлі реформалар жасау үшін керек дегенді айтады. Өткен жылы Ресеймен 10 миллиард доллар көлемінде әскери техика алу үшін шартқа отырды. Үндістан 1998 жылдан бастап ядролық елге жатады. Жүздеген атом бомбасы, ондаған ядролық оқтұмсықты алып ұшатын түрлі қашықтыққа арналған баллистикалық зымырандары бар. Әрине, Үндістан - халық саны, экономикасы және әскери қуаты жағынан да Қытаймен тепе-тең түсетін алып ел. Вашингтонның Қытайдың қарқын алып бара жатқан әскери күшімен экономикасын тежеп ұстау үшін Делиге бекерден бекер иек артып отырмағаны белгілі. Демек, Делидің аймақтағы ықпалы Пекиннен кем болмауы тиіс. Үндістанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына әзірге бақылаушы болып, жүре келе, тұрақты мүше болып енсем деген ниетінің артында Орталық Азиядағы саяси ойынға тек Ресей мен Қытай төреші болуға тиіс емес, одан Дели де қалыс қалмауы керек деген пиғыл жатқаны мәлім. Егер ШЫҰ-ға Үндістан, сондай-ақ Пәкстан, Иран еніп жатса, Орталық Азия сахнасындағы саяси ойынға өзгерістер енері анық. Демек, “ойын” сценарийі АҚШ ойлағандай болса, ШЫҰ ешқашан НАТО-ға қарсы тұратын әскери одаққа айнала алмасы хақ. Өйткені жеме-жемге келгенде (Астана, Бішкек, Ташкент, Душанбені қоспағанда) Пекиннің, Мәскеудің, Делидің, Ислам-Абадтың және Тегеранның басы бір ұйымның астында сия қоймайтыны белгілі. Әр елдің өзіндік амбициясы басым екені айқын. Демек, Ақ үйдің Еуразия құрлығында пайда болған елеулі күші бар ұйымға Үндістанның кіруіне неге мүдделі дегенді осыдан іздеген жөн. Енді Үндістанның әскери қуаты қандай дегенге келсек, әрине, айтарлықтай қауқарға ие екенін байқауға болады (кестені қараңыз) . Әрине, Үндістан Қытайға тежеуші күш бола алады. Және екі ел арасында әлі шегаралық аймақта мәселесі шешілмеген даулы нысандар да баршылық. Дегенмен Делидің бас “ауруына”айналған Пекин емес. Пәкстан мен екі арадағы даулы жер - Кашмир. Әлі күнге осы жердің мәртебесі анықталған жоқ. Содан болар, Дели мен Ислам-Абад дүрдараз. Әлсін-әлсін атысып-шабысып алатыны бар. Пәкстан Үндістанға қарағанда әлсіз. Оны экономикасы және әскери күші әрі әлеуметтік саласы бойынша таразылауға болады. Әрі Азияда үлкен ықпал етуші мемлекетке айнала қойған жоқ. Дегенмен бұл ел де 1998 жылдан бастап ядролық державалардың қатарына енді. Қарулы күштері мен ядролық қуатын кестеден қараңыз. Дегенмен алдағы уақытта Азия құрлығындағы саяси ойында кім негізгі төрешінің рөлін атқарады, әзірге оны болжау қиындау. Ол - Қытай ма, Ресей ме, Үндістан ба, Иран ба, әлде, алыстан бақылап саяси ойынның көрігін қыздырып отырған АҚШ па, белгісіз. Дегенмен көптеген сарапшылар кем дегенде 50 жылдан кейін Қытай экономикасы әрі әскери күш-қуаты жағынан АҚШ-ты қуып жетеді деген болжам жасауда. Бірақ АҚШ-тың да бір орнында табандап қалмайтынын, одан әрі дами беретінін ұмытпаған да жөн-ау . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үндістан мемлекеті және құқығы
Феодалдық қатынастың орнауы
Ежелгі Үндістан мемлекеті жайлы
Ежелгі үндістан мемлекеті мен құқығы
Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздері
Қытай сыртқы саясатындағы Үндістанның орны
Британдық үндістан
Ежелгі үндістан мемлекетіңі қоғамдық құрылысы
Үндістан мемлекетінің пайда болуы және оның құқығы
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz