Педагогикалық технологияның міндеті мен рөлі



1 Оқытуды ұйымдастыруда технологиялық ықпал ету
2 Технологиялық жобалау негізінде білім беру үрдісін басқару
3 Педагогикалық технология мәселелерін зерттеушілер
Г. Е. Муравьева білім беруде технологияландыру бағыты білім беру үрдістерінің реттілігін, басқарылатындығын далелденді деп есептейді.
Педагогикалық технологияның міндеті мен рөлі туралы жоғарыда айтылғандармен келісе отырып, толықтыру қажет деп есептейміз, білім беру іс-тәжірибесіне технологиялық ықпал етуді енгізуде болатын мүмкіндіктер: біріншіден, жекелеп және саралап оқыту арқылы балаға тұлғалық ықпал етуге және оны өз оқу жолын құруға тартуда мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
Екіншіден, ПТ негізінде ОТҮ-ні ұйымдастыру - баланы оқу іс-әрекетінің ғылыми негізделген ұтымды тәсілдеріне үйретеді, мұның қазіргі жағдайда тұлғаны одан әрі әлеуметтендіруде пәндік ББД- а қарағанда маңызы кем емес (егер көбірек болмаса).
Үшіншіден, ПТ мұғалімнің беделін көтереді, бәсекеге төтеп бере алмайтын ақпарат берушіден кәсіби менеджерге, оқушының білім алатын іс-әрекетін басқарушы маманға айналдырады.
Төртіншіден, технологияландыру психосоматикалық аурулар санын төмеңдетеді және оқытудың нәтижелілігін арттырады. Себептері - оқу үрдісін айтарлықтай қарқынды күшейту (интенсифтендіру) мен мектепте қолайлы психогигиеналық тәртіп құру.
Бұл неліктен мүмкін? Технологиялық ықпал оқу үрдісін дәстүрлі ұйымдастырудың ғылыми талдамасын ұқыпты жасауды, мәселені айқындап табу мен оларды жоюды ұсынады.
Мысалы, кез келген оқу пәнінің курс құрылымының талдамасы көрсеткендей, әдетте тақырыптар демалыстармен (каникулдар) үзіледі. Бұл оқыту сапасына әсер ете ме? Әрине, одетте соңғы сабақта оқу үрдісін ұйымдастырудың белгілі срекшеліктері бар болғандықтан (тоқсандық бағаларды шығару, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс, мектептегі жинастыру жұмыстары және т. т.), курстың келесі тақырыбы оқытылмайды. Тоқсандағы бірінші сабақтың да өзіндік ерекшеліктері бар. Балалар демалыста оқып үйренгендерін ұмытып қалады, сондықтан мұғалім еріксіз қайталаумен айналысады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Г. Е. Муравьева білім беруде технологияландыру бағыты білім беру
үрдістерінің реттілігін, басқарылатындығын далелденді деп есептейді.

Педагогикалық технологияның міндеті мен рөлі туралы жоғарыда
айтылғандармен келісе отырып, толықтыру қажет деп есептейміз, білім беру іс-
тәжірибесіне технологиялық ықпал етуді енгізуде болатын мүмкіндіктер:
біріншіден, жекелеп және саралап оқыту арқылы балаға тұлғалық ықпал етуге
және оны өз оқу жолын құруға тартуда мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
Екіншіден, ПТ негізінде ОТҮ-ні ұйымдастыру - баланы оқу іс-әрекетінің
ғылыми негізделген ұтымды тәсілдеріне үйретеді, мұның қазіргі жағдайда
тұлғаны одан әрі әлеуметтендіруде пәндік ББД- а қарағанда маңызы кем емес
(егер көбірек болмаса).
Үшіншіден, ПТ мұғалімнің беделін көтереді, бәсекеге төтеп бере
алмайтын ақпарат берушіден кәсіби менеджерге, оқушының білім алатын іс-
әрекетін басқарушы маманға айналдырады.
Төртіншіден, технологияландыру психосоматикалық аурулар санын
төмеңдетеді және оқытудың нәтижелілігін арттырады. Себептері - оқу үрдісін
айтарлықтай қарқынды күшейту (интенсифтендіру) мен мектепте қолайлы
психогигиеналық тәртіп құру.
