«Мұсылман құқығының бастаулары»
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... 3
1 Мұсылман құқығының бастаулары
1.1 Мұсылман құқығының қайнар.көздері ... ... 6
1.2 Пайғамбарымыздың қысқаша өмірбаяны ... ... ..10
1.3 Батыс ойшылдары Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар
2 Мұсылман құқық жүйесінің ерекшелігі
2.1 Мұсылман құқығы ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Мұсылман құқығындағы отбасы және неке құқығы ... .19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... .25

Қылмыс әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін келеңсіз құбылыс болғандықтан, оған қарсы үздіксіз күрес жүргізіліп келе жатыр. Сондықтан да қылмысқа қарсы күрестің негізгі механизмін ата-баба құқықтарынан, құқықтық мәдениетімізден іздегеніміз абзал. Қоғам үшін құқықтық сананы қалыптастырып, қылмыстың күнә, теріс әрекет екендігін бесіктегі баладан бастап бойына сіңіре білсек, болашақ қоғам үшін жағымды бетбұрыс жасау деп түсінеміз. Осы айтылғандарға байланысты мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығының зерделенуі мен оның маңыздылығын жете түсіну әлеуметтік-құқықтық мәнділікке ие екендігі айқын бола түседі.
Жоғарыда айтылып өткенге қатысты курстық жобада мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза ұғымдары, олардың қазақ әдет-ғұрып құқығындағы негізгі қылмыстық-құқықтық категориялардың дамуына әсері, мұсылман және әдет-ғұрып құқықтарындағы қылмыс пен жаза ұғымдарының ара қатынасы зерттеледі.
Мұсылман құқығында қылмыс пен жаза түсініктері діни көзқарасқа негізделген. Шариғатта жасауға тиым салынған іс-әрекеттер негізінен қылмыс болып саналған. Ал қылмыстың қауіптілік дәрежесі Алла алдында жасалған іс-әрекеттің ауыр және жеңіл күнә болуына байланысты болған. Жаза белгіленген дәрежеде күнәдан арылу үшін қолданылған.
Қылмыс әлеуметтік құбылыс болып саналады. Заңгер ғалымдар қылмыстың ұғымына қатысты әртүрлі пікірлер айтады. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстың түсінігі өзіндік ерекшеліктерге де ие.

1. Абдукаримова, З. Т. Мұсылман құқығы: оқу-әдістемелік құрал / З. Т Абдукаримова; ҚР білім және ғылым м-гі, М. Х. Дулати атын. ТарМУ.- Тараз: Тараз ун-ті, 2010.- 59, [1] б.
2. - Мұсылман құқығы - Құқық - Қазақстан - Оқу-әдістемелік құрал. 1 экз.
3. Мұсылман құқығы : оқу-әдістемелеік кешені заңтану мамандығы үшін; 2 семестр / құраст. Н. Қ. Оралбаев . - Қарағанды : ҚарМУ басп., 2004. - 42 б.
4. Саидов А. Важнейший памятник шариата мусульманского Мира
5. История права. Ч. 1 / Капустин М. – Ярославль: Тип. Губ. зем. управы, 1872. – 279 с.
6. Мусульманское право (внутренние и международно-правовые нормы): Учебник / Под ред. М.А. Сарсембаева. – Алматы: изд-во Института "Данекер”, 1999. - 256 с.

Кіріспе
Қылмыс әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін келеңсіз құбылыс
болғандықтан, оған қарсы үздіксіз күрес жүргізіліп келе жатыр. Сондықтан да
қылмысқа қарсы күрестің негізгі механизмін ата-баба құқықтарынан, құқықтық
мәдениетімізден іздегеніміз абзал. Қоғам үшін құқықтық сананы
қалыптастырып, қылмыстың күнә, теріс әрекет екендігін бесіктегі баладан
бастап бойына сіңіре білсек, болашақ қоғам үшін жағымды бетбұрыс жасау деп
түсінеміз. Осы айтылғандарға байланысты мұсылман құқығы мен қазақ әдет-
ғұрып құқығының зерделенуі мен оның маңыздылығын жете түсіну әлеуметтік-
құқықтық мәнділікке ие екендігі айқын бола түседі.
Жоғарыда айтылып өткенге қатысты курстық жобада мұсылман құқығы мен
қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза ұғымдары, олардың қазақ әдет-
ғұрып құқығындағы негізгі қылмыстық-құқықтық категориялардың дамуына әсері,
мұсылман және әдет-ғұрып құқықтарындағы қылмыс пен жаза ұғымдарының ара
қатынасы зерттеледі.
Мұсылман құқығында қылмыс пен жаза түсініктері діни көзқарасқа
негізделген. Шариғатта жасауға тиым салынған іс-әрекеттер негізінен қылмыс
болып саналған. Ал қылмыстың қауіптілік дәрежесі Алла алдында жасалған іс-
әрекеттің ауыр және жеңіл күнә болуына байланысты болған. Жаза белгіленген
дәрежеде күнәдан арылу үшін қолданылған.
Қылмыс әлеуметтік құбылыс болып саналады. Заңгер ғалымдар қылмыстың
ұғымына қатысты әртүрлі пікірлер айтады. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша
қылмыстың түсінігі өзіндік ерекшеліктерге де ие.
Орта ғасырлардағы мұсылман құқықтанушылары мен қазіргі заман
зерттеушілері құқық бұзушылықтың бірнеше қағидаларын қарастырған. Олардың
көзқарастарын талдау мұсылман қылмыстық құқығын тағы да терең зерттеуге
әсер етті. Шариғатта қылмыс сөзі адамның жанына немесе ағзаларына зиян
келтіру мағынасын білдіреді.
Қазақтың әдет-ғұрпындағы қылмыс ұғымы ежелгі дәуірдің құқық
мұрағаттарындағы қылмыстың түсінігіне жақын келеді.Қазақтың әдет-ғұрпында
қылмыстың табиғи нысаны қоғамның тұрмыстық, рулық құрылымының
күрделігімен байланысты болды. Соған байланысты қылмыс деп жәбірленушіге
немесе оның туысына келтірілген материалдық және моральдық шығынды атаған.
Жаза тағайындау институтын оқып үйрену барысындағы жүйелеу жоспарын
саралау, ең алдымен, әдет-ғұрып заңдарынан бастаудың да өзіндік
алғышарттары бар заңды құбылыс. Қылмыстық жазаның пайда болу тарихы терең
екендігі біздерге әуелден белгілі. Қандай да болмасын мемлекеттің өзіндік
даму сипаты болды және олар сол қоғамдағы қылмыстар үшін өздеріне оңтайлы
жазаларды қолданған. Қазақтың әдет-ғұрыпында немесе мұсылман құқығының
тыйым салушы талаптары жазамен тікелей байланысты болып келді.
Жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды,
оның құқығын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары
мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған
ортаны, аумақтық бүтіндікті, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты
нысаны және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығында заңға бой ұсыну, оны
құрметтеу, заң бұзушыны жазалау, кінәні шын жүректен мойындау, қылмыскерді
жазасыз қалдырмау, қылмысты мойындау, шын өкінгенді кешіру сияқты қылмыс
пен жазаға байланысты маңызды қағидалар тұжырымдалып, ол ережелер ғасырлар
бойы ұрпақтан ұрпаққа тараған. Заңды білуге ұмтылу, оны мойындау және сотты
құрметтеу, өз құқықтарын қорғау сол бойынша арыздану – халқымыздың
үйреншікті дәстүрі. Демек, мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығындағы
қылмыс пен жазаны зерттеудің үлкен маңыздылығы айқын болады.
Сонымен, осы курстық жобаның мақсаты – мұсылман құқығы мен әдет-ғұрып
құқығындағы қылмыс пен жаза ұғымдарын жан-жақты талдап, олардың
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеу болып табылады.
Мұсылман құқығындағы қылмыс пен жаза мәселелеріне мұсылман мемлекеттері
болып саналатын елдерде баса назар аударылған. Бұл елдерде шариғаттың
құқықтық ролі тұрақты түрде зерттелуде. Курстық жобаны зерттеуде Абдель
Кадер Ауды, Ал Абдер-Кадыр әл-Кахваджи, Ахмед Махмуд аш-Шафии, Мухаммед
Субхи Наджма сынды авторлардың еңбектері негізге алынды. Мұсылман құқығы
мен қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза мәселелерінің әр түрлі
қырлары Л.Р. Сюкияйнен, П.Л. Карасевич, С. Махмасани, Н. Торнау, Л. Массе,
Е.Т. Смирнов, Н.И. Гродеков, Г. Загряжский, В. Тронов, Н. Изразцов, М.
Готовицкий, М.А. Ражабова, А.Л. Ременсон, Н. Максимов, Р. Шарл сынды Кеңес
және ТМД елдерінің зерттеушілерінің, сондай-ақ Н. Өсерұлы, М.А. Сарсембаев,
Н.Д. Нуртазина, Ш. Уалиханов, Т.М. Культелеев, С. Зиманов, Ж.О. Артықбаев,
С. Өзбекұлы, Н. Қазыбеков, С.М. Рахметов, Ғ.С. Сапарғалиев, З. Кенжалиев
сынды қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылады. Сонымен
қоса, дінтануға, яғни ислам дінін танып білуге Х. Алтай, М. Бұлұтай, Д.
Нұртази сияқты зерттеушіредің қосқан үлесі зор. Ислам мен шариғаттың
құқықтық қырларын зерттеуге жоғарыда аталған қазақстандық зерттеушілердің
сіңірген еңбектері қомақты. Аталған зерттеушілердің мұсылман құқығы мен
қазақ әдет-ғұрпына байланысты айтқан ойлары дипломдық жұмыстың тақырыбын
зерттеу кезінде негізге алынып, жұмысты орындауда қолданыс тапты. Ал,
мұсылман құқығының қылмыстық-құқықтық нормаларына қатысты мәселелер аз
көлемде зерттелген. Осыған орай Т.М. Күлтелеевтің еңбектерін ерекше атап
өтуге болады және тақырыптың зерттелуі осы автордың еңбектерін негізге ала
отырып жүргізілді.
Курстық жобаның зерттеу объектісі – мұсылман құқығы мен қазақ әдет-
ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза ұғымдары. Зерттеу пәніне келетін болсақ,
оны мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығының қылмыс пен жаза туралы
нормалары мен теориялық көзқарастары құрайды.
Курстық жобаны жазу барысында алға қойылған міндеттер төмендегідей
түрде анықталады:
• мұсылман құқығының жалпы түсінігін беру;
• мұсылман құқығын қазақ әдет-ғұрып құқығының қайнар көздерінің бірі
ретінде қарастыру;
• мұсылман құқығы бойынша қылмыстың түсінігін беру, оның белгілерін,
түрлерін ашып көрсету;
• мұсылман құқығындағы жазаның ұғымы мен түрлеріне сипаттама беру;
• қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыстың түсінігін беру, оның белгілерін,
түрлерін ашып көрсету;
• қазақ әдет-ғұрып құқығындағы жаза түсінігін беріп, оның түрлерін ашып
көрсету.
1 Мұсылман құқығының бастаулары
1.1 Мұсылман құқығының қайнар-көздері
Кеңес дәуірінде мұсылмандық шарттарды қатып-семіп қалған догма ретінде
қарастырып, ақиқат дін - исламның кертартпалық сипаты басым деп таныдық.
Исламдық қағидалардың белгілі-бір илаһи құндылықтарға негізделетінін біздің
атеистік санамыз ұғынғысы келмеді. Тегінде, мұсылмандық шарттар терең
парасатқа негізделуімен адамды еріксіз өзіне баурап әкетеді. Тек, бұл илаһи
сырға атеизмнің көзілдірігімен қарамауға тиістіміз. Илаһи сырлардың кілті -
жүректің үні һәм нұрлы ақыл ғана бола алады. Біз, бүгінгі шығармамызда
мұсылмандықтың қайнар-көздері болған накли және акли үкімдер жөнінде әңгіме
өрбітпекпіз.
Мұсылман құқығында кез-келген мәселеге үкім беру насc немесе наклге
(Алладан келген Құран мен Сүннет ілімі) негізделеді. Егер, туындап отырған
мәселеге насстан нақты үкім таба алмаған жағдайда, факиһтер (заңгер)
нассқа қайшы келмейтін негізде ақылмен пәтуа береді. Мұсылман құқығында
насспен үкім беруге Мұхаммед с.а.ғ-ның көзі тірісінде барынша басымдық
берілді. Себебі, Ұлы Жаратушы Мұхаммед с.ғ.а-ның миссиясын атқару кезіндегі
негізгі мәселелер бойынша уаһи (Аллаһтың Жебірейіл періште арқылы Мұхаммед
с.ғ.а-ға түсірген Құран аяттары) түсіретін. Сондай-ақ, туындап отырған
мәселеге уаһи түспеген жағдайда Мұхаммед с.а.ғ өз фәтәнатымен шешім
шығаратын. Дінтанушылар Мұхаммед с.а.ғ-ды адамзат баласына пайғамбар
ретінде Ұлы Жаратушы түсіргендіктен, оның фәтәнатын (ақыл-парасаты) да
насс қайнар-көзіне жатқызады.
Мұхаммед с.а.ғ көз жұмғаннан кейін мұсылман құқығының екі мектебі
қалыптасты. Бірінші; Хадис мектебі бойынша туындап отырған мәселеге Құран
және Сүннетпен үкім берілді. Екінші; Рай мектебі бойынша туындап отырған
мәселе бойынша Құран мен Сүннетте нақты үкім болмаған жағдайда, нассқа
қайшы емес негізде факиһтер ақылмен үкім беруді қолға алды (Yunus
Apaydin. Musulman hukuku. Тurkustsn. 1999). Факиһтер ақылмен үкім беруді
нассқа қайшы емес деп білді. Себебі, Құранда дүниені танып білудегі
ақылдың ролі туралы бір ғана Бақара сүресінің 44, 73, 75, 76, 164, 170,
171, 242-ші аяттарында баяндалады. Ал, Құранда бұдан басқа ақыл жөнінде
жүздеген аяттар бар. Мұхаммед с.ғ.а-ның Муаз б. Жебелдің Иеменге әкім болып
тағайындалғанда: Иеменде қалай үкім бересің? деген сұрағына, оның; Егер,
Құран мен Сүннеттен үкім таба алмасам, білімімен үкім беремін - деген
жауабына, Мұхаммед с.ғ.а ризашылық білдіруін (Л.Сюкияинен. Мусулманское
право. Вопросы теории и практики. Москва. Наука. 1986.), факиһтер ақылмен
пәтуа берудің Сүннеттегі дәлелі ретінде қарастырады. Құран мен Сүннеттегі
осы ишараларды негізге ала отырып Рай мектебінің өкілдері ақылмен үкім
беру әдісін шариғатқа қайшы емес деп таниды.
Факиһтердің ақылмен үкім беруі Ислам дінінің ауқымының кеңейуімен
біртіндеп дамып отырды. Әсіресе, VІІІ ғасырда Сунниттік бағыттағы төрт
мазхабтың ірі өкілдері үкім берудегі логиканың дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Мұхаммед с.ғ.а дүниеден өткеннен кейін сахабалар үкім берудің Құран және
Сүннетпен қатар Ижма және Қияс қайнар-көзін қолданса, атақты
имамдардың дәуірінде Истихсан, Истислах, Әдет-ғұрып, Истисхаб,
Сәдди-заррия, Исламнан бұрынғы шариғаттар, Сахаба сөзі мұсылман
құқығының қайнар-көзі ретінде қалыптасты. Ендеше, осы қайнар-көздердің
сырына үңіліп көрсек:
Құран – Кітапты төрт мазхабтың өкілдері үкім берудегі өзге дәлелдерден
жоғары қояды. Өйткені, Құран Исламның түп-қайнары. Исламның қиямет-қайым
орнағанға дейінгі негізгі өлшем-таразысы Ұлы Жаратушы тарапынан адамзат
баласына жібірген қасиетті кітабы Құран-Кәрім болып табылады.
Құран аяттары жиырма үш жылда Мұхаммед с.ғ.а-ның басынан өткерген
жағдайға қарай біртіндеп түсіп отырды. Мекке дәуіріндегі он үш жылда
Құранның иман тұрғысындағы аяттары түссе, Мәдина дәуірінде мұсылмандар
тәуелсіз мемлекет құрғандықтан мұндағы он жылда түскен аяттардың құқықтық
сипаты басым болды (Prof.dr. Hayreddin Karaman. Islam Hukuku”. Izmir.1996.)
Құраннан үкімді факиһтер мүмкіндігінше мүхкам (мағынасы анық үкімдер)
аяттардан іздеген. Мысалға; Негізінен сондай жетімдердің малдарын
зұлымдықпен жегендер, олар қарындарын отпен толтырған болады. Сондай-ақ,
жалындаған тозаққа кіреді (Ниса, 410). Яғни, мұнда жетімнің мүлкіне қол
салудың харам екендігі ашық айтылған. Тіпті, өзге қайнар-көздерде харам деп
танылған нәрсені Құранда еңсеретін аяттар болса, Кітаптағы үкімнің күші
басым болып табылады. Мысалы; Біреудің киіміне иттің аузы тиген болса,
жеті рет жусын деген хадис бар болғанмен, Құранда; ...Алланың өздеріңе
білдіргенін үйретіп, тәрбиелеген иттерді (жыртқыштарды) Алланың атын айтып
аңға салсаңдар, сендер үшін ұстағандарын жеңдер (Мәйда, 54) деген аят
иттің аузы тиген нәрсенің мүлде арам еместігін, жуып тазалап пайдалануға
болатындығын білдіреді. Сонымен бірге, факиһтер туындаған мәселеге үкім
беру барысында Құранда ашық үкім болмаса, ауыспалы немесе тұспалды аяттарды
да үкім ретінде қолданған. Мысалы; Құранның Әнғам сүресінің 145 аятында
өлексе, қан, доңыз еті лас деп айтылады. Бұндағы лас сөзін факиһтер
харам мағынасында айтылған деп біледі (Pr.dr. Muhammed Ebu Zehra.
Islamdaki syasi, itikati ve fikhi mezhepler tarihi. Istanbul-1996)
Сүннет – Факиһтер туындаған мәселеге Құраннан үкім таппаған жағдайда,
Мұхаммед с.ғ.а-ның Сүннетімен пәтуа береді. Үкім беру кезінде алдымен
мутәуәтір хадис негізге алынады. Мутәуәтір хадис дегеніміз бір топ
сахабаның өздерінен кейінгі келесі бір топқа Мұхаммед с.ғ.а-нан естіген
хадисті жеткізуін айтамыз. Жеткізілген мәлімет мутәуәтір саналуы үшін
жеткізуші сахабалар және естуші топтың есте сақтау қабылеті мен жалған
сөйлемегендігі негізге алынады.
Факиһтер туындаған мәселеге мутәуәтір хадистен үкім таппаған
жағдайда, шешімді мәшһүр хадистен іздейді. Мәшһүр хадис дегеніміз бір,
екі немесе бірнеше сахабаның Мұхаммед с.ғ.а-нан естіген хадисін өздерінен
кейінгі келесі бір топқа жеткізуін айтамыз. Бұнда да сахаба мен естуші
топтың есте сақтау қабылеті мен жалған сөйлемегендігі ескеріледі. Сонымен
бірге, бұл машһүр хадис табиндер (сахабаларды көрген мұсылмандар) мен
таба-табиндер (табиндерді көрген мұсылмандар) кеңінен таныс болып, жалпы
жұртшылық бұл машһүр хадистен хабардар болуы тиіс. Факиһтер мәселеге
мәшһүр хадистен шешім таппаған жағдайда, үкімді аһад хадистен іздейді.
Аһад хадис дегеніміз Мұхаммед с.ғ.а-ның айтқан хадисін бір сахабаның
келесі бір адамға жеткізуін айтамыз. Осы себептен де аһад хадис жалпы
табиндер мен таба-табиндерге беймәлім болып келеді (Pr.dr. Muhammed Ebu
Zehra. Islamdaki syasi, itikati ve fikhi mezhepler tarihi. Istanbul-1996)
Факиһтер әлсіз хадиспен үкім беруді көбіне қияспен алмастырады.
Себебі, әлсіз хадисте Мұхаммед с.ғ.а айтты деген хадисті жеткізуші сахаба
мен бұл хадисті естуші мұсылманның өмір сүру уакытында алшақтық болады.
Яғни, хадисті жеткізуші сахаба мен оны естушіні бір-бірін көрмеген немесе
екеуі екі ғасырда өмір сүрген. Сондықтан, факиһтер әлсіз хадисті үкім
беру барысында көбіне қолданбайды.
Ижма – Факиһтер Құран мен Сүннеттен үкім таппаған жағдайда ижмамен
үкім береді. Ижма дегеніміз бір мәселеге қатысты бірнеше факиһтердің
ортақ пәтуасын айтамыз. Алайда, ижма әдісімен берілген үкім Құран мен
Сүннетке қайшы келмеуі тиісті. Егер, ижмамен берілген пәтуа Құран мен
Сүннетке нұқсан келтіретін болса, Сунниттік бағыттағы факиһтер бұндай
пәтуаны негізсіз деп тапқан (Yunus Apaydin. Musulman hukuku. Тurkustsn.
1999).
Мұхаммед с.ғ.а көз жұмғаннан кейін мұсылмандар әрбір мәселенің тұрақты
үкімін білуге маңыз бере бастады. Құран мен Сүннеттен нақты үкім таба
алмаса, мәселеге қатысты қазылардың шешімін негізге алды. Осы тұрғыда
бірнеше қазының ортақ пәтуасы туындаған мәселенің соңғы шешімі болып
табылды. Ижма деп аталатын бұл әдіс кейінірек атақты мазхабтың өкілдері
кезеңінде де қоғамдық қатынастарға үкім беруде маңызды рол атқарды.
Қияс – Құран мен Сүннетті негізге ала отырып ақылмен үкім беруді
факиһтер қияс деп атайды. Қиястың сөздік мағынасы теңестіру,
ұқсастыру мағынасына келеді. Ал, терминдік мағынасы насстағы үкімдермен
туындаған мәселенің ұқсастығына қарай үкім беруді айтамыз. Қияспен үкім
берудің мынандай төрт шарты бар; негіз, қосымша, иллат, үкім.
Негіз деп Құран мен Сүннетте берілген үкімді айтамыз. Айталық; насс
үкімі бойынша арақ ішу харам саналса, коньякті ішу немесе ішпеу жөнінде
насста нақты үкім жоқ. Енді, конякьті ішге бола ма, болмай ма? деген
мәселеге қияс үкімін беретін болсақ. Бұл мәселеде негіз арақ саналады.
Иллат - екеуінің арасындағы ұқсастық, яғни арақ пен коньякта спирттік
қосындының болуы. Ал, қосымшасы - коньяк болса, қиястың үкімі -факиһтің
коньякті ішуге болмайды деген пәтуасы болып табылады (Yunus Apaydin.
Musulman hukuku. Тurkustsn. 1999).
Мұхаммед с.ғ.а жан тәсілім еткеннен кейін құқықтық үкім берудің
қалыптасқан екі мектептің бірі Рай мектебі осы қияспен үкім беруді
қолға алған болатын. Кейін, қияспен үкім беруді Имам Ағзам мектебінің
өкілдері мейлінше дамытты. Қияспен үкім беруде тікелей ақыл
қолданғандықтан, бұл әдіс Исламдағы ғылымның да өркендеуіне үлкен әсер
етті.
Истихсан – Бұл үкімді беру үшін де туындаған мәселе бойынша насста
нақты үкім болмауы керек. Екі түрлі қияс жасау мүмкіндігі бар болған
оқиғада басым тартқан қиястың қолданылуын айтамыз Яғни, әлсіз қиясты тәрк
ету мағынасына келетін бұл әдіс бойынша факиһтер ақылмен үкім береді.
Мәселен, қияс бойынша матадағы нәжісті кетіру үшін жуу керек деген үкім
болса, истихсан бойынша кейбір маталардағы нәжісті жумай-ақ қағып кетіруге
болады деп үкім береді (Ислам энциклопедиясы. Бас редактор Р.Нұрғалиев.
Алматы. 1995.).
Түсініктірек болу үшін тағы бір мысал келтіретін болсақ, қияс үкімі түз
тағысының аузы тиген нәрсені жеуге болмайды деп үкім береді. Себебі, түз
тағыларының аузында адам ағзасына зиянды микроп өте көп болады. Түз
тағысының қатарына жыртқыш құстарды да кіргізетін болсақ, истихсанда
жыртқыш құстардың тұмсығы тиген нәрсені жеуге болады деп үкім береді.
Себебі, факиһтердің зерттеуінше құстардың тұмсығында микроп болмайды.
Қияс немесе истихсан үкімін беру үшін факиһтер өзіне беймәлім мәселелер
бойынша мамандардың көмегіне арқа сүйейді.
Истислах – Құран мен Сүннет және Ижмада болмаған қоғамға пайдалы немесе
зиянды кетіретін факиһтердің үкімін истислаһ деп атаймыз. Истислах
үкімін беру үшін факиһтер оның мынандай үш шарты бар екендігін айтып өтеді;
1. Дінге қатысты мәселені шешуден бөлек болуы тиіс.
2. Діннің қағидасы мен рухына қайшы болмауы тиіс.
3. Қабылданған шешімнің тиімділігі айқын, қажетті және мәнді болуы
тиіс.
1.2 Пайғамбарымыздың қысқаша өмірбаяны
Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 571 жылдың 20-сәуірі, дүйсенбі күні
Меккеде дүниеге келді. Әкесі – Абдуллаһ, анасы – Әмина. Дүниеге келген
шағында зыр жүгіріп қызмет еткен әйелдер: Шифа, Фатима, оларға Үммү Әйман
да қолғабыс жасаған. Олардың айтуынша, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туыларда үй
іші нұрға толып кеткен. Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ИбраҺимнің (ғ.с.)
дұғасын алған, Иса (ғ.с.) пайғамбар оның келетіндігін алдын ала
сүйіншілеген, анасы Әмина оны түсінде көрген.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туылмай тұрып, әкесі ауырып көз жұмған. Мәдинада
жерленген. Сондықтан ол әкесін көре алмады. Төрт жасына дейін сүт анасы
Халиманың, одан кейінгі екі жыл өз анасы Әминаның қолында өсті. Алты
жасында анасы Әмина оны туған-туыстарын аралатып, әкесінің қабірін зиярат
етіп қайту үшін Мәдинаға апарды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атасы
Абдулмұтталибтың шешесі Сәлма мәдиналық болғандықтан, сол жақта туыстары
тұратын. Әкесінің қабірі нағашы ағасы Нәбиғаның ауласында еді. Хазреті
Әмина баласымен бірге күйеуі Абдуллаһтың қабірін зиярат етті. Хазреті
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туыстарымен танысып қайтты. Қайтып келе жатып Әбуа
атты жерге жеткенде Әмина анамыз ауырып қайтыс болады. Сүйегі сонда
қойылды. Осы сапарға бірге шыққан Үммү Әйман пайғамбарымызды (с.ғ.с.)
Меккеге әкеліп, атасының қолына табыстайды.
Алты жасынан сегіз жасқа дейін атасы Абдумұтталибтың тәрбиесінде болды.
Атасы өлер алдында әкесінің бауыры Әбу Тәліптің үйін паналауды өсиет етеді.
Көкесінің қойларын бағып, зыр жүгіріп үйдегі жұмыстарға да қолғабыс
тигізеді. Он үш жасынан бастап саудаға араласып, ерекше адалдығымен көзге
түседі.
Жиырма бес жасқа келгенде хазреті Хадиша( р.а.) анамызға үйленді. Ол
кезде Хадишаның жасы қырықта еді. Оған үйленерде пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
ел ішінде сенімділігі мен танымалдығы үлкен рөл ойнайды. Отыз бес жасында
Қағбаға тасты қоюға таласқан тайпалар арасын татуластырды. Әділ төрелік
етті. Олардың арасында тұтанғалы тұрған қақтығысты болдырмады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қырық жасқа жақындағанда елден жырақ кетіп,
жаратылыстың тылсым құпияларына оңашада ой жіберуге құмартты. Ара-тұра Хира
тауындағы үңгірге барып-тұруды әдетке айналдырды. Қырық жасқа толған 610
жылдың Рамазан айында Жәбірейіл (ғ.с.) періште арқылы уахи жолымен ең
алғашқы Оқы! Жаратушы Раббыңның атымен оқы! деген аяттар түсті. Осыдан
барып Жаратушы тарапынан оған Пайғамбарлық міндет жүктелді.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шақыруымен Ислам дінін алғашқылардың бірі
болып хазреті Хадиша (р.а.), Әли (р.а.), Харисұлы Зәйд (р.а.) және Әбу
Бәкір (р.а.) қабылдады. Артынша хазреті Оспан (р.а.), Ауфұлы Абдуррахман
(р.а.), Әбууаққасұлы Саад (р.а.), Талха (р.а.) мен Зүбәйрлер (р.а.) тілін
кәлимаға келтіріп мұсылман болды. Алғашқыда Пайғамбарымыз (ғ.с.) және оған
ергендер пұтқа табынушылар тарапынан көп қиындық көрді. Тіпті хазреті Ясир
мен әйелі Сүмәйя Аллаһ жолында жанын қиып, алғашқы шейіт болды. Біләл
(р.а.), Әбу Фуқаһа (р.а.), Әратұлы Хаббаб (р.а.) секілді ер кісілер мен
қатар Үммі Абис ( р.а.), Нәхдия (р.а.) мен Зиннира (р.а.) секілді әйел
мұсылмандардың да басына қайғы бұлты үйірілді.
Пайғамбарлықтың алтыншы жылы Хамза (р.а.) мен Омар (р.а.) сияқты нағыз
қаһарман ер жүрек кісілер Исламды қабылдады. Сол жылдары кейбір мұсылмандар
Аллаһ елшісінің рұқсатымен Эфиопияға көшті. Пұтқа табынатындар
мұсылмандарды оқшаулап жұртпен араласуға шектеу қойып, құртып жіберудің
айла-шарғысын жасап бақты. Олармен сауда жасауға, араласуға қатаң тыйым
салды. Бұл үш жылға созылды. Пайғамбарлықтың оныншы жылы хазреті Хадиша
(р.а.) мен Әбу Тәліп қатар көз жұмды. Дін дұшпандарының зорлық-зомбылығы
тіптен арта түсті. Өйткені, олар беделді де, абыройлы пайғамбарымызға
(с.ғ.с.) көп қолдау көрсеткен жақындары еді. Қатты қайғырған
Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) өзіне қолдау іздеп Тайыф қаласына барды. Бірақ,
тайыфтықтар оны келеке етіп таспен атқылап, үсті-басын қан-жоса етті. Шаһар
сыртындағы тауды паналап әрең аман қалды.
Осындай аса қиын- қыстау кезеңде пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінде
Миғраж оқиғасы орын алды. Аллаһ тағаланың құзырына барып, оның бірқатар
бұйрықтарын тікелей Өзінен естіп-біліп қайтты. Исра сүресінің 22-39
аяттарында айтылатын 12 бұйрық та осы түні түскен болатын.
Қиындықтардың ешқайсысына мойымай Аллаһтың елшісі (с.ғ.с.) Исламды
уағыздауды жалғастыра берді. Арада бір-екі жыл өткенде Ақаба анттары
қабылданды. Артынша-ақ, Аллаһ тағаланың аян беруімен пайғамбарымыздың
(с.ғ.с.) нұсқауымен мұсылмандар Меккеден Мәдинаға көшті. Хижра жыл санауы
осылай басталған болатын. Жұрттың соңында Расулымыз (с.ғ.с.) қасына Әбу
Бәкірді (р.а.) ертіп Меккеге жол тартады. Пұтқа табынушылар олардың ізін
өкшелеп Сәуір үңгіріне дейін қуып барады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға көшкен мұсылмандарды –
мұһажирлар, ал, оларға қол ұшын берген мәдиналықтарды – ансарлар (бауыр)
деп жариялады. Мүшріктер мен мұсылмандар арасында Бәдір, Ұхуд, Хандақ,
Мүрәйсі секілді бірнеше соғыстар болды. Мәдина маңайын бұрыннан мекен етіп
келе жатқан иаһудилер бар еді. Қайнұқа, Нәдір мен Құрайза деп аталатын бұл
иаһуди тайпалары мұсылмандармен тістесіп, тіресуін қоймады. Үнемі арадағы
келісімдерді орындамай бұзып отырғандықтан, олар ол маңнан қуылады. 630
жылы Меккені азат етті. Кезінде өзі қуылған Меккеге қайта басып кіргенде
пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзіне жаманшылық жасағандардың барлығын кешірді.
Аллаһ елшісі(с.ғ.с.) 632 жылы қажылық кезінде Арафатта жүз мыңнан аса
мұсылмандарға арнап сөз сөйледі. Исламның қысқаша түсінігі, адам құқықтары
жөнінен өте үлкен мәнге ие бұл сөзі Ислам тарихында қоштасу хұтпасы деп
аталды. Ислам дінін асқан сабырлылықпен, үлкен ыждағаттылықпен адамзат
баласына жеткізген сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 632 жылы дүйсенбі күні
бақилыққа аттанды. Жаназа намазы өз үйінде оқылып, ол жерге арулап
жерленді.
1.3 Батыс ойшылдары Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар туралы
Мен мынаны мойындаймын; Мұхаммед – ғажап бір күш. Жаратушы мұндай
кісіні екінші рет жарата қоймас. Ей, Мұхаммед, сенің замандасың бола
алмағаныма қатты өкінемін. Өзің таратқан мына кітап сенікі емес. Ол
Құдайдікі. Бұл кітаптың Аллаһтан екенін мойындамау – ғылымды түгелдей жоққа
шығарғанмен бірдей күлкілі нәрсе. Адамзат баласы сен секілді ғажап адамды
бір-ақ рет көрді, ендігәрі көре алмас. Мен сенің алдыңда құрметпен бас ием
Пренс Отто Вон Бисмарк.
Саған жапқан жаламыздың бәрі шындығында біз үшін өте ұят. Ол – жаны
жайсаң, тұлғасы биік, барынша байсалды жан. Мақсаты – дүниені жарыққа бөлеу
болды. Өйткені, мұны Жаратушының өзі оған бұйырған. Томас Карлиль.
Мұхаммедтің ақыл-парасаты патшалық сән-салтанаттың өзін түкке
тұрғысыз, өте қарабайыр деп білді. Аллаһтың елшісі өз отбасында қызметші
секілді от жағып, үй сыпырды, қой сауып, киімдері мен аяқ киімдерін өзі
тікті. Мемлекет әрі дінбасы екенін "ұмытып", таза табиғи қалпынан аумай-ақ,
тақуа ғұмыр кешті. Эдуард Гиббон.
Ол мемлекеттің де, мешіттің де басшысы. Бір өзі Цезарь, бір өзі Папа
десе болады. Бірақ бітімі бөлек. Папаның жасандылықтарынан аулақ Папа,
арнайы қорғаушысы, тұрақты қарулы әскері, полиция күші, не тұрақты кірісі
жоқ Цезарь. Егер тарихта қай жағынан алсаңыз да, Құдайлық негізге сай үкім
берген бір жан болса ол сөзсіз Мұхаммед болып шығады. Өйткені, ол ең мықты
бола тұра күштілікке елеусіз қарады. Өмірі қаншалықты қарапайым болса,
халықтың арасында да сол әдетінен айныған жоқ. Мұхаммедтің дінінде барлық
нәрсе басқаша. Ол жайындағы тарихи мәліметтер көлеңкелі, қалтарыс-
бұлтарысты емес, барынша айқын. Оның өз міндетін бастауындағы ішкі
жағдаяттары да бізге жақсы аян, өйткені, оған ешқандай күмән
келтірілмейтіндігі Құран арқылы қуатталған. Реверед Босуорт Смит.
Егер мақсаттың ұлылығы сайманның аздығы, нәтиженің таңғаларлығы, адам
данышпандығы арқылы өлшенетін болса, жаңа кезеңде Мұхаммедпен кім теңесе
алады? Мұхаммед – философ, шешен, елші, тапқыр. Адамның ұлылығын анықтайтын
өлшемдер шеңберінде қарастырып көрейікші, одан өткен ұлы адам бар ма?
Альфонс де Ламартин.
Алдағы жүз жылдықта Англияны, жо-жоқ, бүкіл әлемді жайлайтын бір дін
болса ол – Ислам болуы мүмкін. Кісі таңғаларлық шапшаңдығы үшін мен
Мұхаммедтің дінін өте жоғары бағалаймын. Бұл дін тұрмыстың барлық
жағдайларына бейімделе алатын, қай ғасырға да сай дін ретінде көзге түсуде.
Ол ғажап кісіні мен зерттедім. Оны адамзаттың құтқарушысы деп білген жөн.
Дәл сондай бір адам қазір әлемді басқарса, бейбітшілік пен татулықты
орнықтыра отырып, барлық мәселелерді шешер еді. Мен былай топшылаймын:
Мұхаммедтің сенімін ертеңгі Еуропа қабылдайды, оны тіпті бүгінгі Еуропаның
өзі қабылдай бастағаны белгілі Бернард Шоу.
Әлемге үлкен өзгеріс әкелген адамдардың ең алдыңғысы ретінде
Мұхаммедті қоюыма кейбір оқырмандарым таңғалуы мүмкін. Алайда, тарихта
рухани әрі материалды салада бірдей жетістікке жеткен адам жалғыз ғана
Мұхаммед екені даусыз. Мұхаммедтің Исламға деген ықпалы Иса Мәсіх пен
Қасиетті Павелдың Христиан дініне жасаған ықпалынан әлдеқайда басым.
Мемлекет жүйесі мен дін жүйесін қатар түйістіре білуінен-ақ, оның тарихтағы
ең ықпалды тұлға екенін көреміз. Майкл Харт.
Ол ұмми болса да ғалам кітабын өте жақсы оқығандықтан өзімен
тайталасқан небір оқымысты, ақылдыларға дес бермеген. Сондай-ақ, ізінен
ергендер арасындағы деңгейі ең төмендермен де оңай тіл табыса білген.
Теңдессіз шешендік пен арды, сезімталдықты бір жерге түйістіре алуы оның
ықпалын арттыра түсті. Оның риясыз, шын пейілмен іс жасайтындығы жүзінен-ақ
белгі беріп тұрған. Бұл – адамға деген үлкен ізет-құрметін білдіретін. Ол
оқымыстыны да, хат танымайтын адамды да баурап алатын, оларға бағыт-бағдар
сілтейтін тамаша қасиетке ие болған Чарлз Стюарт Миллс.
Мұхаммед – өмір шындығын бүкпесіз ұғына біліп, оны ғұмырының арқауы
еткен тарихтағы санаулы бақытты адамдардың бірі. Ол – Аллаһ тағаланың
елшісі. Өмірінің соңына дейін өзінің кім екенін ұмытпай, жаратылыс мақсатын
ұқтыратын қызметін қалтқысыз атқара білді. Хақтан алған хабарларын өте
үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, сондай бір байсалдылықпен әрі асқан
кішіпейілділікпен "өте дәмді" етіп халыққа жеткізе білді. Станлэй Лан-Пул.
2 Мұсылман құқық жүйесінің ерекшелігі
2.1 Мұсылман құқығы
Мұсылман құқығы - әлеуметтік нормативтік реттеудің исламдық
жүйесі әрі осы заманғы дербес құқықтық жүйелердің бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта ТМД – дан тысқары жерлерде құқықтық жүйесі шариғаттың
ықпалын сезінбейтін бірде – бір ислам елі жоқ. Мұның тек Түркияға қатысы
жоқ. Қазіргі кезде мұсылмандық құқық жүйесі ислам мемлекеттік дін ретінде
жарияланған мемлекеттерде, сондай – ақ құқықтық пікір алуандығымен -
плюрализммен сипатталатын Азия – Африка аймағы елдерінде ресми түрде
қолданылады. Олдарға Сирия, Ливан, Ирак, Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Египет,
Алжир, Судан, Сомали, Кения, Камерун, Танзания, Иордания және басқалары
жатады. ТМД елдерінде мұсылмандық құқық Ресей аумағында ғана, атап
айтқанда, Чешенстанда қолданылады.
Мұсылмандық құқық пен басқа да құқықтық жүйелердің нормаларын
ұштастыру аталған елдерде азаматтық – құқықтық қатынастарды реттеудің
сипатты белгісі болып табылады. Бұл елдерде мұсылмандық құқықты қолдану
саласы тарихи кезеңдерде өзгеріп отырады. Соңғы он жылдық ішінде бірқатар
елдерде “ осы заманғы “ мұсылмандық құқықты қалыптастыпу үрдісі байқалады,
оның негізгі қайнар көзі заң болып саналады, ал дәстүрлі мұсылмандық
құқықта бұл рөл доктринаға – беделді құқықтанушылардың еңбектеріне телінген
болатын. Қазіргі кезеңде мұсылмандық құқық мұсылмандардың “өзіндік
мәртебесін” реттеуге барынша күшті ықпал етуде, оған, ең алдымен,
отбасылық, отбасылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz