Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
Кешенді археологиялық-тарихи зерттеулердің нәтижесінде Қазақстан аумағы Евразияның байырғы және ортағасырлық тарихында аса маңызды роль атқарған орталықтардың бірі болғаны анықталып отыр. Алайда тоталитарлық жүйе үстемдік еткен кезеңде еліміздің ортағасырлық тарихы, оның мәдени және рухани жетістіктері өз дәрежесінде көрсетілмеді.
Тек тәуелсіздігіміздің арқасында байырғы тарихымызды терең тануға даңғыл жол ашылды. Тәуелсіздік алғалы бері қолға алынған және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы атқарылған жұмыстардың негізінде ғылыми айналымға жаңа тарихи және археологиялық деректер қосылды.
Археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан аумағын ортағасырлық дәуірде мекен еткен халықтың бір бөлігі көшпенділікпен қатар отырықшы, жартылай отырықшы болғаны, Қазақстанның едәуір бөлігінде ортағасырда қалалар мен тұрақты елді мекендердің болғаны жөнінде материалдар көптеп жинала бастады. Әрине, әр қаланың қайталанбас өзіне ғана тән тарихы бар. Бірақ қазақ даласындағы кез-келген қала өзі орналасқан аймақпен, жалпы Қазақстанмен тығыз байланыста дамыды. Сондықтан ортағасырлық қалалар тарихынсыз туған еліміздің тарихын қалпына келтіру мүмкін емес. Қалалар - сауда, қолөнер, діни, әкімшілік орталықтары болды, ал Қаялық, Отырар, Сарайшық, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Тараз, Түркістан - қазақ жеріндегі жеке хандықтардың, ірі феодалдық иеліктердің астаналары қызметін атқарды. Аталған қалаларда Еуразия аумағы үшін маңызды шешімдер қабылданып отырды. Мысалы, 1763 ж. Түркістан қаласында қазақ билеушілері жиналып, Қытай империясы тарапынан Орталық Азия елдеріне жаулап алу қаупі төнуіне орай көрші мұсылман мемлекеттерімен, Ауғанстан билеушісімен бірлесіп әскери одақ құру мәселесін қарап мақұлдады. Ал 1771 ж. Түркістан қаласында Абылайды үш жүздің ханы етіп көтеру рәсімі өтті. Мұндай кеңестік дәуірде назар аударыла бермейтін фактілер қалалар мен тұрақты елді мекендер тарихын тану қажеттілігін күшейте түседі.
1 Kramers J.H. Otrar // Enziklopaedie dis Islam III, – Leiden-Leipzig, 1936, – H. 1095.
2 Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана // ТИИАЭ, т. V. – Алма–Ата: Издательство Академии наук Казахской ССР, 1958. –Т. V. – С. 3-215.
3 Марғұлан Ә.Х. Отырар қаласының орнында // Білім және еңбек. –1961. - №4. – 6-7-бб.
4 Акишев К.А, Байпаков К.М, Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. – Алма–Ата: Наука, 1972. – 214 с.
5 Савельева Т.В., Костина Д.М. Отрар, Отрарский оазис и Южный Казахстан. Проблемные исследования Южно-Казахстанской комплексной археологической экспедиции. - Алма-Ата, 1986. - С. 44.
6 Оңтүстік Қазақстан облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Отырар ауданы. – Алматы: Баур, 2007. – 424 б.
7 Clarke D., Sala R., Deom J.M., Meseth E. Reconstructing irrigation at Otrar Oasis, Kazakhstan 800-1700 AD // Integrated Land and Water resources Management in History. Schriften der DWhG, Sonderband 2. Siegburg 2005. Р. 251-264.
8 Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері.– Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 396 б.
9 Жандарбек З. «Насаб–нама» нұсқалары және түркі тарихы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – І т. – 168 б.
10 Шуйский С.А. Ибн Халикан об Ал-Фараби // Ал-Фараби. Научное творчество. – Москва: Наука, 1975. – С.112-119.
11 Настич В.Н., Шуховцев В.К. Существовал ли город Фараб? // Проблемы изучения и охраны памятникорв культуры Казахстана. – Алма-Ата, 1980. – С.107-112.
12 Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. – Алма–Ата: Наука, 1986. – 256 с.
13 Материалы по истории Средней и Центральной Азии. – Ташкент: Фан, 1988. – 413 c.
14 Байпаков К.М. О локализации средневековых городов Южного Казахстана // Археологические исследования в Отраре. – Алма–Ата: Наука, 1977. – С. 81- 93.
15 Рабғузий. Кисаси Рабғузий. – Тошкент, 1990. – 232 б.
16 Пищулина К.А. Письменные восточные источники о присырдарьинских городах Казахстана ХІV-ХVІІ вв. // Средневековая городская культура Казахстана и Средней Азии. – Алма–Ата: Наука, 1983. – С.165-177.
17 Материалы по истории казахских ханств ХV-ХVІІІ веков (извлечения из персидских и тюркских источников). – Алма–Ата: Наука, 1969. – 650 с.
18 Бартольд В.В. По поводу статьи догадка о прошлом Отрара // Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей. –Ташкент, 1899. –Вып. V. – С. 175-176.
19 Материалы по истории киргизов и Киргизии. Вып. 1. – Москва: Наука, 1973. – 280 с.
20 Абусеитова М.Х. Джувайни об «Отрарской катастрофе» // Вопросы истории (КазГУ). Вып. 7. – Алма–Ата, 1975. – С. 107-112.
21 Бабаяров Г. Чач в период тюркского каганата // Археология и история Центральной Азии. – Самарканд, 2004. – С. 28-32.
22 Бурнашева Р.З. Монеты с городища Отрар-тобе и Отрарского оазиса // Археологические исследования в Казахстане. – Алма–Ата: Наука, 1973. – С. 81-90.
23 Байпаков К.М., Подушкин А.Н. Памятники земледельческо– скотоводческой культуры Южного Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1989. –160 с.
24 Смагулов Е.А. Находки гемм в Отрарском оазисе // Археологические памятники на Великом Шелковом пути. – Алматы, 1993. – С. 163-171.
25 Сафи ад–дин Орын Қойлақы. Насаб–нама. Қолжазбаны транскрипциялаған және кіріспе мен көрсеткіштерді дайындағандар Ә.Қ. Муминов, З.З. Жандарбек. – Түркістан: Мұра, 1992. – 43 с.
26 Муминов А.К. Кокандская версия исламизации Туркестана // Подвижники Ислама. – Москва, 2003. – С. 117-153.
27 Гоибов Г. Ранние походы арабов в Среднею Азию. – Душанбе: Дониш. 1989. – 143 с.
28 Смагулов Е. Арабское нашествие в Южный Казахстан: данные письменных и археологических источников // Мобилизованный археологией. Акишев Кималь Акишевич. – Астана, 2004. – С. 103-113.
29 Давидович Е.А. Бараб - новый среднеазиатский монетный двор Саманидов и Ануштегинов // Письменные памятники Востока. 1972. – Москва: Наука, 1977. – С. 124-129.
30 Кочнев Б.Д. Караханидский чекан Параба (Отрара) // Средневековая городская культура Казахстана и Средней Азии. – Алма–Ата: Наука, 1983. – С.109-120.
31 Волин С. Сведения арабских источников ІХ – ХVІ вв. О долине реки Талас и смежных районах // Труды Института истории, археологии и этнографии. – Алма–Ата: Издательство Академии наук Казахской ССР, 1960. – Т. VІІІ. – С. 72-92.
32 № 405. Биография шайха Абу Мухаммад Абд ар-Рахман ибн Мухаммад ибн Тахир ат-Тамами ан-Насафи. /Перевод с арабского и примечания А.К. Муминова // Ясауи тағылымы. – Түркістан: Мұра, 1996. –116-б.
33 Сапабекұлы С. Түркістандағы тарихи зийарат // Ясауи тағылымы. –Түркістан: Мұра, 1996. – 123 – 132 – бб.
34 Сартқожаұлы Қ. Тас белгілер тіл қатады // Білім және еңбек. – 1984. - № 2. –19-б.
35 Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 333 с.
36 Акишев К.А, Байпаков К.М, Ерзакович Л.Б. Отрар в ХІІІ-ХV веках. – Алма–Ата: Наука, 1987. – 256 с.
37 Ерзакович Л.Б. О периодизации развития средневекового Отрара // Маргулановские чтения 1990 г. – Москва, 1992. –С.177-187.
38 Бартольд В.В. Улугбек и его время. Соч.: в 9-ти томах. – Москва: Наука, 1964. - Т. 2. Ч.2. – С. 25-196.
39 Зимин Л.А. Подробности смерти Тимура // Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей. – Ташкент, 1914. –Вып. ХVІІІ. – С. 37-55.
40 Бурнашева Р.З. Денежное обращение в городах Южного Казахстана в ХV – ХVІІІ вв. – Туркестан: Туран, 2006. – 255 с.
41 Сборник материалов по истории Золотой Орды.– Москва –Ленинград: Издательство АН СССР, 1941.– Т.ІІ. – 215 с.
42 Ерзакович Л.Б. К разработке методики исчисления населения средневекового города (на примере Отрара) // Известия Академии наук Казахской ССР. –Серия общественных наук, – 1988. - №1. – С. 53–58.
43 Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Позднесредневековый Отрар. – Алма–Ата: Наука, 1981. – 343 с.
44 Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1969. – 248 б.
45 Беленицкий А.М., Бентович И.Б., Большаков О.Г. Средневековый город Средней Азии. – Ленинград: Наука, 1973. – 389 с.
46 Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Раскопки Отрара в 1971–1975 гг. // Успехи среднеазиатской археологии. – Ленинград: Наука, 1979. –Вып. 4. – С. 90 – 91.
47 Ерзакович Л.Б. Раскопки в восточной части Отрара (К вопросу о стратиграфии и хронологии поздних слоев) // Археологические исследования древнего и средневекового Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1980. – С. 96 – 106.
48 Кларе А. К. Древний Отрар и раскопки, произведенные в развалинах его в 1904 г. // Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей. – Ташкент, 1904. –Вып ІХ – С. 13-42.
49 Смагулов Е.А. К вопросу об этнической атрибутации культуры позднесредневекового Отрара // Позднефеодальный город Средней Азии. – Ташкент: Фан, 1990. – С. 211–215.
50 Смагулов Е.А. К вопросу об этнической принадлежности культуры позднесредневекового Отрара // Маргулановские чтения 1990. – Москва, 1992. – С. 196–206.
51 Жилина А.Н. Традиционные поселения и жилища узбеков Южного Казахстана // Жилища народов Средней Азии и Казахстана. – Москва: Наука, 1982. – С.137-163.
52 Захир ад–дин Мұхаммед Бабыр. Бабырнама. – Алматы: Жалын, 1990. – 320 б.
53 Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. – Алма-Ата: Наука, 1972. – 218 c.
54 Байпақов К.М., Смағұлов Е.А. Ортағасырлық Сауран шаһары. – Алматы: Кредо баспасы, 2005. – 202 б.
55 Добросмыслов А.И. Города Сырдарьинской области: Казалинск, Перовск, Туркестан, Аулие-Ата и Чимкент. – Ташкент, 1912. – 204 с.
56 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 712 с.
57 Каллаур В.А. Древние города Саганак (Сунак), Ашнас, или Эшнас (Асанас), и другие в Перовском уезде, разрушенные Чингиз-ханом в 1219 г. // Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей. – Ташкент, 1900. –Вып. V – С. 6-19.
58 Смирнов Е.Т. Древности на среднем и нижнем течении р. Сыр–Дарьи // Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей.– Ташкент, 1897. – Вып. ІІ. – С. 1-14.
59 Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках. – Алма-Ата: Издательство Академий наук Казахской ССР, 1961. – 575 с.
60 Сухарева О.А. Квартальная община позднефеодального города Бухары. – Москва: Наука, 1976. – 365 с.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан аймағында көлемі жағынан ең ірі
ортағасырлық қала Отырар болып табылады. Зерттеу жұмысында Отырардың
ортағасырдағы тарихы аңыз әңгімелер, жазба және археологиялық деректер
негізінде қарастырылады. Отырар-Фараб иелігінің тарихи географиясы, елді
мекендері, керуен жолдарының бағыттары, Отырардың ерте ортағасырдағы,
ортағасырдың орта беліндегі, кейінгі ортағасырдағы археологиялық
белгілері жазба мәліметтермен, аңыздармен салыстырыла отырып, әр
кезеңдегі саяси тарихы, қолөнері, егіншілік пен ирригациясы, сауда-
саттығы, мәдениет пен наным-сенімдері сипатталады. Көп ғасырлық тарихы
бар Отырар қаласының ХVІІІ ғ. ортасында құлдырап босап қалу себептері
көрсетіледі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кешенді археологиялық-тарихи
зерттеулердің нәтижесінде Қазақстан аумағы Евразияның байырғы және
ортағасырлық тарихында аса маңызды роль атқарған орталықтардың бірі
болғаны анықталып отыр. Алайда тоталитарлық жүйе үстемдік еткен кезеңде
еліміздің ортағасырлық тарихы, оның мәдени және рухани жетістіктері өз
дәрежесінде көрсетілмеді.
Тек тәуелсіздігіміздің арқасында байырғы тарихымызды терең тануға
даңғыл жол ашылды. Тәуелсіздік алғалы бері қолға алынған және Мәдени
мұра бағдарламасы аясындағы атқарылған жұмыстардың негізінде ғылыми
айналымға жаңа тарихи және археологиялық деректер қосылды.
Археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан аумағын ортағасырлық
дәуірде мекен еткен халықтың бір бөлігі көшпенділікпен қатар отырықшы,
жартылай отырықшы болғаны, Қазақстанның едәуір бөлігінде ортағасырда
қалалар мен тұрақты елді мекендердің болғаны жөнінде материалдар көптеп
жинала бастады. Әрине, әр қаланың қайталанбас өзіне ғана тән тарихы бар.
Бірақ қазақ даласындағы кез-келген қала өзі орналасқан аймақпен, жалпы
Қазақстанмен тығыз байланыста дамыды. Сондықтан ортағасырлық қалалар
тарихынсыз туған еліміздің тарихын қалпына келтіру мүмкін емес. Қалалар -
сауда, қолөнер, діни, әкімшілік орталықтары болды, ал Қаялық, Отырар,
Сарайшық, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Тараз, Түркістан - қазақ жеріндегі
жеке хандықтардың, ірі феодалдық иеліктердің астаналары қызметін атқарды.
Аталған қалаларда Еуразия аумағы үшін маңызды шешімдер қабылданып отырды.
Мысалы, 1763 ж. Түркістан қаласында қазақ билеушілері жиналып, Қытай
империясы тарапынан Орталық Азия елдеріне жаулап алу қаупі төнуіне орай
көрші мұсылман мемлекеттерімен, Ауғанстан билеушісімен бірлесіп әскери
одақ құру мәселесін қарап мақұлдады. Ал 1771 ж. Түркістан қаласында
Абылайды үш жүздің ханы етіп көтеру рәсімі өтті. Мұндай кеңестік дәуірде
назар аударыла бермейтін фактілер қалалар мен тұрақты елді мекендер
тарихын тану қажеттілігін күшейте түседі.
Қазақстан мен Орта Азияның ортағасырлық тарихында маңызды роль
атқарған қалалардың бірі Отырар болды. Бұл қала Әбу Насыр әл-Фарабидің
отаны ретінде әлемге танымал. Деректер оны түркілердің, Түркістан
өлкесінің астанасы болғанын көрсетеді. Отырар Қазақстан аумағында күміс,
мыс теңгелермен қатар алтын ақша соққан жалғыз қала. Отырардың аса құнды
тарихи ескерткіш екенін онда ЮНЕСКО Жапонның мақсатты қорының Көне
Отырар қалашығын сақтау мен реставрациялау жұмыстарының жүргені және оны
Қазақстан тарапынан ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізуге ұсынуы
айғақтай түседі. Отырар Қазақстанның басқа ортағасырлық қалаларымен
салыстырғанда археологиялық тұрғыдан ең көп қазылған және қазбалар көлемі
жағынан алып қарағанда кең ауқымда жүргізілген қала болып табылады.
Отырар қаласын зерттеу жұмыстары ХІХ ғ. аяғында басталды. ХХ ғ.
ортасында Отырар өңірінде А.Н. Бернштам басқарған ОҚАЭ (құрамында Е.И.
Агеева, Г.И. Пацевич бар) жұмыс істеді. 1969 ж. К.А. Ақышев басқарған
Отырар археологиялық экспедициясы Отырар ескерткіштерін жаңаша
тәсілдермен зерттеуді қолға алды. 1970 ж. К.А. Ақышев басқарған ОҚКАЭ
Отырартөбенің стратиграфиясы мен топографиясын зерттеді. 1971 ж. бастап
кең көлемді аудандарды ашу тәсілімен қазба жұмыстары басталды. Әсіресе,
ХХ ғ. екінші жартысында К.А. Ақышев, К.М. Байпақов, Л.Б. Ерзакович, В.А.
Грошев, Е.А. Смағұлов, Р.З. Бурнашева бастаған зерттеушілер тобы қала
тарихының көптеген экономикалық, әлеуметтік-саяси мәселелерін қарастырды.
Үлкен жетістіктерге қарамастан Отырардың ортағасырдағы тарихын
қамтыған еңбек әлі жазылмаған. Соңғы кездері Отырар ауданы мен көрші
аймақтарда жаңа археологиялық ескеркіштер тобының табылуы, Отырартөбе мен
көршілес ескерткіштерді қазу барысында жаңа археологиялық материалдардың
жиналуы, ғылыми айналымға жаңа жазба тарихи деректердің қосылуы,
археологиялық ескерткіштер жөніндегі аңыздарды тарихи дерек ретінде
қарастыру сияқты мәселелер туындап, Отырар тарихын жаңаша зерделеуді
талап етеді.
Қазіргі таңда мақта және басқа да дақылдарды өсіру үшін егістіктер
ауданы ұлғайып, жәдігерлерге едәуір қауіп төніп тұрған кезде аймақтағы
археологиялық ескерткіштерді тіркеу, тарихи ескерткіштердің барлығын
тізімге алу, тарихи ландшафтың құндылығын анықтау өте-мөте қажет. Осы
жұмыстар Отырар алқабы ескерткіштері деген атпен белгілі кешенді ЮНЕСКО-
ның әлемдік мұра тізіміне енгізу үшін, Қазақстанның тарихи-мәдени
ескерткіштері жиынтығын жасау үшін қажетті қадам деп санаймыз. Осы
бағыттағы жұмыстар Мәдени мұра мен Көне Отырарды қалпына келтіру
мемлекеттік бағдарламалары бойынша ескерткішті сақтау, күту,
мұражайландыру және оны туристік нысанаға айналдыру жұмыстарының
ойдағыдай жүргізілуі үшін де керек-ті.
Зерттеу жұмысының методологиялық негіздері. Зерттеу жұмысын талдау
барысында біз соңғы жылдары Отандық археология ғылымында болып жатқан
өзгерістерді негізге алдық. Біз өз зерттеуімізде жаңа бағыттағы ғылыми ой-
пікірлер мен тұжырымдарды, сыннан өткен, жаңа көзқарастар тұрғысынан
жазылған отандық және шет елдік зерттеулерді басшылыққа алдық,
ғалымдардың тарих пен археология саласындағы жаңа әдіс-тәсілдері
қолданылды. Зерттеуде осындай әдіс-тәсілдерді қолдану Отырардың тарихын
объективті түрде сипаттауға қол жеткіздіреді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу барысында табылған
тың деректік материалдарды бұрынғы дерек көздердегі мәліметтермен
салыстыру, талдау мен қорытындылау негізінде Отырардың ортағасырдағы
тарихын жазу - зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осы
мақсатта келесі міндеттер белгіленіп шешілді:
- Отырар тарихына қатысты барлық жазба деректерді, археологиялық және
тарихи зерттеулерді талдап сипаттау;
- Отырардың өткен тарихына байланысты ауыз–әдебиет үлгілерін жинақтау,
аңыз әңгімелерді тарихи дерек көзі ретінде қарап, оларды талдаудан
өткізіп, мәліметтер алу, бұрын жарияланбаған аңыздарды ғылыми айналымға
енгізу;
- Отырар-Фараб иелігі жөніндегі мәліметтерді талдап иеліктің шекарасын
белгілеу, Отырар алқабының ортағасырдағы табиғи ортасы жайлы мәліметтер
жинастыру, табиғи ортаның тұрақты елді мекендерге тигізген ықпалын
белгілеу, географиялық атауларды талдап, деректердегі елді мекендерді
археологиялық ескерткіштермен баламалау, байырғы керуен жолдарының
тармақтарын анықтау;
- Отырардың ерте ортағасырда, ортағасырдың орта белінде, кейінгі
ортағасырдағы археологиялық белгілерін жазба мәліметтермен салыстыра
отырып, әр кезеңдегі саяси тарихты, қолөнерді, егіншілік пен ирригацияны,
сауда-саттықты, мәдениет пен наным-сенімдерін сипаттау;
- Көп ғасырлық тарихы бар Отырар қаласының ХVІІІ ғ. ортасында
құлдырау, босап қалу себептерін айқындау;
- Отырар қала мәдениетінің қазақ халқының этникалық тарихына қатысын
анықтау.
Зерттеу жұмысының нысаны – ортағасырлық Отырар қаласының қалдықтары,
алқаптың археологиялық ескерткіштері, археологиялық қазба барысында
алынған және кездейсоқ табылған заттар, басқа да заттық және заттық емес
мұралар.
Зерттеу жұмысының пәні – ортағасырдағы Отырар тарихы, оның өзекті
мәселелеріне тарихи талдау жасау.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері ерте ортағасырлық дәуірдің
басынан (б.з. ІV ғ.) бастап қаланы соңғы тұрғыны тастап кеткен 1750 ж.
дейінгі, яғни, ХVІІІ ғ. ортасына дейінгі мерзімді қамтиды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы алға қойылған міндеттердің
өзектілігінен туындайды. Кең көлемдегі деректік материалдар негізінде
Отырар қаласы мен аттас иеліктің ортағасырлық дәуіріндегі тарихының
тұтастай қарастырылуы зерттеу жұмысының негізгі жаңалығы болып табылады.
Осыған байланысты диссертацияда мынадай ғылыми жаңалықтар көрініс тапты:
- Ортағасырлық Отырардың зерттелу тарихнамасы жаңа мәліметтер
негізінде толықтырылып сараланды;
- Отырар тарихын тануда жергілікті аңыздар басқа да деректермен
салыстырылып, тексеріліп тарихи дерек ретінде қарастырылды;
- Ғылыми айналымға соңғы жылдары енген жазба деректердегі мәліметер
және археологиялық материалдар тарихи дерек ретінде талданған;
- Отырар-Фараб иелігінің тарихи географиясы алғаш рет сипатталды, елді
мекендер, керуен жолдар бағыттары айқындалған;
- ортағасырлық Отырардағы отырықшы тіршілікке табиғи ортаның ықпалы
жан жақты сипатталып ашылған;
- Тарихи-археологиялық материалдар негізінде ерте ортағасырлық Отырар
тарихы сипатталды. Отырар аймағында тұңғыш табылып отырған жазу
айғақтары, байырғы наным–сенім жөніндегі материалдар қарастырылған.
- Отырар аймағын мұсылман әскерлерінің басып алуы жазба және
археологиялық деректер негізінде сипатталды
- Отырардың ортағасырдағы қолөнері жаңа материалдар негізінде
толықтырылған.
- Отырарды монғол әскерінің басып алу мәселесі жаңаша тұрғыдан
қарастырылды. Отырардың ХІІІ-ХV ғғ. сауда-саттығы, ирригациясы, мәдениеті
жаңа материалдар негізінде сипаталды.
- Отырар қаласында тіршіліктің біржолата тоқтау себептері, кейінгі
ортағасырлық Отырар қалалық мәдениетінің этникалық аспекті нақтылы
мәліметтер негізінде көрсетілген.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
- Отырар қалашығы орнында тұңғыш қазба жұмыстарын 1884 ж. Н.И.
Веселовский жүргізді. Отырар аумағындағы археологиялық ескерткіштер алғаш
рет Рудневтың картасында бейнеленді. ХХ ғ. ортасында Отырар
ескерткіштерінің сақталуы мен зерттелуіне Ә.Х. Марғұлан үлес қосты.
- Отырар аңыздары ортағасырлық Отырар жөніндегі бірден–бір тарихи
дерек болып табылады;
- Отырар тарихына қатысты жаңа және құнды мәліметтер - Насаб–намада,
Елюй Чуцайдың жазбасында, Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде бар
- Отырар –Фараб иелігінің оңтүстік шекарасы қазіргі Шардарадан
басталған, солтүстікте Қарашық-Шавгар уалаяты – қазіргі Түркістан ауданы,
шығыста Қаратау жоталарымен, батыста Қызылқұммен өткен. Сырдарияның сол
жағалауында оңтүстіктен солтүстікке қарай тарихи деректерде аталатын
Ақсулат, Ұзыната, Пулқожашайқы, Сүткент, Камарши-Ата, Пулқожашайқы,
Султайн-шайх, Ешкілі, Рабатуғұз елді мекендер, тұрақ орындары
баламаланды. Барлау барысында Отырар алқабының жаңа археологиялық
нысаналары табылды. Отырар қаласы ішінде және айналасында келесі
микротопонимдердің бары нақтыланды: Арыстанбаб қабірі, Сопыхана, Бердібек
сарайы, Қабұғ Йарық, қорған.
- Отырар –Фарабиелігінде тұрақты тіршілік үшін қажетті су көздері –
Сырдария, Арыс, Бөген өзендері болып табылады. Аталған өзендерде арнаның
өзгеру, су деңгейінің көтерілуіне, не түсуі елді мекендерге, олардың
шаруашылығына қатты әсер етті.
- Қаракөншек пен Шардара маңынан табылған жазуы бар ыдыстар Отырар-
Тарбанд иелігінің халқы ерте ортағасырда мәдениеттің жоғары жетістігі
әліппені пайдаланғанын көрсетеді. Құйрықтөбедегі сарайда түркі
билеушілері өз құдайларын, арғы бабаларын бейнеледі. Отырарға таяу жерде
– Қаратауда түркілік мүсіндер қойылған қорымдар болды. Мұсылмандықтан
бұрын Отырар халқы түркілік манихейлікті, христиандықты, басқа да наным-
сенімдерді ұстанды.
- Насаб–нама мәліметтері мен археологиялық материалдарды салыстыру
араб әскерлері VІІІ ғ. екінші ширегінде Фараб-Отырар иелігіне Сүткент
арқылы еніп, Сырдарияның екі жағалауымен жүре отырып, Отырарды басып
алғанын көрсетеді. Археологиялық материалдар қарахандардықтар заманында
мата өндірісі, етікшілік, шыны өндірісі болғанын айғақтайды.
- 1210 ж. Отырар Хорезмшах мемлекетіне күштеп қосылғандықтан. Отырарда
Шыңғысхан әскеріне қарсы соғысқан тек Хорезмшах жіберген әскер болды.
Археологиялық зерттеулер Отырар жермен жексен болмағанын көрсетті. Бүкіл
қалалық өрт іздері жоқ. Қала халқының біршама уақыт өткен соң өз үйлеріне
қайта оралған. Қаланың монғол империясының құрамына қосылуы зардаптармен
қатар позитивті өзгерістерді де әкелді. Отырар халықаралық сауданың
маңызды орталығына айналды. Отырарда ХІІІ ғ. екінші жартысы мен ХV ғ.
сәулетті құрылыстар салынды. Олардың бірінде шахмат тасы табылды. Ақарық
атты бір өзен суын екінші өзенге жеткізетін өзгеше ирригациялық құрылыс
салынды.
- Отырар қаласында тіршіліктің тоқтауының басты себептері: 1. Жоңғар
шапқыншылығы және соның салдарынан ирригациялық жүйенің бұзылуында. 2.
Саны азайған отырарлықтардың егістіктерге, қалаға су алып келу мәселесін
тұрақты түрде шеше алмауында. 3. ХVІІІ ғ. бастап климаттың өзгеруінде.
- Отырардың халқы Оңтүстік Қазақстанның басқа да қалаларының
тұрғындары айналасындағы көшпелі және жартылай көшпелі халықпен тығыз
шаруашылық, этникалық байланыста болды. Археологиялық және басқа да
деректер Оңтүстік Қазақстанның қалаларында қазақтар да тұрған көрсетеді.
Қала халқының бір бөлігі қазақ халқының құрамына кірді деген тұжырымға
келеміз.
Зерттеудің қолданыстық маңызы. Зерттеу жұмысының ғылыми тұжырымдары
мен материалдарын Қазақстан тарихы мен археологиясына арналған еңбектерді
жазуда, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын
жасауға пайдалануға болады. Зерттеу барысында табылған жаңа ескерткіштер
еліміздің тарихи-мәдени мұра қатарын толықтырып, Оңтүстік Қазақстан
облысы тарих және мәдениет ескерткіштер жинағы. Отырар ауданы атты
энциклопедиялық жинаққа енді.
Еңбек Отырар ескерткіштерін әлемдік мұра тізіміне енгізу тұрғысынан
пайдалы болмақ. Қазба кезінде табылған заттар Қазақстанның орталық
музейі, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі экспозициясы мен
қорларында сақтаулы тұр.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі
нәтижелері мен қорытындалары ғылыми монографияда, Астана, Алматы,
Қызылорда, Шымкент, Тараз, Түркістан, Нукус-Бустан-Беруни қалаларында
өткенхалықаралық және республикалықғылыми практикалықконференцияларда
баяндалды. Зерттеу жұмысының мазмұнына сәйкес 1 монография, 69 мақала
Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Түркия және Рессейде шығатын ғылыми
басылымдарда жарияланды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау комитеті бекіткен
тізімге енген 7 түрлі басылымда 16 мақала (төртеу бірлескен авторлықта),
5 мақала шетелдік басылымдарда, 13 мақала республикалық және халықаралық
ғылыми конференция материалдарының жинақтарында, әр түрлі басылымдарда 35
мақала жарық көрді. Диссертация қолжазбасы Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы
Археология институтының Ғылыми кеңесі мәжілісінде талқыланып, қорғауға
ұсынылды (хаттама № 6, 30 сәуір 2009 ж.).
Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыстың құрылымы тақырыпты
және алға қойған міндеттерді ашуда логикалық бір ізділік бойынша жасалды.
Диссертациялық жұмыс кіріспе, алты тарау, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімі және қысқартулар тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыс
сызбалармен, суреттермен толықтырылған.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың
өзектілігі негізделіп, жұмыстың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері,
ғылыми жаңалығы, методологиялық негіздері, хронологиялық ауқымы,
практикалық маңызы және қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар көрсетілген.
1 Отырардың ортағасырлық тарихына байланысты деректер деп аталатын
тарауда Отырар тарихына қатысты белгілі барлық дерек көздері
қарастырылады. 1.1 Отырар туралы тарихи-археологиялық зерттеулер деп
аталатын бөлімде Отырар жөніндегі археологиялық деректер төрт кезеңге: 1.
1.1832 - 1946 жж.; 2. 1947–1966 жж.; 3. ХХ ғ. 60 - шы жж. аяғы - 1991 ж.
аралығы; 4. Қазақстанның егемендік алған 1991 ж. бастап 2008 ж. ортасына
дейінгі аралық деп бөлініп баяндалады.

ХІХ ғ. А.И. Левшиннің, Н.А. Маевтың, Н. Дингельштедттың, Е.Т. Смирновтың
зерттеулерінде Отырар қиранды, қала құландысы ретінде аталады. Баспасөзде
Отырар қаласының құландыларын алғаш И.Т. Пославский сипаттады. Сырдарияның
орта ағысының сол жағалауындағы ескерткіштерді алғашқылардың бірі болып
аралап суреттеген Н.В. Руднев болды. Отырар тарихы жөнінде Н.С. Лыкошин,
В.В. Бартольд, Н. Жетпісбаев баспасөз бетінде пікір алысты. Соңғы уақытқа
дейін археологиялық әдебиетте Отырарда алғашқы қазбаны А.К. Кларе мен А.А.
Черкасов 1904 ж. жүргізген деп саналатын. Алайда Н.И. Веселовскийдің бізге
жеткен Қазалыдан Ташкентке барар жолдағы көне қалалар қалдықтарының
сипаттамасы деп аталатын қолжазбасына сүйенсек, әйгілі шығыстанушы
Қазақстанның оңтүстігінің бір топ ескерткіштерін зерттеп, солардың ішінде
Отырарда қазба жұмыстар жүргізген екен. Отырарға қатысты мәтін жұмыста
толығымен келтіріледі және мәтінді талдау арқылы Отырарда Н.И.
Веселовскийдің қашан болғаны негізделеді. Сонымен, аталған құжаттарға
сүйене отырып, Отырар қалдықтарының алғашқы сипаттамасын жасаған және
Отырартөбеде тұңғыш қазба жұмыстарын жүргізген шығыстанушы, һәм археолог
Н.И. Веселовский деуге толық негіз бар. Алайда бұл жұмыстар жөнінде
баспасөз бетінде ғылыми есеп жарияланбаған соң Отырардағы алғашқы қазбалар
ғылыми орта үшін белгісіз болып келді. А.К. Кларенің Ежелгі Отырар және
оның құландыларындағы 1904 жылы жүргізілген қазбалар атты еңбегі қазба
жөніндегі әдеттегі есеп шеңберінен асып сол кездегі ғылыми айналымға енген
жазба деректерді қамтыған Отырардың тарихын жазуға деген алғашқы талпыныс
деп бағалауымыз керек. Онда Отырар мен Фараб атауларының шығу тегі жөнінде
жорамал жасалған, қала арқылы өткен жолдар бағыты суреттелген, ел арасында
сақталған бірнеше тарихи аңыз әңгімелер алғаш жарияланды.

Сырдарияның сол жағалауындағы ескерткіштерді алғашқылардың бірі болып
аралап көрген Н.В. Руднев болды. Оның 1900 ж. мақаласында Сырдарияның
бойындағы Қысты деген жерден Түркістан қаласына дейінгі аймақта 11 қала
орны аталады. Н.В. Руднев 1903 ж. Туркестанские ведомости газетінде
Сырдарияның орта ағысы жағалауының картасын жариялады. Археологиялық
әдебиетте аталмайтын осы картада 51 ескерткіш белгіленген. Бұны осы
аймақтың тұңғыш археологиялық картасының нобайы деп бағалауымыз керек.

ХХ ғ. басында Отырар ескерткіштерін Д.Н. Люшин, И.А. Кастанье атап өтті.
Сонымен 1832-1911 жж. аралығында Отырар өңірінің бір топ ескерткіштері
өлкетанушылар тарапынан есепке алынып суреттелді. Отырартөбеде және Отырар
өңірінің кейбір ескерткіштерінде алғашқы шағын қазба жұмыстары жүргізілді,
Отырар тарихына қатысты жазба деректердегі мәліметтер ғылыми айналымға
енді, ел арасындағы аңыз әңгімелер жинақталып, баспасөз бетінде жариялана
бастады. Бұл жұмыстарды Отырардың ғылыми тұрғыдан зерттелуінің алғашқы
қадамдары деп бағалауымыз қажет.

1917 ж. Қазан төңкерісі, одан кейінгі азамат пен екінші дүниежүзілік
соғысы Отырар ескерткіштерін зерттеуге мұрша бермеді. Шетелде тек жазба
деректерге сүйенген Отырарға арналған қысқаша J.H. Kramerдың мақаласы
басылды [1]. Көп үзілістен кейін 1947 ж. бастап Отырар ескерткіштерін
зерттеуді А.Н. Бернштам басқарған, Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич, А.Г.
Максимова, басқа да зерттеушілер қатысқан Оңтүстік Қазақстандық
археологиялық экспедициясы бастады. Олар Отырар алқабының басты-басты
ескерткіштерін есепке алып, олардың бірнешеуінде шағын қазбалар жүргізді,
Қангюй–қаңлы мәселесін көтерді, кангюй–қаратау мәдениетін белгіледі.
Ескерткіштерді топографиялық, типологиялық жағынан жіктеу, керамиканы
жүйелеу мәселелері 1958 ж. Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевичтың Оңтүстік
Қазақстанның тұрақты қоныстары мен қалалары тарихынан атты зерттеуінде
көрініс тапты [2]. Отырар ескерткіштері Қазақстанның археологиялық
картасына енгізілді. 1960 жылдары бұзыла бастаған Отырар ескерткіштеріне
М.О. Әуезов, Ә.Х. Марғұлан араша түсті. Ә.Х. Марғұлан Отырар қаласының
орнында атты шағын мақаласында Отырардың тарихи маңызын көрсетіп тарихи
ескерткішерді қорғау, ел аузындағы аңыз әңгімелерді жинау мәселесін көтерді
[3, 6-7-бб.]. Бұрын Отырарға қатысты археологиялық әдебиетте аталмаған осы
мақала диссертацияда талданады. Аталған зиялыларымыздың араша түсуінің
арқасында Отырартөбе кең көлемдегі бұзылудан сақталды.

1966 ж. Отырар өңірінің солтүстік бөлігіндегі Хорезм археологиялық-
этнографиялық экспедициясының бір отряды барлау-зерттеу жұмыстарын
жүргізді. Л.М. Левина кангюй – қаратау мәдениеті деп А.Н. Бернштам атаған
археологиялық мәдениеттің атын біршама өзгертіп, отырар – қаратау мәдениеті
деп атауды ұсынды. 1967 ж. К.А. Ақышев басқарған Жетісу археологиялық
экспедициясы Оңтүстік Қазақстан аумағы мен Отырар алқабы ескерткіштерін
барлады.

Отырар ескерткіштерінің зерттелу тарихының жаңа кезеңі 1969 ж. К.А.
Ақышевтың Отырар археологиялық экспедициясын ұйымдастыруымен басталады [4,
с. 25]. Екі жылдан соң бұл экспедиция Оңтүстік Қазақстан кешенді
археологиялық экспедиция (басшысы К.А. Ақышев) болып құрылып, оның
құрамында К.М. Байпақов, Л.Б. Ерзакович, С.М. Ақынжанов, Х.А. Алпысбаев,
В.А. Грошев, С.Ж. Жолдасбаев, Ж.Қ. Таймағамбетов, Т.В. Савельева, А.Н.
Подушкин, А.К. Ақышев, Е.А. Смағұлов, Б. Нұрмұханбетов, Ю.И. Трифонов, Н.О.
Алдабергенов, К.Н. Бурханов, Ю.А. Мотов, басқа да археологтар Отырар қаласы
мен алқаптың ескерткіштерін зерттеуге атсалысты. Отырар ескерткіштерін
жаңаша тәсілдермен зерттеу қолға алынды. ХХ ғ. 60–шы жж. аяғы мен 1991 ж.
арасында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Отырар Қазақстан мен Орта
Азия аумағында ең көп зерттелген кейінгі ортағасырлық қалаға айналды.
Отырар ескерткіштерін зерттеу барысында археология ғылымының сол кездегі
жаңа тәсілдері қолданылды. Отырар ескерткіштері алғаш рет ұшақтан
фотосуретке түсірілді, Қазақстанда алғаш рет ортағасырлық қаланы кең
көлемде қазу жұмыстары жүргізілді, палеоэтнографиялық, ирригациялық,
нумизматикалық ізденістермен, керамикалық ыдыстардың саз құрамын анықтау,
олардан тарихи мәліметтер алу жұмыстары қатар жүргізілді. Отырар
археологиясына арналған монографиялар, жүздеген мақала-хабарлар жарық көрді
[5].

Қазақстан егемендік алған соң мәдени мұраны зерттеу мен сақтау
мәселелеріне ерекше көңіл бөліне бастады. 2004 ж. мемлекеттік Мәдени мұра
және Көне Отырарды қалпына келтіру атты бағдарламалар қолға алынды.
Қарастырылған кезеңде Отырар тарихы мен археологиясын зерттеу жаңа сатыға
көтерілді. К.М. Байпақов басқарған Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық
экспедиция зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Отырар ескерткіштерін зерттеу,
сақтау және құжаттау мәселелерімен Қазақстандық ғалымдармен қатар
ЮНЕСКОЖапония мамандары айналысты. Отырар ескерткіштерін зерттеуде жаңа
технологиялар пайдаланылды. Отырар археологиясын қамтыған кітаптар,
көптеген мақала–хабарлар жарық көрді. Бұл кезеңде К.М. Байпақовтың жеке
дара кітаптары, және Н.О. Алдабергеновпен бірге дайындаған фотоальбомы,
Е.А. Смағұлов, А.А. Ержігітовалармен, З.Ж. Шарденовамен, Г.А. Терноваямен,
Д.А. Воякинмен тағы басқалармен бірге дайындаған монографиялары,
кітапшалары мен мақалалары жарық көрді. 2008 ж. Отырар ауданының
ескерткіштер жиынтығы басылып шықты. Оған аудан аймағындағы жаңа
ескерткіштер, соңғы жылдары жаңа технологиялар негізінде алынған нәтижелер,
жаңа ұшақтан түсірілген суреттер енгізілді [6].

ХХ ғ. екінші жартысы мен ХХІ ғ. басында Отырар тарихының кейбір
мәселелері этнография саласындағы белгілі ғалымдар Ө. Жәнібеков, У.Х.
Шәлекенов зерттеулерінде, Отырар нумизматикасы Р.З. Бурнашева, В.Н. Настич,
Е.А. Давидович, Б.Д. Кочнев, С.М. Юсупова, С.М. Аитова зерттеулерінде,
керамика өндірісінің мәселелері Э.Ф. Кузнецова, Т.М. Тепловодская, Н.И.
Синенькая, шиша өндірісі Т.С. Дощанова зерттеулерінде қарастырылды.
Отырардың сәулет өнері ескерткіштерінің зерттеу және жәдігерлерді сақтау,
қорғау мәселелерімен В.В. Константинова, Т.К. Бәсенов, М.М. Мендикулов,
В.Л. Воронина, М.К. Сембин, Н.П. Егорова, Г.М. Камалова, Б.Т. Тұяқбаева,
Ю.А. Елгин, А. Қонысбаев, Е.Х. Хорош, Н. Иманжанов, Е. Репинская және
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі қызметкерлері айналысты.

D. Clarke , R. Sala, J.M. Deom, E. Meseth, Б. Аубекеров [7] Отырардың
тарихи кезеңдердегі геоморфологиясына, геологиясына, гидрологиясына,
климатына және осыларға байланысты ирригацияға назар салып зерттеу
жүргізді.
Археологиялық-тарихи әдебиетті шолу зерттеу жұмыстарының әртүрлі
бағытта жеке-жеке бағытта тереңдетіліп жүргізіліп, үлкен нәтижелерге
жеткенін көрсетті. Аталған өңірдегі қалалық мәдениеттің басталу мәселесі,
арабтардың Фараб-Отырар иелігін жаулап алуы, ортағасырдағы қолөнердің
көптеген мәселелері, Отырар қалалық мәдениетінің этникалық аспекті және
басқа да мәселелер зерттеуді талап етеді.
1.2 Отырар тарихы мен тарихи орындары туралы аңыздар деп аталатын
бөлімде Отырар өңірінің байырғы аңыздары қаралды. Арыстанбаб және оның
кесенесі туралы, Ақарықты қазған Шәміл хақында, Сырдария суының тасып,
Отырар халқының қырылуы, Отырар қаласында тіршіліктің тоқтауы, Отырарда
Әмір Темірдің дүние салуы және Өгіз жылғасы бойындағы қалалар туралы
аңыздар, Мұңлық–Зарлық қисса-хикаяты – бұлардың барлығы Отырар өңірінің төл
аңыздары. Аталған аңыздар немесе аңыздардың қысқа нұсқалары немесе оларда
баян етілетін оқиғалар тым құрығанда бір ауыз сөзбен болса да, ХІХ ғ. аяғы
мен ХХ ғ. басындағы Отырар туралы жазған зерттеушілердің жазбаларында
кездеседі. Олардың бір бөлігі баспасөз бетінде жарияланса, бір бөлігін
Отырар ауданы тұрғындары Нарымбетов Мамасадықтан, Егемжар Жаңғабылдан
жазып алдық. Жұмыста аталған аңыздардың барлығы тарихи деректердегі
мәліметтермен, археологиялық ізденіс нәтижелерімен салыстырылып талдау
жасалған. Аңыздардағы оқиғалар толығымен болмаса да, мейлің, жарым–жартылай
болсын, жазба деректермен қошталады. Жоғарыда келтірілген аңыздардың
төртеуі Отырар өңіріндегі арықтарға байланысты болып отыр. В.В. Бартольдтың
Отырар туралы әңгіме ете келе осы өңірге қатысты жазба деректерде Сырдария
немесе Арыс өзендерінен шығарылған арықтар туралы еш мәлімет жоқ деп
көрсеткенін ескерсек, бұл аңыздар аса құнды болып табылады. Отырар
өңіріндегі отырықшылық пен қала мәдениетінің дамуы, не құлдырауы сол
каналдарға байланысты болғанын осы аңыздардан байқауға болады. Отырар
алқабында алып каналдар қазылуы жөнінде мәлімет басқа деректерде
кездеспейді. Темір өлімі туралы аңыз жазба деректердегі мәліметтермен
үндесіп жатады. Онда қала топографиясына қатысты мәлімет табуға болады.
Отырар аңыздарын, тарихи әңгімелерін ең алдымен деректану сынынан
өткізіп, саралап, олардың байырғы заман туындысы ма, жоқ кейін жасалған
жасанды аңыз ба, соны ажыратып алу жұмысы жүргізілді. Көп жағдайда Отырар
аңыздары жазба деректерде айтылмаған оқиғаларды суреттейді, ал жазба
деректерінде көрсетілген жағдайлардың өзін қайталап жатқанның өзінде
оқиғаны жаңа қырынан танытады, толықтырады. Сонымен қатар Отырардың төл
аңыздарында жалпы аңыз атаулыға тән көрініс - халықтың қиялынан туған
суреттеу, әсірелеу тұстары да бар. Мысалы, Шәмілдің Бөген мен Арыс
өзендерін жалғаған Ақарықты жалғыз өзінің қазуы. Аңыздағы мәліметтерді
қосалқы тарихи пәндер деректерімен, жазба және археологиялық деректермен
салыстырып, тексеріп отыру керек. Тек осы жолмен ғана аңыздағы жорамалдар
мен хикаяттар ішінен тарихи шындықтың дәнін ажыратып алуға болады.
Деректану тезінен, сынынан өткен Отырар аңыздары ғана ортағасырлық Отырар
өлкесінің тарихының жаңа беттерін ашуға қажетті дерек көздері бола алады.
1.3 Отырар туралы жазба деректер деп аталатын бөлімде жазба деректерді
хронологиялық тұрғыдан VІІІ ғ., ІХ ғ. – ХІІІ ғ. бірінші ширегі, ХІІІ ғ.
ортасы - ХV ғ., ХVІ - ХІХ ғғ. деп топтастырып қарастырдық. Отырар атауы
алғаш рет VІІІ ғ. жазба деректерінде ұшырасады. Отырардың Тарбанд үлгісінде
жазылуы VІІІ ғ. жататын Мұғ тауынан табылған соғды құжаттарының ішінде
кездеседі. Фараб өлкесі Х ғ. араб жазбагерлері әл-Масуди, әл-Истахри, Ибн
Хаукаль, әл-Макдиси еңбектерінде біршама суреттеледі.
Отырар жайлы араб тіліндегі жазба мәліметтерді алғаш топтастырған В.В.
Бартольд болды. Шығыстанушы Л. Зимин Отырардағы Әмір Темірдің қайтыс болуын
бірнеше авторлардың түрлі қолжазбалары негізінде қарастырған арнайы зерттеу
жария етті. Ежелгі Отырар кітабындағы Отырар туралы бір топ бұрын жария
етілмеген хабарларды Б.Е. Көмеков аударды [4]. Отырарға қатысты жазба
деректердегі мәліметтер негізінен В.Г. Тизенгаузен, С.Л. Волин, С.К.
Ибрагимов, Н.Н. Мингулов, К.А. Пищулина, В.П. Юдин, М.Х. Әбусейітова, Ә.
Момынов, басқа да мамандардың Қазақстан тарихына қатысты шығыс тілдеріндегі
дерек көздердің аудармаларынан алынды.
Отырар тарихын баяндайтын отырарлықтардың өздері жазған ескі шығарманың
болғаны жөнінде хабар бар. Алайда ол ғалымдардың қолына әлі тиген жоқ.
Сондықтан негізінен жатжұрттықтар жазған мәліметтермен басым болып тұр.
Отырарда болған кейбір тарихи оқиғалар, мысалы, Әмір Темірдің қайтыс болуы,
монғол әскерлерінің Отырарды басып алуы біршама кең және бірнеше жазба
деректерде сипатталған. Отырар тарихының қалған беттері тым қысқа, көп
жағдайда бір не бірнеше сөйлеммен ғана баяндалады. Қала топографиясы,
құрылыстары турасында мәліметтер саусақпен санарлық. Ал қөлөнері мен
қалалықтардың кәсібі жөнінде мәліметтер жоқ.
Іздену барысында Отырар тарихына қатысты зерттеулерде қолданылмаған
мәліметтерге тап болдық. Шыңғысхан әскерімен батыс жорықта болған Елюй
Чуцайдың (1190-1244 жж.) Батысқа саяхат естелігі атты жазбасында [8, 62-
63-бб.], Ибн Халликан енбегінде Отырар жөнінде мәліметтер бар. 1777 ж. Иван
Иcленьев құрастырған бұрынғы Жоңғар қалмақ иеліктері мен Сібір
губерниясының оңтүстік бөлігі арқылы ағатын Ертіс өзені картасында Сыр
өзенінің оң жағалауында Отраръ – Отырар елді мекені белгіленген.
Соңғы кезде ғылыми айналымға жаңа жергілікті дерек көздері ене бастады.
Отырар тарихына қатысты құнды деректердің бірі қазақ қожаларының шежірелері
– Насаб–нама болып табылады. Насаб–наманы тарихи дерек ретінде танып
қарастыру тек 1990 ж. бері ғана басталады. Осы жұмыстардың басы-қасында
қазақ шығыстанушылары З. Жандарбек пен Ә. Момынов болды. 1992 ж. Түркістан
қаласында Сафи ад–дин Орын Қойлақының Насаб–намасы жарияланды. Насаб-
нама шежіресінде VІІІ ғ. бастап, ХІІІ ғ. ортасына дейінгі болған оқиғалар
баян етіледі. Оның негізінде араб әскерлерінің басшысы Ысхақбабтың VІІІ ғ.
аяғы – ІХ ғ. басында араб тілінде жазылған Насаб-намасы жатыр. Бұл дерек
арабтардың жаулап алу соғысының барысын баян етеді. Бұрын араб тілінде
жазылған шежірені ХІІІ ғ. түркі тіліне аударып жазған Қожа Ахмет Йасауидің
туысқаны Сафи ад–дин Орын Қойлақы. Онда Отырардың қарахандық билеушілерінің
есімдері, вакуфтық жерлер жөнінде мағлұматтар берілген. Осымен қатар түрлі
қожалар топтарына жататын және бір-бірін толықтыратын Насаб-наманың
көптеген нұсқалары белгілі болды. Осы тың тарихи деректер тобын шығыстанушы
З. Жандарбек жеке кітабында қарастырады [9]. Кейінгі ортағасырлық дәуірге
жататын, шартты түрде Садр ад-дин Шайх рисаласы деп аталатын парсы
тіліндегі қолжазбада Отырар жөнінде бұрын кездеспеген мәліметтер бар.
Түркістандық Болатқожа қолында сақталған бұл қолжазбаны ХҚТУ–дың мамандары
Н.Н. Ерфақ пен М. Йакуб қазақ тіліне аударып ғылыми айналымға енгізді.
Дағдарысқа ұшыраған кейінгі ортағасырлық Отырар жағдайы Махмұд ибн Уәлидің
Бахр ал–асрар фи манакиб ал–ахйар - Өнегелі адамдардың ерліктері жайлы
ғаламат құпияларында деп аталатын шығармада сипатталады.
Шолу барысында біз қолымыздан келгенше барлық дерлік дерек көздерін
қамтыдық. Соның нәтижесінде бұрын Отырар тарихын тануда пайдаланылмаған
дерек көздердің бары анықталды. Олар жаңа археологиялық ашылымдар, осы
уақытқа дейін тарихи дерек ретінде қарастырылмаған Отырардың төл аңыздары,
ғылыми айналымға соңғы кезде енген жазба деректердегі мәліметтер, Отырардың
археологиялық тұрғыдан зерттеу тарихнамасында бұрын беймәлім болып келген
зерттеулер болып табылады.
2 Ортағасырылық Отырар-Фараб иелігінің тарихи географиясы деп аталатын
тарауда тарихи-мәдени аймақтың табиғи ортасы, елді мекендері, қала жөнінде
ақпараттар баяндалады. 2.1 Отырар-Фараб иелігі деп аталатын бірінші
бөлімде иелік аумағы, шекарасы, табиғаты, ортағасырдың әр кезеңдегі
климаты, палеогеографиясы қарастырылады. Отырар-Фараб иелігі жөнінде ХVІ ғ.
жазбагері Сипахи-заде әл-Брусавидің Алдах ал–масалик ила марифат ал–булдан
ва–л–мамалик атты қолжазбасында мынадай хабар бар: Отырар–Сейхун өзені
бойындағы, Фараб айналасындағы бекіністі қала мен Мауараннахрдағы
түркілердің шекарасындағы кең аймақ (астын сызған біз – М.Қ.) [4, с. 29,
ескертпе 21]. Осы аймақтың астанасы Отырар қаласы болғанын Ибн Халликанның
мына хабарынан аңғаруға болады: Ол аш-Шаштың арғы жағында және Баласағұн
төңірегінде... Ол түркілердің астаналық қалаларының бірі [10, с.117]. Ибн
Ийаса Натк ал-азхар фи гараиб ал–актар атты шығармасында: Фараб – бұл
қазір Отырар деп аталатын қала, ол ұлы қала болды деп көрсетеді [4, с. 37,
ескертпе 70]. Отырардың астаналық дәрежесі туралы түсініктер халық арасында
ХІХ ғ. аяғына дейін сақталғанын Дала уалаяты газетінде ташкенттік
Ғалимқожаұлының мына хабары да қоштайды: ... Арыс суының жағасында үлкен
белгілі Отырар деген қаласы бар еді. Бұл қалада үкімдер қылып Түркістан
хакімдері тұрушы еді. Отырар қаласы мен алқаптың атауы жазба деректерде
Отрар, Отрарбенд, Турар, Тарбанд, Тарбад, Турарбанд, Кену Тарман - Кангу-
Тарбан, Параб, Фараб, Бараб, Бола үлгілерінде кездеседі.
Фараб, Бараб, Параб атауының этимологиясы жөнінде де ғылыми әдебиетте
бірнеше пікір бар. Фараб сөзін шығыстанушы В.К. Шуховцовтың соғды тілінде
өзеннің арғы жағы, жағасы дегенді білдіреді дейді. В.Н. Настич пен В.К.
Шуховцовтың пікірінше, Фараб, не Бараб деген жер атауы соғдының Пāрāб, яғни
өзеннің арғы жағалауы, өткел орны деген сөзінің арабтық графикалық
үлгісі болып табылады, араб пен парсы деректеріндегі мәліметтерді
талдағанда Фараб өңірінің бас қаласы Кедер немесе Отырар болғанын, сол
кездегі араб, не парсы жазбагерлері Фараб өңірінің бас қаласы Фараб деп
жобалап жазған. Мысалы, Сырдария өзенін бірде Шаш өзені, бірде Ходжент
өзені, бірде Фараб өзені деп Сырдарияның ағып өткен аймақтарының атымен
атағандай, ал шын мәнісінде бұл географияда бір ғана атпен танымал болған
жалғыз өзен [11, с. 107–112]. Жазба деректерде Сырдария өзені Шыр деген
атау үлгісінде де кездеседі. Сырдария өзенін шығыс авторлары Чир және
Чирчик (Шыр және Шыршық) деп атаған. Хафиз–и Таныш ибн Мир - Мұхаммад
Бұхари Шыр өзенін қазір Шыршық деп атайды, – деп көрсетеді.
Отырар атауының этимологиясы жөнінде бұл жұмыста түрлі пікірлер
келтіріледі. Мысалы, К.М. Байпақов оғыз тілінде ұзақ тұрақ, бір орында
тұруға байланысты тураш иер атты сөз тіркесінің барын тілге тиек ете
отырып, Отырар, Тұрар сөздері осыдан туындаған деген пікір айтады [12, с.
25]. Отырар атауының шығу тегін анықтауда оның ертедегі аталу үлгісін
негізге ала отырып ізденіс жүргізу керек. ІХ–Х ғғ. ғалымдары әл–Хорезми,
ат–Табари, әл–Балазури шығармаларында Отырар атауы Тарбанд үлгісінде,
әл–Фаргани, әл–Буттани шығармаларында Турарбанд үлгісінде жазылыпты. Уақыт
өте келе, Турар–Утрар, бертін келе Отырар болып өзгеріске ұшыраған.
Түпкілікті атау - Турар осы өңірдің ежелгі тұрғындарының атымен және осы
аймақтың байырғы атымен түбірлес екенін байқау қиын емес. Фирдаусидің
Шахнамесінде Туран деген ұғымды зейін салып тексерген шығыстанушы В.К.
Шуховцов бұл атаумен Сырдарияның орта бойындағы Испиджаб, Фараб, Шауғар,
Сауран, Канг–дих деп аталатын уалаяттардан тұратын өлкенің аталғанын
анықтады. Бұл Авестадағы Канх елімен сәйкес келеді, ол елде көшпелі тура–
tura атты тайпалардың тұратыны айтылады. Көне парсылық жазбалардағы сака
деп аталатын тайпалар өздерін тура деп атаған екен. Осыдан тура
тайпалары мекендеген ел Туран болып аталған. Тұран өңірінің орталық
бөлігінде орналасқан қаланың осы өңірдің ежелгі тұрғындары тұрлардың атымен
Тұрар деп аталуы мүмкін деп болжаймыз.
2.2 Отырар- Фараб иелігінің елді мекендері деп аталатын бөлімде жазба
деректерде кездесетін елді мекендер мен қалашықтар археологиялық барлау
барысында табылған археологиялық ескерткіштермен сәйкестендіріледі. Фараб-
Отырар иелігінің оңтүстік шекарасындағы ең шеткі елді мекен Фасих Ахмад ал-
Хавафидің Муджмал-и Фасихи атты шығармасындағы мәліметке сүйенсек, ол
Ақсулат болады [13, с. 164]. Деректің мәтініне қарағанда бұл Шардара елді
мекенінің айналасы. Ақсулаттан соң Ұзыната, Сүткент жерлері аталады. Әмір
Темір әскерімен Ақсулаттан аттанып, Ұзынатаға түнеп, Пулқожаға тұрақтап,
Сүткентке жеткен. 1903 ж. Н.В. Рудневтің картасында Ұзыната мен Сүткент
арасында екі бекініс орны белгіленген. П.А. Гомолицкий Ұзынатадан кейін
көрген ескі қамал қасындағы мазарат барын жазады. Ескі қамалдың қасындағы
мазарат осы Пулқожашайқы деуге негіз бар. Сүткент - Әмір Темір әскері
Пулқожадан кейін тұрақтаған қалашық. Ибн Хаукальдың Китаб ал–масалик
ал–мамалик кітабында Сүткент Фараб уалаятының қаласы деп көрсетіледі.
Сүткенттен кейін Әмір Темір Камарши-Ата және Султайн-шайх деген
жерлерді басып өтті. Алғашқы орын Байырқұмға сай келуі мүмкін. Султайн-
шайх біздің пікірімізше, белгілі мазарат – Зарлыққа сай келеді. Зарлық
патша баласы болғандықтан оның екінші атауы Сұлтаншайқы болуы мүмкін. Ол
Н.В. Рудневтың 1903 ж. жария еткен картасында белгіленген.
Біздің барлау жұмыстарымыздың барысында табылып сипатталған қалашықтарға
қысқаша сипаттама беру қажет. Шаншар қалашығы Көксарай ауылының оңтүстік-
батысында, 16 км жерде орналасқан. Географиялық координаты N 42° 34´, E 67°
58´. Шаншар құрылымы аса күрделі. Ескерткіштің жалпы ауданы шамамен 140 га,
оның бір бөлігі құм астында жатыр. Оны ұзындығы 4,8 км сыртқы қорған қоршап
тұр. Сыртқы қорған ішінде, қалашықтың шығыс бөлігінде жалпы пошымы
трапециялық қамал орны бар. Осы қамал айналасында табылған керамика
үлгілері ішінде хум бөлшектері қызықты. Бірінің түп жағына жақындау
қабырғасында диаметрі 1см тесігі бар. Мұндай тесік әдетте шарап сақтайтын
үлкен ыдыс - хумда болады. Хум ернеулерінің диаметрі 25 см, ернеулері
қарапайым түрінде жасалған, қабырға аяқталған жер сырт жағынан қалыңдатылып
дөңгелетілген. Осыған ұқсас келетін ернеуі бар хумдар Ескі Ниса
қаласындағы Парфия заманы қабатында кездескен. Олармен бірге б.з. дейінгі
56-37 жж. теңге табылған. Қалашық бетінен алынған басқа керамика үлгілері
тым ұсақ, олардың жасалу уақытын анықтау қиын. Шарап сақтайтын ыдыс
бөлігінің табылуы қала тұрғындарының суармалы егіншілікпен де айналысқанына
негіз береді. Мұны қалашық айналасында ескі арық іздері қоштайды. Осыған
қарап, осы өңірде б. з. б. бірінші ғасырлары ирригация болды деп айтуға
негіз бар. Аққорған қалашығы Көксарай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25
км қашықтықта орналасқан. Географиялық координаттары: N 42° 35´, E 67°
49´. Қалашық жоспарда төртбұрышты, 340 х 340 х 330 х 320 м. Бұрыштары
дүниенің төрт тарапына қараған. Қабырғалары, қазір биіктігі 1,3 - 3 м жалға
айналған. Жалға айналған қабырғада 31 мұнара орны байқалады. Қорғанға кіру
орны солтүстік қабырға ортасында болған. Бұл қалашықтарда тіршілік болу
үшін Сырдария арнасы қазіргі құм ішіне кетуі керек. Керамикаға қарағанда
осы жағдай шамамен б.э.б. бірінші ғасырларда болған.
Фараб уалаятында жазба деректер Весидж қалашығын атайды. Ал-Истахри
бойынша Васидж өзеннен батыс жақта, Кедерден екі фарсаг қашықтықта, ал
Параб өзеннен шығысқа қарай жатыр. Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевичтер
Весиджды Оқсыз қалашығымен баламалайды [2, с. 124]. Әл–Макдиси оны күшті
әмір тұратын, базар алаңы ортасында жұма мешіті бар бекіністі шағын қала
деп сипаттайды. Висидж Самани шығармасында аталады: түркілер еліндегі
қамал. Онда 514 ж. мухаррам айында 1120 ж. сәуірінде айдауда Абу Мұхаммед
Абд ас-Сейид б. Мухаммед Несефи қайтыс болды. Яғни, ол жазба деректерде
ХІІ ғ. дейін аталады. Алайда Кедер-Құйрықтөбеден Оқсыз елді мекендер
арасындағы ара қашықтығы екі фарсахтан көп. Төтесінен санағанда шамамен 21
км, яғни үш фарсах. Сондықтан Весиджды Оқсыз деу қисынсыз немесе
Құйрықтөбені Кедер деу қисынсыз. Сырдарияның сол жағалауында Н.В. Рудневтың
1903 ж. картасында бірнеше қамалдар белгіленген. Олардың барлығында ХІІ ғ.
керамикасы бар және солардың бірі Весидж болуы ықтимал.
Шамамен ХІІІ ғ. жазылған Насаб–нама шежіресінде Зернук Зарнұқ
үлгісінде аталып, Сырдариядан осы тұста Отырарға 766 -767 жж. мұсылман
әскерлерінің өткені айтылады [9, 90-б.]. Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевичтер
Зернук қаласының қалдығы деп Оқсызды санайды [2, с.125]. 1219 ж. монғол
әскеріне қарсылық көрсетпеген Сырдарияның сол жағалауындағы Зернук атты
қала аталады. Осы жағдайды ескеріп, монғолдар оны Кутлук–Балык – бақытты
қала деп атапты. К.М. Байпақов мұны қоштап әл–Макдиси тізімінде Зерах,
кейде Турар–Зерах деп аталатын қала кездеседі дейді [14, с. 86]. Зернұқ
тұсында Сырдариядан өтетін өткел болған. 1295 ж. Сырдария бойымен жүріп
өткен армян патшасы Хетум алдымен Отырарға келіп, кейін Зернұққа өтіп,
Дизах–Жызақ арқылы Самарқанға жеткен. ХІХ ғ. екінші жартысындағы
географиялық карталарды негізге ала отырып, Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевич
Оқсызға қарама – қарсы жерде өткел болған деп көрсетеді [2, с.124]. Н.В.
Рудневтың 1903 ж. картасында Оқсыздың тұсында Ақынтоғай тұсында переправа
белгіленген. Әмір Темір әскері де осы тұста Сырдариядан өткен. Зафар-наме
дерегі бойынша Сырдариядан Отырарға дейін 2 фарсах жол екен, яғни 12-14 км.

Қисса–и Рабғузи немесе Қиссас-ұл әнбия деген аттармен мәлім болған
атақты шығарманың авторы Насреддин Рабғузидің туған жері Рабатуғұз деген
елді мекен. Біз оны Сырдарияның сол жағасындағы қазіргі Маяқұм елді
мекенінен оңтүстік-шығыста 7 км қашықтықта орналасқан Рабат атты
ескерткішпен баламалаймыз. Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштер
жиынтығы. Оңтүстік Қазақстан облысы атты басылымда ол ІV–VІІІ ғғ.
жатқызылған. Алайда оның үстінде жатқан күйдірген кірпіштерге қарағанда
бұл елді мекен ХІV-ХV ғғ. тіршілік еткен. Ескерткішке таяу жерде күйдірген
кірпіштен соғылған жеке ғимараттың іздері бар.
Насреддин Рабғузидің әкесі Рабат Оғыз қыстағының қазысы болған, ал
Рабғузи деген лақапты туған жеріне байланысты алған екен. Өзбек
зерттеушісі Э.И. Фозиловтың пікірінше, ол Хорезмнің Работуғуз деген жерінде
туған [15, 6-7- бб.]. Тарихи әдебиеттен Хорезмнің төл аймағында Рабат Оғыз
деген елді мекенді іздеп таппадық. Ал Отырар иелігі Шыңғысханның келер
алдында Хорезмге бағынғанын ескерсек, бұл жағдай көп ғасырлар өтсе де
ұмытылмаған. Мысалы, Махмұд ибн Уәлидің Бахр ал–асрар фи манакиб ал–ахйар
– Өнегелі адамдардың ерліктері жайлы ғаламат құпияларындағы еңбегінен
аңғару қиын емес. ХVІІ ғ. ортасында жазылған шығармада Отырар – Йассының
ар жағында орналасқан қала, Сұлтан Мұхаммед Хорезмшах кезінде оның
мемлекетінің шығыс жағындағы шекаралық қаласы болды, – делінеді. Отырар
алқабындағы Рабат ескерткіші Сырдарияның сол жағалауында болғандықтан ол
Сырдария мен Әмудария ортасын алып жатқан Мауараннахр аймағына кіреді.
Әрине жалпы Рабат атты елді мекендер ортағасырда аз болмаған. Өзбекстанда
Рабати-Мәлік, Қырғызстанда Ташрабат, Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт
тауының етегінде де Рабат бар. Алайда Насреддин Рабғузидің туған жерінің
аты Рабат Оғыз немесе Рабатуғұз. Рабат атты ескерткіш Өгізсай атты
Сырдарияның байырғы арнасына таяу жерде орналасқандықтан Рабат Оғыз
немесе Рабатуғұз деп айтылған деп санаймыз. Байырғы арна Бас штабтың
Түркістан, Балтакөл деген карталарда Өгізсай (сухое русло Огизсай) деп
белгіленген. Рабаттөбе мен Өгізсай арнасы арасында Рабатарық деген арық, ал
Рабаттөбеден солтүстік-батыс бағыттағы аймақ картада урочище Рабат деп
аталады. Сонымен біз қарастырып отырған Рабатты басқа рабаттардан ажырату
үшін ортағасырда Рабатуғұз деп аталуы әбден мүмкін.
Насабнамада Сырдарияның оң жағалауында жолмен Шашты басып алған
араб әскерлері: Сүткенттің тұсынан дариядан өтіп, Отырарға келеді
делінеді. Н.В. Рудневтың 1903 ж. жария еткен картасында Сүткент тұсында,
Тартоғай деген жерде переправа - өткел белгіленген. Алайда осы жол
бойындағы елді мекендер жөнінде жазба деректерде мәліметтер жоқ. Н.В.
Рудневтың 1903 ж. жария еткен картасында Развалины Чунгурли - Шөгірлі,
Тартоғайдан соң төмен қарай, Ешкіліге қарама–қарсы бетте разв. деп
белгіленген, оны А.Н. Бернштам басқарған ОҚАЭ зерттеді. М.Е. Елеуов
басшылық еткен ХҚТУ экспедициясы құрамында Шөгірліден Отырарға дейінгі көне
жол бойы барлау жүргізе отырып бұрын беймәлім болып келген мына
ескерткіштерге тап болдық: Төрткүл, Х-ХІІ ғғ., географиялық координаттары:
N 42° 14' 44. 99630", E 68° 19' 10.87574", теңіз деңгейінен биіктігі 172.
1905; Төрткүл, ортағасыр, географиялық координаттары: N 42° 15' 45.
66023", E 68° 19' 10. 89045", теңіз деңгейінен биіктігі 168.0619; Төрткүл,
ортағасыр. Тақыркөл жағасында, географиялық координаттары: 42° N 14' 44.
99630", E 68° 19' 10.87574", теңіз деңгейінен биіктігі 172.1905. Яғни,
Сырдарияның оң жағалауында, қазіргі Арыс ауданы аумағанда Шөгірліні қоса 4
бекініс орнының табылуы бұл жолдың да маңызды болғанын көрстетіп отыр.
ІХ ғ. деректерінде Фараб уалаятының бас қаласы ретінде Кедер аталады
және ол өзеннен жарты фарсах жерде орналасқан деп көрсетеді. К.М. Байпақов
жазба және археологиялық деректердегі мәліметтерді талдай отырып, Кедер
қаласының орны деп Құйрықтөбені санайды [14, с. 86].
1405 ж. Әмір Темір әскері Шілік елді мекеніне дейін барғаны айтылады.
В.В. Бартольдтың Шараф ад-дин Әли Йаздидің қолжазбасында және Шахрух
анонимінде аталатын елді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отырарда жүргізген жұмыстары нәтижесінде
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
Сырдария өзенінің орта ағысындағы қалалар мен елдімекендерде бұрын және соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер кезінде алынған деректер
Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар
Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі
Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы – Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеудің жаңа кезеңі
Көне қала отырар
Орта ғасырдағы қала мен дала
Саурандағы археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілуі және зерттеулер барысынданда аршылған нысандар
Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы
Пәндер