Бұл неліктен мүмкін? Технологиялық ықпал оқу үрдісін дәстүрлі
ұйымдастырудың ғылыми талдамасын ұқыпты жасауды, мәселені айқындап табу мен
оларды жоюды ұсынады.
Мысалы, кез келген оқу пәнінің курс құрылымының талдамасы
көрсеткендей, әдетте тақырыптар демалыстармен (каникулдар) үзіледі. Бұл
оқыту сапасына әсер ете ме? Әрине, одетте соңғы сабақта оқу үрдісін
ұйымдастырудың белгілі срекшеліктері бар болғандықтан (тоқсандық бағаларды
шығару, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс, мектептегі жинастыру жұмыстары
және т. т.), курстың келесі тақырыбы оқытылмайды. Тоқсандағы бірінші
сабақтың да өзіндік ерекшеліктері бар. Балалар демалыста оқып үйренгендерін
ұмытып қалады, сондықтан мұғалім еріксіз қайталаумен айналысады.
Оқыту үрдісін дәстүрлі ұйымдастырудың әлсіз буыны бұл мәселе емес пе?
Технология бұл міндетті шешеді және оқу мезгілінің 12 пайызын үнемдейді.
Технология оқу үрдісін ұйымдастырудың ғылыми негізделген, ұтымды
бастамасы болғандықтан, оны қарқынды күшейту шараларын қамтамасыз ете
алады. Қарқынды күшейту аз уақыт аралығында көп мөлшерде тапсырмалардь
орындауға мүмкіндік береді. Ал бұл оқушылардың шамадан көп жүктемесін
азайтады, олардың жұмысқа қабілеттілігі және шаршағыштығын тұрақтандырады,
аурушаңдықты азайтады және оқытудың нәтижелігін арттырады, яғни бұл білім
беру сапасының өсуіне алып келеді.

Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Мектепте педагогикалық үрдісті
ұйымдастыруға дәстүрлі ықпал етуде уақытты тиімсіз пайдалану мәселелерінің
болатындығы жасырын емес, олардың көбісі оқыту технологияларымен жойылуда.
Оқытуды ұйымдастыруда технологиялық ықпал ету оқу үрдісінің
қарқындылығын арттырып қана қоймайды, сонымен қоса оның тиімділігін
қамтамасыз етеді.
Тиімділіктің көрсеткішінің бірі ретінде нәтижелілікті жиі қолданады.
Нәтижелілік оқыту үрдісінің нәтижелерінен көрінеді және өзгерулермен,
білімнің, біліктілік, дағдының өсуімен, сондай-ақ дүниеге көзқарасының
дамуымен, білімдарлық, ментальдық, оқуға икемділік, кәсіби бағыттылықпен
және т. б. сипатталады.
И.П.Подласый атап көрсеткендей, дәстүрлі педагогикалық жүйенің
нәтижелігі 60 пайыздан артпайды. Бұл, егер мұғалім өз ісінің шебері болса,
оқушылардың 60 пайызы ББМС бекіткен оқу материалын меңгере алатынын
көрсетеді. Қатардағы мұғалімнің нәтижелілігі төмен, білім беру жүйесінде
қоғам талаптарына жауап бере алмайды.
Басқа көрсеткіштер ресурстық шығындар (уақыт, ІІедагогикалық үрдіске
қатысушылардың күш салуы, қаржылар және т.т.) болып табылады.
У.Джек Дункан тиімділік деп аз шығын жұмсалғандағы барынша жоғары
нәтижені айтады.
Сонымен, оку-тәрбие үрдісін (ОТҮ) ұйымдастырудың тиімділігін қаржылық
шығындардың нәтижелілікке қатынасы деп анықтауға болады.
Кейбір мектептерде мұғалімнің жұмыста ашушандыққа бой ұруы,
оқушылардың сабаққа немқұрайлы қарауы, ал өнімділіктің 60 пайыздан
төмендеуі жағдайында оқу үрдісінің тиімділігі неге тең болады?
Оқу үрдісінің тиімділігі мәселесін шешу - технологиялық ықпалға
негізделген оның ұйымдастыру амалдарын, балама тәсілдерін іздестіруге
бағытталған.
Қазіргі заманғы оқытудың инновациялық технологиялары ғана білім
берудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады (оқу үрдісінің басқарылуын
арттыру есебінен), себебі, технологияның басты бағыты - басқару, бірге
басқару және білім беру үрдісінде оқушының оқу іс-әрекетін, өзін-өзі
басқаруы.
Е.Б.Куркиннің атап айтуынша, технологиялық басқару - басқарудың
табысты болуына кепілдік береді және жетік білмейтін шешімдер мен
әрекеттерден сақтайды. Технологиялық басқару - басқару шараларын
қолдануымен ерекшеленеді - ол басқару үрдістерін іске асырудың қадамдарын
жүйелі түрде құжатпен бекіте отырып, оның құрамын, реттілігін, оны құраушы
әрекеттердің мазмұнын анықтайды.

Технологиялық жобалау негізінде білім беру үрдісін басқару-бұл сапалы
білім алу кепілі, дәстүрлі мектептерді құзырлы-жобалыға қайта ұйымдастыру
мүмкіндігі. Бұл педагогикалық технология теориясын әзірлеуді және олардың
механизмдерін таңдау, игеру және енгізу мәселелерін өзектендіреді.
Педагогикалық технологиялар ұғымы замануи педагогика тіліне берік
енді, дегенмен, қазіргі уақытта оны толықтыратын, анықтайтын
көптеген түсініктері бар, бірақ көбіне біріне-бірі қарама-қайшы келеді.
• Технология - бұл қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын
тәсілдер жиынтығы (түсіндірме сөздік).
• Педагогикалық технология - психологиялық-педагогикалық
нұсқаулар жиынтығы - тәрбие құралдарын, оқыту тәсілдерін, амалдарын,
әдістерін, түрлерін күрастыруды арнайы анықтайтын жиынтық;
ол педагогикалық үрдістің ұйымдастырушы-әдістемелік аспабы
(Б.Т.Лихачев).

• Педагогикалық технология - бұл оқу үрдісін іске асырудың мазмұнды
техникасы (В. П. Беспалько).
• Педагогикалық технология - бұл білім беру түрлерін оңтайлауды өзінің
міндеті етіп қоятын техникалық және адами ресурстар мен олардың өзара
әрекетін ескере отырып барлық оқыту үрдісі мен білімді меңгеруді
анықтаудың, құрудың, қолданудың жүйелі әдісі (ЮНЕСКО).
• Педагогикалық технология арнайы және ықтимал туындайтын
педагогикалық нәтижелерге жетуде педагогикалық жүйені
ұйымдастырудың барлық жақтарымен байланысты теория мен іс-тәжірибені (білім
беру жүйесі шеңберінде) зерттеудің саласы. (П. Митчел).
• Жаңа педагогикалық технология - бұл мектеп іс-тәжірибесі мен
педагогикалық ғылымның дамуындағы сабақтастықты сақтау жағдайында
педагогика мен әдістеменің аспаптық және методологиялық құралдарының
түбегейлі жаңаруы (В. М. Монахов).
• Педагогикалық технология, білімді меңгерудің барлық жайларын
қамтитын, мәселені шешуді басқару мен бағалау, қамтамасыз ету, жоспарлау
мен мәселені талдау үшін адамдарды, идеяларды, құралдар мен ұйымдастыру іс-
әрекетін қоса қамтитын кешенді кіріктірілген үрдіс (АҚШ-тың педагогикалық
қатынастар мен технологиялар жөніндегі қауымдастығы).
• Технология - бұл іс-әрекетті ұйымдастыру мен оны жүзеге асырудың
құралын таңдау ережесі (В. В. Гузеев).
• Педагогикалық технология - педагогикалық үрдістің тиімділігін
арттыру үшін нысандарды, тәсілдерді, құралдарды, оқиғалар немесе
қатынастарды қиыстыра немесе жекелей мақсатты қолдану (М. Вульман).
• Технологиялар - оқу үрдісін басқаруды, оның тиімділігін,
болжалды нәтижені қамтамасыз ететін белгілі ұйымдастырушылық және
дидактикалық кешендер (Е. Б. Куркин).
• Оқыту технологиясы (педагогикалық технология) алдын ала берілген
сипаттамалар негізінде дидактикалық үрдістерді дәл құрылымдауда,
ұстанымдарды айқындап, тиімді жүйелер құруда ғылыми-зерттеу
саласының дидактикадағы бағыты ретінде түсіндіріледі (И.П.
Пидкасистый).
• Технология - нәтижесінде алға қойған мақсат орындалып, іс-
әрекет нысаны өзгеретін іс-әрекет (Н.Стефанов).
• Технология - алға қойған мақсатқа жетуде, басқару механизмінің
элементі мен ғылымның абстрактілі тілін алға қойған мақсатқа жетуде нақты
тілге аударудың құралы (А. Афанасьев).
• Технология - нақты күрделі үрдісті өзара байланысты бірізді шаралар
мен әрекеттерге бөлшектеу жолымен бір мағынада жүзеге асыру тәсілі (М.
Марков).
• Технология - әлеуметтік жоспарлау мен даму, әртүрлі әлеуметтік
мәселелерді шешу барысында қойылатын мақсаттарға жету үшін
қолданылатын тәсілдердің, әдістердің, ықпалдардың жиынтығы (Л. Ионин).
• Педагогакалық технология — бұл педагогикалы үрдісті іске
асыратын және ұйымдастыратын жоба (алгоритм) (Г. Т. Хайруллин).
• Технологияны алға қойған мақсатқа жетуге кепілдеме беретін, оқытушы
мен оқушы арасындағы өзара әрекеттің артығырақ немесе аздап қатаң
бағдарламаланған (алгоритмделген) үрдісі ретінде қарастыруға болады (М,
Махмутов).
• Педагогикалық технология педагогикаға жүйелі ойлау әдістерін,
ойлауды жүйелендіруді енгізуді ұсыну болыл табылады (Т. Сакамото).

• Технология - негізделген педагогикалық жағдай үлгісінің жүзеге
асуы, заңға үйлесімді нәтиже берудегі, заңды үйлесімді іс-әрекет (В.В.
Сериков).
• Педагогикалық технология - оқу жоспары мен бағдарламаларда
қарастырылған, олардың жұмыстарының әрбір кезеңінде болатын білім мазмұны
мен түрлі іс әрекеттерді, кездесетін өзгерістер мен жаңалануды меңгеруде
кәсіби ұстаздардың жетекшілігімен оқушылардың өзі және өзара оқу үрдісі (Г.
М. Кусаинов).
Сонымен, ПТ деп құру жиынтығы, қабылдау тәсілдері әдістері мен әсер
ету жиынтығын, мазмұнды техникасы, жүйелі әдістері, зерттеу саласы,
іс-әрекеті, іс-әрекетті ұйымдастыру ережелері, басқару механизмінің
элементтері, іске асыру әдістері, ғылыми жобалау, жобалау,
ұйымдастыру және дидактикалық кешенді атайды. ПТ алгоритмдік парадигмада
- алдағы жобаланған нәтижелерге жетуге кепілдеме беретін педагогикалық
актілердің бірізділігі.
Біз, педагогикалық технологиялардың білім беру үрдісін ғылыми негізде
басқарудың - басты мәні мен міндетіне сүйенеміз. Сондықтан технологияны
қатаң айқын бағдарланған шаралары мен ережелері бар, негізгі дидактикалық
үрдістермен өзара байланысты қамтамасыз ететін және бағдарланған нәтижеге
кепілдік беретін жоба негізінде оку үрдісінің сапасын басқару деп
анықтаймыз. Басқаруға талдама, жобалау, ұйымдастыру мен мотивациялау,
бақылау мен түзету кіреді. Мұғалім тарапынан оқу үрдісін
технологияландыруды болжау; технология теориясын меңгеру мен талдау;
курстың оқу бағдарламасының талдамасы; оқу курсын нақты дидактикалық модуль
шеңберінде жобалау, мысалы: тақырыптары (мақсатты жобалау, диагностиканың
мазмұны, сабақтан тыс іс-әрекеттер мен түзету іс-шаралары, тақырыптың
қисынды құрылымы) талап етіледі;
• мұғалім мен оқушының өзара әрекетін заңды түрде ұйымдастыру, яғни
оқыту үрдісін қатаң белгіленген тәртіп пен ережелер бойынша ұйымдастыру;
• жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартында қарастырылған
оқу материалын оқушының меңгеру деңгейін (бақылау;
• жобаның тиімділігін бақылау;
• жобаны және оқушының үйрену іс-әрекеттерін түзету;
• оқушы іс-әрекетінің табысты мотивациясының механизмін
жасау (мысалы, білімді бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізу);
тексерістен айқындалған күтілетін нәтижелердегі
ауытқуларды түзету.
Біз В. В. Сериковтың пікірімен келісеміз, ол ПТ негізіне бала
бойындағы (ойлау түрлері, білім жүйесі, тәртібі, тұлғалық қасиеттері)
қалыптасатын сапалардың даму заңдылықтары туралы білім мен осы
заңдылықтарға сай педагогикалық іс-әрекетті құру жатады (осыдан шығатын
анықтама: технология - бұл заңға үйлесімді педагогикалық іс-әрекет!). Ал
педагогикалық технологиялар шараларының жұмсақ немесе қатаң болуы
сапаның даму заңдылықтарына байланысты. Мысалға, білімнің қалыптасуы үшін
қатандық қажет (жоғарғы шапшандық, бағдарлау шекарасы және т.т.).
Тұлғалық касиеттердің қалыптасуы үшін - бұл міндетті емес.
Осымен бірге, көптеген зерттеушілер, қазіргі заман ғылымы тұлғалық
қасиеттің қалыптасу үрдісін технологияландыруға болмайды деп болжайды. Е.
Б. Куркин: Білім беруде XX ғасырдың барлығы жекелендіру мен тұлғаға
бағыттау туының астында өтті. Бұл мәселе бойынша көптеген жаңашыл-
мұғалімдер еңбек етсе де ..., алынған тәжірибе аз технологияландырылған,
кейде жай саны да анықталмайды - жекелік сипат
тән деп айтады.
Сонымен қатар, сынып жетекшілерін ұйымдастыруда (Н.М.Борытко),
тұлғалық қасиеттер сапасын дамыту мен білім беру ұйымдарын басқаруда
технологиялық ықпалды қолдану педагогикалық немесе басқару іс-әрекетінің
тиімділігін арттыруға әсерін тигізеді деп есептейміз.
Педагогикалық технология мәселелерін зерттеушілер К. Ричмонд,
П.Д.Мигчел, Р.М.Томас дамып келе жатқан ПТ

анықтамасының тиянақтылығын, ұғымдардың ілгері жылжуында
көмескіленетін шекарасын атап көрсетеді.
В.И.Боголюбов те зерттеушілердің ПТ шекарасын көмескілену бағытын,
жалғастыруына көңіл аударды. В.В.Краевский, Г.Т.Хайруллин, М.А.Глагузова,
Н.Л.Коршунова, Г.М.Қусаиновтар білім саласындағы негізгі педагогикалық
категориялар қатаң да жүйелі түрде болуы қажет болса да, педагогикалық
теорияда апатты субъективті және жеке қарама-қарсы түсіндірулердің
басымдығына байланысты көптеген ғылыми даулар мен түсініспеушіліктердің
болу себебі негізгі педагогакалық категорияларды түрліше түсінуден деп атап
көрсетеді.

Г.К.Селевко технология жайларын талдай отырып мынандай қорытындыға
келді: педагогикалық технология оқытудың ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым
ретінде оқытуда қолданылатын реттеушілер мен ұстанымдар, әдістер жүйесі
ретінде және шынайы оқыту үрдісі ретінде қызмет атқарады деген қорытындыға
келді. Ол педагогика; технология ұғымында иерархиялық (сатылық) үш
бірлескен деңгейді анықтайды: жалпы педагогикалық технологилар оқу орындары
жүйесінде, немесе жеке оқу орындарын немесе оқытудың белгілі бір сатысында
біртұтас білім беру үрдісін қамтиды; жеке пәндік технологиялар тек бір пән,
сынып, мұғалім шеңберінде іске асырылады; жергілікті технологиялар оқу-
тәрбие үрдісінің жеке бөліктерінің технологиясы ретінде көрсетіледі.
Бұл жерде оқыту үрдісін технологияландыруға ғылыми тұрғыдан қарау
қажеттілігімен келіспесе болмайды, алайда, Г. К. Селевко технологияны әрі
ғылым, әрі әдістер жүйесі, сонымен қатар оқыту үрдісінің өзі деп атайды. Ол
технологаяларға соңғы отыз жыл ішінде құрылған инновациялық тұжырымдамалар
мен тәрбиелеу дамыту мен оқыту жүйелерін жатқызады, олардың негізгі
ерекшеліктерін бөліп көрсетпейді (жобаның бар немесе жоқ болуы, мақсатты
жобалау операционалдығы және т. б).
В.И.Боголюбов ПТ педагогикалық теория мен іс-тәжірибенің барлық
салаларымен байланысы (қатынасы) бар, білім беру тиімділігін арттыру үшін
қолданылатын идеялардың, тенденциялардың, тұжырьмдардың, жүйелердің
амалдардың, әдістердің, тәсілдердің және оқыту құралдарының пәнаралық
конгломераты деп анықтайды. М.Е.Бершадский мен В.В.Гузеев ПТ генезисін
қарастыра отырып, үш педагогикалық парадигмаға тоқталады.
1. Дәстүрлі жеке әдістемелік ықпал (эмпиризмдік (сезімдік-тәжірибелік)
парадигма). Авторлардың айтуынша бұл кезең жалғасып келе жатқанымен,
көпшілік ғалымдар мен тәжірибе адамдары жеке әдістемелер уақыты өткен деген
көзқарасты қабылдайды.
2. Педагогикалық технология (алгоритімдік технология). Педагогикалық
технологияның түпкі мәселесі - диагностикалы және операционалды көрінген
мақсаттар ретінде оқыту нәтижесін жоспарлау және оқыту үрдісі нәтижесін
үздіксіз диагностикалау.
Зерттеушілердің атап көрсетуінше, бұл бағыттағы жұмыс қырық жылдан
артық тоқтаусыз жүргізілуде, ал алгоритімді парадигма негізін құраушы
психологиялық тұжырымдаманы жасаған П.Я.Гальперин. Жеке әдістемелік оқыту
технологияларына қарағанда, педагогикалық технологияның сипаты жалпылама.
... Оқыту технологиялары көп нұсқалы (вариативті) және жеке әдістемеге
жақын. Алгоритм болмаған жағдайда, технология да болмайды.
3. Білім беру технологиясы (стохастикалық парадигма) – бұл оқыту
үрдісінің мүмкіндік сипатын мойындау, оқушының субьективтілігіне көңіл
аудару және тұлғаға бағдарланған білім беру технологиясын жалған кездейсоқ
үрдістер түрінде жобалау бойынша жүргізілген жұмыс.
М.Е.Бершадский ПТ ұғымының төрт салыстырмалы тәуелсіз саладағы мағынасын
атап көрсетеді.
1. ПТ ұғымының меншікті белгілі бір мағынасы жоқ және дәстүрлі
оқыту әдістемесіне үлгі балама түрінде қолданылады. ПТ ұғымы
барлық жерде қолданылады. Мұндай өлшемсіз қолдану барысында
сөзсіз оның мағынасы көрінбей, жойылады (нивелирлену): теориялық шайылып
кетуден тәжірибелік сенімсіздікке дейін тек – бір адым.
2. ПТ ұғымының педагогикалық енер ретінде қарастырылуының
себебі технология сөзінің грек тілінен алынған түбіріне
байланысты. Мүмкін болатын педагогикалық жағдайлардың саны шексіз
болатындықтан, психологиялық үдерістің қажетті жағдайы болып табылатын
берілген ұсыныстардың елестетілуі және тасымалдануы жайында айту өте қиын.

3. Технология ұғымының мазмұны көп жағдайда көпшілік санасында
қалыптасқан түсінікке сәйкес және онда өндірістік технологиялық үрдіспен
берік байланысқан. Бұл операционалды және диагностикалы түрде
қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, жақсы
құрылымдалған білім беру іс-әрекетінің үрдісі ретінде қарастырылады.

4. Берілген мағынада технология термині технологиялық
білім беру үрдісін құрудың мүмкін еместігін негіздеу үшін ғана қолданылады.

В.В.Гузеевтің көрсетуінше оқыту тәжірибесімен кез келген, тіпті аз ғана
байланысты технология деп жариялау білім беруде технологиялық ықпал етуге
еліктеу....
Сонымен қатар, педагогикалық технологиялар - білім беретін
ғылым мен іс-тәжірибедегі жаңа құбылыс. Педагогикалық технологиялар басқа
(дәстүрлі) оқытуды ұйымдастыруға ықпал етушілерден ерекшеленеді және
өзіндік белгілері (критерийі) бар.

М.Е.Бершадский мен В.В.Гузеев технологиялық үрдістің қажетті құрамдас
бөліктерін бөліп көрсетеді: соңғы өнім (мақсат), бастапқы объект (шикізат),
технологиялық карта (әрекеттердің реті мен мазмұнын сипаттау), диагностика
құралдары, әсерлерді түзетуші мен жауып тастаушы құралдары, кері байланыс
механизмдері.
И.Е.Герасимова, Б.А.Гершман, А.А.Егоров, А.С.Ильинский және басқалар
оқыту технологиясының құрамына оқу үрдісінің арнайы ұйымдастырылуын,
мақсатын, жоспарланып диагностикаланатын оқу нәтижелерін, оқьпу әдістері
мен құралдарын, окушыларды, оқытушыларды, оқу іс-әрекетінің нәтижелерін
жатқызады.
Сонымен бірге Ф.Ш.Терегуловтың жорамалдауынша, замануи ПТ-ға: құрылым,
технологиялықтың өлшемі;
тұжырымдамалық; жүйелілік; басқарылушылық; нәтижелер бойынша тиімділік,
шығындардың үйлесімділігі және ұдайы өндіру сияқты негізгі сапалар тән
болуы қажет.
Зерттеушінің атап көрсетуінше, технология барынша қызмет ететіндей
болуы керек: бастапқы жағдайда технология иесізденген болуы қажет, ал
игергеннен кейін - иесімен өңделеді. Басқаша айтқанда, технологияда бір
нәрсе бойынша дайындау және талдап тексеру болмауы қажет.
Педагогикалық технологиялар жайында айта келе, Ж.А.Қараев
технологияға тән төмендегідей ерекше сипаттамаларды ұсынады:
міндетті білім беру деңгейінде барлық оқушылардың түгелдей оқыту мақсатына
жетуіне жүз пайыздық кепілдеме, болмаса міндетті деңгейде; оқыту мақсатын
диагностикалықпен қою және оқыту нәтижелерін әділетті бағалау; оқушының
өзінің оқу-танымдық іс-әрекетінің мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі
құрылымының болуы; дидактикалық үрдістердің бір тұтастығы.
Алайда, біздіңше, технологияландыру үрдісінің белгілі реті (алгоритм)
бар болғандықтан, технологиялықтың белгілерін бұлайша тізіп, мүлдем
қабылдай беруге болмайды.
Сондықтан технологияның негізгі белгілерін басқа жүйеде қарастырамыз:
1) оқу үрдісінің табиғаты мен зандылықтарын бүтіндей сипаттайтын
ғылыми жобаның болуы;
2) оқыту мақсатының операционалды түрде қойылуы;
3) дидактикалық үрдістердің біртұтастығы;
4) оқыту нәтижелерінің әділетті бағасы;
5) барлық окушылардың оқыту мақсатына жүз пайыз жетуі, болмаса міндетті
деңгейде (жобаны әзірлеудің және оны іске асырудың оңтайлы нәтижесі
ретінде, салдар ретінде).
ПТ саласы едәуір зерттелгенімен бүгінге дейін әдістеме
мен технологияның арасындағы ерекшеліктері ажыратылмаған. Көптеген
зерттеушілер осыны көрсетеді. В.В.Юдиннің есептеуінше технология - бұл
педагог қызметінің түрі, яғни технология -қаңқа-тірек, ал әдістеме - қабық.
ПТ нәтиженің қалытасуын жеткізетін қызметтің мәнін білдіреді, ал
әдістеме осы нәтижелерді сырттай дайындауды сипаттайды. Әдістеме
эмпиризмдік тәжірибені, педагог шеберлігін сипаттайды, ол шеберлік пен
өнерге жақын.
В.В.Гузеев әдістеменің табиғаты статистикалық, ал әрекеттің сырттай
дайындау - бұл педагогикалық технология деп сенеді.
Сондай-ақ, біздің есептеуімізше, әдістеме және технология ұғымдарын
дәлелдей отырып ажырату қажет, Ғылыми-зерттеулердің талдамалары мен өз
байқауымызға сүйене отырып, оқытудағы әдістемелер мен технология
сипаттамаларын ұсынамыз, олардың ерекше белгілерін бөліп көрсетуте болады
(1 кесте).
1 кесте. Оқыту әдістері мен технологиясының

сипаттамасы

Оқыту әдістері Оқыту технологиясы
Оқыту әдістері мен тәсілдерінің Әрекеттің мәнін білдіреді, нәтиженің
жиынтығы; пәнді оқыту әдістері қалыптасуына әкелетін әрекетті
туралы ғылым. Оқушының білім беру сырттай дайындау. Жобалау негізінде
деңгейін көтеруге бағытталған шаралар мен ережелердің жиынтығынан
оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруқұрастырылған біртұтас оқу үрдісін
тәсілдері (педагогикалық жағдайлар ұйымдастыру тәсілдері.
шеңберінде)
Педагогикалық жағдайларды Тұжырымдылық, ПТ-ға тән
ұйымдастыру тәсілдерінің белгілері технологиялықтың белгілері;
және сипаты, оларды қолдануға құрылымды, жүйелілікті, оқу үрдісі
ұсыныстар. мен іс-әрекетті басқаруды қамтамасыз
етеді.
Эмпиризмдік тәжірибені, педагог Жекелік пен саралау ұстанымдарын
шеберлігін суреттейді, ол әртістік ескере отырып, оқушы мен мүғалімнің
пен өнерге жақын. Ішкі сезімді, өзара байланысты іс-әрекеті,
шеберлікті, тосыннан (экспромтты) экспромтық болмауы.
дайындықсыз ұсынады.
Персонифицияланған, субьективті. Барынша деперсонифицияланған, пәнге,
мұғалімнің жеке тұлғасы мен мұғалімнің жеке тұлғасы мен
жағдайына, сыныптың жас жағдайына, сыныптың жас
ерекшелігіне, мотивациялық және ерекшелігіне, мотивациялық және
басқа да ерекшіліктеріне тәуелді. басқа да ерекшіликтеріне тәуелділігі
шамалы.
Тәжірибе тарату нәтижесінде немесе Нақты жағдайларға байланысты
білімді жеткізудің жаңаша жолдарын жобаланып, берілген нәтижеге
ойлап табуда пайда болады. бағдарланады.
және ортапық к^рамы больш табылады.
Мұғалімге және оның іс-әрекетіне Оқушьшың оқу-танымдық іс-әрекетінің
бағдарланған. мазмұны мен құрылымын анықтайтын оқу
үрдісінің жобасын ұсынады.
Мұғалім ақпарат береді және Мұғалім тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік пеагогикалық тәжірибеде
Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар
Дамыта оқыту
Оқытуды технологизациялау идеясының пайда болуы
Жекелеп оқыту технологиясы
Технология мен әдістеменің ерекшеліктері
Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану
Педагогикалық технологияларды меңгеру
ШЖБМ жағдайында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері
Педагогикалық технологиялардың түрлері, жіктелуі және білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдары
Пәндер