Ата сөздігіміз рухани кенішіміз
1 “Түрік сөздігі” . түрік сөздерінің жинағы
2 “Қара шаңырақ” — Тұран атты атамекеніміз
3 Махмұт Қашқари кітабы . сөздік қорымызды байытатын ен қойма.

Көне заманымыздың кітаби қоймалары құрдымға кеткен. Азын-аулағы ғана қолға тиді. Орхон-Енисей ескерткіштері, оның бер жағындағы қайсыбір асыл мұра Құдай иіп аман қалған. Солардың бірі туғанына 1000 жыл толуы тойланғалы отырған Махмұт Қашқаридың “Дивани лұғат-ит түрік еңбегі” – “Түрік сөздігі”.
Жуықта М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Әлем әдебиеті бөліміне Түркияның Ризе университетінен “Алғашқы хабарландыру” атты хат түсті. Махмұт Қашқаридың мерейтойы құрметіне 2008 жыл ЮНЕСКО тарапынан “Махмұт Қашқари жылы” деп жарияланғанына байланысты биылғы 17-19 қазан аралығында Түркияның Ризе қаласында симпозиум өтпек. Түрік ағайын сол симпозиумға қатысуға шақырады.
“Түрік сөздігі” – түрік сөздерінің жинағы. Махмұт Қашқари – Махмұт Құсайын ұлы Талас, Шу бойындағы Барсған қаласында туып өскен. Еңбек біздің жыл санауымызша 1072 не 1078 жылдардың бірінде жазылған деп есептеледі. Жалғыз қолжазбасы Түркияның Ыстамбұл қаласында сақтаулы. “Диуани лұғат-ит-түрік” сөздігінің аудармалары көп.

АТА СӨЗДІГІМІЗ РУХАНИ КЕНІШІМІЗ
Махмұт Қашқаридың туғанына 1000 жыл толуына орай
Егемен Қазақстан №213-214 (25185) 15 ШІЛДЕ СЕЙСЕНБІ 2008 ЖЫЛ
Көне заманымыздың кітаби қоймалары құрдымға кеткен. Азын-аулағы ғана қолға
тиді. Орхон-Енисей ескерткіштері, оның бер жағындағы қайсыбір асыл мұра
Құдай иіп аман қалған. Солардың бірі туғанына 1000 жыл толуы тойланғалы
отырған Махмұт Қашқаридың “Дивани лұғат-ит түрік еңбегі” – “Түрік сөздігі”.
Жуықта М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Әлем әдебиеті
бөліміне Түркияның Ризе университетінен “Алғашқы хабарландыру” атты хат
түсті. Махмұт Қашқаридың мерейтойы құрметіне 2008 жыл ЮНЕСКО тарапынан
“Махмұт Қашқари жылы” деп жарияланғанына байланысты биылғы 17-19 қазан
аралығында Түркияның Ризе қаласында симпозиум өтпек. Түрік ағайын сол
симпозиумға қатысуға шақырады.
“Түрік сөздігі” – түрік сөздерінің жинағы. Махмұт Қашқари – Махмұт Құсайын
ұлы Талас, Шу бойындағы Барсған қаласында туып өскен. Еңбек біздің жыл
санауымызша 1072 не 1078 жылдардың бірінде жазылған деп есептеледі. Жалғыз
қолжазбасы Түркияның Ыстамбұл қаласында сақтаулы. “Диуани лұғат-ит-түрік”
сөздігінің аудармалары көп. Солардың ең үздігі – түрік ғалымы Басым
Аталайдың аудармасы саналады. Махмұт Қашқаридың туғанына 1000 жыл толуы
биыл ЮНЕСКО көлемінде аталып жатса, “Түрік сөздігі” авторының туған жылы
1008 жыл деген тоқтам жасалған деп есептейміз. Яғни, Махмұт Қашқари ұлы
еңбегін жетпісті маңайлап жетіп пісіп тұрған шағында аяқтаған деп санаймыз.
Оның жөні бар. Сөздік құрастыру қыруар уақыт кетіруді керексінеді. Владимир
Даль “Толковый словарь живого великорусского языка” атты еңбегін
табандатқан 53 жыл құрастырған.
Махмұт Қашқари атақты сөздігін құрастыру барысында сан атырапқа сапар
шеккен. Түрік тайпалы елдерді түгел аралап, олардың тіл байлығын гүл
шырынынан бал алған арадай жинаған. Тіл ерекшеліктерін саралаған, айтылу,
жазылу заңдылықтарын тексерген. Онымен де шектелмеген. Махмұт Қашқари араб,
парсы һәм түрік елдерінің қоғамдық мәдени-эстетикалық дүниесін салыстыра
зерттеген. География, тарих, философия, мәдениет, фольклор, ауыз және жазба
әдебиеті, тіл, т.б. туралы ұлан-асыр мағлұмат беретін әмбебап кітап
тудырған. Бұл еңбек жалпы түрік елдерінің мәдениеті мен әдебиетінің рухани
қайнар көз есепті. Біздің қазақ үшін “Түрік сөздігінің” құндылығы тіптен
ерекше. Осы кітап арқылы сөздік қорымыздың да, көркем ойымыздың да түп
тамырларына көз жүгіртуге мүмкіндік алып отырмыз. Мағжан Жұмабаев
“Түркістан” атты өлеңінде түрік рухани құндылықтарының болашақ тағдыры
хақындағы ойларын былайша қорытады:
Тұранда түрік ойнаған ұсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?
“Қара шаңырақ” — Тұран атты атамекеніміз. Түрік тілінің мәйегі осы Тұранда
сақталған. 1997, 1998 жылдары ақын әрі ғалым Асқар Егеубаевтың аудармасында
Алматының “Хант” баспасынан жарық көрген “Түрік сөздігі” атты үш томдық,
түрік тілдері жүйесінде қазақ тілі қандай орын алатынын енді толық анықтап
алуға жол ашып отыр. Асқар: “Түрік сөздігі” ұлттық мәдениетіміздің,
тіліміздің мәртебесін көтеріп, беделін бекітетін өркенді кітап” десе, оған
дәлелі жетіп артылады.
Түрік жазуында қолданылатын негізгі әріп саны он сегіз. Бұл әріптердің
арабшаға ұқсастары да, ұқсас еместері де бар. Ұқсамайтыны жеті әріп. “Түрік
тілдері бұларсыз оқылмайды” – деп ескертеді Махмұт Қашқари. Кітапты қазақ
тіліне аударған Асқар: жалпы түрік әріптерінің қазақ ру таңбаларымен
сағымдай шарпысып қалатын ерекшелігіне назар аударады. “Түрік сөздігінде”
тікелей қыпшақ секілді қазақ руларының сөздері мол кездеседі. Мысалы,
Махмұт Қашқари “Үкі” сөзін “Үһі” дейтіндер азшылық. Бұл сөздің түбірі
қыпшақшада болғандықтан “к” әрпімен “үкі” деп айтылады, – дейді.
Мағжан ақынның: “Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай,
оралымды, терең тіл жоқ”, деген сөзінде үлкен астар жатыр. “Түрік сөздігі”
қорының дені қазақ тілінде сақталған. Сөздіктің “Хамза кітабында” “інган”
деген сөз бар. Қазақшасы – “інген”. “Інган іңіраса ботұ бозлар” деген мақал
бізге тіпті аудармаса да түсінікті. “Інген аңыраса, бота боздар” деп оп-
оңай бүгінгі қазақ тіліне ыңғайлап оқи береміз. Ал, енді осы “інган”,
“ботұ” сөздері көп түрік тілдерінің лексикалық қорында сақталмаған. Махмұт
Қашқаридың “Түрік сөздігі” түрік тіліне 1939-1941 жылдары тәржімаланды.
1960 жылы Қашқари сөздігі Ташкентте өзбек тілінде араб және кириллица
әліппесімен басылып жарияланды. Міне, осы сөздіктерді ақтарып отырғаныңызда
“інген”, “бота” сөздерін таба алмайсыз. Өйткені өзбек тілінде ол сөздер
атымен жоқ. Сол себепті өзбектер інгенді – “ұрғашы түйе”, ал ботаны —
“түйенің баласы” деп аударған. Сөздіктің біз үшін және бір құндылығы, сонау
Орхон бойында VІ ғасырда құрылған Түркі қағанаты кезінде тасқа ойылып
жазылған ескерткіштердегі жазулармен “Түрік сөздігі” іштей туыс. Бүгінгі
ұлтымызды құрайтын қазақ рулары мемлекеттерінің бұдан мың, мың жарым жылдық
тарихында жасақталған рухани кеніштер (Орхон өзені бойын қазақ тайпалары
мекендеген) түгел өз мұрамыз. Оны түсініп жеткенімізде кәдімгідей марқайып
қаламыз.
Түркияда өткізілетін Симпозиумда талқыланатын баяндамалардан Мұхтар Әуезов
институтына тақырып жағынан тікелей қатыстысы “Дивани лұғат-ит түріктегі”
әдеби элементтер” дейтіні. Бұл үлкен тақырыпты қаузауға материал жетіп
артылады. Махмұт Қашқари кітабындағы көптеген көркем сөз орамдары, өлең
шумақтары, мақал, мәтелдері – біздің алтын қорымыз. “Түрік сөздігіндегі”
әдеби құндылықтардың беймәлім авторларының шығармаларында біз
жатырқайтындай ешнәрсе жоқ. Сөздіктен қазақ лирикасының ата тарихымен
танысасың. Тақырыбынан бастап идеялық-эстетикалық мазмұнына, поэтикалық
өрнегіне дейін етене мұрамыз екеніне көз жеткізесің.
Бұдан оншақты ғасыр бұрынғы ақын жүрегін тебіренткен тақырып объектісі –
сол бәз баяғы ұлан-байтақ даламыз, өрістегі алалы жылқы, ақтылы қойымыз.
Өлең сөз өрнектеудің бүгінгі қолданыстағы көп құрал, тәсілдерін де баба
жұртымыздың сол кездің өзінде-ақ іске жаратқаны байқалады. Көне түрік ақыны
аллитерация деген төркіні латын терминін естімесе де, өлең сөз өрнегін
бірыңғай дауыссыз дыбыстармен ажарлай білген. Дауыссыз дыбыстарды үстемелеп
қайталай отырып, өлең-жырында табиғат көрінісін ғана емес, дала дауысына
дейін салып берген.
Түмен шешек тізілді,
Бүкүнден ол иазылды.
Үкүш иатып үзелді,
Иерде қоба адзрышұр.
Үш жолы екпіндетіп, төртіншісінде тыныстайтындай. Ұйқасы келісімді,
жарасымды, әр жолының ызылдаған үнімен табиғаттың жазғы шыбынды шағын еске
түсіреді. Ең бастысы – бүгінгі қазақ өлеңінің құрылымы сонау көне заманнан
келе жатқан дәстүрлі силлабикалық құрылым екені көрініп тұр. Асқар Егеубаев
аударған қазақшасы сол силлабикалық өлшемдік құрылымда шумақтың жеті буынды
түзілісін сақтап, былайша келтірілген.
Мың-мың шешек тізілді,
Бүршігінен жазылды,
Ұзақ жатып (жер астында) қиналды,
Жерде тұрып (өсіп шығып) ажырасты.
Бұл жерде жақшаға алынғанды өлең сөзге жатқызбауға керек. Оны Асқар сөзбе-
сөз аударманың түсіндірмесі ретінде қолданған.
Жазды күнгі табиғаттан алған әсерін белгісіз лирик өз уақытының ұғымында
“түмен” деген сөзбен берген. Ол кездің ұғымында түмен – кең құлашты, кемел
сипатты ауыстырма (метафора). Атойлап шапқанда талай жерді алып кететін он
мың әскер (түмен) – ауыр қол. Сондықтан көктемгі шақ жалпақ далаға қаптай
шығатын гүл бәйшешектен алған әсерін “мың-мың” сан бейнелі ауыстыру арқылы
берген.
Өлеңнің эстетикалық бітіміндегі лирикалық кейіпкер табиғатты тамашалаушы
да, тексеруші де. Ұзақ уақыт яки қыс бойы гүл ұрық күйінде жерде жатып
құмығып есеңгірегендей еді, енді топырақтан бой көтеріп бүршігін жазып,
қатар түзеп қаптап тұр дейді.
Махмұт Қашқариден кейін сөз өнері сатылай өрлей түсіп, талай ғасырларды
артқа тастағаннан бергі жерде қазақ өлеңі, әсіресе Абай поэзиясында биік
сапалы стилистикалық өрнекке ауысты, өлеңнің ішкі ажарына ден қойып, адам
жан жүрегінің тұңғиықтарына сүңгіді, тылсым құбылыстарына тіл бітірді.
Алайда ол өстіп шырқау биікке көтерілсе де, өсіп өнген топырағынан ажырап
көрмеген.
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда...
Салыстырып көріңіз. Баба өлеңінің екпіні мен Абай өлеңінің екпіні бір-
бірінен айнымайды. Қарқыны әр жол сайын үстей түседі. Далада гүл жарған
көкорай шалғын бәйшешек сол бәз баяғы сақырада тізіліп иін тіресіп тұрған
мың-мың гүл шешек.
Ежелгі заман жыршысы көктемді де өстіп ағындата жырлайды.
Иашын атып иашнады,
Тұман тұрып тұшнады,
Адзғыр, қашқыр кішнеді,
Үгүр алып оқрашұр.
Жасын жарқылдап, тұман түнерген, көктемді сезінген айғыр, қысырақ
кісінесіп, үйірде оқыранысқандары, жазғытұрымның осы бір ояну, серпілу
романтикасы қазақ тілінде былайша беріледі:
Жасын атып жайнады,
Тұман тұрып қайнады,
Қысырақ, айғыр кісінеді,
Үйір алып оқыранды.
“Ш” әрпіне негізделген көне ақын аллитерациясына дәл сол дыбыс болмағанымен
басқа дауыссызды табуға “Түрік сөздігін” аударған ақынымыздың өнері
жетпегендігінен емес. Асқар Егеубаев ғылыми дәлдік мақсатында ондай
“жетілдіруге” саналы түрде бармаған. Осы себепті түпнұсқадағы үшеме ұйқас
пен соңғы ырғағы күрт өзгерген бөлек ұйқасты жол жөнді сақтала қоймаған.
Поэзия дәстүрі су астымен жүретін жылым ағыс тәрізді. Көзге көрінбесе де өз
ырқына көндіреді. Ұлы ақынымыздың “Жазғытұрым” өлеңі табиғат лирикасының
шыңы. Мұндағы сурет табиғат сыры, әлеумет ахуалы мен ақындық көңіл шабытын
астастырып бөлекше көрінеді. Бірақ сол жаңашыл биігінен де сіңісті дәстүрге
қарайлайды. Табиғаттың ақ көрпесін серпіп тастап оянғаны, төңіректі у-шуға
толтыруы бәз баяғы малды ауылдың азан-қазаны: “Түйе боздап, қой қоздап –
қорада шу”...
Махмұт Қашқари кітабы біздің көп сөздеріміздің этимологиясын, төркінін
түсіндіретін өзінше бір анықтамалық. Абай: “Сағынғанда сені ойлап, Келер
көзден ыстық жас” дейді. Көз жас градусының ыстық-суықтығында не тұр дейтін
емес. “Ыстық жас” образы оқығаныңда, әнге салып айтқаныңда ерекше күшті
әсер етеді. Неге? Сауалға Қашқари сөздігін оқығанда анық жауап аламыз.
“Махаббат” – сүйіспеншілік, құштарлық сезім дейміз. Ал осы сөз Махмұт
Қашқари сөздігінде “ісіглік” делінген. “Көңіл ісіглігі керек” деген
сөйлемнің қазақшасы – “көңіл ыстықтығы (махаббат) керек”. “Ісіглік”, ыстық
сезім – ғашық жүрек, ыстық жас. Махаббат сезімінің нақтылы бейнесі.
Мағжан ақын: “Дүниеде күшті нәрсе екеу-ақ қой: өлім һәм махаббат. Адам
өзгені айналып өтсе де, өлім мен махаббатты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz