Шошқа тiлмесi бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Індеттік ерекшеліктері

2. 2 Шошқа тiлмесi бойынша жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі.

2. 3 Шошқа тілмесін алдын-алу және жою жөніндегі ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі Ереже

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

Шошқа ТІЛМЕСІ - шошқаның жұқпалы ауруы. Қоздырғышы Erysіpelothrі іnsіdіosa бактериясы. Көбінесе 3 - 12 айлық торайлар жиі ауырады. Шошқа тілмесі жылқы, сиыр, қой, ит, т. б. жануарларға да жұғуы мүмкін. Шошқа тілмесі ауру және денесінде ауру қоздырғыштары сақталған шошқадан, кемірушілерден, насекомдардан, азық, су, құрал-саймандар арқылы жұғады. Аурудың өте қатты түрінен шошқа бірнеше сағатта өледі. Ауырған шошқаның температурасы 41°С-қа көтеріледі, асқазан қызметі бұзылады, жүрегі қатты соғады, терісінде қызғылт дақ пайда болып, кейін қызарып ісінеді. Аурудың созылмалы түрінде шошқаның іші өтеді, арықтап, буындары іседі. Емдеу жолы: тілмеге қарсы арнайы сарысу және антибиотиктер егеді. Алдын алу үшін 2 - 4 айлық торайға вакцина егіп, 4 - 5 айдан соң қайталайды. Шошқалардың тұратын жеріне дезинфекция жасалып, кемірушілер мен насекомдардан тазартылады. Шаруашылыққа карантин қойылады.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Індеттік ерекшеліктері

Тілме бактериясы жануарлар әлемінде ең кеңінен таралған микробтардың қатарына жатады. Щощқада тілме спородия немесе індет түрінде дүниежүзінің барлық елдерінде дерлік кездеседі. Ауруға көбінесе 3-12 айлық шошқалар бейім келеді. Сондай-ақ табиғи жағдайда тілмемен қозы, тауық, үйрек, күрке тауық, көгершін, кемірушілер (тышқан, егеуқұйрық) ауырады. Тілмеме адамда ауырад. Адамда эризипелоид көбінесе алақанында, саусақтарында, терінің, тері асты ұлпаларының суланып, қабынуымен, сөл тамырларының кеңеюімен сипатталады.

Спорадия түрінде тілмемен жылқы, сиыр, қой, бұғы, ит, көптеген жабайы құстар ауырады. Теңіз, өзен балықтарында ауру қоздырушысы сапрофит ретінде жиі кезедеседі.

Табиғатта көптеген үй және жабайы жануарлардың арасында әсіресе, шошқа, кемірушілер және құстарда тілме микробын алып жүрушілік кеңінен таралған. Қоздырушысының табиғатта кең таралуы және сыртқы орта жағдайына төзімділігі аурудың тұрақты қорламасының құрылуын және індеттің табиғи ошақтарының белгілі бір жерге тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және микроб алып жүруші шошқалар. Микроб алып жүрушілерде ауру қоздырушысы әдетте жұтқыншақ сөл түйіндерінде және әшек фолликулдарында орналасып, әр түрлі стресстердің әсіресе протеиннің жетіспеушілігі және сыртқы ортанң ыстығы әсерінен аурудың клиникалық белгілері байқалады. Осы себептен тілме шаруашылыққа көбінесе басқа жақтан әкелінбейді, өз ішінен шығады.

Қоздыруышының берілу факторына жем, су, нәжіс, төсеніш, күту құрал-саймандары, өлексе, сойыс өнімдері, топырақ т. б. жатады. Ауру қоздырушысын тасымалдауға кемірушілердің, көк шыбынның, құстардың қатысуы мүмкін.

Ауру негізінен қоректік жолмен, ал сирегірек жанасу және трансмиссивтік жодармен жұғады.

Тілме топырақ инфеция болғандықтан оның таралуында топырақтың алатын орыны ерекше. Ауру көбінесе көктемге-жазғы маусымда негізінен мал басын толықтыруға және борақылауға бөлінген жас шошқалардың арасында жиі кездеседі. Індеттің кеңінен жайылып, қарқынды таралуына күннің ыссы және ауаның ылғалды болуы, шошқаларды жақсы желдетілмейтін тар қорларда ұстау, тасымалдау, күн өту, жемде протеин, минералды заттар, витаминдердің жетіспеуі сияқты қолайсыз жәйттер әсерін тигізеді. Сонымен, тілмені тұрақты түрде белгілі бір аймақта және көбінесе жылдың жылы мезгілінде қайталанып отыруы оның індеттік ерекшелігі болып есептелінеді.

Індеттік тұтанудың ұзақтығы және шығын көрсеткіші шошқаны өсірудің технологиялық жүйесіне, ауруды жылдам және дәл бағалауға, қоздырушының уыттылық және антигендік ерекшеліктеріне, табындағы имунитеттің құрылымына, сауықтыру шараларына ұйымдастыруға байланысты болады. Әдетте індеттік тұтану қорадағы шошқаны түгел қамтымайды, ауруға шалдығу көрсеткіші 20-30% аспайды, шығын 55-80% жетеді.

C:\Users\USER\Desktop\Без названия (1).jpg

2. 2 Шошқа тiлмесi бойынша жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі.

Шошқа тiлмесiнің профилактикасы және оны жою
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

  • Шошқа тiлмесiнiң профилактикасы бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар мыналарды:

1) шошқаларды тікелей күн сәулесiнен қорғауды қамтамасыз ететін жануарларға жазғы-лагерлік ұстауды жабдықтау жолымен жылу күйзелісінің профилактикасын;

2) шошқаларды құрама тамақ қалдықтарымен залалсыздандырылмаған күйде азықтандыруға жол бермеуді;

3) шошқаларды союды қайта өңдеу кәсiпорындарда немесе жануарларды сою бойынша мамандандырылған пункттерде жүргізуді қамтиды.

  • Шаруашылық жүргізуші субъекті аумағында диагноз анықталған кезде шектеу қойылады.
  • Шаруашылық жүргізуші субъектiден шектеу ауру жануардың соңғы сауығу жағдайынан және қора-жайларды, жаю алаңдарын және күтім жасау заттарын мұқият тазартқаннан және қорытынды дезинфекциялау жүргiзгеннен кейін күнтізбелік 14 күн өткен соң алынады.
  • . Шектеудiң шарттары бойынша:

3) шошқаларды әкелуге (кіргізуге) және әкетуге (шығаруға) ;

4) шошқаларды шарасыз союдан алынған зарарсыздандырылмаған етiн шығаруға;

5) ауру шошқалармен байланыста болған шошқаларды азықтандыруға арналған азықтарды шығаруға жол берілмейді.

  • Тілмемен клиникалық ауыратын шошқаларды пенициллин қосылған тiлмеге қарсы гипериммунды сывороткамен емдейдi. Аурудан сауыққан жануарларды олар сауыққаннан кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей және барлық шошқаларды тiлмеге қарсы вакцина егілгеннен кейін терi жамылғылары мен аяқтарын дезинфекциялағаннан соң қайтарады.
  • Қолайсыз эпизоотиялық ошақтарындағы клиникалық сау шошқаларға тiлмеге қарсы вакцина егеді.
  • Технология бойынша қайта өңдеу кәсiпорындарға өткізуге жататын шошқалар арасында тiлме ауруы пайда болған кезде, ауруларды оқшаулайды және емдейді, ал клиникалық сау шошқаларды тез арада сою үшін жақын жердегi етті қайта өңдейтiн кәсiпорындарға жiбередi. Жiберiлген күнi союды жүзеге асыру мүмкiн болмаған кезде, сау жануарларды сол жерде қалдырып, тiлмеге қарсы вакцина егеді және күнтізбелік 10 күннен кейiн шектеусiз союға тапсырады.
  • Ауру шошқаларды бөлудің әрбiр жағдайынан кейін, шошқа қораның еденi мен қабырғасын тазартады, жуады және Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттармен дезинфекциялайды.
  • Өлекселерден немесе шарасыз сойылған тілмемен ауыратын шошқалардан сылып алынған терiлер дезинфекцияланады. Өңделген терiлердi өткiзбейтiн ыдысқа орайды да терi зауытына жiбередi. Терiнiң дезинфекциялауын ұйымдастыру мүмкiн болмаған кезде, өлексенi терiсiмен бірге жояды.
2. 3 Шошқа тілмесін алдын-алу және жою жөніндегі ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі Ереже 1. Жалпы ереже

1. Шошқа тілмесі - жұқпалы ауру, әсіресе 3-12 айлық шошқаларды зақымдайды. Жіті және созылмалы, энзоотиялық тұтану түрінде өтеді. Тілменің жеке тұтанулары кеміргіштердің, күрке тауықтардың, үйректердің, қырғауылдардың және қозылардың арасында болуы мүмкін.

2. Аурудың қоздырғышы сыртқы ортаның факторлары мен шіруге тұрақты келеді. Етті тұздау мен қақтау бактериядан зарарсыздандырмайды.

3. Ауру шошқаларда, дені сау бактериятасығыш-шошқаларда бактериялар олардың жұтқыншақ бездерімен және ішектерінің фолликуласында орналасады, сонымен бірге кеміргіштер мен құстар аурудың негізгі көздері болып табылады.

4. Инфекцияның қоздырғыштарын тарату факторларына тілменің қоздырғыштарымен ластанған азық, су, сою өнімдері, өлекселер жатады. Осының ішінде топырақ маңызды орын алады. Осыған байланысты тілмені топырақтық, маусымдық (көктем-жазда) індеттер қатарына жатқызады. Кеміргіштер, шыбындар, құстар қоздырғыштарды таситындар болуы мүмкін. Қоздырғыштардың таралуының негізгі жолы - азықпен, жәндіктер арқылы және жанасу арқылы. Тілменің эпизоотиялық ерекшелігі - оның тұрақты болып, жылдың жылы мезгілінде қайталануында. Эпизоотиялық ошақта жануарлар басының көпшілігі, 20-30% ауруға шалдығады. Өлім көрсеткіші жоғары - 55-80%.

5. Шаруашылық субъектісіне (елді мекенде) қоздырғыштарды ауру, ауырып жазылған шошқалар, сонымен бірге ауру жануарлардың бөлінділерімен ластанған заттар таратады.

6. Шошқаның тілмесінің қоздырғышы сырттан келмесе де, бактерия тасығыш - шошқалардың арасынан, сыртқы ортаның жағымсыз факторларынан (көлікпен тасымалдағанда, күн ыстықта айдағанда, шошқалардың денелері ыстықтағанда немесе тоңғанда, азықтандыру түрін кенет өзгерткенде, күн өткенде және ауаның жоғары ылғалдылығында) ауру шығуы ықтимал.

7. Шошқаның тілмесіне диагнозды эпизоотиялық, клиникалық, патологоанатомиялық деректер мен ауру және өлген жануарлардан бактериологиялық зерттеулерге алынған патматериалдардың нәтижелерін негізге алып қояды. Аурудың шыққан уақытын, таралу сипатын, ауырған жануарлардың жасын назарға ұстайды.

8. Шошқаның тілмесін обадан, пастереллезден, листериоздан, сібір жарасынан, күн және ыстық өткеннен ажыратады. Созылмалы өткен кезде, обадан, микоплазма полисерозитінен, полиартриттен, стрептококтық және коринебактериалдық індеттерден, рахит пен остеомаляциядан ажырату керек. Шошқалардың тілмесі күн, ыстық өткендерден ажыратылғанда, осы факторларды тудыратын жағдайлардың негізін, клиникалық белгілерін ескереді: кенеттен әлсіздену, тыныс алудың жиілеуі, жүрек жұмысының бұзылуы, температураның көтерілуі 42-43С, бұлшық еттері тартылады, күн немесе ыстық өткенде ауырғандар ауру белгілері білінгеннен бірер сағаттан кейін өледі.

9. Обадан және басқа вирустық індеттерден айыру мақсатында, ауру шошқалардың температурасын өлшеп, күніне 4 рет тілмеге қарсы сарысудың емдік дозасын пенициллинмен қосып беру ұсынылады. Тілмемен ауырған шошқалардың температуралары төмендеп, жалпы жағдайы жақсарады. Обамен және басқа вирустық аурулармен ауырғанда көрсетілген емдеу көмек бермейді.

2. Ветеринариялық-санитарлық таза аумақтарда
жүргізілетін алдын-алу шаралары

10. Шошқаларды жоспарлы алдын-ала егуді, қайта егуді жылдың кез келген уақытында ветеринариялық препараттардың мемлекеттік Реестрінде тіркелген вакцинамен жүргізеді.

11. Егуден 5 күн бұрын және еккеннен кейін 5 күнге дейін жануарларды тасымалдауға болмайды. Бұл аралықта күн сәулесінің теріс әсерінен иммуногенез болмас үшін жануарларды күнге шығармайды.

12. Шошқа тілмесінің алдын-алу үшін ветеринариялық-санитарлық шаралар:
1) жазғы лагерлермен жабдықтау арқылы жануарларды ыстықтан қажудың алдын-алып, шошқаларды күн сәулесінен қорғауды қамтамасыз етеді;
2) шошқаларға жиналған тамақ қалдықтарын залалсыздандырылмаған күйде беруге болмайды;
3) шошқаларды ет өңдейтін кәсіпорындарда немесе жануарларды союға арналған пункттерде сояды.

3. Эпизоотиялық ошақта және таза емес
пункттерде жүргізілетін шаралар

13. Шаруашылық субъектісінде (елді мекенде) шошқа тілмесі анықталғанда ветеринариялық маман сол аумақтық әкімшілік бірлігінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына хабарлайды.

14. Аумақтық әкімшілік бірлігінің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы шошқаның тілме ауруына күдік туралы хабарды алғаннан кейін, дереу ауру шыққан жерге келіп, эпизоотиялық тексеру жүргізеді және диагноз қою үшін ауырған жануарлардан патологиялық материал алып ветеринарлық лабораторияға жібереді.

15. Шаруашылық субъектісі (елді мекені) диагноз анықталса, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңының 27-бабының1-тармағына сәйкес, оларға шектеу қойылады.

16. Шектеу шаруашылық субъектісінен (елді мекеннен) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңының 27-бабының3-тармағына сәйкес, соңғы ауырған жануар сауыққан соң және қоралар, серуендеу алаңдары, күту заттары мұқият тазартылып, залалсыздандыру жүргізілгенінен 14 күн өткеннен кейін алынады.

17. Шектеудің шарты бойынша тиым салынады:
1) шошқаларды шығаруға және кіргізуге;
2) амалсыздан сойылған шошқаның етін залалсыздандырмай шығаруға;
3) ауру шошқалар жанасқан, шошқаға арналған азықтарды сыртқа шығаруға.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Шошқаның тілме ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Шошқа тілмесі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Шошқа тілмесіне қарсы вакцина стардарты
Аурудың қоздырушысы
Торайларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Шошқа тілмесі
Ауруға бейім жануарлар
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Шошқа тілмесі. Шаруашылықты аурудан сауықтырудың күнтізбелік жоспары
Шошқа тілмесі кезіндегі биопрепараттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz