Тіл көгермей, ел көгермес
Қазақ тілі – лингвоархеологиялық немесе лингвоэтнографиялық құбылыс емес. Ол – үлкен саяси-әлеуметтік құбылыс. Ол өзге ұлт тілдері бастан кешкен даму процестерінің бәрін бастан кешті. Тек XX ғасырдың өзінде үш рет жазу реформасына ұшырады. Жазбалы-полиграфиялық, бейнелемелі-дыбыстамалық жүйеге ие болды. Өзге тілдермен ықпаддасу тәсілдерін де меңгерді. Аударма, сөздіктеме тәжірибесін де жинақтады. Көп жанрлы көркем әдебиет пен өнер, көп салалы ғылым мен техника, көп бағдарлы ақпарат, көп сатылы білім беру, мемлекеттік басқару мен қоғамдық ықпал, саяси дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру құралына айналды. Оның негізінде туындаған көркемдік құндылықтар өзге тілдерге аударылды. Әлемдік әдебиет пен дүниетанымның үздік үлгілері қазақ тіліне ойдағыдай аударылды. Оны қайтадан үйішілік, тұрмыстық қатынастар ауқымымен шектеу еш мүмкін емес. Оны кешегі тоталитарлық идеология да, «қосылысу мен құйылысуды» ғана күйттеген солақай интернационалистік саясатты жүзеге асыра алмады. Сондай қиянатты әшкерелейміз деп, тіліміздің ахуалын тым мүшкілдендіре, мүсәпірлендіре суреттеуге тырысушылық оған деген нигилистік көзқарасты одан сайын өршітіп алды. Билік жолындағы таласта қандай тәсілден де тайынбайтын күштер тарапынан қазақ тілін архаикалық құбылыс, ал онымен пайдаланатындарды кертартпалық пен кешеліктің өкілдері деп көрсетуге тырысатын пиғылдар да бой көрсетпей қалып жатқан жоқ. Сондай солақайлық салдарынан тіліміздің болашағына, өмірлік қабілетіне өзге отандастарымызды қойып, өз қандастарымыздың күмәні күшейе бастады. Мектептегі балалардың қайта алынып кетуі, тіл үйренетін үйірмелердің жұмысының озбауы, ілеспелі аударманың салғыртсынуы, жиналыстардың қайтадан бір тілділікке көшуі әлгіндей күдік-күмәндардың бел ала бастағандығының белгісі. Ендеше, ендігі жерде жылап-сықтап тіл көсегесін көгерте алмайтынымыз белгілі болды. Жоқты талап етуге шеберміз. Барды ұқсатуға олақпыз. Басты қырсық осында. Бұл арада мынаны ескеру керек. Қандай ма тіл болмасын, оның даму денгейін қанша адамның ол тілде сөйлейтіндігі белгілемейді. Ол тілдің өмірдің қанша саласында қолдана алынатындық қабілеті анықтайды. Бұл ретте, біздің социлингвистеріміз бен статиктеріміз Қазақстан тұрғындарының қаншасы қазақша біліп, қаншасының қазақша білмейтінін анықтағанмен, оның қай салада қалай пайдаланып жүргендігіне бас ауыртпады. Расына келсе, қазақ тілін білмейтін, тіпті білгісі келмейтін адамдар бар болса бар да шығар, ал бірақ өмірдің қазақ тілін пайдалану мүмкін емес бір де бір саласы жоқ. Қазақ тілінің қолдану аясы тілдің қабілетсіздігінен тарылтылған жоқ, тездетіп бір тілділікке, бір ұлттылыққа көшу жолындағы көптеген көзапара, көз таса әрекеттердің салдарынан қасақана қолдан тарылтылған. Әйтпесе, тіпті тоталитаризм жылдарында ол тілде әлемдік философия мен әдебиеттің, осы заманғы ғылым мен техника салаларының зерттеу еңбектері басылып шыққан-ды. Жоғары математика мен астрономиялық, медицина мен геологияның, жаратылыстану мен қоғамтанудың талай оқулығы қазақ авторларының қолынан жарық көрген. Бұл саладағы әрідегі Бөкейханов, Байтұрсынов, Асфендияров, Досмұханбетов, Ермековтерді былай қойғанда, күні кешегі Сыдықов, Машанов, Ибрашев, Еркеғұлов, Оразақов, Әбішев, Шағым Жұмабаев еңбектерін-ақ еске алыңызшы. Осының өзі-ақ, қазақ тілінің жетілген беллетристика тілі ғана емес, толыққанды саяси және ғылыми публицистиканың тілі екендігіне көзімізді анық жеткізе түседі. Оның мешеулігі мен кенделігі жайындағы лақаптар – бүгінгі саяси риторикадағы көп бейпілдіктің ең бір өрескел түрі.
ТІЛ КӨГЕРМЕЙ, ЕЛ КӨГЕРМЕС
Қадірлі әріптестер!
Бүгінгі семинар-кеңестің жұмысына зор қанағаттанғандықпен қарауға
барлық негіз бар. Біріншіден, ол уақытында өтті. Қазақстан Республикасы
Тіл саясаты Заңының қабылданғаны жуырда ғана. Елбасының қойған қолының
сиясы әлі кеуіп те үлгерген жоқ. Екіншіден, бүгінгі кеңеске нағыз керекті
адамдар шақырылыпты. Мемлекеттік билік жүйесінің барлық саласының және
барлық деңгейінің өкілдері қатысып отыр. Жаңа Заң ең бастан осындай үлкен
мемлекеттік маңыз берілген жағдайда ғана ойдағыдай жүзеге аса алады.
Үшіншіден, кеңеске қатысушылар зор белсенділік танытты. Баяндамада да,
шығып сөйлегендер сөзінде де қонымды пікірлер, орынды ұсыныстар баршылық.
Ол көңілге үлкен үміт ұялатады. Қандай Заңның да тағдыры, көбіне көп оны
орындауға, ең алдымен, мемлекеттік билік орындарының қаншалықты құлықты
екендігіне байланысты болатыны еш құпия емес. Әсіресе, тіл туралы Заң
айрықша үлкен ықыласты талап етеді. Әсіресе, біздердің тарапымыздан.
Өйткені, біз бен сіз үшін өз мемлекетімізді одан әрі орнықтырып, нығайта
түсуден басқа мұрат жоқ. Ал тіл саясатының бұл мәселеде қаншалықты маңызға
ие екенін өмір өзі көрсетіп беріп отыр. Тілдік жарасым жоқ жерде әлеуметтік
жарасым болмайды. Ал, әлеуметтік жарасым тек әділетке ғана сүйене алады.
Әділіне жүгінсек, адамзаттың адамзат болып қалуына барлық халықтың бәрі
қажет. Олардың тарихи жасақталған тілдері мен мәдениеттерінің бәрі қажет.
Бір тілдің жоғалуы – тек белгілі бір ұлтқа ғана емес, күллі адамзатқа
жасалған қиянат болып табылады. Ал мәдениет пен тіл сияқты аса нәзік
құбылыс тек белгілі бір ортада ғана өркен жайып, көсегесін көгерте алады.
Әр тіл мен мәдениеттің ғасырлар бойы қалыптасқан сондай етене ортасы бар.
Мәселен, қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес бір бөлшегі ретінде тек
қазақ топырағында ғана ойдағыдай дами алады. Ол осындай күллі адамзаттық
маңызы бар рухани құбылыс ретінде кемелденіп жетілуге тиісті мемлекеттік
маңыз бен нақты қамқорлықты тек қазақ топырағында ғана талап ете алады.
Бұны отандастарымыз дұрыс түсінеді. Оған барша естияр қазақстандықтардың
тікелей дауыс беруі жолымен қабылданған жаңа Ата Заңымыз айғақ. Ол
еліміздегі тілдік қатынастарымызды да конституциялық жолмен реттеп берді.
Ол реттіліктерді жүзеге асырудың құқықтық жолдары Тіл саясаты туралы жаңа
Заңмен нақтыланды. Ол Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің өз ана
тілдерін оқып-үйренуіне, құрметтеуіне ерік береді. Мемлекет тарапынан
мүмкіндігінше көмек көрсетіледі. Енді бұл төңіректегі мәселелерді одан әрі
саясаттандыра бермеген жөн. Ол үшін Жаңа Занды жүзеге асыруға қажетті
Мемлекттік бағдарлама мен басқа да қосалқы құжаттарды жұртшылықты
алаңдатпайтындай қып, уақытылы және мұқият әзірлеуіміз дұрыс. Бұл – Үкімет
атқаратын парыз. Тілдерді дамытудың мемлекеттің бағдарламасы кешіккен жерде
саяси айтыс-тартыстың қайта қозып кететіндігін еткен жылдар көрсетіп берді.
Екіншіден, бұл құжатты алысқа сермемей, таяу жылдарда атқарылатын керекті
ауқымы нақты пайымдалғаны тиімді. Екінші, ол шараларды жүзеге асырудың
мерзімі, жауапты тұлғасы мен материалдық шығыны бүгінгі саяси-экономикалық
ахуалға сәйкес анық көрсетілгені лазым. Әйтпесе, ауқымды аламыз деп, аяқсыз
қалатын шараларды белгілеп, болмайтын шаруалар төңірегіндегі өнбейтін
дауларға қайта желік бітіріп алуымыз ғажап емес. Аз да болса, сатылап болса
да, көзге көрінетіндей ілгері басушылық жоқ жерде бұл жағынан сары уайым
сапырушылардың, екінші жағынан, Қап, бәлем, қалай екен, – деп ашық
табалаушылардың қыспағында қаламыз. Ол үшін мемлекеттік тілдің қолданбалық
аясын кеңейтуге басым маңыз беруге тиіспіз. Бұл арада басын ашып алатын бір
мәселе бар.
Қазақ тілі – лингвоархеологиялық немесе лингвоэтнографиялық құбылыс
емес. Ол – үлкен саяси-әлеуметтік құбылыс. Ол өзге ұлт тілдері бастан
кешкен даму процестерінің бәрін бастан кешті. Тек XX ғасырдың өзінде үш рет
жазу реформасына ұшырады. Жазбалы-полиграфиялық, бейнелемелі-дыбыстамалық
жүйеге ие болды. Өзге тілдермен ықпаддасу тәсілдерін де меңгерді. Аударма,
сөздіктеме тәжірибесін де жинақтады. Көп жанрлы көркем әдебиет пен өнер,
көп салалы ғылым мен техника, көп бағдарлы ақпарат, көп сатылы білім беру,
мемлекеттік басқару мен қоғамдық ықпал, саяси дүниетанымдық көзқарас
қалыптастыру құралына айналды. Оның негізінде туындаған көркемдік
құндылықтар өзге тілдерге аударылды. Әлемдік әдебиет пен дүниетанымның
үздік үлгілері қазақ тіліне ойдағыдай аударылды. Оны қайтадан үйішілік,
тұрмыстық қатынастар ауқымымен шектеу еш мүмкін емес. Оны кешегі
тоталитарлық идеология да, қосылысу мен құйылысуды ғана күйттеген солақай
интернационалистік саясатты жүзеге асыра алмады. Сондай қиянатты
әшкерелейміз деп, тіліміздің ахуалын тым мүшкілдендіре, мүсәпірлендіре
суреттеуге тырысушылық оған деген нигилистік көзқарасты одан сайын өршітіп
алды. Билік жолындағы таласта қандай тәсілден де тайынбайтын күштер
тарапынан қазақ тілін архаикалық құбылыс, ал онымен пайдаланатындарды
кертартпалық пен кешеліктің өкілдері деп көрсетуге тырысатын пиғылдар да
бой көрсетпей қалып жатқан жоқ. Сондай солақайлық салдарынан тіліміздің
болашағына, өмірлік қабілетіне өзге отандастарымызды қойып, өз
қандастарымыздың күмәні күшейе бастады. Мектептегі балалардың қайта алынып
кетуі, тіл үйренетін үйірмелердің жұмысының озбауы, ілеспелі аударманың
салғыртсынуы, жиналыстардың қайтадан бір тілділікке көшуі әлгіндей күдік-
күмәндардың бел ала бастағандығының белгісі. Ендеше, ендігі жерде жылап-
сықтап тіл көсегесін көгерте алмайтынымыз белгілі болды. Жоқты талап етуге
шеберміз. Барды ұқсатуға олақпыз. Басты қырсық осында. Бұл арада мынаны
ескеру керек. Қандай ма тіл болмасын, оның даму денгейін қанша адамның ол
тілде сөйлейтіндігі белгілемейді. Ол тілдің өмірдің қанша саласында қолдана
алынатындық қабілеті анықтайды. Бұл ретте, біздің социлингвистеріміз бен
статиктеріміз Қазақстан тұрғындарының қаншасы қазақша біліп, қаншасының
қазақша білмейтінін анықтағанмен, оның қай салада қалай пайдаланып
жүргендігіне бас ауыртпады. Расына келсе, қазақ тілін білмейтін, тіпті
білгісі келмейтін адамдар бар болса бар да шығар, ал бірақ өмірдің қазақ
тілін пайдалану мүмкін емес бір де бір саласы жоқ. Қазақ тілінің қолдану
аясы тілдің қабілетсіздігінен тарылтылған жоқ, тездетіп бір тілділікке, бір
ұлттылыққа көшу жолындағы көптеген көзапара, көз таса әрекеттердің
салдарынан қасақана қолдан тарылтылған. Әйтпесе, тіпті тоталитаризм
жылдарында ол тілде әлемдік философия мен әдебиеттің, осы заманғы ғылым мен
техника салаларының зерттеу еңбектері басылып шыққан-ды. Жоғары математика
мен астрономиялық, медицина мен геологияның, жаратылыстану мен қоғамтанудың
талай оқулығы қазақ авторларының қолынан жарық көрген. Бұл саладағы әрідегі
Бөкейханов, Байтұрсынов, Асфендияров, Досмұханбетов, Ермековтерді былай
қойғанда, күні кешегі Сыдықов, Машанов, Ибрашев, Еркеғұлов, Оразақов,
Әбішев, Шағым Жұмабаев еңбектерін-ақ еске алыңызшы. Осының өзі-ақ, қазақ
тілінің жетілген беллетристика тілі ғана емес, толыққанды саяси және ғылыми
публицистиканың тілі екендігіне көзімізді анық жеткізе түседі. Оның
мешеулігі мен кенделігі жайындағы лақаптар – бүгінгі саяси риторикадағы көп
бейпілдіктің ең бір өрескел түрі. Ендеше, әлгіндей қиянатын арылу жолы –
мемлекеттік тілді мемлекетіміз өмірінің барлық саласында батыл қолдану. Бұл
мәселені шешуде демографиялық аспектіге жүгіре бермей, негізінен
институттік, функциональдық аспектілерге жүгіну орынды. Ең алдымен, билік
орындары мемлекет тілінде сөйлемей тұрып, күллі мемлекет өз тілінде
сөйлемейді. Оның деңгейі қанша бастықтың, қанша шенеуніктің қазақша
білетіндігімен анықталмайды. Ісқағаздары, жиналыстар мен мәжілістер,
мемлекет рәсімдері қай тілде жүзеге астындығымен анықталады. Сондықтан,
шенеуніктерді емес, билік институттарын қазақша сөйлетуге күш салуымыз
керек. Ол ісқағаздарын жүргізетін жинақтар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz