ПРОФЕССОР И. Н. БЕРЕЗИНГЕ ХАТ



1 Тақырыбы жоқ алғашқы қолжазба
2 Тоқтамыстың билік еткен жылдары туралы Уәлихановтың жұмысы
3 Орта Азияда әулеттің қалыптасуы
Тақырыбы жоқ алғашқы қолжазба қағаздардың арасында сақталған, кейіні-рек, «Черновые записки Валиханова по востоковедению» деп аталған. Үзінді хан жарлықтарында кездесетін кейбір тарихи-этнографиялық терминдерді анықтау бойынша Н.Ф. Костылецкий арқылы өтініш жасаған шығыстанушы И.Н. Березиннің хатына жауап ретінде жазылған. Уәлихановтың берген жауабы қай кезде жазылғаны белгісіз. Бірақ мазмұны бойынша ол И.Н. Березиннің «Ханские ярлыки» (Қазан, 1850 ж.) кітабы жарыққа шыққандағы әсерде жазылған. Жауапта Тоқтамыс жарлығынан кездесетін бірқатар көне сөздерге түсініктеме берілген. Уәлиханов өзінің айтқандарын негіздеу үшін Жалаиридің «Жылнамалар жинағынан» мәліметтер келтірген.
УШЖ, т.1, 121-130 бб. бойынша басылып отыр; алғашқы қолжазба үзіндісі ЦГАЛИ, (Ф. 118, Оп. 1, №469, СС. 10-14) сақтаулы.
1 Березин Иван Николаевич (1818-1896) - орыс шығыстанушысы, 1846 жылдан бастап Қазан университетінің профессоры, ал 1858 жылдан Санкт-Петербор университетінің профессоры.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ПРОФЕССОР И. Н. БЕРЕЗИНГЕ ХАТ
Тақырыбы  жоқ алғашқы қолжазба қағаздардың арасында сақталған, кейіні-рек,
Черновые записки Валиханова по востоковедению деп аталған. Үзінді хан
жарлықтарында кездесетін кейбір тарихи-этнографиялық терминдерді анықтау
бойынша Н.Ф. Костылецкий арқылы өтініш жасаған шығыстанушы И.Н. Березиннің
хатына жауап ретінде жазылған. Уәлихановтың берген жауабы қай кезде
жазылғаны белгісіз. Бірақ мазмұны бойынша ол И.Н. Березиннің Ханские
ярлыки (Қазан, 1850 ж.) кітабы жарыққа шыққандағы әсерде жазылған. Жауапта
Тоқтамыс жарлығынан кездесетін бірқатар көне сөздерге түсініктеме берілген.
Уәлиханов өзінің айтқандарын негіздеу үшін Жалаиридің Жылнамалар
жинағынан мәліметтер келтірген.
УШЖ, т.1, 121-130 бб. бойынша басылып отыр; алғашқы қолжазба үзіндісі
ЦГАЛИ, (Ф. 118, Оп. 1, №469, СС. 10-14) сақтаулы.
1 Березин Иван Николаевич (1818-1896) - орыс шығыстанушысы, 1846 жылдан
бастап Қазан университетінің профессоры, ал 1858 жылдан Санкт-Петербор
университетінің профессоры. Шығыс халықтарының, көбіне түркі-монғол
халықтарының тарихы мен филологиясы туралы көптеген еңбектердің авторы.
1848-1853 жылдары ол Библиотека восточных историков деген жалпы атаумен
шығармалар жинағын шығарды, оған Шейбани наме, Жалайыридің Жами;ат
таварих (Жылнамалар жинағы) және Әбілғазының Шежіре-и-түрк сияқты тарихи
шығармалар кірді. Березиннің үлкен еңбегі 1853-1888 жылдары жариялаған
монғол дәуірінің тарихшысы Рашид-аддиннің Жылнамалар жинағын баспа бетіне
шығарғаны.
Березиннің өзге шығармаларының ішінде ең маңыздысы Турецкая хрестоматия
еңбегі (т. 1-3, 1857-1876 жж.), оған қазақтардың, өзбектердің,
түрікмендердің және Орта Азияның өзге халықтарының төл туындылары кірді.
Березин көптеген тілшілермен, ғалымдармен байланыста болып, түркі тілдес
халықтардың әдеби мұра, естеліктерін жинады. Әсіресе, Сібір кадет
корпусының оқытушысы, Қазан университетінен Н. Ф. Костылецкиймен ол өте
тығыз байланыста болды, сол арқылы қазақ халқының әдебиет үлгілерін алып
отырды. Костылецкий Березинге Ш. Ш. Уәлихановпен іскерлік байланыс орнатуға
көмектесті. (Березин туралы қараңыз: В. В. Бартольд. И. Н. Березин как
историк. Соч., М, 1977, 9 том, СС. 737-756; А. Н. Самойлович. И. Н. Березин
как тюрколог. ЗКВ, 1 том, 1925, СС. 161-172; С. А. Венгеров. Критико
биографический словарь русских писателей и ученых, 3 т, СПб, 1892,
(автобиография); Биографический словарь профессоров и преподователей
Казанского университета (1804-1904), под ред.Н. П. Загоскина, 1 ч. (Казань,
1904).
2 Костылецкий Николай Федорович (1818-1869) - кадет корпусының алдыңғы
қатарлы оқытушыларының бірі, орыс революционер демократтардың қызу жақтасы
болған, Ш. Ш. Уәлихановтың досы әрі ұстазы. Костылецкий алдымен Омбы әскери
училищесінде білім алған, кейіннен Қазақ университетінің шығыстану
факультетінде оқып, шығыс филологиясының магистрі болып шыққан. Қазақ
тілімен қоса ол өзге түркі, араб және парсы тілдерін жетік білген.
Костылецкий Сібір кадет корпусында оқыған қазақ жастарының үлкен тобына
ұстаздық еткен. 1865 жылы Сібір сепаратистері ісі бойынша айыпталған ол
кадет корпусынан қуылады.
3 Тоқтамыс (1406 жылы дүние салған) - Шыңғысханның ұрпағы, XIV ғасырдың 70
жылдарындағы феодалдық қақтығыстар кезінде Орыс ханның қудалауынан қашып,
Орыс ханның бәсекелесі болған Самарқандтағы Темірді паналайды.
1831 жылы Тоқтамыс Алтын Ордада төңкеріс жасап, ондағы уақытша билеуші
Мамайды жеңіп, Дешті Қыпшақтың ханы болады. Куликово шайқасында әлсіреп
қалған Алтын Орданың бұрынғы қуатын қалпына келтіру үшін Тоқтамыс батысқа
бірнеше шабуыл жасайды, ұлы князь Ягайло қайтадан оған бағынышты болады.
Билігін күшейткен соң Тоқтамыс өзінің кезіндегі қолдаушысынан бас тартып,
Темірдің мүддесіне қайшы келетін жеке саясатын жүргізе бастайды.
Тоқтамыстың билік еткен жылдары туралы Уәлихановтың жұмысында келтірілген
жарлықтар мен Алтын орда қалаларында Тоқтамыс шығартқан тиындар нақты
мәлімет береді.
Тоқтамыстың Ягайлоға жарлығы Әмір Темірмен Құндызшы өзеніндегі шайқасынан
(1391) кейін жазылған және қыпшақ тіліндегі көне дипломатиялық хат
үлгілерінің бірі (қараңыз: И. Н. Березин. Ханские ярлыки, т. II; Тарханные
ярлыки Тохтамыша и Темир Кутлуга и Саадат Гирея. Қазан, 1851; В. В. Радлов.
Ярлыки Тохтамыш-хана и Темир Кутлуга, ЗВОРАО, т. III вып. 1, СС. 1 40;
Ярлыки Тохтамыш хана и Саадат Гирея Я. Ярцева аудармасы, В. В. Григорьев
ескертпелерімен. Одесса, 1844; Б. Д. Греков, А. Ю. Якубовский. Золотая Орда
и ее падение. М-Л, 1950, СС. 103 105, 112-113).
4 Ягайло Ольгердович (1434 ж. қайтыс болған) - Литваның ұлы князі, 1386
жылдан бастап Польша королі.
5 Темір Құтлық (1400 ж. қайтыс болған) - Орыс ханның немересі, Темір
Мәліктің ұлы, Едігенің жиені; Тоқтамыстың күшті қарсыластарының бірі,
кейіннен Алтын Орданың ханы болған (1395-1400). 1395 жылға дейін Темір-
Құтлығ Ақ Орданың аз танымал ханзадасы (оғлан), кейіннен атасының ежелгі
жауы Әмір Темірге қосылып, көтеріле бастады. 1395 жылы Тоқтамысты
талқандағаннан кейін Темір оны Дешті Қыпшақтың ханы етті. Темір Құтлығ
шартты түрде басқарды, іс жүзінде билік еткен нағашысы Едіге. Бізге Темір
Құтлығтың атынан Сарай әл Жадидте, Орда әл Жадидте, Сарайда, Қажы Тарханда,
Ескі Қырымда, яғни Алтын Орданың барлық аймағында 1397 1400 жылдары
шығарылған тиындар келіп жетті. (қараңыз: И. Н. Березин. Ханские ярлыки, т.
II; В. В. Радлов, Ярлыки Тохтамыша и Темир Кутлуга, СС. 1-40; Б. Д. Греков,
А. Ю. Якубовский, Золотая Орда и ее падение. М. - Л., 1950, СС. 103-109).
6 Саадат Гирей - Қырым ханы. (1523 1527 ж.), Меңлі Гирейдің ұлы, Қырым
Гирейлерінің феодалдық әулетінің негізін қалаушы Қажы Гирейдің немересі.
Мәскеуге жасаған сәтсіз шабуылынан кейін князьдер орнынан алып тастады,
содан Түркияға қашуға мәжбүр болды. (қараңыз: Н. М. Карамзин, История
государства Российского, т. VII, СПб, 1892, СС. 128-151). И. Н. Березин
жариялаған оның жарлығы 1523 жылы жазылған (ЗООИД, 1849).
7 Өздерін Алтын Орданың татарлары деп санайтын қазақтар емес, тек ақ
сүйектерге жататын Шыңғыс ұрпақтарының әлеуметтік тобы осылай атанады.
8 Идегей (дұрысы: Едіге, әдебиеттерде сондай-ақ: Едигуй, Идигу, Идиге,
Идеке, т. б. 1340 1419) - Орыс хан өлтірген Қаратаулық Құмкент қаласының
билеушісі Құтлу Қабаның ұлы; Ақ Орданың маңғыт тайпасынан шыққан ықпалды
әмірі, бек. Тарихи сахнада Тоқтамыспен бірге феодалдық қақтығыстар кезінде,
Ақ Орда Жошы ұлысынан (Алтын Ордадан) бөлініп шыққан кезде пайда болған.
Осы қақтығыстар кезінде Алтын Орда тағына негізгі үміткерлердің бірі
Тоқтамыстың оппозициялық тобына қосылады. Орыс ханды тастап, әкесімен
байланысын үзіп, Едіге Тоқтамыспен дос болып, сонымен бірге Темірге келеді.
Алтын Орда билігі Тоқтамыстың қолына көшкен тұста ол әріптесінен бас
тартып, өз жиені Темір Құтлықпен бірге одан қашып, Әмір Темірге қызмет
етіп, оның Тоқтамысты жеңуіне жәрдемдеседі. Тоқтамысты жеңгеннен кейін
(1391 ж.) Едіге Темірді тастап Алтын Ордадағы билікті қолына алып, іс
жүзінде басқара бастайды, ол өз билігін хан Темір Құтлықтың және өзге
жиендерінің атынан жүргізіп отырған.
1399 жылы Едіге Ворскл өзені маңында Литва әскерін жеңеді, 1409 жылы
Ресейге жорық жасап, көптеген қалаларды қиратады, Мәскеуді қоршайды, бірақ
оны ала алмайды. 1410-1411 жылдары Ордадағы билік қайтадан Тоқтамыстың
ұлдарының қолына тиеді, Едіге аз уақытқа Хорезмді паналайды. Оны көп уақыт
өтпей Сарайшықтың маңында Тоқтамыстың ұлы Қадырберді өлтіреді. (қараңыз: Ш.
Ш. Валиханов. Сочинения. СПб, 1904, С. 224, В. В. Бартольд, Отец Едигея,
ИТОИАЭ, т. І (58). Симферополь, 1927, СС. 18-23; Соч., т. 2, ч. 1, М.,
1963, СС. 797-804; Жирмунский В. М. Сказание об Идиге. - Тюркский
героический эпос. Л. 1974, СС. 351-386).
9 Әмір Темір (Ақсақ Темір, Тимур) (1336-1405) - әмір, Орта Азияның шектес
аймақтары мен Мәуреннахрдың билеушісі, әйгілі жаулап алушы және қолбасшы;
барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің ұлы. 1370 жылы Әмір Темір ұлы әмір
атағын алып, Шыңғыс ұрпағы атынан мемлекетті жалғыз өзі билейді. Ол
көшпенді тайпалар мен рухани өкілдерге сүйенеді. 1388 жылы Хорезмді алады,
үлкен үш жорықтан кейін (1389, 1391, 1394-1395) Алтын Орданы талқандайды.
Орта Азия елдерін біріктіруге жұмсаған мемлекеттік қайраткерлігін Темір
көрші елдерге жасаған әскери шабуылымен ұштастыра алған. Өмірінің соңғы
жылдарында Әмір Темір мемлекеті Мәуреннахр, Хорасан, Кавказ елдері мен
Парсы елдерін, Пенджабты қамтиды.
10 Орақ Мырза - шамасы, бұл Мамайдың жиені, Мұса Мырзаның немересі ноғай
мырзасы Орақ болса керек.
11 Ер Көкше және Ер Қосай (әдебиеттерде сондай-ақ: Ир Гоше, Ир Кусай, т.
б.) - танымал батырлар, әкесі мен ұлы, кейіннен Орта жүздің құрамына кірген
уақ тайпасынан шыққан, (VIII ғ). Уәлихановтың батырлардың өз аттары
белгісіз деген ескертпесі нақты дәлелденбеген. Керісінше, Еркөкше мен
Ерқосай - қазақ халық эпосында жырланған ең әйгілі батырлар. Есіл даласын
мекендейтін уақ тайпалары әлі күнге дейін Еркөкшені өз руының басы деп
санайды. Ол жайында және оның ұлы Ерқосай жайында түрлі нұсқаларда
айтылатын қаһармандық дастандар көп. Манас эпосында Ерқосай үлкен батыр,
Ұлытауды мекен еткен халықтың әкесі (қараңыз: Ж. Көпеев. Еркөкше. РОБАН
КазССР, №929; Г. Н. Потанин. Казак-киргизские и алтайские предания, легенды
и сказки. ЖС, 1917, II-III, СС. 80-85)
12 Фирдоусидің Шахнаме (932-1020) парсы эпосына қатысты соңғы тарихи
филологиялық зерттеулер аталмыш авторда қазақ этникалық термині
кездеспейді деген қорытындыны растады.
13 Бердібек (1359 ж. қайтыс болған) - Жәнібектің баласы, Өзбектің немересі,
Жошы әулетінен шыққан Алтын Орда ханы. Оның билік құрған жылдарынан
басталған (1357-1359 жж.) аласапыранды уақыт көпке созылып, аяғында Алтын
Орданың құлауына әкелді. Аласапыранның ұйымдастырушы Бердібектің өзі, ол
алдымен әкесі Жәнібекті өлтіріп хан тағына отырды. Бұл оқиға халық арасында
Нар мойыны Бердібекте кесілді, яғни Бату әулеті Бердібек кезінде үзілді
- деген мәтелден көрініс тапқан (қараңыз: Әбілғазы Шежіре и түрк. Демезон
басыл. СПб., 1871).
14 Тамға - Орталық Азия көшпенділерінің ру тайпалық қоғамындағы меншік
белгісі. Онымен рудың малы және басқа да заттарды немесе ру мүшелерінің
қолымен жасалған қару жарақ, ыдыс аяқ, кілемдер және т. б. белгіленген;
кейінірек отбасы және жеке меншік белгісі. Хандардың жеке тамғасы феодалдық
таңба ретінде болып, олар жарлықтарды, ресми құжаттарда, мемлекеттік
мөрлерде және ақшада бейнеленіп, биліктің белгісі болды.
15 Шейбани-наме - XVI ғ. басындағы тарихи шығарма. Авторы Камал ад Дин
Али Мухаммед әл Харави, Әмір Темір сарайында қызмет еткен Бинаи деген атпен
танымал (1512 ж. қайтыс болған).
Шығармада Өзбек хандығының негізін қалаушы Мухаммед Шейбани мадақталады.
Онда сонымен қатар, Орта Азия халықтарына және Қазақстанға қатысты қызықты
мәліметтер бар (XV-XVI ғғ. қазақтардың өзбектерден бөлінген кезеңі). Алғаш
рет 1851 жылы И. Н. Березин Библиотека восточных историков сериясында
басып шығарды (I б. Қазан. 1851).
16 Ораз Мұхаммед (1610 ж. қайтыс болған) - Ондан сұлтанның баласы, Тәуекел
ханның немере інісі; орыс жылнамаларында Царевич Казачьей орды деп
аталады; 1588 ж. Сібір қаласында (төменнен қара) Сібір қаласының сұлтаны
Сеид Ахмет Бекбулатов пен Қараш мырзамен (соңынан Жылнамалар жинағы
авторы Жалайыри) бірге әскербасы Данил Чулков қолға түсірген. Сол жылы олар
Мәскеуге жіберіледі. XVI ғ. 90-жылдары Ораз Мұмаммедтің аты әскери жорықтар
мен сарай мерекелеріне қатысушысы ретінде бірнеше рет кездеседі (1590 жылы
ол шведтерге қарсы жорыққа қатысады, 1593 жылы Қырым татарларына қарсы
аттанады). 1600 жылы Борис Годунов оны Касимов қаласының (Окада) патшасы
етіп тағайындады.
Патша үкіметі сол кезде бұрынғы шығыс әулеттері ұрпақтарын шет аймақтарға
вассал ретінде пайдаланды. Осы кейбір вассалдар, мысалға, Ораз Мұхаммед шет
аймақтарды қорғаудағы қызметі үшін шекара алабындағы жерлерге ие болды.
1603 жылы Ораз Мұхаммед II Лжедмитрийге қосылады, бірақ Лжедмитрий
сарайында опасыздық жасады деген күдік тудырып сатқындықпен өлтіріледі.
(қараңыз: В. В. Вельяминов Зернов. Исследования о касимовских царях и
царевичах. СПб., 1864, ч. II. С. 398; И. Н. Березин. Библиотека восточных
историков, т. II, I б. Казань. 1854; Г. Ф. Миллер. История Сибири, т I, М.
Л., 1937, СС. 274-276, 495-496; Б. Д. Греков. А. Ю. Якубовский. Золотая
Орда и ее падение, СС. 416, 417).
17 Левшин Алексей Иракиевич (1799-1879) - орыс ғалымы және мемлекет
қайраткері, орыс географиялық қоғамының негізін қалаушылардың бірі;
қазақтардың тарихы мен этнографиясы туралы зерттеулерімен танымал, оның үш
томдық көлемді жұмысы Описание киргиз казачьих, или киргиз кайсацких орд и
степей (СПб, 1832) деп аталады.
18 Небольсин Павел Иванович (1817-1893) - орыс тарихшысы, этнограф, Сібір
тарихын, Сібір мен Орта Азияның сауда қарым-қатынастарын зерттеуші, Орыс
географиялық қоғамының мүшесі. Нақты мәлеметтерге толы көптеген
жұмыстарының ішінде көп қызығушылық тудыратындары: Очерки волжского
низовья, (ЖМВД, 1852, ч. 39); Очерки торговли России со Средней Азией
(ЗРГО, 1855, т. Х, СС. 1 442); Покорение Сибири (СПб, 1849).
19 Сейдақ (Сейд Ахмет) - Сібір ханзадасы, Бекболаттың ұлы, Едигердің
(Жәдігер) немере інісі. XVI ғ. 80 жылдары мұрагерлік таққа талас жүргізіп,
Шыңғыс ұрпағы Көшім ханға қарсы соғысады. 1588 жылы Сейдақ Ораз Мұхаммед
және Қараш мырзамен бірге тұтқынға алынып, Мәскеуге әкелінді. Оның ары
қарайғы тағдыры белгісіз. (Қараңыз: Г. Ф. Миллер. История Сибири. т. І, СС.
189-197, 274-276, 474-475).
20 Сібір (Искер, Қашлық) - Тобыл өзенінің Ертіс өзеніне құятын тұсынан сәл
жоғарыда Ертіс бойында орналасқан қала; XVI ғасырда Сібір хандығының мәдени
саяси орталығы, Көшім ханның астанасы болған. Сібірдің маңында өзге де
қалалар орналасқан Сузгун тура, Бицик тура. Сібір атауын жергілікті
тұрғындардан естіген тұтас елдің атауы жөніндегі алғашқы мәліметі бойынша
орыс әскербасылары қойған. Қаланы Ермак 1581 жылдың 26 қазанында басып
алып, түп-түгел қиратқан. Искер қаласы туралы мәліметтерді, оған
жүргізілген қазба жұмыстары туралы қараңыз: Б. Я. Пигнатти. Искер Кучумово
городище. ЕТГМ, 1915, вып. 25; А. А. Дмитриев, Кучумов Искер на Иртыше,
ИОАИЭКУ, XVI, вып. 3.
21 Қазақ ордасының сұлтаны ханзада Ораз Мұхаммедті қараңыз (16-шы
түсініктеме).
22 Көшім (1589 ж. дүние салған) - Алтын Орда шайбанилары әулетінің өкілі
Мұртазаның ұлы, Сібір Ордасының соңғы ханы. 1556 жылы Тайбұға әулетінің
өкілі Едигерді тақтан тайдырып, хан болды. Көшімнің иелігі оңтүстігінде
қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына дейін, батысында Тур (Тархан қалашығы)
өзенінің сағасына дейін, оңтүстік шығысында Барабин даласына дейін созылып,
солтүстігінде Объ Ертіс сағасымен шектескен. Көшім Батыс Сібір жазығын
жайлаған барлық халықтарға салық салып, алғаш рет мұсылман дінін енгізген.
Алайда жергілікті тұрғындар жаңа дінге енуге қатты қарсылық білдіреді.
Хандықтың мәдени және саяси орталығы Искер қаласы болды. 1851 жылы Ермактан
жеңіліп, Ертістің жоғарғы жағына қарай шегінеді. Омбының жоғарғы жағынан ол
Қара қалашық деп аталатын жаңа хан сарайын қалайды. Мәскеу патшаларының
берілу туралы көптеген ұсынысын ол үнемі қабыл алмаған. 1598 жылы күйрей
жеңіліс тапқаннан кейін Көшім Есіл даласына көшіп, одан соң ноғайларда
жүріп қайтыс болады. (қараңыз: Г. Ф. Миллер. История Сибири, т. І, СС. 197-
201, 299).
23 Қараша (дұрысы, қарашы) - жалқы есім емес, Көшімнің, кейіннен Сейдактың
кеңесшісінің дәрежесі, шын аты - Қадырғали Жалайыри.
Қараша шені орта ғасырларда хан сарайында қызмет ететін лауазымды
тұлғаларға берілетін болған. Қазақ тілінде осыдан шыққан Хан қасында
қарашы деген мәтел бар. Қарашы деген ханның ақылшысы, ой қосары деген сөз
(қараңыз: Г. Ф. Миллер. История Сибири, т 1, СС. 274-275, 487).
24 Есипов Савва - Тобыл архиепископының хатшысы, жылнамашы. Оның
жылнамалары 1636 жылы жазылған және екі редакциямен сақталған: негізгі және
тым ұзақ. Негізгі редакция 35 тақырыптан тұрады, Сібірді жаулап алу
тарихынан басталып, Көшімнің қазасымен аяқталады. Кең редакциясында
Ермактың іс әрекеті мен Сібірді жаулауы барынша кең баяндалған. Есиповтың
жазбаларын алғаш тарихшы Миллер пайдаланып, Г. И. Спасский мен И. И.
Небольсин басып шығарды.
25 Ұлыс - бастапқыда белгілі бір тайпаның жерінде құрылған тайпалық одақ
болған. Ортағасырларда - жекелеген иеліктер (Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы,
т.б.). Кең мағынасында бұл сөз мемлекет, халық, ұлт деген түсінік береді.
Қазақтар жалпыхалықтың мерекені бұрындары ұлыстың ұлы күні - яғни, тұтас
ұлттың, халықтың мерекесі деп атайтын.
25 Ақназар (Хақназар) (1538-1580) - Қасымның ұлы, әз Жәнібектің немересі,
XVI ғасырдың ықпалды хандарының бірі. Оның тұсында хандық билік күшейіп,
бір орталыққа бағындырылған, қазақ, қырғыз, ноғайлар Бұхар ханының жаулап
алушылық әрекетіне қарсы тұрған. Өзара қақтығысқан феодалдық соғыста мерт
болды.
26 Шығай (1582 ж. дүние салған) - Жәдіктің ұлы, Қасым ханның немересі, XVI
ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ханы. Ташкент билеушісі Баба сұлтанмен
жауласа жүріп, Бұхар ханы Абдулламен одақ құрады. Оған Баба сұлтанмен
күресуге жәрдемдеседі. Баба сұлтан одақтастардың қудалауынан қашып, Ұлытау
тауларын паналайды, сонда қаза табады. Өмірінің соңына дейін Шығай
Абдолланың әріптесі болады. Сол үшін бұхар ханы оған Күміскентті сыйға
тартады, сол жерде қартайып қаза табады.
28 Қасым хан (1523 ж. дүние салған) - қазақ ханы, Жәнібектің ұлы, Орданың
соңғы билеушісі Барақтың немересі. Әкесінен хан тағын мұра еткен соң Қасым
хан Жошы ұлысының шығыс бөлігіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уәлиханов – фольклоршы
Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі
Шоқан және оның шығыстанулық зерттеулері
Шоқан Уалиханов Ұлы ғалым
Шоқан шыңы
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы
Ш.Уалиханов өмірі мен еңбектері
Шоқан - ағартушы
Уәлиханов Шоқан (шын аты-Мұхаммедханафия) Шыңғыс ұлы
Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Пәндер