Орташа компаниялар және олардың типі


Орташа компаниялар және олардың типі
Орта бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген нақты іс-шараларды қарастыратын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту концепциясын жасау қажет. Өйткені, кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін концептуалды түрде шешу орта және орта бизнес саласына бағышталған өнеркәсіптік саясатты ендігі жүзеге асыруда жіберілетін кейбір қателіктердің алдын алуына және жұмыс қарқынын үдетуге көмектеседі. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шаралар да орта мерзімге арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседі.
Аталмыш концепцияны жасау барысында құқықтық-базанып өзара қатынасын және қаржылық-несиелік қолдау шараларын, сонымен қатар кәсіпкерлердің де мемлекеттің де мүдделері ескерілген аймақтық аспектілермен нақты жобаларды қарастыратын, қамтамасыз етуші және қортындылаушы бөлімдерден тұрады.
Концепцияның мақсаты кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту стратегиялары мен оларды жүзеге асыратын нақты механизімдерін өңдеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей басты міндеттерді шешу қажет:
- құқықтық өндірістік ресуртармен қамсыздандыру;
- кәсіпкерлікті өндірістік ресурстармен қамсыздандыру;
- нарықтық инфрақұрылымдар институттарын дамыту;
- кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметтік мемлекеттілік қолдау және ынталандыру;
- кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін мамандарды дайындау;
- кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау:
- кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу органдары жүйесін жетілдіру.
Концепцияда келесідей кәсіпкерлікті дамыту шаралары қарастырылған:
І. Орта бизнесті қолдау:
а) өнеркәсіп саласында:
- дәстүрлі өндіріс салаларында орта кәсіпорындарды дамыту:
- жаңа технологияларды игеру негізінде соңғы өнімді өндіру:
- кайта өңдеу өнеркәсіптері жүйесін дамыту.
ә) халықтық тұтыну тауарлары өндірісінде:
- отандық шикізатты қолдануға бағытталу;
- импортты алмастырушы тауарларды ендіру;
- экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару.
б) жаңашылдық (инновациялық) қызмет саласында:
- ғылым сыйымды өндірістерде ұйымдастыру және дамыту
- орта жаңашыл кәсіпорындар жүйесін, аймақтық инновациялық және технологиялық қолдау көрсету орталықтарын дамыту:
- көлік, байланыс, құрылыс салалары мен құрылыс материалдары өндірісінде технологиялық және зерттеу парктерін сондай-ақ бизнес инкубаторларын құру;
2. Орта кәсіпкерліктің ірі бизнеспен үйлесімділігін нығайту.
Осы бөлімде Қазақстан Республикасындағы орта орта және ірі кәсіпкерлік еркіндігін қорғауға және мемлекеттік қолдауға бағытталған қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жаңа заңдар мен нормативті актілерді шығару үрдісі қарастырылады. Сонымен қатар, жалпы кәсіпкерлікті құқықтық тұрғыдан қолдау және қорғау тәжірибесі үйретіліп, кэсіпкерлер одағы мен бірлестігінің қатысуымен оларды дамыту және жетілдіру ұсыныстары беріледі.
Үкіметтің кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі саясаты жеке сектордың
экономикасын өсу қарқынын жеделдетуге қолайлы жағдай жасауға және оның нарыққа кіруін жеңілдетуге бағытталуы тиіс. Сондықтан да, кәсіпкерлік құрылымдарының өкілдерімен бірге пайдаланылмаған өндірістік ғимараттар мен құрал-жабдықтарды жер учаскелері мен алаңдарды, аяқталмаған құрылыс объектілерін орта және орта бизнес кәсіпорындарына беру мақсатында санақтан (инвентаризациядан) өткізу керек.
Концепцияда ұлттық бағдарлама үшін орта және орта кәсіп-орындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары көрсетілген.
Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау ісінің маңызды шарты инвестициялар болып табылады. Жеке кәсіпкерлік қоғамдары табиғи, адамдық және ұйымдық ресурстарды біріктіре отырып, инвестицялардың барынша тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Сол себептен орта және ірі бизнес арасындағы ынтымақтастық жүйесін (франчайзинг) қалыптастыру мақсатына бағытталған мемлекеттік қаржыларды көбейту аса маңызды.
Орта бизнеске шетелдік компанияларды және жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаржыларын тарту процестерін күшейту қажет.
Концепцияда кәсіпкерлік қызметі субьектілерінің осы саладағы басты жобаларды атқаруын қолдау көрсету мақсатында оларды мемлекеттік несиелермен қамтамасыз ету міндеті ұсынылған. Концепцияда орта және
орта бизнестің дамуына негіз болатын экономикалық ортаны жақсартуға бағытталған сақтандыру ісі несие және салық жүйелріне қажетті өзгерістерді енгізу қарастырылған.
Сондай-ақ экономиканың барлық салаларда, әсіресе халықтық тұтыну тауарлары мен азық-түлік өндірісіке орта бизнестің дамуына мүмкіндік туғызатындай деңгейде салықтық алымдар мен міндетті төлемдер мөлшерін белгілей отырып, салық саясатында маңызды толықтырулар жасау қажет.
Кәсіпкерлікті институционалдық тұрғыдан қамтамасыз ету процесі барлық шаруашылық субьектілерінің жұмысына қолдау көрсететін және өндіріс өнімдерін өткізу, шикізатты алу, кәсіпорындар жұмысының тиімділігі мен сенімділігін арттыру және тәуекел деңгейінің төмендету шараларын қамтамасыз етуге бағытталған нарықтық инфрақұрылым элементтерін қалыптастыру және дамыту мақсатын көздейді. Әсіресе нарықтық қатынастарға өту кезеңінде осы процесті жүзеге асыру мемлекетке құқықтық базаны құруға және оны қадағалауға мүмкіндік туғызады. Осы кезеңде мемлекет басшылығы экономиканы тұрақтандырып, әрі қарай дамыту үшін нарықтық инфрақұрылым, қызметтерін толығымен қолдануға тырысады.
Кез - келген кәсіпорынның оның ішінде орта және орта бизнес субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін банк торабына кіру және оның сапалы қызметтерін пайдалану мүмкіншілігін қалыптастырылуы тиіс. Сондықтан да, Қазакстан Республикасында банк ісін дамыту міндетін атқару жоспарланып отыр.
Республикамызда орта және орта бизнестің басты салаларын жалпы дамыту мен қолдау және банк несиелерін алу үрдістерін жеңілдету мақсатында маманданған мемлекеттік акционерлік банктерді құру аса маңызды.
Сақтандыру жүйесі нарықтық институттарды дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып тбылады. Әсіресе, оның мәні орта және орта бизнес саласында тәуекел күшейген жағдайда арта түседі. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет саласын сақтандыруға бағытталып, компанияларға қолдау көрсетілуі тиіс.
Сақтандыру ісінің сенімділігі мен сапасын арттыру және сақтандырушының түрлі қиянатынан кәсіпкерлерді қорғау мақсатында сақтандыру компанияларының қызметтік лицензиялау және тұрақты қадағалау көзделуде. Бұл үшін арнайы бақылау-реттеу орталық құру қажет. Инвестициялық қызмет саласында әсіресе, жекешелендіру ісінде аукциондар мен инвестициялық сауда орталықтары маңызды орын алу тиіс. Аталмыш орталықтар қандай да бір қозғалмайтын мүлікті немесе инвестициялық ресурсты сатып алуға ниет білдірген кез-келген шаруашылық субьектілеріне қызмет көрсетеді. Қазақстан барлық облыстары мен ірі қалаларында осындай орталықтарды құру ұсынылады.
Қазіргі жағдайда көптеген кәсіпкерлер, орта және орта кәсіпорындар қызметіне қажетті құрал-жабдықтар мен қозғалмайтын мүліктерді тез арада сатып алу үшін жеткілікті қаржыға ие емес. Сол себептен өндірісті ұйымдастыру барысында лизингтік фирмалар мен компаниялар аукциондар мен инвестициялық саудаларды жүргізетін орталымдарда қызмет көрсете отырып, маңыздылығын арттыру тиіс. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті тиімді ұйымдастыру және жүргізу үшін консалтингтік, маркетннгтік, инвестициялық құкықтық және тағы басқа маманданған фирмалар мен компаниялардың қызмет көрсетуі керек. Қазақстанда аса қажетті болып табылатын осы саланың дамымағандығы салдарынан аталмыш қызметтерді ұсынатын шетелдік компаниялар мен фирмалардың бөлімшелерін ашуға мүмкіндік жасау қажет.
Сондай-ақ экономиканың өзге салаларында да кәсіпкерлік құрылымды дамыту керек.
Кәсіпкерлік құрылымдарды сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік органдардың сыртқы экономикалық байланыстарды реттеуге барлық кәсіпкерлер үшін теңдей жағдай жасауға және шетелдік капиталды алып тиімді қолдануын қамтамасыз етуге бағытталу керек.
Осыған байланысты төмендегідей шараларды атқару ұсынылады:
Орта кәсіпорындарға шетелдік серіктестіктермен іскерлік байланыстарды орнатып ортақтаса бизнес жүргізуіне және лизингтік компаниялардың қатысуымен шетелдік технологиялар мен құрал - жабдықтарды (ноу-хоу) кешенді түрде жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыруына қолдау көрсету, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісіне сыртқы сауда қызметін дербес жүргізу құқығын беру:
- орта және орта бизнесті дамытудың басты бағыттары бойынша техникалық-экономикалық негіздермен қамтамсыз етілген инвестициялық жобаларға жеңілдетілген несие беру жолдарын қарастыру:
• экспорттық тауарларды өндірістің кәсіпорындарда ынталандыру шараларын атқару және импорттық экспорттық өнімдерді шығаруға лицензия бере отырып, кәсіпкерлік құрылымдарға жеңілдік жасау:
• ішкі нарыққа бағытталған өндірістерді мемлекеттік несиемен көптеп қамтамасыз ету және жеңілдетілген салық жүйесін қолдану:
• шетелдік инвестициялар туралы заңдарды орта және орта бизнестегі шетелдік инвестицияларды сақтандыру ерекшеліктері жөнінде қосымша тәртіпті орнату.
Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарын қалыптастырудың ең маңызды элементі нарықтық экономикалық білімі бар мамандарды дайындау болып табылады. Әрбір кәсіпкер табысқа жету үшін маркетинг, қаржылық менеджмент-бизнесті басқару және т. б пәндерді жетік білу тиіс. Мұнымен қоса. кәсіпкерлік қызметтік өте қажетті абыройлы және пайдалы іс екендігі жөнінде қоғамдық ой-пікірді қалыптастыра отырып кәсіпкерлік білім беру шараларын жүзеге асыру керек.
Осыған байланысты білім және кеңес беру орталықтарын ұйымдастыру арқылы келесідей міндеттерді атқару көзделуде:
- кәсіпкерліктің негізгі бағыттары бойынша оқытушы-мамандарды жетілдіру; кәсіпкерлігін негізгіқұрылымдарында жұмыс істейтін қыз-меткерлерді дайындау;
... жалғасы• шетелдік ғылыми орталықтар мен компанияларда білім алу және кәсіби деңгейін жақсарту үшін маманар арасында конкурс өткізу жүйесін орнату.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz