Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру


Кіріспе
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға кәсіптік бағдар беру, олардың экономикалық ой-өрісінің қалыптасуына, еңбектің жетілдірген жаңа тәжірибелерін игеруге ықпал етеді. Мамандық таңдауға кәсіптік бағдар беруде әрбір оқушының психофизиологиялық, жеке қасиеттері, мамандық таңдаудағы басты себептері назардан тыс калмауы керек. Кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық жағдайындағы роліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді [1] .
Елбасымыз, Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауында былай деген болатын: Білім беруді жаңартуды жалғастыру қажет. Осыған байланысты Президент Үкіметке мынадай тапсырма берді:
- білімнің сапасын көтеру және қол жетімділігін кеңейту үшін білім беруді қолдаудың жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу;
- техникалық және жоғары білім беру деңгейі үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіде ипотекалық құрылысты қазір іске асырылып жатқандай, соған балама жинақтау жүйесін әзірлеу;
- бизнес қоғамдастығы мен жұмыс берушілер қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен кәсіптік-техникалық мамандар даярлау жөніде Ұлттық кеңес құру[2] .
Кәсіби бағдар беру мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі жылдамдап отырған заманда адамның интелектуалдық еңбек үлесі өседі және білім деңгейіне, шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талап жоғарылайды. Кәсіби бағыттылық оқушының кәсіптік жағынан өзін-өзі айқындауының маңызды бөлігі ретінде мамандық таңдауға белсенді қарым-қатынасынан көрінеді [3] .
Проблеманың теориялық және практикалық өзектілігі, “оқушылардың жұмыстық мамандықтарға кәсіби бағыттылығын қалыптастыру” деген сауалға жауап табуға итермеледі. Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.
Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер П. П. Блонский, Г. Н. Стычинский, В. А. Сухомлинский, Ю. П. Сокольников, А. П. Сейтешов Г. А. Уманов, Л. К. Кермов және олардың шәкірттері баланы жас кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен [4] .
Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері көмегімен баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет атқаруға икем екенін болжамдап береуге болады. Атап айтсақ, темпераментті зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тестері, Басса-Дарки, Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері, таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін анықтау әдістемелері көмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға болады [4] .
Жоғарыда айтылғанды басты назарға ала отырып, жұмысымыздың мақсатын анықтадық. Бұл - орта мектеп оқушыларына жұмыстық мамандықтар бойынша кәсіби бағыттылықты қалыптастыруға арналған электрондық жинақ құрастыру.
Мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды :
- кәсіби бағдар беру жұмысының теориялық негіздерін анықтау;
- жұмыстық кәсіп қалыптасуының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін қарастыру;
- жұмыстық мамандықтар бойынша кәсіби бағыттылықты қалыптастыруға арналған электрондық жинақ құрастыру.
Зерттеу пәні - орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жүйесі.
Зерттеу объектісі - орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру процесі.
Зерттеу болжамы - егер орта мектеп оқушыларына жұмыстық мамандықтар бойынша кәсіби бағыттылықты қалыптастыруға арналған модель енгізілсе, әлеуметтік салада осы мәселені шешуге, бастауыш кәсіптік білім беру мекемелерінде оқушылар санын көбейтуге мүмкіндік береді.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы - «кәсіби бағдар» түсінігін нақтылау және «Жұмыстық кәсіп әлеміне саяхат» атты электрондық жинақ әзірлеу.
Жұмыстың практикалық мәнділігі - «Жұмыстық кәсіп әлеміне саяхат» тақырыбында электрондық құрал әзірлеу.
Зерттеу базасы Өскемен қаласы, №23 орта мектептің 9 және 11 сынып оқушылары.
Кіріспе бөлімінде , тақырыптың актуалдығы, жұмыстың теориялық және практикалық мәнділігі айтылады.
Бірінші бөлімде орта мекте оқушыларына кәсіби бағдар беру негізі, және жұмыстық кәсіптің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері қарастырылды.
Екінші бөлімд е сараптау-эксперименттің жұмыстарды ұйымдастыру, сараптау-эксперименттік жұмысты жүргізу сипатталады.
Қорытынды бөлімде зерттеу нәтижелері шығарылады.
- Орта мектеп оқушыларында кәсіби бағдар беру жұмыстары арқылы жұмыстық кәсіп негіздерін қалыптастыру аспектілері
1. 1 Кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасы кәсіптік бағдар берудің мазмұны мен жұмыс формаларын ұйымдастыру мемлекетіміздің білім беру саясатын айқындайды.
«ҚР жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында», жалпы білім беретін мектептің мақсаты - оқушыларға кәсіби бағдар беріп, мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделігін тәрбиелеуді қажет етеді [5] . Жас ұрпаққа кәсіптік бағдар беру проблемасы бұрыннан қарастырылып келе жатқан мәселелердің бірі. Кәсіптік бағдар - бұл өзара байланысты компоненттерден тұратын тұтас жүйе. Оқушылардың әртүрлі қызметке икемділігін - ойын, танымдық еңбек (кәсіптік белсендіру) арқылы қызығушылығын дамыту; кәсіптік психодиагностика, кәсіптік кеңес, кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімделу және кәсіптік тәрбие қарастырады [6] .
Кәсіби бағдар берудің тарихына тоқталар болсақ. Кәсіби бағдарлау қоғамдық процеске айналып 19 ғасырдан бастап кәсіби диагностика, кәсіпке жарамдылықты анықтау аяқ ала бастайды. Сонымен қатар кәсіби ағарту, кәсіби кеңес беру, әлеуметтік кәсіби адаптация және кәсіби тәрбиелеу ғылыми жағынан байыпталып зерттеліне бастады. Бұл жұмыс әр адамның жекелік психикалық ерекшеліктерін анықтап, әр адамның тіршілік түрлеріне икемдилігін анықтаумен ұштастыру мәселелері қарастырылады. Ағылшын ғалымы Ф. Гальтон жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда анықтаудың ірге тасын құрушылардың бірі болды. Осы айырмашылықтарды зерттеу мақсатымен Ф. Гальтон Лондонда 1888 жылы халықаралық медициналық және денсаулық сақтау әдістерін қолдану көрмесін ашты. Көрмеге келушілер өздерінің тән қабілетімен қатар психикалық ерекшеліктерін 17 көрсеткіштер бойынша анықтап алуға мүмкіндіктер жасалды [7] .
1908 жылдың қаңтар айында Бостон қаласында жастарды кәсіби бағдарлау жұмысының алғашқы бюросы ашылып, мұнда талапкерлердің өмірлік еңбек жолын анықтауға көмек беретін әдістемелер қолданыла бастады. Бұл бюроның іс-әрекеттерін ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдарлаудың бастамасы деп айтуға болады. Көп ұзамай осыған ұқсаған бюролар Нью-Йоркте ашылды. Оның міндетіне әр түрлі мамандықтардың адамға қойатын талаптарын зерттеп, мектеп оқушыларының қабілетін анықтау болды. Бұл бюроның негізін құрушылардың бірі Ф. Парсонс табысты мамандық таңдаудың үш негізгі факторларын бөліп көрсетті: әр адамның өзін-өзі дұрыс бағалауы, өзінің іс-әрекет түрлеріне бейімділігін, қабілетін, қызығушылығын, ұмтылысын, мүмкіндіктерін және шектеуліктерін дұрыс бағалауы; әрбір таңдаған мамандық бойынша қызмет атқарғанда табысты жұмыс істеу үшін ненің қажет екенін білуі; мамандықтың талабы мен байланысты білімді өзін-өзі бағалаудың нәтижесін үйлестіре алуы. Осы және көптеген әлеуметтік психологиялық зерттеулердің нәтижесінде 1911 жылы Англияда 17 жастан төмен оқушыларға мамандық таңдауға міндетті түрде көмек көрсету туралы Заң қабылданды [7] .
АҚШ-та мамандарды кәсіби жарамдылығы бойынша таңдаудан өткізуге ерекше көңіл бөлінді. Гарват университетінің психологиялық зертханасының директоры Г. Мюнстерберг, психотехникалық зерттеулердің негізін құрушылардың бірі, кәсіби таңдау жүргіжу технологиясын анықтап, өз зертханасында көптеген әдістемелер жасауға өз үлесін қосты [7] . Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында әскери техниканы басқарушылардың кәсіби жарамдылығын анықтап іріктеп алу қажет екені дәлелденді. Осы қызметті жолға қою үшін көптеген арнайы зерттеулер жүргізілді [8] .
Германияда 1922 жылы кәсіби бағдарлау және кеңес беру жүйесін құру жайлы Заң қабылданды. Кәсіби кеңес беру бюросының ұстанымдары бойынша еңбек биржасында мынадай ережелер құрылды: жеткіншектерді мамандық таңдауға жоспарлы түрде даярлау; бюро жұмысын мектептермен тығыз байланыста ұйымдастырып, мектеп бітірушілермен арнайы жұмыстарды келесі бағыттарда жүргізу: мамандықтар туралы мағлұматтар беру; мектеп бітірушілердің жекелік қасиеттерін анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізу; жұмысқа немесе кәсіби мектептерге ұсыныс хат толтыру [9] .
Кәсіби бағдарлаудың ғылыми педагогикалық негізін қалауға халыққа білім беру жүйесін бұрынғы Кеңес жерінде құруға үлкен үлесін қосқан А. В. Луначарский, П. П. Блонский өз үлестерін қосты. 1927 жылы Санкт-Петербургте кәсіби кеңес беру бюросы ашылды. Бұл жерде мамандыққа баулу тәжірибесімен қатар ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1928 жылы П. П. Блонскийдің "Педалогия негіздері" деп аталатын еңбегі жарық көрді. Тәжірибелік психологиялық білімді ол кезде педалогия деп атады. Осы еңбекте жеке адамның тұлғалық қасиеттерін жан-жақты зерттеу, және ағзаның физиологиялық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері жүйеге келтіріліп берілді [7] . Батыс Еуропа елдерде бұл тәжірибе өте кең тарап, Еуропалық ғалымдар К. Айзенк, Кеттел, Бине, Симон т. б. көптеген ғалымдар адамдардың жекелік қасиеттерін, интеллектуалдық іс-әрекеттерге икемділігін, жан мен тәннің бір-біріне тәуелділігін т. б. көптеген проблемаларды зерттеу жолдарын анықтап, оларды психологиялық кеңес беруде қолдану жолдарын зерттеді [10] . 1984 жылы қабылданған Кеңес мектептерінде жүргізілген реформаның материалдарында мектептерде психологиялық қызметтерді ұйымдастырып, психологиялық зерттеулерді кеңінен қолдану қажеттілігі көрсетілген. Сонымен қатар психологиялық кеңес беру орталықтарын ашу туралы көптеген ұсыныстар жасалған. Осы кезден бастап көптеген Ресей мектерінде, Балтық жағалауындағы мемлекеттерде мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беоу орталықтары ашыла бастады. ССРО ғылым академиясы жанынан мамандық бағдар беру ғылыми зерттеу институты ашылып, онда осы бағытта көптеген зерттеулер жүргізілді [11] . Қазақстанда кәсіби бағдар беру проблемалары педагогика ғылымдарының докторылары, профессор А. П. Сейтешов, Г. А. Уманов, Л. К. Керимов, және олардың шәкірттері жан-жақты зерттеді. Олардың айтуы бойынша кәсіби бағдар беру - психологиялық, педагогикалың және медициналық іс-шаралар жиынтығы болып келеді. А. П. Сейтешов мамандыққа баулу және кәсіби бағдарлау баланың дүниеге көзқарасының қалыптасуына негіз болады деп дәлелдеген. Бұл жұмыс жастардың тілегі, ықыласы мен олардың мүмкіндіктерін бір-бірімен үйлестіруге бағытталған. Сонымен қатар халықтың тұрмыс шаруашылығы мен жалпы қоғамда мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, еңбекке жарамдылық процесін оңтайландыруға бағытталған [12] .
Кәсіби бағдар беруді қарастыру үшін, оның негізгі екі құраушысын қарастырып кеткен жөн. Олар кәсіп және бағыт-бағдар. Кәсіп - латын тілінен аударғанда “мамандық”, айналысатын қызмет түрі. Бағдар-бағыт - қоршаған ортада, мысалы, мамандықтардың арасында талғай білу.
Кәсіби бағдар беру бойынша ғылыми әдістер арқылы алынған дәлелді фактлер өте аз. Сондықтан басты міндет қазіргі кезде жаңа фактлер жинау болып отыр. Мысалы, әр аймақтың өз ерекшеліктеріне байланысты болжам жасалып отыруды қажет етеді [13] .
Келесі компонент - заңдылықтар , ғылыми зерттеулер осы заңдылықтарды анықтау үшін жүргізіледі. Кәсіби бағдар беру түсініктерінің басқа ғылым түсініктерімен ұштасу жағдайын қарастырады. Әр теорияның даму дәрежесі принциптердің сапасы мен құрылымымен анықталады.
Саналылық принципі арқылы мамандық таңдауына тек қана өзінің қалауын қанағаттандырып қоймай, қоғамға да әкелетін пайдасын ойлауды қажет етеді, халық шаруашылығына қажет мамандықтарды игеруге саналы түрде талпыну керек. Тұлғаның өз қабілеті, қызығушылығы, икеміне таңдап алған мамандықтың сәйкестігі, сонымен бірге қғамның осы мамандарға қажеттілігін ашу. Осы екі жақты қажеттілікті дұрыс шешпеген жағдайда баланс бұзылады. Сұранысқа жауап бере алмай, кей мамандар аз дайындалып, кейбір мамандардың сұраныстан артық дайындалуы осыдан болады [13] .
Белсенділік принципі - мамандық таңдағанда маңызды рөл атқарады. Оны оқушы өзіндік ізденіс арқылы, әдебиет, теледидар арқылы үйірмеге қатысу барысында, еңбекпен араласқанда, ата-аналарының кеңесі мен жүзеге асырады.
Соңғы принцип - даму принципі . Тұлғаның мамандық таңдау барысында квалификациясын жоғарылату, жалақысын көбейту, кәсіби шеберлігін арттыру, қоғамдық жұмыстарға қатысу, мәдени талаптарын қанағаттандыру, демалыс, тұрмыс қажеттілігіне жауап беретін мамандық таңдауды қажет ету деп түсінүге болады [14] .
Кәсіби бағдар беруде тағы да басқа принциптер бар. Жалпы педагогикалық принциптермен тығыз байланысты. Ол кәсіби бағдар еңбекпен, өмірмен байланысы, заман талабына сәйкес мамандармен қамтамасыз ету:
- кәсіби бағдар беру оқушының еңбекке дайындығымен байланысты, өйткені оқушының мамандық таңдауда еңбектік тәрбие мен оқу процесі, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, техникалық шығармашылықты ұйымдастыру жұмыстарына әсер ететіні белгілі;
- жүйелілік пен сабақтастығы: 1-ден 11-сыныпқа дейін міндетті сабақтастығы осы жұмыстың сыныптан сыныпқа қамтамасыз етеді;
- мектеп, өндіріс, жанұя, кәсіби оқу орындары арасындағы байланысы да жастарға мамандық таңдауына көмек көрсетеді;
- тәрбиелік сипаты - еңбектік, экономикалық, эстетикалық, құқықтық тәрбиенің рөлімен дифференциалды және жекеше көмек көрсету. Ол жас ерекшелігін, қалыптасқан қызығушылығын ескеру арқылы [13] .
Кәсіби білім беру мақсаты мен міндетін жүзеге асыруға оның теориясы мен әдіснамасының әсері зор. Өйткені онда практикалық жұмыстың тиімділігін көтеру үшін теория мен әдіснамада идея, көзқарас, формалары мен әдістері, принциптері тексеріледі [15] .
Кәсіби бағдар - оқушыларға бағыт-бағдар беру кәсіп таңдауда. Сонымен қатар кәсіби бағдар беру - өмірге жаңа аяқ басқан адамға бағыт берудің тәрбие жұмысының жүйесі. Кәсіби бағдар беру бойынша практикалық жұмыстары мен теориясын ескере отырып келесі анықтама берілген.
Кәсіби бағдар беру - жастардың қабілеті, қызығушылығы, икеміне байланысты және қоғамдық сұраныстарға сәйкес бағытталған қызмет түрі[13] .
Кәсіби бағдар берудің практикалық жағы - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, мекмелер мен өндіріс орындарының қызметінен тұрады [14] .
Кәсіби бағдар беру теориясын осы бағытқа тиімді кәсіби бағдар қызмет етуге арналған көзқарас-идеялар құрайды. Ол - біртұтас заңдылықтар жайлы көзқарас және өзінің қызығушылығына байланысты өзіндік кәсіби анықталуына жол беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы.
Кәсіби бағдар беру әдіснамасы - негізгі құрылымдар мен зерттеу әдістері осы бағыттағы және жастарға әсер ету туралы ілім. Негізгі қағдаларға идеяның концептуалдық сипаты жатады. Бұл идея 30-жылдарға дейін “диагностикалық концепция” деп аталған. Көбінесе мұнда тесттер қолданған. Кейін дұрыс қолдауын таппаған соң “тәрбиелік концепцияға” ауыстырылады [13] .
Кәсіби бағдар беру әдіснамасына кәсіби бағдар беру жүйесін анықтау және дамыту мәселелері жатады. Кәсіби бағдар беру жүйесіне анықтама бермес бұрын мына қағидаларды қарастырайық:
- кәсіби міндеттер, принциптер, форма, әдіс, тиімділік критерийлері, деңгей, бағытты т. б. элементтерді енгізетін жүйелі қызмет;
- кәсіби бағдар жүйесі - еңбектік және кәсіби дайындық жүйесінің төменгі бөлігі болып табылады;
- кәсіби бағдар беру жүйесі - өндірістік күш пен қарым-қатынас құрылымында пайда болған тұлғаның әлеуметтік бағдар жүйесі;
- кәсіби бағдар беру әлеуметтік салаға жатады [13] .
Осы аталған қағидалардан кәсіби бағдар беру жүйесіне анықтама беруге болады. Оқушыларға кәсіби бағдар беру жүйесі - ұйымдасқан басқарылатын қызметі. Мектеп, мекеме, жанұяның оқушыныңынтасына байланысты кәсіби бағдар беруге бағытталған ұйымдасқан, байланысқан қызметі.
Кәсіби бағдар беру жұмыстары жүйесінің мақсаты оқушыларға мамандық таңдауға көмектесу. Негізгі компонентіне оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсаты, міндеті, бағыты, формасы, әдістемесі. Қазір кәсіби бағдар беру жұмыстары келесі бағыттарды қамтиды:
- кәсіби ағарту. Ол - кәсіби ақпарат беру, кәсіби жарнама, кәсіби жариядан тұрады. Негізгі сипаты - мақсаттылық, жоспарлық, диференциалдық әдістерінің жинақтылығы;
- кәсіби диагностика, мамандыққа деген қызығушылығы, икемін анкета, тест арқылы анықтау;
- кәсіби консультация оқушыға жекеше көмек көрсету;
- кәсіби іріктеу ОӨК да жақсы нәтиже береді, нақты мамандықпен айналысу арқылы;
- әлеуметтік-кәсіби үйрену (адаптация) оқу шеберханасында, өндірістік практикада өтеді;
- кәсіби тәрбие оқушының жауапкершілігін, тәртібін арттырады;
- кәсіби бағдар беру формасы мен әдістеріне-мамандық туралы әңгіме, топсеруен, қызығушылық клубтары, үйірмелер, анкеталау, тестілеу, рефераттар жатады [16] .
Оқушыларды психологиялық дайындықта еңбекке және саналы түрде кәсіп таңдаудағы басты ролді мектеп атқарады. Мектептің барлық кәсіби бағдар беру жұмысының орталық құрылымдық элементі болып кәсіби ақпарат табылады. Онымен біз ұйымдастырумен оқу-тәрбие жұмыстарын өткізуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық жағдайларда мамандықты дұрыс таңдауды, оқушылардың қажетті білім өрісін игеруді түсінеміз [18] . Кәсіби ақпарат мектептегі барлық оқу-тәрбиелік жұмыстар жүйесімен тығыз байланысқан. Оның басты мақсаты оқушыларды мамандықты дұрыс таңдауға дайындау, келешекте жан-жақты және гормониялық тұлға ретінде дамуын, өзіндік еңбек қызметіне қадамын қамтамасыз ету [18] .
Қазіргі уақытта мектептерде жүргізіліп жатқан кәсіби ақпарат жұмыстары жақсы нәтиже беріп отыр. онда оқушылар кәсіби қызметтерінің түрлерімен танысады, оларда материалды өндіріске, қызмет көрсетуге және т. б. кәсіптер саласына деген қатынас қалыптасады [6] . Кейбір жағдайларда әлеуметтік беделдігіне байланысты кәсіп таңдау тенденциясы әлсірейді. Бірақ, кәсіби ақпарат жұмысы өзіне жүктелген мүмкіндікті толығымен жүзеге асырмайды. Біздің пікірімізше, мұндағы басты кедергі болатын педагогтардың теориялық және әдістемелік қарусыздығы, мектеп жағдайында көбінесе кәсіби ақпарат жұмысының мәнін, мақсаттарын, формаларын, әдістерін іске асыру туралы толық түсініктерінің жоқтығынан бөліп отыр. Мектеп жұмыстарының тәжірибесі көрсеткендей, сабақтарда кәсіби ақпарат әлі күнге дейін қолданыс тапқан жоқ. Кәсіп туралы, негізінен үстірт, толық емес беріледі [19]
Оқушыларға жақсы ықпал ету үшін ол, өзіндік мазмұны бойынша кәсіби графикалық болып, олардың танымдық қажеттіліктеріне негізделуі керек. Оқушыларға жұмысшы тұлғаның алдына қойылатын талаптардың мазмұнын ашып, кәсіпкердің әлеуметтік-экономикалық мағынасын айтып қана қоймай, оның қысқаша психофизиологиялық сипаттамасын беру қажет [20] .
Көптеген жағдайларда кәсіп туралы ақпараттың ұнамды жақтары ғана айтылады, оқушыны шатастыратын, теріс пікірлері келтіріледі. Көптеген мамандардың шығармашылық элемменттері, әсіресе жұмысшылардың, шығармашылық процесті тікелей көруге мүмкіндігімен жасырынған. Бірақ, шығармашылық-объектіге немесе еңбек затына тән сапасы немесе қасиеті емес, ол қызмет ерекшелігі және оны оқушыларға көрсете білу қажеттілігі.
Ең бастысы кәсіп туралы ақпарат оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыратындай және белсендіретіндей болып, “шығармашылық емес” кәсіпкердің қызметеріндегі шығармашылық элемменттерін көрсете білу керек [18] .
Басылымдарды талдау мен тікелей тәжірибе көрсеткендей, кәсіби бағдар беру теориясы мен практикасында бүгінге дейін “кәсіби ақпарат” ұғымының мазмұны анықталмаған. Кәсіби ақпарат, кәсіби бағдар беру жұмысының ақпараттық-анықтама аспектісі ретінде, шектеулі мағынада қарастырылып жүр. Осыған байланысты оның мақсаты белгілі кәсіптердің еңбек жағдайларында оларды меңгеру жолдары арқылы кадрлар қажеттілігіне анықтама стендті құруға әкеледі [19] .
Сонымен қатар оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне, жастарына және жалпы білім беру мүмкіндіктеріне, дифференцияланған амал көрсетілмеген. Өз кезінде кәсіби насихат және кәсіби үгіт бойынша жеке формулаларды барлық кәсіби ақпарат жұмыстарының бірегейленуіне әкеледі.
Теориялық және қолданбалы аспектлерде мектептегі кәсіби ақпараттық жұмыстардың келесін шарттарын білуге болады: оқушы тұлғаға ұсынатын кәсіптер әлемімен оларды талаптары туралы білімін қалыптастыру, белгілі бір кәсіпті игеру жағдайлары мен жолдары туралы ақпараттындыру [21] .
Барлық мамандықтар туралы дұрыс пікір тәрбиелеу, әсіресе халық шаруашылығы қажет етіп отырғандарға, кадрлардағы туындалған қажеттіліктерді және тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тұрақты қызығушылық пен кәсіби ниетін дұрыс дәлелдей білуін қалыптастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz