Терминологиялық бірліктердің лексикографиялық сипаты
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер:

Еліміздің егемендік алуы мен қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуына байланысты ана тіліміздің өз шешімін күтіп тұрған көкейкесті мәселелері жеткілікті. Қазіргі кезде күллі әлемге жайылып келе жатқан жаһандану процесі әсіресе ұлттық ерекшелікті, ұлттық құндылықтарды сақтауға орасан кедергі келтіруде. Осындай қиын кезеңде тілімізді сақтап қалу, дамытып, күшейтудің басты амалдарының бірі – ұлттық ғылым тілін, оның терминологиясын дамыту. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың басты жолдарының бірі – ғылыми тілдің мәртебесін айқындау, терминологиялық бірліктердің құрамын реттеу, олардың мағынасын ашудың әдіс-тәсілдерін анықтау. Академик Ә.Қайдар, атап көрсеткендей, ең алдымен, ана тіліміздің тұғырына тірек болар үш тағанын – жазу-сызуын (ұрпақ арасын жалғастырар алтын көпірін), ономастикасын (жер бетіндегі ескерткішін) және терминологиясын (оның баю, жаңару көзін) берік ету қажет. Осымен байланысты терминология саласында жүргізілетін жан-жақты ғылыми зерттеулер оның ғылыми тілін дұрыс қалыптастыруға көмектеседі. Терминология мәселелері қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, С.Жиенбаев еңбектерінен бастау алса, қазақ ұлттық терминологиясының өзекті мәселелері Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ө.Айтбайұлы, Б.Қалиұлы, Ш.Құрманбайұлы зерттеулерінде жаңа сапалық та мазмұндық деңгейде шешімін тапты. Терминологияның ғылыми-теориялық мәселелері орыс тіл білімінде А.А.Реформатский, В.В.Виноградов, Н.А.Баскаков, Д.С.Лотте, В.П.Даниленко, В.М.Лейчик, А.В.Суперанская т.б. ғалымдардың зерттеу нысанына айналды. Терминологияның жекелеген салалық жүйелерін кешенді түрде, жан-жақты зерттеп, салалық терминдердің құрамы мен құрылымын анықтап, оларға дұрыс анықтама берудің қазақ тіл білімі үшін қаншалықты маңыздылығын С.Ақаев, Ш.Біләлов, К.Аяпбергенова, М.Молдажаров, К.Күркебаев, А.Қоңырова, Ә.Нұржанова, С.Сәрсенова т.б. ғылыми еңбектері айқын дәлелдейді. Терминологиялық сөздіктердің құрылымы мен жүйесін, жалпы терминологиялық сөздікті жасау мәселелерін қарастыратын сала ретіндегі қазақ терминографиясын қалыптастырудың негіздерін зерттеген Е.Әбдірәсіловтің, ғылыми тіл құрылымын анықтауға арналған С.Әлісжановтың, терминологиялық жүйедегі когнитивтік құрылымға назар аударған С.Исанова, М.Қожаевалардың ғылыми еңбектерін қазақ терминологиясындағы жаңа бағыттағы жақсы нәтиже деп бағалауға болады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда, қоғамдық-әлеуметтік мүддеге сәйкес қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде ғылым саласында да толыққанды қызмет етуінің негізін қалыптастыруда, ең алдымен, ғылыми тілдің мәртебесін айқындау аса маңызды. Себебі ғылым саласындағы мәтіндердің тілін ғылыми тіл мен ғылыми стильдің қайсысына жатқызуға болады деген сауал осы күнге дейін біржақты анықталып, өзінің шешімін тапқан емес. Екіншіден, ғылыми тіл бірліктерінің ара-жігін ашып, олардың өзіндік ерекшеліктерін, сөздік түрлерінде орналасу орындарын анықтау, олардың ғылыми сипаттамаларын жасаудың қажеттілігі де белгілі болып отыр. Бұл мәселелердің ғылыми шешімін табуы терминдер мен номендерге түрлі лексикографиялық еңбектерде дұрыс анықтама беруге негіз болмақ. Үшіншіден, терминологиялық бірліктерді сөздіктердің негізгі типтері мен түрлерінде лексикографиялаудың басты заңдылықтары мен әдіс-тәсілдері қандай болатынын айқындау бүгінгі таңдағы терминология үшін де лексикография үшін де аса маңызды болып отыр. Осы аталған ғылыми мәселелер бойынша қазақ терминологиясында жүйелі зерттеме жүргізудің қажеттілігі осы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

1. Әлісжанов С. Ғылыми прозаның синтаксисі. Алматы, 2007. -304 б.
2. Никитина С.Е. Семантический анализ языка науки. На материале лингвистики. М., 1987. -109 с.
3. Гавранек Б. Задачи литературного языка и его культура // Пражский лингвистический кружок. М., 1967.
4. Суперанская А.В. Литературный язык и терминологическая лексика // Проблемы разработки и упорядочения терминологии в академиях наук союзных республик. М.: Наука, 1983.
5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Экономика және қаржы. Алматы: Мектеп, 2003. 304 б.
6. Мұсаева Ж. Қазақ лексикографиясында қолданылатын атаулардың метатілдік табиғаты: филология ғылымдарының кандидаты авторефераты. Алматы, 2006. -24 б.
7. Горский Д.П. Определение // Философская энциклопедия. Т.4. М., 1967.
8. Дарбинян А.К. Общая характеристика метаязыка толковых словарей: Автореф. дисс.канд. Ереван‚ 1988. 20 c.
9. Щерба Л.В. Опыт общей теории лексикографии // Известия АН. Отд. Л-ры и языка. 1940. Вып.3.
10. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1-том. Алматы, 1959.
11. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Он томдық. Алматы, 1976-84. 1-том. 694 б.

ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ бірліктердің лексикографиялық сипаты
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Еліміздің егемендік алуы мен қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне
ие болуына байланысты ана тіліміздің өз шешімін күтіп тұрған көкейкесті
мәселелері жеткілікті. Қазіргі кезде күллі әлемге жайылып келе жатқан
жаһандану процесі әсіресе ұлттық ерекшелікті, ұлттық құндылықтарды сақтауға
орасан кедергі келтіруде. Осындай қиын кезеңде тілімізді сақтап қалу,
дамытып, күшейтудің басты амалдарының бірі – ұлттық ғылым тілін, оның
терминологиясын дамыту. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың басты
жолдарының бірі – ғылыми тілдің мәртебесін айқындау, терминологиялық
бірліктердің құрамын реттеу, олардың мағынасын ашудың әдіс-тәсілдерін
анықтау. Академик Ә.Қайдар, атап көрсеткендей, ең алдымен, ана тіліміздің
тұғырына тірек болар үш тағанын – жазу-сызуын (ұрпақ арасын жалғастырар
алтын көпірін), ономастикасын (жер бетіндегі ескерткішін) және
терминологиясын (оның баю, жаңару көзін) берік ету қажет. Осымен байланысты
терминология саласында жүргізілетін жан-жақты ғылыми зерттеулер оның ғылыми
тілін дұрыс қалыптастыруға көмектеседі. Терминология мәселелері қазақ тіл
білімінде А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамедұлы,
Қ.Кемеңгерұлы, С.Жиенбаев еңбектерінен бастау алса, қазақ ұлттық
терминологиясының өзекті мәселелері Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ө.Айтбайұлы,
Б.Қалиұлы, Ш.Құрманбайұлы зерттеулерінде жаңа сапалық та мазмұндық деңгейде
шешімін тапты. Терминологияның ғылыми-теориялық мәселелері орыс тіл
білімінде А.А.Реформатский, В.В.Виноградов, Н.А.Баскаков, Д.С.Лотте,
В.П.Даниленко, В.М.Лейчик, А.В.Суперанская т.б. ғалымдардың зерттеу
нысанына айналды. Терминологияның жекелеген салалық жүйелерін кешенді
түрде, жан-жақты зерттеп, салалық терминдердің құрамы мен құрылымын
анықтап, оларға дұрыс анықтама берудің қазақ тіл білімі үшін қаншалықты
маңыздылығын С.Ақаев, Ш.Біләлов, К.Аяпбергенова, М.Молдажаров, К.Күркебаев,
А.Қоңырова, Ә.Нұржанова, С.Сәрсенова т.б. ғылыми еңбектері айқын
дәлелдейді. Терминологиялық сөздіктердің құрылымы мен жүйесін, жалпы
терминологиялық сөздікті жасау мәселелерін қарастыратын сала ретіндегі
қазақ терминографиясын қалыптастырудың негіздерін зерттеген
Е.Әбдірәсіловтің, ғылыми тіл құрылымын анықтауға арналған С.Әлісжановтың,
терминологиялық жүйедегі когнитивтік құрылымға назар аударған С.Исанова,
М.Қожаевалардың ғылыми еңбектерін қазақ терминологиясындағы жаңа бағыттағы
жақсы нәтиже деп бағалауға болады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда, қоғамдық-әлеуметтік
мүддеге сәйкес қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде ғылым саласында да
толыққанды қызмет етуінің негізін қалыптастыруда, ең алдымен, ғылыми тілдің
мәртебесін айқындау аса маңызды. Себебі ғылым саласындағы мәтіндердің тілін
ғылыми тіл мен ғылыми стильдің қайсысына жатқызуға болады деген сауал осы
күнге дейін біржақты анықталып, өзінің шешімін тапқан емес. Екіншіден,
ғылыми тіл бірліктерінің ара-жігін ашып, олардың өзіндік ерекшеліктерін,
сөздік түрлерінде орналасу орындарын анықтау, олардың ғылыми сипаттамаларын
жасаудың қажеттілігі де белгілі болып отыр. Бұл мәселелердің ғылыми шешімін
табуы терминдер мен номендерге түрлі лексикографиялық еңбектерде дұрыс
анықтама беруге негіз болмақ. Үшіншіден, терминологиялық бірліктерді
сөздіктердің негізгі типтері мен түрлерінде лексикографиялаудың басты
заңдылықтары мен әдіс-тәсілдері қандай болатынын айқындау бүгінгі таңдағы
терминология үшін де лексикография үшін де аса маңызды болып отыр. Осы
аталған ғылыми мәселелер бойынша қазақ терминологиясында жүйелі зерттеме
жүргізудің қажеттілігі осы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының нысаны – ғылыми тіл бірліктерінің лексикографиялық
сипаттамасы.
Зерттеу жұмысының пәні – ғылым тілінің метатілдік ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты –
ғылым тілі ұғымын кешенді түрде зерттей отырып, ғылым тілінің басты
бірліктері болып саналатын термин мен номеннің өзіндік ерекшеліктерін,
лексикографиялану заңдылықтарын айқындау. Осы мақсатқа сай мынадай
міндеттерді шешу көзделді:
- ғылыми тіл және ғылыми стиль ұғымдарының ара-жігін анықтау;
- терминдер мен номендерді лексикографиялаудың жолдары мен әдіс-
тәсілдерін белгілеу;
- терминологиялық бірліктерге берілетін анықтама түрлерін айқындау;
- терминологиялық бірліктердің түсіндірме сөздікте берілу ерекшеліктерін
анықтау;
- терминологиялық бірліктердің салалық терминологиялық сөздікте берілу
ерекшеліктерін ашу;
- терминологиялық бірліктердің энциклопедиялық сөздікте берілу
ерекшелігін анықтау.
Зерттеудің дереккөздері. Жұмыста басты дереккөздер ретінде
терминологияның ғылыми-теориялық мәселелері бойынша жазылған монографиялық
жұмыстар мен ғылыми жинақтардың материалдары, қазақ тілінің он томдық және
он бес томдық түсіндірме сөздіктерінің, сондай-ақ, түрлі салалық түсіндірме
сөздіктер мен энциклопедиялық сөздіктердің материалдары алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі ретінде ең алдымен
терминология және лексикография салаларына қатысты Ә.Қайдар, Т.Жанұзақов,
Ө.Айтбайұлы, Б.Қалиұлы, Ш.Құрманбайұлы, Ш.Ш.Сарыбаев, Е.Әбдірәсілов,
М.Малбақов, С.Әлісжанов, С.Исақова т.б. ғалымдардың зерттеулеріндегі
негізгі ой-тұжырымдар алынды. Сонымен бірге шетелдік тіл біліміндегі
Д.С.Лотте, В.П.Даниленко, В.М.Лейчик, А.В.Суперанская, Х.Касарес, Ж.Дюбуа,
Л.В.Щерба, П.Н.Денисов, В.П.Берков, С.Е.Никитина, Л.Л.Кутина, Н.З.Котелова,
Е.Н.Толикина т.б. сияқты ғалымдардың еңбектері мен тұжырымдары
зерттеуімізде басты назарда болды.
Зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәні. Зерттеуде ғылыми
тілдің мәртебесі анықталып, оның әдеби тіл құрамына кірмейтіндігі
айқындалады. Бұл қазақ тіл білімінде бұрын айтылып жүрген ғылыми стиль
туралы түсінікке анықтық енгізеді. Жұмыс барысында терминдерге берілетін
анықтамалардың толық жүйесі сарапталады. Терминдер мен номендердің
түсіндірме, терминологиялық және энциклопедиялық сөздіктердегі
лексикографиялану заңдылықтары анықталады. Бұл мәселелер қазақ тіл
білімінде тұңғыш рет ғылыми-теориялық тұрғыдан жүйелі түрде қарастырылып
отыр. Аталған жайттар зерттеудің теориялық тұрғыдан маңыздылығын көрсетеді.
Зерттеу барысында алынған негізгі нәтижелер мен қағидалар, ұстанымдар
мен тұжырымдарды терминтанымдық курстарда, ғылым тілі және ғылым тіліне
семантикалық талдау жасау бойынша оқылатын арнайы курстарда, түсіндірме,
терминологиялық, энциклопедиялық сөздіктерді құрастырудың теориясы мен
практикасында пайдалануға болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында ғылыми тіл мен ғылыми
стильдің ара-жігі ажыратылып, әрқайсысының өзіндік мәнінің ашылуы, ғылым
тіліне тезаурустық тәсілмен семантикалық талдау жасаудың үлгісінің
көрсетілуі сияқты мәселелердің қарастырылуы негізінде ғылым метатілінің
ғылыми тіл болып табылатындығын дәлелдеуге талпыныс жасалды. Терминдерге
берілетін анықтамалардың типтері мен түрлері нақтыланады. Терминологиялық
лексиканың түрлі сөздік типтеріндегі лексикографиялану сипатын белгілейтін,
терминологиялық бірліктерді лексикографиялауда қолданылатын
лексикографиялық апроксимацияның түрлері айқындалды. Осының бәрі қазақ тіл
білімінің терминология саласында бұрын арнайы ғылыми зерттеудің нысаны
ретінде қарастырылмаған мәселелер болғандықтан, жұмыстың жаңалығы санаймыз.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- салалық ғылыми тілді ғылыми стиль ретінде қарастыруға болмайды;
- ғылыми стиль мәртебесі ғылыми-көпшілік әдебиет тіліне ғана қатысты;
- тезаурустық тәсіл арқылы ғылым тіліне жасалатын семантикалық талдау
нәтижесінде терминнің ең дәл ғылыми анықтамасын алуға болады;
- сөздікте жасалатын лексикографиялық апроксимацияның деңгейі тілдегі
нақты ғылым салаларының даму дәрежесіне байланысты;
- жалпы сөздіктегі анықтама ұғым, түсініктердің алуан түрлі, кейде
бір-біріне қайшы келетін түрлерінің баршасын ескере отырып жасалуы керек.
Бұл мәселеде объективизм де, субъективизм де, схематизм де қауіпті.
Объективизмнің қауіпті болатын себебі – терминологиялық бірлікке түсінік
беруде анықтаманың негізгі түрлерінің бәрін қатар қолдануға ұмтылушылық
терминнің мағынасын ашудағы шектен тыс энциклопедизмнің күшеюіне алып
келеді. Мұның өзі терминнің мағынасындағы нақтылыққа зиян келтіреді.
Анықтама сөздікті құрастырушының жеке ұғым, түсінігі бойынша ғана жасалатын
болса, бұл субъективизмге әкеледі. Жалпы қолданымға арналған түсіндірме
сөздікте терминнің тар салалық ғылыми анықтамасын беру схематизмге алып
келеді.
Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу барысында тіл біліміндегі
салыстыру, талдау, синтездеу тәсілдері, сипаттамалы әдіс, салыстырмалы-
тарихи әдіс қолданылды.
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы мен жарияланымы. Зерттеу жұмысының
негізгі тұжырымдары мен нәтижелері халықаралық, республикалық ғылыми-
теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды. Атап
айтқанда, Ө.Айтбайұлының 70-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-
практикалық конференцияда (Тараз, 2006), Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің 80-жылдығына арналған Қазақ тілі мен
әдебиеті және инновация мәселелері атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда (Алматы, 2008), Ә.Жүнісбектің 70-жылдығына арналған
халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2008), Б.Қалиұлының 70-
жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы,
2009) талқыланды. Түрлі ғылыми басылымдарда 9 мақала жарыққа шықты.
Зерттеудің құрылымы. Диссертациялық еңбек кіріспеден, негізгі екі
бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Еңбектің соңында зерттеуде пайдаланылған
әдебиеттер тізбесі берілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде жұмыстың жалпы сипаттамасы,
тақырыптың өзектілігі, зерттеу нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері
айқындалып, жұмыстың ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңызы,
қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, зерттеу барысында қолданылған әдістер,
пайдаланылған тілдік дереккөздер, жұмыстың жариялануы мен мақұлдануы,
зерттеудің құрылым туралы деректер келтіріледі.
Зерттеу жұмысының Ғылыми метатіл құрылымы атты бірінші бөлімінде
ғылым тілінің статусы, ғылыми тілдің түрлері, ғылыми тіл мен ғылыми стиль
ұғымдарындағы айырмашылық, ғылым тіліне жасалатын семантикалық талдаудың
ерекшеліктері, термин анықтамаларының құрамы мен құрылымы туралы
баяндалады.
XX ғасыр ғылымында кеңінен сөз болған жаңа проблемалардың бірі – ғылым
тілі. Аталмыш термин философия және лингвистика салаларында қарастырылды.
Философтардың көпшілігі оны, бір жағынан, ғылыми білім ретінде, екінші
жағынан, сол ғылыми білімді игеруге қажетті ғылыми аппарат ретінде түсінді.
Алғашқы, кең мағынадағы философиялық түсінік бойынша ғылым тілі - жүйесі
мен құрылымы бар жалпы ғылыми білім ұғымын қамтиды. Екінші, тар мағынадағы
логикалық түсінік бойынша, ғылым тілі – формалды таңбалық жүйелердің
жиынтығы болып табылады. Тар мағынадағы түсінік кең мағынадағы түсініктің
құрамына кіреді. Екінші, тар мағынадағы, формалды логикалық тіл бірінші,
яғни кең мағынадағы ғылым тілін бейнелеудің, сипаттаудың тәсілі болып
табылады.
Тіл білімі ғылымында қарастырылатын лингвистикалық түсінік бойынша,
кең мағынадағы ғылым тілі - ғылыми мәтіндердің тілі. Тар мағынадағы ғылым
тілі – ғылыми пәннің өзіне тән салалық метатілі. Ғылыми мәтіндерді
зерттеушілердің бір тобы оларды функционалды тіл ретінде, екінші тобы
функционалдық стиль ретінде қарастырып келеді. Ғылыми мәтіндерді
функционалдық стиль ретінде қабылдайтын ғалымдар оны стилистиканың нысаны
ретінде түсінеді. Осы мәселені арнайы қарастырған ғалымдардың бірі
С.Әлісжанов ғылыми тіл – адам қызметіндегі ғылыми аяны қамтамасыз ететін
тілдің бір түрі, осы саланы сипаттайтын мәтіндердің жиынтығы. Ғылыми стиль
функционалды, бұл термин тілдің ғылыми мәтіндердегі синтезделу
заңдылықтарын қарастыру үшін қолданылады. Ғылым тілі ұғымы ғылыми стильдің
ядросы мен шеткері аймағын құрайтын таңбалық бірліктердің, қолданыстардың
грамматикалық және семантикалық құралдарының тұтас жүйесі.Бұл ұғымдар өзара
байланысты, сондықтан контекстік синонимдер ретінде қолданыла береді деген
пікірді ұстанады [1, 38].
Ғылым тілі бойынша XX ғасырдың соңғы ширегінде жүргізілген зерттеулер
жаңа нәтижелер әкелді. Ғылым тілінің дербестігі туралы, оның шағын тілдің
бір түрі болып табылатындығы жөнінде кеңінен сөз бола бастады. Ғылыми
қолданысқа алғаш XX ғасырдың 60-жылдары енген шағын тіл (sublanguage,
подъязык) термині жалпылама қолданымға кірді. Оның жалпыхалықтық тілдің
функционалдық бір түрі екендігі, әрқилы кәсіби қызмет аясында
қолданылатындығы белгілі болды. Жалпыхалықтық тілдің негізгі бөлігін
құрайтын әдеби тіл мен жалпылама қолданымға тән емес салалық ғылым
тілдерінің арақатынасы айқындала бастады. Шетелдік ғылыми ортада бұл кезде
халықтық тілдің ерекше бір түрі ретіндегі арнайы мақсатта қолданылатын
тілдер (LSP – language for special purposes) туралы зерттемелер жасалды
[2]. Шынында да, ұғымдардың нақты салаларда қалыптасқан жүйесін ашып
көрсету үшін қолданылатын тілдік құралдардың жиынтығын арнайы мақсатта
қолданылатын тіл деп те, кәсіби тіл деп те атауға болады.
Жалпыхалықтық тіл негізгі қатынас құрал ретінде өмірдің барлық
саласында қолданылады. Жалпыхалықтық тілді белгілі бір жүйелілікке, нормаға
салатын әдеби тіл. Қоғамда қарым-қатынастын түрлері әр түрлі болуына
байланысты тіл де бірдей пайдаланылмайды. Сондықтан тілді жүйелі түрде
пайдалану үшін белгілі бір тәртіп болу қажет. Тілдік белгілердің дұрыс
қолданылуын зерттейтін ғылым саласы стилистика деп аталады. Адамдар
күнделікті қарым-қатынас кезінде стильдердің әр түрін қолданады. Әдеби
тілде стильдерді былайша жіктеушілік бар:
1. Ресми іс қағаздар тілінің стилі
2. Публицистикалық стиль
3. Ғылыми-көпшілік әдебиет стилі
4. Көркем әдебиет стилі
5. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі.
Ғылыми-көпшілік әдебиет стилі қоғамда кейіннен пайдаланыла бастады.
Бұл стильдің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тығыз байланысты.
Ғылыми-көпшілік әдебиет стилінде қолданылу үшін салалық кәсіби ғылым
тіліндегі терминологиялық бірліктер жалпы халықтық қолданымға түсуі керек.
Жалпы халықтық қолданымға түскен кезде олардың тар салалық кәсіби тілдегі
мағынасы өзгеріске ұшырайды. Ғылыми тілдің синтаксисі де өзгеріске
ұшырайды. Енді терминологиялық бірлік ұлттық әдеби тілдің синтаксистік
ережелеріне бағындырылады. Енді бұл терминологиялық бірлік тар салалық
ғылым тілінің бірлігі болудан қалады. Бірақ, өзінің бұрынғы мағынасында сол
салада қолданыла беретіні де түсінікті. Алайда, ендігі жерде бұл екеуінің
арасына теңдік белгісін қоюға болмайды.
Ғылым тілі бойынша кейінгі кезеңдерде жүргізілген зерттеулердің
негізінде қалыптасқан жаңаша көзқарасты қолдайтын ғалымдар оны жеке
функционалдық тіл ретінде қабылдағанды жөн көреді [3, 349-350].
Терминология саласының белгілі маманы А.В.Суперанская өзінің Әдеби тіл
және терминологиялық лексика атты зерттеуінде осы мәселені жан-жақты
талдайды [4]. Осы зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары біздің жұмысымыздың
нысанына да тікелей қатысты. Олар зерттеу барысында толық қолдау тапты.
Атап айтқанда, ғалым терминологиялық лексика әдеби тілдің құрамына кіреді
деген пікірдің қаншалықты ақиқаттығына көз жеткізу үшін бірнеше қарама-
қарсылықты салыстырма жасайды.
Бірінші қарама-қарсылық: жалпы лексика – арнулы лексика. Жалпы
лексика сөздің жалпылама қолданымда болуын білдіреді. Яғни, бұл сөздің
жалпылама қабылданған ұғымының болуын, оның мағынасын түсіндіріп жатпай-ақ
барлық мәнмәтіндерге қосуға мүмкіндік беретін ұғынылымының болуын
білдіреді. Ал арнаулы лексика тобына кіретін сөзді қолданарда оның
мағынасын түсіндіру қажет болады. Себебі, сыртқы формасы жағынан жалпы
лексикалық бірлікпен бірдей тұлғада болғанмен, арнаулы ғылыми мәтінде ол
өзгеше мағынаны иеленеді. Мысалы, су, айналыс, мүлік жалпы лексикада
күнделікті қолданымдағы сұйықтықты, айналу процесін, заттың жалпы атауын
білдіретін болса, олардың арнайлы салалық лексикадағы мағынасы өзгеше.
Химиктер үшін су – сутек пен оттектің химиялық қоспасы, экономистер үшін
айналыс – сатып алу және сату арқылы еңбек өнімін, ақшаны, басқа да меншік
объектілерін айырбастаудың тауарлы өндіріске тән нысаны [5, 12], заңгерлер
үшін мүлік – меншік құқығының материалдық нысаны. Телефон сөзінің
жалпылама қолданымдағы мағынасы - белгілі бір қашықтықта сөйлесуге арналған
аппарат. Ғылыми тілде ол: 1) электрлік тербелістерді дыбыстық тербелістерге
айналдыратын құрал; 2) дыбысты қашықтыққа беру үшін қолданылатын электрлік
аппараттар жүйесі. Келтірілген мысалдардан арнаулы мағынаның кейде жалпы
мағынадан айтарлықтай алыстап кететіні байқалады.
Екінші қарама-қарсылық: әдеби тіл – арнайы мақсатта қолданылатын
тіл. Арнайы мақсатта қолданылатын тілде терминологиялық жүйелер мен
терминологиялық бірліктердің сипаттамалары жасалады, терминологиялық
сөздіктер мен стандарттар түзіледі. Жанрдың ерекшелігі арнайы мақсатта
қолданылатын тілге ерекше шектеулер қояды. Мысалы терминологиялық
стандарттардағы дефиницияларда үтір болмайды. Бұл әдеби мәтіндерге жат
құбылыс. Арнайы мақсатта қолданылатын тілдегі сөздердің әрқайсысы бір-бір
ұғымға байлаулы болғандықтан, тақырыптық өрісте қатаң тәртіппен бөлініп,
әрқайсысы өз орнына ғана орналастырылатындықтан, мұнда синонимияға жол жоқ.
Экскаватор шөміші, әдеби тілдегі шөміш не ожау емес. Арнаулы лексика
мәтінінде кездесетін синонимия арнаулы мағынаның бұрынғы атауының
ауыстырылып отырғанын, оған сай келетін жаңа термин ретінде қолданылып
отырғанын немесе бұл ұғымның тұтас еместігін, оның одан әрі бөліктерге
бөлшектенетінін байқатады. Арнайы мақсатта қолданылатын тіл – жұтаң тіл.
Оған метафоралардың, стилистикалық синонимдердің, көркем әдеби образдардың
қажеті жоқ. Алайда, жаңа ұғымдарды атау процесінде жалпы лексикадағы
образды сөздер де қолданылады.
Үшінші қарама-қарсылық: әдеби тілде термин – арнайы мақсатта
қолданылатын тілде бейтермин. Термин әдеби мәтін тілінде өзінің арнаулы
терминологиялық мағынасында қолданыла алмайды. Әрине, егер жазушы сондай
мақсатты көздеп қолданбаса. Ал арнайы мақсатта қолданылатын тілде бейтермин
сөздердің ұшырасуы - әдеттегі құбылыс. Олар коммуникативтік қызмет
атқарады. Қандай арнаулы мәтін болса да, ұғымдардың кеңістік пен уақыттағы
қатынастарын көрсетуге арналатындықтан, құрамына жалпы лексикадағы көп
мағыналы сөздерді алмай отыра алмайды. Әрбір арнаулы кәсіби мәтінде кең
мағыналы көмекші сөздердің өзіне тән жиынтығы болады. Олардың саны
шектеулі, мағынасы арнаулы мақсатқа бағдарланған болады. Мысалы, жасуша дем
алады, процесс жүріп жатыр, организмдегі темірді қалпына келтіру. Ғылыми
еңбектердің тілі – іскери қарым-қатынаста жалпыға түсінікті болу үшін
белгілі бір дәрежеде нормаланған тіл. Алайда, ғылыми еңбектердің тілі
кәсіби қарапайым сөздер мен кәсіби аргодан айқын ажыратылмайды. Ал әдеби
тіл болса, жергілікті диалектілерден, кәсіби социолектілерден айқын
ажыратылады. Әдеби тілде әдетте жергілікті сөздердің жалпылама қабылданған
баламалары болады. Ал терминді түсіну үшін, оларды мағынасы ішінара сәйкес
келетін лексикалық баламалармен ауыстыру жеткіліксіз. Тиісті білім
саласындағы ұғымдар жүйесін меңгеру қажет.
Төртінші қарама-қарсылық: сөзқолданымды реттеу – терминологиялық
жүйелерді құру. Сөзқолданымды реттеу ісімен тіл мәдениеті саласында жұмыс
жасайтын мамандар айналысады. Терминологиялық жүйелерді құру ісімен
айналысатын – терминологтар. Сөзқолданымды реттеу кезінде дұрыс және бұрыс
қолданым мысалдары жинақталып, нормадан ауытқу жағдайлары анықталады.
Ақпарат көзінің, нақты шығармалардың беделі ескеріле отырып, басым
бағдарлар айқындалады. Терминологиялық жүйелерді құру ісінде нақты ғылым
саласындағы терминделетін ұғымдар айқындалып, олардың арасындағы тек-түрлік
иерархиялық қатынастар жүйесі белгіленеді. Ұғымдарды білдіретін сөздердің
лексикалық мүмкіндіктері ескеріліп, ұғымдық байланыстары мен сөзжасамдық
мүмкіндіктері мол сөздер алынады. Сөзқолданымды реттеу де, терминологиялық
жүйелерді құру да сөздердің стихиялы түрде дамуына қарсы, саналы түрде
бағытталған процестер. Алайда, олар бір-бірінен принциптік тұрғыда өзгеше
негіздерде жасалады. Тілшілер сөзқолданымды әдеби тілдің нормасын, оның
даму бағыттарын ескере отырып реттейді. Ғылым саласының мамандары
терминологиялық жүйелерді құру ісін логика және тіл мамандарын қатыстыра
отырып жүзеге асырады.
Бесінші қарама-қарсылық: термин - бейтермин. Аталған шендестіру
әртүрлі жағдайларда, әралуан мақсаттарға сай жүзеге асырылады. Мысалы
логика мамандары өз еңбектерінде термин деп дәл дефинициясы бар кезкелген
сөзді атайды. Бейтермин – дәл сол сөз, бірақ дефинициясы жоқ сөз. Ғылым мен
техниканың арнаулы метатілдерінде терминдер мен номенклатуралық атаулардың
арасы ажыратылуы мүмкін. Ол кезде термин ретінде ғылыми ұғым атауы, ал
номен ретінде ғылыми таным процесіне қатысы бар заттардың атаулары алынады.
Екеуінің арасында айқын шегара жоқ. Бір сөз ғылымның бір саласында термин
болса, екіншісінде – номен болуы мүмкін. Осыған байланысты олардың ұғымдары
да, жүйедегі орындары да ауысады. Ал жалпы лексика құрамына қайта өткен
кезде арнаулы сөздердің бейтерминденуі орын алады. Дәл дефинициялары
жойылады. Салыстыру үшін инфаркт, валидол, пенициллин сөздерінің
медицинадағы, фармакологиядағы, биохимиядағы, теоретикалық физикадағы
мағыналары мен жалпы лексикадағы мәндерін алып қарастыруға болады.
Сонымен, терминологиялық лексиканы әдеби тіл лексикасына қосуға
болмайтыны түсінікті болды. Терминологиялық жүйелердің әдеби тілге қатысты
автономдылығы білінді. Қорыта келгенде, терминологияның арнаулы лексика
саналатыны, көбінесе арнайы мақсатта қолданылатын тіл мәтіндерінде
ұшырасатыны белгілі болды. Терминдер – жеке-жеке түрлі сөздер емес. Олар
өздері атаушы ұғымдармен тығыз байланысты. Формасы жағынан бірдей сөз,
әртүрлі терминологиялық жүйелерге ену арқылы түрлі мағынадағы дәл сол бір
сөз болудан қалады. Олар – екі түрлі омонимдер. Бір-бірімен шығу тегі
жағынан және терминологиялық қолданымы жағынан байланысты омонимдер болып
шығады.
Осылайша, ғалым бес түрлі қарама-қарсылық келтіре отырып, ғылым
тілінің әдеби тілдің құрамына кірмейтіндігін, екеуінің де жалпыхалықтық,
ұлттық тілдің құрамында қарастырылатынын дәлелдейді. Сонымен, термин
өзінің сыртқы формасы жағынан сөз түрінде болғанымен, ұлттық тілдің
грамматикалық қағидаларына сөз тәрізді бағынғанмен, ұғымдық жақтан жалпы
лексикалық сөзден ерекшеленеді. Шындығында, терминология ұлттық тіл
лексикасының дербес бөлігін құрайды. Әрбір ғылым саласының өзіне тән
терминологиялық жүйесі мен ерекше терминдері бар. Ол терминдердің
мағыналары сол ғылым саласында ғана актуалданады. Демек, ғылыми
терминологияның әдеби тілге тәуелсіздігін дәлелдеп жатудың өзі артық нәрсе.
Сонымен бірге, ғылым мен техниканың жекелеген салаларындағы ұғымдардың
сөздермен аталатындығы, ал сөздердің лексикалық бірліктер екендігі де аян.
Олай болса, терминологиялық бірліктерді тілден тыс жасанды таңбалар
жүйесіне жатқызу да жөн болмайды. Терминологиялық бірліктер арнаулы кәсіби
лексиканың құрамына енеді және оның басым бөлігін құрайды. Асылы, ұлттық
тіл лексикасын жүйелердің жүйесі ретінде, яғни көптеген шағын жүйелерден
құралатын үлкен жүйе ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар,
терминология мамандары тілдегі бүкіл сөздік құрамды жалпылама қолданыстағы
лексика мен арнаулы кәсіби лексикаға бөліп қарастыруды жөн санайды. Салалық
кәсіби тіл құрамындағы арнаулы кәсіби лексиканың семантикалық жағы тек сол
кәсіппен шұғылданатын мамандарға ғана түсінікті болмақ.
Жоғарыда келтірілген деректер мен пікірлерді тұжырымдасақ, ғылыми тіл
өзінің кең мағынасында – жалпы ғылыми мәтіндердің тілі болса, тар мағынада
- салалық ғылым тілі. Ғылыми стиль – қалың оқырманға арналып әдеби тілге
көшірілген ғылыми-көпшілік әдебиеттің стилі. Нақты ғылым саласының тілінде
жазылған мәтінді ғылыми стильде жазылған деп санауға болмайды. Себебі,
мыңдаған ғылым салалары бар, олардың өз ғылыми тілдері бар. Осылардың бәрі
де жалпыхалықтық, ұлттық тілдің құрамына кіреді.
Ғылым тіліне жасалатын семантикалық талдау ерекшеліктері атты
тараушада жеке ғылым саласында ғылыми тезаурус жасаудың мәселелері сөз
болады. Ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің қандай саласы болса да, ол
саланың ғылыми немесе кәсіби тілін реттеу үшін стандартты тезаурустардың
жасалуы қажет. Ал стандартты тезаурустарды түзу үшін ол салалардағы
терминдердің толық жүйеленуі басты шарт болмақ. Ақпарат іздеу тезаурустарын
жасауда нақты ғылым саласында қолданылатын терминдердің иерархиялық
қатынастарының анықталуы маңызды. Шындығында, осы тәрізді деректер ғылым
саласы бойынша жасалатын терминологиялық сөздіктердегі анықтамаларды түзуде
ескерілуі керек. Алайда, терминологиялық сөздіктерде берілетін анықтамалар
бастан-аяқ тек-түрлік белгілер негізінде жасалып отыр деп айтуға келмейді.
Сол себепті олар оқырманды тезаурус сөздікте берілетіндей терминаралық
семантикалық байланыстарды айғақтайтын деректермен қамтамасыз ете алмай
келеді. Сөздіктерде бір типтес ұғымдардың өзін әрқилы түсіндірушілік жиі
ұшырасып отырады. Тек-түрлік ұғым аталған жағдайда да терминге семантикалық
тұрғыдан ең жақын орналасқан тектес термин көрсетілмей қалады. Тезаурус
түзу ісі туыстас терминдер арасындағы логикалық, семантикалық
байланыстардың жиынтығын ашық тізбе түрінде көрсету тәсілімен бейнеленеді.
Терминдердің дефинитивті мағынасын айқындау үшін тезаурустық тәсілмен
семантикалық талдау жасау тәсілі қазақ лексикографиясында Ж.Мұсаеваның
еңбегінде жүзеге асырылған болатын [6]. Термин туралы деректерді жүйе
бойынша жинақтау негізінде ғылыми метатіл элементтері арасындағы барлық
мәнді, маңызды байланыстар қамтылады. Бұл деректер терминологиялық
түсіндірме және энциклопедиялық сөздіктердегі терминнің ғылыми
анықтамаларын яғни дефиницияларын түзу үшін қажетті сенімді материал бола
алады.
Бірінші бөлімнің Термин анықтамаларының құрамы мен құрылымы деп
аталатын тақырыпшасында терминдерге берілетін анықтамалардың типтері мен
түрлері қарастырылады. Ғылым мен техниканың, өнер туындыларының арнаулы
тілдеріндегі анықтамалардың сөйлем түрінде берілетіндігі белгілі. Ал сөйлем
атаулының бәрінде де пайымдау болады. Демек, сөйлем түріндегі анықтама
пайымдаудың бір түріне жатады. Пайымдау ойлаудың ұғым, түсінік, ой
қорытындысы тәрізді формаларынан ерекшеленеді. Ол алынатын нысанда сөз
болып отырған қасиеттің бар не жоқ екендігін, нысандардың арасында
қатынастардың бар, жоқтығын білдіретін яғни растайтын немесе терістейтін ой-
тұжырым. Терминдерге берілетін анықтамалардың терістеуші емес, растаушы
пайымдау болып табылатындығы күмәнсіз. Анықтамаларда нысандарға тән
қасиеттерді емес, керісінше, нысандардың арасындағы қатынас түрлері
айқындалады. Дәлірек айтар болсақ, анықтамаларда нысандардың ұқсастығы,
барабарлығы, тепе-теңдігі пайымдалады. Осы ретте айта кететін бір жағдай:
анықтаманы пайымдау ретінде бағалау оны сөйлем ретінде ұғынушылықтан
басқаша болады. Анықтамалар мәселесімен арнайы айналысқан Д.П.Горскийдің
пікірі бойынша, анықтаманы сөйлемге жатқызу керек: Анықтама дегеніміз -
белгілі бір логикалық талаптарға сәйкес құрылатын күрделі ойды білдіретін
сөйлемдер жиынтығы немесе жай сөйлем [7, 243-244]. Анықтамаға қойылатын
формалды талаптың бірі: анықтаушы бөліктің құрамында анықталушы бөліктің
элементтері, анықталушының құрамына кіретін терминдердің болмауы міндет.
Анықтама осындай жағдайда ғана логикалық қателіктен ада болмақшы.
Анықтамаға қойылатын келесі талап: анықтаушы мен анықталушы бір-бірінің
орындарын кез келген контексте ауыстыра алатындай болу керек. Үшінші талап
– бірмәнділікке қатысты. Анықталушы мен анықтаушы нысандардың,
құбылыстардың, ұғымдардың бір сыныбынан болмауы керек. Жалпылама қойылатын
үш талап осылар.
Мәтін түрінде берілетін анықтамалар – вербальды анықтама деп аталады.
Бұларға қарсы анықтамалар тобы – остенсивті (суретті) немесе визуальды
анықтамалар. Нақты тәжірибеге негізделетін салаларда нысанды айқын бейнелеп
көрсету, яғни нысанның бейнесін беру тәсілі кеңінен қолданылады. Мұны
остенсивті анықтама деп атайды. Мамандардың пікірі бойынша, қазақ тілінің
түсіндірме сөздіктерінде осы остенсивті анықтаманы яғни көрнекі
түсіндірмені қолдану тәжірибесі жоқ. Бұл анықтамалар сөздің мағынасын
берілген затты не құбылысты көрнекі түрде көрсету жолымен ашады. Нәрсенің
суретін беру арқылы оны атаушы сөздің салмағы артатыны анық. Көрнекі
анықтамалар қолданылатын сөздердің тобы алуан түрлі болады. Олар нақты
нәрселердің, өсімдіктердің, жануарлардың, заттардың, материалдардың т.б.
атаулары болуы мүмкін. Бұл анықтамалар объективті дүниемен сөздің тығыз
байланысын қамтамасыз етеді. Суреттерді қолдану сөздіктің метатілін
неғұрлым қарапайым, айқын етуге мүмкіндік береді. Сөзбен берілген
анықтамада да көрнекі белгілер беріледі. Остенсивті анықтама - толымсыз
анықтама, ал вербальды анықтама толымды анықтама деп аталады. Толымсыз
анықтамаға бүтінді оның бөлшектері арқылы бейнелеп анықтайтын жағдайлар
жатады.
Вербальды яғни сөздің мағынасын сөзбен сипаттама беру жолымен ашатын
анықтамалардың сөз немесе сөйлем түрінде берілетіндігі белгілі. Сөйлем
атаулының бәрінде де ой тұжырымы болады. Ол алынатын нысанда сөз болып
отырған қасиеттің бар не жоқ екендігін, нысандардың арасында қатынастардың
бар, жоқтығын білдіретін яғни растайтын немесе терістейтін ой-тұжырым.
Сөйлем түрінде беріліп, нақты нысанды, затты білдіретін анықтамалар реалды
анықтамалар деп аталады. Сөйлем түріндегі реалды анықтамалармен бірге сөз
арқылы берілетін анықтамалардың да болатындығы белгілі. Олардың бір түрі -
синонимдік және антонимдік анықтамалар. Бұлар – реалды анықтамаға қарсы
қойылатын номиналды анықтаманың бір түрін құрайды. Номиналды анықтамаларда
көбінесе нысанның таңбалық жағы анықталады.
Номиналды анықтаманың бір түрі - түсіндірме сөздіктердегі лексикалық
шағын жүйенің өзге элементтерін нұсқау жолымен жасалатын қосалқы
түсіндірме. Лексикалық шағын жүйе ретінде лексеманың ассоциативті және
семантикалық микроөрістері аталады. Лексикалық шағын жүйенің басқа
элементтерін нұсқау жолымен берілетін қосалқы түсіндірме негізінен кешенді
сөздіктерде болады. Толық түсіндірме сөздіктерде бұл үшін жартылай ұялық
принцип қолданылады. Сөздікте аталған байланыстарды көрсететін сөз
тіркестері (еркін және тұрақты)‚ фразеологизмдер‚ мақалдар мен мәтелдер‚
қанатты сөздер‚ т.б. беріледі. Қазіргі түсіндірме сөздіктердің бірқатарында
лексикалық бірліктің дефинициясынан кейін оның синонимдері мен
антонимдерін‚ паронимдерін келтіру лексикографиялық дәстүрге айналған.
Термин ретіндегі лексеманың лексикалық шағын жүйедегі орнын білудің‚ оның
ішкі байланыстарын байқаудың пайдасы көп. Ассоциативтік және
семантикалық өріс элементтері жанама түрде болса да сөз мағынасын
тереңірек аша алады.
Термин белгілі бір затпен, қасиетпен, қатынаспен арақатынасының
белгіленуі жолымен ғана мағынаны иеленетіндігі анық. Терминнің мағынасын
мысал арқылы түсіндіру тәсілі де бар. Оны ингерентті түсіндірме деп атайды.
Мысалы: Аққұлақ зат. Қой‚ ешкіде болатын қотырды аққұлақ дейді. Ақмамық
зат.бот. Малға құнарлы‚ құрғақшылыққа төзімді‚ тамырынан дәрі жасалатын‚
астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің бірі - ақмамық. Бұл жағдайда сөз
немесе термин дефинициялық анықтама арқылы түсіндірілмей, сөйленім
ағымында, контексте түсіндіріледі. Түсіндірменің мұндай түрі тар мағынадағы
сөздің семантикасы туралы деректен гөрі негізінен сөздің узусы‚ оның
лексикалық және синтаксистік тіркесімділігі туралы дерек беретіндігі
белгілі. Мұндай дәйектеме материалдағы мысалдар арқылы сөздің көбінесе
дефиниция арқылы толық ашылмайтын коннотативті мағыналары ашық көрсетіледі
[8, 10]. Яғни бұл коннотативті мағыналарды берудің бір тәсілі.
Ғылыми пәндердегі терминдердің анықтамалары әдетте ұсынылатын
терминдердің жинақтарында, нормативті терминологиялық басылымдарда
келтіріледі. Стандарттар - техника мен өнеркәсіп салалары үшін жасалады.
Ұлттық тілдің түсіндірме сөздіктеріндегі анықтамалар - әдеттегі, күнделікті
қолданымдағы білім-білік үшін жасалады. Алайда, қазіргі кезеңде дәл мұндай
айқын шектеушілік үнемі сақтала бермейді. Ұлт тілінің түсіндірме сөздіктері
көп жағдайларда терминологиялық жинақтар мен стандарттарды қайталап беріп
келеді. Бұл, әрине, қателіктерге соқтырып жүр. Нақты ғылым салалары бойынша
жасалып жүрген терминологиялық түсіндірме сөздіктердің сапасының төмен
болуы, жүйесіздіктің байқалуы оларды түзуші авторлардың құрамына тікелей
қатысты жағдай. Терминологиялық түсіндірме сөздіктердің сапасының төмен
болуы оны құрастыру ісіне логика мен лингвистика мамандардың тартылмауына
байланысты. Ұсынылатын терминдердің жинақтарында берілетін анықтамалар
әдетте ұғымның мазмұнын ашуға яғни заттардың, құбылыстардың ұғымда
бейнеленген маңызды белгілерін көрсетуге бағдарланады. Шындығында, маңызды
белгілер жиынтығы ұғымның өзін емес, оның мазмұнын құрайды. Энциклопедиялар
да қолданым аясы жағынан жоғарыда санамаланған басылым түрлерінен көп
ерекшелене бермейді. Олардағы басты ерекшелік -анықтамалардың орнында
сөздік мақалалардың берілуінде ғана. Белгілі бір ғылым салалары бойынша
түзілген энциклопедиялар мен ұсынылатын терминдер жинақтары қатар
қолданымда бола береді. Ұсынылатын терминдер жинақтарындағы анықтамалар тек-
түрлік тәсілмен жасалатындықтан, олардағы білімді жинаулы, буулы тұрған
білім деуге болады. Шынайы білім мұндай анықтамалардың жиынтығымен
шектелмейді. Ұсынылатын терминдер жинақтарындағы анықтамаларда бейнеленетін
білім осы саладағы нысандарды бір-бірінен айыруға ғана жарайды. Мысалға
квадрат дегеніміз тең бүйірлі тікбұрышты төртбұрыш түрінде берілген
анықтаманың көмегімен квадратты үшбұрыштан айыруға болады. Алайда, осы
анықтама арқылы адамға квадрат туралы толық білім беріліп отырған жоқ. Осы
тәрізді айырмашылықтар ұғымдардағы айырмашылықтардан келіп шығады. Сөз
болып отырған тар шеңбердегі кәсіби ұғым бойынша квадрат терминінің мазмұны
оның маңызды белгілері арқылы түсіндіріліп отыр. Оны кең ұғымнан айыра білу
қажет. Мәселе білімдердің әртүрлі жүйесіне байланысты әртүрлі шешілетін
болып отыр. Бірінші жүйеде екінші, кең мағынадағы түсініктің маңызды
нүктелері ғана аталады. Осылайша, Энциклопедиядағы сөздік мақалада сөздің
тар мағынасындағы анықтама беріледі. Энциклопедияның сөздік мақаласын
нысанға анықтама беруден бастаған жөн болмақ. Сөздің тар мағынасындағы бұл
секілді анықтамаларды түзуде жоғарыда сөз болған жалпы талаптардың
сақталуын қадағалау қажет.
Зерттеу еңбегінің Терминологиялық бірліктерді лексикографиялау
ерекшеліктері деп аталатын екінші бөлімінде терминдердің ұлттық түсіндірме
сөздікте, салалық терминологиялық сөздікте, энциклопедиялық сипатты
сөздіктерде, автоматты сөздік түрлерінде және оқу сөздіктерінде берілу
заңдылықтары сөз болады.
Терминологиялық бірліктердің түсіндірме сөздіктерде берілу
ерекшеліктері атты тараушада түсіндірме сөздіктердегі терминнің
лексикографиялануына қатысты мәселелер қарастырылады. Терминнің ғылыми тіл
мен әдеби тілдегі мағыналары сәйкес келмейтіндігі белгілі. Себебі ғылыми
тілде – ғылыми ұғым, әдеби тілде – күнделікті қолданымдағы ұғым беріледі.
Бұл ерекшелікті академик Л.В. Щербаның келтірген мысалы арқылы өрнектеуге
болады: түзу (геом.) – екі нүкте аралығындағы ең қысқа қашықтық. Әдеби тіл
сөздігінде: түзу – оңға, солға, жоғары, төмен ауытқымайтын сызық, т.б. [9,
89-117].
Филологиялық сөздік әдеби тілдің сөздігі болмай, жалпыхалықтық,
ұлттық тілдің түсіндірме сөздігі болса, ондай сөздіктің ғылыми ұғымға
ғылыми анықтама түрінде түсінік беруге мәжбүр болатыны анық. Себебі ол
(ғылыми ұғым) халықтық тілдегі тілдік семантиканың бір бөлігі. Екінші
жақтан, ғылыми ұғымға анықтама беру мен ұғымның таңбасы ретіндегі терминге
анықтама беру бір емес. Ғылыми ұғым – мазмұнды ұғым. Мұндай ұғымның барлық
байлығы мен тереңдігі бір дефиницияға сыймайды. Ол үшін көп дефиниция
керек. Осыған байланысты ғылыми ұғымға сипаттама беру ісі - өзінің
табиғатынан энциклопедиялық сипатқа ие. Ал, терминнің дефинициясында оны
терминологиялық жүйеде ерекшелейтін мәнді белгілер ғана көрсетілуі тиіс.
Мұндай дефиниция мазмұнды ұғыммен емес, формальды ұғыммен сәйкес келеді.
Терминдердің мағыналар жүйесі тілдік семантиканың аясында қаралуы тиіс.
Жалпы сөздіктердің басты мақсаты – жүйе ішіндегі ұғымды белгілеуге
жеткілікті белгілер берілетін ғылыми минимум дефиницияны табу.
Мұндай анықтаманың функциясы - дистинктивті (ерекшелейтін,
айыратын) функция. Терминнің анықтамасы қашанда тек-түрлік, логикалық
анықтама болмақ. Барлық тілдік мағыналардың түсіндірмелері де осындай.
Алайда, мұндай анықтамалар түсіндірме сөздіктегі заттық лексикаға берілетін
анықтамалармен (лексика-семантикалық, тақырыптық топты көрсететін
анықтамалар) сәйкес келеді. Терминдерге берілетін мұндай дистинктор –
анықтамалар терминологиялық сөздіктерге де, жалпы тілдік сөздіктерге де
қолдануға жарамды. Бірақ, бұл жерде, толық аналогия жоқ. Жалпы сөздіктер,
терминге анықтама беру ісінде әдетте ұғымның қандай белгілерін сараптап
алудың қажеттігін нақты көрсетіп бере алмай келеді. Терминдерге анықтама
беруде жалпы сөздіктерде де ғылыми жүйелі байланыстарды ескеру орынды.
Қазіргі кезде сөздікшілер сөздік дефиницияларында лексикалық құрамның
құрылымдылығын, олардағы жүйелі қатынастарды көрсету формаларын
іздестіруде.
Термин дефинициясына яғни қажетті және жеткілікті белгілерді
сұрыптап алуға қатысты, жүйе ішінде анықтама жасауға қатысты мәселеде жалпы
тілдік сөздіктерді терминологиялық сөздіктерге қарсы қою жөн емес.
Терминдерді әдеби сөздіктерде беру үшін сөздіктегі апроксимация
элементтерін ескеру қажет болмақ. Лексикографиялық апроксимация – бұл
ғылыми анықтамаларды өңдеу әдістерінің жүйесі. Лексикографиялық
апроксимацияның талаптары сөздіктің көлеміне, адресатына, алдына қойған
мақсатына байланысты ерекшеленіп отырады. Мысалы, түсіндірме сөздіктегі
лексикографиялық апроксимацияда көземелденетін мақсат – салалық ғылым
тіліндегі анықтамаларды әдеби тілдегі нормалармен (лексикалық,
семантикалық, грамматикалық, т.с.с.) сәйкестендіру, сол арқылы маман емес
оқырманның оларды түсінуін жеңілдету. Лексикографиялық апроксимацияның
сөздікте жасалатын анықтамалардың түрлі жақтарына қатысы бар. Алайда, ең
бірінші кезекте, оның анықтамалардың вербальды формаларына қатысты
екендігін айту қажет.
Жалпы сөздіктегі ғылыми анықтаманың мәтініне осы сөздікке
кірмейтін сөздерді алуға болмайды. Бұл - анықтамалар үшін маңызды қағида.
Осындай жағдайға байланысты, мысалы, химиялық не математикалық терминдерге
анықтама беруде қиындық туындайды. Мұндай терминдердің ғылыми анықтамасына
ішкі аударма жасау, оны әдебилендіру өте қиын. Және бұл процесте
терминнің бастапқы ғылыми мәнін жоғалтып алу қаупі бар. Мысал ретінде
инверсия деген химиялық терминді алайық. Терминнің энциклопедиядағы
мағынасы: қышқылдардың судағы ерітінділері мен ферменттердің (энзимдердің)
жасайтын әсерімен дисахаридтердің моносахаридтерге айналуы. Сөздікте
болмайтын дисахарид пен моносахарид терминдерін онда бар қанттар деген
терминмен ауыстыруға тура келеді. Сонда қанттың күрделі түрлерінің оның
күрделілігі аздау түрлеріне айналуы болып шығады. Бұл - лексикографиялық
апроксимацияның сәтті тәжірибелерінің бірі. Ал, гидролиз терминінің
анықтамасын апроксимацияның осы түрімен берген кезде, біз мәнді жоғалтып
алуымыз мүмкін. Терминнің ғылыми анықтамасы мынадай: гидролиз - түрлі
заттар мен су арасындағы иондық алмасу реакциясы. Бұл реакцияның мәні: зат
пен судың бір-біріне әсер етуі кезінде зат та, су да ыдырайды, осы реакция
кезінде пайда болған жаңа затта Н және ОН элементтері байқалады. Істің мәні
осылардың арасындағы иондық алмасуда. Түсіндірме сөздікте гидролиз –
заттың судың әсерімен химиялық ыдырауы деп беретін болсақ, мұнда иондық
алмасу туралы дерек болмай қалады. Демек, гидролиз сөзін түсіндіруга
қажетті иондық алмасу тіркесін беру үшін сөздікке ион сөзін де алуға тура
келеді. Сондықтан, жалпы тілдік сөздіктердің барлық түрлеріне ортақ болып
келетін маңызды мәселелердің бірі – терминологиялық лексикаға жасалатын
апроксимацияның мөлшерін белгілеу болып табылады. Мәселен, үлкен
академиялық сөздік үшін мұндай мөлшерді қолдану деңгейі аз болса, кіші
сөздіктерде көп болады. Бұл – адресатқа, сөздіктің оқырманына да
байланысты мәселе. Қалай болғанда да, негізінен алғанда, бір сөздіктің әр
жерінде апоксимация мөлшерінің әр түрлі болуы – кемістік. Алайда,
апроксимация деңгейінің тілдегі нақты ғылым салаларының даму дегейі мен
дәрежесіне байланысты әр түрлі ғылым салалары үшін әралуан болуы мүмкін.
Лексикографиялық апроксимация тұрғысынан, салалық терминологиялық жүйе мен
жалпы тілдік лексикалық жүйені сәйкестендіру мақсатында бірқатар
құрылымдық-семантикалық мәселелерді шешуге тура келеді. Мәселен, ғылым
саласы мен оның терминологиясындағы терминнің кіретін категориясы мен
лексикалық құрамдағы бөлшектенетін тілдік семантикалық топтардың (әсіресе
есім сөздердің) кіретін категориясының сәйкес келмеуі мүмкін. Тілдік және
ғылыми сипаттағы мұндай жіктеулер зат, форма, қозғалыс, процесс, құбылыс
тәрізді категорияларда түйіседі. Алайда, ғылым мен техникадағы категориялар
тілдегі категориялардан, олардың сөз жүзіндегі мәндерінен ерекшеленеді. Бұл
жерде, бір жағынан, жоғарыда сөз болған тәрізді, мағыналық өзгешеліктер
көзге түсетін болса, екінші жағынан, салалық ғылыми тілдің синтаксисі мен
әдеби тілдің синтаксисі арасындағы айырмашылықтар айқын байқалады. Мұндай
жағдайда, жалпытілдік сөздіктегі терминге анықтама бере отырып,
сөздікшілер, бір жағынан, арнаулы мән, мағынаны жалпытілдік категориялардың
аясында түсіндіруге тырысатын болса, екінші жағынан, тектік белгіні атап
көрсетуде ғылымилықтың сақталуын қамтамасыз етуге тырысады. Іс жүзінде,
бәрібір, белгілі бір дәрежеде ғылымилыққа нұқсан келеді. Қалай болғанда да,
терминдерге анықтама беруде жалпы тілдік сөздіктер мен арнаулы
терминологиялық сөздіктер мынадай жақтарымен ұқсас болып келеді: 1) ұғымның
ғылыми репрезентациясы үшін қажетті және жеткілікті белгілерді сұрыптаудағы
ұстанымдары бірдей болуы; 2) анықтамаларда жүйелік байланыстардың
бейнеленуі. Жалпы тіл сөздіктерінің арнаулы сөздіктерден ерекшеленетін тағы
бір жағы бар. Ол – энциклопедизм элементтерін қолдануға ұмтылу. Бұл
сөздіктің мақсатына сәйкес келеді. Түсіндірме сөздіктегі терминнің
дефинициясына ғылыми анықтама үшін міндетті элементтерден де басқа, қосалқы
мәндер мен белгілерді енгізу тәжірибесі бар. Формальды жеткіліктіліктің
шегі өзгеріп, мазмұнды ұғым жағына ауысу байқалады. Мұндай шешімге барудың
себебі әртүрлі. Ол идеологияға да, мәдени ерекшелікке, тіпті тілдік
ерекшелікке де байланысты болуы мүмкін. Бұл филологиялық сөздіктің белгілі
бір нақты типімен, затқа деген осы типке тән ерекше көзқарас, көрінім
тұрғысының болуымен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, түсіндірме сөздіктерде
демократия терминіне анықтама әдетте жоғарғы билік халықта болатын басқару
формасы; халықтық өкімет түрінде беріледі. Бұл – қазіргі кезеңге тән жалпы
түсінік. Шындығында, түрлі ғылыми әдебиеттегі демократия терминіне
берілетін анықтама мәтінінің түрліше болуы мүмкін. Бір анықтама бойынша
демократия идеалды басқару формасы ретінде түсіндірілетін болса, енді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz