Шошқа обасына жалпы сипаттама
І. Кіріспе ... ... ... ...3.4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Шошқа обасына жалпы сипаттама ... 5.7
2.2 Дерттенуі ... ... 7.9
2.3 Шошқа обасымен ауырған шошқаның сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
ІІІ. Қорытынды ... ... .10
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... .11

Мал дәрiгерiнiң аса жауапты мiндетi – тағамдық өнiмдер арқылы адамға жұғатын аурулардың алдын-алу болып табылады. Сонымен қатар, мал ауруларын таратпау, сыртқы ортаны қорғау, ауру малдан алынған өнiмдердi залалсыздандыру күрделi де жауапты жұмыс. Жұқпалы аурумен ауырған мал ұшасы мен ағзаларын малдәрiгерлiк-санитариялық сараптан өткiзгенде, мал дәрiгерi оның сойғаннан кейiнгi балауының ерекшелiктерiне көңiл аударады, малдәрiгерлiк-санитариялық сарапты үлкен ұқыптылықпен жүргiзiп, алынған өнiмдерге тиiстi баға беруі керек. Сойылған мал ұшасындағы өзгерiстер аурудан өлген мал тәнiндегi өзгерiстермен салыстырғанда әлде қайда көмескi болады, тiптi байқалмауы да мүмкiн. Малдәрiгерлiк-санитариялық сараптау аса жауапты жұмыс, тағамға пайдалануға болмайтын ауру малдың етiн жеп адам ауруға шалдықса, мал дәрiгерi заң алдында жауап бередi. Осы ретте С.С.Евсеенконың 1884ж. «Адам медицинасы адамды қорғаса, ветеринариялық медицина адамзатты сақтайды» деген өлмес сөзiн еске алғанымыз орынды ма деп ойлаймыз. Малдәрiгерлiк-санитариялық сараптауда малдардың жұқпалы ауруларын адам үшiн қауiптiлiгiне қарай үш топқа бөлуге болады: Бiрiншiсi мал өнiмдерi (сүт, ет т.б.) арқылы жұғатын індетті аурулар.
1. Т.Сайдулин. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары «Алматы 2010» (158-162бет)
2. Б.Т. Толысбаев, Қ.Б. Бияшев, Р.Ж. Мықтыбаева Ветеринариялық санитариялық микробиология Алматы 2008ж; (100-102бет)
3. Сайдулдин Т. Жануарлардың жұқпалы және аса қауіпті аурулары «Айтұмар» баспасы 2015 (426-432бет)
4. «Мал өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау» 3дәріс
5. С.Қырықбайұлы, Т.М.Телеуали Ветеринариялық санитариялық сараптау практикумы, Алматы 2013 ;(202-244бет)

Жоспар:
І. Кіріспе____________________________ ________________3-4 ІІ. Негізгі бөлім 2.1 Шошқа обасына жалпы сипаттама______________5-7 2.2 Дерттенуі__________________________ _________7-9 2.3Шошқа обасымен ауырған шошқаның сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау ______________________9-10 ІІІ. Қорытынды__________________________ ____________10 ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі___________________ _11
І. Кіріспе Мал дәрiгерiнiң аса жауапты мiндетi - тағамдық өнiмдер арқылы адамға жұғатын аурулардың алдын-алу болып табылады. Сонымен қатар, мал ауруларын таратпау, сыртқы ортаны қорғау, ауру малдан алынған өнiмдердi залалсыздандыру күрделi де жауапты жұмыс. Жұқпалы аурумен ауырған мал ұшасы мен ағзаларын малдәрiгерлiк-санитариялық сараптан өткiзгенде, мал дәрiгерi оның сойғаннан кейiнгi балауының ерекшелiктерiне көңiл аударады, малдәрiгерлiк-санитариялық сарапты үлкен ұқыптылықпен жүргiзiп, алынған өнiмдерге тиiстi баға беруі керек. Сойылған мал ұшасындағы өзгерiстер аурудан өлген мал тәнiндегi өзгерiстермен салыстырғанда әлде қайда көмескi болады, тiптi байқалмауы да мүмкiн. Малдәрiгерлiк-санитариялық сараптау аса жауапты жұмыс, тағамға пайдалануға болмайтын ауру малдың етiн жеп адам ауруға шалдықса, мал дәрiгерi заң алдында жауап бередi. Осы ретте С.С.Евсеенконың 1884ж. Адам медицинасы адамды қорғаса, ветеринариялық медицина адамзатты сақтайды деген өлмес сөзiн еске алғанымыз орынды ма деп ойлаймыз. Малдәрiгерлiк-санитариялы қ сараптауда малдардың жұқпалы ауруларын адам үшiн қауiптiлiгiне қарай үш топқа бөлуге болады: Бiрiншiсi мал өнiмдерi (сүт, ет т.б.) арқылы жұғатын індетті аурулар. Оған топалаң, туберкулез, бруцеллез, аусыл, құтырық, қатерлi iсiк, қойдың жыбырлағы (брадзот), энтеротоксемиясы (секіртпе), қозының анаэробты дизентериясы, Ауески ауруы, шошқа тұмауы, жылқының iндеттi қан аздығы, Ку-қызбасы, лейкоз, сары ауру, листериоз, мелиоидоз (жалған маңқа), некробактериоз, күл, псевдотуберкулез, шошқа тiлмесi, маңқа, тулеремия, хламидиоз, түйе обасы, эпизоотиялық лимфангит (африка маңқасы, ботриомикоз), фузариотоксикоз, малдың хламидиозды іш тастауы жатады. Екiншiсi, мал өнiмдерi арқылы адамға жұқпайтын антропозооноздар (боғлама ботриомикоз, стахиоботриотоксикоз, сiреспе). Үшiншiсi, адам ауырмайтын зооноздар, күлдiреуiктi ауру, вирустiк диарея, шошқаның күлдiреуiктi экзантемасы, шошқаның дизентериясы, диплококк септицемиясы, қатерлi катаралдық қызба, қой мен ешкiнiң iндеттi агалактиясы, шошқаның атрофиялық ринитi, ешкiнiң кебенегi, iрi қараның iндеттi ринотрахейтi, колибактериоз, сақау, iсiк ауру (колиэнтеротоксемия), парагрипп-3 (көлiк қызбасы), паратуберкулез, пастереллез (геморрагиялық септицемия), iрi қара малдың ала өкпесi (перипневмония), стрептококкоз, iрi қараның обасы, шошқа обасы, қарасан, жылқының ринопневмониясы (вирустiк iш тастау), эпизодтық пневмония, шошқаның эпизодтық энцефаломиелитi (Тешен ауруы), шошқаның жыбырлағы (аэробты дизентерия), жылқының делбесi.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ІІ. Негізгі бөлім 2.1 Шошқа обасына жалпы сипаттама. Шошқаның обасы (Pestis suum, чума свиней) - баса жұғымтал, жіті байқалғанда өлітиіп, гемморогиялық диатезбен, ал жітілеу және созылмалы түрде өткенде өкпенің крупозды, ішектің крупозды - диференттік қабынумен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Барлық жастағы шошқаның жұқпалы ауруы. Тарихи деректер: Шошқаның бұл ауруының клиникалық белгілерін алғаш рет Оңтүстік Африкада Хутчен (1903) сипаттады, ал Тейлор (1905) оны эксперименттік жолмен жұқтыруға болатындығын дәлелдеді. Мартгомери 1911-1921 жылдары жан-жақты зерттеулер жүргізіп, ауруды вирус қоздыратындығын, үй шошқасына жасырын вирус алып жүретін жабайы шошқадан жұғатындығын анықтады. Сондықтан, кейінгі уақытта ауру осы зерттеушісінің атымен атала бастады. 1957 жылға дейін бұл індет Африканың экватордан төмен орналасқан елдерде ғана байқалады. Кейіннен ауру басқа құрлықтарға да тарап, қазіргі уақытта Португалия, Испания, Орталық және Оңтүстік Американың шошқа шаруашылығы дамыған бірқатар елдерінде тұрақты орын алды.[1] Қоздырушысы: European shwinefever pestivirus, құрамында РНҚ бар Togovirdae тұқымдастығына Pestivirus туыстығына жатады. Ол ауру малдың түрлi ағзалары мен ұлпаларында (ет, қан, iшкi ағзалар, лимфа түйiндерi, етi т.б.) зақымдайды. Салқындатылған шошқа етiнде 7 ай, тұздалғанында 3 айға дейiн сақталады. 78С ыстықтықта бiр сағаттың iшiнде өледi. Кептiрiлген етте 20 тәулiкке дейiн өмiр сүредi. Қыйда, өлекседе 3-5 күннен кейiн өледi. 1-2 күйдіргіш натрий, 5 әк, 5 натрий хлориды 1 сағ өлтіреді. Көлемі 35-40 нм иммунологиялық қасиеті жағынан бір- біріне туыстас екі серологиялық топтан ( А, В, ) тұратын бір типке жатады. А тобына барлық жастағы шошқаларда жіті өтетін індет қоздыратын, қоянға бейімделген және төменгі температурада торша өсінділерінде өсетін вакциналық штаммдар жатады. В тобына жататын штаммдар негізінен торайларды ауыртады, ал басқа топтарда созылмалы немесе телімсіз емес түрін қоздырады. Бұл топтарды бір- бірінен ажырату үшін қыздыру арқылы белсенділігін жою әдісін, өзара бейтараптау, иммунофлуоресценция реакцияларын кешенді түрде қолдану және торайларға қойылатын биосынама пайдаланады. Шошқа обасының вирусы мен сиырдың диареясы вирусының антигендік туыстығы бар. Зертханалық жануарлар шошқа обасының вирусына төзімді.Бұл вирусқа тек қана шошқа бейім. Ауырып жазылған жануарлардың қанында вирусты бейтараптайтын, агглютинациялайтын және комплементті байланыстыратын антиденелерді кездістіруге болады. Вирус шошқа эмбрионынң алғашқы торша өсінінде және қайталап егілетін ПК-15 торшасының өсінінде өсіп өнеді, ЦПӘ тудырмайды. Вирустың өсінде бар жоғын және індеттік белсенділігін ИФР арқылы анықтайды. Шошқа обасының вирусын қоян организміне бейімдеп өсіруге болады, соның негізінде олардың шошқаға уыттылығы төмендеп вакцина дайындайтын штаммдар алынады. Сондай-ақ, вирустың торша өсіндерінде өсуге бейімделген штаммдары да бар. Төзімділігі. Вирус 60 С 10 минутта , ал қайнатқанда сол сәтте күшін жояды. Шошқа қораларда 1 жылға дейін уыттылығын жоймайды. Төменгі температурада жақсы сақталады -5 С қандағы вирус 6 ай, ал оған 0,5 пайыз карбол қышқылын қосқанда 1 жылдан артық уыттылығын жоймайды. Тоңазытылған етте 2-4 ай , тұздалан етте 10 айдан артық , ысталған етте 3 ай, мұздатылған етте бірнеше жылға дейін уыттылығын сақтайды. Өлексе мен көңде 3-5 күнде, топырақта 1-2 аптада күшін жояды. Дезинфекция жасау үшін күйдіргіш натрийдің 2-3 пайыз, формальдегидтің 2,5 пайыз ерітінділері, хлорлы әктің 15-20 пайыз тұнбасы пайдаланылады. Олар вирусты 1 сағатта өлтіреді. Індеттік ерекшеліктері: табиғи жағдайда обамен жасына, тұқымына қарамастан үй және жабайы шошқалар аурады. Асыл тұқымды шошқалар ауруға бейімірек келеді. Жабайы щошқаларда табиғи қалыптасқан төзімділік болады. Ауру қозырушысының бастауы- ауру және аурып айыққан вирус алып жүруші шошқалар. Ауруды таратуда және індеттік жағдайдың сақталып шиеленісуінде анықталмай қалған жасырын вирус алып жүрушілер ерекше қауіпті болады. Вирус алып жүру 3-10 айға созылады. Ауру жануарлар вирусты несеп, нәжіс, танау мен көзден аққан сора арқылы бөліп шығарады. Вирусты сыртқы ортаға бөлу аурудың жасырын кезінде басталып, клиникалық белгілері білінген сайын ұлғая түседі. Берілу факторларына вируспен ластанған су, жем - шөп, төсеніш, көң, өлексе, малдан алынған өнімдер мен шикізат, ет комбинаттары, қасапхана мен асхананың зарарсыздандырылмаған қалдықтар жатады. Індеттің таралуында механикалық тасымалдаушылардың алатын орны ерекше; жабайы жануарлар. Оба көбінесе ауру және аурудан айыққан вирус алып жүрушіліерді жануарлармен бірге жүргенде жұғады. Вирус шошқа денесіне негізінен ас қорыту жүйесі, тыныс мүшелері арқылы енеді. Клегейлі қабықтар және жарақаттанған тері арқылы жұғуы мүмкін. Шаруашылық ішінде ауру негізінен жануарларға бір-біріне көлбеу жолмен (алиментарлық, аэрогендік) ал оба өзіне тән емес түрде өткенде тікелей (плацента) арқылы берілуі мүмкін. Аурудан сау шаруашылықтарға әдетте ауру қодырушысы зарарсыздандырылмаған асхана, қасапхана қалдықтары мен, әр түрлі көлік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz