Түрдің популяциялық құрылымы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Популяцияның өлім-жетімге ұшырауы.
  2. Түрдің популяциялық құрылымы
  3. Популяцияныц жіктелуі
  4. Тірі қалудың қисық сызығы

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Популяциялар мен бірлестіктер экологиясы.

Биогеоценоз, экология, экожуйе экологиясы.

Популяция дегеніміз белгілі бір территорияда тіршілік ететін және бір-бірімен өзара шағылысып ұрпақ беретін бір түрдің особьтарын айтамыз. Популяция деген сөз латынның, "популюс, халық, тұрғын ел деген аудармасынан алынған. Оны ғылымға ең бірінші рет ғалым В. Иогансен 1903 енгізген. Популяция мүшелерінің арасында өзара биотикалық қатынастар байқалады. Ал ол қатынастар абиотикалық қатынастарға қарағаңда өте күрделі болады. Қазіргі популяциялық экологтардың бірі, Томас Парк (1949) популяцияның биологиялық қасиеттерін, олардың ерекшеліктерін, группаға тән қасиетін ерекше атап өтеді. Сондықтан да биологиялық қасиеттер популяцияның тіршілік белгілерін сипаттайтын көрсеткіш болып есептеледі. Популяция ішінде көптеген биотикалык факторлардың әсерін байқауға болады. Мысалға, түр ішаралық қатынас, конкуренция, мутализм (түрлердің бір-біріне пайда келтіру қатьшасы, симбиоз) .

Сонымен, популяция бір группаға біріккен особьтардың жиынтығы өздеріне тән, жеке особьтардан ерекше қасиеітері болады. Сондықтан группалық ерекшеліктері осы популяцияның негізгі сипаты болып есептеледі. Оған жататын қасиеттері мыналар:

1. Саны- особьтардың белгілі бір территориядағы жалпы саны. Популяция саны осы территорияда кейде тұрақты немесе тұрақсыз құбылып өзгеріп түруы мүмкін.

2. Жиілігі- популяцияның кеңістікге бір жердегі, бір көлемдегі орташа саны. Мысалы, 1 гектар жерде 500 ағаш орналасқан, немесе 1 куб метр суда 5 млн-ға жақын су балдырлары бар немесе 1 гектар су көлемінде 200 кт балық тіршілік етеді.

Популяцияның орташа жиілігі дегеніміз особьтар санының белгілі кеңістіктегі өлшемі, ал арнаулы немесе экологиялық жиілігі дегеніміз осы особьтардың бір ауданда, бір жерде шын мәнісінде тіршілік ету қабілеттілігі. Айта кететін бір жай популяцияның саны кебейгенде оның жиілігі артпайды, оның себебі осы популяцияның мекендейтін аралының ауданы кеңеюіне байланысты.

Популяцияның санының өзгеруі 4 жағдайдан түрады: туы, өлуі, ареалға кіруі, ареалдан кетуі (миграция) .

3. Туып кобеюі- белгілі бір уақьгг арасында популяцияда пайда болған особьтар санын айтамыз.

Туып көбеюді екі топқа бөледі: абсолютті туып көбею мен салыстырмалы туып көбею.

Абсолюттік туып көбеюі деген белгілі бір уақыт арасында пайда болған особьтардың саны. Мысалы, қарапайымдылардың бір популяциясында 50 амеба суда тіршілік етеді дейік. Олар бөліну жолымен көбею арқылы бір сағаттың ішінде саны 150-ге дейін жетті, немесе 100-ге кебейді. Осы санды біз абсолюттік көбею деп атаймыз. Немесе бір қалада 1 халық бар, бір жыл ішінде 400 бала дүниеге келді. Оны абсолюттік көбею деп есептесеқ, салыстырмалы көбею деп осы 400 бала 1 халыққа шаққанда 0, 04-тен келеді. Осы санды (0, 04) салыстырмалы кебею деп атаймыз.

Популяцияның өлім-жетімге ұшырауы.

Бұл жағдайда әртүлі себептерге байланысты. Оларға мысал, генетикалық, физиологиялық қабілетті, сыртқы ортаның ыңғайсыз факторлары, паразиттік, аурулық т. б.

Особьтардың тіршілігінің кез келген кезеңінде осы факторлар әртүрлі жағдайда өсер етуі мүмкін.

Популяцияның өлімінде белгілі бір уақыт арасындағы шығынға ұшыраган особьтар санымен өлшеуге болады, немесе барлық популяцияны территорияда салыстырмалы шығымыменде есептеуге болады. Табиғатта организмдер өртүрлі жағдайлардың әсерімен өлімге ұшырауы мүмкін, біреулері өздерінің жауларынан өлсе, екінші біреулері өте күшті жұқпалы аурулардың әсерінен, үшінші жағдайда өздерінің жасы жетіп өлуі мүмкін. Сондықтан елімге ұшыраудаң кері, тірі қалу популяция үшін ең бір пайдалы болып табылады. Егер өлімге ұшыраған особьтардың санын М белгілесек, онда тірі қалғавдары мынаған тең болады 1-М. Тағы бір айта кететін жәй табиғатта организмдерде жиі кездесетің құбылыс особьтардың өте жас шағында көп шығынға ұшырауы. Мысалы, балықтардыи ұрпақтары ұрық кезінде көп оледі, немесе көптеген сүтқоректілердің арасында да балалары өте жас шағында үядан шыға бастағанда көп шығынға тап болады, Адам баласында әсіресе бала кезінде көп ауруларға шалдығып шығынға ұшырайды. Тек медицина ілімінің дамуының арқасында ғана әртүрлі жұқпалы оба ауруларынан сакталып қалды.

Популяцияның өсу қарқыны бір-біріне қарама қарсы екі жағдайға байланысты-ол туу және өлу.

Популяцияның өсуінің коффицентін кейбір особьтардың өсу қарқынын лаборатория жағдайында эксперимент жасау арқылы анықтауға болады.

Популяцияның санының осу қарқыны әртүрлі, сондықтанда олардың өсуіне арифметикалық масштабпен есептегенде екі түрлі өсу типін айтуға болады.

Популяцияның өлімі бір белгілі уақыт арасыңдағы өлімге ұшыраған особьтардың саны. Особьтардың туып көбеюі және өлімі өзі мекеңдейтін ортаға байланысты өзгеріп отырады. Сонымен қатар популяцияның көбеюіне және өліміне мынадай әсерлер эмиграция (басқа жерге аудару), иммиграция(басқа жерден әкеліп популяция санын жасанды көбейту) және түрлердің жалпылама өріс ауыстыруы.

Популяцияның артуы, өсуі- кірісі (көбею) мен шығысы (өлім) арасындағы айырмашылық саны. Популяцияның осуі қарама-қайшылықта болады. Кейде ол жағымды кейде жағымсыз сол ортада тіршілік ететін популяция үшін.

Популяцияның өсу қарқыны- бір уақыттағы орташа кебею саньш айтады.

Популяцияның өзіне тән айқын, нақтылы құрылымы да болады. Олар, особьтардың территорияға таралуы, топ ішіңдегі жыныстық ара қатынастары, жас шамалары, морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлқының және генетикалық ерекшеліктері. Міне, осының бәрі осы популяцияның қүрылысының ерекшеліктерін айқындайды. Бұлай қалыптасу бір жағынан түрдің жалпы биологиялық қасиетімен байланысты болса, екінші жағынан осы ортаның абиотикалық факторлары жөне басқа популяциядағы түрлердің тигізген әсерлерінің нәтижесі екенін байқауға болады.

Сонымен. популяцияның құрылысы оның осы ортаға бейімділігімен сипатталады.

Түрдің популяциялық құрылымы

Әрбір түр белгілі бір ареалды мекендеп бір популяция жүйесін құрды. Егер осы түрдің әрбір мүшелері осы кең территорияның ішінде бір жерден екінші жерге, немесе бір түрден екінші түрге ауысып отырса, онда ол популяцияның саны ете аз болады. Осында алыс жерге орын ауыстырып мекенін жиі өзгертіп отыратын түрлерге солтүстік бүғылар, полярлық түлкілер жатады. Мысалы, денесіне белгі қойып бақылаудың арқасыңда, бұл түлкілердің бір маусымда нсүз шақырымнан мың шақырым жерге дейін өзінің мекенін ауыстырып отыратындығын байқаған. Сейтіп бұлар ірі популяциялардан тұрады. Осындай түрлердің жекеленуі олардың кеңістікте қозғалыс, қимыл қасиеттеріне байланысты. Кейбір түрлер кең территорияны біріңғай жиі мекендейді. Бұлардың территория шекараларын анықтау өте қиын. Мысалы, қоңыздарға жататын қанқызы (божья коровка) табиғаттың әртүрлі, арқылы жерлерінде кездеседі. Бұлардың мекендейтін, тіршілік ететін жерінің табиғатта ауысып өтіп отыратын кездері болады. Мысалы, көптеген қара қарғалар балалары кейде күзде басқа мекенге ұшпай, қыста қалып қояды. Сөйтіп олар түрғылықты түрлерімен қосылып қыстап шығады. Осыңдай жағдайлар немесе популяция арасьщдағы өзара: қарым қатынастар осы түрлер топтарының сипаттамасьш өзгертуге әкеліп соқтырады. Мысалы, олардың санының өсуіне, жас шамаларының өзгеруіне, өлім жетімге ұшырауына, популяцияның өсу жылдамдығының өзгеруіне әсерін тигізеді. Популяциялардың өте ұзақ немесе толық оқшаулануы, бөлінуі жаңа түрлердің пайда болуына әкеліп соғады. Популяциялар арасындағы өзгерістер әртүрлі дәрежеде болады. Бұл өзгерістер олардың топтарының сипаттарында ғана емес, кейде олардың жеке особьтардың морфологиясының, физиологиясының және мінез құлықтарының, ерекшеліктерінің сапа жағына да әсеріи тигізу мүмкін. Осы ерекшеліктері негізінен табиғи сұрыптаудың арқасында болады. Әрбір популяцияның белгілі бір ортаға бейімделуіне әкеліп соқтырады. Әр орталықта, әр жерде тіршілік ететін ақ қоянды алатын болсақ, олардың түрі, түсі дене пішіні, ас қорыту системасының құрылысы да әртүрлі болады. Мысалы, Ямал аралығындағы қояниың соқыр ішегін Урал даласында тіршілік ететін түрімен салыстырып көрсек соқыр ішегінің үзындығы екі есе артық екенін байқауға болады. Бұлай болу себебі қоректік заттардың құрамына-және оның қаттылығына байланысты болатындыгын байқауға болады. Немесе мынаңдай мысал келтіруге болады: Орталық Якутияда тіршілік ететін ақ қоян популяциясының аналығы жылына бір рет туады да оның бауырында жетіге дейін көжек ереді. Сондықтан да әр районда, әр жерде тіршілік ететін органиімдердің популяцияларының өсуі, өнуі, олардың саны, тығыздығы, популяцнялық құрылысы, осу темпі әртүрлі болатынын. байқауға болады. Популяции аралығындағы айырмашылық әртүрлі жағдайлардың ұқсас болмауын байланысты бір-бірімен өте үлкен айырмашылықта болады және осбьтар арасыңда алмасу процестері де нашар.

Популяцияның жіктелуі

Көптеген маман экологгар популяцияпы әртүрлі топтарға болуде әртүрлі принциптерге (пікір, көзқарастар) сүйенеді. Олардың бірі-бір түрдің ішіндегі территорияга тоқтауы.

Эколог Н. П. Наумон мысалы, сүтқөректілерді жоғары сатыдағы әртүрлі түрлердің популяция системасы немесе жиынтығы деп қарайды, Ол популяцияны болгенде ландшафтарфты, мекеніне қарап негіздейді. Ең үлкен, жоғары түрлер тобындағы түрді-түр тармағы немесе географиялық нәсілге бәледі. Түр тармағы, системасы және оның алып жатқан мекенінің көлемі түрлердің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады екен. Әсіресе өте қозғалғыш түрлердің ареалы өте кең болуы мүмкін.

Ал төменгі сатыдағы популяцияларға әртүрлі атаулар қолданылады, экологиялық, биотоптық, жергілікті, қарапайым немесе элементарлы және т. б. Бұндай популяциялардың барлығы уақытша және тұрақты емес. Популяция рангісі немесе сатысы төмен болған сайын, олардың арасындағы байланыс та күшейеді, особьтар арасындағы байланыс дәрежесі жоғарылап, айырмашылықтары да азая бастайды. Бірақ, ең бір айырмашылық белгілері түр тармағы сатысында ерекше белгілі болып түрады. Сондықтан да әртүрлі сатыдағы популяция арасыңдағы байланыстар түрлердің бірігуіне, оның ұрпақтан- ұрпаққа көбеюіне үлкен әсер етеді.

Ал академик С. С. Шварцтың көзқарасы бойьшша табиғатты популяцияға тарихи-генетикалық түрғыдан қарауды ұсынады. Популяция генетикалық біртұтас болғандықтан оларды жыныс жолымен және айқас ұрықтануына байланысты түрлердің тобына бөлуді жақтады. Бұның ең бір ерекше белгілерінің бірі осы мекенде кәп уақытқа дейін өз бетінше тіршілік ету қабілеті, оның көбеюі өзіне байланысты, оған сырттан басқа бір күш әсер етпеу керек. В. Н. Беклемишевтің және оның ізін қуушылардың көзқарасы бойынша популяцияның құрылымы барлық түрлерге тән қасиет, бірақ әртүрлі ортада тіршілік етуі кабілетіне байланысты және ортамен өзара қарым-қатынасына қарап отырып популяцияны әртүрлі типтерге болуге болады. Мысалы, кебею қабілеттілігіне және генетикалық біліміне байланысты популяцияны мынадай типтерге бөлуге болады. Панмиктикалық (айқас ұрықтануы) клональды және клональды-панмиктикалық. Клональды-панмиктикаға мысал, көптеген биттердің партогектикалық ұрпақтары кейіннен жыныстық жолмен көбеюіне ауысады. Оз-өзімен ұрпақтану, көбею қабілеттілігіне байланысты тұрақты және тұрақсыз популяцияларға бөлуге болады. Тұрақты популяциялар тәуелсіз, сыртынан басқа особьтардың араласуының қажеті жоқ, популяцияның саны барлық уақытта тұрақты, оған ешқандай тәуелсіз. Тұрақсыз популяцияның ерекшеліктерінің бірі, жойылған популяцияның особьтар санын ездерінің ұрпақтары арқылы орнын толтыра алмайды, сондықтан басқа ортадан келген түрлер арқылы толықтырып отырады. Популяция түрлерінің территориялық шекарасы сәйкес келмейді.

Тірі қалудың қисық сызығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демэкология немесе популяциялар экологиясы
Популяциялық генетика негіздері. Популяцияның генетикалық құрылымы. Адам популяциясының генетикалық әртүрлілігі
Популяция туралы түсінік. Түрдің популяциялық құрылымы.
Популяция және оның генетикалық құрылымдары
Популяцияның тығыздығы, статикалық сипаттамалары, реттелеу
Популяциялар генетикасы және эволюциялық генетика негіздері
Популяциялардың кеңістіктік құрылымы
Популяциялық экология – демэкология. Экожүйеге қышқыл жаңбырдың әсері
Популяциялар саны, тығыздығы
Популяция туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz